Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 11 наурызда Ташкентте және 2017 жылғы 14 наурызда Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
(2017 жылғы 15 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 4, 56-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі
екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық және екі жақты өткізу пункттерін келісу мақсатында,
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы Келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйекте қол қойылған Хаттамаға қосымша болып табылатын Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің Тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Темір жол өткізу пункттері" деген бөлімнің 1-тармағындағы Қазақстан Республикасының "Бейнеу" өткізу пунктінің атауы "Оазис" деп ауыстырылсын.
2. "Автомобильдік өткізу пункттері" деген бөлімде:
1) 6, 7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Қапланбек | Оңтүстік Қазақстан облысы | Зангиота | Ташкент облысы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
7. | Қазығұрт | Оңтүстік Қазақстан облысы | Ташкент | Ташкент облысы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
9. | Атамекен | Оңтүстік Қазақстан облысы | Гулистан | Сырдария облысы | Халықаралық (көп жақты) | Тәулік бойы |
";
2) мынадай мазмұндағы 13 және 14-тармақтармен толықтырылсын:
"
13. | Целинный* | Оңтүстік Қазақстан облысы | Ок олтин* | Сырдария облысы | Екі жақты (мемлекетаралық) | Тәуліктің жарық уақытында |
14. | Сырдария* | Оңтүстік Қазақстан облысы | Малик* | Сырдария облысы | Екі жақты (мемлекетаралық) | Тәуліктің жарық уақытында |
* Өткізу пункті жеңіл автокөліктің өтуі үшін ғана пайдаланылады, жүктер мен тауарларды коммерциялық мақсатта өткізу жүргізілмейді. Тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау жүзеге асырылмайды.".
2-бап
Өзбекстан Республикасы азаматының паспорттары иелерін, дипломатиялық паспорттар иелерін, үкіметаралық фельдъегерлік байланыс, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, ресми делегациялар мүшелерін, дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін, 16 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, Өзбекстан Республикасының барлық азаматтарына "Сырдария" өткізу пунктінен "Целинный" өткізу пунктіне дейін және "Целинный" өткізу пунктінен "Сырдария" өткізу пунктіне дейін аялдамасыз транзитпен жүру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көші-қон карточкаларын береді, онда сапар мақсаты "транзит" деп көрсетіледі және Қазақстан Республикасына келгені туралы белгі қойылады. Бұл ретте Өзбекстан Республикасы азаматтарының паспорттарына шекараны кесіп өткені туралы белгі қойылмайды.
3-бап
Осы Хаттама Келісімнің 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Осы Хаттама келісім қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
2017 жылғы 11 наурыздағы Ташкент қаласында және 2017 жылғы 14 наурыздағы Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының | Өзбекстан Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Хаттаманың өзбек тіліндегі мәтіні берілген.