Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 57-V Заңы

     РҚАО-ның ескертпесі!
     Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат):
      1) 59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, зияткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда, мүлiктiк құқықтар және өзге де мүлiк (жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес құрылатын микроқаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын исламдық арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.»;
      2) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «64-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы

      Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары айқындайды, бiрақ ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.
      Толық серiктестiк нысанында құрылған микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында айқындалады.»;
      3) 74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Коммандиттік серiктестiк нысанында құрылған микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында айқындалады.»;
      4) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «78-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң
              жарғылық капиталы

      Жарғылық капиталдың мөлшерiн жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) айқындайды және ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.
      Жауапкершілігі шектеулі серiктестiк нысанында құрылған микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында айқындалады.».
      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат):
      718-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының және кредиттік серіктестіктердің қарыз алушыларының құқықтарын қорғау қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз беруші алатын сыйақыны, комиссиялардың барлық түрлерін және өзге де төлемдерді қамтитын және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) мазмұнында 168-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «168-1-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының талаптарын бұзу»;
      2) 52-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «6. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тастауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.»;
      3) 168-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «168-1-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары
                  туралы заңнамасының талаптарын бұзу

      1. Микроқаржы ұйымдарының «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы -
      жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Микроқаржы ұйымының жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында таратуы немесе орналастыруы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Микроқаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында талап етілетін ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) уақытылы бермеуі не микроқаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты беруі не анық емес ақпаратты беруі -
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Микроқаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шараларында көзделген міндеттерді орындамауы -
      екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы -
      үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 179-баптың үшінші және төртінші бөліктері «исламдық арнайы қаржы компанияларының,» деген сөздерден кейін «микроқаржы ұйымдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «168-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «168-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      6) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнің 1) тармақшасында:
      отыз екінші абзац «167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерi),» деген сөздерден кейін «168-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      отыз бесінші абзацтағы «168-1,» деген цифрлар алып тасталсын.
      4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 85-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) осы Кодекстің 106-бабының 13 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;»;
      2) 90-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 13 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
      1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
      2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
      3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.
      2. Мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша борышкер заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылуына байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған;
      2) борышкер жеке тұлға соттың күшіне енген шешімінің негізінде хабарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп жарияланған, оған І, ІІ топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
      3) осы Кодекстің 106-бабының 13 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген;
      4) осы Кодекстің 106-бабының 1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
      5) борышкер дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алынған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы – осы Кодекстің 106-бабының 1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды.»;
      3) 106-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Микроқаржы ұйымдарының өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерін қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
      Берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;
      4) 143-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;»;
      5) 262-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есепке жатқызудың пропорционалды әдiсiн пайдаланатын банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының кепілдегі мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.».
      5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 15-баптың екінші бөлігінің 41) және 43) тармақшалары «исламдық арнайы қаржы компаниялары,», «исламдық арнайы қаржы компанияларының,» деген сөздерден кейін тиісінше «микроқаржы ұйымдары,», «микроқаржы ұйымдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 61-баптың 1 және 2-тармақтары «Қазақстанның Даму Банкі» деген сөздерден кейін «, микроқаржы ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын.
      6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 30-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;»;
      2) 40-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банк омбудсманының қаржы ұйымдарында және микроқаржы ұйымдарында кез келген қызметті атқаруға, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үлестес тұлғасы болуға құқығы жоқ.».
      7. «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      24-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жеке тұлға микроқаржы ұйымымен (кредиттік серіктестікпен) жасасқан микрокредит (кредит) беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй және (немесе) тұрғын үй орналасқан жер учаскесі ипотеканың нысанасы болып табылған жағдайларда жол берiлмейдi.».
      8. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
      5-1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру тәртібін бекітеді;».
      9. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 12-баптың 4-тармағындағы «Микрокредиттік ұйымдардың» деген сөздер «Микроқаржы ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және халықаралық қаржы ұйымдары ғана орталық депозитарийдiң құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
      Орталық депозитарийдiң акцияларын уәкілетті органның тікелей және (немесе) жанама иелену үлесі орталық депозитарийдiң дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.
      Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы уәкілетті органға тиесілі сауда-саттықты ұйымдастырушыны қоспағанда, бағалы қағаздар нарығының әрбір кәсіби қатысушысының және әрбір халықаралық қаржы ұйымының орталық депозитарийдің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.»;
      3) 84-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің өзінің үлестес тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.
      Сауда-саттықты ұйымдастырушының капиталындағы уәкілетті органның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.».
      10. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар жiберуге құқылы.»;
      2) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары;»;
      3) 20-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары;»;
      4) 24-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кредиттiк бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары беретiн ақпаратта:»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ микрокредиттер беру түсiніледi.».
      11. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      18-баптың 7-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту;».
      12. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 19-бапта:
      3-тармақ «қаржы ұйымдарынан,» деген сөздерден кейін «микроқаржы ұйымдарынан,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-1-тармақ «Қаржы ұйымдары,» деген сөздерден кейін «микроқаржы ұйымдары,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 20-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында, инвестициялық қорларда және Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер мен оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
      6-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қаржы ұйымдары мен микроқаржы ұйымдары үшін:»;
      4) тармақша «қаржы ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «микроқаржы ұйымдарының,» деген сөздермен толықтырылсын.
      13. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат):
      21-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «шартын» деген сөзден кейін «және микрокредит беру туралы шартты» деген сөздермен толықтырылсын.
      14. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат):
      59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «59-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабында:
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
      1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
      2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқығын қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
      3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.»;
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 2-тармақтың 5) тармақшасындағы «алынған жағдайларда, провизиялардың (резервтердің) бұрын шегерімге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кездегі сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды» деген сөздер «алынған» деген сөзбен ауыстырылып, 6) тармақшадағы «банк басқаға берген» деген сөздерден кейін «жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы – осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды» деген сөздермен толықтырылсын;
      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 2-тармақтың 6) тармақшасы «банк басқаға берген» деген сөздерден кейін «жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы – осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды» деген сөздермен толықтырылсын.
      15. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшада:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «59-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;».
      16. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 14, 117-құжат):
      7-баптың екінші абзацындағы «1 және» деген сөздер «1, 3 және» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.
      1. Осы Заң:
      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 4-тармағының 1)3)4) және 5) тармақшаларын және 16-тармағын;
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының екінші – бесінші абзацтарын;
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының алтыншы – он бірінші абзацтарын;
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 14-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы, 4-тармағының 4) және 5) тармақшалары678-тармақтары, 9-тармағының 1) тармақшасы11 және 13-тармақтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін микрокредиттік ұйымдарға қолданылады.
      3. Микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қағидаларға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша активтерді сыныптауды жүзеге асырған және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құрған жағдайда, осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші-бесінші абзацтарында, 3) тармақшасында14 және 16-тармақтарында микроқаржы ұйымдары үшін көзделген нормаларды қолдануға құқылы.
      4. Сауда-саттықты ұйымдастырушы акционерлер құрылымының осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацында белгіленген талапқа сәйкес келуін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде қамтамасыз етуге міндетті.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сауда-саттықты ұйымдастырушының капиталындағы акцияларды иелену үлесін артықшылықты тәртіппен осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацында көзделген деңгейге дейін ұлғайтады.
      Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады