Мәскеуде 1996 жылғы 18 қазанда жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтық авиациясының авиациялық
техникасын пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету жөніндегі трансұлттық
қаржы-өнеркәсіп тобын құру туралы келісімнің күші жойылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтық
авиациясының авиациялық техникасын пайдалану мен жөндеуді
қамтамасыз ету жөніндегі ұлтаралық қаржы-өнеркәсіп тобын
құру туралы
Келісім
Ресми
расталған
мәтін
Осы Келісімге қатысушы мемлекеттер атынан, бұдан әрі Тараптар деп
аталатын үкіметтер
Әуе көлігін тұрақтандырудың одан әрі дамытудың және оның ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін сақтаудың маңызды факторларының бірі ретінде Тараптардың авиациялық техникасын пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдаудың қажеттігін мойындай отырып,
авиакөлік қызметін көрсетудің ішкі және шетелдік рыногында Тараптардың келісілген іс-қимылы мен ынтымақтастығы негізінде олардың азаматтық авиациясын қорғау қажеттігін қолдай отырып,
1995 жылғы 3 қарашадағы Азаматтық авиация саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық принциптері туралы меморандумның, 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтық авиациясын жаңарту туралы келісімнің негізгі ережелерін іске асыра отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтық авиациясының авиациялық техникасын пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету жөніндегі ұлтаралық қаржы-өнеркәсіп тобын (бұдан әрі - "Аэроқаржы") құруға жәрдемдеседі.
2-бап
"Аэроқаржы" тобының негізгі мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің авиақұрылысшылары, авиажөндеу зауыттары мен авиакомпаниялары арасындағы ынтымақтастық қалпына келтіру, дүниежүзілік авиациялық қызмет көрсету мен тасымалдау рыногында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін
қамтамасыз ету болып табылады.
3-бап
Осы Келісімнің іске асырылуына Тараптардың қатысуы олардың ұлттық
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
"Аэроқаржы" тобының құрамына Тараптардың әртүрлі меншік нысандарының
шаруашылық субъектілері кіре алады.
4-бап
"Аэроқаржы" тобы құрылғаннан және тіркелгеннен кейін Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің және басқа да
мемлекеттердің өз ұлттық заңдарына сәйкес олардың қызмет мақсаттарын
қуаттайтын басқа да шаруашылық субъектілерінің қосылуы үшін ашық болып
қалады.
5-бап
Тараптар қажет болған жағдайда "Аэроқаржы" тобының қатысушыларына
тиісті мемлекеттік кепілдіктер, кедендік, салықтық және өздерінің ұлттық
заңдарында көзделген өзге де жеңілдіктер бере алады.
6-бап
Тараптар өздерінің ұлттық заңдарының шеңберінде "Аэроқаржы" тобының
қатысушыларына өз бетімен жабдықтарды амортизациялау мерзімін анықтауға
және алынған қаражатты өз инвестициялық жобаларын іске асыруға бағытталған
жағдайда амортизациялық аударуларды жинауға құқық береді.
7-бап
Тараптар "Аэроқаржы" тобы қызметін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру
шеңберінде:
"Аэроқаржы" тобының орталық компаниясының сенімді басқаруына оның
қатысушыларының уақытша мемлекет қарамағына бекітілген акциялар пакеттерін
тапсыруы;
егер инвестициялық конкурстарда (саудаларда), "Аэроқаржы" тобының
орталық компаниясы сатып алушы болып табылса, "Аэроқаржы" тобы
қатысушысының осындай конкурстардың (саудалардың) шарттарында көзделген
көлемде сатылатын акцияларды оның қарызының есебіне жатқызылуы мүмкін.
8-бап
Тараптар "Аэроқаржы" тобының өзі аумағында қызмет істеуіне септігін
тигізетін қажетті ұлттық заң актілерін қабылдау жөнінде шаралар
қабылдайды.
9-бап
"Аэроқаржы" ұлтаралық қаржы-өнеркәсіп тобын ресімдеу мен тіркеу Ресей
Федерациясында жүргізіледі.
10-бап
Тараптардың осы Келісімге қатыспайтын мемлекеттерге қатысты құқықтары
мен міндеттеріне бұл Келісім әсер етпейді.
11-бап
Осы Келісімнің орындалуын бақылау, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі
даулы мәселелерді шешу құрамына Келісімге қол қойған Мемлекетаралық
авиациялық комитет, Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық
комитеті және Тараптардың авиациялық әкімшіліктерінің өкілдері кіретін
Қадағалау кеңесіне жүктеледі. Қадағалау кеңесі өз функцияларын
Мемлекетаралық авиациялық комитет бекіткен Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
12-бап
Өзара уағдаластық бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар
енгізілуі мүмкін.
13-бап
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады.
14-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Заңдары оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуын талап ететін Тараптар үшін тиісті құжаттар депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.
15-бап
Осы Келісім Тараптардың келісімімен оның мақсаттары мен принциптерімен келісетін басқа да мемлекеттердің барлық осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге тапсыру арқылы қосылуы үшін ашық. Қосылу депозитарий осындай қосылуға келісу туралы соңғы хабарландыру алған күннен бастап күші бар деп есептеледі.
16-бап
Кез-келген Тарап депозитарийге жазбаша хабарлай отырып осы Келісімнен
шыға алады. Күшін жою туралы депозитарий хабар алған күннен бастап алты
айдан кейін ол күшіне енеді.
Мәскеу қаласында 1996 жылғы 18 қазанда бір түпнұсқалық дана етіп орыс
тілінде жасалды. Түпнұсқалық дана Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке
оның расталған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
Атқарушы Хатшылығында сақталады.
Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузия Түрікменстан
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Атқарушы хатшылығы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы Істер Министрліктеріне өзінің құрметін білдіреді және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде қабылданған құжаттардың депозитарийі ретінде әрекет ете отырып, төмендегіні хабарлау мәртебесіне ие.
Депозитарий 1997 жылғы 17 желтоқсанда Үкімет басшылары кеңесінің 1996 жылғы 18 қазандағы және 1997 жылғы 27 наурыздағы мәжілістерінде қабылданған құжаттар бойынша қол қою кезінде ұсынылмаған Қазақстан Республикасының мынадай мазмұнды ескертулерінің мәтіндерін алды:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтық
авиациясының авиациялық техникасын пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету
жөніндегі ұлтаралық қаржы-өнеркәсіп тобын құру туралы келісім (1996 жылғы
18 қазан, Мәскеу қаласы):
"АТЦ 405" АҚ және "АА 406 Зауыты" АҚ кәсіпорындары акцияларының
мемлекеттік пакетін сенімді басқару құқығына ашық тендер жариялансын, ол
тендерге "Аэроқаржы" Қаржы-өнеркәсіп тобы қатысуға құқылы.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің Сыртқы
Істер Министрліктеріне
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтық
авиациясының авиациялық техникасын пайдалану мен жөндеуді
қамтамасыз ету жөніндегі ұлтаралық қаржы-өнеркәсіп тобын
құру туралы келісімге
Украинаның ескертпесі
Келісімнің 5, 6, 7-баптары Украинаның ұлттық заңдары ескеріліп іске
асырылады.
Украинаның
Премьер-Министрі
Осы арқылы Мәскеу қаласында 1996 жылғы 18 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісінде қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтық авиациясының авиациялық техникасын пайдалану мен жөндеуді
қамтамасыз ету жөніндегі ұлтаралық қаржы-өнеркәсіп тобын құру туралы
келісімнің көшірмесімен бірдей болып табылатындығын растаймын. Жоғарыда
аталған Келісімнің түпнұсқалық данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
Атқарушы Хатшылығында сақталады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Атқарушы хатшысының
орынбасары
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.