Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 833. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 95 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.02 N 95 Бұйрығымен.

      Ескерту: 4-тармақтан басқа, бұйрықтың барлық мәтiндерi бойынша "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң" деген сөздер "Парламент пен мәслихаттың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.

     Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса берiлiп отырған:
     1) Сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу қағидасы;
     2) Сайлау қорлары тiзiлiмiнiң нысаны;
     3) Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттiк тiркеуге берiлетiн арыз нысаны;
     4) Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысаны;
     5) саяси партияның (сайлау блогы) сайлау қорын мемлекеттiк тiркеуге берiлетiн арыз нысаны;
     6) саяси партияның (сайлау блогы) сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысаны бекiтiлсiн.
     2. Әдiлет министрлiгiнiң облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Әдiлет департаменттерiне Парламент депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын және саяси партиялардың сайлау қорларын (сайлау блоктарын) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру тапсырылсын. Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдары мәслихатқа депутаттыққа кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады.
    Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.
     3. Аумақтық әдiлет органы 1999 жылдың 25 шiлдесiне дейiн Сайлау қорларының тiзiлiмiн, сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бланкiлерiн және тiркеуге берiлетiн арыздарын қажеттi мөлшерде тағайындауға тапсырыс берсiн және әзiрлесiн.
    Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.  
     4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiмен 1995 жылғы 19 қазанда бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу тәртiбi туралы" Ереженiң күшi жойылды деп танылсын.
     5. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-Министрiне жүктелсiн.
    Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.
     6. Осы Бұйрық тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
    Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.

    Министр

Қазақстан Республикасы  
Әділет Министрінің    
1999 жылғы 9 шілдедегі  
N 57 бұйрығымен бекітілген

Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу
қағидасы

1. Жалпы ережелер

    Ескерту: Қағиданың барлық мәтiндерi бойынша:
     "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң" деген сөздер "Парламент пен мәслихаттың" деген сөздермен тиiстi септiкте және сандарда ауыстырылды;
     Қағиданың барлық мәтiндерi бойынша "саясы партияларының", "саясы партияның" деген сөздерден кейін "(сайлау блоктарының)" сөздермен толықтырылды;
     Қағиданың барлық мәтiндерi бойынша абзацтарды белгiлеген дефистер алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.

     1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңы негiзiнде жасалып, аумақтық әдiлет органдарының (бұдан әрi - тiркеу органдары) Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың және саяси партиялардың (сайлау блоктарының) сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметiн реттейдi.
    Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.

     2. Сайлау қоры Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидаттың және саяси партиялардың (сайлау блоктарының) тiзiмiнiң сайлау алдындағы үгiт-насихатын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен қарастырылған тәртiп бойынша қалыптасады және қолданылады.

     3. Сайлау қоры жеке тұлғаның немесе саяси партияның (сайлау блоктарының) қоры ретiнде, осы Қағидамен белгiленген тәртiп бойынша оның заңды тұлға мәртебесiн иеленуiнсiз мемлекеттiк тiркеуге жатады. Қорлардың мемлекеттiк тiркеуi олардың құрылу және қызметiн тоқтату фактiсiн растау мақсатында жүргiзiледi.

     4. Тiркеу органдары құрылған және таратылған сайлау қорлары жөнiнде мәлiметтер енгiзiлетiн Сайлау қорларының тiзiлiмiн жүргiзедi.

     5. Сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым алынбайды. Қорларды тiркеуге байланысты тiркеу органдарының шығыны республикалық бюджет қаражатынан өтеледi.

2. Сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

    6. Сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидаттың немесе саяси партияның (сайлау блоктарының) тiркеу органына өтiнiш берген кезiнен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi. Тiркеу үшiн құжаттарды қабылдау уақыты кiрiс хаттар журналында көрсетiледi.

     7. Сайлау қорын тiркеу үшiн Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидат тiркеу органына: белгiленген үлгiдегi арызды, тиiстi сайлау комиссиясымен берiлген Парламент пен мәслихаттың депутаттыққа кандидатты тiркеу туралы куәлiк көшiрмесiн ұсынады, ал саяси партиялардың (сайлау блоктарының) сайлау қорын тiркеу үшiн белгiленген үлгiдегi арыз, тиiстi сайлау комиссиясының саяси партиялардың (сайлау блоктарының) тiзiмiн тiркегенi туралы қаулысының көшiрмесi ұсынылады.
     Тiркеу органының қызметкерiне ұсынылған куәлiк (қаулы) көшiрмесiнiң түпнұсқаға сай келуiн тексеру мiндетi жүктеледi.

     8. Тiркеушi орган ұсынылған құжаттар негiзiнде мынадай әрекеттер жүргiзедi:
     Сайлау қорларының тiзiлiмiне сайлау қорлары туралы мәлiметтер енгiзедi;
     тiркеу нөмiрi көрсетiлген белгiленген үлгiдегi Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн (жеке тұлғаларға) немесе тiркеу нөмiрi көрсетiлген белгiленген үлгiдегi саяси партияның (сайлау блоктарының) сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi (тiркеу нөмiрi сайлау қорлары тiзiлiмiндегi жазудың реттiк нөмiрiнен тұрады);
     банк мекемелерiнде қордың арнайы уақытша шотын ашу үшiн сайлау қорына тiркеу жүргiзгенi туралы тиiстi сайлау комиссиясына хабар бередi.
     Тiркеуге ұсынылған құжаттар тiркеушi органында сақталады.

3. Сайлау қорларының қызметiн тоқтату тәртiбi

    9. Сайлау қоры өз қызметiн:
     Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидатты немесе саяси партияның (сайлау блоктарының) тiзiмiн тiркеу туралы шешiмi жойылған жағдайда;
     сайлау қорытындысын жасауға байланысты сайлау қорының қаражатын жұмсау жөнiнде Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидаттың және саяси партияның (сайлау блоктарының) есебiн қабылдау туралы тиiстi сайлау комиссиясының шешiмi бойынша;
     тиiстi сайлау комиссиясы сайлауды жарамсыз деп таныған жағдайда;
     сот шешiмi бойынша тоқтатады.

     10. Сайлау қоры қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу тиiстi сайлау комиссиясының немесе соттың шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
     Тiркеу органы сайлау қоры қызметiн тоқтатқаны жөнiнде Сайлау қорларының тiзiлiмiне тиiстi жазбалар енгiзедi.

     11. Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидатты және саяси партияларды (сайлау блоктарының) тiркеуден бас тартқаны жөнiндегi тиiстi сайлау комиссиясының шешiмiне сот тәртiбi бойынша немесе жоғарғы сайлау комиссиясына шағымданған жағдайда, сайлау қоры қызметiн тiркеудi тоқтату жөнiндегi тiркеу органының әрекетi түпкiлiктi шешiм шыққанға дейiн тоқтатылады.     

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Әділет Министрінің
                                          1999 жылғы 9 шілдедегі
                                         N 57 бұйрығымен бекітілген

     Ескерту: Нысанға өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.

                  Сайлау қорларының тізілімі
                 

Тізі-
лімнің реттік
нөмірі
Жазудың
енгізіл-
ген күні

Сайлау
қоры
қызме-
тінің
тоқта-
тылуы және
тіркел-уі
туралы
жазба

Сайлау
қорының
атауы
(тиесi-лiгi)

Кандидатты
саяси партия
ның тізімін,
тіркеуді
растайтын
құжаттың нө-
мірі мен
мерзімін
тіркеген
тиісті сай-
лау комис-
сиясы

Кандидат-тың мекен
-жайы
немесе
саяси партияның
тұрған
жері

Жазба енгізген маманның
аты-жөні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7















                                          Қазақстан Республикасы
                                            Әділет Министрінің
                                          1999 жылғы 9 шілдедегі
                                         N 57 бұйрығымен бекітілген
                                      _____________________________
                                     сайлау қорын тіркеуді жүзеге
                                      _____________________________
                                        асыратын органның атауы

                              Арыз

     Ескерту: Нысанға өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.

_________________________________________________________________
                 Парламент пен мәслихаттың
_________________________________________________________________
      депутаттығына кандидаттың туған жылы, аты-жөні
_________________________________________________________________
                   сайлау қорының атауы     _________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_______________________________________________ тіркеуге ұсынады.

    Депутаттыққа кандидат_______________________________________
______________________________________________________ тіркелген.
                       қайда және қашан
    Кандидаттың мекен-жайы______________________________________
_________________________________________________________________                                             _______________________
                                                  (қолы)
                                        _______________________
                                                  (мерзімі)

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Әділет Министрінің
                                          1999 жылғы 9 шілдедегі
                                         N 57 бұйрығымен бекітілген

                     Қазақстан Республикасы
                     Әділет Министрлігінің
                 _______________ Әділет Басқармасы     

                      Парламент пен мәслихаттың
             депутаттығына кандидатының сайлау қорын
                    мемлекеттік тіркеу туралы
                            Куәлік

     Ескерту: Нысанға өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.

                        N __________
_______ қаласы                              20___ жылғы _______
Сайлау қорының атауы: ___________________________________________
_________________________________________________________________
    Кандидаттың аты-жөні________________________________________
_________________________________________________________________
    Кандидаттың мекен-жайы:_____________________________________
_________________________________________________________________  

           Куәліктің кандидатты тіркеу туралы шешімді
             жойғанға дейін немесе сайлау шаралары
                   аяқталғанға дейін күші бар

_________________                                   _____________
басшының аты-жөні                                        қолы     

                                                    М.О.

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Әділет Министрінің
                                          1999 жылғы 9 шілдедегі
                                         N 57 бұйрығымен бекітілген
                                     _____________________________
                                      сайлау қорын тіркеуді жүзеге
                                     _____________________________
                                       асыратын органның атауы

                            Арыз

     Ескерту: Нысанға өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен. _________________________________________________________________
         саяси партияның (сайлау блоктарының) атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
                   сайлау қорының атауы
________________________________________________________________
___________________________________________ тіркеуге ұсынады.
Саяси партияның (сайлау блоктарының) тізімі ___________________
______________________________________________________ тіркелген.
                     қайда және қашан
  Саяси партияның (сайлау блоктарының) мекен-жайы____________
________________________________________________________________
                                        _______________________
                                                 (қолы)
                                        _______________________
                                                 (мерзімі)

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Әділет Министрінің
                                          1999 жылғы 9 шілдедегі
                                         N 57 бұйрығымен бекітілген

                   Қазақстан Республикасы
                   Әділет Министрлігінің
               _____________ Әділет Басқармасы     

               Саяси партияның (сайлау блоктарының)
            сайлау қорын мемлекеттік тіркеу туралы
                             Куәлік

     Ескерту: Нысанға өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен.

                           N __________
_______ қаласы                              20___жылғы _______
Сайлау қорының атауы: ___________________________________________
_________________________________________________________________
Саяси партияның (сайлау блоктарының) атауы_______________________
_________________________________________________________________
Саяси партияның (сайлау блоктарының) мекен-жайы:_________________
_________________________________________________________________         Куәліктің саяси партияны (сайлау блоктарының) тіркеу
       туралы шешімді жойғанға дейін немесе сайлау
           шаралары аяқталғанға дейін күші бар     

    _________________                           _____________
    басшының аты-жөні                               қолы

                                                    М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады