Этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) дегустациялау Тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның Айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет 1999 жылғы 6 қазан N 240. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 5 қарашада тіркелді. Тіркеу N 962. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 491 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.09.29 № 491(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымынмемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16шiлдедегi Z990429_ Заңына сәйкес Бұйырамын:
     1. Қоса берілiп отырған Этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) дегустациялау Тәртiбi бекiтiлсiн.
     2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өтiлуiн нормативтiк реттеу бөлiм (А.Лепесбаев) қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау бақылау және лицензиялау бөлiмiнiң бастығына (Р.Алдашев) жүктелсiн.
     4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

     Төраға

                                          Қазақстан Республикасы
                                     Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
                                     Алкоголь өнiмiн өндiру және оның
                                       Айналымын мемлекеттiк бақылау

________________________________
                                                  "__"_____________________

                                          N  қаулысымен бекiтілген

 
                Этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн
                   (сырадан басқа) дегустациялау
                            Тәртiбi
 
                        1-тарау. Жалпы ережелер
 
      1.Осы Ереже "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және

 

айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 16.07.1999

жылғы Заңына сонымен бiрге Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс

министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру мен айналымын мемлекеттiк бақылау

жөнiндегi комитет Төрағасының "__"____ 1999 ж. N бұйрығымен бекiтiлген

Республикалық дегустациялық комиссия туралы ережеге сәйкес әзiрлендi.

     2. Республикалық дегустациялық комиссия (бұдан әрi - РДК) этил спиртi

мен алкоголь өнiмiн дегустациялауды жүзеге асыру кезiнде нормативтiк

құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық құжаттаманы және осы Ереженi

басшылыққа алады.


                       2-тарау. Yлгiлердi ұсынудың тәртiбi


     3. Дегустацияға ұсынылатын өнiмнiң үлгiлерiн iрiктеудi алкоголь

өнiмiнiң нақты түрi үшiн сынамаларды қабылдаудың тәртiбi мен iрiктеудiң

әдiстерi әрекет етушi Мемстандарт бойынша жүзеге асыруы тиiс және мынадай

құжаттама қоса берiледi:

     тәуелсiз ұйымның өкiлi қатысуымен, сынамаларды iрiктеу актiсi;

     iс құжаты немесе шот;

     сәйкестiк сертификатының көшiрмесi;

     өнiмнiң үлгілерiн сынаулардың хаттамасы;

     өнiмнiң қысқаша сипаттамасы;


 
       рецептураны көрсетiп технологиялық нұсқаулықтың сипатымен, ал өнiмнiң жаңа түрлерiн бекiткен жағдайда, сондай-ақ нормативтiк құжаттаманың жобасы;
      үлгілердi дегустацияға ұсынудың мақсатын көрсете отырып хат.
      4. Дегустацияға арналған өнiмнiң үлгiлерi пломбыланады және мынадай санда ұсынылады:
      өнімнің жаңа үлгiлерiн бекiту кезiнде және төрелiк соттар кезiнде шешiмдер қабылданатын жағдайларда 6 шөлмек (2 тәуелсiз лабораторияларда сынақтар жүргiзу қажет болғанда);
      ағымдағы дегустациялар кезiнде 4 шөлмек (сынаулар үшiн 2 шөлмек).
      5. Қажет болғанда техникалық қызметкер немесе РДК мүшелерi белгiленген тәртiппен үлгiлердi iрiктеудi тауар өндiрушiнiң дайын өнiм қоймасынан және этил спиртi мен алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау қоймасынан, этил спиртi мен алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме сатуды iске асыратын отандық ұйымдар мен импортшылардың сонымен бiрге мүдделi тараптардың қатысуында сауда желiсiнен жүзеге асырады.
      6. Қатысуға арналған өтiнiш пен дегустация үшiн алынған үлгiлердi рәсiмдеу үшiн РДК-ға жiбередi. Yлгiлердi сақтаудың шарттары қолданыстағы нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес болуы тиiс.
      7. Yлгiлер келiп түскен сәтiнен бастап РДК-ның билiк етуiне көшедi және қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды.
      8. Дегустация жүргiзiлгенге дейiн РДК Қазақстан Республикасының аккредитовтенген органдарына тiркелген лабораторияда физикалық-химиялық көрсеткiштерi бойынша сынауды қамтамасыз етедi.
      9. Ұсынылған үлгiлердiң атауы мен саны, сынауға және дегустацияға арналған олардың шығыстарының бағдары көрсетiле отырып, N 1-қосымшадағы нысан бойынша журналға ресiмделедi.
      10. Дегустацияға үлгiлер, тек сынақ өткiзiлгеннен кейiн, қажеттi әрекет етушi Мемстандарт талабына сәйкестiгi жөнiнде қорытындысы болғанда ұсынылады.
 
                       3-тарау. Дегустацияны жүргiзудiң тәртiбi
 
      11.»РДК мәжiлiстерi бекiтiлген жоспарға сәйкес, ал шұғыл шешiм қабылдау қажет болғанда, комиссия Төрағасының нұсқауы бойынша жүргiзiледi.
      12. Дегустация ашық және жабық жүргiзiледi. Жабық дегустация кезiнде өнiмiнiң тауарлық атауы және өндiрушi хабарландырылмайды, ал үлгiлер нөмiрлермен шифрланады. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары шифрлық үлгiлер жөнiндегi жұмыс тапсырылатын сенiмдi адамды айқындайды. Өнiмнiң үлгiлерi қораптан алынады, әрбiр үлгiге белгiлi бiр нөмiр берiледi және шифрлау актiсi жасалады, онда үлгiлердiң шифры, өнiмнiң атауы мен дайындаушы ұйым көрсетiледi. РДК мүшелерiнiң және басқа да мамандардың, сенiмдi тұлғадан басқа үлгiлердi шифрлауға қатысуына жол берiлмейдi. Шифрлау актiсiне қол қойылады, конвертке салынады және РДК төрағасына берiледi, ол дегустация аяқталған және үлгiлердi талқылау аяқталғаннан кейiн ғана ашылады.
      13. Жабық дегустация кезiнде РДК-ның әрбiр мүшесi дегустация кәртiшкесiне тиiстi балдар қояды. Ол дегустация аяқталған соң хатшыға берiледi. РДК мүшелерi үлгiлердi дегустация кәртiшкелерiне бағаларды қойғанға дейiн талқылауына жол берiлмейдi.
      14. Жекелеген жағдайларда Төрағаның шешiмiмен алдын ала үлгiлердi шифрлаусыз өнiмнiң салыстырмалы дегустациясы жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл ретте ұсынылған үлгiлердiң сапасы бақылаулыққа қабылданған үлгiмен салыстырылынады.
      15. Дегустация 18-20'С ауа температурасы жарық үй-жайда жүргiзiледi. Бөлмеде ауа таза болуы, бөтен иiстен ада болуы тиiс.
      16. Дегустация үшiн арнайы нысаны бар, бұйымды оның шашырауынсыз және бұйымның хош иiсiн дәл бiле алатындай жеңiл араластыруға мүмкiншiлiк беретiн түссiз шыны бокалдар пайдаланылады.
      17. Комиссияның бiр мәжiлiсiне ұсынылатын бұйымдардың түрлерiнiң саны немесе атаулары РДК Төрағасымен алдын ала келiсiледi.
      15 үлгiден артық болуы ұсынылмайды. Бұл ретте әрбiр төрт үлгiнiң сапасын бағалаған соң кемiнде бес минут үзiлiс жасалады.
      18. Әрбiр үлгiнi дегустациялаған соң дәмдi бейтараптанатын құрал ретiнде ауызды сумен шаю ұсынылады, сондай-ақ ақ нан, ащы емес iрiмшiк және өткiр иiсi мен дәмi жоқ басқа да өнiмдердi қолдану ұсынылады.
      19. Yлгiлердi органолептикалық көрсеткiштерiн айқындау үшiн дайындау өнiмнiң әрбiр түрiне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:
      күштiлiгi 40% дейiн жұмсартылған сумен араластырғаннан кейiнгi және (20+ -2)С температурасына дейiн салқындатылған спирт;
      арақ пен ликер-арақ бұйымдары, аперитивтер, бальзамдар олар қабылдағанға дейiн ұсталынады (20 + -)'С;
      пунштер мен ромның дегустациясын ыстық шаймен, бальзамдарды - шаймен немесе кофемен, коктейлдердi газдандырылған минералды немесе сода сумен, тоникпен және мұзбен жүргiзуге ұсынылады;
      десерттi және күшейтiлген шараптар (15 +-2)'С, асханалықтары - (12 + - 2)'С дейiн мұздатылады;
      шампан, шымырлама шараптар - (12 + - 2)'С;
      коньяктар, бренди (20 + - 2)'С.
      20. Дегустацияланатын бұйым шығыстарының нормасы бұйымның сапасын әрбiр органолептикалық айқындау кезiнде бiр дегустаторға 50 мл аспайтын мөлшерде белгiленедi.
      21. Ликер-арақ және вино өнiмдерiнiң сапасын органолептикалық бағалау N N 2, 3, 4, 5-қосымшалар бойынша 10 балдық жүйеде жүргiзiледi.
      22. Егер өнiмнiң дегустацияланатын үлгiсiн бағалау кезiнде көрсеткiштердiң бiрi "қанағаттанарлық" немесе "қанағанттанғысыз" деп бағаланса, онда қалған көрсеткiштердiң жоғары сапасының кезiнде аталмыш үлгi бойынша жалпы бал "қанағаттанарлық" немесе "қанағанттанғысыз" деп дегустатор бағалай алмайды.
      23. Ұйымдарды органолептикалық бағалау кезiнде дегустаторлардың арасында пiкiр алысу немесе қандай да бiр басқа да әңгiмелерге жол берiлмейдi.
      24. Yлгiлердiң дегустациялық бағасының нәтижелерiн қорыту мынадай түрде жүргiзелдi:
      әуелi үтiрден кейiн бiрiншi белгiге дейiн дөңгелектей отырып әрбiр үлгi бойынша дегустаторлардың барлық ұсынған бағаларының орташа арифметикалық мәнi есептеледi;
      сосын 1,0 балдан астам шамада есептiк орташа көрсеткiштiң ерекшеленетiн дегустаторлардың бағалары алынып тасталынады. Қалған бағалардың санынан кейiн қайтадан орташа мәнiнiң бағасы есептелiнедi, ол осы үлгiнiң түпкiлiктi балдық бағасы болып табылады.
      25. Дегустацияланған өнiмiнің сапасы туралы Комиссияның шешiм пiкiр алысулардың және РДК мүшелерiнiң оның бағалауларының нәтижелерiн есептеу кезiнде комиссияға енгiзiледi.
      Орташа бал мәжiсiлке қатысқан комиссия мүшелерiнiң бағаларынан орташа арифметикалық ретiнде айқындалады.
      26. Дегустация және әрбiр үлгi бойынша орташа бал айқындалған соң

 

Комиссия төрағасы дегустацияланған үлгiлерге талқылау жүргiзiледi. Бұл

ретте дегустациялық комиссияның мүшесi өнiмнiң сапасы бойынша өзiнiң

пiкiрiн және оны арттыру жөнiндегi ұсыныстарын айтады.

     27. Ұсынылған үлгiнi органолептикалық бағалау аяқталған соң

комиссияның мүшелерi өнiмнiң сыртқы сапасын Мемстандартқа сәйкестiгiн

бағалауды жүзеге асырады. Дегустациялық комиссияның нәтижелерi бойынша

түпкiлiктi шешiмi хаттамамен ресiмделедi.

     28. Дегустациялық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасында мыналар жазылады:

     дегустацияның өткiзiлген күнi;

     дегустациялық комиссияның қатысқан мүшелерiнiң жеке құрамы (аты жөнi,

лауазымы);

     дегустацияның мақсаты;

     бұйымдардың атауы мен дайындаушы ұйымдар, импортшылар т.б-ды көрсете

отырып дегустацияға ұсынған үлгiлердiң тiзбесi;

     үлгiлердi кiм iрiктегенi;

     үлгiнiң балдық бағасы және органолептикалық сипаттамасы;

     сыртқы безендiрленуiн бағалау;

     үлгiлердi талқылау кезiнде айтылған дегустаторлардың ескертпелерi

мен ұсынымдары;

     комиссияның дегустацияға ұсынған үлгiлерiнiң сапасы туралы

қорытындысы.

     29. РДК-ның әрбiр нақты үлгiнiң сапасы бойынша қорытындысына

мәжiлiске төрағалық етушi мен хатшы қолдарын қояды және ол түпкiлiктi

шешiм қабылдау үшiн комиссияға ұсынылады.



                                                          N 1


                  Дегустация жасауға келіп түскен үлгілерді

                              тіркеу журналы


___________________________________________________________________________

N Келіп  Ұйымның Үлгінің Үлгілер.  Ілеспе Өнім шы.     РДК мәжілісінің

р/ түскен атауы   атауы   дің әр.   құжат. ғысының      атауы

с  күні                   бір атауы.тың    бағыты

                          ның саны  атауы


                          шөл л.           дегуста. тал.

                                             ция    дау

___________________________________________________________________________

1|   2 |  3    |   4    /5 |  6  | 7   |   8     |   9 |  10

___________________________________________________________________________


таблицаның жалғасы

________________________

РДК шешімі  Үлгілерді

            есептен

            шығару

            күні, N    

_________________________    

| 11      |  12    

_________________________    



                                                       N 2-қосымша




 
       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс

 

              министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың    

              айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті      

              төрағасының 2002 жылғы 15 мамырдағы N 103



V021874_
 

  бұйрығымен.


            Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiріс министрлiгiнiң

            Алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау

            жөнiндегі комитетi Төрағасының 1999 жылғы 6 қазандағы N 240

            бұйрығымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң       

            (сырадан басқа) дәмiн айырудың Тәртiбiне

       ТАҒАМ ШИКIЗАТЫНАН ӨНДIРIЛГЕН ЭТИЛ СПИРТIНIҢ БАЛЛДЫҚ БАҒАЛАНУЫ.

     1. Этил спиртiнiң органолептикалық бағалануы 10-баллдық жүйе бойынша

жүзеге асырылады.

     2. Этил спиртi сапасының көрсеткішi:

---------------------------------------------------------------------------

N !    Сапа      ! Органолептикалық сипаттамасы ! Баллдық   !    Дәм

   ! көрсеткiшi   !                              ! бағалануы ! айырушының

   !              !                              !           !(комиссияның)

   !              !                              !           ! қорытындысы

---------------------------------------------------------------------------

1.  Сырт көрiнiсi  Түссiз, мөлдiр сұйықтық            2,0

                                                  (өте жақсы,

                                                     жақсы)

                   Жеңiл опалесценциясы бар,          1,8

                   түссiз сұйықтық                (қанағаттан.

                                                  дырарлық)


                   Мөлдiр емес, лайсаң сұйықтық     1,8-ден    Дәм айырудан

                                                    төмен         алынып

                                                                тасталады

2.   Иiсi          Сәйкес шикiзаттан өндiрiлген,    3,8 - 4,0

                   осы спирттiң түрiне арналған    (өте жақсы)

                   сипатта, бөтен иiсi жоқ

                   Сәйкес шикiзаттан өндiрілген,    3,5 - 3,7

                   осы спирттiң түрiне арналған      (жақсы)

                   сипатта, бiрақ жеткiлiксiз

                   айқындалған      

                   Осы спирттiң түрiне арналған     3,2 - 3,4

                   сипатта, бiрақ әлсiз            (қанағаттан.

                   айқындалған                     дырарлық)

                   Осы сипатқа ие емес, бөтен       3,2-ден   Дәм айырудан

                   иiсi бар                           төмен      алынып

                                                                тасталады

3.   Дәмi          Осы спирттiң түрiне арналған     3,8 - 4,0

                   сипатта, жұмсақ                 (өте жақсы)

                   Осы спирттiң түрiне арналған     3,5 - 3,7

                   сипатта, бірақ аз ғана шымыр      (жақсы)

                   Осы спирттiң түрiне арналған     3,2 - 3,4

                   сипатта, бiрақ шымыр, тiл       (қанағаттан.

                   үйiрер                          дырарлық)


                   Осы спирттiң түрiне арналған     3,2-ден   Дәм айырудан

                   сипатқа ие емес, бөтен, дөрекi,    төмен       алынып

                   өзiне сәйкес келмейтiн дәмi                  тасталады

                   бар           

---------------------------------------------------------------------------


     3. Этил спиртi сапасының жалпы баллдық бағалануы:

---------------------------------------------------------------------------

N !                       !                !Бұйымның осы бағалануды алу

қ/қ!       Бағалануы       !   Жалпы балл   !     кезiндегi талаптары

---------------------------------------------------------------------------

1.   "Өте жақсы"                9,2 - 10,0    Барлық көрсеткiштерi бойынша

                                              "өте жақсы" бағалануына ие

2.   "Жақсы"                    8,6 - 9,1     "Жақсы" және "өте жақсы"

                                              бағалану көрсеткiштерiне ие


3. "Қанағаттандырарлық"         8,2 - 8,5     "Жақсы", "өте жақсы" және

                                              "қанағаттандырарлық"

                                              көрсеткіштеріне ие

4.  "Қанағаттандырарлық      8,2 - ден төмен  Егер, ең кемiнде бiр

    емес"                                     көрсеткiшi                  

                                              "Қанағаттандырарлық емес"

                                              бағалануына ие болса

---------------------------------------------------------------------------



                                                       N 3-қосымша




 
       Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс

 

              министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың    

              айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті      

              төрағасының 2002 жылғы 15 мамырдағы N 103



V021874_
 

  бұйрығымен.  


            Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiріс министрлiгiнiң

            Алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау

            жөнiндегі комитетi Төрағасының 1999 жылғы 6 қазандағы N 240

            бұйрығымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң       

            (сырадан басқа) дәмiн айырудың Тәртiбiне

              ЛИКЕР-АРАҚ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАЛЛДЫҚ БАҒАЛАНУЫ


     1. Ликер-арақ бұйымдарының органолептикалық бағалануы 10-баллдық жүйе

бойынша жүзеге асырылады.

     2. Ликер-арақ бұйымдары, коктейлдер, аперитивтер және бальзамдар

сапасының көрсеткiшi:

---------------------------------------------------------------------------

N !    Сапа      ! Органолептикалық сипаттамасы ! Баллдық   !    Дәм

   ! көрсеткiшi   !                              ! бағалануы ! айырушының

   !              !                              !           !(комиссияның)

   !              !                              !           ! қорытындысы

---------------------------------------------------------------------------

1.  Мөлдiрлiгi     Нұрлы, мөлдiр сұйықтық, осы       2,0

    және түсi      түрге арналған сипатқа ие,     (өте жақсы,

                   түсi анық айқындалған            жақсы)

                   Нұры жоқ, мөлдiр сұйықтық,        1,8

                   түсi айқындалған               (өте жақсы)

                   Нұры жоқ, мөлдiр сұйықтық,        1,6

                   түсi жеткiлiксiз айқындалған   (қанағаттан.

                                                   дырарлық)


                   Лайсаң, бөтен қоспалары бар,     1,6-дан    Дәм айырудан

                   түсi осы түрге сәйкес келмейдi    төмен         алынып

                                                                 тасталады

2.  Иiсi           Анық айқындалған, осы түрге     3,8 - 4,0

                   арналған сипатта               (өте жақсы)

                   Жақсы, осы түрге арналған       3,5 - 3,7

                   сипатта                          (жақсы)

                   Әлсiз, бiрақ осы түрге          3,2 - 3,4

                   арналған сипатта               (қанағаттан.

                                                    дырарлық)

                   Түсi бөтен, осы түрге арналған   3,2 - ден  Дәм айырудан

                   сипатқа ие емес                    төмен       алынып  

                                                                 тасталады

3.  Дәмi           Yйлесiмдi, келiстiрiлген, осы    3,8 - 4,0

                   түрге арналған сипатта          (өте жақсы)  

                   Жақсы, таза, осы түрге           3,5 - 3,7

                   арналған сипатта                  (жақсы)

                   Жеткiлiктi толық                 3,2 - 3,4

                   айқындалмаған, осы түрге        (қанағаттан.

                   арналған сипатта                 дырарлық)

                   Бөтен дәмге ие, осы түрге        3,2-ден    Дәм айырудан

                   арналған сипатқа ие емес           төмен      алынып

                                                                 тасталады

---------------------------------------------------------------------------


     3. Ликер-арақ бұйымдары, коктейлдер, аперитивтер және бальзамдардың

жалпы баллдық бағалануы:

---------------------------------------------------------------------------

N !                       !                !Бұйымның осы бағалануды алу

қ/қ!       Бағалануы       !   Жалпы балл   !     кезiндегi талаптары

---------------------------------------------------------------------------

1.   "Өте жақсы"                9,2 - 10,0    Барлық көрсеткiштерi бойынша

                                              "өте жақсы" бағалануына ие

2.   "Жақсы"                    8,6 - 9,1     "Жақсы" және "өте жақсы"

                                              бағалану көрсеткiштерiне ие


3. "Қанағаттандырарлық"         8,0 - 8,5     "Жақсы", "өте жақсы" және

                                              "қанағаттандырарлық"

                                              көрсеткіштеріне ие

4.  "Қанағаттандырарлық      8,0 - ден төмен  Егер, ең кемiнде бiр

    емес"                                     көрсеткiшi                  

                                              "Қанағаттандырарлық емес"

                                              бағалануына ие болса

---------------------------------------------------------------------------





                                                            N 4-қосымша




 
       Ескерту: 4-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс

 

              министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың    

              айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті      

              төрағасының 2002 жылғы 15 мамырдағы N 103



V021874_
 

  бұйрығымен.  

             N 4-қосымша

            Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiріс министрлiгiнiң

            Алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау

            жөнiндегі комитетi Төрағасының 1999 жылғы 6 қазандағы N 240

            бұйрығымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң       

            (сырадан басқа) дәмiн айырудың Тәртiбiне

                   АРАҚТАРДЫҢ БАЛЛДЫҚ БАҒАЛАНУЫ.


     1. Арақтардың органолептикалық бағалануы 10-баллдық жүйе бойынша

жүзеге асырылады.

     2. Арақтар сапасының көрсеткiшi:

---------------------------------------------------------------------------

N !    Сапа      ! Органолептикалық сипаттамасы ! Баллдық   !    Дәм

   ! көрсеткiшi   !                              ! бағалануы ! айырушының

   !              !                              !           !(комиссияның)

   !              !                              !           ! қорытындысы

---------------------------------------------------------------------------

1.   Сырт көрiнiсi  Түсi жоқ, мөлдiр нұрлы            2,0

                    сұйықтық                      (өте жақсы,

                                                     жақсы

                    Түсi жоқ, мөлдiр, бiрақ нұры      1,8

                    жоқ сұйықтық                  (қанағаттан.

                                                   дырарлық)

                    Лайсаң немесе боялған           1,8-ден   Дәм айырудан

                    сұйықтық                         төмен      алынып 

                                                               тасталады


2.      Иiсi        Анық айқындалған, осы түрге    3,8 - 4,0 

                    арналған сипатта              (өте жақсы)   


                    Жақсы, осы түрге арналған      3,5 - 3,7

                    сипатта                         (жақсы)

                    Әлсiз айқындалған, осы түрге   3,2 - 3,4

                    арналған сипатта              (қанағаттан.

                                                    дырарлық)

                    Бөтен дөрекi иiсi бар, осы     3,2-ден    Дәм айырудан

                    түрге арналған сипатқа ие        төмен       алынып

                    емес                                        тасталады

3.      Дәмi        Таза, жұмсақ, осы түрге        3,9 - 4,0

                    арналған сипатта               (өте жақсы)


                    Осы түрге арналған сипатта,    3,6 - 3,8

                    бiрақ аз ғана шымыр             (жақсы)

                    Осы түрге арналған сипатта,    3,3 - 3,5

                    бiрақ шымыр, тiл үйiрер        (қанағаттан.

                                                    дырарлық)

                    Бөтен дөрекi дәмге ие, осы     3,3 - тен   Дәм айырудан

                    түрге арналған сипатқа           төмен        алынып

                    ие емес                                      тасталады

---------------------------------------------------------------------------


     3. Арақтардың жалпы баллдық бағалануы:

---------------------------------------------------------------------------

N !                       !                !Бұйымның осы бағалануды алу

қ/қ!       Бағалануы       !   Жалпы балл   !     кезiндегi талаптары

---------------------------------------------------------------------------

1.   "Өте жақсы"                9,2 - 10,0    Барлық көрсеткiштерi бойынша

                                              "өте жақсы" бағалануына ие

2.   "Жақсы"                    8,6 - 9,1     "Жақсы" және "өте жақсы"

                                              бағалану көрсеткiштерiне ие


3. "Қанағаттандырарлық"         8,3 - 8,5     "Жақсы", "өте жақсы" және

                                              "қанағаттандырарлық"

                                              көрсеткіштеріне ие

4.  "Қанағаттандырарлық      8,3 - ден төмен  Егер, ең кемiнде бiр

    емес"                                     көрсеткiшi                  

                                              "Қанағаттандырарлық емес"

                                              бағалануына ие болса

---------------------------------------------------------------------------


                                                            N 5-қосымша


                Вино шаруашылығы өнімінің балдық бағасы


     1. Вино шаруашылығының өнімін органолептикалық бағасы 10-балдық жүйе

бойынша жүзеге асырылады.

     2. Өнім сапасының жалпы балдық бағасы


___________________________________________________________________________

N        Өнімнің атауы                Балдық баға      Қорытынды 

р/с    

___________________________________________________________________________


  1           2                            3                4

___________________________________________________________________________

1.    Жүзім шараптары, жекелеген және

      өңделген шарап материалдары       8,0            "қанағаттанарлықсыз"

      кемінде                           8,0-ден кем

2.    Вино шараптары мен өңделген

      вино материалдары                 8,8

      - маркалық кемінде                9,2

      - жиынтықтық кемінде              8,8-ден кем    "қанағаттанарлықсыз"

                                        және 9,2

3.    Шампан және шымырлама шараптар

      кемінде:

      - ұсталынғандары                  9,0

      - жекелегендері                   8,6

4.    Коньяктар кемінде:

      - жекелегендері                   8,4

      - "КВ" тобы                       8,8

      - "КВВС" тобы                     9,2

      - "КС" тобы                       9,5

___________________________________________________________________________

                                                          N 6-қосымша


                       Сыраның балдық бағасы

     1. Сыраны органолептикалық бағасы 25-балдық жүйе бойынша жүзеге

асырылады.

     2. Сыраның сапасының көрсеткіштері мынадай балдар бойынша бағаланады:

___________________________________________________________________________

N   Сапа       Органолептикалық бағалау       Балдық жүйе      Қорытынды

р/с көрсет.

    кіштері   

___________________________________________________________________________

1.  Мөлдірлігі  Мөлдір жалтыраусыз қоспасыз   2,0 (өте Дегустациядан алынып

                                              жақсы)    тасталынады

                Жалтыраусыз мөлдір, бірлі     2,0 

                жарым ұсақ қоспалар шаң-тозаң (жақсы)

                секілді                             

                Әлсіз опаллессияланатын       1,0                         


                                              (қанағат.

                                              танарлық)

                Күшті опаллессияланатын,      0 (қанағат

                лай                           танарлық.

                                              сыз) 

2.  Түсі        Шараптың түріне сәйкес келе.  3,0 (өте Дегустациядан алынып

                ді, сыраның осы түрі үшін ең   жақсы)    тасталынады

                төмен белгіленген деңгейде         

                Сыраның осы түріне сәйкес     2,0 

                келеді, орташа жол берілетін  (жақсы)

                деңгейде  

                Сыраның осы түріне сәйкес     1,0

                келеді, сыраның осы түрі үшін (қанағат.

                барынша жоғары жол берілетін  танарлық)

                деңгейде

                Сыраның осы түріне сәйкес     0 (қанағат

                келмейді, белгіленген         танарлық.

                стандарттың деңгейінен мөлдір сыз)

                немесе күңгірттеу

3.  Хош иісі    Сыраның осы түріне сәйкес     4,0 (өте Дегустациядан алынып

                келеді, керемет хош иісті,    жақсы)    тасталынады

                таза қанық     

                Сыраның түріне сәйкес келетін 3,0

                жақсы хош иіс, бірақ әлі де   (жақсы)

                жеткілікті түрде қанық емес

                Хош иісте аз-маз шикі,        2,0

                жеміс реңінің бөтен иісі      (қанағат.

                байқалады, солот реңі өте     танарлық)

                қанық

                Хош иісте бөтен реңк бар:     1,0

                жаңа жасалған сыраның жеміс.  (қанағат.

                тік, қышқыл, хош иісі және    танарлық.

                т.б.                          сыз)

4.  Дәмі:       Сыраның осы түріне сәйкес     5,0 (өте Дегустациядан алынып

    - толықтығы келетін керемет, толық,       жақсы)    тасталынады

    және дәмнің бөтен дәмдерсіз таза, үйле.

    тазалығы    сімді дәм  

                Сыраның осы түріне сәйкес     4,0

                келетін жақсы таза дәмі,      (жақсы)

                онша үлесімді емес

                Онша таза емес дәм, жаңа      3,0

                жасалған сыраның дәмі,        (қанағат.

                карамельді бос иіс, қанық.    танарлық)

                тығы әлсіз

                Бос дәм және бөтен дәм иіс.   2,0

                тері: ашытқылық, жемістік,    (қанағат.

                өткір, қышқылдау              танарлық.

                                              сыз)

    - хмелді   Сыраның түріне сәйкес          5,0 (өте

     гореч     келетін таза хмелді, жұмсақ,   жақсы)

               өбісімді

               Таза хмелді, онша өбісімді     4,0

               емес, сәл-пәл бөгделеу         (жақсы)

               Дәм татқаннан кейін таңдайда   3,0

               қалатын хмелдік бөгде гореч    (қанағат.

               немесе сыраның түріне сәйкес   танарлық)

               келмейтін әлсіз

               Хмелді емес, бөгде гореч       2,0

                                              (қанағат.

                                              танарлық.

                                              сыз)

___________________________________________________________________________


                                                     N 6-қосымша

___________________________________________________________________________

1    2                    3                    4                 5

___________________________________________________________________________

5. Көбік және  Кемінде 40 мм биіктіктемол,    5,0 (өте жақсы)

   көміртегі.  жинақы, орнықты,жақсы жабыса.

   нің қосқы.  тын көбік, орнықтылығы мол

   шымен байы. және газдың көпіршіктерін

   тылуы (шөл. жаймен бөлуі кезінде кемінде

   мектегі     4 минут

   сыра үшін)    

               Газ көпіршігін сирек және      4,0 (жақсы)

               тез бөлуі кезінде кемінде

               3 минут тұратын және 30 мм

               биіктіктегі жинақы, орнықты

               көбік

               Көпіршіктерді сирек және тез   3,0 (қанағат.

               бөлуі кезінде кемінде 20 мм    танарлық)

               және орнықтылығы кемінде

               2 минут мол емес көбік 

               Биіктігі кемінде 20 мм және    1,0 (қанағат.

               орнықтылығы кемінде 2 минут    танарлықсыз)

               әлсіз көбік

___________________________________________________________________________


                      3. Сыраның жалпы балдық бағасы

___________________________________________________________________________

N    Баға              Жалпы балл       Бұйым осы бағаны алатын шарт     

р/с    

___________________________________________________________________________


1.  "Өте жақсы"       9,2-10,0     Барлық көрсеткіштер бойынша "Өте жақсы"

                                    бағасы бар

2.   "Жақсы"          8,0-9,1       Көрсеткіштердің "жақсы және "Өте жақсы"

                                    бағалары бар

3. "Қанағаттанарлық"  6,5-7,9       Көрсеткіштердің "жақсы және "Өте жақсы"

                                    "Қанағаттанарлық" бағалары бар

4. "Қанағаттанарлық   6,5-тен       Егер көрсеткіштердің біреуі бойынша

   сыз"                төмен        "Қанағаттанарлықсыз" бағасы болса

___________________________________________________________________________





     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады