Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 13 маусымдағы № 160-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 10 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      489-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жекеше мекеме, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың (саяси партияларды, діни бірлестіктерді және кәсіптік одақтарды, құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, –".

      2. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға, саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат; 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат; 2015 ж., № 23-І, 166-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-3), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттары – үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасына, шарттарына, мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;";

      "4-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау процесі;

      4-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау;";

      8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның күші техникалық реттеу объектілеріне қатысты қағидалар, жалпы қағидаттар мен сипаттамалар белгілейтін стандарттарға қолданылмайды.";

      3) 4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 4-1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асырудың мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;";

      2) тармақшадағы "мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын" деген сөздер "мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) оператор арқылы гранттар береді, гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      8) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздер "осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 4-2-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптары мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдар:

      1) Қазақстан Республикасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, қорытады және уәкілетті органға ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оператор арқылы гранттар береді;

      3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      6) 5-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      9) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;";

      "13) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;";

      13-2) тармақшадағы "жүргізу бойынша жүзеге асырылады." деген сөздер "жүргізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы

      15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу бойынша жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағыттары шеңберінде тақырыптар қалыптастырылады.";

      7) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8) 6-1-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Гранттар:

      1) бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік гранттар;

      2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен берілетін мемлекеттік емес гранттар болып бөлінеді.

      2. Гранттар оператор арқылы грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін беріледі.";

      9) 6-3-баптың 1, 2, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сыйлықақылар беруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.

      Сыйлықақылар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.

      2. Үкіметтік емес ұйымдар сыйлықақы алуға өтінімдерді уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді.

      Дәл сол бір үкіметтік емес ұйым сыйлықақы алуға сыйлықақының бір бағытынан артық бағыт бойынша ұсынылмайды.

      3. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.";

      "5. Бір бағыт бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін. Сыйлықақы бірнеше ізденушіге берілген кезде сыйлықақы олардың арасында тең бөліктермен бөлінеді.".

      4. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VI, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      5-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер, ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;".

      5. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      7-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;".

      6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде және өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған тәртіппен:";

      2) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық палатада, өңірлік палаталарда өздерінің жарғыларына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.";

      3) 19-бапта:

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) өңірлік кеңестер делегаттарын сайлауды өткізу тәртібін, мерзімдерін және өңірлік кеңестерді қалыптастыру тәртібін бекіту;";

      5-тармақта:

      ", сондай-ақ өңірлік кеңестер делегаттарын сайлауды өткізу тәртібі" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 21-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "52" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      1) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақшада:

      "(одақтарының)" деген сөзден кейін ", кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      "он алты" деген сөздер "он жеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      5) 25-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өңірлік кеңес өңірлік палатаның байқаушы органы болып табылады және съезд әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана үшін саралап белгілеген квота шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, сондай-ақ қауымдастықтардың (одақтардың), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдерінен съезд бекіткен тәртіппен қалыптастырылады.

      2. Өңірлік кеңес делегаттары өңірлік палатаның аудандық, салалық кеңестеріндегі кәсіпкерлік субъектілері делегаттарының тікелей дауыс беруі арқылы съезд бекіткен тәртіппен төрт жыл мерзімге сайланады.";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      6) 32-бапта:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тағайындалған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кеңес мүшелерінің өкілеттіктері осы Заңның 25-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кеңестерін қалыптастыру аяқталған күннен бастап бітеді.";

      10-тармақ алып тасталсын.

      7. "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 3, 12-құжат):

      1) 6-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";

      2) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";

      3) 9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жастар арасында денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";

      4) 12-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жастардың мәдениет, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері жөніндегі бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";

      5) 13-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жастар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";

      6) 14-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";

      7) 15-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";

      8) 17-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге қатысуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;".

2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші абзацын және 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады