РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы "сондай-ақ" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 167-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "және байланыс" деген сөздер алып тасталсын;
3) 169-баптың 3-тармағындағы "және байланыс" деген сөздер алып тасталсын.
2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат):
95-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке және мерзімдерге сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беру, мұндай электрондық ақпараттық ресурстар барлау, қарсы барлау қызметімен және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларымен байланысты, берілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ақпаратты қамтитын жағдайларды қоспағанда, дәрігерлік құпияны жария ету болып табылмайды.".
3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 205-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –";
2) 206-баптың екінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты;";
3) 207-баптың екінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты;";
4) 208-баптың екінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты;";
5) 209-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінен ақпарат алу мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекет –";
6) 210-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –".
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; 2017 жылғы 14 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
187-баптың бірінші бөлігіндегі "мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне" деген сөздер "ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 692-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"692-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган";
903-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 451-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілері арқылы ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмаған адамның дербес және биометриялық деректерін, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
3) 452-баптың алтыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
4) 454-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға алып келеді.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
5) 455-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацындағы "бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып," деген сөздер алып тасталсын;
6) 456-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға алып келеді.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
7) 637-бапта:
6), 9-1) және 9-2) тармақшалар алып тасталсын;
он үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
8) 641-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері меншік иесінің немесе иеленушісінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығын ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және оларға ден қою нәтижелері туралы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде құлақтандырмауы –
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
9) 684-баптың бірінші бөлігінде:
"451" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздер "452 (үшінші және төртiншi бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"454 (екiншi бөлiгiнде), 455 (төртiншi бөлiгiнде), 456," деген сөздер алып тасталсын;
10) 692-баптың бірінші бөлігіндегі "641-баптарында" деген сөздер "641 (бірінші бөлігінің 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 692-1-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 451 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 454, 455 және 456-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";
екінші бөліктің 1) тармақшасындағы "орынбасарлары;" деген сөз "орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 692-2-баппен толықтырылсын:
"692-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 641 (бірінші бөліктің 2), 3), 6) тармақшаларында, екінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.";
13) 804-баптың бірінші бөлігінде:
23) тармақшадағы "және байланыс" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның (462, 463-баптар);";
50) тармақшадағы "454 (екінші бөлігі), 455 (төртінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 452 (үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);";
14) 900-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
15) 903-бап алып тасталсын.
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар):
1) 28-бапта:
8-тармақ "ақпаратты" деген сөзден кейін "немесе осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісін меншік құқығында немесе басқа да заңды негізде иеленетін кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына береді.";
2) 120-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5, 1-6 және 1-7-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларына сараптаманы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүргізеді.
1-2. Мемлекеттік монополия субъектілері бағаларға сараптама жүргізу үшін жазбаша нысанда мыналарды:
1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік монополия енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
2) өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептерін растайтын негіздеуші материалдарды бере отырып, кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың алдағы өзгеруі (көтерілуі және (немесе) төмендеуі) және олардың өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептері туралы хабарламаны ұсынуға міндетті.
1-3. Сараптама жүргізу мерзімі хабарлама немесе ақпарат қарауға келіп түскен кезден бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды. Сараптама жүргізудің жалпы мерзімі күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспауға тиіс.
1-4. Монополияға қарсы орган хабарламаны немесе ақпаратты қарау барысында осы Кодексте белгіленген мерзімдерде мемлекеттік монополия субъектісінен шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.
1-5. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде мемлекеттік монополия субъектісі тиісті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.
1-6. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия субъектісі қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін хабарламаны немесе ақпаратты қарауды қайта бастайды.
1-7. Сараптама жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.";
3) 193-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.".
7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 15-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 86-1) тармақшамен толықтырылсын:
"86-1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдерін;";
2) 51-1-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдауды жүргізеді.".
8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; 2017 жылғы 14 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-6) және 4-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-6) банктің ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға беруі;
4-7) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының қаржылық және (немесе) төлем жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына беруі;";
2) 61-5-бап мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық қауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау, алдын алу шараларын іске асыру және ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің профилактикасы мақсаттарында ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, онда мыналар:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті және қатерлерді анықтау мен талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру жөніндегі іс-шараларды мониторингілеу;
2) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинау, шоғырландыру және сақтау;
3) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдау;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын өзге де талаптар көзделеді.
6. Банктер ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсынады.
7. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға береді.
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
8. Қазақстан Республикасының қаржылық және (немесе) төлем жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының елеулі екендігі туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпарат, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты жіберуге құқылы.".
9. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 1-1-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар бойынша таралып кетуін, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, оларға техникалық құралдармен әдейі әсер етуді болғызбауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызмет;";
2) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;";
3) 13-бап мынадай мазмұндағы 21-2), 21-3), 21-4), 21-5), 21-6), 21-7) және 21-8) тармақшалармен толықтырылсын;
"21-2) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
21-3) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асыру;
21-4) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21-5) қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21-6) қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу тәртібін айқындау;
21-7) қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану тәртібін айқындау;
21-8) ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын айқындау;".
10. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 24, 126-құжат):
7-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.
11. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) ресми хабар – "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген, ақпарат иеленуші бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беретін және (немесе) тарататын ақпарат;";
2) 2-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизмді немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға тыйым салынады.
4. Бұқаралық ақпарат құралын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Осы Заңның мақсаты үшін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау деп Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған ақпарат туралы қоғамдық оң пікірді қалыптастыру және (немесе) шектеусіз адамдар тобын құқыққа қарсы әрекет жасауға немесе әрекетсіздікке итермелеу үшін көзқарас, фактілер, дәлелдер және өзге де, оның ішінде әдейі бұрмаланған ақпаратты тарату түсініледі.";
3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі қағидаттары
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі қағидаттары:
1) объективтілік;
2) заңдылық;
3) анықтық;
4) адамның және азаматтың жеке өмірін, ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу болып табылады.";
4) 4-3-бапта:
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекітеді;
12-2) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;
12-3) белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекітеді;";
13-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13-3) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқамалар береді;";
5) 5-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды.";
6) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымдары, ақпараттық агенттіктер міндетті түрде есепке қойылуға жатады.
Интернет-ресурсты желілік басылым ретінде есепке қою ерікті түрде жүзеге асырылады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралын шығару тоқтатылады.";
7) 13-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті органда есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығару немесе тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, теле-, радиобағдарламалардың, теле-, радиоарналардың эфирге шығуын уақытша тоқтату, желілік басылымның қызметін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғанға дейін уақытша тоқтата тұру түсiнiледi.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
3. Қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.";
8) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 3-4-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Бұқаралық ақпарат құралдарына бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін дайындау, жариялау, қайталап көрсету және тарату кезінде мынадай жағдайларда:
1) егер осы адам ойын-сауық мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, жиналыстарда, митингілерде, шерулерде немесе демонстрацияларда және өзге де бұқаралық іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;
2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа;
3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.";
"3-4. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, мыналар:
1) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала;
2) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының күші ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.
Осы тармақта белгіленген шектеулер осы Заңның 25-бабы 2-2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.";
9) 15-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) осы шығарылымның таралымы;";
10) 16-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мерзiмдi баспасөз басылымдарының, оның ішінде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының мiндеттi тегiн даналарын не олардың бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандарын олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұлттық кiтапханаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жiбереді.
Мерзімді баспасөз басылымдарының, оның ішінде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының міндетті тегін даналарының бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандары олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың "орталық" мәртебесі берілген мемлекеттік кітапханасына жiберіледi.
Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, оның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мiндеттi тегiн даналарының электрондық-цифрлық нысандары олар әзiрленген күнi уәкiлеттi органға жiберіледi.";
"3. Уәкілетті орган мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастырады.";
11) 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар
1. Редакция, интернет-ресурстың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авторлық, сабақтас және зияткерлік меншiкке өзге де құқықтарды қоса алғанда, зияткерлік меншік құқығының пайдаланылатын объектілеріне, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге және қорғауға құқықтарды сақтауға мiндеттi.
2. Пайдаланушылар интернет-ресурста орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін мазмұнының мағынасын бұрмаламай қысқартуға және редакциялауға жол беріледі.
3. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға міндеттеуге ешкімнің құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мәліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жол берілмейді.
18-бап. Ресми хабарлар
1. Ресми хабар ауызша немесе жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық құжат түрінде таратылуы мүмкін.
Ресми хабарды ауызша нысанда тарату ақпарат иеленушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамының көпшілік алдында сөз сөйлеуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ресми хабарды жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық құжат түрінде таратқан кезде, оған ақпарат иеленушінің басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамы қол қоюға (электрондық құжат жағдайында – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға) тиіс.
2. Ресми хабар бұқаралық ақпарат құралдарына олардың меншік нысанына және тиесілілігіне қарамастан, тең шарттарда беріледі.
3. Бұқаралық ақпарат құралының берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салуына ақпарат иеленуші сұрау салу тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жауап ұсынуға не оны ұсыну мерзімін немесе уәжді бас тартуды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жауап беруге міндетті.
Қосымша зерделеу мен тексеруді талап ететін, берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салуға қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір мәрте ұзартуы мүмкін, ол туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
4. Қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін ақпарат иеленушіге бұқаралық ақпарат құралынан берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салу келіп түскен жағдайда, осы сұрау салу екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті органдарға жіберіліп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабар берілуге тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша және (немесе) электрондық құжат түріндегі берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5. Жазбаша немесе электрондық құжат түріндегі берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуларға жауаптар өтініш келіп түскен тілде ұсынылады.
Берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуларға жауаптар, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, келіп түскен сұрау салу нысанында ұсынылады.
6. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған мәліметтерді беруден бас тартуға жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға бағыныстылық тәртібімен не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";
12) мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2 және 18-3-баптармен толықтырылсын:
"18-1-бап. Ресми хабарларға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулар
1. Бұқаралық ақпарат құралы ақпарат иеленушіге ресми хабарға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулармен жүгінуге құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралының журналисі ақпарат иеленушіге телефон арқылы ауызша сұрау салумен жүгінген кезде өзін таныстыруға және әңгіменің аудиожазбасы жүргізілген жағдайда, ол туралы хабарлауға міндетті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша және (немесе) электрондық құжат түрінде берілген ақпаратты беру туралы сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Сұрау салуға жауап, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, ол келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, келіп түскен сұрау салу нысанында және тілінде ұсынылады.
Сұрау салынған ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы бір мәрте күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
2. Сұрау салу бойынша ақпарат беруден:
1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салу жіберілген ақпарат иеленушінің құзыретіне кірмесе;
2) егер сұрау салу осы Заңның талаптарына сәйкес келмейтін болса;
3) егер сұрау салынған ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жататын болса;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;
5) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңесулер негізінде әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;
6) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттарды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін бас тартылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауап ұсынбағаны немесе уақтылы жауап ұсынбағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған ақпаратты беруден бас тартуға мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне шағым жасау үшін бағыныстылық тәртібімен не сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
18-2-бап. Міндетті хабарлар
1. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде және (немесе) жергілікті атқарушы органдар оқиға басталған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы ахуал туралы ресми хабарлар беруге міндетті.
Ресми хабарларды бермегені немесе уақтылы бермегені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары өтеусіз негізде мыналарды:
1) заңды күшіне енген сот шешімін, егер онда осы сот процесі бойынша жауапкер болып табылатын бұқаралық ақпарат құралында жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талап қамтылатын болса;
2) "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу туралы ресми хабарларды;
3) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
4) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
5) осы баптың 1-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын жариялауға міндетті.
3. Міндетті хабарларды:
1) эфирге күн сайын шығатын теле-, радиоарналар – бір тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі немесе уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдары – осындай жарияланымдар үшін уәкілетті мемлекеттік органдар не сот белгілеген мерзімде жариялайды.
18-3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше)
1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, ведомстволарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда) мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпарат таратуды жүзеге асыратын, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға тағайындалады не уәкілетті бөлімше құрылады.
Дербес құрылымдық уәкілетті бөлімше және (немесе) штаттық лауазым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген штат саны лимиттерінің шегінде құрылады, сондай-ақ мемлекеттік органның бірінші басшысына тікелей бағынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, штат саны жиырма бес адамнан аз мемлекеттік органдарда осы баптың 2-тармағында белгіленген функциялар мемлекеттік орган қызметкерлерінің біріне негізгі функционалдық міндеттерінен босатылмай жүктеледі.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) негізгі функциялары мыналар:
1) ақпарат пайдаланушыларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша анық және қажетті ақпаратты беру;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар, түсіндірмелер, жарияланымдар әзірлеуге жәрдемдесу;
3) журналистерді және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдерін уақытша немесе тұрақты аккредиттеуден өткізу, сондай-ақ оларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты неғұрлым толық және кеңінен тарату үшін жәрдемдесу;
4) лауазымды адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;
5) интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету, оны кешенді реконструкциялау, дизайнын жетілдіру, жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
6) ақпарат пайдаланушылардан келіп түсетін сұрау салуларға уақтылы жауаптар дайындау;
7) мемлекеттік органның және (немесе) оның бірінші басшысының интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру;
8) таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзге де түрде шектеу қойылған ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты барынша ашуға ықпал ететін өзге де функциялар болып табылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті бөлімше өз қызметін арнаулы мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен үлгілік ереженің негізінде әзірленген ереже негізінде жүзеге асырады.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімшелердің қызметкерлері) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) мемлекеттік орган жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның штат саны бойынша (штаттық кестесінен) қысқартылуға (алып тасталуға) жатпайды.";
13) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Теріске шығару не жауап беру құқығы
1. Азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан осы бұқаралық ақпарат құралында таратылған, шындыққа сәйкес келмейтін және ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұндай құқыққа азаматтың немесе заңды тұлғаның өкілдері де ие болады.
Азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруға өтініш жасаған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралында таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіні жөнінде дәлелдемелері болмаған осы бұқаралық ақпарат құралының редакциясы оларды сол бұқаралық ақпарат құралында теріске шығаруға міндетті.
2. Теріске шығару туралы талап шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер, осы бұқаралық ақпарат құралында олардың таратылған уақыты мен тәсілі көрсетіле отырып, жазбаша ресімделуге тиіс.
Мерзімді баспасөз басылымдарында теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде сол қаріппен жариялануға және "Теріске шығару" тақырыбымен орналастырылуға тиіс.
Радио және теледидар арқылы теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты сол тәулік уақытында және сол теле- радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда – оған сәйкес келетін тақырыптық бағыты бар өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.
Теріске шығару көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан көп есе аспауға тиіс.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін өзіне қатысты мәліметтер жарияланған азаматтың немесе заңды тұлғаның сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға құқығы бар.
Мерзімді баспасөз басылымдарында жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде сол қаріппен жариялануға және "Жауап" тақырыбымен орналастырылуға тиіс.
Радио және теледидар арқылы жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты сол тәулік уақытында және сол теле-, радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда – оған сәйкес келетін тақырыптық бағыты бар өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.
Жауаптың көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан көп есе аспауға тиіс.
Азаматтың немесе заңды тұлғаның не оның өкілінің жауабы:
жарыққа (эфирге) күн сайын шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – азаматтан немесе заңды тұлғадан не оның өкілінен алынатын жауапқа құқықты беру туралы талап алынған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;
жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады немесе беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралы жауапты жариялаудан, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілінің жауабында таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін өзгеше түрде бұзатын ақпарат қамтылған жағдайда, бас тартуға құқылы.
4. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат құралы мұндай жарияланымнан бас тартқан не бiр айдың iшiнде теріс шығаруды немесе жауапты жарияламаған жағдайда, сондай-ақ осы бұқаралық ақпарат құралы таратылған жағдайда, сотта қаралады.
5. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау үшін таратылатын теріске шығару не жауап:
1) жарыққа (эфирге) аптасына кемінде бір рет шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, теріске шығару туралы талап алынған күннен бастап екі тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығару кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады.
6. Ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн өзіне қатысты мәлiметтер таратылған азамат мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Іскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн өзіне қатысты мәлiметтер таратылған заңды тұлға мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалдың орнын толтыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен талап етуге құқылы.";
14) 21-бап мынадай мазмұндағы 1-2) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-2) таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеру жөніндегі шараларды қабылдауға;";
"3-1) егер мәліметтер ресми хабарларда көрсетілген және (немесе) оларды жеке және (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды таратуға келісімін алуға;";
15) 22-баптың 1-тармағындағы "мемлекеттiк органдардың" деген сөздер "ақпаратты иеленушілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өзі белгілеген тәртіппен жүргiзедi.";
17) 25-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық";
мынадай мазмұндағы 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
"2-2. Интернет-ресурстарды пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі, бас редакторы (редакторы), журналисі, оның ішінде жеке немесе заңды тұлғалар осы Заңның 14-бабының 3-4-тармағында көрсетілген ақпаратты, егер мұндай ақпаратты тарату ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен баланың және әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, таратылатын хабарлар мен материалдарда жария етуге құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат:
1) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің;
2) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің;
3) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, он алты жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің келісімімен бұқаралық ақпарат құралдарында таратылуы мүмкін.
Егер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың бірі бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттың таратылуына өзінің келісімін бермеген жағдайда, мынадай:
1) он төрт жасқа толған және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның немесе егер заңды өкіл осы құқыққа қарсы әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) жасалуына күдікті немесе айыпталушы болып табылса, оның заңды өкілдерінің келісімінсіз;
2) егер екінші заңды өкіл Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және оның келісімін алу мүмкін болмаған жағдайда, зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның бір заңды өкілінің келісімімен болатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты таратуға тыйым салынады.
2-3. Бұқаралық ақпарат құралдары қылмысты тергеп-тексеруге, қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, жоғалған кәмелетке толмағандарға іздеу салуға жәрдемдесу мақсатында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті көлемде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық процесті жүргізетін органдардан алынған процестік құжаттар негізінде осы баптың 2-2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген адамдардың келісімін алмай, кәмелетке толмаған адамға қатысты мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға құқылы.";
18) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар
Бұқаралық ақпарат құралы, сол сияқты оның бас редакторы (редакторы), журналисі бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін, егер олар:
1) ресми хабарларда қамтылса;
2) бұқаралық ақпарат құралының сұрау салуына берілген жауапта қамтылса немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) материалдарынан алынса;
3) жарнама берушілерден және жарнама жасаушылардан алынса;
4) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды немесе уәкілетті тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;
5) алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде қамтылса;
6) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өз хабарында осы хабарды таратқан бұқаралық ақпарат құралына сілтеме көрсетілген жағдайда, уәкілетті органда есепке қойылған басқа бұқаралық ақпарат құралы таратқан хабарларда, материалдарда немесе олардың фрагменттерінде қамтылса;
7) осы Заңның 18-2-бабына сәйкес белгіленген міндетті хабарларда қамтылса, жауапты болмайды.".
12. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
5-2) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;
5-3) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы – трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;
5-4) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;";
8) тармақша алып тасталсын;
2) 5-баптың 1-тармағында:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
13-2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқама береді;";
3) 18-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық тиісті хабарлама негізінде оны мынадай жағдайларда:";
4) 20-1-бап алып тасталсын;
5) 20-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган аккредиттеуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.";
6) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қамтамасыз етеді.".
13. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
"7-3) телесауда – тауарларды өткізу немесе қызметтер көрсету мақсатында телеарнадағы жария ұсыныс.";
2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.
Жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.
Жергілікті уақыттың нөл сағатынан бастап есептелетін әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында теле, -радиоарналардағы қазақ тіліндегі жарнаманың көлемі басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.
Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, теле-, радиоарналардағы қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдердегі жарнаманың көлемі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес орналастырылатын жарнама материалдарының хронометражымен айқындалады.";
3) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Жарнама сипатындағы хабарларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы телесауда тәулік ішінде жарнама таратудың жалпы көлемінің он бес пайызынан аспауға тиіс.
Жарнама сипатындағы хабарларға ғана мамандандырылған теле-, радиоарналардағы телесауда көлемі шектелмеген.".
14. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар):
1) 2-бапта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:
абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;
биллингтік мәліметтерді (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтерді);
техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жерін;
деректер беру желісіндегі мекенжайды;
деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;
интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;
деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер туралы мәліметтер;";
5) тармақша алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;";
30-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 36-2) және 40-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"36-2) қорғалған байланыс – ақпаратты қорғаудың арнайы құралдары пайдаланылатын электр байланысының түрі (кодталған байланыс, құпияландырылған байланыс, шифрланған байланыс);";
"40-3) мемлекеттік радиожиілік қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;";
мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:
"44-1) президенттік байланыс – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге арналған арнайы электр байланысы;";
52) тармақша алып тасталсын;
55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"55) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;";
64-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:
"65-1) ұйымдастырушылық-техникалық іс-шара – телекоммуникация желілерін ұйымдастыруға, құруға, басқаруға, жетілдіруге және пайдалануға арналған құралдардың, әдістер мен шешімдердің жиынтығы;";
66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"66) ұялы байланыс – қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;";
мынадай мазмұндағы 67-1), 67-2), 67-3) және 67-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"67-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы – осы Заңға сәйкес айқындалатын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны жүргізуді, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және осы ресурстарға қолжетімділікті беретін заңды тұлға;
67-2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры – мынадай:
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін);
ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары пайдаланатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;
67-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;
67-4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды – өндіруші-зауыттың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беретін коды, ол оған осы құрылғыны қосқан кезде ұялы байланыс операторының желісіне беріледі;";
2) 7-баптың 7) және 12) тармақшалары алып тасталсын;
3) 8-бапта:
1-тармақта:
6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалар алып тасталсын;
8), 8-4), 8-8), 13) және 19-15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын, байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және қабылдау;";
"8-4) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;";
"8-8) ұялы байланыстың абонентік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;";
"13) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;";
"19-15) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;";
4) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;";
мынадай мазмұндағы 9-7) тармақшамен толықтырылсын:
"9-7) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;";
4) 9-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;";
10) тармақша алып тасталсын;
5) 9-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік радиожиілік қызметі байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) уәкілетті орган халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын бақылауды қоса алғанда, байланыс қызметтерін көрсетудің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстардың орындалуын, сондай-ақ радиожиілік спектрінің және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау мониторингін техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді;
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді;
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының радиожиіліктерінің ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді, оларға қолжетімділік беруді жүзеге асырады.";
6) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
"9-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін техникалық қолдап отыруды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары белгілейді.";
7) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;";
8) 11-бапта:
2-тармақ "ұсыныстарды әзірлеуді" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұялы байланысты ұйымдастыру үшін радиожиіліктерді және радиоэлектрондық құралдарды бірлесіп пайдалану кезінде радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеуді оған иелікке берілген жиіліктер белдеуі, радиожиілік (радиожиілік арнасы) үшін әрбір байланыс операторы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырады.";
9) 12-бапта:
2-тармақ "Радиобайланыс регламентіне сәйкес" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) уақытша немесе тұрақты пайдалану құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға беруге, мына жағдайларды:
1) радиожиілік спектрін негізгі пайдаланушы келісім берген жағдайда, өндірісішілік қызмет үшін радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Әрбір пайдаланушыға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған жеке рұқсат ресімделеді;
2) ұялы байланыс ұйымына бөлінген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шартпен ресімделеді.";
10) 14-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілген мақсаттарда байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";
11) 15-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау тек қана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының шетелдегі абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады;";
2 тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Заңға және "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес байланыс операторлары, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың абоненттік нөмірлердің және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорларындағы мәліметтерге қол жеткізуін өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.";
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары осы Заңға және "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
6. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес иеленушінің өтініші бойынша өз желісіндегі ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не қайта бастауға міндетті.";
12) мынадай мазмұндағы 16-2-баппен толықтырылсын:
"16-2-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері, радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нысан бойынша хабарлама жіберуге міндетті.";
13) 18-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы "байланыс қызметi" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі "уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "субъектілері" деген сөз "субъектісі" деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 21-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Президенттік байланыс желілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн ұлттық қауіпсіздік органдары мыналарды:
халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеуді және пайдалануды;
ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушылық параметрлерін қалыптастыруды;
қолданылатын байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптарды, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, байланыс желілерін іске қосуды және олардың орындалуын бақылауды;
қалааралық және халықаралық байланыс операторларының Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс жолдары мен арналарын беруін қамтитын Қазақстан Республикасының телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртiбiн айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiне кiретін барлық санаттағы желiлердің байланыс операторлары өз қаражаты есебінен өз желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесін құруға мiндеттi, ол Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс.
Функционалдық міндеттеріне абоненттер туралы қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу кіретін байланыс операторларының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. Байланыс операторларының өз байланыс желілерін қандай да бір басқару түрінде өзге адамдарға беруіне тыйым салынады.
Телекоммуникация желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары байланыс желiлерінің телекоммуникациялық жабдығының жедел-iздестiру және қарсы барлау iс-шараларын жүргiзуді қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн ұлттық стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес келуін қамтамасыз етедi.";
4-тармақтың екінші бөлігіндегі 2) тармақшасындағы "тұрғыда" деген сөз "тұрғыда айқындалатын телекоммуникация желiлерi болып бөлiнедi." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін негіз ретінде пайдалана алатын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері байланыс қызметтерін өтеулі түрде көрсету үшін пайдаланылмайды.
Шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін және арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін осы желілер қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.";
16) 22-2-бап алып тасталсын;
17) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттілігіне арналған байланыс желілері
1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді.
Президенттік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді.
Байланыс операторлары үкіметтік және президенттік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескере отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды ұлттық қауіпсіздік органымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүргізеді.
Үкіметтік, президенттік байланыс жүйелері, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін және үкіметтік байланысты қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлейді.
3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, уәкілетті орган реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.
5. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсiздiк және ішкі істер органдарының қажеттілігі үшін байланыс арналары мен жолдарын басымдықпен берудi қамтамасыз етуге және байланыс арналары бүлінген жағдайда оларды ауыстыру немесе қалпына келтiру бойынша бiрiншi кезектегi және кезек күттірмейтін шараларды қабылдауға мiндеттi.
7. Байланыс операторлары, сот шешiмiмен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына үкіметтік және президенттік байланыс қызметтерiн, байланыс қызметтерiн ұсынуды тоқтата тұруға құқылы емес.
8. Байланыс операторлары байланыстың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан салынып жатқан құрылысжайлары мен тораптарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация, үкiметтiк және президенттік байланыс желілері мүддесінде пайдаланылатын, техникалық құралдарды орналастыру үшiн қажеттi алаңдарды, сондай-ақ жол-кабельдiк құрылыстардағы резервтiк сыйымдылықтар мен кепiлдендірілген электрмен қоректендiруді көздеуге мiндеттi.
9. Бейбiт уақытта жедел жағдай шиеленiскен, аса маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын немесе аса маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзуге өкілеттіктері бар байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға шарттарды ресiмдемей, уақытша жалдау шарттарымен, шығындарды кейiннен өтей отырып, қажет болған кезде ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi байланысының жұмыс арналарын пайдаланып, жекелеген өтiнiмдер бойынша қосымша арналар мен тiкелей байланыс жолдарын бөліп береді.";
18) 25-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасуды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік байланыс операторлары арқылы жүзеге асыруға тыйым салынады.
5. Интернет-трафик алмасу нүктесіне барлық қосылғандар мен байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасу нүктесі арқылы трафикті өткізу және алмасу өтеусіз жүзеге асырылады.";
19) 26-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
3-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті байланыс жолдары мен арналарын өз қаражаты есебінен беруді қамтамасыз етуге;";
20) 28-7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану шарттарының радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада жазылған параметрлерге, сондай-ақ белгiленген қағидалар мен нормаларға сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;";
21) 29-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
"4-3. Байланыс операторлары шарт негізінде инженерлік инфрақұрылым объектілерін, телекоммуникациялық жабдық пен байланыс желілерін бірлесіп пайдалана алады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жұмыскерлерi үкiметтiк және президенттік байланыс желiсiнiң абоненттерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың ғимараттарын, құрылысжайлары мен объектiлерiн салу кезiнде, сондай-ақ олардың орналасқан жерi өзгерген кезде арнаулы мақсаттағы байланыстың жалғау жолдары мен iшкi желiлерiн жобалау мен тартуды құрылысқа тапсырыс берушiлер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.";
22) 29-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру
Ұялы байланыс операторы шұғыл шақыру жүйесінің операторына автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарларды беру және шұғыл шақыру жүйесінің операторымен екіжақты дауыс байланысын орнату үшін өзінің ұялы байланыс желісін пайдалануға өтеусіз негізде беруге міндетті.";
23) 36-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Байланыс операторынан қызметтік ақпарат алуға тек қана абоненттің келісімімен және осы Заңда және "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол беріледі.";
24) 36-2 және 39-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"36-2-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу
1. Абонент үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иеленушісі оны ұялы байланыс операторында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес тіркеуге міндетті. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес айқындалған ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары тіркелуге жатады.
3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін оның иеленушісі өзіне қызмет көрсететін операторға:
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы пайдаланатын абоненттік нөмір туралы мәліметтерді ұсынады.
Ұялы байланыс операторлары барлық мәліметтерді ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторына өтеусіз жібереді.
Күзетілетін адамдар пайдаланатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы ақпарат қана беріледі.
4. Ұялы байланыс операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының басқа иеленушісі тіркеген осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды болған жағдайда немесе егер абоненттік нөмір басқа иеленушіге тіркелген жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден бас тартады.
5. Ұялы байланыс операторына мәліметтері ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген не ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуіне тыйым салынады.
6. Абоненттерге ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу мүмкіндігі туралы хабар беру мақсатында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерге қол жеткізуді интернет-ресурс арқылы өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.
7. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторына абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы баптың 3-тармағында көзделген, өздері қызмет көрсететін абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты беруге міндетті. Бұл ретте ұялы байланыс операторлары желіні, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғырту бойынша барлық шығынды өздері көтереді, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтары дерекқорының ресурстарына қолжетімділік бергені үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
8. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорындағы мәліметтерді заңсыз таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";
"39-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
1. Абонент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы.
2. Абонент ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірді "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосуы қажет.
3. Абонентті сәйкестендіру оның абоненттік нөмірі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін абонент электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланады.";
25) 9-тарау мынадай мазмұндағы 39-2-баппен толықтырылсын:
"39-2-бап. Байланыс қызметтерін көрсету
1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтерін көрсетуді Қазақстан Республикасының резиденттері жүзеге асырады.
2. Ғарыш аппараттарын пайдалануды, жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді (тағайындауды) көздейтін байланыс қызметтерін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының резиденттеріне және (немесе) шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі ғарыш аппараттарын пайдаланған және олар Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы қызметтер көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
3. Ғарыш аппараттарының транспондерлік сыйымдылығын беру жөніндегі байланыс қызметтерін көрсету байланыс операторының сұрау салуы бойынша резервке қоюды қамтамасыз етумен жүзеге асырылады.";
26) 40-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Байланыс операторларына абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жүйесіне абонент туралы мәліметтерді енгізбей, байланыс қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.";
27) 41-1-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының уәкілетті органға енгізілген заң бұзушылықты жою туралы ұсынымымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бойынша дереу шаралар қабылдауға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
"1-3. Заңды күшіне енген сот шешімінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізу мақсатында байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысына, байланыс қызметтерін көрсетуге, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуге тыйым салынады.".
15. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат):
43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:
"11-3) балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған, байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету;".
16. "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) балалар телебағдарламасы – 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топқа тән сюжеті бар телебағдарлама;
1-2) білім беру телебағдарламасы – мазмұны телекөрерменді ғылымның, мәдениеттің, өндірістің, өнердің және әлеуметтік өмірдің қандай да бір саласында нақты білім жүйесінде оқытуға бағытталған, адамдардың көпшілік тобына арналған телебағдарлама;
1-3) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы – телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелеріне ие, телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға;";
"3-1) діни телебағдарлама – дін саласы мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға және олардың сауаттылығын арттыруға бағытталған телебағдарлама;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) ретрансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) телегазет – телерадио хабарларын тарату операторлары тұтынушы үшін телекоммуникация желілерінде тарататын, мерзімді баспасөз басылымының электрондық толық нұсқасы;";
13), 18) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"13) теле-, радиоарналар топтамасы – телекоммуникация желілерінде көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату операторы қалыптастырған теле-, радиоарналардың жиынтығы;";
"18) телерадио хабарларын тарату – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникациялар желілерінде теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде тұтынушының жария қабылдауы үшін қалыптастыру және (немесе) тарату;";
"24) трансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;";
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
"26-1) шартты қолжетімді карта – дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларының сәйкестендіргішін қамтитын, абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін құрылғы;";
2) 7-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;";
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;";
3) 9-бап алып тасталсын;
4) 12-баптың 6-тармағындағы "үш жылда бір рет жүзеге асырылады" деген сөздер "жылына бір реттен көп жүзеге асырылмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
6) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көпарналы хабар таратуда және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi телерадио хабарларын тарату операторлары негiзделген шығындар негiзiнде өзі дербес белгiлейдi.";
7) 18-1-бапта:
2-тармақтағы "шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктерін міндетті есептік" деген сөздер "заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе шетелдік заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеті бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелерінің, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалардың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатысатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады.";
8) 19-баптың 5-тармағы "ауысқан" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 20-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы "құжат қоса тіркеледі." деген сөздер "құжат;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалының (өкілдігінің) есептік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама қоса беріледі.";
10) 21-бапта:
1-тармақ 5) тармақшасындағы "болса, бас тартады." деген сөздер "болса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе филиалдың (өкілдіктің) есептік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама ұсынылмаған болса, бас тартады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Егер шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаның қызметін тоқтатқан немесе жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрмай, осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында көзделген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайларда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті сот тәртібімен кері қайтарып алады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Егер шетелдік теле-, радиоарнадан есепке қою туралы куәлік кері қайтарып алынған жағдайда, уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын шектеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарады.";
11) 23-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың техникалық параметрлерінің телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес сақталуын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларды беру сапасын қамтамасыз етеді;";
12) 24-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде:";
3) тармақшадағы "ретрансляциялау;" деген сөз "ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады." деген сөздермен ауыстырылып, осы тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақшаның ережесі осы Заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.";
2-тармақ үшінші абзацындағы "жүзеге асыруға міндетті." деген сөздер "жүзеге асыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"цифрлық форматта сигнал алатын және контентті жеткізудің цифрлық технологиясын пайдаланатын телерадио хабарларын тарату операторы цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына сәйкес бағдарламалық ағынның жылдамдығымен цифрлық форматта өзі пайдаланатын барлық желідегі теле-, радиоарналар сигналдарын трансляциялауды қамтамасыз етуге;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.";
13) 25-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) цифрлық және аналогтық эфирлік хабар тарату желілерінде міндетті теле-, радиоарналарды таратуға арналған спутникте спутниктік ресурсты резервке қоюды қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.";
14) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"28-бап. Ұлттық телерадио хабарларын таратудың мүдделерін қорғау
1. Отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалардың саны 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде елу пайызды құрауға тиіс.
2. Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық шығармаларының және отандық радиобағдарламалардың саны:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде қырық бес пайызды;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде елу пайызды құрауға тиіс.";
15) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама жергілікті уақытпен сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі кезеңде сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарлар сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.";
16) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың мөлшері кадр алаңының жиырма бес пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.";
17) 34-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға ғана мамандандырылған шетелдік теле-, радиоарналарды қоспағанда, жарнаманың таратылуына жол бермеуге тиіс.
3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттың негізінде ғана жол беріледі.";
18) 37-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты таратуға тыйым салынады.
5. Дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.";
19) 5-тарау мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
"40-1-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ғимараттарының күту залдарында көпшілікке көрсету үшін тек отандық теле-, радиоарналар ғана таратылады.";
20) 42-бапта:
бүкіл мәтін бойынша "толық" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша уәкілетті орган цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындаған тәртібіне сәйкес цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу мерзiмдерiн оған көшкенге дейін кемiнде алты ай бұрын белгілейді.";
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған шетелдік теле-, радиоарналар оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркетуді жүзеге асыруға міндетті.
Шетелдік теле-, радиоарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті алты ай өткеннен соң кері қайтарып алады.".
17. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
16-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты трансшекаралық беру ерекшеліктері "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.".
18. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат):
1) 2-қосымшаның 146-жолы алып тасталсын;
2) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 56-тармақпен толықтырылсын:
"56. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.".
19. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) сервистік келісімшарт – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;";
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
3) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу осы Заңның нормалары қолданылмай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
20. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ақпараттандырудың сервистік моделі – ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құруға немесе дамытуға, сондай-ақ оларды көрсетуге негізделген, мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандырудағы орталықтандырылған тәсілді іске асыру;";
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы – ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру немесе дамыту, сондай-ақ көрсету жөніндегі дәйекті іс-шаралар жиынтығы;
3-2) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік әріптес, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы және сервистік бағдарламалық өнімдерді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін беруші болып табылатын жекеше әріптес тараптары болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту және көрсету кезінде тараптардың құқықтарын, міндеттерін, жауаптылығын және өзге де шарттарды айқындайтын сервистік келісімшарт;";
"5-1) ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы – деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;";
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-1), 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 47-1), 62-1) және 71-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырма – ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметке қойылатын техникалық, ұйымдастырушылық және өзге де талаптарды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтің шекті құнын көрсететін құжат;";
"30-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
30-2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты – ақпараттық қауіпсіздік және электрондық өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
30-3) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникация желілері мен ақпараттандырудың басқа да объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
30-4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының салдарын жоюға консультациялық және техникалық жәрдем көрсету мақсатында ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы ақпаратты талдауды қамтамасыз ететін заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;";
"47-1) қорғау бейіні – ақпараттандыру объектілерінің құрамдастары болып табылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төмен талаптардың тізбесі;";
"62-1) электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімі – ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына сай келетін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылым тауарларының тізбесі;";
"71-1) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;";
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын бекітеді;";
3) 7-бапта:
3), 7), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
10) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекітеді;";
"13) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекітеді;";
16) тармақша алып тасталсын;
18), 20), 22), 24) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"18) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекітеді;";
"20) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекітеді;";
"22) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекітеді;";
"24) бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекітеді;
25) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
"25-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізеді;";
26) және 32) тармақшалар алып тасталсын;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"33) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы бекітеді;";
35) тармақшадағы "ақпараттандыру саласындағы" деген сөздер "ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
42) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:
"42-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;";
43), 44), 45) және 46) тармақшалар алып тасталсын;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"50) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерін және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келіседі;";
51) тармақша алып тасталсын;
54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"54) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекітеді;";
55) және 56) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 63-1) және 63-2) тармақшамен толықтырылсын:
"63-1) сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісуді жүзеге асырады;
63-2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;";
4) мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3 және 7-4-баптармен толықтырылсын:
"7-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлейді;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді;
4) ақпараттық жүйенің, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының, мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттаудан өткізу қағидаларын әзірлейді;
5) сервистік бағдарламалық өнімнің, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының, мемлекеттік органның интернет-ресурсының және ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекітеді;
6) ақпараттық жүйенің, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының, мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін бекітеді;
7) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;
8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
11) аттестаттау жүргізеді;
12) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар жібереді;
14) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
15) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлейді;
16) домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындайды, Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiтеді;
17) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін бекітеді;
18) қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекітеді;
19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекітеді;
20) электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы:
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлерін табу, бағалау, болжамдау, оқшаулау, бейтараптандыру және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның иеленушісіне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының фактісі туралы дереу хабарлайды;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлерін анықтау, олардың жолын кесу және тергеп-тексеру бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мониторингті жүзеге асырады;
4) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен және ақпараттық қауіпсіздіктің басқа да жедел орталықтарымен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушілеріне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қауіпсіздіктің қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, жабдықтар мен технологиялардың осалдығы, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің іске асырылу тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың зардаптарының алдын алу мен жою әдістері туралы ақпаратты береді;
7) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына белгілі болған, таратылуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
8) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының журналын жүргізу жүйелерін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының мониторинг орталығына қосуды қамтамасыз етеді.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Осы баптың 2-тармағының талабы ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.
7-3-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі:
1) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының себептері мен жағдайларын жою мақсатында ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
2) ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдарды тұжырымдайды;
3) ақпараттандыру объектілерінің иеленушілеріне ақпараттық қауіпсіздіктің белгілі болған оқыс оқиғалары мен қатерлері туралы хабарлайды.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Осы баптың 2-тармағының талабы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.
7-4-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы
1. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдеседі;
2) ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
4) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық жүйесін техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады;
5) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу тәртібін әзірлеуге қатысады;
6) ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат алынған жағдайларда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына дереу хабарлайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
8) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін белгілейді.
2. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
5) 8-баптың 1-тармағы "сервистік интеграторының" деген сөздерден кейін ", ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 12-бапта:
8), 9), 12) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді;
9) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті құруды және дамытуды ұйымдастырады;";
"12) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізуге қолдау көрсетіп отырады;";
"20) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері мен Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзінің интеграциясын ұйымдастырады;";
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастырады;";
7) 13-бапта:
3) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қолдап отыру және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғаларды тартуға құқығы бар;";
"10) мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін байланыс қызметтерін көрсетеді. Байланыс қызметтерін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылар) ретінде өзге де тұлғаларды тартуға құқығы бар;";
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қолдап отыруды және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;";
8) 14-бапта:
6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы Интернетке қосылған телекоммуникация желілерін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы және өкілді органдардың электрондық поштасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;";
"8) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісуді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 13-1) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) байланыс операторларының трафигін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы және байланыс операторының пошталық трафигін "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қосуды және өткізуді жүзеге асырады;";
"15) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының міндеттерін және функцияларын іске асырады.";
2-тармақтағы "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады;
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жобаларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізеді;
5) ақпараттық қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асырады.";
10) 17-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі сондай-ақ:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыруға;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйелерін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесінің техникалық құралдарына қосуды қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйелерін қосуды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өзінің бөлімшесі жүзеге асырады немесе ол үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу арқылы жүзеге асырылады;
3) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлауға;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беруді жүзеге асыруға міндетті.
Электрондық ақпараттық ресурстың иеленушісін қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасында сақтаудағы электрондық ақпараттық ресурстың көшірмелеріне қол жеткізуге тыйым салынады.";
11) 26-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын өнеркәсіптік пайдалануға оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар актісі және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты болған жағдайда жол беріледі.
Сервистік бағдарламалық өнімді өнеркәсіптік пайдалануға оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар актісі, бағдарламалық құжаттаманың және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкес сапаны бағалау мақсатындағы сынақтар хаттамасы және бағдарламалық құжаттама сараптамасының хаттамасы болған жағдайда жол беріледі.";
12) 30-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Байланыс операторларының трафигін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы қосу және өткізу шарттық негізде жүзеге асырылады.";
13) 36-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызметтер көрсетуі "электрондық үкімет" порталында сәйкестендіре отырып, жазбаша (оның ішінде электрондық) нысанда жасалатын келісім негізінде немесе келісім жасасу үшін бір реттік парольды қамтитын қысқа мәтіндік хабар жібере отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өзінің атынан немесе бүркеншік аты (ойдан шығарылған аты) арқылы жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімнің негізінде және онда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасалған кезде пайдаланылатын ақпаратты келісімнің қолданысының бүкіл кезеңінде, сондай-ақ ол бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға міндетті.";
14) 38-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "электрондық үкіметтің" басқа ақпараттандыру объектілерімен интеграциясын (қажет болғанда);";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі және мемлекеттік емес ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік циклына сәйкес және мыналардың:
1) уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің;
3) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатының талаптары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
Осы тармақшада белгіленген талап қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде оларға қолданылмайды;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарының шарттары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады.";
15) 39-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 14) тармақшасының үшінші абзацы "уәкілетті органның," деген сөздерден кейін "ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның," деген сөздермен толықтырылсын;
16) 42-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшірудің мерзімділігі ақпараттық жүйеге арналған техникалық құжаттамада белгіленеді.";
17) 43-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"43-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы";
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қорғау бейінімен айқындалатын және ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстар шартымен ресімделетін "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес және ақпараттық қауіпсіздік талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады.";
"3. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйені мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен бөлек немесе мемлекеттік органның өзге ақпараттық жүйесімен немесе "электрондық үкіметтің" басқа да ақпараттандыру объектілерімен бір мезгілде интеграциялаған жағдайда, электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді ұйымдастыру "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру кезінде мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің "электрондық үкіметтің" шлюзіне қосылуы талап етілмейді.";
18) 44-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграциясы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес тек қана "электрондық үкіметтің" шлюзі немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы (төлемдерді жүзеге асыру мақсатында) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің электрондық ақпараттық ресурстары, интерфейсі, техникалық құжаттамасы және басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақта белгіленген талаптар қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде оларға қолданылмайды.";
19) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"45-бап. Ақпараттандырудың сервистік моделі
1. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жоспарлауды, құруды немесе дамытуды, сондай-ақ оларды көрсетуді қамтиды.
2. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру осы Заңға, ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына және ақпараттандыру туралы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын не Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес оператор мен мемлекеттік органның арасында жасалған шартты жасасу жолымен іске асырылуы мүмкін.
4. Тараптардың ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету (алу) кезіндегі міндеттері мен жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында және тараптардың келісімінде белгіленеді.
5. Егер ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында бюджеттен төленетін төлемдер және мемлекеттік қолдау шаралары көзделсе, уәкілетті орган:
1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның келісуіне ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға бекітілген тапсырмаларды қоса бере отырып, іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесінің жобасын енгізеді;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау жөніндегі оң қорытындысы негізінде іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді.
Іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру және бекіту ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын республикалық бюджет жобасына енгізу үшін мыналардың:
1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау бөлігінде осы жобалардың тізбесінің жобасына бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысының;
2) уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға арналған тапсырманың;
3) Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы негіз болып табылады.
7. Сервистік бағдарламалық өнімдерді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін берушілерді айқындау, ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату рәсімдері осы Заңға және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ шарттық қатынастар кезеңінде шарттық міндеттемелердің орындалуын мониторингілеу ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";
20) мынадай мазмұндағы 45-1, 45-2 және 45-3-баптармен толықтырылсын:
"45-1-бап. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін берушіні, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша айқындау
1. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін берушіні айқындау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін берушіні айқындау жөніндегі конкурстық комиссияны ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметке тапсырыс беруші құрады.
3. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметке тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады.
4. Конкурстық комиссияның құрамына ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметке тапсырыс берушінің, уәкілеттік органның, сервистік интегратордың және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері кіреді.
5. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін берушіні айқындау жөніндегі конкурс, оның ішінде біліктілік іріктеу ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
45-2-бап. Сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушілеріне, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісіне, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкерлер үшін) болуы;
2) төлем қабілеттілігінің болуы, салықтық берешегінің болмауы;
3) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдары құнының он пайызынан асатын оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;
5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін оны жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес ретінде тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.
2. Сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісі өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және көлемде растаушы құжаттарды ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісі өзінің осы баптың 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті ұсынғандай құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
4. Сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісі біліктілік талаптарына сәйкестігіне анық емес ақпарат берген жағдайда, сот оны сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жосықсыз әлеуетті өнім берушісі деп таныған кезден бастап келесі үш жыл бойы сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісін айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
5. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметке тапсырыс берушілер конкурстық комиссия осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат берген сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы сотқа талап-арыз береді.
6. Сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісі берген біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын конкурстық комиссия сервистік бағдарламалық өнімдерді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін берушілерді біліктілік іріктеу сатысында анықтайды.
7. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметке тапсырыс беруші мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісін сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жосықсыз әлеуетті өнім берушісі деп тану туралы соттардың заңды күшіне енген шешімдерін мұндай шешімдер алынған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестер тізбесіне қосу үшін жібереді.
45-3-бап. Сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісін, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тану негіздері
Сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісі, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынылмаса;
2) сервистік бағдарламалық өнімдердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің әлеуетті өнім берушісі өзінің сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттардағы ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісі анықталса;
3) біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісі анықталса, біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылады.";
21) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"46-бап. Мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету
1. Оператор, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің, сервистік бағдарламалық өнімдердің меншік иелері осы тұлғаларға тиесілі объектілерде орналастырылған мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын пайдалану және оларға билік ету құқықтарын иеленбейді.
2. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтің шекті құнын есептеу уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде жүзеге асырылады.
3. Оператордың мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтерінің сипаттамасы және олардың құны туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына енгізілетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер осы көрсетілетін қызметтерді алу түрі мен субъектілері бойынша сыныпталады.
5. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету сапасын мониторингілеу және осы көрсетілетін қызметтерді алушыларды консультациялық қолдап отыруды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган мен оператор бірыңғай байланыс орталығын тартады.
6. Оператор ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарында және тараптардың келісімінде айқындалған тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады.";
22) 47-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сервистік бағдарламалық өнімнің меншік иесінің бастамасы бойынша келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оператор сервистік бағдарламалық өнімді басқа сервистік бағдарламалық өніммен ауыстырғанға дейін оны пайдалануды жүзеге асырады.";
23) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"49-бап. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар, техникалық құжаттаманың сараптамасы, сондай-ақ сапаны бағалау мақсатындағы сынақтар
1. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар міндетті түрде немесе меншік иесінің немесе иеленушінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін міндетті сынауға жататын сынақ объектілеріне:
1) сервистік бағдарламалық өнім;
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы;
3) мемлекеттік органның интернет-ресурсы;
4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйе;
6) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе жатады.
3. Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалылығын тексеру бойынша сервистерін пайдалану үшін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өтуі талап етілмейді.
4. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу кезінде сынақ объектілерінің жекелеген түрлері үшін сервистік бағдарламалық өнімге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесіне және қағидаларына сәйкес жұмыстар құрамы белгіленеді.
5. Бағдарламалық қамтылымға, бағдарламалық кодқа, интернет-ресурсқа және ақпараттық жүйелерге сынақтар олардың техникалық құжаттаманың, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Техникалық құжаттамаға сараптама Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкестікті бағалау мақсатында жүргізіледі.
Бағдарламалық қамтылымға, бағдарламалық кодқа, интернет-ресурсқа, ақпараттық жүйелерге сынақтар мен техникалық құжаттамаға сараптама меншік иесінің немесе иеленушінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады және оларды сынақ зертханалары осы Заңға және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізеді.";
24) 51-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе міндетті түрде аттестатталуға жататын аттестаттау объектілері болып табылады.
Осы тармақшада белгіленген талаптар қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде оларға қолданылмайды;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалылығын тексеру бойынша сервистерін пайдаланған кезде осы тармақта көрсетілген аттестаттау объектілері үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өту талап етілмейді.";
6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Аттестаттық зерттеп-қарау актісін ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде мынадай:";
10-тармақтың бірінші бөлігі "уәкілетті органға" деген сөздердің алдынан "ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестаттау объектісіне қайтадан аттестаттау жүргізу туралы шешім қабылдайды.";
бірінші абзацтағы "Уәкілетті орган" деген сөздер "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттау объектісінің жұмыс істеуі мен функционалдылығы шарттары өзгерген;
4) осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттау объектісін пайдалану тоқтатылған жағдайларда қабылдайды.";
14-тармақтың бірінші бөлігі және 15-тармақ "уәкілетті органға" деген сөздердің алдынан "ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 54-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды іске асыру мақсатында тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінде қажетті тауарлар болмаған жағдайда, олардың аналогтарын сатып алуға рұқсат беріледі.";
26) 55-баптың 3-тармағы 2) тармақшадағы "пайдалану жатады." деген сөздер "пайдалану;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) ақпараттандыру объектілері меншік иелерінің немесе иеленушілерінің қорғау шараларын айқындауы үшін бекітілген қорғау бейіндерінің негізінде қауіпсіздік жөніндегі тапсырманы әзірлеу жатады.";
27) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы келісуді мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында айқындалған тәртіпке және мерзімдерге сәйкес жүргізеді.";
28) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"66-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары мен ақпараттық жүйелері бар және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар хаттамасы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты жоқ мемлекеттік органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар және аттестаттау жүргізеді.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар хаттамасы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты жоқ мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардан және аттестаттаудан өтеді.".
21. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат):
39-баптың 3-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацы "техникалық құралдарды," деген сөздерден кейін "ақпараттық жүйелерді," деген сөздермен толықтырылсын.
22. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-I, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) арнайы пошта байланысы – Ұлттық пошта операторының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын және заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар қамтылған пошта жөнелтілімдерін, арнайы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, өңдеуді, қорғауды, тасымалдауды және жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін курьерлік пошта байланысының түрі;";
2) 5-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
"9-1-бап. Арнайы пошта байланысы қызметі
1. Арнайы пошта байланысы қызметі арнайы пошта байланысы арналары арқылы арнайы жөнелтілімдер жіберілген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі айрықша жарғылық міндеттерді орындайды.
2. Арнайы пошта байланысы қызметі Ұлттық пошта операторының бірыңғай құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсынады.
3. Арнайы пошта байланысы қызметінің жеке құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес нысанды киіммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қарумен, арнайы қорғау және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
4. Арнайы пошта байланысы қызметінің ұйымдастырушылық қызметін, сондай-ақ арнайы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну тәртібін және көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы пошта байланысы қызметінің қызметкерлері тасымалдайтын арнайы жөнелтілімдер жете тексеруге және кідіртуге жатпайды.".
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын, 7) тармақшасын, 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 15) тармақшасының он үшінші және он бесінші абзацтарын, 17) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 21) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағы 24) тармақшасының он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |