2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 12 шілдеде Бішкекте жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(2020 жылғы 18 тамызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2020 ж., № 4, 20-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 8-бабын басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттерінің көші-қон саласындағы өздерінің ұлттық заңнамаларын үйлестіруге және жол жүру құжаттарын біріздендіруге мүдделілігінің артып отырғанын атап өте отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін Келісімнің 4-бабының 7-тармақтары алып тасталсын.
2-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезіндегі Тараптар арасындағы кез келген даулар мен келіспеушіліктер консультациялар және келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
3-бап
Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2019 жылғы 12 шілдеде Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының | Қырғыз Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Хаттаманың қырғыз тіліндегі мәтіні берілген.