1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 10 қазанда Нұр-Сұлтанда жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық жәңе қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы XATTAMА (2021 жылғы 20 сәуірде күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2021 ж., № 3, 17-құжат)
Қазақстан Республикасы мен Моңғолия (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын)
1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шарттың (бұдан әрі - Шарт) 40-бабын негізге ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
1. Шарттың қазақ тіліндегі атауындағы "өзара көмек туралы" деген сөздер "өзара құқықтық көмек туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Шарттың монғол және орыс тілдеріндегі атауы өзгертілмейді.
2. Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап Құқықтық көмек көрсеткен кезде қатынастар жасау тәртібі
Егер осы Шартта қатынастардың өзгеше тәртібі белгіленбесе ғана, құқықтық көмек көрсеткен кезде Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары бір-бірімен орталық органдары арқылы қатынас жасайды.
Мыналар:
Қазақстан Республикасы үшін - соттардан шығатын өтініштер (тапсырмалар), сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот шешімдерін тану және орындау туралы өтінішхаттар бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты; сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде қылмыстық істер бойынша өтініштер (тапсырмалар), сондай-ақ қылмыстық істер бойынша залалды өтеу бөлігінде үкімдерді тану және орындау туралы өтінішхаттар бөлігінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы; өзге мекемелерден, сондай-ақ нотариустар мен адвокаттардан шығатын басқа да өтініштер (тапсырмалар) бөлігінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Моңғолия үшін - Моңғолияның Әділет және ішкі істер министрлігі, Моңголияның Бас Прокуратурасы және Моңғолияның Жоғарғы Соты орталық органдар болып табылады.
Уағдаласушы Тараптардың орталық органдарының өкілеттіктері немесе функциялары өзгерген жағдайда дипломатиялық арналар арқылы тиісті жазбаша хабарлама жіберіледі.".
3. Шарттың 27-бабы алып тасталсын.
2-бап
Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Шарт қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданысын тоқтатады.
2019 жылғы 10 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, моңғол және орыс тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей.
Мәтіндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасы үшін | Моңғолия үшін |