Ұжымдық бітімгершілік күштер және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен шаралар туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 маусым N 59-II


     Мәскеуде 1993 жылғы 24 қыркүйекте жасалған Ұжымдық бітімгершілік 
күштер және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі 
бірлескен шаралар туралы келісім бекітілсін. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
       
     Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштер және оларды материалдық-техникалық
            қамтамасыз ету жөнiндегi бiрлескен шаралар туралы
                                 Келісім
     
     Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер, бұдан әрi қатысушы мемлекеттер,


      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы қорғаныс, қауiпсiздiк және бейбiтшiлiктi сақтау мәселерi жөнiнде қатысушы мемлекеттер арасында жасалған келiсiмдер мен шарттарды ескере отырып,
      осы Келiсiмге сәйкес мiндеттердi орындайтын қатысушы мемлекеттердiң әскери құрылымдарын уақытылы және үздiксiз қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:
                                 1-бап




      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштерi" (ҰБК) терминi:
      жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi мiндеттердi орындау және бейбiтшiлiктi сақтау үшiн қатысушы мемлекеттер бөлген қару-жарақтары, оқ-дәрiлерi, әскери техникасы мен мүлiктерi бар және Бiрiккен қолбасшылықтың (ҰБК БҚ) бағынысындағы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжiкстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы

басқа мемлекеттердiң әскери құралымдарын бiлдiредi.
     ҰБК БҚ құрамы, мiндеттерi және қызмет ету тәртiбi Ұжымдық 
бiтiмгершiлiк күштердiң Бiрiккен қолбасшылығы туралы Ережеде белгiленедi 
(1 қосымша).

                                  2-бап
     
     Қатысушы мемлекеттер ҰБК құрамына күштер мен құрал-жабдықтардың 
келiсiлген көлемiн бөледi.
                                  3-бап
     


      Қатысушы мемлекеттер ҰБК құрамына бөлiнген күштер мен құрал-жабдықтарды жинақтау, оқыту, даярлау, қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшiн жауапты болады.
      Жетiспейтiн материалдық құрал-жабдықтарды қатысушы мемлекеттер

бiрi-бiрiнен шарттар мен баға белгiлеудiң бiрiңғай қағидаттары бойынша 
өзара есеп айырысулар негiзiнде алады.

                                  4-бап
     
     Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштерi Бiрiккен қолбасшылығының қызметiн 
қамтамасыз ету мен жеке құрамын ұстауға байланысты шығындар 2-қосымшаға 
сәйкес бөлiнетiн қатысушы мемлекеттердiң үлестiк жарналары есебiнен жүзеге 
асырылады.

                                  5-бап
     


      Қабылдаушы Тарап болып табылатын қатысушы мемлекет, ҰБК құрамына кiретiн әскерлердi (күштердi) қабылдауды және оларды орналастыруды қамтамасыз етедi және ҰБК алдына қойылған тапсырмаларды орындау үшiн қажеттi инфрақұрылым бередi.
                                  6-бап




      Әрбiр қатысушы мемлекет ҰБК-нi материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшiн әуе және жер көлiгiмен жеткiзiлетiн әскери жүктердiң қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерi беретiн әскери рұқсатнамалар негiзiнде әкелу (әкету) лицензиясынсыз және кеден баждарын, салықтар мен басқа алымдарды төлетпей, өз аумағы арқылы бөгетсiз және үздiксiз қозғалуын қамтамасыз етедi.
                                  7-бап




      Қатысушы мемлекеттер өз аумағы арқылы ҰБК әскери жүктерiн транзиттiк тасымалдаулардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
      Әрбiр қатысушы мемлекет өз аумағы арқылы ҰБК құрамындағы әскери қызметшiлердiң, қызметшiлердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң транзитпен өтуiн (ұшып өтуiн) қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
                                  8-бап




      ҰБК қызметiн қамтамасыз ету үшiн қатысушы мемлекеттер өтеусiз негiзде өздерiнiң әуе кеңiстiгiн, ұшақ алаңдарын бередi, тұрақпен қамтамасыз етедi, ұшақтарға (тiкұшақтарға) және жеке құрамға қызмет көрсетедi және ақылы түрде жанар-жағар май құйып бередi және олардың қалыпты жұмыс iстеулерiне кедергi келтiретiн немесе ауырлатуға әкелiп соқтыратын әрекеттердi жасамайтын болады.
                                 9-бап




      ҰБК мүддесiндегi әскери барлауды ұйымдастыру мен жүргiзуге байланысты мәселелер Ресей Федерациясы мен басқа да қатысушы мемлекеттер арасындағы жеке келiсiмдермен анықталады.
                                10-бап




      Қатысушы мемлекеттер ҰБК құрамына кiретiн өз әскерлерiн қатысушы мемлекеттердiң аумағында орналасқан әскери базаларда құрылған және сақталатын қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрiлер және басқа материалдық құралдардың қоры есебiнен материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшiн тиiстi шаралар қолданады.
                                11-бап




      Қатысушы-мемлекеттер қабылдаушы Тарап болып табылатын қатысушы мемлекеттiң аумағында, қажет болса өз аумағында өз күшiмен өзiнiң әскери құрылымдарының әскери техникасын, қару-жарағын жөндеуді және шығындардың орнын толтыруды жүзеге асыратын болады.

     Қабылдаушы Тарап осындай әскери техника мен қару-жарақты жөндеу үшiн 
алып шығуға кедергi жасамайды.

                                12-бап
     
     Осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысында туындайтын барлық дауларды 
қатысушы-мемлекеттер өзара консультациялар мен қосымша келiсiмдер жасасу 
арқылы шешетiн болады.

                                13-бап
     
     Осы Келiсiм Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына кез-келген қатысушы 
мемлекеттiң, сондай-ақ осы Келiсiмнiң мақсаттарын қуаттайтын басқа да 
мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
                         
                                14-бап
 
     Осы Келiсiм қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы үшiн оның заң шығару 
рәсiмдерiне сәйкес күшiне енедi.

                                15-бап
     
     Осы Келiсiм бұл мәселе бойынша жаңа шешiм қабылданғанға дейiн 
қолданылатын болады.

     1993 жылғы 24 қыркүйекте Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр 
түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана осы Келiсiмге қол қойған 
мемлекеттерге оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Қазақстан 
Республикасы Үкiметiнiң Мұрағатында сақталады.

     Әзiрбайжан Республикасы үшiн     Ресей Федерациясы үшiн

     Армения Республикасы үшiн        Тәжiкстан Республикасы үшiн

     Қазақстан Республикасы үшiн      Түрiкменстан үшiн
 
     Қырғыз Республикасы үшiн         Өзбекстан Республикасы үшiн



                                     1993 жылғы 24 қыркүйектегi

Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштер және оларды материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi бiрлескен шаралар туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшыларымен жасалған Келiсiмiмен бекiтiлген 1-қосымша


                     Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштердiң
                       Бiрiккен қолбасшылығы туралы
                                 Ереже

                           1. Жалпы ережелер

      1. Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштердiң Бiрiккен қолбасшылығы (бұдан былай - Бiрiккен қолбасшылық) әскери басқарудың уақытша органы болып табылады және тиiстi тапсырмаларды орындау кезеңiне құрылады.
      2. Бiрiккен қолбасшылық өз қызметiнде қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiмен (комитетiмен) және басқа ведомстволарымен өзiне жүктелген мiндеттер көлемiнде өзара iс-әрекет жасайды.
      3. Осы Ережемен белгiленген көлемде Бiрiккен қолбасшылық уәкiлеттiлiгi оның жедел қол астына берiлген барлық әскери құрылымдарға таралады.
      4. Бiрiккен қолбасшылықтың ұйымдық-штаттық құрылымы қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс министрлерiмен бекiтiледi.

                     II. Бiрiккен қолбасшылықтың мақсаты
                           оның құрамы және қызметтерi

      1. Бiрiккен қолбасшылық әскери басқарудың органы болып табылады және ол Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштерге басшылық жасау үшiн тағайындалған.
      Бiрiккен қолбасшылық:
      Құрамында Қолбасшы, Штаб бастығы - Қолбасшының бiрiншi орынбасары, Бiрiккен қолбасшылықтың ұйымдық-штаттық құрылымында көзделген орынбасарлар мен басқа да лауазымды адамдар бар қолбасшылықтан;
      Құрамында Штаб бастығы, оның орынбасарлары, қатысушы-мемлекеттер Қарулы Күштерiнiң өкiлдерiнен және қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiмен (комитетiмен) келiсiлген тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бар штабтан;
      жеке құраммен жұмыс жөнiндегi, қару-жарақ, тылмен қамтамасыз ету бөлiмiнен және Бiрiккен қолбасшылық ұйымдық-штаттық құрылымына сәйкес басқа да органдардан тұрады.
      2. Бiрiккен қолбасшылықтың қызметiне:
      қызмет ету аймағындағы әскери-саяси жағдайды талдау және қатысушы мемлекеттердiң жоғары органдарына сол жөнiндегi қорытындыларымен баяндамаларды ұсыну;
      ҰБК-iн жедел қолдануға қатысушы-мемлекеттер басшыларының шешiмдерiн iске асыру;
      операцияларды (әскери әрекеттердi) даярлау және жүргiзу кезiнде ҰБК-ның басшылық жасауы;
      ҰБК-iн қолдану үшiн тұрақты әскери даярлықта ұстау;
      штабтар мен ҰБК әскерлерiнiң даярлау деңгейiн көтеру, оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету және басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
      қабылдаушы мемлекеттегi жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi келiссөз процесiне қатысу;
      ҰБК-нiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн жеке құраммен толықтыру, оларды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде қатысушы мемлекеттердiң басқару органдарымен өзара iс-әрекеттi ұйымдастыру және жүзеге асыру кiредi.
      3. Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштердiң Қолбасшысы қатысушы-мемлекеттер қорғаныс министрлерiнiң ұсынысы бойынша қатысушы мемлекеттердiң басшыларымен тағайындалады. Ол қатысушы-мемлекеттердiң басшылары мен қорғаныс министрлерiне есеп беруге мiндеттi және ҰБК-нiң барлық жеке құрамы үшiн тiкелей бастық болып табылады.
      ҰБК Қолбасшысының қызметiне:
      ҰБК-iн жедел қолдану туралы қатысушы-мемлекеттер басшыларының шешiмдерiн iске асыруды қамтамасыз ету;
      қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлерiне баяндамаларды, аймақтағы әскери-саяси және қауырт жағдайлардың қорытындыларын, агрессия актiлерiн тоқтату бойынша операция өткiзуге ұсыныстарды тапсыру;
      төтенше жағдайда операциялар (ұрыс әрекеттерiн) өткiзу туралы, кейiннен қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлерi мен мемлекет басшыларына баяндай отырып, өз бетiнше шешiм қабылдау;
      операцияларды (ұрыс әрекеттердi) даярлау және оларды басқару кезiндегi ҰБК-не басшылық жасау;
      қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерi мен жергiлiктi өкiмет органдарымен жұмыс байланыстарын ұйымдастыру және оны қолдау;
      өз уәкiлеттiлiгi шегiнде жанжалдасып жатқан Тараптардың өкілдерiмен келiссөздер жүргiзу;
      бағынысындағы штабтар мен әскерлердiң жедел және әскери даярлыған ұйымдастыру және оларға басшылық жасау;
      Бiрiккен қолбасшылық құрамына кiретiн қатысушы-мемлекеттер әскери өкілдерiнiң қызметтерiн қамтамасыз ету;
      ҰБК-нiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн бөлiнген қаражат пен материалдық-техникалық құралдарға иелiк ету кiредi.
      ҰБК қолбасшысы қажет болған жағдайда ҰБК-нiң Бiрiккен қолбасшылықтың ұйымдық-штаттық құрылымына қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлерiнiң (Комитеттiң төрағасының) келiсiмi бойынша жеке құрамның белгiленген штаттық санын 10 процентке дейiн ұлғайта отырып, өзгiрiс енгiзуге құқы бар.
      4. Штаб Бiрiккен қолбасшылықтың бас басқару органы болып табылады. Ол одақтық негiзде барлық қатысушы-мемлекеттер өкiлдерiнiң қатысуымен қалыптасады.
      Штабтың қызметiне:
      аймақтағы әскери-саяси, қауырт жағдайды талдау және Қолбасшыға баяндау үшiн тұжырымдар мен ұсыныстарды даярлау;
      операцияларды (ұрыс әрекеттерiн) даярлау және өткiзу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      ҰБК қолдануды жоспарлау және тапсырмаларды әскерлерге дер кезiнде жеткiзу;
      өзара iс-әрекеттердi, жан-жақты қамтамасыз ету мен басқаруды ұйымдастыру;
      әскерлердi ұрыс әрекеттерiне даярлауды ұйымдастыру;
      қойылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      қатысушы-мемлекеттердiң бас штабтарымен өзара iс-әрекеттерде болу;
      әскерлердi жеке құраммен жинақтауды жоспарлау және ұйымдастыру, қару-жарақпен, әскери техникамен, оқ-дәрiлер мен басқа материалдық құралдармен қамтамасыз ету;
      жағдайды тұрақтандыру мүддесiнде келiссөздер, ресми кездесулер мен басқа да шараларды жүргiзудi қамтамасыз ету кiредi.
      5. Штаб бастығы штабты басқарады, Қолбасшының бiрiншi орынбасары және Бiрiккен қолбасшылық пен ҰБК-нiң бүкiл жеке құрамы үшiн тiкелей бастық болып табылады.
      Штаб бастығының қызметiне:
      штаб жұмысына басшылық жасау және Қолбасшының шешiмдерiн орындауға бақылау жасау жөнiндегi Бiрiккен қолбасшылық органдарының қызметiн үйлестiру;
      Қолбасшыға әскери-саяси, қауырт жағдайды бағалаудан шыққан қорытындыларды және ҰБК-iн қолдану жөнiнде ұсыныстарды ұсыну;
      ҰБК-iн қолдануды жоспарлау кезiнде Бiрiккен қолбасшылық органдарының жұмысын үйлестiру, өзара iс-әрекеттi, жан-жақты қамтамасыз ету мен басқаруды ұйымдастыру;
      штабтар мен әскерлердiң ұрыс даярлығы деңгейiн көтеру, олардың жедел және ұрыс даярлығы бойынша жоспарларына басшылық ету және iс-шараларды жүзеге асыру;
      Қолбасшы қабылдаған шешiмдер мен қойылған мiндеттердi орындауға бақылау жасауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      ҰБК-iн қару-жарақпен, әскери техникамен, оқ-дәрiлер мен басқа материалдық құралдармен қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар мен құжаттарды даярлауға басшылық ету;
      қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлерiмен, әскери басқару және қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-әрекетте болуын қамтамасыз ету;
      Қолбасшы болмаған кезде оның қызметiн атқару кiредi.
      6. Қатысушы-мемлекеттер Қарулы Күштерiннiң өкiлдерi Штаб бастығының орынбасарлары болып табылады және өз мiндеттерiн Бiрiккен қолбасшылық Штабының барлық қызметтерiне сәйкес атқарады.
      7. Қабылдаушы мемлекет Бiрiккен қолбасшылыққа оның қызметiн атқару үшiн қажеттi барлық мүмкiндiктердi, соның iшiнде материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мен қызмет көрсетудi бередi және қамтамасыз етедi.
      8. Бiрiккен қолбасшылық үшiн бөлiнген үйлер мен құрылыстар сатылмайды және тiнтуге, конфискациялауға, тұтқынға алуға және өзге де әкiмшiлiк жазаға тартуға жатпайды. Қандай да болмасын көрсетiлген әрекеттер тек ҰБК Қолбасшысының келiсiмi немесе қатысушы-мемлекеттер басшыларының шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн. Қабылдаушы мемлекет өкiметi Бiрiккен қолбасшылықтың мұқтажы үшiн бөлiнген үйлер мен құрылыстарды құқыққа қарсы қол сұғулардан қорғау үшiн барлық тиiстi шараларды қолдануға мiндеттi.
      9. Бiрiккен қолбасшылықтың құжаттарына қол сұғылмайды. Оларды тексеруге, қарауға, алып қоюға Бiрiккен қолбасшылықтың немесе қатысушы-мемлекеттер басшыларының келiсiмi бойынша рұқсат етiледi.
      10. Бiрiккен қолбасшылықтың ресми хат-хабарларына, поштасына қол сұғылмайды, оларды ашуға, ұстап қалуға болмайды.
      11. Бiрiккен қолбасшылықтың шабармандары мен фельдъегерлерi қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде қабылдаушы-мемлекеттiң дербестiгiн пайдаланады және оның қорғауында болады.
      12. Бiрiккен қолбасшылықтың әскери қызметшiлерi мен қызметшiлерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне қабылдаушы мемлекет қолданылып жүрген заңдарды ескере отырып, өз аумағында бiр жерден екiншi жерге еркiн орын ауыстыруына кепiлдiк бередi.
      13. Бiрiккен қолбасшылықтың әскери қызметшiлерi мен қызметшiлерi қабылдаушы мемлекеттiң егемендiгi мен заңдарын құрметтейдi, оның iшкi iстерiне араласпайды және iшкi жанжалдарға қатыспайды.
      14. Бiрiккен қолбасшылықтың құрамына кiретiн адамдарға қатысты қылмыстық, әкiмшiлiк және азаматтық заң құқығын оның қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде жасаған әрекеттерiне байланысты сол тұлға азамат болып табылатын қатысушы мемлекет жүзеге асырады.
      15. Қабылдаушы мемлекеттiң аумағындағы салықтар, алымдар және бажылар Бiрiккен қолбасшылықтың әскери қызметшiлерi мен азаматтық персоналына таралмайды.
      16. Қызмет бабында пайдалануға арналған заттарды кiргiзу және шығару кезiнде Бiрiккен қолбасшылықтың әскери қызметшiлерi мен азаматтық персоналына кедендiк бажылар мен алымдар салынбайды.
      17. Әскери қызметшiлер мен азаматтық персонал әскери бөлiмнiң тiзбелерiнен шығарылмай алты айға дейiнгi мерзiмге қабылдаушы-мемлекеттiң аумағындағы ҰБК Бiрiккен қолбасшылық қарамағына уақытша iссапарға жiберiледi.
      Әскери қызметшiлер мен қызметшiлердi iрiктеу мен жiберудi белгiленген өкiлдiк негiзiнде тиiстi қорғаныс министрлiктерi (комитетi) мен ТМД БҚҚ-ның Бас қолбасшылығы жүзеге асырады.
      18. Бiрiккен қолбасшылықтың әскери қызметшiлерi әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн жiберушi мемлекетте белгiленген тәртiп пен ережелерге сәйкес киедi.
      19. ҰБК-нiң әскери қызметшiлерi мен азаматтық персоналы жiберушi мемлекеттiң заңдарында белгiленген нормалар бойынша ақшалай, заттай, азық-түлiкпен және үлестiң басқа түрлерiмен қамтамасыз етiледi. Оларға Ресей Федерациясының белгiленген заңдарына сәйкес қосымша кепiлдiктер мен өтемақылар берiледi.

     Бұл ретте ҰБК-нiң Бiрiккен қолбасшылық және қамтамасыз ету әскери 
бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi мен азаматтық персоналы өздерiн ҰБК 
құрамына жiберген кездегi қызметтерi бойынша ақшалай үлес алады.
     20. Қабылдаушы мемлекеттiң аумағында ҰБК-iн медициналық қамтамасыз 
ету қатысушы-мемлекеттердiң күштерi мен қаражатын пайдалана отырып, жүзеге 
асырылады.
     21. Бiрiккен қолбасшылықтың қызметiн қаржыландыру 
қатысушы-мемлекеттердiң үлестiк жарналары есебiнен жүзеге асырылады.
     22. Бiрiккен қолбасшылықтың қаржы-шаруашылық қызметiне бақылау жасау 
қорғаныс министрлерi белгiлейтiн тәртiпте жүзеге асырылады.
     23. ҰБК-нiң құрамына кiретiн әскерлердi (күштердi) басқару және 
Бiрiккен қолбасшылықтың өзара байланысын қамтамасыз ету үшiн 
қатысушы-мемлекеттер келiсiлген үлестерге сәйкес байланыс техникасы мен 
байланыс әскерлерiнiң жеке құрамын бөледi.     
     
     Оқығандар:
     Икебаева А.Ж.
     Омарбекова А.Т.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады