Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 931 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылғы 3 қарашадағы N 15/15 , нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 1292, "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 "Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" және 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 155/221 , нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 3588 және "Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 13/31 , нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 3839 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, 2005 жылғы 20 қыркүйекте N 213 (24170) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ";
3-тармақта "Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік," деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта "Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік," деген сөздер алып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесінде:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он бесінші, он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы" Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің хаттамаларынан үзінді көшірмелер;
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсу туралы өтініштері;
Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған әр адам туралы өмірбаян мәліметтері;
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын дәлелдейтін құжаттар;";
он жетінші абзац алып тасталсын;
он сегізінші абзац "Парламенті Сенатының депутаттарын" деген сөздерден кейін "Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
он тоғызыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары және өзге де үгіттік баспа материалдары;
сайланған, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары және өзге де үгіттік баспа материалдары, сондай-ақ оларды тіркеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелері;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан халқы ассамблеясы отырыстарының хаттамаларынан үзінділерді;";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші абзацында "округтік және" деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші және бесінші абзацтар "жойылған бюллетеньдер," деген сөздерден кейін "жойылған есептен шығару куәліктері," деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац "Парламент Мәжілісінің" деген сөздерден кейін ", партиялық тізімдер бойынша сайланатын" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацта "округтік" деген сөз "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, оның ішінде жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының отырысына қатысушылардың тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін алты ай ішінде құпия ақпарат есебінде сақтап, ал одан кейін акт бойынша жоятын Орталық сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырады.".
2. Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақтан Республикасы астанасының әкімдері мен сайлау комиссияларының төрағаларына, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы