Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылғы 5 мамыр N 91-п Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 835. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 222-п бұйрығымен

  -----------------Бұйрықтан үзінді-----------------

      Нормативтік құқықтық акті қабылданған мерзімнің аяқталғанына байланысты, Бұйырамын:
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен орындалатын бағдарламалары мен шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы ереже" жөніндегі Қазақстан республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 5 мамырдағы N 91-б бұйрығының күші жойылды деп танылсын...

      Министр
____________________________      

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы N 318-1  Заңы  және "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережені әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314  қаулысы  негізінде бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен орындалатын бағдарламалары және шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы ереже" бекітілсін. 
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. 

      Министр 
                                    N 1 қосымша 
                                    Қазақстан Республикасы Еңбек 
                                    және халықты әлеуметтік қорғау 
                                    министрінің 1999 ж. 5 мамырдағы 
                                    N 91-Б бұйрығымен 
                                           бекітілген

  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен орындалатын бағдарламалары және шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы
Ереже 

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314  қаулысына  сәйкес әзірленді және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапаларына жауапкершілігін арттыруға, демек "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған бюджетті әзірлеуге арналған бағдарламалары мен шағын бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы N 739  қаулысының  2 тармағын орындау үшін бағытталған.
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бағдарламаның әкімшісі ретінде республикалық бюджетке кіретін және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламалар бойынша тапсырыстарды конкурстық негізде, қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база негізінде іске асырады. 
      Әкімшісі министрлік болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үміткер ұйымдар Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163  Заңында  (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 306 Заңына сәйкес енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса) көзделген құжаттар пакетін тапсыруға тиіс. 
      Ұйымдар мемлекеттік тапсырыс бағасының есебін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып тапсырады. 
      Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар негізгі және айналымдағы қаражаттарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес жүргізіледі. 
      Мемлекеттік тапсырысты іске асырушы ұйым қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті мемлекеттік кәсіпорындар үшін көзделген мерзімдерде және нысандарда тапсырады. 
      Республикалық деңгейде орындалатын мемлекеттік тапсырыс: 
 
      Кадрларды республикалық деңгейде қайта даярлау 

       1. Жалпы ережелер  
 
      "Кадрларды республикалық деңгейде қайта даярлау" 10 бағдарламасы мемлекеттік мекемелердің халықтың табысы шағын топтарына, мүгедектерге көмек көрсету мәселелері жөніндегі, зейнетақымен қамсыздандыру, еңбек қатынастары, жұмыспен қамту, еңбекті қорғау, оған ақы төлеу және нормалау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған. 

       2. Бағдарламаның мазмұны  

      Министрлікке бағынысты мекемелердің кемінде 500 қызметкері бір жыл ішінде Министрлік бекіткен кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарламалар негізінде қайта даярлықтан өтуге тиіс. Тапсырысты орындау жөніндегі жұмысқа (тыңдаушыларға лекция оқуға) кәсіптер бағдарламаларының ауқымына енгізілген мәселелер бойынша жұмыс тәжірибесі мен білімі бар мамандар тартылуы мүмкін. 

       3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру 

      Министрлік мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес конкурс өткізеді. 
      Талапкер осы тапсырысты алуға конкурсқа қатысу үшін мыналарды: 
      1) осы тапсырысты орындаушының біліктілік мүмкіндіктерін (осы қызметті көрсету бойынша жұмыс жылдарының саны, оқытушылардың білім деңгейлері және т.б.) растайтын құжаттарды; 
      2) қызмет көрсетулерді орындауға арналған шығыстар сметасын, экономикалық жіктелімнің әрбір ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілейтін әдістеме және нысандар бойынша жасалған есебімен қоса; 
      3) Министрлік ұсынылған құжаттамалардың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестілігін тексереді, шығыстар сметасы мен тиісті есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіседі. 
      Осы Ережені қолдану зейнеткерлер мен аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғауға бөлінген бюджеттік қаражатты Министрліктің тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. 

                                   N 2 қосымша
                                   Қазақстан Республикасы Еңбек
                                   және халықты әлеуметтік қорғау
                                   министрінің 1999 ж. 5 мамырдағы 
                                   N 91-Б бұйрығымен
                                          бекітілген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен орындалатын бағдарламалары және шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы
Ереже  

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысына сәйкес әзірленді және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапаларына жауапкершілігін арттыруға, демек "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған бюджетті әзірлеуге арналған бағдарламалары мен шағын бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы N 739 қаулысының 2 тармағын орындау үшін бағытталған.
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бағдарламаның әкімшісі ретінде республикалық бюджетке кіретін және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламалар бойынша тапсырыстарды конкурстық негізде, қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база негізінде іске асырады. 
      Әкімшісі министрлік болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үміткер ұйымдар Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163 Заңында (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 306  Заңына  сәйкес енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса) көзделген құжаттар пакетін тапсыруға тиіс. 
      Ұйымдар мемлекеттік тапсырыс құнының есебін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып тапсырады.
      Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар негізгі және айналымдағы қаражаттарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес жүргізіледі.
      Мемлекеттік тапсырысты іске асырушы ұйым қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті мемлекеттік кәсіпорындар үшін көзделген мерзімдерде және нысандарда тапсырады.
      Республикалық деңгейде орындалатын мемлекеттік тапсырыс:

      Мүгедектер мен ардагерлерді оңалдыру

       1. Жалпы ережелер

      "Мүгедектер мен ардагерлерді оңалдыру" бағдарламасы 3500 мүгедектер мен ардагерлерді медициналық оңалдыруға арналған:
      1) диагнозын анықтау;
      2) оңалдыру жолдарын белгілеу;
      3) физиоемдеулерді жүргізу;
      4) массаж; 
      5) емдеу физкультурасы;
      6) диеталық тамақтану.

      Оңалдыру арнайы санаторий-курорттық ұйымдардың базасында жүргізіледі. Онда болу ұзақтығы - 24 күн. Бір қабылдағанда 100 адамды қабылдайды. 

       2. Бағдарлама мазмұны 

      Мүгедектер 24 күн бойы медициналық қызметшілердің бақылауында оңалдыру курсынан өтеді және диеталық тамақтанады. 
      Қолдағы бар бағдарламаларға сәйкес герентологиялық жастағы адамдармен жұмыс жүргізіледі. 
      Соғыс және еңбек ардагерлерін оңалдыруға еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары жібереді. 
      Бағдарлама тұрақты қолданылады және бірқатар жылдарға есептелген. 
      Есеп айырысу принципі: оңалдыру курсынан өтетін 1 адамға. 

       3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру  

      Министрлік бағдарламаның әкімшісі ретінде осы бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс өткізеді. 
      Конкурсқа қатысуға өтінім беретін ұйым мынадай мәліметтерді қамтитын құжаттамалар пакетін ұсынады: 
      1) тапсырысты орындаушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттар (лицензияның, куәліктің көшірмелері, анықтама және басқа құжаттар); 
      2) орындалатын қызмет көрсетулердің, орындауға жататын қосымша қызмет көрсетулердің техникалық және сапалық сипаттамалары, көлемі, қызмет көрсетулердің орындалу мерзімдері; 
      3) осы бағдарлама бойынша қызмет көрсетулерді орындауға арналған шығыстар сметасы, экономикалық жіктелімнің әрбір ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілейтін әдістеме және нысандар бойынша жасалған есебімен қоса; 
      4) Министрлік ұсынылған құжаттамалардың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестілігін тексереді, шығыстар сметасы мен тиісті есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіседі. 
      Осы Ережені қолдану зейнеткерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғауға бөлінген бюджеттік қаржыны Министрліктің тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. 

                                    N 3 қосымша
                                    Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                    министрінің 1999 ж. 5 мамырдағы
                                    N 91-Б бұйрығымен
                                           бекітілген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен орындалатын бағдарламалары және шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы
Ереже  

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314  қаулысына  сәйкес әзірленді және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапаларына жауапкершілігін арттыруға, демек "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған бюджетті әзірлеуге арналған бағдарламалары мен шағын бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы N 739  қаулысының  2 тармағын орындау үшін бағытталған. 
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бағдарламаның әкімшісі ретінде республикалық бюджетке кіретін және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламалар бойынша тапсырыстарды конкурстық негізде, қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база негізінде іске асырады. 
      Әкімшісі министрлік болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үміткер ұйымдар Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163  Заңында  (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 306  Заңына  сәйкес енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса) көзделген құжаттар пакетін тапсыруға тиіс. 
      Ұйымдар мемлекеттік тапсырыс құнының есебін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып тапсырады. 
      Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар негізгі және айналымдағы қаражаттарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес жүргізіледі.
      Мемлекеттік тапсырысты іске асырушы ұйым қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті мемлекеттік кәсіпорындар үшін көзделген мерзімдерде және нысандарда тапсырады.
      Республикалық деңгейде орындалатын мемлекеттік тапсырыс:

      Есту протездері бойынша қызмет көрсету

       1. Жалпы ережелер

      "Есту протездері бойынша көмек көрсету" бағдарламасы - "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңды жүзеге асыру және ол мүгедектердің тіршілік етуіне басқалармен бірдей мүмкіндіктер жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.
      Бұл бағдарлама азаматтардың мынадай санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
      3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
      4) 1 және 2 топтардағы мүгедектерге;
      5) 3 топтағы мүгедектерге;
      6) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға есту протездерін жасатуға көмектесу үшін бағытталған.

       2. Бағдарламаның мазмұны

      Бағдарламаның басты міндетті құлағы нашар еститін адамдарды әлеуметтік оңалдыру мақсатында оларға есту протездерін жасатуды ұйымдастыру:
      1) өтініш жасаушыларды тексеруден өткізу, құлағының нашар есту дәрежесін және есту протездерін жасатуға айғақтамаларын анықтау; 
      осы заманғы есту аппараттарын таңдап беру; 
      2) есту аппараттарын алған адамдарды оны пайдаланудың ережелеріне үйрету; 
      3) есту аппаратына бейімдеу, естуін қабілетін жақсарту сабақтарын өткізу; 
      4) есту аппараттарын пайдаланатын адамдардың есту қабілетін қадағалап тұру; 
      5) есту аппараттарын жөндеуді қоса алғанда оларға техникалық қызмет көрсету, жиынтық саймандарымен және қоректендіру көздерімен қамтамасыз ету; 
      6) есту протездерін салу бойынша тәжірибелерді қолданымға енгізу болып табылады. 
      Есеп айырысу принципі: көрсетілген қызметтер үшін. 

       3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру 

      Министрлік бағдарламаның әкімшісі ретінде осы бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс өткізеді. 
      Ұйым конкурсқа қатысу үшін мынадай мәліметтерді қамтитын құжаттарды тапсырады: 
      1) конкурсқа қатысушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттар; 
      2) орындалатын қызмет көрсетулердің, орындауға жататын қосымша қызмет көрсетулердің техникалық және сапалық сипаттамалары, көлемі, қызмет көрсетулердің орындалу мерзімдері; 
      3) қызмет көрсетулерді орындауға арналған шығыстар сметасы, экономикалық жіктелімнің әрбір ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілейтін әдістеме және нысандар бойынша жасалған есептер; 
      4) Министрлік ұсынылған құжаттамаларды белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестілігін тексереді, шығыстар сметасы мен тиісті есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіседі. 
      Осы Ережені қолдану зейнеткерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғауға бөлінген бюджеттік қаржыны Министрліктің тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. 

                                    N 4 қосымша
                                    Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                    министрінің 1999 ж. 5 мамырдағы
                                    N 91-Б бұйрығымен
                                           бекітілген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен орындалатын бағдарламалары және шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы
Ереже 

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314  қаулысына  сәйкес әзірленді және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапаларына жауапкершілігін арттыруға, демек "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған бюджетті әзірлеуге арналған бағдарламалары мен шағын бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы N 739  қаулысының  2 тармағын орындау үшін бағытталған. 
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бағдарламаның әкімшісі ретінде республикалық бюджетке кіретін және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламалар бойынша тапсырыстарды конкурстық негізде, қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база негізінде іске асырады. 
      Әкімшісі министрлік болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үміткер ұйымдар Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163 Заңында (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 306 Заңына сәйкес енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса) көзделген құжаттар пакетін тапсыруға тиіс. 
      Ұйымдар мемлекеттік тапсырыс құнының есебін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып тапсырады.
      Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар негізгі және айналымдағы қаражаттарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес жүргізіледі.
      Мемлекеттік тапсырысты іске асырушы ұйым қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті мемлекеттік кәсіпорындар үшін көзделген мерзімдерде және нысандарда тапсырады.
      Республикалық деңгейде орындалатын мемлекеттік тапсырыс:

    Протез жасату және протез ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету
                  бойынша медициналық қызмет көрсету

       1. Жалпы ережелер

      "Протез салу және протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету жөнінде медициналық қызмет көрсету" 3700 бағдарламасы бойынша қызмет көрсету "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес протез салу және протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету бойынша медициналық қызмет көрсету арқылы жүргізіледі. 
      Бұл Заң мемлекеттің мүгедектерге қатысты саясатын айқындайды және Қазақстан Республикасының  Конституциясына  сәйкес мүгедектерді қоғамда интеграциялау үшін жағдайлар жасайды.

       2. Бағдарламаның мазмұны  

      Осы бағдарлама:
      1) протез-ортопедия көмегіне мұқтаж мүгедектерді протездермен, протез- ортопедия бұйымдарымен және арнайы аяқ киімдермен қамтамасыз етуге; 
      2) мертігуі өте күрделі, айрықша нысандарда болған жағдайда жеке протез салуға; 
      3) қолданылып жүрген протез-ортопедия бұйымдарын жақсарту жөнінде жұмыстар жүргізуге; 
      4) протез жасату кезеңінде мұқтаж мүгедектерге медициналық көмек көрсетуге; 
      5) медициналық стационарда болған кезінде физиоемдеулерді жүргізуге арналған. 
      Алғаш рет мүгедектікке ұшыраған мүгедектерді протез салғызуға емдеу мекемелері жібереді. Кәсіпорын протез салғызушыға жеке карта ашып, оны есепке қояды. Одан әрі мүгедек кәсіпорынға кәсіпорынның нұсқауына сәйкес немесе протез бұзылып қалған жағдайда мерзімінен бұрын жүгінеді. 
      Есеп айырысу принципі: көрсетілген қызметтер ауқымы үшін. 

       3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру  

      Министрлік бағдарламаның әкімшісі ретінде осы тапсырысты орындауды конкурстық негізде орналастырады. 
      Осы тапсырысты орындауға үміткерлер конкурсқа қатысу үшін мынадай ақпараттан тұратын өтінімді тапсырады: 
      1) конкурсқа қатысушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттар; 
      2) орындалатын қызмет көрсетулердің, орындауға жататын қосымша қызмет көрсетулердің техникалық және сапалық сипаттамалары, көлемі, қызмет көрсетулердің орындалу мерзімдері; 
      3) қызмет көрсетулерді орындауға арналған шығыстар сметасы, сондай-ақ экономикалық жіктелімнің әрбір ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілейтін әдістеме және нысандар бойынша жасалған есебі; 
      4) Министрлік ұсынылған құжаттамалардың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестілігін тексереді, шығыстар сметасы мен тиісті есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіседі. 
      Мемлекеттік тапсырыс тапсырыстың айрықшалығына қарай аймақтар бойынша бірнеше кәсіпорындарда тендер өткізгеннен кейін барып орналастырылуы мүмкін. 
      Министрлік әрбір ұйыммен тендер белгілеген қызмет көрсету ауқымына бір қаржылық жылдан аспайтын мерзімге келісім-шарт жасасады. 
      Осы Ережені қолдану зейнеткерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғауға бөлінген бюджеттік қаржыны Министрліктің тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. 

                                    N 5 қосымша
                                    Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                    министрінің 1999 ж. 5 мамырдағы                                      N 91-Б бұйрығымен
                                           бекітілген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен орындалатын бағдарламалары және шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы
Ереже 

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314  қаулысына  сәйкес әзірленді және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапаларына жауапкершілігін арттыруға, демек "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған бюджетті әзірлеуге арналған бағдарламалары мен шағын бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы N 739  қаулысының  2 тармағын орындау үшін бағытталған.
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бағдарламаның әкімшісі ретінде республикалық бюджетке кіретін және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламалар бойынша тапсырыстарды конкурстық негізде, қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база негізінде іске асырады. 
      Әкімшісі министрлік болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үміткер ұйымдар Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163 Заңында (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 306 Заңына сәйкес енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса) көзделген құжаттар пакетін тапсыруға тиіс. 
      Ұйымдар мемлекеттік тапсырыс құнының есебін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып тапсырады.
      Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар негізгі және айналымдағы қаражаттарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес жүргізіледі.
      Мемлекеттік тапсырысты іске асырушы ұйым қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті мемлекеттік кәсіпорындар үшін көзделген мерзімдерде және нысандарда тапсырады.
     Республикалық деңгейде орындалатын мемлекеттік тапсырыс:     

     Қоғамдық ұйымдар үшін сурдотифлотехникалық құралдар сатып алу

       1. Жалпы ережелер

      "Қоғамдық ұйымдар үшін сурдотифлотехникалық құралдарды сатып алу" 3900 бағдарламасы. Құлағы естімейтін және көзі көрмейтін мүгедектерге көмек көрсету, оларды еңбек және қоғамдық өмірге бейімдеу бағдарлама қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

       2. Бағдарламаның мазмұны

      Бағдарлама қаражаты есебінен:
      1) арнайы шрифтермен жазылған баспа басылымдарын;
      2) дыбысты күшейтетін аппаратуралар мен сигнализаторлар;
      3) компенсаторлық техникалық құралдар (есту аппараттары, көз протездері, балдақтар және т.б.) сатып алу қамтамасыз етіледі. 
      Есептесу принципі: көрсетілген қызметтер көлемі үшін. 

       3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру  

      Министрлік бағдарлама әкімшісі ретінде конкурс өткізгеннен кейін мемлекеттік тапсырысты орындаушымен келісім-шарт жасасады. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі 31 желтоқсанға дейін. 
      Конкурсқа қатысушы талапкер мынадай ақпараттардан тұратын конкурстық өтінімді: 
      1) конкурсқа қатысушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттарды; 
      2) орындалатын қызмет көрсетудің, орындауға жататын қосымша қызмет көрсетулердің техникалық және сапалық сипаттамалары, көлемі, қызметтерді орындау мерзімдері; 
      3) қызмет көрсетулерді орындауға арналған шығыстар сметасын, сондай-ақ экономикалық жіктелімнің әрбір ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілейтін әдістеме және нысандар бойынша жасалған есебін; 
      4) Министрлік ұсынылған құжаттамалардың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестілігін тексереді, шығыстар сметасы мен тиісті есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіседі. 
      Осы Ережені қолдану зейнеткерлер мен аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғауға бөлінген бюджеттік қаржыны Министрліктің тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. 

                                    N 6 қосымша
                                    Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                    министрінің 1999 ж. 5 мамырдағы                                      N 91-Б бұйрығымен
                                           бекітілген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен орындалатын бағдарламалары және шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы
Ереже 

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысына сәйкес әзірленді және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапаларына жауапкершілігін арттыруға, демек "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған бюджетті әзірлеуге арналған бағдарламалары мен шағын бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы N 739 қаулысының 2 тармағын орындау үшін бағытталған. 
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бағдарламаның әкімшісі ретінде республикалық бюджетке кіретін және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламалар бойынша тапсырыстарды конкурстық негізде, қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база негізінде іске асырады. 
      Әкімшісі министрлік болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үміткер ұйымдар Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163 Заңында (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 306 Заңына сәйкес енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса) көзделген құжаттар пакетін тапсыруға тиіс. 

      Ұйымдар мемлекеттік тапсырыс құнының есебін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып тапсырады.
      Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар негізгі және айналымдағы қаражаттарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес жүргізіледі.
      Мемлекеттік тапсырысты іске асырушы ұйым қаржы-шаруашылық  қызметі туралы есепті мемлекеттік кәсіпорындар үшін көзделген мерзімдерде және нысандарда тапсырады.
      Республикалық деңгейде орындалатын мемлекеттік тапсырыс:     

   Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасын құру және оны жетілдіру

       1. Жалпы ережелер

      "Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасын құру" 4031 бағдарламасы жұмыспен қамтудың ақпараттық базасын құруға, дамытуға және жетілдіруге арналған.
     Бағдарламаны құрудың негізі - Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 431-1 ҚР  Заңы .

       2. Бағдарламаның мазмұны

      "Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасын құру" 4031 бағдарламасының, 31 шағын бағдарламасының құрамы ақпараттық қызметтердің мынадай түрлерін: 
      1) Ақпаратты электронды поштамен және INTERNET арасында: 
      жұмыс орындарын құру және ұстау бағыттары бойынша; 
      жұмыспен қамту қызметіне өтініш және тіркелген жұмыссыздардың санын; 
      еңбек рыногы туралы және жұмыссыздарды жұмыспен қамту қызметтерінде қолдау туралы деректерді; 
      ақылы қоғамдық жұмыстар, оқыту және қайта даярлау бойынша, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер бойынша ақпараттарды жинау, өңдеу және беруді қамтиды. 
      2) Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жалпы республикалық базаны құру және жүргізу: 
      мемлекеттік тапсырысты орындау үшін жасалатын жүйелерді бағдарламалық, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық жағынан әзірлеуді; 
      тапсырыс берушілерге ақпараттардың нәтижелерін бере отырып, талдауды; 
      жұмыспен қамту қызметтерінде жаңа жүйелерді құру жөніндегі мәселелерді өңдеуді; 
      жұмыспен қамту қызметтерінің қызметкерлерін бағдарламалық техникалық құралдарды тиімді пайдалануға оқытуды ұйымдастыруды; 
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға компьютерлік техникалар мен телекоммуникациялық жабдықтарды жеткізу бойынша жұмыстар жүргізуді; 
      жұмыспен қамту қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудың жалпы стратегиясын өңдеуді қамтиды. 
      Есеп айырысу принципі: осы бағдарлама шеңберінде қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындағаны үшін. 

       3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру 

      Министрлік бағдарлама әкімшісі ретінде тендер өткізгеннен кейін мемлекеттік тапсырысты орналастырады. Конкурсқа қатысуға үміткер мынадай ақпараттардан тұратын өтінімді тапсырады: 
      1) конкурсқа қатысушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттар; 
      2) орындалатын қызмет көрсетулердің техникалық және сапалық сипаттамалары, көлемі; 
      3) орындалатын қызмет көрсетулердің шығыстар сметасы, сондай-ақ экономикалық жіктелімнің әрбір ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілейтін әдістеме және нысандар бойынша жасалған есебі; 
      4) Министрлік ұсынылған құжаттамалардың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестілігін тексереді, шығыстар сметасы мен тиісті есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіседі. 
      Министрлік бағдарлама әкімшісі ретінде мемлекеттік тапсырысты орындаушымен келісім-шарт жасасады және онда 2-тармақта көрсетілген жұмыс ауқымын көрсетеді. 
      Осы Ережені қолдану зейнеткерлер мен аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғауға бөлінген бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 

                                    N 7 қосымша
                                    Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                    министрінің 1999 ж. 5 мамырдағы                                      N 91-Б бұйрығымен
                                           бекітілген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен орындалатын бағдарламалары және шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы
Ереже 

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314  қаулысына  сәйкес әзірленді және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапаларына жауапкершілігін арттыруға, демек "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған бюджетті әзірлеуге арналған бағдарламалары мен шағын бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы N 739  қаулысының  2 тармағын орындау үшін бағытталған.
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бағдарламаның әкімшісі ретінде республикалық бюджетке кіретін және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламалар бойынша тапсырыстарды конкурстық негізде, қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база негізінде іске асырады. 
      Әкімшісі министрлік болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үміткер ұйымдар Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163  Заңында  (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 306  Заңына  сәйкес енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса) көзделген құжаттар пакетін тапсыруға тиіс. 
      Ұйымдар мемлекеттік тапсырыс құнының есебін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып тапсырады.
      Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар негізгі және айналымдағы қаражаттарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес жүргізіледі.
      Мемлекеттік тапсырысты іске асырушы ұйым қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті мемлекеттік кәсіпорындар үшін көзделген мерзімдерде және нысандарда тапсырады.
      Республикалық деңгейде орындалатын мемлекеттік тапсырыс:      

   Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың
                         қызметіне ақы төлеу

       1. Жалпы ережелер

      "Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қызметіне ақы төлеу" 4100 бағдарламасы мемлекеттік орталықтың зейнетақы және жәрдемақы төлеу, зейнетақы жарналарын зейнетақы қорларына енгізудің есебін қамтамасыз ету, тиісті орталықтандырылған ақпараттық базаларды құрып, жетілдіру және зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің тиімді жүйесінің жұмыс істеуі жөнінде көрсететін қызметі үшін есеп айырысуға арналған. "Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қызметіне ақы төлеу" 4100 бағдарламасы бойынша 1999 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауды Министрлік бағдарламаның әкімшісі ретінде Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа тапсырады. 

       2. Бағдарламаның мазмұны 

      Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық жыл бойы жалпыға ортақ зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін төлеуді, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды қабылдауды жүргізеді, сондай-ақ министрліктің зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі облыстық өкілдіктері шешімдерінің жобаларын әзірлейді. Мемлекеттен тысқары жерлерге қоныс аударушы зейнеткерлер мен жалпы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың зейнетақы және жәрдемақы жөніндегі құжаттарын ресімдейді, сондай-ақ жоғарыда аталған алушы санаттарының республика ішінде қоныс аударуы кезінде олардың құжаттарын ресімдейді, жарнаның 10 % жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады, зейнетақы, жәрдемақы алушылар және міндетті зейнетақы жарналарын төлеушілер бойынша ақпараттар базасын құрып, жүргізеді және жоғарыда аталған функцияларға қатысты басқа да жұмыстарды жүргізеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларына әлеуметтік жеке кодтарын тағайындайды. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкерлері жер-жерлерде зейнетақы мен жәрдемақының дұрыс тағайындалуын тексереді. 

       3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру 

      Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бағдарлама әкімшісі ретіндегі Министрлікке мынадай ақпараттардан тұратын өтінімді тапсырады: 
      1) конкурсқа қатысушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттар; 
      2) орындалатын қызмет көрсетудің техникалық және сапалық сипаттамалары, ауқымы, қызметтерді орындау мерзімдері; 
      3) қызмет көрсетулерді орындауға арналған шығыстар сметасы, сондай-ақ экономикалық жіктелімнің әрбір ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілейтін әдістеме және нысандар бойынша жасалған есептер; 
      4) Министрлік ұсынылған құжаттамалардың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестілігін тексереді, шығыстар сметасы мен тиісті есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіседі. 
      Осы Ережені қолдану зейнеткерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғауға бөлінген бюджеттік қаржыны Министрліктің тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. 

                                    N 8 қосымша
                                    Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                    министрінің 1999 ж. 5 мамырдағы
                                    N 91-Б бұйрығымен
                                           бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен орындалатын бағдарламалары және шағын бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы
Ереже  

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысына сәйкес әзірленді және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапаларына жауапкершілігін арттыруға, демек "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылға арналған бюджетті әзірлеуге арналған бағдарламалары мен шағын бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы N 739  қаулысының  2 тармағын орындау үшін бағытталған. 
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бағдарламаның әкімшісі ретінде республикалық бюджетке кіретін және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламалар бойынша тапсырыстарды конкурстық негізде, қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база негізінде іске асырады. 
      Әкімшісі министрлік болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үміткер ұйымдар Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163 Заңында (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 306 Заңына сәйкес енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса) көзделген құжаттар пакетін тапсыруға тиіс. 
      Ұйымдар мемлекеттік тапсырыс құнының есебін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып тапсырады. 
      Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар негізгі және айналымдағы қаражаттарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес жүргізіледі. 
      Мемлекеттік тапсырысты іске асырушы ұйым қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті мемлекеттік кәсіпорындар үшін көзделген мерзімдерде және нысандарда тапсырады. 
      Республикалық деңгейде орындалатын мемлекеттік тапсырыс: 

        Соғыс және еңбек ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу 

       1. Жалпы ережелер 

      "Соғыс және еңбек ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу" 3800 бағдарламасы соғыс және еңбек ардагерлерін әлеуметтік жағынан бейімдеу бойынша шаралар өткізуге арналған және Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заң күші бар  Жарлығына  сәйкес әзірленген. 23316 академиялық сағаттар шамасында лекциялар мен сабақтар, тақырыптық кештер өткізу, телерадиохабарларын, әңгіме-сұхбаттар ұйымдастыру. 

       2. Бағдарламаның мазмұны 

      Бағдарлама қаражаты есебінен соғыс және еңбек ардагерлерінің арасында лекция жүргізу жолдарымен және т.б. еліміз Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030" жолдау хатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етіледі. 

       3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру  

      "Соғыс және еңбек ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу" 3800 бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурс өткізілгеннен кейін жүргізіледі. 
      Осы бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үміткер өтінім беруге және мынадай ақпараттарды тапсыруға тиіс:
      1) конкурсқа қатысушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттар;
      2) сол тапсырысты орындауға мүмкіндік беретін сапалы сипаттаулар, тапсырысты орындау мерзімі;
      3) сол бағдарламаны орындауға арналған шығыстар сметасы, шығыстың әрбір бабы бойынша есептерімен қоса;
      4) Министрлік ұсынылған құжаттамалардың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестілігін тексереді, шығыстар сметасы мен тиісті есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіседі.
      Осы Ережені қолдану зейнеткерлер мен аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғауға бөлінетін бюджеттік қаржыны Министрліктің тиімді пайдалануына мүмкіндік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады