2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 277-V ҚРЗ

      2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 25 сәуірде Минскіде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық
автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама

(2015 жылғы 21 қаңтарда күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2015 ж., № 2, 16-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі
      2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
      екі мемлекет арасындағы автомобиль қатынасын, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитті одан әрі дамытуға ұмтылыс білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 6-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдау:
      а) екі Тарап мемлекеттерінің арасында;
      б) екі Тарап мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзитпен рұқсат болмай-ақ жүзеге асырылады.
      Осы Келісімнің 11-бабында көзделген тасымалдауларды қоспағанда, үшінші мемлекетке/мемлекеттен жүктерді тасымалдау Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары беретін рұқсаттардың негізінде автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.».

2-бап

      Келісімнің 11-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірлері бар бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап әкелу кезінде де рұқсат талап етілмейді.».

3-бап

      2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді қолдану ережелері туралы атқарушы хаттамаға мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақтың а) тармақшасы алып тасталсын;
      7-тармақта «екі Тарап мемлекеттерінің арасында, олардың аумақтары бойынша транзитпен» деген сөздер алып тасталсын.

4-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2013 жылғы 25 сәуірде Минск қаласында екі данада әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының    Беларусь Республикасының
           Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады