Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 25 мамырдағы N 553 Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      1) 8-баптың екiншi бөлiгiнде:
      сегiзiншi-оныншы абзацтар алып тасталсын;
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласында өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;";
      2) 67-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.".

      2. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат):
      1) бүкiл мәтiн бойынша "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органда", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздер тиiсiнше "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 8-бапта:
      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды белгiлейдi;";
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы Заңға сәйкес осы аумақтарды пайдаланғаны және олар көрсететiн қызметтер үшiн ақы алудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;";
      3) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган:
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi;
      қорық iсi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргізеді;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелердi бекiтедi;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiнде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелер әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жiбередi;
      өзiнiң қарауындағы мемлекеттiк мекемелер нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы жеке ережелердi бекiтедi;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын тiркейдi;
      өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      10-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар
              өзге де орталық атқарушы органдардың құзыретi
      Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдар:
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге және орындауға қатысады;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi әзірлеуді ұйымдастырады, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етедi және оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк мекеме нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы жеке ережелердi бекiтедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын жасайды және тiркеуге жiбередi;
      өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
      өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша күзет қызметiн құрады және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.";
      4) 11-баптың 2-тармағының төртiншi абзацындағы "орталық атқарушы органдармен" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 29-баптың 2-тармағындағы "қоршаған ортаны қорғау саласындағы және ғылым саласындағы орталық атқарушы органдар" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган мен ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 74-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеу;";
      7) 75-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеу;";
      8) 78-баптың 1-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асырған кезде жеке және заңды тұлғаларға, соның iшiнде мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарға қатысу арқылы ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражат;".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады