Кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу карточкасының N 1-П нысанын, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есеп беру нысанын, карточкалар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметiне тексеру тағайындау туралы актiлердi тiркеу журналының нысанын және "Кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу N 1-П нысанындағы статистикалық карточканы, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есебiн және карточкалар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметiне тексеру тағайындау актiлерiн тiркеу журналын жүргiзу тәртiбi туралы" нұсқауды бекiту және күшiне енгiзу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 1999 жылғы 29 қазан N 92. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 29 қазанда N 959 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 67 бұйрығымен. ~V001375

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсанындағы N 4189 U984189_ "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 28 мамырындағы N 49 N990049_ "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет бостандығының құқығын қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" өкiмiн және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегi N 1286 P991286_ "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгiзу туралы" қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күшi бар Жарлығының Z952709_ бабын басшылыққа ала отырып,

                           Бұйырамын:

      1. N 1-П нысанындағы кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу карточкасы, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есеп беру нысаны, карточкалар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау туралы актілердi тiркеу журналының нысаны және "Кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу N 1-П нысанындағы статистикалық карточканы, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есебiн және карточкалар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау актiлерiн тiркеу журналын жүргiзу тәртiбi туралы" нұсқау бекiтiлсiн және 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап күшiне енсiн.
      2. Статистика субъектiлерi осы Нұсқаудың бұлжытпай орындалуын

қамтамасыз етсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1999 жылғы 7 
қыркүйегiндегi N 78 және 1999 жылғы 12 қазандағы N 86 бұйрықтарының күшi 
жойылсын.
     4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау орнату Қазақстан Республикасы 
Бас прокурорының орынбасары А.В. Константиновқа жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Бас прокуроры
     2 дәрежелі мемлекеттік      
     заң кеңесшісі
     
     
     
     
     
                                                Қазақстан Республикасы
                                                Бас прокурорының
                                                1999 жылғы 29 қазандағы
                                                N 92 бұйрығымен бекітіліп
                                                күшiне енген.
             N 1-П нысаны бойынша кәсiпкерлiк саласында тексеру
         жүргiзудi есепке алу статистикалық карточкасын, кәсiпкерлiк
      субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi     
        тiркеудiң есеп беру нысанын және карточкалар мен кәсiпкерлiк       
       қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеу журналын    
                         жүргiзу тәртiбi туралы
                                 Нұсқау
     
                           1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйегiндегi N 1286 "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгiзу туралы" қаулысына сәйкес дайындалып Қазақстан Республикасының заңдарының негiзiнде тексеруге өкiлеттi мемлекеттiк органдарына (ары қарай тексеру органдар) кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу N 1-П нысанындағы статистикалық карточканың, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есеп беру нысанын құрастыру және тапсыру және карточкалар мен кәсiпкерлiк қызметiне тексеру тағайындау актiлерiн тiркеу журналын жүргiзу бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Аталмыш қаулымен бекітiлген мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк субъектiлердi тексеру жөнiндегi актiлерiн тiркеу Ережелерiне сәйкес актiлердi тiркеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқықтық есеп және ақпарат Орталығына (ары қарай тiркеу органы) жүктелген.
      3. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн тексеруге функциялар берiлген барлық мемлекеттiк органдар осы статистиканың субъектiлерi болып табылады.

             2. Тiркеу құжаттарын есепке алу, құрастыру және
                         тапсыру тәртiбi

      4. Тексеру тағайындау жөнiнде тексеру органы акт шығарады және 1-П нысанды кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу статистикалық карточкасын (ары қарай карточка) толтырып, оларды тексеру басталғанға дейiн тiркеу органына тапсырады.
      5. Тiркеу органының бөлiмдерi жоқ аудандар мен қалаларда актiлер мен карточкаларды тiркеу осы аудандар қалалардың прокурорларына жүктеледi.
      6. Карточкаға жазылатын жазулар баспалық әрiптермен қысқартусыз жазылады. Карточканың жоғары оң жақ бөлiгiнде орналасқан сандық ақпараттық көрсеткiштерде осы орган және ауданға Тiркеу органы белгiлеген кодтық нөмiрлерi көрсетiледi.
      7. Карточканың 1 тармағында тексерудi тағайындаған органның атауы жазылады. 2 тармақта (ауданға бөлiнетiн жерлер үшiн) орган орналасқан аудан көрсетiледi. Егер ондай бөлiну жоқ болса, карточканың бұл тармағы толтырылмайды.
      8. 3 тармақта тексеру тағайындаған органның деңгейi сызылады.
      9. 4 тармақта тексерiлетiн субъекттiң атауы, мекен-жайы, тiркелу нөмiрi және СТТН (РНН) көрсетiледi.
      Бұл субъекттiң орналасқан жерiне тiркеу органы аудан кодын бередi, егер ауданға бөлiнбесе, карточканың кодтық орны толтырылмайды.
      10. 5 тармақта тексерiлетiн субъект басшысының тегi толық жазылады, 6 тармақта - кәсiпкерлiк саласы көрсетiледi.
      11. 7 тармақты толтырғанда тексеру түрi сызылады, ал графоклеткаларға

оның сандық көрсеткiшi енгiзiледi. Егерде бiр акт негiзiнде бiрнеше 
кәсiпкерлiк субъекттердiң қызметi тексерiлсе, тексеру орган тексерiлген 
субъекттердiң тiзiмiн бередi, бұл тiзiмдi тіркеу орган тексеру тағайындау 
туралы актіге тiркейдi. 
     12. 8 тармақта тексеру тағайындаған адамның тегi мен қызметi 
көрсетiледi.
     13. 9,10,11,12 тармақтар Тiркеу органы толтырып, оларда карточканың 
Тiркеу органға түскен күнi (9 тармақ), оның журнал бойынша рет саны (10 
тармақ), Тiркеу органы қызметкерiнiң тегi мен қызметi (11 тармақ) және 
басқа белгiлер (12 тармақ) көрсетiледi.
     14. Карточка Тiркеу органына түскен уақыттан есепке алынады.
     15. Карточка және тексеру тағайындау туралы акт тексеру тағайындау 
туралы актiлердi және карточканы тiркеу Журналына (бұдан былай Журнал) 
енгiзiлуiне тиiс.
     16. Журнал барлық тексеру органдарына бiрыңғай үлгiдегi құжат болып 
табылады.
     17.Журналды дұрыс толтыру және сақтау тәртiбiн ұстануын Тiркеу 
органның басшысы қамтамасыз етедi.
     18. Жұрналдың беттерiне нөмiрлерi қойылып, тiгiлiп, мөр басылып 
сақталуына тиiс. Жазулар толық, анық, ұқыпты болу керек, түзетулер мен 
тазартулар болмауға тиiс. Қате жазулар көрсетiлiп жауапты адамның қолымен 
бекiтiледi.
     19. Журналдың 1 графасында карточка мен актінің рет саны, тiркеу күнi 
көрсетiледi, рет саны санымен бiрге карточкасының тiркеу саны болып 
есептеледi.
     20. графада тексеру тағайындаған адамның тегi, қызметi және тексеру 
органның аты көрсетiледi.
     21. Тексерiлетiн субъекттiң аталуы, мекен-жайы, СТТН (РНН), оның 
басшысының тегi 3 графада көрсетiледi, 4 графа кәсiпкерлiк түрі көрсетедi.
     22. Актімен карточкаларды өткiзген және қабылдағаны туралы мәлiметтер 
6,7 графаларда, басқа мәлiметтер 8 графада көрсетiледi.
                          3. Есеп жасаудың тәртiбi
     


      23. Аудандық (қалалық) тiркеу органы карточкалармен актiлердi

облыстық және оларға теңелген прокуратуралар жанындағы құқықтық есеп және 
ақпарат Орталықтарына (ары қарай Орталық) тапсырады.
     24. Карточкалар негiзiнде Орталық М 1-П нысанды кәсiпкерлiк 
субъекттердiң қызметiн тексеру туралы актiлердi тiркеу есебiн (ары қарай 
есеп) жасайды.
     25. Әр тексеру орган бойынша есепке әр Орталық бастығы қолын қояды 
және ол ай сайын өсу қорытындысымен Қазақстан Республикасы Бас 
прокуратурасы жанындағы құқықтық есеп және ақпарат Орталығына 
тапсырылады. Есептiң толық және дұрыс болуына Орталық бастығы жауапты.
     26. Есеп бiрыңғай нысанмен жасалады, ондағы графалардың көрсеткiштерi 
барлық кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiрдей.
     27. Есептiң 1 графасында тексеру тағайындау туралы актiлердiң саны, 
ал 2 графада тексерiлген кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын субъектiлердiң 
саны көрсетiледi.
     28. 3 графа есеп мерзiмiнде 3 реттен артық тексерiлген субъекттердiң 
санын көрсетедi.
     29. 4-10 графалардың көрсеткiштерi тексерудiң түрiне байланысты 
карточканың 7 тармағының көрсеткiштерiнен құралады.
     30.Кәсiпкерлiк саласында дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс 
туралы арыз немесе хабарламаның тiркеуiмен есептелуi қылмыстық iс жүргiзу 
заңының нормаларына сәйкес жүргiзiледi.
                          3. Есеп беру мерзiмдерi
     
     31. Есеп осы Нұсқауда белгiленген мерзiмде тапсырылады. Есептiң, 
түскен күнi болып ол БП жанындағы ҚС және АО-на түскен күнi саналады.
     32. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚС және 
АО-на облыстық (оларға теңестiрiлген) прокуратураларының жанындағы 
құқықтық статистика және ақпарат орталықтары есептерiн есептi мерзiм 
өткеннен кейiнгi 7 жұлдызына дейiн тапсырады.
     33. ҚР Бас прокуратурасының жанындағы ҚС және АО республика бойынша 
жиынтық есептi өткен есептi мерзiмнен кейiн 10 жұлдызына дейiн тапсырады.
     
     
            Карточкалар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне
             тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу журналы
___________________________________________________________________________
N N            Тексеру тағайын.  Тексерілетін       Кәсіпкерлік қызметтің 
реті тексеру   даған адамның     субъекттің         түрі
туралы акті    тегі, лауазымы,   аталуы, мекен-жайы 
мен карточканы Тексеру орган.    СТТН (РНН), басшы. 
тіркеу күні    ның аталуы        ның тегі 
___________________________________________________________________________
      1       |       2         |         3        |            4
___________________________________________________________________________
     
таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________________
Тексерудің түрі|                                      |ҚС және АО карточка.
               |______________________________________|ны алған күні
               |      Актіні       | Актіні           |
               |                   |(ұйғарымды)       |
               |                   |тапсырғаны жөнінде|     
___________________________________________________________________________
      5        |        6          |       7          |          8
___________________________________________________________________________


                                          Облыстық прокуратура жанындағы

(оған теңестірілген) ҚС және АО ҚР БП жанындағы ҚС және АО-на есеп беру мерзімінен кейін-күніне


                      Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне

              тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы
                                   Есебі
              1999 жылдың_________________________________________
                               ай сайын қорытындысымен
               ___________________________________________________
                         аудан, қала, облыс, бөлім атауы
     
___________________________________________________________________________
                                      |1 графадан алынған тексеру түрі
______________________________________|____________________________________
тексерулер|тексерілген|Есеп мерзімінде|жос|жоспар |қарсы|рейд |арыз
ді тағайын|субъектілер|3 реттен артық |пар|дан тыс|тексе|тәрті|бойынша
дау туралы|дің саны   |тексерілген    |лы |       |ру   |бінде|
актілердің|           |субъектілердің |   |       |     |     |
саны      |           |саны           |   |       |     |     |
___________________________________________________________________________
    1     |    2      |       3       | 4 |   5   |  6  |  7  |      8
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
  _______________________
хабарлама   |басқа
бойынша     |
            |
            |
_________________________ 
      9     |    10
     
     
     Есеп____________данада жасалған        Облыс (оған теңестірілген)
                                            прокуратурасының ҚС және
                                            АО бастығы
     1 графа 2 графадан аз немесе тең.
     1 графа 4,5,6,7,8,9,10 графалардың сомасына тең
     
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                    Бас прокурорының
                                                   29.10.1999 ж. N 92
                                                  бұйрығымен бекітілген
                 Кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді  
                        есепке алу карточкасы                           
     
     1-П нысаны
___________________________________________________________________________
1.___________________________________                      01
   тексеру жүргізетін органның аталуы
   (анықтама бойынша)      
2. Аудан_____________________________                            02
3. Республикалық (1), облыстық (2),                         03  
   қалалық (3), аудандық (4)                                күні айы жылы
    (керектісін сызу қажет)
___________________________________________________________________________
 
4. Тексерілетін субъектінің аталуы____________ 
Мекен-жайы____________________________________
______________________________________________________
Тіркелу нөмірі____________________________                   04
СТТН (РНН)________________________________    
5. Тексерілетін субъект басшысының тегі_______________
______________________________________________________
6. Кәсіпкерлік саласы_________________________________       06 
______________________________________________________
7. Тексерудің түрі: жоспарлы (1), жоспарсыз (2), қарсы       07 
тексеру(3), рейд тәртібінде (4), арыз бойынша (5),
хабарлама бойынша (6), басқа (7)      
8. Тексеру тағайындаған адамның тегі, 
қызметі, қолы_________________________________________
______________________________________________________
Тіркеу органымен толтырылады
9. Карточканың тіркеу органына түскен күні"__"___1999 ж.      09
                                                             күні айы жылы 
10. Тіркеу журналы бойынша тіркеу саны N _____________
11. Карточканы қабылдаған Тіркеу органының қызметкерінің     
     тегі, қызметі, қолы
______________________________________________________       10
12. басқа белгілер   ______________
___________________________________________________________________________
     Ескерту: толтырылғаннан кейін карточка ресми құжат болып табылады, 
оған қол қойғандар жалған мәліметтер енгізгені үшін заң тәртібінде 
жауапкершілікке тартылады.
     Сақталу мерзімі 2 жыл.
         
     
     
     Мамандар:
           Омарбекова А.Т.
           Икебаева Ә.Ж.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады