2006 жылғы 4 қыркүйекте Астанада жасалған 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және
Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек
мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге
Хаттама
(2011 жылғы 11 қарашада күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық, екі жақты өткізу пункттері мен олардың жұмыс режимін келісу мақсатында,
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 1-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын адамдардың және көлік құралдарының кесіп өтуі, жүктерді, тауарларды және жануарларды тасымалдау үшін Тараптар халықаралық және екі жақты өткізу пункттерінің тізбесін (қоса беріліп отыр) келісті.
Өткізу пункттерінің көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерде жұмыс істеу уақыты Тараптардың шекаралық өкілдері желісі бойынша анықталатын болады.
Хаттамада Тараптар мынадай терминдерді пайдаланады:
екі жақты (мемлекетаралық) өткізу пункті - тек тараптар мемлекеттерінің азаматтары мен көлік құралдарының шекараны кесіп өтуі үшін;
халықаралық (көп жақты) өткізу пункті - азаматтығына қарамай жеке адамдардың және тараптар мемлекеттері мен үшінші елдердің аумақтарында тіркелген автокөлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі үшін.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.04.2015 № 309-V Заңымен.2-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы аяқталғанға дейін қолданылады.
2006 жылғы "4" қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының | Өзбекстан Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға қосымша |
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің
ТІЗБЕСІ
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР 24.04.2015 № 309-V; 03.07.2017 № 82-VI Заңдарымен.
Р/с | Қазақстан Республикасы | Өзбекстан Республикасы | Өткізу пунктінің мәртебесі | Жұмыс істеу режимі | ||
Атауы | Орналасқан жері | Атауы | Орналасқан жері | |||
Темір жол өткізу пункттері | ||||||
1. | Оазис | Маңғыстау облысы | Қарақалпақстан | Қарақалпақстан Республикасы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
2.1 | Мақтаарал | Оңтүстік Қазақстан облысы | Сырдария | Сырдария облысы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
Автомобильдік өткізу пункттері | ||||||
3. | Тәжен | Маңғыстау облысы | Дәуіт-Ата | Қарақалпақстан Республикасы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
4. | Жібек Жолы | Оңтүстік Қазақстан облысы | Гишт-Көпрік | Ташкент облысы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
5. | Б. Қонысбаев | Оңтүстік Қазақстан облысы | Яллама | Ташкент облысы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
6. | Қапланбек | Оңтүстік Қазақстан облысы | Зангиота | Ташкент облысы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
7. | Қазығұрт | Оңтүстік Қазақстан облысы | Ташкент | Ташкент облысы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
8. | Алып тасталды - ҚР 24.04.2015 № 309-V Заңымен. | |||||
9. | Атамекен | Оңтүстік Қазақстан облысы | Гулистан | Сырдария облысы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
10. | Алып тасталды - ҚР 24.04.2015 № 309-V Заңымен. | |||||
11. | Алып тасталды - ҚР 24.04.2015 № 309-V Заңымен. | |||||
12. | Алып тасталды - ҚР 24.04.2015 № 309-V Заңымен. | |||||
13. | Целинный* | Оңтүстік Қазақстан облысы | Ок олтин* | Сырдария облысы | Екі жақты (мемлекетаралық) | Тәуліктің жарық уақытында |
14. | Сырдария* | Оңтүстік Қазақстан облысы | Малик* | Сырдария облысы | Екі жақты (мемлекетаралық) | Тәуліктің жарық уақытында |
* Өткізу пункті жеңіл автокөліктің өтуі үшін ғана пайдаланылады, жүктер мен тауарларды коммерциялық мақсатта өткізу жүргізілмейді. Тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау жүзеге асырылмайды.
Осымен 2006 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында қол қойылған 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы | |
Сыртқы істер министрлігінің | |
Халықаралық-құқық департаментінің | |
Басқарма Бастығы | А. Кенжебаева |