Табиғи монополия субъектiлернің тауарларына, жүмыстарына, қызметтерiне бағаларды (тарифтердi) бекiтудiң және енгiзудiң тәртiбi туралы Нұсқалықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 06 тамыздағы N 59-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 881. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" заңының  14, 16, 17, 18-шi баптарын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
      1. Қосымша етiп берiлген Табиғи монополия субъектiлерiнiң тауарларына, жұмыстарына, қызметтерiне бағаларды (тарифтердi) бекiтудiң және енгiзудiң тәртiбi туралы Нұсқалық бекiтiлсiн.
      2. Табиғи монополияларды реттеу департаментi (Попандопуло Е.Н.) осы бұйрықтың белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Ұйымдық-кадрлар бөлiмi (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты барлық аумақтық комитеттер мен табиғи монополиялар субъектiлерiне дейiн жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.А. Пушкареваға жүктелсiн.

      Төраға м.о.

Қазақстан Республикасының
Табиғи Монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
1999 жылғы 6 тамыздағы N 59-ОД
бұйрығымен бекітілді

Табиғи монополия субъектілерінің тауарларға, жұмыстарға,
қызметтерге бағаларды (тарифтердi) бекiтудiң және
 енгізудiң тәртiбi туралы
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес жасалды және табиғи монополия субъектiлерiнiң (одан әрi - тауарлар) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге бағаларды (тарифтердi) (одан әрi - тауарлар) бекiтудiң және енгiзудiң тәртiбiн анықтайды.
      2. Осы Нұсқаулықпен белгiленген тәртiп табиғи монополия субъектiлерiне (одан әрi - субъектiлер) таралады.
      3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын анықтаулар:
      1) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi және оның аумақтық органдары;
      2) құзырлы орган - салалық министрлiк немесе жергiлiктi атқарушы орган (егер табиғи монополия субъектiсi коммуналдық меншiкте болса);
      3) өтiнiм - тауарларға бағалар бекiту жөнiнде өкiлеттi органға ресми ұсыныс (өтiнiш) беру;
      4) көпшiлiк тыңдалымдар - құзыреттi және уәкiлеттi органдардың, субъектiлердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң, тұтынушылардың, тәуелсiз сарапшылардың, БАҚ және басқа өкiлдердiң қатысуымен субъектiлердiң тауарларға баға жобаларын бiрлесiп талқылау процедурасы.
      4. Өкiлеттi органдардың бағаларды бекiтуi мынадай жағдайларда жүргiзіледі:
      субъектiлердiң өтiнiмiн қарағаннан кейiн;
      уәкiлеттi орган өткiзген субъектiнiң қаржы-шаруашылық талданымының нәтижесi бойынша.
      5. Өтiнiм беру және бағалар жобасын бекiту жөнiнде шешiм қабылданған кезде Уәкілеттi орган мен субъектiлер бухгалтерлiк есеп стандарттарын, салық заңын, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 15 тамызындағы N 03-2 ОД бұйрығымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 199______N_______ тiркелген "Табиғи монополия субъектiлерiнiң өндiрiске және қызметтер, тауарлар, жұмыстар беруге бағаларды шығару кезiнде есепке алынатын шығындар құрамын қалыптастырудың айрықша тәртiбi жөнiндегi" (одан әрi - Айрықша тәртiп) Нұсқаулықты, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген субъектiлер тауарларына баға есептеудiң салалық әдiстемесiн басшылыққа алуға мiндеттi.

2. Баға жобаларын бекiтуге өтiнiмдер беру мен
қабылдаудың тәртiптерi

      6. Субъектiнi құру немесе қайта құру, сондай-ақ бағаның қолдану мерзiмiнiң өтуiне байланысты, қолдану мерзiмiнiң шектелуi бекiтiлген субъектiлер Уәкiлеттi органға бағаларды бекiтуге өтiнiм жасауға мiндеттi.
      Субъект қажет болған кездiң кезкелген басқа жағдайында бағаларды бекiтуге Уәкiлеттi органға жолдама жасауға құқылы.
      7. Тауарларға бағаны өзгерту тоқсанына кемiнде бiр рет жүргiзiлетiн болады.
      8. Субъектiлер Уәкiлеттi органға бағаларды бекiтуге өтiнiмдi, олардың енгiзiлуiне 45 күн қалғанға дейiн кешiктiрмей бередi.
      9. Бағаларды бекiту өтiнiмiне қоса берiлетiндер:
      1) Баға соңғы бекiтiлген сәттен бастап тоқсан бойынша таратылған әр жылдық кезең iшiндегi субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң талдауымен бiрге бағаларды бекiту қажеттiгi туралы түсiндiрме жазба;
      2) Салалық ерекшелiктердi ескере отырып, Уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша көрсеткiштер түрiндегi бағалар жобасы;
      3) кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы;
      4) қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп беру;
      5) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру;
      6) өндiрiстегi шығындар мен өнiмдердi (жұмыс, қызмет) тарату
жөнiндегi N 5-з нысаны бойынша есеп беру;
      7) еңбек бойынша есеп беру (1-т нысаны);
      8) кәсiпорынның өндiрiстiк-қаржы қызметiнiң негiзгi
көрсеткiштерi (N 1-ПФ нысаны);
      9) негiзгi қаражаттар мен материалдық емес активтердiң қолда бары және қозғалысы туралы есеп беру;
      10) Осы Нұсқаулық қосымшасына сәйкес бағалар жобасының есебi үшiн (тарифтiк смета) жиынтық есеп-қисап;
      11) дебиторлық және несиелiк қарыздарды таратып көрсету;
      12) бөгде шығындарды таратып көрсету;
      13) "Өндiрiсте және табиғи монополиялар субъектiлерi  қызметтерiн, тауарларын, жұмыстарын ұсынуда бағаларды(тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығындар құрамын қалыптастырудың айрықша тәртiбi туралы" нұсқаулықпен белгiленiп бекiтiлгендер (келiсiлгендер):
      есеп жүргiзу саясатына;
      инвестициялық бағдарламасына;
      техникалық шығын нормаларына;
      санаққа алу нормативтерi;
      жұмыс жағдайындағы негiзгi өндiрiстiк қорларды қолдауға қажеттi шығындар сметасына;
      шикiзат пен материалдар шығындарының нормасы.
      14) материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдықтар мен қызметтердi (жаңадан құрылатындардан басқа) сату жөнiндегi тендерлiк комиссиялар шешiмi;
      15) негiзгi құралдарды соңғы қайта бағалау нәтижелерi туралы, сондай-ақ жоспардағы қайта бағалаулар туралы;
      16) негiзгi құралдардың пайдаланылу мерзiмдерi көрсетiлген
амортизациялық аударым жарналарының есебi;
      17) Айрықша тәртiп туралы нұсқаулыққа сәйкес бағаларды қалыптастыруда есепке алынбайтын нақтылы өндiрiстiк шығындар туралы мәлiметтер;
      18) еңбекақы мен басшылардың лауазымдық жалақы қорларын (мемлекеттiк кәсiпорындар немесе мемлекетке тиесiлi үлестi иемденушi кәсiпорындар) орнықтыру жөнiндегi мемлекеттiк мүлiктi немесе мемлекеттiк кәсiпорынды басқарушы органның шешiмi;
      19) жоспарлы тауарлар көлемiн растайтын құжаттар (ниеттеме, шарт хаттамалары, жаппай қызмет көрсету және субъект мүмкiндiктерi, монопольдi жоғары бағаларды қолдау мақсатында көлемдi азайтуға жол бермеу принципiнен туындаған тауар өндiрiсi көлемiнiң есептерi, тұтынушылар сұранысын маркетингтiк зерттеу материалдары);
      20) субъектiнiң жобалық қуаты және оның нақтылы пайдаланылуы туралы деректер.
      10. Өтiнiмге қоса берiлген есептер мен негiздеме материалдар мына талаптарға жауап беруге тиiс:
      1) негiздеме материалдардың әрбiр бетiне субъект басшысы, ал қаржылық материалдарға бас бухгалтер де қол қояды;
      2) бұрынғы күнтiзбелiк жылда да жаңа бағалардың енгiзiлуiне алғышарт болған төрт тоқсан iшiндегi шығындар туралы нақтылы деректер негiздеме материалдар ретiнде ұсынылуға тиiс;
      3) бағаға маусымдық ауытқулар көлемiнiң ықпалын қоспау мақсатында, егер салық есептеу тарапынан мұндай есеп тиiмсiз саналатын жағдайды есепке алмағанда, жылдық есептiң деректерi негiздемеге қабылданатын болады;
      4) бағалар жобасын есептеу кезiнде негiз үшiн жаңа бағаларды енгiзуге алғышарт болған төрт тоқсан немесе бұрынғы күнтiзбелiк жыл iшiндегi тауарлардың нақтылы көлемi қабылданады;
      5) тауарлар көлемiн азайту кезiнде азайтуға негiздеме және дәлелдеме материалдар ұсынылуға тиiс.
      11. Уәкiлеттi орган өтiнiм түскеннен кейiнгi 5 күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексерiп, өтiнiмнiң қарауға қабылданғанын немесе қабылданбағанын оның себептерiн көрсете отырып, субъектiнi жазбаша түрде хабарландыруға тиiс.
      Тапсырыстарды қабылдаудан бас тарту себептерiн қарау мыналар болып табылады:
      субъект өтiнiм беру мерзiмiн бұзғанда;
      субъект осы Нұсқаулықтың 9 тармағында көрсетiлген құжаттарды
тапсырмаса.

3. Өтiнiмдi қарау және бағаларды бекiту тәртiбi     

      12. Уәкiлеттi орган бағалар жобасын бекiту өтiнiмiн ол келiп түскен сәттен бастап 30 күн iшiнде қарауға мiндеттi.
      13. Уәкiлеттi орган негiздеме құжаттарымен және есептермен бiрге субъект ұсынған талдау, сондай-ақ қызметтiң ұқсас түрлерiмен шұғылданатын субъектiлер қызметiнiң салыстырмалы талдау көрсеткiштерi негiзiнде баға жобаларына сараптама өткiзедi.
      14. Уәкiлеттi орган субъектiнiң қызметi туралы құзыреттi органдардан  және субъектiнiң өзiнен қосымша ақпарат сұрауға құқылы.
      15. Уәкiлеттi орган жаңа баға жобаларын көпшiлiктiң тыңдауын
тағайындауға құқылы.
      Көпшiлiктiң тыңдауы жаңа баға енгiзуге дейiн 25 күн iшiнде өткiзiледi.
      Көпшiлiктiң тыңдауын тағайындау және оның өткiзiлетiн күнi жөнiнде уәкiлеттi орган субъектiге хабарлауға мiндеттi.
      16. Уәкiлеттi орган өткiзiлген сараптама нәтижесi бойынша жаңа бағаларды бекiту немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      17. Субъект тауарларының жаңа бағасын бекiту немесе одан бас тарту туралы уәкiлеттi органның шешiмi Уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
      18. Жаңа бағаларды бекiту немесе одан бас тарту туралы шешiмдi Уәкiлеттi орган ол енгiзiлерге дейiн 15 күннен кешiктiрiлмей субъектiге жiберуге тиiс.    

4. Бағаларды енгiзу тәртiбi

      19. Бекiтiлген бағаларды енгiзу тоқсанның бiрiншi күнiнен жүзеге асырылады.
      20. Жаңа құрылған субъектiлер үшiн бағалар Уәкiлеттi орган белгiлеген күннен бастап енгiзiлуi мүмкiн.
      Қайта ұйымдастыру жолымен құрылған субъектiлерге осы тармақпен белгiленген ереже қолданылмайды.
      21. Жаңа бағаның енгiзiлуi жөнiнде субъект тұтынушыларды ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ол күшiне енгенге дейiн 10 күн iшiнде кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
      22. Егер жаңа бағаның енгiзiлетiнi туралы субъект тұтынушыларды осы Нұсқаулықта көзделген мерзiмде хабарландырмаса, онда көрсетiлген бағалар Уәкiлеттi органның шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап енгiзiлмейдi. Бекiтiлген бағаларды енгiзу тоқсаннан кейiн жүзеге асырылады.
      23. Субъект өтiнiм беру тәртiбiн бұзса, сол сияқты жаңа бағалардың енгiзiлуi және тұтынушыларға хабарлау мерзiмi туралы күмәндi (жалған) материалдар мен ақпараттар ұсынса заңда көзделгендегiдей жауапкершiлiкке тартуға жатады.
      24. Уәкiлеттi органның өтiнiмдi қарауға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту, субъект тауарларына бағаны бекiту немесе бекiтуден бас тарту жөнiндегi шешiмiне субъект немесе тауар тұтынушы заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмде шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының
Табиғи Монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігінің
бұйрығына
Қосымша

1999 ж.____________N_____________

     Ақпаратты алушының құпиялылығына
     кепілдік беріледі
                                          N -1СЕМ - тарифінің нысаны

     Мекен-жайы,(факс,тел.)
     Субъектінің атауы
     Құрылтайшы (басқарушы)

199__жылдың_____жағдайы бойынша
 _______________________________
қызмет (тауар, жұмыс) түрлерінің атауы
Баға (тариф) жобаларын есептеу үшін (тарифтік смета) 
жиынтық мәліметтері

___________________________________________________________________________

   |Көрсеткіш. |Жалпы кәс.|Оның ішінде табиғи монополия саласына жатқызыл.
   |тердің     |іпорындар |ған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері
   |атаулары   |бойынша   |бойынша
   |           |барлығы   |
   |           |          |
   |           |          |
___|___________| _________|________________________________________________
 N |           |Өткен 4   |Жылға есеп|Өткен 4   |Өткен   |Жылдық |Жылдық
т/б|           |тоқсанның |тегенде   |тоқсанның/|жылдың  |тариф. |тариф
                жылдың     қолданып   жылдың     нақтылы  терді   есебіне
                нақтылы    жүрген та. нақтылы    көрсет.  есептеу уәкілетті
                көрсеткіш. рифпен қа. көрсеткіш. кіштері* үшін су орган
                тері*      былданды,  тері*               бъекті. қабыл.  
                                 барлығы                  лер      даған  
                                                          жоба. 
                                                          лайтын
                                                          көрсет.
                                                          кіштер
___________________________________________________________________________
 1|    2       |     3    |   4      |     5      |  6    |   7   |   8   
_________________________________________________________________________

  
1. Жалпы көрсеткіштер:      |          |        |       |       |      |  
1) Ұсынылған қызмет(тауар,
жұмыс) көлемі - барлығы зат.
тай көрсеткіште (млн. теңге)     X
2) Қызметтің (тауардың, жұ.
мыстың) көлеміне қосылатын
ішкі айналым - заттай көрсет.    X
кіші (млн. теңге)   
___________________________________________________________________________
3) Жеке мұқтажға пайдаланыл.|          |        |       |       |      |  
ған қызметтердің (тауарлар.
дың, жұмыстардың) көлемі
барлығы - заттай көрсеткіш
түрінде (млн. теңге)             X
___________________________________________________________________________
4) Атқарылған қызметтердің |          |        |       |       |     
(тауарлардың, жұмыстардың)   
көлемі - барлығы (млн. теңге)
оның ішінде ақша операцияла.
ры бойынша қызметтер  (тауар.
лар, жұмыстар) басба-бас
айырбасталатын қызметтер
(тауарлар, жұмыстар) заттай
нысан бойынша төлемдер ___________________________________________________________________________
5) Нақтылы өзіндік құны    |          |        |       |       |      |   
бойынша ұсынылған қызмет.
тердің (тауарлардың, жұмыс.
тардың) көлемі - барлығы
(млн. теңге)     ___________________________________________________________________________
6) Салық салуға дейінгі кіріс|          |        |       |       |      | 
(шығыс) (млн. теңге)**
___________________________________________________________________________
7) Одан әрі тұтынушыларға
өткізу үшін сатып алынатын
өнімдердің бағасы - барлығы
(млн. теңге)
___________________________________________________________________________
2. Өндірілетін тауарларға
және ұсынылатын қызметтерге
(жұмыстарға) шығындар - бар.
лығы (млн. теңге)
___________________________________________________________________________
5) Шикізаттар мен материалдар
оның ішінде Қазақстан Респуб.
ликасынан тыс жерлерден
әкелінгендер
___________________________________________________________________________
9) Сатып алынатын бұйымдар
және жартылай фабрикаттар,
қосалқы материалдар:
оның ішінде Қазақстан Респуб.
ликасынан тыс жерлерден
әкелінгендер
___________________________________________________________________________
10) Жанармай
оның ішінде Қазақстан Респуб.
ликасынан тыс жерлерден
әкелінгендер
___________________________________________________________________________
11) Энергия
оның ішінде электр энергиясы
12) Негізгі қорлардың тозуы***
13) Материалдық емес активтердің     
өтелімі***
14) Көлденең ұйымдардың орындайтын
өндірістік сипаттағы жұмыстары мен
қызметтерін төлеу:
оның ішінде негізгі өндірістік
қорларды жөндеу***
күрделі жөндеу***
ағымдағы жөндеу***
15) Тұтынушыларға одан әрі өткізуге
арналған тауарлар шығынының құны:
құзырлы органның нақтылы шығындарды      X         X      X
бекіткен нормативі бойынша                   X                 X       X
16) Тауарлы-материалдық қорлардың
жетіспеушілігі мен бұзылуынан
болған шығындар****
17) Басқа шығындар***
18) Еңбекақыға жұмсалған шығындар
барлығы***
Заттай түріндегі қосқанда еңбекақы
төлеу оның ішінде:
Өндірістік қызметкерлер
Қосалқы қызметкерлер
19) Жалақыдан аударым
3. Кезеңдердің шығындары - барлығы
(млн. тенге)   
20) Жалпы және әкімшілік шығыстар***
оның ішінде:
еңбекақы төлеу:
Әкімшілік қызметкерлер
оның ішінде: бас офис
Салықтық төлемдер***
Бюджеттен тыс қорларға аударымдар
резервтерді құру есебінен шығыстар
(жалақыдан басқа)***
21) Көлденең ұйымдардың қызметтерін
төлеу, оның ішінде:
Коммунальдық шаруашылық
Консультациялық, ақпараттық,
аудиторлық***
Байланыс
22) Өзге шығындар - барлығы***
     Оның ішінде
     Арендалық төлем***
     қозғалмайтын мүлік үшін
     көлік құралдары үшін
23) Әлеуметтік саланың шығындары***
24) Өткізу жөніндегі шығындар***
Оның ішінде өкілдік шығындар
25) Проценттерді төлеудің
шығындары***
4. Барлық шығындар(млн. теңге)
және (2 жол + 3 жол)
Анықтама ретінде
1. Барлық саны (мың теңге)
оның ішінде:
Өндірістік қызметкерлер:
норматив бойынша нақтылы
Қосалқы қызметкерлер:
норматив бойынша нақтылы
Әкімшілік қызметкерлер
оның ішінде бас офис
2. Орташа жалақы,(теңгемен)
оның ішінде:
Өндірістік қызметкерлер:
Қосалқы қызметкерлер:
Әкімшілік қызметкерлер
оның ішінде бас офис
3. Негізгі өндірістік қорлар мен
активтердің орташа жылдық  
баланстық құны(млн. теңге)
Оның ішінде:
Іске қосылмаған активтердің құны
Пайдаланылмайтын негізгі қорлардың
құны
4. Таза айналымдық капитал
5. Дебиторлық қарыз
оның ішінде:
     Коммерциялық ұйымдар
     Коммерциялық емес ұйымдар
     Тұрғындар
6. Кредиторлық қарыз
____________________________________________________________________________
      Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға (тарифтерін) жобаларын есептеу үшін жиынтық мәліметтердің (тарифтік сметалардың) аталған нысаны "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 5 тармақшасының, 12 бабы 1 тармақшасының, 14 бабы және 16 бабы 3 тармақшасының талаптарына сәйкес жасалды.
      Ескерту:
      Қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) баға жобаларын есептеу белгіленген тәртіппен бекітілген кәсіпорындар құрылымының салалық ерекшеліктері мен әдістемелік нұсқауын есепке ала отырып уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      _____________________
      * 3, 5, 6 бағаналар барлық жолы бойынша тиісті кезеңдердегі
шығындардың нақтылы көрсеткіштері негізінде осы нұсқаулықтың қосымшасында қарастырылған ерекшеліктерді ескере отырып толтырылады.
     ** 6 жол), 4, 7, 8 бағаналар белгіленген тәртіппен уәкілетті органдар
бекіткен, іске қосылған активтердің кіріс ставкасы бойынша анықталады.
     *** Барлық жолдар бойынша 1)-7) және 15), 19) басқаларында осы
жолдарға қосылатын қажетті есептеулер мен шығындардың толық жазылған
мәліметтері беріледі.   

     Қолдары:
     Басшы
     Бас бухгалтер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады