Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Грузия Үкiметiне берген мемлекеттiк кредиттерi бойынша Грузия Үкiметiнiң берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 129-VI ҚРЗ.

      2017 жылғы 13 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Грузия Үкiметiне берген мемлекеттiк кредиттерi бойынша Грузия Үкiметiнiң берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы
КЕЛІСІМ

      (2017 жылғы 24 қаңтарда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 3, 25-құжат)

      Бұдан әрі бірге Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Қазақстан тарапы деп аталады) және Грузия Үкіметі (бұдан әрі - Грузия тарапы деп аталады),

      1996 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік несиелері бойынша Грузия Үкіметінің қарызын қайта құрылымдау туралы келісімді (бұдан әрі - 1996 жылғы Келісім),

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Грузия Ұлттық Банкінің Өкілетті өкілдері 2003 жылғы 25 қыркүйекте қол қойған Қазақстан Республикасы мен Грузия банктері арасында корреспонденттік шоттар ашылғанға дейін 1992 жылғы өзара есеп айырысуларды түпкілікті салыстырып тексеру актісін (бұдан әрі - Акті),

      Грузия Үкіметінің өкілі мен Париж клубының кредитор мемлекеттері қатысатын үкіметтердің өкілдері 2001 жылғы 6 наурызда және 2004 жылғы 21 шілдеде Париж қаласында қол қойған Грузия борышын шоғырландыру туралы келісілген хаттамаларды (бұдан әрі - келісілген хаттамалар) назарға ала отырып,

      сондай-ақ екі ел арасында достық қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту мақсатында

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар 1996 жылғы Келісімге сәйкес Қазақстан тарапы Грузия тарапына берілген 27774000,00 АҚШ доллары мөлшеріндегі кредитті қайтадан қайта құрылымдауды жүзеге асыруға келісті.

2-бап

      Актіге сәйкес 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап және корреспонденттік шоттар ашылғанға дейінгі (1992 жыл 1 қыркүйек) кезеңдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Грузияның Ұлттық Банкі арасындағы өзара есеп айырысулардың сальдосы Грузия пайдасына 482868063,43 рубльді құрайды.

      Тараптар Акті бойынша соманың баламасын 2293910,04 АҚШ доллары мөлшерінде айқындауға уағдаласты.

3-бап

      Тараптар осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілген сомаларды өзара есеп айырысуды 2293910,04 АҚШ доллары сомасына жүргізуге уағдаласты.

      Өзара есеп айырысудың нәтижесінде берешек неттосы Қазақстан тарапының пайдасына 25480089,96 АҚШ долларын құрайды.

      2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан тарапы Грузия тарапына берген Грузия тарапының 25480089,96 АҚШ доллары мөлшеріндегі берешек сомасы кредиттің реттелетін сомасы болып табылады.

4-бап

      Тараптар 25480089,96 АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттің реттелетін сомасын келісілген хаттамалар шарттарында қайта құрылымдауға келісті.

5-бап

      1. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап 2002 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда өтеуге жатқан кредиттің реттелетін сомасы бойынша негізгі борыштың сомасы осы Келісімге сәйкес 10192035,98 АҚШ долларын (бұдан әрі - шоғырландырылатын сома) құрайды.

      2. Грузия тарапы кредиттің шоғырландырылатын сомасы бойынша негізгі борыш сомасын 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы кезеңде 2001 жылғы 6 наурыздағы келісілген хаттамаға сәйкес сараланған өтеу кестесінде негізделген осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес жартыжылдықтар бойынша өтеуге міндеттенеді.

      3. Грузия тарапы 2001 жылдан бастап 2016 жылды қоса алғанда көзделген кредиттің шоғырландырылатын сомасы бойынша негізгі борыш сомасын өтеуге төлемдерді 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда тоқсан сайынғы үлестермен жүзеге асыратын болады.

      Осындай төлемдердің күні осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес кредиттің шоғырландырылатын және капиталдандырылатын сомалары бойынша төлемдерді жүзеге асыру күні болып анықталатын болады.

      4. 2017 - 2021 жылдардағы кредиттің шоғырландырылатын сомасы бойынша негізгі борыш сомасын өтеуге төлемдер тиісті жылдың 30 маусымына және 30 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады. Қазақстан тарапының орталық банкінің шотына сома түскен күн төлем күні болып саналады.

      5. Тараптар осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде жүргізілмеген кредиттің шоғырландырылатын сомасының негізгі борыш сомасы бойынша төлемдерді мерзімі өткен төлемдер деп санауға уағдаласты.

6-бап

      1. Грузия тарапы кредиттің шоғырландырылатын сомасына сыйақылар сомасын 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы кезеңде осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес жартыжылдық негізде өтеуге міндеттенеді.

      2. Грузия тарапы 2001 - 2016 жылдардағы кредиттің шоғырландырылатын сомасына сыйақылар сомасын өтеуге төлемдерді 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда тоқсан сайынғы үлестермен жүзеге асырады.

      Осындай төлемдердің күні осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес кредиттің шоғырландырылатын және капиталдандырылатын сомалары бойынша төлемдерді жүзеге асыру күні болып анықталатын болады.

      3. Сыйақы сомасын есептеу үшін кредиттің шоғырландырылатын сомасына жылдық 4 % (төрт пайыз) мөлшерлеме бойынша пайыздар есепке жазылады.

      Пайыздар жылдың 360 күніне шаққанда жартыжылдықта есептелген күндердің нақты саны бойынша әрбір алты айда есепке жазылатын және осы төлем жүзеге асырылатын есепті жартыжылдықтың соңғы күнінен кешіктірмей төленетін болады.

      4. Кредиттің шоғырландырылатын сомасы бойынша негізгі борыштың сыйақылар сомаларын өтеуге төлемдер тиісті жылдың 30 маусымына және 30 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады. Қазақстан тарапының орталық банкінің шотына сома түскен күн төлем күні болып саналады.

      5. Тараптар осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде жүргізілмеген кредиттің шоғырландырылатын сомасы бойынша негізгі борыштың сыйақылар сомаларын өтеуге төлемдерді мерзімі өткен төлемдер деп санауға уағдаласты.

7-бап

      1. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 2004 жылғы 1 маусым кезеңіндегі 3185011,25 АҚШ доллары мөлшеріндегі кредит сомасы берешегінің 50%-ын Грузия тарапы 2004 жылғы 21 шілдедегі келісілген хаттаманың шарттарына сәйкес мынадай түрде төлейді:

      - 2004 жылы - 11 %;

      - 2005 жылы - 21 %;

      - 2006 жылы - 18 %.

      2. Грузия тарапы осы баптың 1-тармағында көрсетілген соманы осы Келісімнің 5-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімдерде өтеуге міндеттенеді.

8-бап

      1. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 2004 жылғы 1 маусым кезеңіндегі 3185011,25 АҚШ доллары мөлшерінде кредит сомасы берешегінің қалған 50%-ы, 2004 жылғы 1 маусымнан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңіндегі кредит сомасының негізгі борышы мен сыйақысы бойынша берешек сомасы капиталдандырылады және 12374971,91 АҚШ долларын құрайды (бұдан әрі - капиталдандырылатын сома).

      Бұл ретте, 2004 жылғы 1 маусымнан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңіндегі кредиттің реттелетін сомасының сыйақылар сомаларының есептемесі Грузия тарапы 2004 жылғы маусымда 90171,21 АҚШ доллары мөлшерінде төлеген сыйақыны ескере отырып жүргізілді.

      2. Грузия тарапы кредиттің капиталдандырылатын сомасы бойынша негізгі борыш сомасын 2017 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңде 2004 жылғы 21 шілдедегі келісілген хаттамаға сәйкес сараланған өтеу кестесіне негізделген осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес жартыжылдықтар бойынша өтеуге міндеттенеді.

      3. 2004 жылдан бастап 2016 жылды қоса алғанда көзделген кредиттің капиталдандырылатын сомасы бойынша негізгі борыш сомасын өтеу төлемдерін Грузия тарапы 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда тоқсан сайынғы үлестермен жүзеге асыратын болады.

      Осындай төлемдердің күні осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес кредиттің шоғырландырылатын және капиталдандырылатын сомалары бойынша төлемдерді жүзеге асыру күні болып анықталатын болады.

      4. 2017 - 2025 жылдардағы кредиттің капиталдандырылатын сомасы бойынша негізгі борыш сомасын өтеуге төлемдер тиісті жылдың 1 наурызына және 1 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Қазақстан тарапының орталық банкінің шотына сома түскен күн төлем күні болып саналады.

      5. Тараптар осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде жүргізілмеген кредиттің капиталдандырылатын сомасының негізгі борышының сомасы бойынша төлемдерді мерзімі өткен төлемдер деп санауға уағдаласты.

9-бап

      1. Грузия тарапы кредиттің капиталдандырылатын сомасына сыйақылар сомасын осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес 2017 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңде жартыжылдық негізде өтеуге міндеттенеді.

      2. Грузия тарапы 2004 - 2016 жылдарды қоса алғандағы кредиттің капиталдандырылатын сомасына сыйақылар сомасын өтеуге төлемдерді 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда тоқсан сайынғы үлестермен жүзеге асыратын болады.

      Осындай төлемдердің күні осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес кредиттің шоғырландырылатын және капиталдандырылатын сомалары бойынша төлемдерді жүзеге асыру күні болып анықталады.

      3. Сыйақы сомасын есептеу үшін кредиттің капиталдандырылатын сомасына жылдық 4 % (төрт пайыз) мөлшерлеме бойынша пайыздар есепке жазылады.

      Пайыздар жылдың 360 күніне шаққанда жартыжылдықта есептелген күндердің нақты саны бойынша әрбір алты айда есепке жазылатын және осы төлем жүзеге асырылатын есепті жартыжылдықтың соңғы күнінен кешіктірмей төленетін болады.

      4. Кредиттің капиталдандырылатын сомасы бойынша негізгі борыштың сыйақылар сомасын өтеуге төлемдер тиісті жылдың 1 наурызына және 1 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Қазақстан тарапының орталық банкінің шотына сома түскен күн төлем күні болып саналады.

      5. Тараптар осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде жүргізілмеген кредиттің капиталдандырылатын сомасы бойынша негізгі борыштың сыйақылар сомасын өтеуге төлемдерді мерзімі өткен төлемдер деп санауға уағдаласты.

10-бап

      1. Егер осы Келісімнің 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген негізгі борыш пен сыйақылар бойынша шоғырландырылатын және капиталдандырылатын сомаларды өтеуге кез келген төлем осы Келісімде және 2-қосымшадағы өтеу кестесінде белгіленген мерзімдерде жүргізілмеген жағдайда, онда осындай төлем мерзімі өткен болып танылады және оған мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап оны толық өтеу күніне дейін жылдық 5 % (бес пайыз) мөлшерлеме бойынша пайыздар есепке жазылады.

      2. Мерзімі өткен берешекке пайыздар 360 күндік жылда өткен күндердің нақты саны негізінде есепке жатқызылатын болады.

      3. Грузия тарапы соның негізінде негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі берешек және/немесе оны түпкілікті толық өтегенге дейінгі пайыздық борыш сомасын өтеу жөніндегі берешек жатқан айыппұлдық борыш сомасын өтеуге міндеттенеді.

11-бап

      Егер Грузия тарапы осы Келісімнің 5-бабының 2, 3, 4-тармақтарында, 6-бабының 1, 2, 4-тармақтарында, 7-бабының 2-тармағында, 8-бабының 3, 4-тармақтарында, 9-бабының 1, 2, 4-тармақтарында өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда, онда ол шоғырландырылатын және капиталдандырылатын сомалар және пайыздық борыш бойынша берешекті өтеуге төлемдерді, сондай-ақ айыппұлдық борышты өтеуге төлемдерді оларды түпкілікті толық өтегенге дейін жүргізуге міндеттенеді.

      Осындай төлемдер мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

      1) есепке жазылған айыппұлдар;

      2) есепке жазылған сыйақы;

      3) негізгі борышты өтеу.

12-бап

      1. Егер осы Келісім бойынша қандай да бір төлем мерзімдері бойынша Қазақстан Республикасында немесе Грузияда банктің жұмыс күні болып табылмайтын күнге түскен жағдайда, мұндай төлем банктің келесі жұмыс күні жүргізіледі.

      2. Тараптардың орталық банктері:

      осы Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде осы Келісімнің шарттарынан туындайтын есептерді жүзеге асырудың және шоттарды жүргізудің техникалық тәртібін келісуге;

      Тараптардың Қаржы министрліктеріне олардың арасында банкаралық келісім түрінде ресімделген осы Келісімнің шарттарынан туындайтын есептерді жүзеге асырудың және шоттарды жүргізудің өздері келіскен техникалық тәртібін ресми ұсынуға;

      бір-біріне қарамастан есепті тоқсан аяқталған күннен бастап 10 (он) күн ішінде Тараптардың Қаржы министрліктерінің екеуіне де Тараптар шоттарының есепті тоқсан аяқталған күнгі жай-күйі туралы анықтаманы ресми түрде беріп отыруға міндетті.

      3. Қазақстан тарапының орталық банкінің шотына сома түскен күн төлем орындалған күн болып саналады.

13-бап

      Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелері сөзсіз болып табылады және ол бойынша барлық төлемдер қандай да болсын алуларсыз, ұстап қалуларсыз және кез келген түрдегі өзара есепке алуларсыз жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында қолданылып жүрген барлық салықтардан, комиссиялардан және алымдардан босатылатын болады.

14-бап

      Осы Келісімнің ережелері Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

15-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

16-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер арқылы шешетін болады.

      Егер дауды реттеуге келіссөздер арқылы қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, онда мұндай дау ЮНСИТРАЛ Төрелік регламентіне сәйкес ad hoc төрелік сотына шешу үшін жіберіледі. Осы Төрелік сот әрбір Уағдаласушы Тараптан бір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптан даудың төрелік шешімінің талабын алған күннен бастап отыз күн ішінде тағайындалған бір-бір төрешіден және осы екі төреші төраға ретінде келіскен, сондай-ақ үшінші төреші кез келген Уағдаласушы Тарап мемлекетінің азаматы болуға тиісті емес деген шартпен кейінгі отыз күн ішінде таңдалған үшінші төрешіден тұратын үш төрешіден құрылады.

      Егер үшінші төреші кейінгі отыз күн ішінде әрбір Уағдаласушы Тарап тағайындаған төрешілермен келісілмесе, онда Уағдаласушы Тараптар кез келген Уағдаласушы Тарап мемлекетінің азаматы болуға тиісті емес үшінші төрешіні тағайындау өтінішімен БҰҰ-ның Халықаралық сотының төрағасына жүгінеді.

      Төрелік сот өз шешімдерін қажетті уақыт кезеңі ішінде көпшілік дауыспен қабылдайды. Осы шешімдер түпкілікті және міндетті болуға тиіс.

      Әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің жеке төрешісінің шығыстарын және оның төрелік процестегі өкілдік шығыстарын көтереді. Төрелік сот төрағасының өз міндеттерін атқаруы бойынша шығыстары мен төрелік соттың қалған шығындары Уағдаласушы Тараптар арасында тең бөлінеді.

17-бап

      Осы Келісім Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті тиісті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім Тараптар осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Тараптар дипломатиялық арналар арқылы келіскен күннен бастап өзінің қолданылуын тоқтатады.

18-бап

      Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 1996 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік несиелері бойынша Грузия Үкіметінің қарызын қайта құрылымдау туралы келісім өзінің қолданылуын тоқтатады.

      2017 жылғы 13 маусым Астана қаласында екі төлнұсқа данада әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей.

      Тараптар мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасы Грузия
      Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан

  Қазақстан Республикасы
Үкіметі мен Грузия Үкіметі
арасындағы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
Грузия Үкіметіне берген
мемлекеттік кредиттері бойынша
Грузия Үкіметінің берешегін
қайтадан қайта құрылымдау
туралы келісімге
1-қосымша

      1 Париж клубы

Қабылданған міндеттемелер:

2001 жылғы 1 қаңтардан бастап 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Шоғырландыру мәні

төлеуге жататын негізгі сома

Шоғырландырылатын сома

10192036 АҚШ доллары

Пайыздық мөлшерлеме

4 %

Пайыздық мөлшерлемені есепке жатқызу әдісі

нақты / 360

Төлемдер

жартыжылдық

Негізгі борыш бойынша төлемнің бірінші күні

2005 жылғы 30 маусым

Пайыздар бойынша төлемнің бірінші күні

2001 жылғы 30 маусым


Күні

Қалдық

Күндер

Негізгі борыш

Пайыздар

Жалпы

31-Маr-01

1 274 004,50






30-Jun-01

2 548 009,00

91



12 881,60

12 881,60

30-Sep-01

3 822 013,49

92



26 046,31


31-Dec-01

5 096 017,99

92



39 069,47

65 115,79

31-Mar-02

6 370 022,49

90



50 960,18


30-Jun-02

7 644 026,99

91



64 408,01

115 368,19

30-Sep-02

8 918 031,49

92



78 138,94


31-Dec-02

10 192 035,98

92



91 162,10

169 301,04

30-Jun-03

10 192 035,98

181



204 973,17

204 973,17

31-Dec-03

10 192 035,98

184



208 370,51

208 370,51

30-Jun-04

10 192 035,98

182



206 105,62

206 105,62

31-Dec-04

10 192 035,98

184



208 370,51

208 370,51

30-Jun-05

10 136 998,99

181

0,54%

55 036,99

204 973,17

260 010,16

31-Dec-05

10 072 789,16

184

0,63%

64 209,83

207 245,31

271 455,14

30-Jun-06

9 999 406,50

181

0,72%

73 382,66

202 574,98

275 957,64

31-Dec-06

9 915 831,81

184

0,82%

83 574,70

204 432,31

288 007,01

30-Jun-07

9 822 065,08

181

0,92%

93 766,73

199 418,40

293 185,13

31-Dec-07

9 718 106,31

184

1,02%

103 958,77

200 806,66

304 765,43

30-Jun-08

9 602 936,30

182

1,13%

115 170,01

196 521,71

311 691,71

31-Dec-08

9 476 555,06

184

1,24%

126 381,25

196 326,70

322 707,94

30-Jun-09

9 337 943,37

181

1,36%

138 611,69

190 584,05

329 195,74

31-Dec-09

9 187 101,24

184

1,48%-

150 842,13

190 909,06

341 751,20

30-Jun-10

9 023 009,46

181

1,61%

164 091,78

184 762,81

348 854,59

31-Dec-10

8 844 648,83

184

1,75%

178 360,63

184 470,42

362 831,05

30-Jun-11

8 652 019,35

181

1,89%

192 629,48

177 875,72

370 505,20

31-Dec-11

8 444 101,81

184

2,04%

207 917,53

176 885,73

384 803,26

30-Jun-12

8 220 896,22

182

2,19%

223 205,59

170 758,50

393 964,09

31-Dec-12

7 981 383,38

184

2,35%

239 512,85

168 071,66

407 584,50

30-Jun-13

7 725 563,28

181

2,51%

255 820,10

160 514,49

416 334,59

31-Dec-13

7 451 397,51

184

2,69%

274 165,77

157 944,85

432 110,62

30-Jun-14

7 158 886,08

181

2,87%

292 511,43

149 855,88

442 367,32

31-Dec-14

6 848 028,98

184

3,05%

310 857,10

146 359,45

457 216,55

30-Jun-15

6 516 787,81

181

3,25%

331 241,17

137 721,47

468 962,64

31-Dec-15

6 165 162,57

184

3,45%

351 625,24

133 232,11

484 857,35

30-Jun-16

5 792 134,05

182

3,66%

373 028,52

124 673,29

497 701,80

31-Dec-16

5 396 683,05

184

3,88%

395 451,00

118 416,96

513 867,96

30-Jun-17

4 977 790,37

181

4,11%

418 892,68

108 533,29

527 425,97

31-Dec-17

4 534 436,81

184

4,35%

443 353,57

101 768,16

545 121,72

30-Jun-18

4 066 622,36

181

4,59%

467 814,45

91 192,56

559 007,01

31-Dec-18

3 572 308,61

184

4,85%

494 313,75

83 139,83

577 453,58

30-Jun-19

3 050 476,37

181

5,12%

521 832,24

71 843,10

593 675,34

31-Dec-19

2 501 125,63

184

5,39%

549 350,74

62 365,29

611 716,03

30-Jun-20

1 922 217,99

182

5,68%

578 907,64

50 578,32

629 485,96

31-Dec-20

1 312 734,23

184

5,98%

609 483,75

39 298,68

648 782,43

30-Jun-21

671 655,17

181

6,29%

641 079,06

26 400,54

667 479,61

31-Dec-21

0,00

184

6,59%

671 655,17

13 731,62

685 386,79

Барлығы



100%

10192035,98

6024673,50

16216709,49

  Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Грузия Үкіметі арасындағы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Грузия Үкіметіне
берген мемлекеттік кредиттері
бойынша Грузия Үкіметінің
берешегін қайтадан қайта
құрылымдау туралы келісімге
2-қосымша

Шоғырландырылатын және капиталдандырылатын соманы өтеу кестесі

      АҚШ доллары

Күні

Негізгі борыш

Пайыздар

Берешек төлемі

Төлемдердің жалпы сомасы

Негізгі борыш

Пайыздар

01-09-17

1,161,390.99

458,253.44

1,800,000.00

1,500,000.00

4,919,644.43

30-12-17

443,353.57

101,768.16

600,000.00

500,000.00

1,645,121.73

01-03-18

391,049.11

162,191.47

600,000.00

500,000.00

1,653,240.58

30-06-18

467,814.45

91,192.56

600,000.00

500,000.00

1,659,007.01

01-09-18

403,424.08

156,884.94

600,000.00

500,000.00

1,660,309.02

30-12-18

494,313.75

83,139.83

600,000.00

500,000.00

1,677,453.58

01-03-19

417,036.55

146,213.73

600,000.00

500,000.00

1,663,250.28

30-06-19

521,832.24

71,843.10

600,000.00

500,000.00

1,693,675.34

01-09-19

430,649.02

140,111.08

600,000.00

500,000.00

1,670,760.10

30-12-19

549,350.74

62,365.29

600,000.00

500,000.00

1,711,716.03

01-03-20

444,261.49

129,879.46

600,000.00

500,000.00

1,674,140.95

30-06-20

578,907.64

50,578.32

600,000.00

500,000.00

1,729,485.96

01-09-20

459,111.46

122,224.02

600,000.00

500,000.00 .

1,681,335.48

30-12-20

609,483.75

39,298.68

600,000.00

500,000.00

1,748,782.43

01-03-21

475,198.92

110,998.00

600,000.00

500,000.00

1,686,196.92

30-06-21

641,079.06

26,400.54

600,000.00

500,000.00

1,767,479.60

01-09-21

490,048.89

103,122.57

600,000.00

500,000.00

1,693,171.46

30-12-21

671,655.17

13,731.62

148,068.58

244,342.75

1,077,798.12

01-03-22

506 136,35

91 585,79



597,722.14

01-09-22

523 461,31

82 756,11



606,217.42

01-03-23

540,786,27

70 879,44



611,665.71

01-09-23

558,111.23

60,998.16



619,109.39

01-03-24

576,673.69

49,048.89



625,722.58

01-09-24

596,473.65

37,798.11



634,271.76

01-03-25

616,273.60

25,186.09



641,459.69

01-09-25

636,073.56

13,004.17



649,077.75


14,203,950.56

2,501,453.57

11,548,068.58

9,744,342.75

37,997,815.46

  Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Грузия Үкіметі арасындағы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Грузия Үкіметіне
берген мемлекеттік кредиттері
бойынша Грузия Үкіметінің
берешегін қайтадан қайта
құрылымдау туралы келісімге
3-қосымша

      2. Париж клубы

Қабылданған міндеттемелер:

2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 2004 жылғы 31 мамыр кезеңінде төлеуге жататын және төленбеген негізгі және пайыздық сома + 2004 жылғы 1 маусымнан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде төлеуге жататын негізгі пайыздық сома

Шоғырландыру мәні
Жалпы сома

 
15559983 АҚШ доллары

1-бөлік

3185011 АҚШ доллары

2-бөлік

12374972 АҚШ доллары

Пайыздық мөлшерлемесі

4 %

Пайыздарды есепке жатқызу әдісі

Нақты / 360

Төлемдер

жартыжылдық

1-бөлік бойынша негізгі төлемнің бірінші күні

2004 жылғы 1 маусым

1-бөлік бойынша пайыздық төлемнің бірінші күні

2004 жылғы 1 маусым

      1-бөлік

Күні

Қалдық

%

Күндер

Негізгі борыш

Пайыздар

Барлығы

1-Jun-04

3 185 011,25






1-Deс-04

3 185 011,25

11%

183

700 702,47

64 761,90

765 464,37

1-Jun-05

2 484 308,77

10,5%

182

668 852,36

50 238,24

719 090,61

1-Dec-05

1 815 456,41

10,5%

183

668 852,36

36 914,28

705 766,64

1-Jun-06

1 146 604,05

9%

182

573 302,02

23 186,88

596 488,91

1-Dec-06

573 302,02

9%

183

573 302,02

11 657,14

584 959,17

Барлығы




3 185 011,25

186 758,44

371 769,69


2-бөлік бойынша негізгі төлемнің бірінші күні

2011 жылғы 1 наурыз

2-бөлік бойынша пайыздық төлемнің бірінші күні

2004 жылғы 1 қыркүйек

      2-бөлік

Күні

Қалдық

%

Күндер

Негізгі борыш

Пайыздар

Барлығы

1-Jun-04

3 185 011,25






30-Jun-04

4 459 015,74






l-Sep-04

4 459 015,74


63


31 213,11

31 213,11

30-Sep-04

5 811 159,18


29


14 367,94


31-Dec-04

7 150 279,47


92


59 402,96


l-Mar-05

7 150 279,47


60


47 668,53

121 439,43

31-Mar-05

8 475 244,14


30


23 834,26


30-Jun-05

9 787 893,45


91


85 694,14


1-Sep-05

9 787 893,45


63


68 515,25

178 043,65

30-Sep-05

11 087 944,26


29


31 538,77


30-Dec-05

12 374 971,91


91


112 111,44


1-Mar-06

12 374 971,91


61


83 874,81

227 525,01

1-Sep-06

12 374 971,91


184


252 999,43

252 999,43

1-Mar-07

12 374 971,91


181


248 874,44

248 874,44

l-Sep-07

12 374 971,91


184


252 999,43

252 999,43

l-Mar-08

12 374 971,91


182


250 249,43

250 249,43

1-Sep-08

12 374 971,91


184


252 999,43

252 999,43

1-Mar-09

12 374 971,91


181


248 874,44

248 874,44

1-Sep-09

12 374 971,91


184


252 999,43

252 999,43

1-Mar-10

12 374 971,91


181


248 874,44

248 874,44

l-Sep-10

12 374.971,91


184


252 999,43

252 999,43

1-Mar-11

12 127 472,48

2,00%

181

247 499,44

248 874,44

496 373,87

1-Sep-11

11 871 310,56

2,07%

184

256 161,92

247 939,44

504 101,36

1-Mar-12

11 611 436,15

2,10%

182

259 874,41

240 064,28

499 938,69

l-Sep-12

11 337 949,27

2,21%

184

273 486,88

237 389,36

510 876,24

1-Mar-13

11 055 799,91

2,28%

181

282 149,36

228 018,76

510 168,12

l-Sep-13

10 767 463,06

2,33%

184

288 336,85

226 029,69

514 366,53

1-Mar-14

10 466 751,24

2,43%

181

300 711,82

216 545,65

517 257,46

1-Sep-14

10 156 139,45

2,51%

184

310 611,80

213 986,91

524 598,71

1-Mar-15

9 834 390,18

2,60%

181

321 749,27

204 251,25

526 000,52

l-Sep-15

9 502 740,93

2,68%

184

331 649,25

201 058,64

532 707,89

1-Mar-16

9 159 954,21

2,77%

182

342 786,72

192 166,54

534 953,26

l-Sep-16

8 807 267,51

2,85%

184

352 686,70

187 270,17

539 956,87

1-Mar-17

8 442 205,84

2,95%

181

365 061,67

177 123,94

542 185,61

l-Sep-17

8 064 769,20

3,05%

184

377 436,64

172 596,21

550 032,85

1-Mar-18

7 673 720,08

3,16%

181

391 049,11

162 191,47

553 240,58

1-Sep-18

7 270 296,00

3,26%

184

403 424,08

156 884,94

560 309,03

1-Mar-19

6 853 259,45

3,37%

181

417 036,55

146 213,73

563 250,28

1-Sep-19

6 422 610,42

3,48%

184

430 649,02

140 111,08

570 760,10

1-Mar-20

5 978 348,93

3,59%

182

444 261,49

129 879,46

574 140,95

1-Sep-20

5 519 237,47

3,71%

184

459 111,46

122 224,02

581 335,48

1-Mar-21

5 044 038,55

3,84%

181

475 198,92

110 998,00

586 196,92

1-Sep-21

4 553 989,66

3,96%

184

490 048,89

103 122,57

593 171,45

l-Mar-22

4 047 853,31

4,09%

181

506 136,35

91 585,79

597 722,14

1-Sep-22

3 524 392,00

4,23%

184

523 461,31

82 756,11

606 217,42

1-Mar-23

2 983 605,73

4,37%

181

540 786,27

70 879,44

611 665,71

1-Sep-23

2 425 494,50

4,51%

184

558 111,23

60 998,16

619 109,39

1-Mar-24

1 848 820,80

4,66%

182

576 673,69

49 048,89

625 722,58

1-Sep-24

1 252 347,16

4,82%

184

596 473,65

37 798,11

634 271,76

1-Mar-25

636 073,56

4,98%

181

616 273,60

25 186,09

641 459,69

1-Sep-25

(0,00)

5,14%

184

636 073,56

13 004,17

649 077,73

Барлығы


100%


12374971,91

7316288,38

19691260,30

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің грузин тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады