1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 355 V990998_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақтың 2-тармақшасының 3-азатжолындағы "басқа да" деген сөздердің алдынан "Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында тіркелген" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:
"3) 2001 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде:
100.000.000 (жүз миллион) теңге - басқа сақтандыру операцияларын жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында тіркелгендерден басқасы.";
2) 3-тармақтағы "2-тармақшасында" деген сөздер "2 және 3-тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдары мен сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына жіберсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.