Астанада 1999 жылғы 11 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы арасындағы Қаржыландыру туралы меморандум бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1999 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТАСИС БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША КЕЛIСIМ
Тараптар:
Еуропалық Қоғамдастықтың атынан (бұдан әрi Қоғамдастық) Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы (бұдан әрi Комиссия)
бiр жағынан және
Қазақстанның атынан (бұдан әрi Қазақстан) Қазақстан Үкiметi (бұдан әрi Үкiмет) екiншi жағынан.
Бұл тараптардың Қоғамдастықтың техникалық жәрдем жөнiндегi (Тасис) Қазақстандағы 1996-1999 жылдарға арналған Индикативтiк бағдарламасын орындауға келiскендігі ескерiледi.
Осымен мыналар келiсiлдi:
1. Мәнi мен мазмұны
Осымен тараптар 1999 қаржы жылына арналған Тасис бағдарламасы шеңберiнде келiседi, Қоғамдастық қаржыландыру шарттары бойынша осы Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi ретiнде мұнда 1-қосымшада қоса берiлген, Қазақстан үшiн 1999 жылға арналған iс-қимыл бағдарламасымен белгiленген, гранттар түрiнде техникалық жәрдем жөнiндегi шараларды енгiзудi қаржыландырады. Қолайлылық үшiн аталған бағдарлама:
Бағдарлама N KZ 9901 Атауы: Қазақстанға техникалық жәрдем
ретiнде айқындалды
2. Енгiзу
Жоғарыда 1-бапта аталған шаралар қаржыландыру шарттары бойынша осы Келiсiмде және қаржыландыру шарттары бойынша осы Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi ретiнде мұнда 2-қосымшада қоса берiлген, қаржыландыру шарттары бойынша Келiсiмге қолданылатын негiзгi ережелерде белгiленген ережелерге сәйкес Қоғамдастықтың бюджетiнен орындалуы және қаржыландырылуы тиiс.
Қаржыландыру шарттары жөнiндегi осы Келiсiмге, сондай-ақ 1999 жылға арналған Қазақстан үшiн iс-қимыл бағдарламасына және қаржыландыру шарттары жөнiндегi Келiсiмге қолданылатын Негiзгi Ережеге түзетулер жазбаша нысанда болуы тиiс және аталған тараптардың арасында хат алмасу жолымен келiсiлуi мүмкiн.
3. Тараптардың мiндеттемелерi
Қоғамдастық Қазақстан үшiн 1999 жылға арналған iс-қимыл бағдарламасын орындау үшiн 16,650,000 Евро=(он алты миллион алты жүз елу мың) бөлуге мiндеттенедi.
4. Ұзақтығы. Мерзiмнiң аяқталуы
Қаржыландыру шарттары жөнiндегi осы келiсiм оған тараптардың екеуi де қол қойған уақыттан бастап күшiне енедi.
Қаржыландыру шарттары жөнiндегi осы келiсiм мерзiмiнiң аяқталуы - 2002 жылғы 31 желтоқсан. Осы ақырғы мерзiмнен кейiн KZ9901 бағдарламасы бойынша кез келген қаржыландырушы баланс тоқтатылады.
Қаржыландыру шарттары жөнiндегi осы келiсiмнің және тиiстi KZ9901 бағдарламасының мерзiмiн ұзарту Үкiметтен жазбаша нысанда негiзделген сұрау түсiру арқылы келiсiлуi мүмкiн.
5. Мекен-жайлар
Қаржыландыру шарттары жөнiндегi осы келiсiмге жататын кез келген және барлық ақпарат мына мекен-жайға жiберiледi:
Комиссия үшін Үкiмет үшiн
Mr. F. Lamoureux Премьер-Министрдiң орынбасары
European Comission О.Ә. Жандосов мырза
Tacis Programme Қазақстан
CHAR 12/67 480091 Алматы
Rue de Loi 200 Чайковский көшесi, 144
В-1049 Brussels 1-қабат, 109-бөлме
Bergium
6. Көшiрмелер саны
Қаржыландыру шарттары жөнiндегi осы келiсiмге ағылшын тiлiнде екi данада және орыс тiлiнде екi данада қол қойылды, екi тiл де түпнұсқалық болып саналады.
Еуропалық комиссия үшiн Қазақстан Үкiметi үшiн
және оның атынан және оның атынан
Аты: мырза Аты: О.Ә. Жандосов мырза
Лауазымы: Комиссия мүшесi Лауазымы: Премьер-
Министрдiң орынбасары
Күні: Күні:
Орны: Орны:
1-қосымша
ЕВРОПА ҚОҒАМДАСТЫҒЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘРДЕМДЕСУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ІС-БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ 1999
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ IС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ - ҚАЗАҚСТАН
1999
млн. Евро
А. Кәсiпорындарды қолдау 8.8
1. Құқықтық реформаны жүзеге асыруға жәрдемдесу 1.0
2. Өнеркәсіптiк бәсекелестiкке жәрдемдесу 1.0
3. Экономика министрлiгiн қолдау 1.0
4. КИМЭП-тiң ұйымдық дамуына жәрдемдесу 2.3
5. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
министрлiгiне жәрдемдесу 1.0
6. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгіне ұйымдық жәрдемдесу 2.5
Б. Тамақ өнiмдерiн өндiру, қайта өңдеу және бөлу 2.0
7. Ауыл шаруашылығы өндiрушілерiн қолдау 2.0
В. Көлiк және телекоммуникациялар 2.0
8. Транзиттiк дәлiздер саясатын әзiрлеу 2.0
Г. Энергетика 2.0
9. ҚАЗАҚОЙЛ компаниясын қолдау 2.0
Д. Бистро 0.85
Е. Резервтер 1.0
Жиыны 16.65
Бұдан басқа, Қазақстан көмекшi бағдарламаларға (SPP 8i АТА) қатысудан өзіне пайда табады. Бұл жеке қаржылық ұсыныста баяндалатын болады. Жалпы алғанда 7.35 миллион Евро мынадай салаларға бөлiндi:
1. Темпус 2.0
2. Стратегия жасауға консультативтiк жәрдемдесу
бағдарламасы 2.5*
3. Кеден 0.5
4. Статистика 1.5
5. Лиен 0.3
6. Менеджменттiң тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасы 0.3
7. Қалалардың бауырласуы 0.2
8. АТА тетігі 0.05
Барлығы 7.35
-------------------------
* ("Қазақстанның экономикалық үрдiстерi" журналының жарияланымдарын қоса алғанда)
N 1 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Құқықтық peфopмaны жүзеге асыруға жәрдемдесу
Сектор: Құрылымдық және ұйымдық реформа
Жобаның құны: 1.0 млн. ЕВРО
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Негiзгi бенефициар: Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
Жобаның негiздемесi:
Тәуелсiздiк алғаннан бастап Қазақстан Үкiметi өзiнiң күш-жiгерiн нарықтық экономиканы орнатуға және инфляцияның деңгейiн ауыздықтау, бюджет тапшылығын бақылау және ырықсыздандыру мен жекешелендiру процесiне бағытталған жүйелiк реформаларды енгiзу жолымен тұрақты макроэкономикалық шеңберлердi қамтамасыз eтуге шоғырландырды. Құрылымдық реформалар бақылауда, баға және сауда бақылауы елеулi дәрежеде жойылды, шағын және орта кәсiпорындарды жекешелендiру аяқталды десе де болады, ұжымшарлар мен кеңшарлардың көпшiлiгi жекешелендiрiлдi және көптеген мұнай, газ және минералдық қорлар игеруге шетелдiк инвесторларға берiлдi. Осынау оң өзгерiстерге қарамастан, заң жүйесiн реформалау экономикалық реформалау бағдарламасынан қалып қойды және нарықтық экономиканың талаптарына жауап бермеуде. Әлсiз заңнамалық база шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға қатысты тәуекелдiң артуына жағдай тудырады және жеке капиталдың құйылуын тежейдi.
Қазiргi қолданылып жүрген заңдар шеңберiнiң жеке меншiктi және экономикалық құқықтарды қол сұғушылықтан тиiмдi қорғауға қатысты әлсiз жақтарын толық сезiне отырып, Қазақстан Үкiметi халықаралық донорлардың жәрдемiмен Заңдарды реформалаудың мемлекеттiк бағдарламасын бекiттi. Қайта жаңарту және Даму Халықаралық Банкi (ҚЖДХБ) 15 млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi техникалық көмек заемын бекiту сатысында, ол заңдарды реформалау жобасын жүзеге асыруға бағытталады. Заң саласын ұйымдық дамытуды нығайту мақсатында Тасис жобасы ҚЖДХБ жобасын толықтыру ниетiнде. Тасис жобасының нақты мақсаттары, мiндеттерi мен ұйымдық бағалануы ҚЖДХБ-мен және басқа да әлеуеттi донорлармен толық техникалық тапсырманы әзiрлеу сатысында тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады.
Жобаның мақсаты:
Көзделiп отырған жобаның жалпы мақсаты - нарықтық экономиканың жұмыс iстеуi мақсатында негiзгi салаларда заң жүйесiн, нормативтiк база мен ұйымдық құрылымдарды нығайту.
Жобаның негiзгi компоненттерi:
Жоба өзiнiң назарын мынадай бiр немесе одан көп компоненттерге шоғырландырылады деп көзделiнiп отыр:
- Заң құжаттарын құрастыру . Бұл компонент үкiметтiң халықаралық донорлардың жәрдемiмен және экономика саласына мән бере отырып, заңдардың сапасын, қабiлетсiздiгiн, ашықтығын және қабылдау процесiнiң тиiмдiлiгiн жақсартудағы күш-жiгерiне құрылатын болады. Осы компонент бойынша Тасис бiр немесе одан көп тармақ бойынша жәрдем көрсете алады: а) мемлекеттiк қызметшiлердi, атап айтқанда, экономикалық және нарықтық реформаларға қатысты заң актiлерiн әзiрлеуге тартылғандарын оқыту; б) заң құжаттарын жасауға тартылған органдарда құзыреттілікті және құрылымдық органдарды жетiлдiру; в) заңнамалық құжаттар мәселелерi бойынша техникалық консультация беру.
- Заң бiлiмiн беру және қоғамның заң мәселелерiндегi хабарластығы .
Бұл компонент бүгiнгi нарыққа бағдарланған бiрыңғай, қазiргi заманғы заң ғылымының жүйесiн дамытуға жәрдемдеседi, оның мiндетi заң бiлiмiн беру мен оқытудың сапасын жақсарту, қоғамның заң нормаларынан хабардарлығы мен түсiнiсушiлiгiн жақсарту болып табылады. Осы құрамдас бөлiк бойынша Тасис бiр немесе одан көп тармақ бойынша жәрдем көрсете алады: а) оқу бағдарламаларын, курстарды әзiрлеу; б) заң орындарын бiтiргендігі туралы құжаттар беру кезiнде стандарттар әзiрлеу; с) қоғамның заң нормалары мен заң процесi туралы хабардарлығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарындағы науқан.
- Заң ақпаратына қол жеткiзу . Бұл компоненттiң мақсаты - тәжiрибеден өтушi Заңгерлер, жеке меншiк сектордың кәсiпорындары мен мемлекеттiк қызметшiлердiң және тұтас алғанда қоғамның сенiмдi және толық заң ақпаратына уақтылы және кең түрде қол жеткiзуiн қамтамасыз ету. Осы компонент бойынша заң ақпараты заңдарды, жарлықтарды, үкiмет қарарларын, министрлiктер мен ведомстволардың қаулыларын, жекелеген сот шешiмдерiн қамтиды. Осы компонент бойынша Тасис бiр немесе одан көп тармақ бойынша жәрдем көрсете алады: а) заң ақпаратын беру бойынша ұлттық стратегияны әзiрлеу; б) осы стратегияны iске асыру жөнiндегi бiрыңғай жүйенi әзiрлеу; в) заң ақпаратына қол жеткiзудiң электронды және электронды емес құралдарына қатысты жабдықтар мен қызмет көрсетулердi қоса алғанда, стратегиялық жоспардың бiр бөлiгiн немесе бүкiл өзiн жүзеге асыру; г) заң ақпаратын сыныптау және кодификациялау.
- Заңдылықты нығайту . Бұл құрамдас бөлiктiң мақсаты соттардың тәуелсiздiгiн нығайту және жұмысының сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Осы компонент бойынша Тасис бiр немесе одан көп тармақ бойынша жәрдем көрсете алады: а) сот орындаушылары мен судьяларды экономикалық реформалау саласында заңдарды қолдануға оқыту; б) дау туындаған кезде баламалы шешiмдер қабылдау тетiктерiн белгiлеу үшiн тиiстi заңи және нормативтiк шеңберлердi әзiрлеу; с) судьяларды оқыту және қайта оқыту процесi арқылы баламалы шешiмдер қабылдаудың тетiктерiн жүзеге асыру.
Жалпы индикативтiк бюджет: 1.0 млн. ЕВРО
N 2 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Өнеркәсiптiк бәсекелестiк қабiлеттi қолдау
Сектор: Құрылымдық және институциональдық реформа
Жобаның құны: 1 млн. ЕВРО
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Түпкi алушы: Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия
және сауда министрлiгi
Алғы тарихы және негiздемесi:
Қазақстан Республикасының Үкiметi 1998 жылы ақпанда бекiткен және қазiргi кезде Европа Парламентi мен оған мүше мемлекеттердiң бекiту процесiндегi Әрiптестiк және ынтымақтастық туралы келiсiм (ӘЫК) ЕҚ мен Қазақстан арасындағы саяси және экономикалық өзара қатынастардың негiзiн жасауға бағытталған. Атап айтқанда, өнеркәсiптiк ынтымақтастық туралы ереже (45-бап) Қоғамдастықтың Қазақстанның өзiнiң өнеркәсiбiн ЕҚ-да қолданып жүрген бәсекелестiк қағидаларына қайшы келмейтiндей қолдау дәрежесiнде қайта құрылымдау мен дамытудағы күш-жiгерiне көмек беруге бағытталған.
Ашық нарықтық экономикада экономикалық өсудi жылжытудағы Қазақстан Үкiметінің мiндеттемелерi "Қазақстан-2030 дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясында басымдықпен айқындалған. Инфляцияның қолайлы деңгейiне қол жеткiзген соң Үкiметтiң стратегиясы елдiң ЖIӨ-нiң 20,7%-ын және жалданған жұмыс күшiнiң 22,2%-ын құрайтын өңдеу өнеркәсiбiндегi реформалар жолымен экономикалық өсудi қамтамасыз ету жағына қарай өзгере бастады.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн жүргiзiлетiн сыртқы сауда үшiн экономиканың iлгерiлемелi ырықсыздандыру және ашықтық саясатында Қазақстанның өңдеушi өнеркәсiбiнде iшкi рынокта да, сол сияқты ТМД рыноктарында да бәсекелестiк қабiлетiн дамытуда кемшiлiктер бiлiнуде. Қазақстандағы өңдеушi өнеркәсiпке терiс әсер ететiн негiзгi құрылымдық кемшiлiктер мыналар болып табылады:
- Өнiмдер сапасының төмендiгi және сәйкес келмейтiн өнiмдiк құрам
- Дайын өнiм мен жартылай фабрикаттарға сұраныстың төмендiгi
- Менеджмент пен маркетингтегi жеткiлiксiз бiлiктiлiк
- Экспортқа шартты және шартсыз кедергiлердiң болуы
- Өңдеушi өнеркәсiптегi жеткiлiксiз инвестициялау мен
технологиялық артта қалушылықтың нәтижесiнде пайда болған өндiрiстiк секторды тiкелей инвестициялауға байланысты тәуекел дәрежесiнiң жоғарылығы.
Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi "Мемлекеттiк өнеркәсiп саясатының 1999-2003 жылдарға арналған негiзгi бағыттарын" шығарды. Алайда, егер Қазақстан бәсекелестiк пен сауда практикасының бүкiл дүниежүзiне танылған деңгейiне қол жеткiзгiсi келсе, iргелi қағидалар қайта қаралуы тиiс.
Негiзгi мақсаттары:
- Кәсiпорындарға iшкi де, сондай-ақ халықаралық рыноктарда да бүкiл әлемде танылған әдiл практикамен дамуға және бәсекелестiк етуге мүмкiншiлiк беру
- Өңдеушi өнеркәсiптiң барлық топтары үшiн құқықтық база мен макроэкономикалық құрылымды құруға бағытталған тиiстi саясат жүргiзу жолымен өндiрiстiк сектордағы кәсiпорындардың дамуын қолдау
- Өңдеушi өнеркәсiпте бiлiктi кәсiбилердiң дамуын қолдау
Негiзгi компоненттерi
Жоба бiр-бiрiмен өзара байланысты мынадай екi компоненттен тұратын болады:
- Бiрiншi компонент бойынша оқытудың трейнингi және турлары жолымен маркетинг, экспортты жылжыту, қаржы бақылауы сияқты тар тақырыптар бойынша кәсiбилердi оқытуда қолдау көрсетiлетiн болады.
- Екiншi компонент Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне өңдеу өнеркәсiбi саласында ашық нарықтық экономика қағидаларына сай келетiн тиiстi саясатты дамытуға және жүргiзуге көмек берудi көздейдi.
Жалпы индикативтiк бюджет: 1 млн. ЕВРО
N 3 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Қазақстан Республикасы Экономика
министрлiгiнiң макроэкономикалық талдау және
болжау жөнiндегi қабiлетiн күшейту (Қазақстан
Республикасының Экономикалық жоспарлау
жөнiндегi агенттiгiн қолдау)
Сектор: Құрылымдық және институциональдық реформа
Жобаның құны: 1 млн. ЕВРО
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Түпкi алушы: Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi
Алғы тарихы және негiздемесi:
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес құрылған болатын.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеудi ұйымдастыру саласында мемлекеттiк басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкiлеттiк берiлген орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiк экономикалық саясатты айқындайды, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау мен болжауды, индикативтiк жоспарлар мен жалпы экономикалық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау мен iске асыруды қамтамасыз етедi.
Экономика министрлiгi әлемдiк тауар рыноктарындағы конъюнктураны ескере отырып экономиканың даму сценарийiн әзiрлейдi.
Экономика министрлiгiнiң мiндеттерiне мыналар кiредi:
- қысқа және орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарларын дайындау;
- барлық деңгейдегi бюджеттердi қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын қысқа-,
орта мерзiмдi кезеңдерге арналған макроэкономикалық көрсеткiштердi әзiрлеу;
- аймақтық саясатты әзiрлеу және iске асырылуын бақылау;
- Үкiметтiң iс-қимыл жоспарын әзiрлеу, үйлестiру және iске асырылуын бақылау;
- Мемлекеттiк инвестициялық бағдарламаларды дайындау.
Экономика министрi Үкiмет мүшесi болып табылады.
Қазақстан Министрлiгiнiң Экономика министрлiгi қызметiнiң негiзгi түрлерiне ақпарат жинау, экономикалық талдау және болжау, сондай-ақ олардың негiзiнде экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау жатады. Министрлiктiң ағымдағы қызметi ақпараттық базаның толық еместiгiн, методологиялық тәсiлдердiң ескiргендiгiн, қажеттi функцияларды жүзеге асыру үшiн технологиялар мен жабдықтардың жетiспеушiлiгiн қоса алғанда, бiрнеше факторлармен шектелген.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгi берген деректердi пайдаланады. Бұдан басқа, Министрлiк өзiнiң мiндеттерiн тиiмдi және уақтылы орындау үшiн шетелдiк те қажеттi түрлi көздерден жиналған қажеттi ақпаратты пайдаланады.
Бұдан басқа, бiлiктiлiктi арттыруда да, сол сияқты Экономика министрлiгiнiң макроэкономикалық модельдеу және болжау техникасы бойынша штатының тәжiрибесiнде де проблемалар бар. Сондай-ақ деректердi тиiмдi жинаудың, талдау мен өңдеудiң басты шектеулерiнiң бiрi жүйеде ақпараттық технологиялар мен қазiргi заманғы компьютерлiк жабдықтардың жетiспеушiлігі болып табылады.
Жобаның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
Жобаның негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң мамандарын нарықтық экономиканың баламалы ерекшелiктерiн, мемлекеттiк бюджетті әзiрлеуге арналған әлеуметтiк-экономикалық саясат пен өлшемдердiң iс-шараларын әзiрлеу, талдау мен болжаудың қазiргi заманғы құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Жобаның мақсатын негiзге ала отырып, сондай-ақ оның "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң институциональдық мүмкiндiктерiн күшейту" (СЖРА) 9602 EDKA Тасис жобасының жалғасы болып табылатындығын ескере отырып, мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
- СЖРА-да, Экономика министрлігінде жасалған экономикалық-математикалық модельдердiң тиiмдi бейiмделуiн қамтамасыз ету;
- Экономика министрлiгiнде тоқсандар, жыл бойынша және 5 жылға дейiнгi кезеңге арналған дамудың аса маңызды көрсеткiштерiн болжауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн қаржылық және бюджеттiк бағдарламалау құру мақсатында экономикалық-математикалық модельдердiң жүйесiн одан әрi дамыту және жақсарту;
- Жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылатын модельдердiң базасында сыртқы және iшкi факторларды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң жұмыс iстеу әрекетiн елестететiн сапалық жаңа құралды әзiрлеу;
- Экономика министрлiгiнiң мамандарын экономикалық талдау, экономикалық-математикалық модельдеу және болжау техникасына оқыту;
- Халықаралық стандарттарға сәйкес микроэкономикалық және макроэкономикалық модельдер құру үшiн қажет, дәлдiктiң жоғары дәрежесiндегi экономикалық деректермен ұдайы және кiдiрiссiз қамтамасыз ету.
Жобаның негiзгi құрамдас бөлiктерi
Семинарлар өткiзу мен практикалық көмек арқылы Қазақстанда экономикалық модельдеу мен талдаудың қазiргi мүмкiндiктерiн одан әрi кеңейту.
Тиiмдi экономикалық модельдеу және экономикалық модельдердi талдау үшiн қажеттi экономикалық деректер ұсыну қабiлетiн әзiрлеу.
Экономика министрлiгiнiң кемiнде 8-10 маманын жетекшi Европалық экономикалық институттар мен ведомстволарда оқыту және тағлымдамадан өткiзу.
Күтiлетiн нәтижелер
Ресми статистика реформасының жобасына сәйкес экономикалық модельдер үшiн қажеттi дәл, толық және қазiргi заманға экономикалық деректер құру.
Қазақстан Үкiметiнiң экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi экономикалық модельдер құрудағы қабiлетiн одан әрi дамыту.
Қазақстан Үкiметiнiң экономикалық модельдер мен талдау нәтижелерiн түсiндiру және практикалық қолдану қабiлетiн арттыру.
Экономика министрлiгiнiң ұйымдық, технологиялық және коммуникациялық құрылымдарын жақсарту, бұл оның басқа министрлiктермен және ведомстволармен экономикалық саясатты талқылауында тиiмдi әрiптес болуына мүмкiндiк бередi.
Жобаның жұмыс процесiнде әзiрленген экономикалық-математикалық модельдердi бейiмдеу және жүргiзу жөнiндегi оқытылған және даярланған персонал.
Жалпы индикативтiк бюджет: 1.0 млн. ЕВРО
N 4 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: ҚИМЭП-тегi Әкiмшiлiк Бизнес Магистрiнiң (ӘБМ)
Бағдарламасы
(ҚИМЭП-тiң ұйымдық дамуына жәрдем)
Сектор: Құрылымдық және институциональдық реформа
Жобаның құны: 2.3 млн. EBPO
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Түпкi алушы: ҚИМЭП
Алғы тарихы мен негiздемесi:
ҚИМЭП Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен құрылды. Оның мақсаты бизнес пен қазiргi заманғы менеджментке халықаралық оқыту және бiлiм беру жолымен Қазақстанның үкiмет жетекшiлерiн дайындау, нарықтық экономика қағидаттарын ұстана отырып, экономикалық өсуге мүмкiндiк туғызатындай кадрларды даярлау, сондай-ақ Қазақстанның әлемдiк нарықтық экономикадағы бәсекелестiк мүмкiншiлiктерiн iлгерiлемелi экстраполяциялау болып табылады.
1993 жылдан бастап Тасис ҚИМЭП-ке, атап айтқанда, оның ӘБМ бағдарламасына үздiксiз қолдау көрсетiп келедi. Оның жұмыс iстеген жылдары iшiнде студенттер саны тағы да екi бағдарламаны, Британдық Ноу-Хау Қорының қолдауымен мемлекеттiк басқару магистрi бағдарламасын және ЮСАИД қаржыландыратын экономика магистрi бағдарламасын құру есебiнен өстi. ҚИМЭП ұйымдарын донорлық қолдауға ҚИМЭП-тiң қазiргi мәртебесi орасан зор үлес қосты, өйткенi қазiр бұл институт Орталық Азиядағы бизнес мектептердiң "көшбасшысы" ретiнде қаралады (Тасистiң 1997 жылғы жыл сайынғы есебi).
Қазiргi сәтте, негiзгi үш бағдарлама шетелдiк қаржыландыруға тәуелдi болды және солай қалып отыр, ҚИМЭП-тiң алдында өзiн-өзi қаржыландыруға қол жеткiзудiң күрделi мiндетi тұр. Оған қол жеткiзу үшiн екi ұдай тактика қолданыла бастады: шетелдiк факультеттi бiрте-бiрте оған баламалы жергiлiктi факультетпен ауыстыру және ұйымның шығындарына теңгерiм жасауға жететiн пайда алу. Тасис жергiлiктi факультеттiң дамуына жәрдем жасады, бұл әсiресе соңғы жылдары iлгерiледi. ӘБМ-нiң жергiлiктi факультетi шетелдiк сарапшылардан алынған оқытушыларды бiрте-бiрте жергiлiктiлерге ауыстырады, дегенмен олар әлi зерттеу мен оқу методологиясының қазiргi заманғы дағдыларын толық игерiп болған жоқ (Европалық сарапшылар қазiргi кезде жергiлiктi факультеттi дамытумен айналысып жатыр).
Шетелдiк факультеттi жергiлiктiмен ауыстыруды аяқтау үшiн трейнингке одан әрi инвестиция жасау және жергiлiктi факультеттi оқыту қажет. ҚИМЭП-тегi ӘБМ бағдарламасының мақсаты Европа Бизнес Мектептерiндегi және Университеттерiндегi бұрынғы бiтiру бағдарламаларымен (аспирантуралармен) салыстыруға болатын сапа деңгейiне қол жеткiзу және оны сақтау болып табылатындығын ескеретiн болсақ, ӘБМ-нiң мұндай факультетiн дамыту мен сақтау жобаның басты мiндетi болып табылады.
Тасистiң қосымша ресурстары ҚИМЭП-ке ӘБМ бағдарламасының ұзақ мерзiмдi өмiршеңдiк қабiлетi мен өзiн-өзi қаржыландыруына қол жеткiзе отырып, жергiлiктi факультеттi және ӘБМ әкiмшiлiгiн нығайтуға мүмкiндiк бередi. ҚИМЭП акцияларын ұстаушылардың арасында жобаны жүзеге асырудың соңында, 2002 жылдың жазында өзiн-өзi қаржыландыруға қол жеткiзiлуге тиiс екендiгi туралы пәтуаға қол жеткiзiлдi.
Оның үстiне, Тасистiң көмегi ҚИМЭП ӘБМ-нің Европа Бизнес Мектептерi мен Университеттерiнiң желiсiне тартылуына, бағдарламаға жалпы осылайша кепiлдiк беруге, оның Орталық Азиядағы бизнес мектептерiнiң "көшбасшысы" ретiндегi атауын ақтауына мүмкiндiк бередi.
Жобаның мақсаты:
ҚИМЭП ӘБМ бағдарламасының жалпы мақсаты менеджмент бизнесiнде нарықтық экономиканың одан әрi дамуына тиiмдi ықпал ету үшiн Қазақстан қоғамында негiзгi позицияларға ие болуы тиiс жоғары бiлiмдi кәсiбилердi дайындап шығару болып табылады.
Нақты мақсаттар мыналар болып табылады :
Қазақстан контексiнде сапаның Европалық баламалы сапасына кепiлдiк бере отырып, Тасис әзiрлеген ҚИМЭП-тегi ӘБМ бағдарламасының өздiгiнен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
Жергiлiктi қызметкерлердi ҚИМЭП-те де, сондай-ақ шет елдерде де менторлық жүйенi, топтық оқытуды, Докторантураны (PhD) пайдалануға даярлау.
ӘБМ курстарының сапасын арттыру, ӘБМ студенттерi бiлiмдерiнiң жоғары деңгейiне және дәл ғылымдар саласында ғылыми қызмет пен зерттеулердiң сапасына қол жеткiзу.
ӘБМ бағдарламасын Қазақстан контексiнде Қазақстан бойынша зерделеу мен зерттеулердiң үлгiлерiн енгiзу жолымен әзiрлеу.
Негiзгi компоненттерi:
- ӘБМ бағдарламасын және оқу жоспарын үздiксiз дамыту;
- Халықаралық байланыстарды үздiксiз күшейту;
- Студенттердiң сапасын арттыру;
- Жергiлiктi факультеттi одан әрi дамыту және күшейту;
- Зерттеу қызметiн ынталандыру;
- ӘБМ бағдарламасын тiркеу үшiн сәйкестiкке келтiру;
- Әкiмшiлiктi күшейтуге көмек;
- Табысты қызметке көмек;
- ӘБМ бағдарламасы үшiн бенефициарлық жаңа бағдарламаларды дамытуға көмек, мысалы Бакалавр Б.А.
Жалпы индикативтiк бюджет: 2.3 млн. EBPO
N 5 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Қалалық ауа бассейнiнiң ластануы
(Экология министрлiгiне жәрдемдесу)
Сектор: Құрылымдық және институциональдық реформалар
Жобаның құны: 1.0 млн. ЕВРО
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Негiзгi бенефициар: Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
Жобаның негiздемесi:
Жоба өзiнiң назарын қалалардағы ауаның ластану проблемаларына шоғырландырады. Өйткенi бұл проблема Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi әзiрлеген және ЕҚ Тасис, Дүниежүзiлiк Банк, Австралия мен Италияны қоса алғанда, донорлардың көп тарапты және екi тарапты қолдауымен аяқталған, Үкiметтiң Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-қимылдың ұлттық жоспары (ҚОҚІҰЖ) iс-қимылына сәйкес басымдықтардың бiрi болып саналады.
Автомобиль санының тез өсуi және оларды пайдалану - Қазақстанның тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi нарықтық экономикаға көшу процесiндегi мейлiнше айқын көрiнiстердiң бiрi. Алайда бүгiнгi күнге дейiн жол көлiгiнiң ұдайы өсуi пайдаланылған газдың атмосфераға зиянды тастандыларынан тұрғындардың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк шаралар iлестiре жүргiзiлмедi.
Қалаларда жол көлiгiнiң саны мен ауаның қарқынды ластануының арасында тiкелей арақатынастың бар екендiгi дәлелденген. Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалаларда ауаның ластану себебiнiң 70-90%-ы автомобильдер болып табылады. Елде Алматы қаласының ауа бассейнi мейлiнше ластанған. Соңғы жылдары Алматы қаласының ластану көрсеткiшi 55-ке жақындады. Ауаның ластануы тұрғындардың денсаулығына ұзақ кезеңге тiкелей қауiп туғызады, созылмалы респираторлық аурулардың, рак ауруларының өсуiне, туудың азаюына және жастай өлудiң ұлғаюына алып барады. Статистика Алматы қаласының елде респираторлық аурулардың саны бойынша бiрiншi орын және онкологиялық аурулардың саны бойынша екiншi орын алатындығын көрсетiп отыр.
Автокөлiктiң пайдаланылған газдарды тастандыларының жоғары деңгейi, сондай-ақ iрi қалаларға iргелес жатқан аумақтардың қоршаған ортасына да терiс әсерiн тигiзедi. Қазақ гидрометеорология институты ұсынған деректерге сәйкес атмосфераға тасталынатын көмiрқышқыл газының қазiргi деңгейi кезiнде Қазақстанда мұздықтардың саны 2020 жылға қарай 1/3-ке кемидi және 2050 жылға қарай толық ерiп кетуi мүмкiн. Демек, жүздеген километр аумақтар шөлейттену мен құрғақшылыққа душар болады. Климаттық жылыну, сондай-ақ лас ағындардың ұлғаюына әкелуi мүмкін.
Қазақстан Үкiметi "Қазақстанның көмiртегi бастамашылығы бағдарламасын бекiтiп, жылу газдарының тастандыларын қысқартуға мiндеттеме алды. Бұл үкiметтiк жоба атмосфераға жылу газдарының тастамаларының бiрыңғай ұлттық стратегиясын дамытуды және әрбiр елде атмосфераға жылу тастандыларын қысқартуға арналған квоталарды бөлу жөнiндегi шеңбердi қамтамасыз ететiн Киото Хаттамасын бекiтудi және дайындауды мақсат етiп қояды.
Атмосфераға жылу газдарының тастандыларын қысқарту бойынша ұлттық стратегияны әзiрлеу кезiнде соңғы жылдары екi есе дерлiк өскен автомобильдер паркiнiң қоршаған ортаға әсерiн ескеру қажет. Демек, экологиялық проблемаларды қарауды ұлттық саясатқа енгiзу қажет.
Жобаның негiзгi мақсаттары:
Бәрiн қамтитын мақсаттар:
- Экологиялық қауiпсiздiктi нығайту
- Халықтың денсаулығын нығайту
Ерекше мақсаттары:
- Автокөлiктiң ауаны ластауын қысқарту
- Қалаларда тұрғындардың денсаулығына автокөлiктiң улы тастандыларынан туындаған жағымсыз әсердi азайту
Жобаның мiндеттерi:
- Автокөлiк құралдарының атмосфераға пайдаланылған газдарынан тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерiн көрсететiн ақпаратты зерттеу және жинау;
- Автомобиль паркiнiң, бензиннiң сапасын жақсарту, қалаларда автокөлiк құралдарын басқару, тұрғындардың қоршаған ортаның проблемалары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында қоршаған ортаның проблемалары жөнiнде ұлттық көлiк стратегиясын әзiрлеу және т.с.с.;
- Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiн, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiктi, Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-қимылдың Ұлттық Жоспарын Тұрақты Дамыту орталығын, жергiлiктi өкiметтi қоса алғанда, республикалық семинарда барлық делдалдарға стратегияны ұсыну;
- Алматы қаласында пилоттық жобаны жүзеге асыру, ол назарын мынадай бiр немесе бiрнеше мiндеттерге шоғырландырады:
- Экологиялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiн әзiрлеу (пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың шоғырлануы туралы, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жөнiндегi талаптар және т.с.с.);
- Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жөнiндегi мамандандырылған орталықтар, бензиннiң сапасына бақылау жасау жөнiндегi мамандандырылған зертханалар экологиялық қауiпсiздiк жөнiндегi жол полициясының қалалық басқармасын қоса алғанда, бақылаушы ұйымдар үшiн және тұрғындардың хабардарлығы мен бiлiмдiлiк деңгейiн арттыру үшiн оқытушылар даярлау;
- Бензиннiң сапасын бақылау жөнiндегi зертханаларды, ауаның ластануын бақылау жөнiндегi станцияларды және көлiк құралдарын техникалық тексеру жөнiндегi станцияларды жарақтандыру;
- Автокөлiк құралдарының қаланың мейлiнше ластанған аудандарына кiруiн бақылау жөнiнде ұсынымдар беру;
- Экологиялық қауiпсiз қоғамдық көлiк (мысалы электрмен жүргiзiлетiн қоғамдық көлiк) әзiрлеу жөнiнде ұсынымдар беру;
- Радио мен теледидарда арнаулы экологиялық бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу арқылы қоғамдық хабардарлықты арттыру.
Көзделетiн нәтижелер:
- Жол көлiгi экологиялық қауiпсiздiгiнiң бiрыңғай стратегиясы әзiрленедi;
- Автомобиль паркiнiң тиiмдiлiгi жолға қойылады;
- Қалалық қоғамдық көлiктi басқару жолға қойылады;
- Қалалық көлiктiң айналымын басқару жолға қойылады;
- Экологиялық стратегияны әзiрлеушiлердiң, жергiлiктi өкiмет органдары мен автокөлiк құралдарын пайдаланушылардың арасында экологиялық хабардарлық артады;
- Автокөлiк құралдарының экологиялық қауiпсiздiгi жөнiнде тиiстi заңдар әзiрленедi.
Жалпы индикативтік бюджет: 1 млн. ЕВРО
N 6 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Салықтық басқару реформасы
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгiне ұйымдық жәрдем)
Сектор: Құрылымдық және ұйымдық реформа
Жобаның құны: 2,5 млн. ЕВРО
Жобаның ұзақтығы: 36 ай
Серiктес ұйым: Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Жобаның алғы тарихы және негiздемесi:
ТМД елдерiндегi өтпелi кезеңнiң негiзгi белгiсi - мемлекеттiк бюджетке қатаң және ұзақ уақыт бойы қысым жасау, бұл қаржылық тұрақсыздықтың ұлғаюына алып барады. Бұл белгi, сондай-ақ экономиканың мөлшерiне қатысты бюджеттiң үлкен тапшылығы бар Қазақстанға да тән. Сондықтан мұндай жағдайда кiрiстердi жинау Қазақстан Үкiметiнiң шұғыл алаңдаушылығын туғызады. Шынында да салық жинаудан түсетiн кiрiстердiң үлесi жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) небары 12%-ын, ал бұл ЕҚ елдерiнде - ЖIӨ-нiң 40%-ын, Орталық және Шығыс Европа елдерiнде - 63%, ал Латын Америкасы елдерiнде - 23% құрайды. Салық жинаудан түсетiн кiрiстердi ұлғайту бюджет тапшылығын бақылау себебi бойынша ғана емес, сондай-ақ зейнеткерлер мен мемлекеттiк кәсiпорын жұмысшыларының алдындағы мiндеттемелердi орындау үшiн, медициналық және бiлiм беру мекемелерiн қолдау, қираған инфрақұрылымдарды қалпына келтiру үшiн қаражатты инвестициялау үшiн де маңызды. Кiрiстердiң жиналуынсыз мемлекеттiк және әлеуметтiк мекемелер жүйесi жұмыс iстей алмайды.
Салықтарды жинаудан түсетiн кiрiстер бiрқатар факторларға байланысты шектеулi. Бұл басқарудың төмен деңгейi, салық салу негiзiнiң бұзылуы, баспа-бас айырбастың және кiрiстердi заңсыз жасырып қалудың басқа да нысандарының дамуы. 1995 жылдың маусымында Қазақстан рынокқа бағдарланған жаңа Салық Кодексiн қабылдады, онда салық салу құрылымы жеңiлдетiлдi және салықтық басқару жүйесiн жетiлдiру мен салық жиындарының көрсеткiштерiн жақсарту үшiн заң шеңберiн қамтамасыз еттi. Одан кейiнгi жылдары Салық кодексiне өзгерiстер енгiзiлдi, олардың соңғысы 1997 жылғы желтоқсанда орын алды, оның мақсаты салық төлеушiлердiң мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi шараларды күшейту болды. Алайда, салық жинаудың бүгiнгi деңгейi төмен күйiнде қалып отыр және ол 40%, ал бұл цифр дамыған нарықтық экономикалы елдерде 80-90% аралығында және дамушы елдерде (мысалы, Африка) 60% құрайды. Осы контекстiң шеңберiнде салық-әкiмшілік жүйесiн қайта ұйымдастыру және реформалау бұл күндерi Қазақстан бетпе-бет келiп отырған бiрден-бiр және мейлiнше маңызды бюджеттiк проблема болып табылады. Сондықтан ресурстардың елеулi мөлшерiн кiрiстердi жинаумен айналысатын органдардың ұйымдық, басқару және операциялық қуаттылығы мен құзыреттiлігін ұлғайту үшiн оқытуды және тиiмдi басшылық жасауды қоса алғанда, салық салу процесiн реформалауға пайдалану өте маңызды.
USAID қазiрдiң өзiнде 2001 жылдың аяғына дейiн салықтық реформалау жобасы жөнiндегi қызметтi кеңейту үшiн техникалық көмек ретiнде 4.0 млн. АҚШ доллары сомасына грантты жүзеге асырып отыр. Жоба салық саясатын және қаржыландырудың мемлекетiшiлiк фискальдық тетігін жетiлдiруге жәрдемдеседi.
"Hoy-Xoу" Британ қоры Салық комитетiнiң басқару персоналы мен қызметкерлерi үшiн материалдар ұсынады және оқыту курстарын ұйымдастырады.
Дүниежүзiлiк Банк таяуда Салық жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жобаның жалпы бюджетiнiң 85%-ын қаржыландыруға 17.3 млн. АҚШ доллары сомасындағы заемды бекiттi, оның мақсаты бюджетке салықтарды жинаумен айналысатын республикалық және аймақтық және жергiлiктi дамыту және салық төлеушiлерге қызмет көрсетулерді бақылауды жетiлдiрiлу болып табылады. Заемның шарттары бойынша Қазақстан Үкiметi жобаның қызметiн қоса қаржыландыруға келiсiм бердi және оның үлесi жобаның жалпы бюджетiнiң 15%-ын құрайды.
Тасистiң көзделiп отырған жобасы донорлар қызметiнiң нәтижелерiне құрылатын болады және Дүниежүзiлiк Банктiң Салық Жүйесiн Жетiлдiру жөнiндегi жобасының мiндеттерiн одан әрi орындаумен неғұрлым өзара байланысты болады. Сондай-ақ күш-жiгер басқа донорлармен (мысалы, USAID, "Ноу-Хоу" Британ қоры) тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнде Салықтық басқару саласындағы донорлар қызметiн үйлестiру жөнiндегi комитет құрылатын болады.
Ұйымдық бағалау:
1998 жылғы қыркүйекте салықтарды (оның iшiнде акциздер мен импорттық баждарды) жинау жөнiндегi қызметтi басқару үшiн толық жауапкершiлiк жаңадан құрылған Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне берiлген болатын. Жаңа министрлiктiң құрылымына кiрiстердi жинау жөнiндегi басқа комитеттермен бiрге (мысалы Алкоголь өнiмдерінің өндiрiсi мен айналымын бақылау жөнiндегi комитет) Салық комитетi, Кеден комитетi және Салық полициясы кiредi. Республикалық, қалалық және аудандық деңгейлерде ұйымдастырылған Салық Комитетi негiзгi ұйымдық құрылым болып табылады. 1997 жылғы қазанда, Қаржы министрлiгiне бағынысты болған кезiнде Салық комитетi нарықтық экономика жағдайларындағы салық жүйесiнiң нақты талаптарымен ұштасатын жаңа функцияларды қабылдады, олар салық заңдарының сәйкестiлігіне басшылықты, салық төлеушiлердi бақылауды күшейтудi және салықтарды төлемеген жағдайда шаралар қолдануды қамтыды. Сондықтан қазiр барлық деңгейлерде Салық комитетiнiң функцияларын одан әрi жетiлдiру мен енгiзу өте маңызды. Сондай-ақ Министрлiктiң орталық аппаратының ұйымдық және әкiмшiлiк деңгейiн жетiлдiру және салықтарды жинау бойынша Салық комитетiнiң, Кеденнiң және табыс салығын жинаумен айналысатын бюджеттен тыс қорлардың күш-жiгерiн бiрiктiруге жәрдемдесу қажет.
Салық-әкiмшiлiк жүйесiн толық қайта ұйымдастыруды тежейтiн екi негiзгi фактор бар: 1) бас кеңсенiң мөлшерi және егер халықаралық практикамен салыстыратын болсақ, функцияларды орындауға қатысты персоналдың едәуiр жетiспеушiлiгi; 2) еңбекақының төмен деңгейi, бұл Министрлiктiң жоғары бiлiктi қызметкерлердi iрiктеп алуын, сақтауын және олардың принциптiлігін қамтамасыз етудi шектейдi. Алайда, бұл жерде Әдiлет министрлiгiнiң де бұл мәселелердi шешуде шектеулi екенiн айтуға болады. Бекiту сатысындағы Мемлекеттiк қызмет туралы жаңа заңға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң персоналына қатысты саясат жаңа Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң тiкелей заңдық құқығында.
Мақсаттар:
Жобаның жалпы мақсаты - салық-әкiмшiлiк жүйесi кiрiстерiнiң көрсеткiштерiн жақсарту.
Нақты мақсаттары
- Салық-әкiмшілік органдарының транспаренттілігiн (ашықтығын) және принциптiлiгiн арттыру;
- Салық төлеушiлердiң мiндеттемелерiн орындауларына байланысты шығыстарын қысқарту;
- Қазiргi бар салық ауыртпалығын бұра тартпай бөлу;
- Салықтарды төлеу жөнiндегi берешектердi, кiрiстердi жасыру мен контрабандалық жүктердi азайту.
Сатылар/компоненттер:
Жоба жүзеге асырудың екi сатысына бөлiнген:
1-iнші саты
1.1 Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң орталық аппаратын жетiлдіру
Осы компонентте орталық аппараттың ұйымдық және басқару құрылымын жетiлдiру мақсатында функционалдық құрылымының тұжырымдамасы әзiрленетiн болады.
Негiзгi қызметi:
- Орталық аппаратқа түскен ақпаратты ұйымдық шолу және талдау;
- Орталық аппарат үшiн функционалдық құрылымның жобасын әзiрлеу, ол нарықтық экономика жағдайында кiрiстердi жинау жөнiнде қабылданған халықаралық практикаға сәйкес қажеттi қосымша персоналды және жекелеген бөлiмшелердiң санын анық белгiлейдi;
- Орталық аппараттың жаңа функционалдық бөлiмшелерiн тұжырымдамалармен, методологиямен және оқытумен қамтамасыз ету;
- Басқа мемлекеттiк-әкiмшiлiк органдардың басқару жүйесiне қол жеткiзе отырып, орталық аппараттың деңгейiнде шешiмдердi жоспарлау мен қабылдауға жәрдемдесу үшiн ақпараттық басқару жүйесін әзірлеу және құру.
2-ншi саты
Жобаның 2-ншi сатысы салық комитетi бас кеңсесi персоналының санын баламалы деңгейге дейiн өсiрген жағдайда ғана жүзеге асырылатын болады. Ол мынадай компоненттердi қамтиды:
2.1 Салық комитетi кеңсесiнiң жұмысын жетiлдiру
Салық Комитетi ұйымның функционалдық жүйесiн 1997 жылдың қазанында қабылдады. Осы құрамдас бөлiк бойынша жоба жаңа функционалдық бөлiмшелердi облыстық (қалалық) және аудандық деңгейлерде жүзеге асырылатын салықтарды жинау жөнiндегi қызметтi тиiмдi басқара алатындай тұжырымдамалармен, операциялық рәсiмдермен және құралдармен қамтамасыз етедi. Негiзгi қызметi:
- Бас, облыстық және аудандық кеңселердiң (Салық Комитетi) арасында жұмыстың анық және бiрыңғай бағыты мен бөлiнiсiн қамтамасыз ететiн Нұсқаулық шығару;
- Функцияларды орындау есептiлігінiң, мониторингi мен бағалануының ұлттық стандарттарын шығару (басқару функцияларын орындау үшiн жауапты кеңсе);
- Барлық салық заңдары мен нұсқаулықтарының және iшкi аппеляция стандарттарының ұлттық стандарттарын шығару (жұмыстың заңдық және нормативтiк шеңберiне жауапты кеңсе);
- Заң және нормативтiк жұмыс шеңберлерiне жауапты кеңсенi салық салу жөнiндегi түрлi заңдар мен нұсқаулықтардың орындалуын бақылайтындай, жасырын жолдар мен қайшылықтарын анықтайтындай етiп құру. Бұл мәселелер жөнiндегi шешiмдер елдiң салық заңдарын жетiлдiру үшiн пайдаланылатын болады;
- Бiрыңғай ақпараттық технологияларды жүзеге асыру мен басқарудың ұлттық стандарттарын шығару (ақпараттық технологиялар үшiн жауапты кеңсе);
- Мыналарды шығару: а) экономикалық талдау мен жобалау жоспары; б) жыл сайынғы аудиторлық жоспар; в) аудит пен зерттеу стандарттары; г) аудиторлық стандарттар бойынша техникалық анықтамалық (аудит үшiн жауапты кеңсе);
- Мыналарды шығару: а) берешектердi өтеудiң ұлттық жоспары; б) борыштарды басқару стандарттары; в) мәжбүрлеу шараларын салық саясатымен үйлестiру стандарттары; г) борыштарды жинау жөнiндегi стандарттардың техникалық анықтамалығы (берешектердi басқару үшiн жауапты кеңсе);
- Қоғамдық қатынастар саясаты үшiн жауапты кеңсенi: а) бұқаралық ақпарат құралдарында науқандық жарияланымдарды әзiрлеудi; б) бiлiктi аудит және берешектердi жинау жағдайларын жариялауды; в) баспасөзбен тығыз қатынасты жолға қою; баспасөз релизiн жариялауды тиiмдi жасайтындай етiп құру.
2.2 Облыстық және аудандық деңгейлердe функционалдық бөлiмшелердi енгiзу:
Осы компонент бөлiк бойынша жоба функционалдық құрылымның тұжырымдамасын дамытуды жүзеге асырады және оны енгiзуге жәрдемдесетiн болады. Негiзгi қызметi:
- Салық төлеушiлерге қызмет көрсету, шағым-арыздарды басқару, бухгалтерия, аудит, мәжбүрлеу шаралары мен ақпараттық технология үшiн жекелеген бөлiмшелерге дәл бөлiнетiн функционалдық құрылымды әзiрлеу;
- Қызметтiң негiзгi түрлерi бойынша аудандық және облыстық кеңселерде жүзеге асырылатын процестер мен рәсiмдердiң толық тұжырымдамасын жасау;
- Жаңа құрылымға, процесс пен рәсiмдерге сәйкес басқару және операциялық персонал үшiн лауазымдық мiндеттердiң сипаттамасы;
- Салық инспекторлары мiндеттерiн өз жұмыстарының функцияларына сәйкес жүзеге асыратындай оқыту бағдарламасын дайындау. Аудит саласында анықтамалықтар жасауға, осы персоналды оқытуға көмек көрсетуге ерекше көңiл бөлiнетiн болады;
- Бұрынғы мiндеттерi қазiргiсiнен ерекшеленетiн персоналды сақтауды қоса алғанда, облыстық және аудандық салық кеңселерiнiң персоналының орын ауыстыру бағдарламасын әзiрлеу;
- Жұмыстың жаңа жағдайлары кезiнде облыстық және аудандық салық кеңселерi жұмыстарының нәтижелерiн бағалаудың методологиясын әзiрлеу. Методология бағалау құралдарын және ұйымның функционалдық құрылымын ұдайы жетiлдiрудi қамтуы тиiс.
2.3 Салық жинау жөнiндегi қызметтi бiрiктiру
Осы компонент бойынша жоба Салық комитетiнiң, Кеден комитетiнiң, Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымын бақылау жөнiндегi комитеттiң және табыс салығын жинаумен айналысатын бюджеттен тыс қорлардың салықтарды жинау жөнiндегi күш-жiгердi бiрiктiруге жәрдемдесетiн болады. Салық Комитетi салық декларацияларын толтырудың дәлдiгi жөнiнде ақпарат алуы үшiн, жоба сондай-ақ Әділет министрлiгiнiң және бұған қатысы бар басқа да органдардың электрондық деректерiнiң арасында байланыс орнатады. Негiзгi қызметi:
- Салық комитетiнiң Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп тiркеу деректерiн жаңарту жөнiндегi бiр мезгiлдегi ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыруы және республикалық, облыстық деңгейлерде тiркеу деректерiн құру;
- Салық комитетiнiң тiркеу деректерiн жаңарту жөнiндегi бiр мезгiлдегi бағдарламасын жүзеге асыру және жеке тұлғаларға арналған ұлттық тiркеудi құру;
- Ұлттық тiркеулердi құрғаннан кейiн дереу жеке және заңды тұлғалар үшiн СТН берудiң бiрыңғай жүйесiн шығару немесе қабылдау;
- Электрондық байланыс құру жөнiндегi хаттамаларды Әдiлет министрлiгiмен талқылау және заңды тұлғалар СТН алуы кезiнде заң құжаттарын қайта тiркеудiң және тiгудiң қажеттiлiгiн белгiлеу;
- Жеке тұлғаларды тiркеу маңызды ақпаратқа ие органдармен автоматты байланыс құру жөнiндегi хаттамаларды талқылау;
- Салық органдарына берiлетiн декларациялардың дұрыс жасалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдар арасында автоматты байланыс құру жөнiндегi хаттамаларды талдау;
- Қажет болғанда аудит пен аудит процесi арқылы кiрiстердiң жасырылуын анықтауға мүмкiншiлiк бере отырып, жеке меншiк секторда мәжбүрлеу шараларының жағымсыз әсерiн қысқарту мақсатындағы шараларды бiрiктiру.
Күтiлетiн нәтижелер:
- Нарықтық экономика жағдайында кiрiстердi жинауды тиiмдi жүзеге асыру мақсатында салық-әкiмшiлiк органдарын ұйымдастыру және жабдықтау;
- Салық заңдары тиiмдiлiгiнiң мониторингi, адалдық пен бұра тартпаушылық мақсатында салық-әкiмшілік органдарын жабдықтау;
- Салық төлеушiлерде салықтарды төлеудiң ерiктiлiгiн тәрбиелеу мақсатында салық-әкiмшiлiк органдарын жабдықтау;
- Салықтардың сәйкессiздiгi мен одан жалтаруды анықтауға қабiлеттi және жабдықталған салық-әкiмшiлiк органдары.
Ықтимал мiндеттемелер/тәуекел
- Салық-әкiмшiлiк жүйесiн реформалауды жоғары саяси деңгейде қолдау;
- Салық Комитетiнiң және Мемлекеттік кiрiс министрлiгi Орталық аппаратының бас кеңселерiндегi персоналдың санын өсiру және салық органдарының қызметшiлерi үшін төлем саясатын жетiлдiру;
- USAID жәрдемiмен салық кодексiн, әсiресе ҚҚС-тi тiркеуге, ақша қаражатын қайтаруға, айыппұл және салық арыз-шағымдары жүйесін жетiлдiру;
- Дүниежүзiлiк Банктiң схемасы бойынша және жәрдемiмен ақпараттық технологияларды әзiрлеу;
- Дүниежүзiлік Банктiң схемасы бойынша және жәрдемiмен бағдарламаны жүзеге асыру және оның жұмыс iстеуi жөніндегi бөлiмшенi құру;
- Мемлекеттiк кiрiс министрлігінiң Салық әкiмшiлiгi саласындағы барлық донорлардың қызметін үйлестiру жөнiндегі комитет құру.
ЕҚ бюджетiн бөлу:
1-інші саты - 0,5 млн. ЕВРО
2-ншi саты - 2.0 млн. ЕВРО
Барлығы 2.5 млн. ЕВРО
N 7 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Интеграцияланған ауыл шаруашылығы маркетингiн
қолдау
(Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау)
Сектор: Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы
өнеркәсiбi
Жобаның құны: 2.0 млн. EBPO
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Түпкi алушы: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгi
Алдыңғы тарихы және негiздеме:
Азық-түлiк бөлудiң Қазақстандағы мемлекеттiк жүйесi қазiр бұзылды, және сол бiр мезгiлде жаңа маркетингтiк жүйе дами бастағанымен, жалпы ахуал әлi күрделi болып қалуда. Жүйе, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы рыногының нақты алғанда жоқ инфрақұрылымы жедел жақсартуды қажет етедi. Көптеген жеке фермерлер өздерiнің өнiмдерiн өткiзу кезiнде қиыншылықтарға кездесiп отыр және тиiсiнше өздерiнiң күш-жiгерлерiнiң пайдасын аз көредi. Өндiрiстiң және өндiрiс құралдарының нарықтық жүйесi саласында баламалы саясат болмай, фермерлiк қайта құрылымдаудың талпынысы тәуекелге душар болуы мүмкiн.
Азық-түлiк бөлу жүйесiнде кейбiр оң өзгерiстер болды. Қазiргi кезде Алматыда пилоттық көтерме рынок құрылды. Ақтөбе, Қарағанды және Талдықорғанды қоса алғанда, басқа қалалар көтерме рыноктарды дамытуда Тасис Жобасы тарапынан қолдау туралы өтiнiш жасады, сөйтiп көтерме рыноктардың желiсiн ашуға ниет бiлдiруде. Бұл жоба сондай-ақ олар маркетингте дұрыс шешiмдер қабылдауы және жаңа нарықтық құрылымдарды тиiмдi пайдалана алуы үшiн фермерлерге көрсетiлетiн ақпараттық қызметтi дамытады. Алайда жеке өндiрушiлердi осы рыноктармен байланыстыратын ауыл шаруашылығы рыногының құрылымын құру күрделi болып табылады. Жинақталған тәжiрибе ауыл шаруашылығы рыногының түрлi түрлi нысандарын дамытудың алғышарты қалаларда көтерме рыноктар құру болып табылатындығын көрсетедi.
Жобаның мақсаттары:
Таңдап алынған облыстардың әрқайсысында түрлi тәсiлдер әзiрлеу қажет болады, олардың арасында мынаны қамтиды:
- Қажет болғанда, өндiрiс құралдарын жеткiзудi қоса алғанда, жинау рыногын құру;
- Рыноктың ұлттық жүйемен байланысты жергiлiктi ақпараттық жүйелерiн дамыту;
- Фермерлiк топтар мен кооперативтердi күшейту;
- Тиiмдi бәсекелестiктi қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығына маманданатын кәсiпкерлер құруды көтермелеу.
Бұл тәсiлдер түрлi тұтыну заттары, сондай-ақ институционалдық және функционалдық аспектiлер жағдайында бағалануы тиiс, атап айтқанда:
- Тұтыну заты - рынокта әрбiр өнiмге сұраныс пен ұсыныс жағдайын ескере отырып;
- Институциональдық аспектiлер - тиiстi ұйымдық немесе бизнес құрылымдар және қолдаудың қажеттi қызметтерiн құру (мысалы, қаржы);
- Функционалдық аспектiлер - маркетингтегi түрлi функцияларды ескере отырып
Жоба мынадай екi сатыда жүргiзiлуi тиiс:
Бiрiншi саты - стратегиялық жоспарлау сатысы - Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен нысаналы облыстардың шеңберiнде құруға шоғырландырылатын болады. Бiрiншi сатының барысында жергiлiктi мұқтаждықтар, қазiргi нарықтық жүйенiң күштi және осал жақтары бағаланады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы рыногының жалпы стратегиясы контексiнде жоба құратын жаңа маркетингтiк құрылымдар айқындалатын болады.
Екiншi саты - жүзеге асыру сатысы - әрбiр нысаналы облыс үшiн ұсынылып отырған стратегияны қабылдайды.
Жалпы индикативтiк бюджет: 2.0 млн. ЕВРО
N 8 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Қазақстан Республикасында транзиттiк дәлiздердi
дамыту саясатын қолдау
(Транзиттiк дәлiздер саясатын әзiрлеу)
Сектор: Инфрақұрылымды дамыту
Жобаның құны: 2.0 млн. ЕВРО
Жобаның ұзақтығы: 18 ай
Түпкi алушы: Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
Алғы тарихы:
Қазақстан Республикасы экономикасының өзiндiк ерекшелiктi сипаты жүк көлiгiн генерациялау мен тарту орталықтарының кең дисперсиясы болып табылады. Өндiрумен, қара және түстi металлургиямен, өңдеумен, жылу энергиясын өндiрумен, астықты өңдеумен айналысатын негiзгi өнеркәсiп объектiлерi Қазақстан аумағының бүкiл өне бойына орналасқан, сондықтан оларда алмастыру, шикiзат пен жартылай фабрикаттың экспорты мен импорты алыс қашықтыққа тасымалдауды қажет ететiн орасан мол жүктi құрайды. Мұндай жағдайда көлiк өнеркәсiп пен ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлiгiне айналады.
Мұның үстiне Қазақстанның көлiк жүйесiн зерделеу мен көлiк саясатын қалыптастыру кезiнде оның Азия континентiнiң орталығында географиялық орналасуын ескеру қажет. Қазақстан көптеген Еуразия мемлекеттерiнiң трансконтиненттiк және аймақаралық көлiктiк байланыстары үшiн айналып өте алмайтын транзиттiк ел болып табылады.
Негiздеме:
Республиканың негiзгi көлiк дәлiздерi бойынша халықаралық және мемлекетiшілік қатынаста көлiк жүктерi мен жолаушылар ағындарының тұрақты мониторингiн жүргiзу Қазақстанның және көршiлес мемлекеттердiң жекелеген аймақтарындағы өнеркәсiптiң дамуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық дәлiздерiнiң қалыптасу схемасын түзетудi жүзеге асыруға, сондай-ақ жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың талап етiлетiн мерзiмдерiн қамтамасыз ету жолында тұрған табиғи және табиғи емес кедергiлердi анықтауға мүмкiндiк бередi. Осы кедергiлердi жоятын, бiздiң аумағымыз бойынша транзиттiктердi қоса алғанда, сауда ағындарын өсiруге мүмкiндiк беретiн жолдар мен құралдарды табу қажет. Бұл контексте "Транзит туралы" заңның жобасы Қазақстан Республикасы үшiн қызмет көрсетудiң тарифтерi мен сапасы, Қазақстан Республикасындағы көлiк дәлiздерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға ықпалы секiлдi қазiргi бар рәсiмдер мен практикаларды ұтымды етуге үлес қосады. Қазiргi уақытта көлiк-коммуникация саласында клиенттер үшiн мынадай екi маңызды қағидат бар:
- Жеткiзу уақыты
- Олардың қауiпсiздiгiн қоса алғанда, тасымалдау кезiндегi жөнелтудiң тұрған жерi мен шарттары жөнiнде ақпарат.
Сондықтан бiз тасымалдаулар бойынша ақпаратты орталықтандырылған жинау мен өңдеудi құру арқылы жүктiң жылжуын жақсартуымыз қажет. Бұл тағы да жүйелi мониторингтiң пайдалылығын дәлелдейдi.
Көлiк операцияларының тиiмдiлігі мен Республиканың әлеуетiн толық пайдалану жобадан жаңа ортада тарифтердi қайта қарауды және белгiлеудi талап етедi. Тарифтер тек транзиттiк көлiк қызметiн көрсетулерiнiң нақты өзiндiк құнын өтеуi ғана емес, сондай-ақ олардың сапасын арттыруды ынталандыруы тиiс. Тарифтiк жүйе түрлi аймақтық шығындарға байланысты түрлi тарифтер белгiлеуi тиiс. Жүк көлiгiнiң сапасы жеткiзудiң жылдамдығымен және тауарлардың келген кездегi жақсы жағдайымен айқындалады. Сондай-ақ жолаушылардың тiлегi жылдамдық пен жақсы жағдайлар болып табылады. Бұл қағидаттар тарифтiк жүйенiң егжей-тегжейлi құрамдас бөлiктерiн мұқият зерделеу мен толық талдауды бiлдiредi.
Көлiк инфрақұрылымын дамытуға капиталды инвестициялаудың көпшiлiк жағдайда пайданың төмен деңгейiн әкелетiндiгi, бұл саланы инвестициялаудың шетелдiк және жеке меншiк капитал үшiн тартымды еместiгi, мұның көлiк желiсiн тиiсiнше дамытпауға және орнықтырмауға әкелетiндiгi белгiлi, сондықтан қоғамда тасымалдау толық емес қажеттi көлемде жүзеге асырылады. Демек, инвестициялар тарту үшiн және көлiк кәсiпорындарына бiрте-бiрте өзiн-өзi қаржыландыруға мүмкiндiк беру үшiн әдiл салық саясаты әзiрленуi және қолданылуы тиiс.
Қазiргi бар жолдарды қалпына келтiру, қайта жаңарту немесе ұқсастарын пайдалану және жаңаларын салу секiлдi қарқынды күрделi салымды талап ететiн мұндай шаралар сөзсiз шетелдiк инвестициялауды талап етедi және бұл өз кезегiнде толық техникалық-экономикалық негiздеме негiзiнде жұмылдырылуы мүмкiн.
ТРАСЕКА бағдарламасы республиканың транзиттiк әлеуетiн iске асыру жөнiнде техникалық көмек беруге жәрдемдеседi, бiрақ шын мәнiнде, жалпы әлеуеттiң 2/3 жуығы ТРАСЕКА бағдарламасының ықпал ету аймағынан тыс қалып отыр.
Келесi маңызды фактор Қазақстан Республикасы заңдарының рәсiмiн оңайлататындай етiп, бұл ретте кеден органдарына өздерiнiң бақылау және кiрiстер алу мiндеттерiне залал келтiрмей қайта қарау болып табылады.
Жобаның мақсаты:
Жобаның жалпы мақсаты Қазақстан Республикасы дәлiздерiнiң бәсекелестiк қабiлетін арттыру болып табылады, ол мыналарды көздейдi:
- Жүк және жолаушы тасымалдауларына арналған шығындарды қысқарту;
- Осы тасымалдаулардың жылдамдығын арттыру;
- Жүйелi мониторинг жүргiзу;
- Статистиканы орталықтандырылған жинау және өңдеу жолымен көлiк қызметiн көрсетудiң сапасын арттыру мен жақсартуды қолдау.
Мiндеттерi:
- Қазақстан Республикасы үшiн "Транзит туралы модельдiк заң әзiрлеу жолымен көлiк жөнiндегi ұлттық базаны қайта қарау;
- Көлiк секторындағы тарифтiк және көлiктiк рәсiмдердi жақсарту жөнiндегi ұсынымдар;
- Кеден рәсiмдерiн Қазақстан аумағы арқылы транзиттiк тасқындарды көбiрек тартатындай етiп оңайлату жөнiндегi ұсынымдар;
- Тасымалдаулар жөнiндегi деректердi орталықтандырылған жинау мен өңдеудiң құрылуын және толық әрi ақиқат ақпараттың уақтылы таратылуын көздейтiн көлiк дәлiздерi жылдамдығының параметрлерiн қоса алғанда, көлiк есебiн жүргiзудiң сапасын жақсарту жөнiндегi шаралар;
- Қазiргi, атап айтқанда, транзитке, импорттық және экспорттық операцияларға жататын жолаушылар және жүк тасқындарын зерттеу, Қазақстанның өнеркәсiптiк және мұнай-газ өндiрiсiнiң күтiлiп отырған дамуына сәйкес көлiктiк болжауды дайындау;
- Негiзгi жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн дайындау, ол транзиттiк мүмкiндiктi жақсартады;
- Барлық осы мiндеттерде интермодальдi және құрастырмалы көлiктiк практиканың дамуын есепке алу.
Жалпы индикативтiк бюджет: 2.0 млн. ЕBPO
N 9 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Қазақстан Республикасының мұнай өндiру секторы
мен мұнайды тасымалдау секторын қолдау
(ҚазақОйл компаниясын қолдау)
Сектор: Энергетика
Жобаның құны: 2.0 млн. ЕВРО
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Негiзгi бенефициар: Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi
Алғы тарихы және негiздеме:
Қазақстан Республикасының "ҚазақОйл" ұлттық мұнай-газ компаниясы 1997 жылы құрылды және шетелдер қатысатын кәсiпорындарды қоса алғанда, Қазақстанның мұнай және газ секторындағы 20-ға жуық кәсiпорында үлестiк қатысуға ие. Бұған "Маңғыстау мұнайгаз" АҚ (акцияларының 25%-ы ҚазақОйлға тиесілі), "Ақтөбемұнайгаз" АҚ (акцияларының 20%-ы ҚазақОйлға тиесiлi), "Өзенмұнайгаз" АҚ (акцияларының 85%-ы ҚазақОйлға тиесiлi), "Ембiмұнайгаз" АҚ (акцияларының 85%-ы ҚазақОйлға тиесiлi), "Теңiзмұнайгаз" АҚ (акцияларының 85%-ы ҚазақОйлға тиесiлi), және "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорны (акцияларының 20%-ы ҚазақОйлға тиесiлi) кiредi. ҚазақОйл акцияларының үлесiне ие компаниялардың мұнай өндiру көлемi 1997 жылы мұнайдың 28 млн. тонна жалпы санының 24 млн. тоннадан астамы тидi.
ҚазақОйл бұл компанияларда мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және Қазақстан Республикасының атынан мұнай мен газды барлауға, өндiру мен қайта өңдеуге келiсiм жасаса алады.
"ҚазТрансОйл" компаниясы мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау секторында елдiң мүддесiн бiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнің N 461 қаулысымен 1997 жылғы сәуiрде құрылды. Компанияның басқаруында 6,300 км шамасында негiзгi арналы құбырлар және 3,400 км су құбырлары бар (олардың iшiндегi ең маңыздылары алып Өзен кен орнын қоса алғанда, Маңғыстау облысының кен орындарына Волгадан су берудi қамтамасыз етедi).
ҚазтрансОйл бұдан басқа халықаралық құбыр жобаларында Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi.
Энергетика саласындағы жалпы реттеу Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне жүктелген. Барлау жұмыстары және мұнай мен газ өндiрудi лицензиялауға жауапты Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi болып табылады.
Негiзгі мiндеттерi:
1997 жылы Қазақстанның мұнай-газ секторына қайта құрылымдау жүргiзiлдi. Мұнда Қазақойлға ұлттық мұнай-газ компаниясының дәстүрлi рөлi жүктелдi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнен басқа ҚазақОйл мұнай-газ секторында мониторинг ұйымдастыруда компанияны қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған 1996 Тасис жобасының алушысы болып табылады; ол мемлекеттiк органдарға мұнай-газ компаниялары-операторлары алған деректердi сақтауға және сұратуға мүмкiндiк беретiн деректердiң пилоттық базасын құруды қамтиды, сондай-ақ оның құрамдас бөлiктерiнiң бiрi компанияның жобаларды дамытудағы қабiлетiн күшейту болып табылады; және бұдан басқа бұрғылаудың алдыңғы қатарлы технологияларына оқытуды қамтиды.
Жаңадан ұсынылып отырған жоба мемлекеттiк құрылымдардың бақылаушылар рөлiндегi мүмкiндiктерiн одан әрi күшейтуге және сондай-ақ мұнай мен мұнай өнiмдерінің сапасын тәуелсiз бақылау және оларды сертификаттау, теңiз операцияларын жүргiзу кезiнде қоршаған ортаның қауiпсiздiгi мен оны қорғау мәселелерiнде жәрдемдесу сияқты мұнай-газ секторын дамыту үшiн шешушi маңызы бар кейбiр басқа да мәселелерге бағытталатын болады.
Жер бетiндегi құбыр желiлерi үшiн қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне осы секiлдi жәрдемдесу "ҚазТрансОйл" компаниясына оның дамуына және халықаралық деңгейде құбыр желiлерiнiң компания-операторы ретiнде тануда қолдау көрсетедi.
Сөйтiп, негiзгi мiндеттер мыналар болып табылады:
- Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне және/немесе "ҚазақОйл" ұлттық мұнай компаниясына олардың реттеушi және/немесе бақылаушы рөлiне одан әрi жәрдемдесу;
- Мұнай және мұнай өнiмдерiн сертификаттаудың тәуелсiз жүйесiн құру;
- Теңiз операциялары үшiн қауiпсiздiк пен тәуелсiз орта мәселелерiне жәрдемдесу;
- "ҚазТрансОйл" компаниясына құбыр желiлерінiң операторлары үшiн қауiпсiздiк пен қоршаған орта мәселелерiне жәрдемдесу.
Негiзгi компоненттер:
Негiзгi компоненттер мыналарды қамтиды:
"ҚазақОйл" ҰМК және/немесе Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне олардың реттеушi және/немесе бақылаушы рөлiне одан әрi жәрдемдесу:
- Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне газ секторындағы заңдар мен энергетика саласындағы салық салу режимiнiң мәселелерiнде жәрдемдесу;
- "ҚазақОйл" ҰМК-на халықаралық есеп жүйесiн, ақпараттық басқару жүйесiн және басқа да басқару құралдарын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- Әлiбекмола, Қожасай және Өрiктау кен орындарын игерудi техникалық-экономикалық негiздеудiң нұсқаларын әзiрлеу және материалдар жинау.
Мұнай мен мұнай өнiмдерiн сертификаттаудың тәуелсiз жүйесiн құру:
- Мұнай мен мұнай өнiмдерiн сертификаттаудың тәуелсiз жүйесi үшiн стандарттар әзiрлеу;
- Мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң сапасын талдау мен сертификаттау үшiн Атырау қаласында жұмыс iстеп тұрған ұйымның жанынан пилоттық зертхана құру;
- Сапаны және мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң сапасын сертификаттау жөнiндегi басқа да iлеспе мәселелердi қамтамасыз ету бойынша оқыту бағдарламасы (жүргiзу орны - Атырау қаласы);
Теңiз операциялары үшiн қауiпсiздiк пен қоршаған орта мәселелерiне жәрдемдесу:
- Теңiз операциялары кезiнде қауiпсiздiк пен қоршаған ортаның жалпыға бiрдей стандарттары мен рәсiмдерiн әзiрлеу;
- Теңiзде белгiлi бiр қазақстандық компания-оператор үшiн теңiз операциялары кезiнде қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғаудың стандарттары мен рәсiмдерiн әзiрлеу;
- Теңiз операциялары кезiнде қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғаудың стандарттары мен рәсiмдерi бойынша оқыту бағдарламасы (оқыту орны - Ақтау қаласы).
"ҚазТрансОйл" компаниясына құбыр желiлерiнiң операторлары үшiн қауiпсiздiк және қоршаған орта мәселелерiнде жәрдемдесу:
- Ескертпелi техникалық қызмет көрсету жүйесi секiлдi мәселелердi қоса алғанда, құбыр желiлерiнiң операторлары үшiн қауiпсiздiк пен қоршаған ортаның жалпыға бiрдей стандарттары мен рәсiмдерiн әзiрлеу;
- "ҚазТрансОйл" компаниясы операция жүргiзетiн, ескертпелi техникалық қызмет көрсету, құбыр желiсiнiң мониторингi жүйелерi және модельдеу жyйелерi секiлдi мәселелер, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi, мониторингi және авариялық жағдайлар кезiндегi iс-әрекет мәселелерi көрсетiлетiн құбыр желiсiнiң шағын секциясы үшін мониторингтің пилоттық жүйесін құру;
- ҚазТрансОйлдың барлық операциялары сияқты осындай жүйенi бөлу бойынша бизнес-жоспар дайындау үшiн материал жинау;
- Құбыр желiлерiнiң операторлары үшiн техникалық қызмет көрсету рәсiмдерi, қауiпсiздiк пен қоршаған ортаның стандарттары мен рәсiмдерi бойынша оқыту бағдарламасы (оқыту орны - Ақтау қаласы).
Оқыту бағдарламасы бұрын Тасистiң жәрдемiмен негiзi қаланған Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығымен бiрлесiп жүргiзiлуi тиiс.
Осы жоба бойынша iс-шаралар Ақтау қаласында жергiлiктi деңгейде алушы ретiнде iс-қимыл жасайтын тиiстi құрылымды құрумен байланысты болады. Осындай құрылымның құрылуына жауапкершiлiк қазақстандық уәкiлеттi органдарға жүктеледi.
Жалпы индикативтiк бюджет: 2.0 млн. ЕВРО
Сарапшылар 1.5 млн. EBPO
Жабдықтар 0,3 млн. EBPO
Басқалары 0,2 млн. EBPO
Барлығы 2.0 млн. EBPO
ЕВРОПА ҚОҒАМДАСТЫҒЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘРДЕМДЕСУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ІС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ 1999 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
үшін 1999 жылға арналған
ІС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Анықтама
Атауы: Қазақстан үшiн 1999 жылға арналған Тасис
iс-қимыл бағдарламасы
Құны: 16.65 млн. Евро
ЕО үлесi: 16.65 млн. Евро
Ұзақтығы: 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн
Бюджет жолы: B7-520
Бағдарламаның
үйлестiрушiсi: Даниель Гиядер (DG1А-C4)
Жобаны енгiзу: Свен Кьелстром (SCR-A3) бөлiмi
2. Бағдарламаны қысқаша мазмұндау
Қазақстан Республикасы үшiн Техникалық жәрдемдесу жөнiндегi Іс-қимыл бағдарламасы (IБ) экономиканың негiзгi секторларындағы бiрқатар iс-қимылдарды бiрiктiредi, атап айтқанда: Құрылымдық және Институциональдық Реформа, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсiп, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту; кейбiреулерi қордан шағын жобалар бағдарламалары бойынша бөлiнедi, олар "Шығындар сметасы және қаржыландыру" 10-тармағындағы қаржылық ұсыныста толық жазылған. Ұлттық, сондай-ақ аймақтық деңгейлерде жүзеге асыруға жататын осы iс-қимылдардың мақсаты ортақ - Қазақстанға оның демократиялық қатынастарға және нарықтық экономикаға көшу кезеңiнде қолдау көрсету. Бұл қадамдар Қазақстанның билiк орындары мен Тасис Басқарушы комитетi арасында келiсiлген, 1996-1999 жылдарға арналған Индикативтiк бағдарлама шеңберiнде жасалатын болады. Олар алдындағы 1997 жылға арналған Іс-қимыл бағдарламасын жалғастырады және кеңейтедi.
Бағдарлама 16.65, миллион Евро мөлшерiнде EO гранттарының есебiнен қаржыландырылатын болады; 7.35 миллион Қазақстанның шағын жобалар бағдарламасына, сондай-ақ АТА бағдарламасына қатысуына бөлiнетiн болады. EO қаржыландыратын және Қазақстан үшiн мүдделiлiк танытатын басқа iс-қимылдар мемлекетаралық бағдарлама арқылы, қорлармен жеке қамтамасыз етiлетiн болады.
3. Елдегi ахуал
3.1 Саяси даму
Қазақстанға Орталық Азияда, және де көбiрек дәрежеде ТМД елдерiнiң арасында нарықтық реформаларды жүргiзу саласындағы өзiнiң көшбасшылық жағдайын сақтап қалудың сәтi түстi. Халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сүйене отырып, Үкiмет түбегейлi реформалауды басынан кештi, мемлекеттiк комитеттер тәрiздi, министрлiктердiң де саны қысқартылды. Президент өзiне тiкелей бағынысты бiрнеше ықпалды агенттiктер құру арқылы өз билiгiн нығайтты: Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк (СЖжРА), кейiнiрек Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк (MҚA). 1998 жылдың басында Президент Назарбаев Ұлттық Банктiң бұрынғы Төрағасы Жандосов мырзаны Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары қызметiне тағайындады. Мұнай және газ министрлiгi Қазақойл мемлекеттiк компаниясы болып қайта құрылды, ол мұнай-газ операцияларының мемлекеттiк үлесiн басқарады. 1998 жылғы қыркүйекте Қаржы министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк салық комитетi таратылып, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi құрылды.
Қазақстан тәуелсiздiгiн алған кезiнен бастап оның демократиялық институттарын топтастыру саласында iлгерiлеушiлiкке қол жеткiзiлдi. Парламент, әсiресе оның төменгi палатасы Мәжiлiс қазiргi заманғы нарықтық экономика үшiн заңнамалық инфрақұрылым қалыптастыруға көп еңбек сiңiрдi, ал теңге қазiр толығымен еркiн айырбасталымды валюта. Неғұрлым маңызды жаңа заңдардың бiрi 1996 жылдың желтоқсанында қабылданған Валюталық реттеу жөнiндегi ереже болып табылады, ол соңғы кезеңдi аяқтады әрi шетел валютасымен және ресей рублiмен халықаралық мәмiлелер жасасуға мүмкiндiк бердi.
Зейнетақы реформасын жүргiзу жалғасуда, бiлiм беру және денсаулық сақтау секторларымен байланысты мәселелердi, сондай-ақ жаңа азаматтық кодекстi талқылау процесі жүруде.
Үкiметтiң және үкiметтiк емес ұйымдардың ынтымақтастығы сияқты мұнда да оң iлгерiлеушiлiктер болғанмен, бұрынғыша, Қазақстан үшiн адам құқығы туралы мәселе шетiн мәселе болып қалып отыр. Алайда осы уақытқа дейiн оларды жүзеге асыруда кемшiлiктер орын алып отыр, ресми рұқсатсыз өткiзiлетiн саяси митингiлер елеулi дәрежеде қуғындалуда, кәсiптiк одақтар, үкiметтiк емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары (олар өкiметтiң немесе тiкелей президенттiң отбасы немесе оның достарының партиясының меншiгi болып табылмаған кезде) үкiметтiң, салық полициясы мен қауiпсiздiк органдары тарапынан тұрақты қысымға ұшырап отырады.
Өлiм жазасына кесу үкiмi жойылмаса да, оны қолдану аясы қысқарды, ал соңғы жылдары шығарылатын өлiм жазасына кесу үкiмдерiнiң саны қысқарды.
Халықтың көпшiлiгiнiң әлеуметтiк жағдайы ауыр күйде қалып отыр; кедейлiк тұзағы соңғы жылы ең төменгi тұтыну себетiнiң деңгейiнен төмен тұрған табыс жағдайында тереңдей түстi. Еңбекақы төлеудiң көп кешiктiрiлуi проблеманы шиелендiре түсуде. Экономикадағы, әсiресе өндiрiстiк сектордағы тоқыраудың Қазақстаннан қоныс аудару процесiне тiкелей әсерi бар. 1997 жылы елден көшiп кетудi таңдайтын адамдардың саны шамалы азайды, алайда 1998 жылы ол қайтадан көбейдi, сөйтiп Қазақстаннан тағы да 25000 адам қоныс аударды.
1998 жылдың негiзгi саяси оқиғасы Астана қаласының мемлекеттiң жаңа астанасы ретiндегi ресми тұсаукесерi болып табылады. Инфрақұрылымды: үкiмет ғимараттарын, мейманханалар мен әуежайды салуға орасан зор инвестициялар бағытталды.
3.2 Макроэкономикалық даму
1991 жылы тәуелсiздiк алған сәтiнен бастап Қазақстан барлық жаңа тәуелсiз мемлекеттер үшiн қиындықтарға тап болды.
Қазақстан үкiметi 1992 жылы нарықтық экономикаға бағытталған реформалар процесiн бастады: бiрте-бiрте жылжу тәсiлi елде әлеуметтiк және ұлттық тұрақтылықты сақтау мақсатында, сондай-ақ әлеуметтiк жiктелудi болдырмау үшiн таңдалды. Құрылымдық қайта құрулар осындай эволюциялық тәсiлдiң себебiнен баяу басталып жатқанда, реформалық iс-қимылдар үкiмет макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасын қабылдаған 1993 жылдан бастап айтарлықтай күшейе түстi.
Тұрақтанудың алғашқы белгiлерi 1995 жылы бiршама қатаң монетарлық және фискальдық саясат енгiзiлгеннен кейiн инфляция деңгейi едәуiр төмендеген кезде байқала бастады.
1996 жылдың екiншi жартысында ел тарихында тұңғыш рет өсу қайта қылаң бердi.
Оңтүстiк-Шығыс Азиядағы және Ресейдегi қаржы дағдарыстарына қатысты таяуда шетелдi шарпып өткен есеңгiреу толқындары, сондай-ақ мұнай мен металдарға әлемдiк бағалардың құлдырауы қазақ экономикасына 1998 жылдың екiншi жартысында терiс әсерiн тигiздi. Макроэкономикалық нәтижелерге шолу жүргiзгеннен кейiн инфляция деңгейi 2,8%, ал жалпы ұлттық өнiмнiң (ЖҰӨ) құлдырауы - 2,5% құрады. 1996 жылы салық жинаудың қиындықтарына қарамастан, қазақ өкiмет органдары Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) келiсiлген ЖҰӨ-нiң 2,8% құрайтын бюджет тапшылығының белгiленген деңгейiне шықты. 1997 жылы үкiмет төленбеген зейнетақылар мен еңбекақылардың мөлшерiн жедел едәуiр азайту қажеттiгiмен бетпе-бет келдi де, бюджет тапшылығын ХВҚ келiсiмiмен оны ЖҰӨ-нiң 4,2% деңгейiне дейiн жеткiзе отырып, ұлғайтуға мәжбүр болды.
Ұлттық Банктiң инфляцияға қарсы тәсiлi қазақ теңгесiнiң сыртқы құндылығын тұрақтандыруға жәрдемдестi және пайыздық ставкаларды төмендеттi. Айырбас бағамы, 1997 жылы 1%-дан төмен өзгермелiлiгi мен нақ сол кезеңде Теңгенiң iс жүзiндегi айырбас құндылығының iлесе артуы жағдайында, соңғы екi жылда атаулы есебiнде тұрақты болды.
1998 жылы валюта резервтерiнiң деңгейi көршi Ресейдегi қаржы дағдарысына қарамастан, шамамен алғанда 1,9 млрд. АҚШ долларын құрай отырып, тұрақты қалыпта болды.
Ал валютаға келсек, Үкiмет пен Ұлттық Банк құнсыздану болмайды деп сендiрген мәлiмдемелер жасады, мұның негiзгi дәлелi шетел валютасы мен алтын түрiнде мол резервтердiң сақталу фактiсi болып табылды. Теңгенi қорғау үшiн Ұлттық банк таяуда қайта қаржыландыру ставкасын 18,5%-дан 25%-ға дейiн көтердi.
Осындай оптимистiк ресми болжамдарға қарамастан шетелдiк инвесторлар сақтық танытып отыр. Ресей Қазақстанның негiзгi сауда серiктесi болып табылады; рубльмен жасалған операциялар елдiң шетелдiк сауда айналымының тек қана 7%-ын құраса да, көлемдерi бойынша Ресей Қазақстанның күллi экспортының 30%-дан астамын және оның импортының 42,5%-ын құрады. Қазақстан мен Ресей банктерiнiң арасындағы байланыс өте күштi. Ресми статистикалық деректерге қарағанда шамамен 80 қазақ банктерiнiң Ресейдегi инвестицияларының көлемi жиынтығында 600 миллион Теңге (7 миллион Евро) құрайды.
Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) кiруi жөнiндегi өтiнiшi ойдағыдай iлгерiлеуде, алайда егер ол белгiленген мақсатқа жетудi және 1999 жылдың iшiнде қабылдануды қаласа, одан әрi прогресс талап етiледi.
Ресейдегi экономикалық дағдарыс 1998 жылдың неғұрлым күрделi оқиғасы болып табылды. Дағдарыс Ресей экономикасын ғана қатты керi ысырып қоймай, сол сияқты Орталық Азия республикаларына да терiс әсерiн тигiздi. Дағдарыс негiзiнен өзiнiң зардаптары арқылы тауарлармен сауда-саттық көлемiне және құнына, шетелдiк инвестициялар ағынына, айырбас бағамының тұрақтылығына, сондай-ақ сыртқы қарызды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерге әсерiн тигiздi әрi әсерiн тигiзе бермек. Бұл зардаптардың бүкiл Орта Азия елдерiнде елеулi әлеуметтiк-экономикалық мәнi болады. Қысқа мерзiмдi тұрғыда экономикалық өсу әлсiрейдi, тұрақтандыру процесiне қатер туындайды, құрылымдық реформаларға бағытталған күш-жiгер тежеледi, ал халықтың тұрмыс жағдайларына терiс әсерiн тигiзедi.
1998 жылдың бiрiншi жартысында Қазақстан өз саудасының үштен бiрiнен астамын Ресеймен жүзеге асырды. Ресей дағдарысының Қазақстанға әсерi сауданың төмендеуiнен мейлiнше сезiлдi. Қазақстан елде жеткiлiктi түрде өндiрiлетiн Ресей азық-түлiк тауарларының көпшiлiгiн импорттауға уақытша тыйым салды. Қазақстанның ерекше проблемасы өз үлесiне тиген аралас нәтижеге келiп саяды: ресейлiк дағдарыс пен мұнайға ағымдағы бағалардың төмендiгi, өйткенi мұнайдан түсетiн табыс мемлекеттiң бүкiл кiрiсiнiң басым бөлiгiн құрайды.
3.3 Реформалардағы iлгерiлеу
Реформалау процесi әлi өзiнiң аяқталуынан мүлде алыс. Тәуелсiздiкке ие болғаннан кейiн қолға алынған экономикалық реформалаудың негiзгi шаралары бағалардың көпшiлiгiн ырықтандыруға, сондай-ақ iшкi саудаға ерiк беруге келiп тiрелдi. Қалған реформалар соңғы жылдары баяу жылжуда: жердi жекешелендiру ендi ғана басталды, ал жаппай жекешелендiру бағдарламасы, сондай-ақ шағын кәсiпорындарды жекешелендiру 1995 жылы аяқталуға таяу болса да, экономиканың кейбiр секторлары толық жекешелендiрiлген жоқ. Қазақстанда реформалар процесi баяу бастау алды; ол тек соңғы екi айда жеделдедi, мұның өзi өзгерiстер процесiн қолдауға мiндеттенген халықаралық қоғамдастық тарапынан зор мақұлдауға ие болды.
Құрылымдық және ұйымдық реформалар демократиялық реформалардың нарықтық экономикалық реформалардан кенже қалуынан бiркелкi жүргiзiлген жоқ.
Нарықтық реформалар көптеген салаларда табысты жүзеге асырылды, дей тұрғанмен экономикалық реформалар процесi әлi де аяқтала қойған жоқ. Тәуелсiздiк алғаннан кейiн өмiрге енгiзiлген экономикалық реформалар негiзiнен бағаларды ырықтандыру мен сауда мәселесiнде шоғырландырылды. Тұтыну бағаларын ырықтандыруға негiзiнен қол жеткiзiлдi, алайда коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарында екi жақты қаржыландыру сақталып отыр. Iшкi сауданың ырықтандырылған режимi орнықты және Қазақстан Халықаралық сауда ұйымына мүшелiгi туралы келiссөздердiң соңғы кезеңiнде.
Шағын кәсiпорындарды жекешелендiру ресми түрде 1997 жылы аяқталды, бұл ретте ақшалай аукциондар мен ваучерлер арқылы 13.000-нан астам кәсiпорын сатылды. Орташа және iрi кәсiпорындарды жекешелендiруде жедел iлгерiлеуге қол жеткiзiлдi, әйтсе де мемлекет жекешелендiрiлген компанияларда капиталдың қомақты үлесiн ұстап қалып отыр.
Үкiмет залалды кәсiпорындарды қайта құрылымдауға мүмкiндiк туғызу жөнiнде маңызды iс-қимылды қолға алды. 1998 жылы банкроттық туралы заңға оны ауыл шаруашылығы үшiн қолдану мақсатында түзетулер енгiзiлдi. 1998 жылдың ортасына қарай төлеуге қабылетсiз 26 кәсiпорын таратылды не сатуға шығарылды. Алайда салық мiндеттемелерi бюджет берешектерiне жатқызылатын "өзара есептесулердi" жою жөнiндегi үкiметтiң күш-жiгерiне қарамастан залалды кәсiпорындар жеткiзушiлерге, өз қызметкерлерi мен мемлекеттiк бюджетке төлемдердi кешiктiруiн жалғастыруда.
Коммуналдық қызмет көрсету кәсiпорындарын жекешелендiру энергетикалық сектордың генерациялық қуаттарының 80 пайызынан астамын жекешелендiрiп әрi ұлттық телекоммуникациялық оператордың миноритарлық үлесiнiң көбiрек бөлігін сатып, елеулi iлгерiлеуге қол жеткiздi. Энергия-үлестiру жүйесiнiң қалған бөлiктерiне инвесторлар тарту әрекеттерi, әйтсе де, бағаны реттеудiң тиiстi схемасының жоқтығынан табысты болмады. 1998 жылғы шiлдеде бағаларды реттеуге жауапты Монополияға қарсы комитет оны Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне бағынысты ету әрекеттерiнен кейiн қайтадан тәуелсiз болды.
Банк секторын нығайту жекешелендiру мен шетелдiк қатысу арқылы жүзеге асты. Капиталдың толымдылығы, бiрден бiр борышкердi белгiлеу жөнiндегi ережелерге сәйкес жүргiзiлген жетiлдiру және сонымен байланысты бiрқатар банктер мен филиалдардың бас тартуына алып келдi. Бүгiнгi күнi банк секторы активтерінің қомақты бөлiгi жеке меншiкте. Иелiк етуде шетелдердiң үлесi бар жиырма банкi банк секторы капиталының шамамен 22%-ын құрайды. Шетел капиталының банк секторына қатысу үлесiне қандай да болмасын шектеулердiң жойылуы шетелдiк қатысуды одан әрi ұлғайтқан тәрiздi.
1997 жылғы қыркүйекте қазақ қор биржасының негiзi қаланды, ол қазiр де өз дамуының балаң кезеңiнде қалып отыр. Биржаның өз инфрақұрылымы, нормативтiк құрылымы және биржаға бағалы қағаздар жiберуге әлемдiк стандарттарға жуықтайтын талаптары болса да, жүргiзiлетiн сауда-саттық көп емес, оның үстiне олар жеткiлiктi дәрежеде ашық емес.
1998 жылғы қаңтарда Қазақстан үкiметi төлемдер көзiнен төлем жасалатын қазiргi жүйенi толығымен қаржыландырылатын жүйеге өзгерту мақсатында жан-жақты зейнетақы реформасын бастады. Алайда, реформаны жүзеге асыру күрделi болып шықты, әкiмшiлiк кедергiлер де, сол сияқты зейнетақы қорлары үшiн жеке меншiк инвестициялардың тартымды мүмкiндiктерiнiң жоқтығы да тұсау болып отыр.
Қазiргi кезде денсаулық сақтау, бiлiм беру және әлеуметтiк қорғау сияқты барлық мемлекеттiк секторларда бюрократиялық құрылымдарды азайтуға бағытталған елеулi шаралар қолға алынды. 1997 жылдан берi үкiмет орталық атқарушы органдарды қайта құрылымдауды және бюджеттеу процесiн реформалауды iлгерiлетуде. Мемлекеттiк қызметтi реформалау жүргiзiлуде, ал 1998 жылдың соңында мемлекеттiк қызмет реформасы саясатын жасау мақсатында Президент жанынан Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк құрылды.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы ресурстары ТМД ауыл шаруашылығы жерлерiнiң барлық көлемiнiң 20%-ын құрай отырып, орасан зор болып табылады. Алайда, елдегi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң деңгейi төмен және төмендеуiн жалғастыруда (соңғы 5 жылда 50%-дан астам). Азық-түлiкпен өзiн-өзi қамсыздандыруды көбiрек қамтамасыз ету әрекетiнiң бiр бөлiгi ретiнде Қазақстанда шаруа қожалығы секторы мен агробизнестi жекешелендiру мақсатында көп күш-жiгер жұмсалды. Мемлекеттiк фермалардың 90%-ынан астамында жердi пайдалану жеке меншiкке берiлдi. Мақтаны қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру елдiң оңтүстiгiндегi шағын фермалар мен кооперативтерде жүргiзiледi, ал өңдеушi компаниялар мен дистрибьюторлар (таратушылар) елдiң солтүстiгiнде орналасқан. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн бөлу жүйесi қазiргi кезде мемлекеттiк жүйеден нарық талаптарына жауап беретiн жүйеге дами отырып, елеулi өзгерiстерге ұшырауда. Фермаларда және олардан тыс жерлерде қайта құрылымдау, сондай-ақ өндiру мен бөлудiң тиiмділігін арттыру тұрақсыз күйде қалып отыр және бұрынғысынша орасан зор проблема болып табылады. 1998 жылдың астығы елдiң батысындағы күштi қуаңшылыққа байланысты 6,9 миллион тонна дәндi дақыл мөлшерiнде соңғы 40 жылдағы ең нашар түсiм болып шықты.
Осы секторды дамыту бұл сектордың негiзiнен жекешелендiрiлгенiне қарамастан, басым мәселе болып қалуда.
Басқа да жаңа тәуелсiз мемлекеттердегi тәрiздi Қазақстанда да электр энергиясын жан басына шаққандағы тұтыну неғұрлым дамыған экономикалық аудандарға қарағанда әлдеқайда жоғары болып қалып отыр.
Мұнай-газ секторы Қазақстанда неғұрлым жылдам өркендеушi сектор болып табылады. Анықталған мұнай қорлары жиынтығында 15 миллиард баррель құрайды, алайда Каспий теңiзiнiң табанындағы ықтимал қорлар едәуiр көбiрек болуы мүмкiн. Қазақстан қорларының шамамен 85%-ы Каспий теңiзiнiң маңында шоғырланған және өнiмнiң жартысы жер үстiндегi үш iрi кен орындарынан келiп түседi. Айтарлықтай ауқымды инвестицияларға орай мұнай-газ өндiрiсi өркендеп келедi, ағымдағы жылдық өндiрiс шамамен есептегенде 26 миллион тонна мұнай және 8 миллион текше метр табиғи газды құрайды. Шетелдiк компаниялардың бұл секторға қатысуы ұлғая түсуде.
Қазiргi кезде Қазақстанда халықаралық рыноктарға тiкелей шығатын мұнай-газ құбыры жоқ. Тасымалдау Ресей өткiзгiш құбырлары арқылы және тым қымбат темiр жол тасымалдарымен шектеледi. Каспий құбыр өткiзу консорциумы (КҚК) жаңа құбыр салуды жоспарлауда, ол мұнайды Теңiз кен орнынан Қара теңiздегi Ресей порты Новороссийск арқылы экспорттауға мүмкiндiк бередi. Құрылыс басталып та кеттi, жұмыстарды 2001 жылы аяқтау белгiленген.
Қазақстанда үш негiзгi мұнайды қайта өңдейтiн зауыт бар, олар елдiң тәуелсiздiк алған кезiнен бастап өндiрiлетiн өнiм шығарудың елеулi кемуiн бастан кештi.
1996 және 1997 жылдары заң тәртiбiмен белгiленген, қоғамдық коммуналдық кәсiпорындарға қатысты нарықтық реформалар электр қуатына тарифтердiң күрт өсуiне, сондай-ақ төлемдердi жинау тәртiбiнiң жақсаруына алып келдi. Энергетикалық тарифтер өнiм бiрлiгiне қуаттың бөлiнiсiне жұмсалатын олардың толық өзiндiк құнынан төмен белгiленсе де, төлемдердi жинаудың жақсартылған тәртiбi, сондай-ақ болашақта да тарифтер өсуiн бiрте-бiрте жалғастырады деген тұтынушылардың күтулерi тұрақты энергия сақтау жүйесiн дамытуға және енгiзуге қуатты стимул ретiнде әрекет етедi.
Сондықтан осы сектордағы ел кездесiп отырған негiзгi проблемалар Қазақойл компаниясын қайта құрылымдаумен, көмiр сутегiлердi неғұрлым төмен баға бойынша тасымалдаумен және тазартушы зауыттарды неғұрлым тиiмдi пайдаланумен байланысты.
4. Бағдарлама бойынша ағымдағы ахуал
Осы Іс-қимыл бағдарламасы 1996-1999 жылдардағы Индикативтiк бағдарлама шеңберiнде жасалды, онда екi Іс-қимыл бағдарламасы әзiрленген болатын. 1996-97 жылдарды қамтитын бiрiншiсi 1997 жылдың бюджетiнен алынды, ал шешiм талап етiлетiн, 1998-99 жылдарды қамтитын екiншiсi 1999 жылдың бюджетiнен алынды. 1996-1999 жылдардағы Индикативтiк бағдарламаға арналған стратегия Қазақстанның өтпелi кезеңдегi мұқтаждарын, Тасис тарапынан, сондай-ақ басқа да халықаралық донорлар тарапынан оған дейiн көрсетiлген көмектi назарға ала отырып, Қазақстанның билiк органдарымен жүргiзiлген талқылаулар негiзiнде әзiрлендi. Ол Тасис Басқару жөнiндегi комитетiне 1996 жылғы маусымда табыс етiлдi, кейiннен Қазақстан өкiметi мен Комиссия қызметтерi арасында құжат жүзiнде келiсiлдi, 1996 жылғы қарашада қол жеткiзiлген келiсiм мен Европа қоғамдастығына мүше елдер қабылдағаннан кейiн 1997 жылға арналған Iс-қимыл бағдарламасын Тасис Басқару жөнiндегi комитетi 1997 жылғы мамырда бекiттi.
5. Басқа донорлармен үйлестiру
Бiрнеше арналар бойынша басқа донорлармен үйлестiру әрекеттерi қолға алынуда. Негiзгi халықаралық донорлардың өкiлдерiмен, атап айтқанда Дүниежүзiлiк банк пен Европа Қайта Жаңарту және Даму банкiмен, әр түрлi бағдарламалардың мақсаттары мен мазмұнына шолу жасау, сондай-ақ iс-қимылдарды үйлестiру мақсатында жүйелi кездесулер өткiзiлiп тұрады. Мұның үстiне, Комиссия мен EО-ғa мүше елдер Қазақстанға арналған тиiстi көмек бағдарламалары туралы ұдайы пiкiрлер мен ақпарат алмасып отырады. Комиссияның Алматыдағы өкiлдiгi халықаралық донорлық қоғамдастықпен нақты секторлар бойынша жүйелi кездесулер өткiзедi. Осындай алмасулар донорлар үшiн тиiстi басымдықтар мен бағдарламаларды мейлiнше жақсы түсiнуге жәрдемдестi. Қазақстан 1992 жылы мүшелiгiне кiрген Дүниежүзiлiк банк негiзiнен техникалық көмек пен саяси заемдар арқылы елге белсендi қолдау көрсетуде. 1998 жылдың басына дейiн Банк жалпы сомасы 1.18 миллион АҚШ долларына тең заем операцияларын бекiттi. Ең соңғы түзету мен 350 миллион АҚШ долларынан астам сомадағы операциялық заемдар Мемлекеттiк секторды басқаруды, мемлекеттiк қазынашылық қызметiн жаңғыртуды, мұнай кен орындарын сауықтыруды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке және сумен жабдықтауға қатысты екi пилоттық жобаны қолдау iсiн қамтиды.
Европа Банкi (EҚЖБ) үшiн осы жылға арналған негiзгi басымдықтар мыналар болып табылады: көрсетiлетiн қаржылық қызметтер (шағын және орташа кәсiпорындардың қазiргi қолда бар ақша қаражатын iрiктеп алынған жеке меншiк салалар мен банктiк емес ұйымдарда акционерлiк капиталдың үлесiн сатып алу жолымен қолдауды жалғастыру); қайта құрылымдауды қаржыландыру арқылы жекешелендiру процесiн Өнеркәсiптiк және Өндiрiстiк қолдау. Инфрақұрылым (Ақтау айлағын және темiр жолды жақсарту бағдарламасы арқылы тарату желiсiнде жалғастырылып отырған қолдау). Энергетика және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсiп.
Азия Даму банкi (АДБ) осы кезге дейiн жалпы сомасы 230 миллион AҚШ доллары болатын алты кредитке келiсiмiн бердi. АДБ үшiн басымдықтар мыналар болып табылады: Зейнетақы реформасы бағдарламасы, Ауыл шаруашылығын дамыту Фермаларды қайта құрылымдау, Базалық бiлiм беру және Жолдарды қалпына келтiру.
Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) тұрақтандыру бағыты бойынша үкiметпен тығыз жұмыс iстеуде. 1997 жылдың ортасына қарай ХВҚ-ның 1996-98 жылдарды қамтитын кеңейтiлген кредит беру бағдарламасында баяндалған барлық макроэкономикалық мiндеттерге қол жеткiзiлдi. Құрылымдық реттеу мәселелерi жөнiнде тығыз ынтымақтастық жалғасуда.
1999 жылғы Іс-қимыл бағдарламасын дайындау кезiнде басқа донорлар, атап айтқанда Дүниежүзiлiк банк, EҚЖБ, АДБ, екi жақты бағдарламалар бойынша Европа қоғамдастығына мүшe елдер, сондай-ақ ЮСАИД бастаған немесе көздеген бастамашылықтар ескерiлдi. Тұтас алғанда, Тасис жобалары мен басқа донорлардың iс-қимылдары бiрiн-бiрi жақсы толықтырады. Мұның өзi техникалық жәрдемдесу бойынша негiзгi қызметi ретiндегi Тасистiң және басты халықаралық заемшылар ретiндегi Дүниежүзілік банктiң, EҚЖБ-нiң, АДБ-нiң рөлiнен айрықша көрiнедi.
6. Бағдарламаның 1996-99 жылдарға арналған Индикативтiк
бағдарламадағы ролi
Тасис көмегiнiң жалпы мақсаты жергiлiктi халықтың тұрмыс деңгейi мен сапасын көтеру мақсатында Қазақстанның саяси, әлеуметтiк және экономикалық ахуалындағы өзгерiстердi қолдау болып табылады. Тасис қаржыландыратын қызметтiң негiзiне алынған басшы қағидат алдыңғы Индикативтiк бағдарламаға (ИБ) сәйкес Қазақстанның билiк орындарының макроэкономикалық және секторалдық саясатын қолдау болатын. Және бұл ИБ-нiң 1996-99 жылдарға арналған басшы қағидаты болып қалып отыр.
ХВҚ-мен және Дүниежүзiлiк банкпен ынтымақ ынтымақтастықта Үкiмет реформалары бағдарламасының негiзгi мақсаты макроэкономикалық ахуалды тұрақтандыру, өндiрiс өнiмiн шығарудың кемуiн керi бағытқа бұру, өнiмдiлiктi жақсарту және орташа мерзiмдi перспективада тұрақты дамуға қол жеткiзу, сондай-ақ халықтың әлсiз топтарын қорғау болып табылады.
Қазақстанның билiк орындарымен келiссөздер нәтижесiнде 1996-1999 жылдардағы Индикативтiк бағдарлама шеңберiнде Қазақстан Yкiметiнiң реформалар бағдарламасының негiзгi желiлерiне қолдау көрсететiн басым салалар Серiктестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiм мен Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiрудi қоса алғанда, мыналар болып табылады деп шешiлдi: Құрылымдық және Институциональдық реформалар, Ауыл шаруашылығы және Агроөнеркәсiп, сондай-ақ Инфрақұрылымды Дамыту. Мұның өзi, егер нақты өзeктi қажеттiлiк анықталса, сондай-ақ егер осындай қызмет саяси-экономикалық реформаларды жалпы ынталандыруға қосымша ретiнде қаралатын болса, басқа жобаларды қолдауды жоққа шығармайды.
1996-1999 жылдардың Индикативтiк бағдарламасы жобаны айқындау және жүзеге асыру әдiсiне бiрқатар жаңа элементтер енгiзедi, оны қысқаша былай сипаттауға болады: мақсаттардың шектеулi шоғырына көбiрек назар аудару; секторлардың iшiнде де, сол сияқты арасында да, Тасис жобаларында, сондай-ақ Мемлекетаралық Тасис бағдарламасымен және басқа да донорлар жобаларымен мейлiнше өзара толықтырушылық пен мақсаттылыққа және де нәтижесiнде, көбiрек қайырымдылыққа қол жеткiзу үшiн жобалардың үлкен көлбеу байланысы; жобаларды кейiннен қадағалап отыру және ұзарту неғұрлым тиiмдi байланыстырылып, нәтижесiнде, қайтарымдылығы көбiрек болуы үшiн жобалардың төрт жылдық құрылым шеңберiндегi ұзақтығы мен құрастырылуына көбірек назар аудару; және де ұлттық үкіметтердің тілектеріне сәйкес жобалардың мүмкiндiгiнше инвестицияларды атап көрсете отырып неғұрлым көрнекi және нақты нәтижелерi болуға тиiс.
1999 жылғы Iс-қимыл бағдарламасы (IБ) 1996/97 жылғы IБ-мен басталған 1996-1999 жылдар индикативтiк бағдарламасында белгiленген мақсаттардың жалғасы болып табылады. Жалпы алғанда ол үш басым бағыт бойынша 10 жобаны қамтиды. Жобалардың саны қысқарды (96/97 Iс-қимыл бағдарламасында 15), ал жобаның өмiршеңдігі артты. Осының нәтижесiнде нақты секторларда күш-жiгердiң неғұрлым ауқымды шоғырлануына және жобалардың неғұрлым тұрақты болуына қол жеткiзiледi. Ағымдағы Іс-қимыл бағдарламасы шеңберiнде, сондай-ақ қазақ үкiметiнiң тiлектерiне сәйкес, жобалардың қаржылық ресурстарының 60%-ына жуығы мейлiнше басым салаға, Құрылымдық және институциональдық реформаға жұмсалады. Мемлекеттiк, сол сияқты жеке меншiк секторларда туындап келе жатқан нарықтық экономиканы қолдауды ортақ мақсаты етіп қойған ұйымдар мен мекемелерді реформалау және қайта бағдарлау ауқымды тақырып болып табылады. Егер басшылық дамуды жоспарлай алмаса және ұйымдық қолдау мен бақылау құрылымын тиiстi орнына қоя бiлмесе, онда саяси, экономикалық және әлеуметтiк шиеленiстiң болмауы мүмкiн емес. Мемлекеттiк мекемелерге бет бұру әр түрлi бес жоба бойынша жүргiзiледi: мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту және қайта оқыту құқықтық реформа жөнiндегi жобаны жүзеге асыру арқылы; салықтарды басқаруда оның ұйымдастырушылық мүмкiндiктерiн дамытуда Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің жәрдемi арқылы; Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiкке ақпаратты талдау мен экономикалық болжауда көрсетiлетiн қолдау арқылы; Қазақстандық Менеджмент, экономика және болжам институтының (ҚИМЭП) ұйымдық құрылымдарын жетiлдiру арқылы; Экология министрлiгiне қалаларда ауа кеңiстiгiнiң ластануын азайту жөнiндегi экологиялық стратегияны қалыптастыруға жәрдемдесу арқылы қамтамасыз етiледi.
Екiншi басым бағыт бойынша қызмет. Ауыл шаруашылығы мен Агроөнеркәсіп ауыл шаруашылығы мен оның қосалқы функцияларына арналады. Қазақстан бұрынғыша өзiнiң жалпы ұлттық өнiмiнiң 15%-ын құрайтын ауыл шаруашылығы мен оған жататын салаларға аса тәуелдi, алайда сектор өткiр проблемаларға тап болуда. Ең алдымен мұндай жағдай әмiршiл-әкiмшiл жүйе қалдырған мұраның орын алуынан, сондай-ақ өнiм өндiрудi жолға қою мен өндiрiлген өнiмдi бөлу қызметiндегi iркiлiстердiң себебiнен де болып отыр. Бастапқы ауыл шаруашылығы мен өнiмдi қайта өңдеу жөнiндегi қызметтер әлi қайта құрылымданбаған және соңғы жылдары инвестицияларға зәру. Көптеген фермаларды жекешелендiру нәтижесiнде бiрқатар өнiм жеткiзушiлер үшiн кредиттер тоқтатылды. Қазiр жағдайды түзету және ауыл шаруашылығын келешекте дамытуға жәрдемдесу қажеттiгiн қазақ үкiметi мойындап отыр.
1997 жылғы бағдарлама кредит алуда, шаруа қожалығы техникасына қол жетiмдiлiктi жақсартуда, сондай-ақ көтерме сауда рыноктары мен маркетингтiк ақпарат жүйелерiн дамытуда, жеке меншiк фермаларға ерекше қолдау көрсетiп, жекешелендiру элементтерiн қолдады. Жаңа, ұсынылатын жоба көтерме сауда рыноктары мен маркетингтiк ақпарат жүйесiнiң қазiргi желiсiне кiрiктiрiлетiн болады әрi осы мүмкiндiктердi тиiмдi қазiргi заманғы нарық инфрақұрылым мен ауылдағы жергіліктi ақпараттық жүйелерге кеңейтедi.
Үшiншi басым сала көлiк пен энергетикаға негiзгi мән бере отырып, Инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Қазақстан Каспий теңiзiнен Қытайға дейiн, Сiбiрден Орталық Азияның оңтүстiгiне дейiн көсiлiп жатқан орасан зор жазық жерде орналасқан, мұның өзi елдi аймақтық сауда тасқындарының табиғи торабына айналдырады. Экономикалық өмiр тiршiлiгiнiң басты орталықтары осынау орасан зор жер алабында шашырай орналасқан. Экономика көбiрек дәрежеде шикiзат (мұнай, газ, минералдар) экспортына, сондай-ақ көршi мемлекеттер арқылы жоғары сапалы тауарлар импортына тәуелдi. СОНДЫҚТАН барлығын қамтитын және бәсекеге қабiлеттi көлiк желiсiн дамыту да Қазақстан үшiн негiзгi басым бағыт болып табылады.
Бүгiнгi күнге дейiн Тасистiң көлiк секторындағы көмегi негiзiнен ТРАСЕКА жобалары арқылы, мемлекетаралық бюджет қаражатынан қамтамасыз етiлiп келдi, оларда Қазақстан өзiнiң стратегиялық орналасқан жерiне қарай негiзгi серiктес мемлекет болды. Алайда TPACEKA дәлiзi Қазақстан аумағының 1/3-iн ғана қамтиды, ал ТРАСЕКА жобасынан тыс басқа көлiк жолдары елдiң экономикалық дамуы үшiн бiрдей дәрежеде маңызды.
Жаңа, ұсынылатын жоба алдыңғы ТРАСЕКА жобаларының жетiстiктерiн кеңейтедi әрi әкiмшiлiк және кеден рәсiмдерiн жаңартуға қосымша үлес енгiзу жолымен, тасымалдау ережелерi мен тариф саясатын жақсартудағы көмек, көлiк жылдамдығы параметрлерiн әзiрлеу, өнеркәсiп, мұнай-газ өндiрушi аймақтарда, ел экспорты үшiн зор стратегиялық маңызы бар жерлерде көлiк магистральдарындағы қозғалысты болжау, транзиттiк мүмкiндiктердi жетiлдiретiн iргелi жобалардың Техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау арқылы Қазақстанның көлiк дәлiздерiнiң бәсекелестiгiн арттыруға бағытталады.
Мұнай-газ ресурстарына келсек, Қазақстан INOGATE (Иногейт - Европаға мұнай мен газды тасымалдау жөнiндегi бағдарлама) бағдарламасының мүшесi болып табылады, оның мақсаты негiзiнен жұмыс iстеп тұрған желiнi қалпына келтiру үшiн аса қажеттi инвестицияларды тартуға көмек, сондай-ақ өткiзгiш құбырдың жаңа бағыттарын енгiзу болып табылады. Газ желiсi жеке меншiк компаниялардың басқаруында болғандықтан, Қазақстан бұл шағын секторда өзi үшiн ешқандай пайдаға ие болған жоқ. Алайда мұнай желiсiне және сауданы жақсартуға келгенде, Қазақстан желiнi аудиттеу жөнiндегi Иногейт жобаларына қатысып, мемлекетаралық мұнай-газ желiсiнiң ұйымдық шеңберi жөнiндегi Иногейт Бағдарламасының Рамалық Келiсiмiне қол қойды.
Мемлекетаралық қызметпен қатар қазақ секторын қайта құрылымдау бұрынғыша Тасис қолдауы басымдықтарына кiредi. Қазақойл компаниясының мұнай-газ секторындағы мынадай мүмкiндiктерiн: мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң сапасын бақылау, сертификаттау, оффшорлық операциялар үшiн қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғау рәсiмдерiн жүргiзу тәрiздi бақылаушы рөлiн орындау мүмкiндiгiн нығайтуға бағытталған жоба ненi қамтиды. Көмек Каспий теңiзiнiң қазақстандық су секторындағы мұнай-газ ресурстарын игеру перспективасында ерекше орынды бола түседi.
Қазақстан Республикасының экологиясындағы жағдай қатерлi болғандықтан және Тасистiң қолданылып жүрген Ережесiне байланысты ұсынылатын жобаларды жобалауда және жүзеге асыруда қоршаған ортаны қорғау мәселелерiне тиiсiнше назар аудару ерекше маңызды.
7. Бағдарламаның құрамдас бөлiктерi
1999 жылға арналған техникалық көмек көрсету жөнiндегi Iс-қимыл бағдарламасы өзiнiң назарын үш басым бағытқа шоғырландырады, атап айтқанда: құрылымдық және ұйымдық реформа; ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiп; және әсiресе көлiк пен энергетикаға қатысты инфрақұрылымды дамыту. Бұдан басқа, Іс-қимыл бағдарламасының негiзгi жобаларына қосымша тәсiлдермен Тасис бағдарламасының мақсаттарына қол жеткiзу үшiн жұмылдырылуы мүмкiн Ұлттық Индикативтiк бағдарламалар арқылы қаржыландырудың бiрқатар тетiктерi бар.
7.1 Құрылымдық және институциональдық реформа
Бiрiншi кезектегi басымдықтар iшiнде - Құрылымдық және Институциональдық реформа, ұйымдар мен мекемелердi реформалау және туындап келе жатқан нарықтық экономиканы қолдау жағына қайта бағдарлау ауқымды тақырып болып табылады. Жоба өзгерiстер процесi үшiн маңызды болып табылатын: құқықтық реформа, статистика реформасы, салықтық басқару реформасы, макроэкономикалық саясат, жоғары оқу орындарын реформалау, өнеркәсiптiк бәсекелестiк, қоршаған ортаны қорғау сияқты салаларға арналған.
- Қазақстан өзiнiң күш-жiгерiн инфляция қарқынын ауыздықтау, тапшылықты бақылауға келтiру, сондай-ақ ырықтандыру мен жекешелендiруге бағытталған жүйелi реформалар енгiзу арқылы тұрақты макроэкономикалық құрылымды қамтамасыз етуге шоғырландырды. Жұмыс iстеп тұрған құқықтық құрылымның кемшiндiгiн ұғына отырып, үкiмет Құқықтық реформа жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны мақұлдады. Ұсынылған жобаның негiзгi мақсаты: (1) заң жобаларын жазу саласында техникалық консультациялар беру, сондай-ақ нарықтық реформаларға жататын заңдар дайындау жолымен, нарықтық заң оқуы жүйесiн дамытуды қолдау, заң ақпаратына қол жеткiзудi жеңiлдету және соттардың әкiмшiлiк қызметшiлерi мен судьяларды оқыту жолымен нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiне байланысты салаларда нормативтiк құқықтық жүйе мен ұйымдарды нығайту болып табылады.
- Серiктестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiм (СЖЫК) егер тек ЕҚ-ның бәсекелестiк туралы ережелерiне қайшылықтар болмаса, өзiнiң өнеркәсiбiн қайта құрылымдау және дамыту жөнiнде Қазақстан жұмсап отырған күш-жiгерiне Қоғамдастықтың қатысуын iлгерiлетуге бағытталған өнеркәсiптiк ынтымақтастыққа жәрдемдесудi қамтамасыз етедi. Қазақстандық экономиканың ырықтандырылуы мен сыртқы сауда үшiн ашылуы ұлттық рынокта және ТМД рыноктарындағы өндiрiстiң кемшiлiктерiн көрсеттi. Ұсынылатын жоба (2) кәсiпорындардың халықаралық стандарттарға сәйкес дамуына, сондай-ақ ұлттық және әлемдiк нарықтарда неғұрлым бәсекеге қабiлеттi болу мүмкiндiгiн беруi тиiс.
- Ақпарат жинау, экономикалық талдау және болжау Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiктің қарауында. Осы Агенттiк әлеуметтiк, экономикалық және аймақтық жөнiндегi индикативтiк жоспарларды даярлау үшiн, сондай-ақ Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын даярлау үшiн жауапты. Ұсынылатын жоба (3) Агенттiк қызметкерлерiнiң макроэкономикалық модельдеу және болжау әдiстемелерiн пайдалану саласындағы дағдыларын жетiлдiруi тиiс.
- Қазiргi заманғы басқару дағдылары мен халықаралық деңгейдегi бiлiм-бiлiкке оқытып-үйрету жолымен бизнес және мемлекеттiк қызмет саласында басшыларды қалыптастыру қажеттігін ұғына отырып, мемлекет Президент жарлығымен 1992 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжам институтын құрды. 1993 жылы Тасис КИМЭП-те Бизнес-Әкiмшiлiк ету магистратурасы (БӘМ) бағдарламасына қолдау көрсете бастады (4).
Соңғы бiрнеше жылда студенттер мен жаңа бағдарламалар саны едәуiр артты. Халықаралық донорлар қоғамдастығының КИМЭП-ке қолдауы осы оқу орнының Орталық Азиядағы үздiк экономикалық мектептердiң бiрi ретiнде танылуына өз үлесiн қосты.
Бүгiнгi күнге туындаған негiзгi проблема экономикалық дербестiк пен орнықтылыққа қол жеткiзу, шетелдiк оқытушылар құрамын сапасы қарайлас жергiлiктiлермен алмастыру, сондай-ақ барлық әкiмшiлiк шығындарды жабу үшiн жеткiлiктi табыс көзiн табу болып табылады. Ұсынылатын жоба КИМЭП-тiң Европалық бизнес мектептерiнiң желiсiне кiрiгуiн нығайтуға, оның жалпы сапасын жақсартуға, сондай-ақ оның экономикалық дербестiгi мен орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беруге тиiс.
- Қазақстанның негiзгi экологиялық проблемалары су ресурстарының ластануымен, ауаның ластануымен, радиоактивтiк ластанумен байланысты. Мемлекет мұнай және газ ресурстарын тиiмсiз пайдаланудан, сондай-ақ Семей облысының радиоактивтiк ластануынан зардап шегiп отыр.
Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Тасистi қоса алғанда, донорлардың халықаралық қоғамдастығының қолдауымен тұрақты даму үшiн Қоршаған Ортаны Қорғау жөнiндегi Іс-қимылдың Ұлттық Бағдарламасын әзiрледi. Экологиялық проблемалар талданып, мынадай өлшемдерге сәйкес: денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық даму басымдықты проблемалар ретiнде атап көрсетiлдi.
Жалғасып отырған жол көлiгi санының өсуi елдiң экологиялық проблемаларының ұлғаюына әсер етiп отыр. Бұл әсiресе ауаның ластануының 70%-дан астамы көлiк құралдарының қалдық газдарынан туындайтын, мұның өзi халықтың денсаулығына нашар әсер ететiн Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалаларда орын алуда. Статистика тыныс жолдары сырқаттары мен рактың жылдам өсуiн көрсетiп отыр. Отынның сапасын жақсартуға, көлiк қалдық газдарының деңгейiн төмендетуге, сондай-ақ қоғамдық экологиялық сананы (5) жақсартуға бағытталған шаралар талап етiледi, олар экология және көлiк саясатының стратегиясын дамытуды қолдау жолымен ауаның ластануына байланысты ахуалды жақсарту жөнiндегi негiзгi мәселелердi қамтиды.
Алматы қаласында ластанудың жұртшылық денсаулығына терiс әсерiн төмендетуге бағытталған шаралар бойынша пилоттық акция өткiзiлетiн болады.
- Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Президент жарлығымен 1998 жылғы қарашада құрылды. Жаңа министрлiктiң негiзгi мiндетi салықтарды басқару болып табылады. Ұсынылатын жоба (6) оның функционалдық құрылымын әзiрлеу жолымен салықтарды жинау мен басқарудағы, салық қызметшiлерiнiң бiлiмдерi мен дағдыларын арттырудағы және салық төлеушiлер үшiн неғұрлым қарапайым және әдiлеттi рәсiмдер ұсынудағы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң ұйымдық мүмкiндiктерiн нығайтуға бағытталатын болады.
7.2 Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсiп
Ауылдық жерлердегi 2 миллионнан астам үй шаруашылығын қолдай отырып және 1995 жылғы iшкi ұлттық өнiмнiң шамамен 15%-ын бере отырып, ауыл шаруашылығы Қазақстанда маңызды рөл атқарады. Бұл сан 1986-1990 жылдармен салыстырғанда 25%-дан төмендеп кеттi және таяуда жекешелендiрiлген жекелеген фермалардың үлесiн жете бағаламауы ықтимал. 1995 жылы 194 миллион гектар жер ауыл шаруашылығының қажетiне арналған болатын, олардың тек 16%-ы ғана егiстiк жерлер санатына жатады. Жердi өңдеу қысқа мерзiмдi өсiру маусымымен, бұл 125-175 күн, сондай-ақ сирек және ретсiз жаңбырлармен шектеледi. Осындай кедергiлерге қарамастан сектор отбасылық тұтыну үшiн негiзгi тамақ өнiмдерiнiң едәуiр бөлігін берiп тұрады, импорт негiзiнен шай, кофе, зәйтүн тұқымдарымен және қантпен шектеледi.
Жер реформасы және фермаларды қайта құрылымдау үкiмет тарапынан назарға iлiктi, алайда шын мәнiсiнде жеке меншiк фермалармен қамтылған аумақ шағын болып қалып отыр. Ауыл шаруашылығы жерлерiнiң көпшiлiк бөлiгi (75%) әдетте, бұрынғы бастықтардың басшылығымен өндiру мен сатудың жеке меншiк жүйесi-мiс дегендi пайдаланып, бұрынғы мемлекеттiк секторда қалып отыр. Жердi шын мәнiнде жекешелендiруден өзге, оны пайдалану аймақтық деңгейде экономикалық, әлеуметтiк және саяси факторлармен шектеледi. Егер облыстық деңгейдегi бастамашылықтар арқылы одан әрi серпiн алмаса, фермаларды қайта құрылымдау процесi тоқтап қалу қаупi бар. Осы басымдылығы жөнiнен екiншi саладағы Тасистiң көмегi негiзiнен жеке меншiк фермерлiк сектордың дамуында өзектi болып табылатын мәселеге арналады, атап айтқанда: тиiмдi ауыл шаруашылығы маркетингтiк инфрақұрылымын құру.
Жетiлдiрiлген маркетинг жүйесiнiң мәнi фермерлiк ресурстарды бөлуде және тұтынушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруда сатып алуға берiлген тапсырыстардың емес, бағаның айқындаушы факторға айналуында болып табылады. Маркетинг тiзбегiнiң әрбiр буынында нағыз бәсекелестiк болуға тиiс. Көп арналы маркетингтiк жүйенi дамыту, бағалардың ашықтығын қамтамасыз ететiн ақпараттық нарық жүйесiмен бiрге бәсекелес бағаларды қамтамасыз етудiң неғұрлым тиiмдi тәсiлi болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнiмiн бөлу жүйесi қазiргi кезде мемлекеттiк жүйеден нарық мұқтаждарына жауап беретiндей жүйеге дами отырып, елеулi өзгерiстерге ұшырау үстiнде.
Ұсынылатын ауыл шаруашылығы маркетингтiк жобасы (7) Ауыл шаруашылығы министрлiгiне және облыстық департаменттерге ауыл шаруашылығы рыногының қолайлы инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi және көтерме сауда рыноктарында әзiрленген бастамашылықтар мен нарықтық ақпарат үшiн қосымша әрi тiрек ретiнде қызмет ететiн болады.
7.3 Инфрақұрылымды дамыту
1996-1999 жылдардың Индикативтiк бағдарламасында айқындалған үшiншi басым сала инфрақұрылымды, атап айтқанда энергетика мен көлiктi дамыту болып табылады.
- Қазақстанның стратегиялық орналасқан жерi оның кең байтақ кеңiстiгiн аймақтағы сауда үшiн табиғи торапқа айналдырады. Іскерлiк экономикалық белсендiлiктiң негiзгi орталықтары бүкiл орасан зор аймақ бойынша шашырай орналасқан. Ел экономикасы шикiзат (мұнай, газ, минералдық ресурстар) экспортына және көршi мемлекеттер аумағы арқылы жоғары сапалы тауарлар импортына аса тәуелдi. Тиiмдi көлiк жүйесi, сонымен, елдiң экономикалық дамуы үшiн аса қажет болып табылады.
Бүгiнгi күнге дейiн Тасистiң көлiк секторындағы жәрдемi негiзiнен ТРАСЕКА жобалары арқылы қамтамасыз етiлiп келдi, онда Қазақстан өзiнiң стратегиялық орналасуына қарай негiзгi серiктес мемлекет болды. Алайда, ТРАСЕКА дәлiзi Қазақстан аумағының 1/3-iн ғана қамтиды, ал ТРАСЕКА жобасынан тыс қалған көлiк жолдары елдiң экономикалық дамуы үшiн бiрдей дәрежеде маңызды.
Жаңа ұсынылатын жоба (8) алдыңғы ТРАСЕКА жобаларының жетiстiктерiн кеңейтедi әрi әкiмшiлiк және кеден рәсiмдерiн жаңғыртуға қосымша үлес қосу жолымен, тасымалдау және тариф саясаты ережелерiн жақсартудағы көмекпен, көлiк жылдамдығы параметрлерiн әзiрлеумен, өнеркәсiптi, мұнай-газ, шикiзат өндiру аймақтарында, ел экспорты үшiн зор стратегиялық маңызы бар жерлерде көлiк магистральдарындағы қозғалысты болжаумен, транзиттiк мүмкiндiктердi жетiлдiретiн iргелi жобалардың Техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлаумен Қазақстанның көлiк дәлiздерiнiң бәсекелестiгiн арттыруға бағытталады.
- Қазақстанның мұнай-газ секторы Қазақойл компаниясына ұлттық мұнай-газ дәстүрлi рөлi берiле отырып, 1997 жылы қайта құрылымданған болатын. Таяуда ғана, мұнай тасымалдарымен айналысатын екiншi компания Қазақойлды халықаралық интеграцияланған компанияға қайта құра отырып, оған қосылды.
Қазақойл оның мұнай-газ секторындағы байқаушы рөлiне көмек көрсетуге бағытталған 1996 жылғы Тасис жобасының алушысы болып табылады, мұның өзi мемлекеттiк құрылымдарға жұмыс істеп тұрған мұнай-газ компаниялары алатын ақпаратты сақтауға және сұратуға мүмкiндiк беретiн пилоттық деректер базасын жасады, сондай-ақ жобаны дамытудағы оның мүмкiндiктерiн нығайтуға бағытталған элементтi қамтиды, бұдан басқа бұған бұрғылаудың алдыңғы қатарлы тәсiлдерiне үйрету элементi де кiредi.
Жаңа жобалық ұсыныс (9) мемлекеттiк құрылымдардың өздерiнiң бақылаушы рөлiн атқару, сондай-ақ мұнай және мұнай өнiмдерiнiң сапасын тәуелсiз бақылау және сертификаттау, оффшорлық қызмет үшiн қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғау рәсiмдерiн жүргiзу, сондай-ақ қазiргi заманғы технологиялар саласындағы бiлiм-бiлiктi беру сияқты мұнай-газ секторын одан әрi дамыту үшiн өмiрлiк қажеттi басқа да мәселелерге бет бұру қабiлетiн одан әрi күшейтуге бағытталатын болады.
7.4 Бистро
Бистро бағдарламасына Алматыдағы Европа комиссиясының өкiлдiгi басшылық жасайды. Ол 100000 Евроға дейiнгi шағын жобаларды қаржыландыруға арналған. Оның негiзгi мақсаты: жергiлiктi жерлерден алынған ақпарат көп үмiт күттiретiн шағын жобаларды көрсеткен кезде, жылдам әрi икемдi iс-қимыл жасай отырып, Tacиc бағдарламасын толықтыру; Тасистiң негiзгi жобаларына тарату немесе көшiру мүмкiн болатын, техникалық көмек жобалары үшiн үмiт күттiретiн ұсыныстарды шағын ауқымда, жергiлiктi жерде тексеру; сондай-ақ оларға iрi халықаралық көмек бағдарламаларына шығу оңайға түспейтiн серiктес ұйымдардың барлық түрлерi үшiн қол жетiмдiлiк ұсыну.
7.5 Шағын жобалар бағдарламасы
Қазақстан бұрынғысынша шағын жобалар бағдарламаларының көпшiлiгiне қатысатын болады.
8. Бағдарламаны жүзеге асыру
Ұсынылатын қадамдарды жүзеге асыруды 1999 жылы бастаған жөн. Бағдарламаны енгiзу, мүмкiн болғанынша, ЕҚ жеке меншiк және мемлекеттiк операторларын олардың қазақстандық серiктестерiмен немесе арнаулы институттарымен, қоғамдық пайдалану кәсiпорындарымен, қорларымен және т.с.с. байланыстырады. Қазақстандық серiктес кәсiпорындармен және мекемелермен және солар арқылы жобаны жүзеге асырумен айналысатын ЕҚ ұйымдарының жұмысы көтермеленетiн болады. Бағдарламаны ЕҚ Комиссиясы мен қазақстандық билiк органдары, көмектi ақырғы алушылар, сондай-ақ жалдаушы компаниялар мен мекемелер жүзеге асыратын болады. Келiсiм-шарттар Тасис ережелерiне сәйкес тапсырылады.
Келiсiм жасасу дегендi бiлдiретiн осы бағдарламаны жүзеге асыру 2002 жылғы 31 желтоқсанда аяқталуға тиiс. Төлемдер 2003 жылғы 31 желтоқсанға дейiн тәртiпке келтiрiлуi тиiс. Бағдарламаға DG1А Бас Директоратымен тығыз ынтымақтастықта Relex Соmmоn Service жобаларын орындау үшiн жауапты бөлiмше басшылық жасайтын болады.
Бағалау және Мониторинг
Егер қажеттiлiк болса, жергiлiктi жерде өткiзілетiн әдеттегi қадағалауға және бақылауға қосымша Комиссия қызметтерi мен Қоғамдастықтың Есеп Палатасы бағдарламаның iлгерiлеуiн және мердiгерлердiң iс-қимылын қадағалау мақсатында, сондай-ақ бағдараламалар мен келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу фактiсiн кейiн жан-жақты бағалауды қолдану үшiн тәуелсiз консультанттармен келiсiмдерге қол қойды.
Аудит
Осы бағдарлама бойынша қаржыландырылатын қызмет Комиссияның тиiстi қызметтерi мен Қоғамдастық Есеп Палатасының, егер қажет болса, жергiлiктi жерде өткiзу үшiн, бақылауында болады. Осы бағдарлама қаржыландыратын шығыстар туралы есептер мен жазбаларды Комиссияның және Қоғамдастық Есеп Палатасының мiндеттерiне залал келтiрмей, Комиссия келiсiм-шарт бойынша сырттан жалдаған аудитор ұдайы тексере алады.
9. Реформалар процесiн жүргiзу жөнiндегi үкiмет
мiндеттемелерi
1996-1999 жылдардың индикативтiк бағдарламасында айқындалғандай, Тасистiң 1996-1999 жылдар кезеңiндегi жәрдемi Европалық Одағы мен Жаңа тәуелсiз мемлекеттер арасында қол жеткiзiлген Серiктестiк және ынтымақтастық туралы келiсiмге енгiзiлген белгiлi екi жақты экономикалық және саяси құндылықтар мен практикалық кезеңдер негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл Хельсинки қорытынды Актiсiмен және жаңа Европаға арналған Париж Хартиясында айқындалғанындай демократиялық қағидаттар мен адам құқықтарын, сондай-ақ СБСЕ (ЕҚЫҰ), Бонн құжаттарында баяндалғандарды да қоса, нарықтық экономика қағидаттарын құрметтеуге қатысты. Осы қағидаттар Европа Одағы мен оған мүше елдердiң iшкi және сыртқы саясатының iргетасын қалайды, сондай-ақ Европа Комиссиясының көмек беру мәселесiнде мiндеттi элемент құрайды.
1998/99 Iс-қимыл бағдарламасымен қаржыландырылатын қызмет Қазақстан өкiметi негiздеген макроэкономикалық және секторальдық саясаттың тұтас бiрлiгi болып табылады. Осы Іс-қимыл бағдарламасының орындалуы өкiмет макроэкономикалық реформалардың қажеттi шараларын қолға алуды жалғастырып отырған жерде және демократияға қарай ұласып отырған iлгерiлеушiлiк бар жерде жүзеге асырылуы мүмкiн. Тап осы тәрiздi, Іс-қимыл бағдарламасы белгiлеген, ынтымақтастық үшiн таңдап алынған кеңiстiк шеңберiнде жобаларды жүзеге асыру Қазақстан үкiметiнiң тиiстi реформалық процестердi орындауында жалғасып отырған iлгерiлеушiлiкпен толықтырылуы тиiс.
IС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ - ҚАЗАҚСТАН
1999
10. ШЫҒЫНДАР СМЕТАСЫ МЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
млн. EBPO
А. Кәсiпорындарды қолдау 8.8
1. Құқықтық реформаны жүзеге асыруға жәрдемдесу 1.0
2. Өнеркәсiптiк бәсекелестiкке жәрдемдесу 1.0
3. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi Агенттiктi қолдау 1.0
4. КИМЭП-тiң ұйымдық дамуына жәрдемдесу 2.3
5. Экология министрлiгiне жәрдемдесу 1.0
6. Мемлекеттiк кiрiс министрлігіне ұйымдық жәрдемдесу 2.5
В. Тамақ өнiмдерiн өндiру, қайта өңдеу және бөлу 2.0
7. Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерін қолдау 2.0
С. Көлiк және телекоммуникациялар 2.0
8. Транзиттiк дәлiздер саясатын әзiрлеу 2.0
О. Энергетика 2.0
9. ҚАЗАҚОЙЛ компаниясын қолдау 2.0
E. Бистро 0.85
Г. Резервтер 1.0
Жиыны 16.65
Бұдан басқа, Қазақстан шағын жобаларды қаржыландыру жөнiндегi бағдарламаларға (SPP 8i АТА) қатысатын болады. Бұл жеке қаржылық ұсыныста баяндалатын болады. Жалпы алғанда 7.35 миллион Евро мынадай салаларға бөлiндi:
1. Темпус 2.0
2. Стратегия жасауға консультативтiк жәрдемдесу бағдарламасы 2.5*
3. Кеден 0.5
4. Статистика 1.5
5. Лиен 0.3
6. Менеджменттiң тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасы 0.3
7. Қалалардың бауырласуы 0.2
8. АТА тетiгi 0.05
Барлығы 7.35
________________
* ("Қазақстанның экономикалық үрдiстерi" журналының жарияланымдарын қоса алғанда)
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бiрге "Келiсушi тараптар" деп аталатын,
бiр жағынан,
бұдан әрi "КОМИССИЯ" деп аталатын Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы, бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын Еуропалық экономикалық қоғамдастық үшiн және оның атынан әрекет ете отырып,
және екіншi жағынан
бұдан әрi "Үкiмет" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы үшiн және оның атынан әрекет ете отырып,
Қазақстан Республикасы Қоғамдастық Кеңесiнiң 1991 жылғы 15 шiлдедегi N 2157/91 және 1993 жылғы 19 шiлдедегi N 2053/93 нұсқаулығында көзделгенiндей, Қоғамдастықтың техникалық жәрдем көрсету бағдарламасы бойынша IС-ШАРАЛАР түрiнде көмек алатын ел болып табылатындықтан,
Қоғамдастықтың Техникалық жәрдем көрсету бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасында қаржыландырылатын IС-ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыру үшiн жалпы техникалық, заңдық және әкiмшiлiк ережелерi бекiтiлуi тиiс болғандықтан,
МЫНАЛАР ТУРАЛЫ КЕЛIСТI:
1-БАП
Келiсушi тараптар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшiн, Қазақстан Республикасындағы экономикалық және әлеуметтiк реформалар процесiн қолдау мақсатында, Келiсушi тараптар жоғарыда аталған нұсқаулықта көрсетiлгендей, Қаржыландыру туралы меморандумға қолданылатын осы Жалпы ережелерде бекiтiлген, техникалық, заңдық және әкiмшiлiк құрылымдардың шеңберiнде қаржыландырылатын және өмiрге енгiзiлетiн ІС-ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыруға келiстi. IС-ШАРАЛАРДЫҢ (немесе IС-ШАРАЛАР жиынтығының) әрқайсысының жекелеген бөлiктерi оны Келiсушi тараптар қабылдауы тиiс Қаржыландыру туралы меморандумда баяндалатын болады.
Келiсушi тараптар барлық IС-ШАРАЛАРДЫҢ тиiсiнше орындалуын қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi қадамдарды жасауда.
Келiсушi тараптар оның тиiмдi жүзеге асырылуы мүддесiнде өзара келiсiм бойынша жеке iс-шараны модификациялай алады. Мұндай модификациялау:
а) бағдарламалардың түрлi сандық компоненттерiн Қаржыландыру туралы меморандумның құны бойынша бөлiсте көрсетiлген соманың 15%-нан артығырақ бөлуде өзгерiске;
б) бағдарламаның мазмұнында немесе техникалық элементтерiнде елеулi өзгерiстер жолымен бастапқы белгiленген шарттарда бағдарламаны орындауға ықпал етуге әкеле алмайды.
2-БАП
Қаржыландыру туралы меморандумға қолданылатын осы Жалпы ережелермен қамтылған әрбiр ІС-ШАРА Қаржыландыру туралы әрбiр меморандумға енгiзу жобаланатын, осы құжатқа қосымшада баяндалған жалпы ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Қаржыландыру туралы меморандум алайда, ІС-ШАРАНЫ жүзеге асыру үшiн қажет болған жағдайда осы Жалпы ережелер түрлендiре және толықтыра алады.
3-БАП
Осы Жалпы ережелердiң шарттары сондай-ақ Қазақстан Республикасы және көмек алатын, бiрақ өзiнiң мәнi бойынша Қаржыландыру туралы жеке меморандуммен қамтылмаған басқа елдер үшiн мүдделiлiк бiлдiретiн, аймақтағы мемлекетаралық ІС-ШАРАЛАРДЫ қоса алғанда, Қоғамдастықтың техникалық жәрдем көрсету бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын ІС-ШАРАЛАРҒА қолданылатын болады.
4-БАП
Осы Жалпы ережелер бойынша қаржыландырылатын ШАРАЛАРҒА қатысты мәселелер үшiн Комиссия Қазақстан Республикасында тiркелген өзiнiң өкiлдiгiне (егер ол бар болса) Комиссияның атынан және Қазақстан Республикасының тиiстi билiк органдарымен тығыз ынтымақтастықта қаржылық және техникалық басқарудың заңды практикасына сәйкес IС-ШAPAHЫҢ жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн ұсыным жiбере алады.
5-БАП
Осы Жалпы ережелерге қатысты кез келген дау осы Жалпы ережелердiң мақсаттарын ескере отырып, сөйтiп проблеманы шешу үшiн барлық мүмкiндiктi күш-жiгер жұмсайтын, Келiсушi тараптардың арасында консультациялар мәселесi болып табылады.
6-БАП
Осы Жалпы ережелер оларға тараптардың екеуi де қол қойған күнi күшіне енедi.
Олар Қоғамдастық Кеңесiнiң 1991 жылғы 15 шiлдедегi N 2157/91 және 1993 жылғы 19 шiлдедегі N 2053/93 нұсқаулығында көрсетiлгендей, Қоғамдастықтың техникалық жәрдем көрсету бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын барлық iс-шараларға қолданылатын болады.
7-БАП
Қаржыландыру туралы меморандумға қолданылатын осы Жалпы ережелер Еуропалық экономикалық қоғамдастық және Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы 1991 жылғы 2 тамызда қол қойған Хаттаманы алмастырады және жояды.
Брюссельде 1994 жылғы 4 ақпанда жасалды, ағылшын және орыс тiлдерiндегi дубликаттары екi түпнұсқалық көшiрмеде, әрбiр мәтiннiң күшi бiрдей.
ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ҚОҒАМДАСТЫҚТАР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОМИССИЯСЫ YКIМЕТI
Сэр Леон Бриттан Д. Сембаев
Еуропалық қоғамдастықтар Қазақстан Республикасы Премьер-
Комиссиясының-президенті Министрінің Екіншi орынбасары
ҚОСЫМША
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРI I ТАРАУ - IС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 1-БАП
ҚOFAMДАСТЫҚТЫҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАРАЖАТ БӨЛУI
Мөлшерi қаржыландыру туралы әрбiр Меморандумда белгiленетiн, бұдан әрi "ЕЭҚ-тың субсидиясы" деп аталатын Қоғамдастықтың белгiленген қаржылық қаражат бөлуi тиiстi түрде бекiтiлген келiсiм-шарттардың немесе жұмыс бағдарламаларының негiзiнде салымдар шегiн және төлемдердi жүзеге асыруды айқындайды.
2-БАП
ТӨЛЕМДЕР
1. Төлемдердi Комиссия тiкелей мердiгерге немесе жұмыс бағдарламасының негiзiнде ресмилiктер орындалған жағдайда арнайы жоба үшiн арналған, мердiгерлер Комиссияның немесе Комиссияның қадағалауымен IС-ШАРАНЫ орындауға жауапты ұйымның атынан төлем жүргiзiлетiн банктiк шотқа аванс нысанында төлеудi жүргiзедi.
Әрбiр ретте, ІС-ШАРА жұмыс бағдарламасының негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс болған кезде, шотқа аванстық төлемдер жасау қолдағы ақша қозғалысының тиiстi жоспарларына негiзделе отырып жүргiзiледi.
Келiсiм-шарттар стандартты келiсiм-шарттар және Европалық қоғамдастықтар Комиссиясы қолданатын келiсiм-шарттар үшiн жалпы ережелер сияқты халықаралық үлгiлерге сәйкес болады.
II ТАРАУ - МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ 3-БАП
ЖАЛПЫ
Техникалық ынтымақтастық жөнiндегi келiсiм-шарттар және жеткiзу жөнiндегi келiсiм-шарттар жасасу үшiн қолданылуға тиiс рәсiм төменде тұжырымдалған қағидаттарға сүйене отырып, қаржыландыру туралы Меморандумда белгiленетiн болады.
4-БАП
БАСТАУ
КОМИССИЯ рұқсат еткен жекелеген жағдайларды қоспағанда, келiсiм-шарттарды орындау үшiн талап етілетiн материалдар, ресурстар және қызмет көрсетулер Қоғамдастықтан немесе 1991 жылғы 15 шiлдедегi N 2157/91 және 1991 жылғы 19 шiлдедегi N 2053/93 нұсқаулықтарда көрсетiлген бенефициарий елдерден шығуы керек. Бенефициарий-елдердiң осы келiсiмге қол қою сәтiне жасалған тiзiмi қоса берiлiп отыр.
Жекелеген жағдайларда және Комиссияның айрықша ұйғарымымен бастау РНАRE бағдарламасының бенефициарий-елдерiне, жерорта теңiздiк елдерге дейiн және бiрлесiп қаржыландырған жағдайда iске қатысты басқа үшiншi елдерге дейiн кеңейтiлуi мүмкiн. РНАRE бағдарламасының бенефициарий-елдерiнiң осы келiсiмге қол қою сәтiне тiзiмi қоса берiлiп отыр.
Бiртектi немесе әртүрлi ұлттық тектен шыққан фирмалар арасындағы топтастыру, консорциум және субмердiгерлiктер туралы келiсiмдер осы бастау ережелерiнiң ықпалында болады.
5-БАП
СТАНДАРТТЫ РӘСIМДЕРДЕН БАС ТАРТУ
Мәселенiң кiдiрiссiздiгi немесе ІС-ШАРАНЫҢ мәнi, екiншi кезектегi маңыздылығы немесе ерекше сипаттарының (мысалы, екi кезеңдi қаржыландыру операциясы, көп желiлi операциялар, жекелеген техникалық ерекшелiктер және т.c.c.) себептерi бойынша ақталудың қайда екендiгi түсiндiрiлген жағдайларда КОМИССИЯ ерекшелiктер ретiнде:
- жобалар конкурсы туралы шектеулi хабарландырудан кейiн жеткізілім жөнiндегi келiсiм-шарттарды орналастыруға;
- тiкелей келiсiммен келiсiм-шарттар жасасуға рұқсат бере алады.
6-БАП
ЖЕТКIЗIЛIМДЕР ЖӨНIНДЕГI КЕЛIСIМ-ШАРТТАРҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
5-баптың шарттары бойынша жеткiзiлiмдер жөнiндегi келiсiм-шарттарға қатысу үшiн тең жағдайларға атап айтқанда, жобалар конкурсына қатысу үшiн шақыруды тиiстi уақытында жариялау жолымен кепiлдiк берiледi. Қоғамдастықтың хабарландыруы әдетте, Европалық қоғамдастықтардың Ресми журналында және тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы және басқа да мүдделi елдер үшiн жарияланады.
7-БАП
КЕЛIСIМ-ШАРТТАРДЫ ҰСЫНУ
КОМИССИЯ әрбiр операция үшiн таңдалған ұсыныс әсiресе өтiнiм берушiлер ұсынған бiлiктiлiктер мен кепiлдiктер, жеткiзiлiмдер мен қызмет көрсетулердiң шығындары мен сапасы, жүзеге асырудың сипаты мен жағдайлары, кәдеге жаратуға жұмсалатын шығыстар мен техникалық құндылығы тұрғысынан неғұрлым экономикалық тиiмдi болып табылатындығына кепiлдiк беретiн болады.
Жеткiзiлiмдер бойынша келiсiм-шарттар жобалары конкурсының нәтижелерi Қоғамдастықтың ресми журналында жарияланатын болады.
8-БАП
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI КЕЛIСIМ-ШАРТТАР
1. Техникалық жәрдем көрсету жөнiндегi келiсiм-шарттар әдетте, жобалар конкурсы туралы шектеулi хабарландырудың соңын ала, немесе бұл Қоғамдастықтың жалпы бюджетiне қолданылатын қаржылық нұсқаулыққа сәйкес тiкелей келiсiм рәсiмдерi арқылы техникалық, экономикалық немесе қаржылық себептермен ақталған кезде жасалады.
2. КЕЛIСIМ-ШАРТТАРДЫ не КОМИССИЯ не бұл қаржыландыру туралы Меморандумда көзделген кезде көмек алушы немесе оның атынан iс-қимыл жасайтын заңды тұлға КОМИССИЯ немесе оның Қазақстан Республикасында тiркелген өкiлi бекiткеннен кейiн, егер осындай бар болатын болса, құрайтын, талқылайтын және жасасатын болады.
3. Жобалар конкурсы туралы шектеулi хабарландыру шеңберiнде КОМИССИЯ немесе бұл қаржыландыру туралы Меморандумда көзделген кезде Комиссияның рұқсатымен көмек алушы немесе оның атынан iс-қимыл жасайтын заңды тұлға қатысуға шақырылатын әлеуеттi мердiгерлердiң түпкілікті тізімін даярлайды.
4. Тiкелей келiсiм рәсiмiнiң шеңберiнде КОМИССИЯ немесе бұл қаржыландыру туралы Меморандумда көзделген кезде Комиссияның рұқсатымен көмек алушы немесе оның атынан iс-қимыл жасайтын заңды тұлға үмiткердi таңдайды және келісім-шарт жасасады.
III ТАРАУ - ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕРУ 9-БАП
ЖАЛПЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
Комиссия қаржыландыратын ІС-ШАРАЛАРМЕН қамтылған қызметшiлер iссапардағы сарапшылар мәртебесiн алады және Үкiмет осы мақсат үшiн Қазақстан Республикасына келетiн осы сарапшыларға және олардың отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасында қызмет көрсетулерi осындай немесе осыған ұқсас мақсаттар үшiн талап етiлетiн басқа экспатрианттардан кем емес құқықтар мен артықшылықтар бередi.
10-БАП
ҚҰРУ, ОРНАЛАСТЫРУ, КЕЛУ ЖӘНЕ ТҰРУ МҮМКIНДIГI
Жеткiзiлiмдер мен қызмет көрсетулер бойынша келiсiм-шарттар жасалған жағдайда келiсiм-шарттарға қатысуға мүдделi тұлғалар Қазақстан Республикасына келуге және егер мұны келiсiм-шарттың маңыздылығы талап етсе, уақытша орналасуға және тұруға құқық алады. Бұл құқық тек келiсiм-шарт туралы хабарланғаннан немесе жобалар конкурсына қатысуға шақыру жарияланғаннан және келiсiм-шартты даярлау үшiн зерттеулер жүргiзетiн қызметкерлер қарағаннан кейiн ғана алынады: ол өз күшiн мердiгер аталған соң бiр айдан кейiн жояды.
Үкiмет, 9-бапта көрсетiлгендей, Қоғамдастық қаржыландыратын қызмет көрсетуге жасалған келiсiм-шарттармен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге және олардың отбасыларына бiрнеше дүркiн қолданылатын визалар бередi және визалардың Қазақстан Республикасында қолданылу мерзiмдерiнің ұзартылуын қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, Үкiмет жоғарыда аталған iссапардағы сарапшыларға келiсiм-шарттың сипаты талап еткен кезден бастап және оны орындау үшiн қажеттi кезеңнiң шегiнде және Қазақстан Республикасының тиiстi заңдары мен ережелерiне сәйкес тұруға рұқсат алуға, онда жұмыс iстеуге және ол жерден шығып кетуге рұқсат бередi.
Сарапшылар келiсiмен ҮКIМЕТ оларға және олардың отбасыларына РЕСПУБЛИКАНЫҢ барлық аумағында еркiн орын ауыстыруға және кез келген қалада қандай да болмасын қосымша арнайы рұқсат алу қажеттiлiгiнсiз тұруға рұқсат және виза бередi.
11-бап
ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫ
ҮКIМЕТ ІС-ШАРАНЫ жүзеге асыруға арналған қажеттi кәсiби жабдықтардың және оның iшiнде автомобильдердiң импорты үшiн қажеттi рұқсат бередi.
Іссапарға келген сарапшылар жобаны орындау мақсатында әкелiнген автомобильдердi осы автомобильдердiң келiсiлген жобалар үшiн жеткiзiлгендiгi және Қоғамдастықтың немесе осы келiсiлген келiсiм-шартты орындау үшiн Қоғамдастықпен тиiстi үлгiде келiсiм-шарт жасасқан ұйымның қарауында тұратындығы көрсетiлген тiзiмге тiркейдi.
Бұдан басқа, Үкiмет жеткiзiлiмдер мен қызмет көрсетулер бойынша келiсiм-шарттарды орындаған жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жоғарыда аталған жабдықтар мен автомобильдердi керi экспорттауға қажеттi рұқсат бередi.
12-БАП
ВАЛЮТА ИМПОРТЫ МЕН АЙЫРБАСЫН БАҚЫЛАУ
ІС-ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыру үшiн ҮКIМЕТ шетел валютасының импортына және сатып алуға рұқсат берiлуiн және Қоғамдастық мүшелерiнiң арасында айырмашылықтар белгiлеместен валюта айырбастауды бақылау ережелерiнiң қолданылуын өз жауапкершiлiгiне алады.
ҮКIМЕТ iссапардағы сарапшыларға және олардың отбасыларына техникалық көмек көрсету жөнiндегi келiсiм-шарттың мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасына шетелдiк валюта әкелуге және онда сақтауға қажеттi рұқсат бередi.
Бұдан басқа, iссапардағы сарапшылар және олардың отбасылары өздерiнiң таңдауларына қарай пайдаланылмаған шетелдiк валютаны әкету құқығын алады.
13-БАП
САЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ KEДЕН
1. Салықтар және баж салығы ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылмайды.
2. ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылатын немесе бiрлесiп қаржыландырылатын келiсiм-шарттарды орындау шегiнде Қазақстан Республикасына әкелiнген жабдықтар мен автомобильдердi қоса алғанда, тауарлардан импорттық алымдар, салықтар немесе осындай сипаттағы, Үкiмет немесе оның қандай да болмасын органы бекiткен фискальдық алымдар алынбайды.
- КОМИССИЯНЫҢ талап етуi бойынша ҮКIМЕТ олар туралы әңгiме қозғалып отырған импортталған тауарлардың жоғарыда аталған салықтарды, баж салықтарын және алымдарды реттеу туралы қандай да болмасын дауларға қарамастан келiсiм-шарттың қалыпты орындалуы үшін өткiзу пунктiнен алушыға дейiн мерзiмiнде өткiзiлуiне кепiлдiк бередi.
- ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылатын жеткiзiлiмдер бойынша келiсiм-шартқа Қазақстан Республикасынан шығарылған өнiм енгiзiлген жағдайда, келiсiм-шарт осындай жеткiзiлiм түрiне Қазақстан Республикасында қолданылатын iшкi салықтар немесе фискальдық алымдар енгiзiлмеген бағаның негiзiнде жасалады және осындай салықтар мен алымдардың тiзiмiн бөлек беру керек.
3. ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылатын келiсiм-шарттар осындай алымдардың болуына немесе олардың енгiзiлуге тиiстi екендiгiне қарамастан қолданылуы бiрдей құжатты немесе тiркеу салымдарын немесе фискальдық алымдарды штампылау талаптарына жатпайды.
4. ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылатын техникалық ынтымақтастық келiсiм-шарттары бойынша жұмыс iстейтiн экспатрианттарды қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасындағы Үкiмет немесе оның қандай да болмасын органы мынадай төлемдерден босатылады:
- әлеуметтiк сақтандыру шегерiмдерiнен;
- кәсiпкерлiк қызметке салынатын салықтан және табыс салығынан немесе Қоғамдастықтан немесе Қоғамдастық келiсiм-шарт жасасқан ұйымнан алынған осындай сипаттағы алымдардан.
5. Осы жерде жұмыс iстейтiндерден басқа - техникалық ынтымақтастық жөнiндегi келiсiм-шарттарда айқындалған мiндеттердi орындау мақсатында жұмыс iстейтiн жеке тұлғалардың (және олардың отбасы мүшелерi) жеке пайдаланулары үшін импортталған жеке және үйде пайдаланылатын заттар, сондай-ақ тағам әкелу алымдарынан, салықтардан және Қазақстан Республикасында ҮКIМЕТ немесе оған бағынысты қандай да болмасын орган алатын, баламалы күшi бар фискальдық алымдардан босатылады.
Айтылған үйде және жеке пайдаланылатын заттар келiсiм-шарт аяқталғаннан кейiн Қазақстанда қолданылып жүрген ережелерге сәйкес не керi экспортталуы не Қазақстан Республикасына сыйға тартылуы мүмкiн.
Қолданылып жүрген ережелер мен нұсқаулықтардың сақталуына бағына отырып, осы көлiк құралының тек қана тиiстi келiсiм-шарт кезеңi iшiнде пайдалану және осы кезеңнiң аяқталуы бойынша керi экспорттау шартымен бiр отбасына бiр моторлы жылжымалы құралды баж салығын салмастан Қазақстан Республикасына импорттауға рұқсат етiлдi. Сарапшылар және олардың отбасыларының мүшелерi олардың өздерiнде бар жүргiзушi куәлiктерiн көрсете отырып, жергiлiктi жүргiзушi куәлiктерiн ала алады.
6. 11-бапта көрсетiлгенiндей, кәсiби жабдықтарды импорттайтын жеке және заңды тұлғалар олардың өтiнiштерi бойынша аталған жабдықтарға қатысты Қазақстан Республикасының заңымен айқындалғандай, уақытша әкелу жөнiндегi артықшылықтарды алады. Әкелу және әкету кезiнде осы барлық жабдықтарға баж салығы, салықтар мен алымдар салынбайды немесе Үкiмет немесе оған бағынысты қандайда болмасын орган алатын, осыларға ұқсас алымдар алынбайды.
IV ТАРАУ - ТӨЛЕМДЕР РӘСIМI 14-БАП
ТӨЛЕМДЕР РӘСIМДЕРI
1. ЕҚ қаржыландыратын немесе бiрлесiп қаржыландыратын келiсiм-шарттар бойынша мердiгерлiкке өтiнiм, әдетте ЭКЮ-де жасалады және төленедi. Ерекше негiзделген жағдайларда басқа валютаны пайдалануға Комиссия жекелеген жағдайларда рұқсат етедi.
2. Мердiгерлiкке өтiнiм ЭКЮ-де жасалғаннан кейiн тиiстi төлемдер келiсiм-шартта көрсетiлген валютамен, төлем алдындағы күнгi бағам бойынша ЭКЮ құнына балама негiзде жүргiзiледi.
V ТАРАУ - КЕЛIСУШI ТАРАПТАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 15-БАП
АҚПАРАТ ЖӘНЕ КӨМЕК
1. КОМИССИЯ сарапшылардың жеке басы және олардың қарамағындағылар туралы, егер ондай бар болса, жұмыс iстейтiн келiсiлген жоба туралы, олардың келген күнi, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жерi және олардың жұмыс iстеу мерзiмдерi туралы шұғыл түрде ҮКIМЕТТI хабардар етедi.
2. ҮКIМЕТ келiсiлген жобаларды жүзеге асыруды жеңiлдету және осы Жалпы ережелердi орындау үшiн қажет етiлетiн кез келген әкiмшiлiк көмек көрсететiн болады.
16-БАП
ИНСПЕКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРIС ЖҮРГIЗУ
1. КОМИССИЯ Европалық қоғамдастықтардың Бақылау комиссиясымен бiрге олар ІС-ШАРАНЫ жүзеге асыруға қажеттi деп санайтын техникалық немесе қаржылық миссиялар немесе тексерiстер жүргiзу үшiн өздерiнiң сенiмдi тұлғаларын немесе тиiстi түрде уәкiлдiк берiлген өкiлдерiн жiберуге құқылы.
Алайда КОМИССИЯ және Бақылау комиссиясы осындай миссиялар туралы алдын ала ескертедi және Қазақстан Республикасынан осындай тексерiстерге қатысуды сұрай алады.
ҮКIМЕТ iске қатысты барлық ақпаратты және одан талап етiлетiн, оның қарауындағы құжаттарды ұсынады және тексерiс немесе инспекциялау жүргiзуге нұсқау алған тұлғалардың жұмысын жеңiлдету үшiн барлық қажеттi шараларды қолданады.
2. Қаржыландыру туралы меморандум КОМИССИЯНЫҢ мақұлдауымен iс-шараны жүзеге асыру үшiн алушыға немесе оның атынан әрекет жасайтын заңды тұлғаға қаражат берген кезде YKIMET мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
(а) Қаржыландыру туралы меморандум бойынша қаржыландырылған жеткiзiлiмдер мен қызмет көрсетулердiң нақтылығын белгiлеу үшiн жеткiлiктi түрдегi есеп берулер тиiстi бухгалтерлiк рәсiмдерге сәйкес сақталады;
(б) КОМИССИЯ-ның жоғарыда аталған сенiмдi тұлғаларының немесе өкiлдерiнiң және Бақылау комиссиясының Қаржыландыру туралы меморандум бойынша қаржыландырылған тармақтарға қатысты барлық құжаттаманы және есеп берулердi тексеруге құқығы бар.
17-БАП
ДАМУ ҮШIН ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР
Тараптар ретi келген жерде Қаржыландыру туралы меморандумда көрсетiлген кестеге сәйкес даму үшiн қабылданған iс-шараларды бақылай және ШАРАЛАР орындалысын керi күшi бар бағалауды жүргiзе және нәтижелерi туралы бiр-бiрiн хабардар ете алады.
VI ТАРАУ - ЖАЛПЫ ЖӘНЕ СОҢҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР 18-БАП
КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР - ДАУЛАР
1. Қаржыландыру туралы меморандумды немесе Жалпы ережелердiң деректерiн орындауға және түсiндiруге қатысты кез келген сұрақ Қаржыландыру туралы меморандумға түзетулер жасауға қажет болатын, Тараптар арасындағы жүргiзiлетiн консультациялардың нысанасы болады.
2. Қаржыландыру туралы меморандумда немесе Жалпы ережелерде айтылатын, қолайлы уақытта қабылданған түзету шараларына ұшырамаған мiндеттеме орындалмаған жағдайларда КОМИССИЯ ҮКIМЕТПЕН келiскеннен кейiн ІС-ШАРАНЫ қаржыландыруды тоқтата тұра немесе тоқтата алады.
ҮКIМЕТ ІС-ШАРАНЫ жүргiзуден толық немесе iшiнара бас тарта алады.
Келiсушi тараптар осындай бас тартудың егжей-тегжейiн хат алмасу арқылы алдын ала келiседi.
19-БАП
ХАБАРЛАР - МЕКЕН-ЖАЙЛАР
Бұл ретте ұсынылған кез келген хабар және тараптар арасындағы кез келген келiсiмдер ІС-ШAPAHЫҢ нөмiрiне және атауына сiлтеме жасай отырып, хат алмасудың нысанасы болып табылуы тиiс. Осындай хабарлар немесе келiсiмдер сол iс-шараға рұқсат алған тарапқа жөнелтiлген хатта бiлдiрiлетiн болады және осы тарап көрсеткен мекен-жайға жөнелтiледi. Аса қажет болған жағдайда хабарды сондай-ақ телефакс, телеграф немесе телекс арқылы да жiберуге рұқсат етiледi және олар бiрден хат арқылы расталған жағдайда нақты шын болып саналады.
Мекен-жайлар Қаржыландыру туралы меморандумда көрсетiлген.
I қосымша
ТАСИС-тiң алушы елдерiнiң тiзiмi
Армения,
Әзербайджан,
Беларусь,
Грузия,
Қазақстан,
Қырғызстан,
Молдова,
Ресей Федерациясы,
Тәжiкстан,
Түрiкменстан,
Украина,
Өзбекстан,
Монғолия.
II қосымша
ФАРЕ-нiң алушы елдeрiнiң тiзiмi
Албания,
Болгария,
Венгрия,
Латвия,
Литва,
Польша,
Румыния,
Словакия.