Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 2 шiлдедегi № 63-VII ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) мазмұны алып тасталсын;

      2) 62-баптың екінші бөлігіндегі "бұзушылық, сондай-ақ" деген сөздер "бұзушылық, лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 89-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "Жұмыс берушінің" деген сөздерден кейін "не қабылдаушы тараптың" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 90-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "құқығын" деген сөзден кейін ", оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жұмыстарды орындау кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 328-баптың ескертуі мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан болатын ластағыш заттардың шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген стационарлық көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.

      Бұл ретте алаулардағы күкірт диоксидінің, азот диоксидінің, көміртегі тотықтарының шығарындылары үшін тиісінше "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген күкірт оксидтерінің (SOₓ), азот оксидтерінің (NOₓ), көміртегі монооксидінің шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады. Меркаптан шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 3-тармағында белгіленген тиісті төлемақы мөлшерлемесі қолданылады.";

      6) 506-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары мен бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –";

      7) мынадай мазмұндағы 664-1-баппен толықтырылсын:

      "664-1-бап. Прокурордың қаулысын орындамау

      1. Прокурордың қаулысын орындамау, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      8) 667-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы "әскери полиция органы" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік фельдъегерлік қызмет" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 684-баптың бірінші бөлігі "664," деген цифрлардан кейін "664-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      10) 685-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) осы Кодекстің 132 (бірінші бөлігінде), 441-1, 480 (бірінші бөлігінде), 614-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – учаскелік полиция инспекторлары;";

      11) 805-баптың бірінші бөлігі "660," деген цифрлардан кейін "664-1," деген цифрлармен толықтырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабының 5) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Бұл ретте алаулардағы күкірт диоксидінің, азот диоксидінің шығарындылары үшін тиісінше "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген күкірт тотықтарының, азот тотықтарының шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады. Меркаптан шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 3-тармағында белгіленген тиісті төлемақы мөлшерлемесі қолданылады.".

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады