2002 жылғы 7 маусымдағы Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 21 қарашадағы N 91-IV Заңы

      2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Бішкекте 2007 жылғы 16 тамызда қол қойылған хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей
Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына
мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы
құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер осы Хаттаманы төмендегілер жөнінде жасасты:

1-бап

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Келісімнің 11-бабының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорды Кеңестің ұсынымы бойынша ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының Кеңесі тағайындайды. Директордың орынбасарларын Кеңес аталған лауазымдар бекітіліп берілген Тараптардың ұсынысы бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";
      Келісімнің 21-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орыс және қытай тілдері ӨТҚҚ-ның ресми және жұмыс тілдері болып табылады.".

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.

      2007 жылғы 16 тамызда Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқалық данада жасалған, екі мәтіннің де күші бірдей.

       Қазақстан Республикасы үшін

      Қытай Халық Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      Ресей Федерациясы үшін

      Тәжікстан Республикасы үшін

      Өзбекстан Республикасы үшін

      2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің қазақ тіліне аударылған мәтінінің орыс тіліндегі мәтінімен тең екендігін растаймын.

       Қазақстан Республикасы ҰҚК
      Кадрлар департаментінің
      басқармасы бастығының орынбасары            Қ. Терекбаев

      РҚАО-ның ескертуі: Әрі қарай Хаттаманың қытай тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады