Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 491 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 қазанда № 7235 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2016 жылғы 19 ақпандағы № 75 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.02.2016 № 75 бұйрығымен.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәмін айыру комиссиясының туралы ереже;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәмін айыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның Айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті төрағасының мынадай бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын:

      1) "Республикалық дегустациялық комиссия туралы ереже" 1999 жылғы 6 қазандағы № 239 (1999 жылғы 5 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 961 тіркелген);

      2) "Этил спирті мен алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) дегустациялау Тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 6 қазандағы № 240 (1999 жылғы 5 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 962 тіркелген);

      3) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің дәмін айырудың Тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 6 қазандағы № 240 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 15 мамырдағы № 103 (2002 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1874 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР ҚМ СК Төрағасының орынбасары А.С. Жұмаділдаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 491 бұйрығына 1-қосымша

Дәмін айыру комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәмін айыру комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дәмін айыру комиссиясының құрылу мен қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейді.

      2. Дәмін айыру комиссиясын Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруші қоғамдық ұйымдар құрады және импортталатын және өндірілетін этил спирті мен алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) сапасын бағалауды жүзеге асырады.

      3. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде дәмін айыру комиссиясы этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу аясына және Ережені басшылыққа алады.

      4. Дәмін айыру комиссиясы тұрақты негізде үш сала: спирттік, ликер-арақ және шарап жасау бойынша қызмет атқарады.

      5. Дәмін айыру комиссияның төрағасы, салалар бойынша дәмін айыру комиссиясының дербес және сандық құрамын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіру және сапасын бақылау саласында кем дегенде 7 адамнан тұратын қажетті біліктілігі бар мамандар арасынан этил спирті мен алкоголь өнімін өндірушілердің қоғамдық ұйымдары бекітеді.

      6. Дәмін айыру комиссияның мәжілісі Дәмін айыру комиссияның төрағасы бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Мәжілістің өткізілетін орны мен уақытын Дәмін айыру комиссияның төрағасы айқындайды.

      7. Дәмін айыру комиссияның шешімі мәжіліске әрбір салалық комиссиядан кемінде оның құрамының жартысы қатысуы шартында қабылданады және хаттамамен ресімделеді.

      8. Дәмін айыру комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезінде Дәмін айыру комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Әрбір мәжілістің хаттамасы Дәмін айыру комиссияның хатшысы ресімдейді, оған мәжіліске қатысқан дәмін айыру комиссияның мүшелері қол қояды және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беріледі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

      9. Дәмін айыруға шақырылған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және импорты саласында қызметін жүзеге асырушы ұйымдар мен өзге де органдардың өкілдері өнімнің сапасын бағалайды немесе шешуші дауыс құқығынсыз мәселені талқылауға қатысады.

      10. Дәмін айыруға ұсынылған өнімдердің дәмін айыру комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі барлық шығыстарды этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) өнімін өндіруші ұйымдар мен импортаушылар көтереді.

      11. Дәмін айыру комиссияның жұмыстарын жүргізуге арналған шығыстардың сметасын Дәмін айыру комиссияның төрағасы бекітеді.

2. Дәмін айыру комиссияның негізгі міндеттері

      12. Дәмін айыру комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті алкоголь өнімінің өндірілуін дамытуға жәрдемдесу;

      өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) ағымдағы жасалатын үлгілерінің және жаңа түрлерінің, сондай-ақ рецептуралар мен технологиялық процестерді өзгерткенде этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) үлгілерінің сапасын бағалау;

      төрелік дау кезінде немесе нақты өндіруші не болмаса импортаушы өнімінің сапасына жарнамашылығы келіп түскен кезде өндірілетін және импортталатын алкоголь өнімінің (сырадан басқа) сапасын бағалау;

      өнімнің сыртқы безендірілуінің сапасын бағалау (тұтынушылық ыдыс, тығын, өнімнің этикеткадағы, контрэтиткадағы таңбалануы және басқалар);

      әрбір отырысының нәтижесі бойынша осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәмін айыру комиссияның қорытындысын рәсімдеу және оны уәкілетті органға беру;

      ұсынылған үлгілерді алкоголь өнімінің түріне сәйкестендіру;

      алкоголь өнімінің конкурстары мен көрмелерін өткізуді ұйымдастыру және (немесе) қатысу.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      13. Дәмін айыру комиссиясы:

      уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өндірілетін этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) сапасын арттыру, олардың түрлерін және технологиялық процестерін жоғарылату бойынша ұсынымдар әзірлейді және береді;

      бұйымдарына қанағаттандырарлық емес баға берілген этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импорттаушылары мен өндірушілері дәмін айыру комиссияның келесі отырысында осы өнім атауының бір рет қайта ұсынылуына мүмкіндік береді;

      қажет болғанда этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіру орнынан және сақтау үшін сақтау қоймасынан, оларды сақтауды және сатуды іске асыратын импорттаушылар мен өндірушілерден, сондай-ақ бөлшек сауда желісінен үлгілерді іріктеуді жүзеге асырады;

      өнімнің сапасын бағалауды сататын орынға барып жүргізуді жүзеге асырады;

      өндірушілер шығаратын этил спирті және алкоголь өнімінің конкурстары мен көрмелерінің қорытындылары бойынша медальдар, дипломдар, грамоталар және басқаларын береді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      14. Ескерту. 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Дәмін айыру комиссиясы
туралы ережеге
қосымша

Дәмін айыру комиссияның 20___ жылғы "____" ________ № ___
қорытындысы

      Алкоголь өнімінің ағымдағы жасалатын үлгілерінің және (немесе) жаңа түрлерінің _____________________________________________________

      (этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) өндіруші-ұйымы

      _____________________________________________________________________

      және (немесе) импортаушы атауы)

      Дәмін айыру комиссияның мәжілісінің хаттамасына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (сала атауы: спирттік, ликерарақтық, шарап жасау)

      20___ жылғы "___" ______ № тауар өндіруші, импортшы, дәмін айыру комиссияның мүшелері белгіленген тәртіппен іріктеп алған өнімнің үлгілері:

      1) аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) қорытындысының химиялық көрсеткіші бойынша __________________________________

      (зертхананың (орталықтың) атауы)

      20__ жылғы "____" № ___ қорытындысының нәтижесі _____________________

      (Қазақстан Республикасының

      _____________________________________________________________________

      техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқық актілеріне сәйкес/ сәйкес емес)

      2) органолептикалық көрсеткіші бойынша ________________________

      _____________________________________________________________________

      (сапасының орташа дәм айыру және сыртқы безендіріліуінің бағасын)

      Дәмін айыру комиссияның қорытындысы: __________________________

      (Қазақстан Республикасының

      _____________________________________________________________________

      техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқық актілеріне сәйкес/ сәйкес емес),

      _____________________________________________________________________

      ұсынылған үлгілерді алкоголь өнімінің түріне сәйкестендіру және т.б.)

      Дәмін айыру комиссияның ұсынымы: ______________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Дәмін айыру комиссияның төрағасы _________________________

      (қолдары, аты-жөні)

      Хатшы _________________________

      (қолдары, аты-жөні)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 491 бұйрығына 2-қосымша

Дәмін айыру қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәмін айыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және дегустацияны жүргізу, этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импортталатын және өндірілетін үлгілерін табыс ету және осы өнімінің сапасына баға белгілеу тәртібін реттейді.

      2. Дәмін айыру комиссия этил спирті мен алкоголь өнімін дегустациялауды жүзеге асыру кезінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін аясына және айналымын мемлекеттік реттеу туралы және осы Қағиданы басшылыққа алады.

2. Дәмін айыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      3. Өнімнің дәмін айыруға ұсынылған кезде үлгілерін іріктеу техникалық реттеу салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай құжаттамамен қоса беріледі:

      үлгілерді іріктеу актісі "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген нысан бойынша;

      іс құжаты немесе шот;

      сәйкестік сертификатының көшірмесі;

      өнімнің үлгілерін сынаулардың хаттамасы;

      өнімнің қысқаша сипаттамасы;

      рецептураны көрсетіп, технологиялық нұсқаулықтың сипаты беріліп, ал өнімнің жаңа түрлерін бекіткен жағдайда, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттаманың жобасы ұсынылады;

      үлгілерді дәмін айыруға ұсынудың мақсатын көрсете отырып хат.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Дәмін айыруға арналған өнімнің үлгілері пломбыланады және мынадай санда ұсынылады:

      өнімнің жаңа үлгілерін бекіту кезінде және төрелік соттар кезінде шешімдер қабылданатын жағдайларда алты шөлмек (екі тәуелсіз лабораторияларда сынақтар жүргізу қажет болғанда);

      ағымдағы дәмін айырулар кезінде 4 шөлмек (сынаулар үшін 2 шөлмек).

      5. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу және техникалық реттеу салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келмейтін өнімді өткізген жағдайда, сондай-ақ тұтынушы сауда желісінде сапасы нашар өнімді тапқан немесе сатып алған жағдайда, техникалық қызметкер немесе дәмін айыру комиссиясының мүшелері тауар өндірушінің дайын өнім қоймасынан және этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау қоймасынан, этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау және көтерме сатуды іске асыратын импорттаушылар мен өндірушілердің, сондай-ақ мүдделі тараптардың қатысуымен бөлшек сауда желісінен өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      6. Қатысуға арналған өтінішті қатысу мақсатын көрсетумен еркін нысанда жазбаша (хат) түрде және дәмін айыру үшін алынған үлгілерді рәсімдеу үшін дәмін айыру комиссияға жібереді. Үлгілерді сақтаудың шарттары қолданыстағы нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      7. Үлгілер келіп түскен сәтінен бастап дәмін айыру комиссияның билік етуіне көшеді және қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды.

      8. Дәмін айыру жүргізілгенге дейін дәмін айыру комиссияның хатшысы техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аккредиттеген сынақ зертханасында (орталығында) физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша сынауды қамтамасыз етеді.

      9. Ұсынылған үлгілердің атауы мен саны, сынауға және дәмін айыруға арналған олардың шығыстарының бағдары көрсетіле отырып, осы Қағидаға № 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.

      10. Дәмін айыруға үлгілер, тек сынақ өткізілгеннен кейін, Дәмін айыру жүргізілгенге дейін дәмін айыру комиссияның хатшысы техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі жөнінде қорытындысы болғанда ұсынылады.

      Ескерту. 3-тараудың атауы алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      11. Дәмін айыру комиссиясының мәжілістері Дәмін айыру комиссиясының төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес, ал шұғыл шешім қабылдау қажет болғанда - оның нұсқауы бойынша жүргізіледі.

      12. Дәмін айыру ашық және жабық жүргізіледі.

      Дәмін айыру кезінде өнімнің тауарлық атауы және өндіруші хабарландырылмайды, ал үлгілер нөмірлермен шифрланады. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары шифрлық үлгілер жөніндегі жұмыс тапсырылатын сенімді адамды айқындайды. Өнімнің үлгілері қораптан алынады, әрбір үлгіге белгілі бір нөмір беріледі және шифрлау актісі жасалады, онда үлгілердің шифры, өнімнің атауы мен өндіруші-ұйым көрсетіледі. Дәмін айыру комиссия мүшелерінің және басқа да мамандардың, сенімді тұлғадан басқа үлгілерді шифрлауға қатысуына жол берілмейді. Шифрлау актісіне қол қойылады, конвертке салынады және

      Бір тауар өндірушінің, оның ішінде импорттық өндіріс өнімнің үлгілерін дәмін айыруға ұсынған жағдайда, ашық дәм айыру жүргізіледі.

      13. Дәмін айыру кезінде дәмін айыру комиссияның әрбір мүшесі дәмін айыру кәртішкесіне тиісті баллдар қояды. Ол дәмін айыру аяқталған соң хатшыға беріледі. Дәмін айыру комиссияның мүшелері үлгілерді дегустация кәртішкелеріне бағаларды қойғанға дейін талқылауына жол берілмейді.

      14. Органолептикалық бағалауда қайшылық туған кезде дәмін айыру комиссиясы мүшелерінің алқалық шешімі бойынша бақылау үшін қабылдаған үлгімен өнімнің салыстырмалы дегустациясы жүргізілуі мүмкін. Қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады.

      15. Дәмін айыру 18-20oС ауа температурасы жарық үй-жайда жүргізіледі. Бөлмеде ауа таза болуы, бөтен иістен ада болуы тиіс.

      16. Дәмін айыру үшін арнайы нысаны бар, бұйымды оның шашырауынсыз және бұйымның хош иісін дәл біле алатындай жеңіл араластыруға мүмкіншілік беретін түссіз шыны бокалдар пайдаланылады.

      17. Дәмін айыру комиссияның бір мәжілісіне ұсынылатын өнім түрлерінің саны немесе атаулары Дәмін айыру комиссия төрағасымен алдын-ала келісіледі. Өнім үлгілерінің саны он бес үлгіден аспауы тиіс.

      Бұл ретте әрбір төрт үлгінің сапасын бағалаған соң кемінде бес минут үзіліс жасалады.

      18. Әрбір үлгіні дәмін айырулаған соң дәмді бейтараптанатын құрал ретінде ауызды сумен шаю ұсынылады, сондай-ақ ақ нан, ащы емес ірімшік және өткір иісі мен дәмі жоқ басқа да өнімдерді қолдану ұсынылады.

      19. Үлгілерді органолептикалық көрсеткіштерін айқындау үшін дайындау өнімнің әрбір түріне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

      күштілігі 40% дейін жұмсартылған сумен араластырғаннан кейінгі және (20+2)oС температурасына дейін салқындатылған спирт;

      арақ пен ликер-арақ бұйымдары, аперитивтер, бальзамдар олар қабылдағанға дейін ұсталынады (20 + 2)oС;

      пунштер мен ромның дәмін айыру ыстық шаймен, бальзамдарды - шаймен немесе кофемен, коктейльдерді газдандырылған минералды немесе сода сумен, тоникпен және мұзбен жүргізуге ұсынылады;

      десертті және күшейтілген шараптар (15 + 2)оС, асханалықтары (12 + 2)оС дейін мұздатылады;

      шампан, шымырлама шараптар - (12 + 2)oС;

      коньяктар, бренди (20 + 2)oС.

      20. Дәмін айыруланатын өнім шығыстарының нормасы бұйымның сапасын әрбір органолептикалық айқындау кезінде бір дегустаторға 50 мл аспайтын мөлшерде белгіленеді.

      21. Этил спирті, ликер-арақ және шарап өнімдері сапасының органолептикалық бағалауды осы Қағидаға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес белгіленген он баллдық жүйе бойынша дәмін айыру комиссиясының әрбір мүшесі жүзеге асырады.

      22. Егер өнімнің дәмін айыруланатын үлгісін бағалау кезінде көрсеткіштердің бірі "қанағаттанарлық" немесе "қанағанттанғысыз" деп бағаланса, онда қалған көрсеткіштердің жоғары сапасының кезінде аталмыш үлгі бойынша жалпы балл "қанағаттанарлық" немесе "қанағанттанғысыз" деп дәмін айырушы бағалай алмайды.

      23. Ұйымдарды органолептикалық бағалау кезінде дәмін айырулардың арасында пікір алысу немесе қандай да бір басқа да әңгімелерге жол берілмейді.

      24. Үлгілердің дәмін айыру бағасының нәтижелерін қорыту мынадай түрде жүргізіледі:

      әуелі үтірден кейін бірінші белгіге дейін дөңгелектей отырып әрбір үлгі бойынша дәмін айыру дегустаторлардың барлық ұсынған бағаларының орташа арифметикалық мәні есептеледі;

      сосын 1,0 баллдан астам шамада есептік орташа көрсеткіштің ерекшеленетін дәмін айыру дегустаторлардың бағалары алынып тасталынады. Қалған бағалардың санынан кейін қайтадан орташа мәнінің бағасы есептелінеді, ол осы үлгінің түпкілікті баллдық бағасы болып табылады.

      25. Дәмін айыруланған өнімінің сапасы туралы Комиссияның шешім пікір алысулардың және дәмін айыру комиссия мүшелерінің оның бағалауларының нәтижелерін есептеу кезінде комиссияға енгізіледі.

      Орташа балл мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің бағаларынан орташа арифметикалық ретінде айқындалады.

      26. Дәмін айыру және әрбір үлгі бойынша орташа балл айқындалған соң Дәмін айыру комиссияның төрағасы дәмін айыру дегустацияланған үлгілерге талқылау жүргізіледі. Бұл ретте дәмін айыру комиссияның мүшесі өнімнің сапасы бойынша өзінің пікірін және оны арттыру жөніндегі ұсыныстарын айтады.

      27. Ұсынылған үлгіні органолептикалық бағалау аяқталған соң комиссияның мүшелері өнімнің сыртқы сапасын қолданыстағы стандарттарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады. Дәмін айыру комиссияның нәтижелері бойынша түпкілікті шешімі хаттамамен ресімделеді.

      28. Дәмін айыру комиссия мәжілісінің хаттамасында мыналар жазылады:

      дәмін айыру дегустацияның өткізілген күні;

      дәмін айыру дегустациялық комиссияның қатысқан мүшелерінің жеке құрамы (аты-жөні, лауазымы);

      дәмін айыру дегустацияның мақсаты;

      бұйымдардың атауы мен дайындаушы ұйымдар, импортшылар т.б-ды көрсете отырып дегустацияға ұсынған үлгілердің тізбесі;

      үлгілерді кім іріктегені;

      үлгінің баллдық бағасы және органолептикалық сипаттамасы;

      сыртқы безендірленуін бағалау;

      үлгілерді талқылау кезінде айтылған дәмін айыру дегустаторлардың ескертпелері мен ұсынымдары;

      комиссияның дәмін айыру дегустацияға ұсынған үлгілерінің сапасы туралы қорытындысы.

      29. Ескерту. 29-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Дәмін айыру қағидасына
1-қосымша

Дәмін айыру жасауға келіп түскен үлгілерді тіркеу журналы

р/с

Келіп түскен күні

Ұйымның атауы

Үлгінің атауы



Ілеспе құжаттың атауы



ДК мәжілісінің атауы

ДК шешімі

шөл

л.

дегустация

талдау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Дәмін айыру қағидасына
2-қосымша

Тағам шикізатынан өндірілген
этил спиртінің баллдық бағалануы

      1. Этил спиртінің органолептикалық бағалануы 10-баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

      2. Этил спирті сапасының көрсеткіші:

Сапа көрсеткіші

Органолептикалық сипаттамасы

Баллдық бағалануы

Дәм айырушының (комиссияның) қорытындысы

1.

Сырт көрінісі

Түссіз, мөлдір сұйықтық

2,0 (өте жақсы, жақсы)


Жеңіл опалесценциясы бар, түссіз сұйықтық

1,8 (қанағаттандырарлық)


Мөлдір емес, лайсан сұйықтық

1,8-ден төмен

Дәм айырудан алынып тасталады

2.

Иісі

Сәйкес шикізаттан өндірілген, осы спирттің түріне арналған сипатта, бөтен иісі жоқ

3,8-4,0 (өте жақсы)


Сәйкес шикізаттан өндірілген, осы спирттің түріне арналған сипатта, бірақ жеткіліксіз айқындалған

3,5-3,7 (жақсы)


Осы спирттің түріне арналған сипатта, бірақ әлсіз айқындалған


3,2-3,4 (қанағаттандырарлық)


Осы сипатқа ие емес, бөтен иісі бар

3,2-ден төмен

Дәм айырудан алынып тасталады

3.

Дәмі

Осы спирттің түріне арналған сипатта, жұмсақ

3,8-4,0 (өте жақсы)


Осы спирттің түріне арналған сипатта, бірақ аз ғана шымыр

3,5-3,7 (жақсы)


Осы спирттің түріне арналған сипатта, бірақ шымыр, тіл үйірер

3,2-3,4 (қанағаттандырарлық)


Осы спирттің түріне арналған сипатқа ие емес, бөтен, дөрекі өзіне сәйкес келмейтін дәмі бар

3,2-ден төмен

Дәм айырудан алынып тасталады

3. Этил спирті сапасының жалпы баллдық бағалануы:

қ/қ

Бағалануы

Жалпы балл

Бұйымның осы бағалануды алу кезіндегі талаптары

1.

"Өте жақсы"

9,2 - 10,0

Барлық көрсеткіштері бойынша "өте жақсы" бағалануына ие


"Жақсы"

8,6-9,1

"Жақсы" және "өте жақсы" бағалану көрсеткіштеріне ие

2.

"Қанағаттандырарлық"

8,2-8,5

"Жақсы", "өте жақсы" және "қанағаттандырарлық" көрсеткіштеріне ие

3.

"Қанағаттандырарлық емес"

8,2 - ден төмен

Егер, ең кемінде бір көрсеткіші "Қанағаттандырарлық емес" бағалануына ие болса

  Дәмін айыру қағидасына
3-қосымша

Ликер-арақ бұйымдарының баллдық бағалануы

      1. Ликер-арақ бұйымдарының органолептикалық бағалануы 10-баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

      2. Ликер-арақ бұйымдары, коктейльдер, аперитивтер және бальзамдар сапасының көрсеткіші:

Сапа көрсеткіші

Органолептикалық сипаттамасы

Баллдық бағалануы

Дәм айырушының (комиссияның) қорытындысы


1











Мөлдірлігі және түсі

Нұрлы, мөлдір сұйықтық, осы түрге арналған сипатқа ие, түсі анық айқындалған

2,0 (өте жақсы, жақсы)


Нұры жоқ, мөлдір сұйықтық, түсі айқындалған

1,8 (өте жақсы)


Нұры жоқ, мөлдір сұйықтық, түсі жеткіліксіз айқындалған

1,6 (қанағаттандырарлық)


Лайсаң, бөтен қоспалары бар, түсі осы түрге сәйкес келмейді

1,6-дан төмен

Дәм айырудан алынып тасталады

2.


3,8 - 4,0 (өте жақсы)


3,5-3,7 (жақсы)


3,2 - 3,4 (қанағаттандырарлық)


3,2 - ден төмен

Дәм айырудан алынып тасталады

3.

Дәмі

Үйлесімді, келістірілген, осы түрге арналған сипатта

3,8-4,0 (өте жақсы)


Жақсы, таза, осы түрге арналған сипатта

3,5-3,7 (жақсы)


Жеткілікті толық айқындалмаған, осы түрге арналған сипатта

3,2-3,4 (қанағаттандырарлық)


Бөтен дәмге ие, осы түрге арналған сипатқа ие емес

3,2-ден төмен

Дәм айырудан алынып тасталады

3. Ликер-арақ бұйымдары, коктейльдер, аперитивтер және
бальзамдардың жалпы баллдық бағалануы:

қ/қ

Бағалануы

Жалпы балл

Бұйымның осы бағалануды алу кезіндегі талаптары

1.

"Өте жақсы"

9,2-10,0

Барлық көрсеткіштері бойынша "өте жақсы" бағалануына ие

2.

"Жақсы"

8,6-9,1

"Жақсы" және "өте жақсы" бағалану көрсеткіштеріне ие

3.

"Қанағаттандырарлық"

8,0-8,5

"Жақсы", "өте жақсы" және "қанағаттандырарлық" көрсеткіштеріне ие

4.

"Қанағаттандырарлық емес"

8,0-ден темен

Егер, ең кемінде бір көрсеткіші "Қанағаттандырарлық емес" бағалануына ие болса

  Дәмін айыру қағидасына
4-қосымша

Арақтардың баллдық бағалануы

      1. Арақтардың органолептикалық бағалануы 10-баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

      2. Арақтар сапасының көрсеткіші:

Сапа көрсеткіші

Органолептикалық сипаттамасы

Баллдық бағалануы

Дәм айырушының (комиссияның) қорытындысы

1.

Сырт көрінісі

Түсі жоқ, мөлдір нұрлы сұйықтық

2,0 (өте жақсы, жақсы)


Түсі жоқ, мөлдір, бірақ нұры жоқ сұйықтық

1,8 (қанағаттандырарлық)


Лайсаң немесе боялған сұйықтық

1,8-ден төмен

Дәм айырудан алынып тасталады

2.

Иісі

Анық айқындалған, осы түрге арналған сипатта

3,8-4,0 (өте жақсы)


Жақсы, осы түрге арналған сипатта

3,5-3,7 (жақсы)


Әлсіз айқындалған, осы түрге арналған сипатта

3,2-3,4 (қанағаттандырарлық)


Бөтен дөрекі иісі бар, осы түрге арналған сипатқа ие емес

3,2-ден төмен

Дәм айырудан алынып тасталады

3.

Дәмі

Таза, жұмсақ, осы түрге арналған сипатта

3,9-4,0 (өте жақсы)


Осы түрге арналған сипатта, бірақ аз ғана шымыр

3,6-3,8 (жақсы)


Осы түрге арналған сипатта, бірақ шымыр, тіл үйірер

3,3-3,5 (қанағаттандырарлық)


Бөтен дөрекі дәмге ие, осы түрге арналған сипатқа ие емес

3,3-тен төмен

Дәм айырудан алынып тасталады

3. Арақтардың жалпы баллдық бағалануы:

N

қ/қ

Бағалануы

Жалпы балл

Бұйымның осы бағалануды алу кезіндегі талаптары

1.

"Өте жақсы"

9,2-10,0

Барлық көрсеткіштері бойынша "өте жақсы" бағалануына ие

2.

"Жақсы"

8,6-9,1

"Жақсы" және "өте жақсы" бағалану көрсеткіштеріне ие

3.

"Қанағаттандырарлық"

8,3-8,5

"Жақсы", "өте жақсы" және "қанағаттандырарлық" көрсеткіштеріне ие


4.

"Қанағаттандырарлық емес"

8,3-ден төмен

Егер, ең кемінде бір көрсеткіші "Қанағаттандырарлық емес" бағалануына ие болса

  Дәмін айыру қағидасына
5-қосымша

Вино шаруашылығы өнімінің баллдық бағасы

      1. Вино шаруашылығының өнімін органолептикалық бағасы 10-баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

      2. Өнім сапасының жалпы баллдық бағасы

N

р/с

Өнімнің атауы

Баллдық баға

Қорытынды

1

2

3

4

1.

Жүзім шараптары, жекелеген және өңделген шарап материалдары кемінде

8,0

8,0-ден кем

"қанағаттанарлықсыз"

2.

Вино шараптары мен өңделген вино материалдары

- маркалық кемінде

- жиынтықтық кемінде

8,8

9,2

8,8-ден кем

және 9,2

"қанағаттанарлықсыз"

3.

Шампан және шымырлама шараптар кемінде:



- ұсталынғандары

9,0


- жекелегендері

8,6


Коньяктар кемінде:



- жекелегендері

8,4


- "KB" тобы

8,8


- "КВВС" тобы

9,2


- "КС" тобы

9,5



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады