Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 19 желтоқсандағы № 385-VI ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      398-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-2) тармақпен толықтырылсын:

      "6-2) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешім;".

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат):

      70-баптың бірінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шығарып жіберілетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ішкі істер органдарының арнаулы мекемесіне орналастырылады.";

      екінші абзацтағы "көшіп келушіні" деген сөздер "шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; 2019 ж., № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      28-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды. Шетелдік осы шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау шығарып жіберілетін адамның бақыланатын өз бетінше шығуы немесе адамды Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығарып жіберу арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жіберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол соттың санкциясымен жүріп-тұру еркіндігі алдын ала шектелуге және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жатады. Мұндай адамның жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Мұндай адамды ұстау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде жүргізіледі.".

      4. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 53, 56-құжаттар; 2019 ж., № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-бапта:

      1) тармақша "адамдарды" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу – ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде:

      белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларды;

      заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытша оқшаулауды білдіретін, құқық бұзушылықтардың жеке профилактика шарасы;";

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнына орналастыру ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Мұндай адамдардың жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оларды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі;";

      3) 3-2-тараудың тақырыбы "адамдарды" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 46-6-бапта:

      тақырыптағы "Әкімшілік қамауға алынған және арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген адамдарды" деген сөздер "Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзац "адамдар" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) ішкі істер органының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысының;";

      3) тармақша "адамның" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ "адамдардың" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 46-7-бапта:

      тақырып "адамдарды" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ "адамдар" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың екінші бөлігі "адамдарға" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ "адамдар" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ "адамдардан" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 46-8-бапта:

      тақырыптағы "Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың" деген сөздер "Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың" деген сөздер "Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған адамдар" деген сөздер "Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 46-9-бапта:

      тақырып "адамдарды" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар шығарып жіберу туралы сот үкімін, шешімін, қаулысын орындау үшін не жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу мерзімі өткеннен кейін арнаулы қабылдау орнынан босатылады.";

      3-тармақ "адамдар" деген сөзден кейін ", мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-І, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      29-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу:

      белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларға;

      заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты жеке профилактика шарасы болып табылады.

      2. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді ішкі істер органдары соттың санкциясымен қолданады және ол осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге уақытша оқшаулауды білдіреді.".

      6. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      60-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңсыз көшіп келушілерді ұстап алуға және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен мұндай адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге оларды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға жол беріледі.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады