ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
144-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтың жеке өмір құпиясын, оның ішінде хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, интимдік өмір, бала асырап алу, туу құпиясын, адвокаттық құпияны, медицина қызметкерінің, банк салымдарының құпиясын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қорғауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген жағдайларда ғана жеке өмір құпиясын ашуға болады.".
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 830-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) соттарға және нотариустарға - соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша;";
2) 1051-баптың 4-1-тармағындағы "туралы куәлік" деген сөздер "туралы куәлік немесе хабарлама" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
158-баптың 1-тармағындағы "осы жер учаскесi есепке алынған орын бойынша" деген сөздер алып тасталсын.
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
154-1-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартқа қол қою, сондай-ақ шартты тіркеу.".
5. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізуге, азаматтық хал актілерінің күшін жоюға және оларды қалпына келтіруге арналған, сондай-ақ жеке тұлғалардың дербес деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;";
2) 3-баптың 5) тармақшасындағы "мемлекеттік органдардың" деген сөздер "органдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "бір ай мерзім" деген сөздер "күнтізбелік он бес күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 53-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер мен қызметкерлер, сондай-ақ жеке өмір туралы өзгеше түрде хабардар болған басқа да адамдар жеке және отбасылық құпияны сақтауға міндетті.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тіркеуші органның жұмыскерлері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің қызметкерлері бала асырап алушының келісімінсіз бала асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы болып табылмайтындығы туралы ақпарат қамтылатын құжаттарды беруге құқылы емес.";
5) 64-бапта:
3-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер ата-анасы некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуге қарамастан бөлек тұрса не балаға қатысты әке болу анықталса және бала өзімен бірге тұрып жатқан ата-ана оған өзінің тегін бергісі келсе немесе ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, баланың тегін әкесінің немесе әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасының аты бойынша өзгерткісі келсе, тіркеуші орган баланың мүдделеріне қарай және екінші ата-ананың нотариатта ресімделген пікірін ескере отырып, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізеді.";
4-тармақ алып тасталсын;
6) 114-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "баланың тууы, бала асырап алу туралы куәліктерді" деген сөздер "туу туралы куәлікті, қажет болған кезде анықтаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 177-бапта:
бірінші бөліктегі ", атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайтыс болу туралы куәлікті және Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамдарға қатысты азаматтық хал актілерін тіркеуге, қалпына келтіруге, қайтыс болған адамның дербес деректеріне өзгерістер, түзетулер және толықтырулар енгізуге, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді беруге тыйым салынады.";
8) 178 және 179-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"178-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін беріледі.
Электрондық нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Қағаз жеткізгіште берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен, тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен бекемделеді.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, анықтаманы берген, Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің лауазымды адамының қолтаңбасымен және Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің елтаңбалы мөрімен бекемделген құжат қағаз жеткізгіште беріледі.
Қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі акт жазбасының негізінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік береді.
2. Балаларына қатысты ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға балалардың туу туралы қайталама куәліктері құқықтары қалпына келтірілгенге дейін қайтадан берілмейді.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәліктер некесін (ерлі-зайыптылықты) бұзған немесе некесі (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін берілмейді.
Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан немесе ол жарамсыз деп танылғаннан не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін қажет болған кезде неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беріледі, онда некені тоқтату негізі көрсетіледі.
3. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.
Азаматтар (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушылар, қайтыс болған адам) туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар нотариат куәландырған сенімхатпен берілуі мүмкін.
179-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында – тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жүргізеді.
2. Ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі тиісті ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдауды және осы Кодексте көзделген мерзімдерде оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тиісті тіркеуші органына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, қажет болған кезде анықтамалар беруді және табыс етуді жүргізеді.
3. Тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері өздеріне, өздерінің жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізуге құқылы емес.
Тіркеуші органның жұмыскеріне, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкеріне, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туысына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органның басқа жұмыскері, Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің басқа қызметкері жүзеге асырады немесе басқа тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі басқа мекемесінде жүзеге асырылады.";
9) 180-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді және бекітеді.";
10) 181-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"181-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы акт кітаптары, акт жазбалары, куәліктер мен анықтамалар";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Акт кітаптары тігілген және қатаң реттілікпен нөмірленген, оларды құрастырған тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей екі жүз акт жазбаларын қамтып, екі данада қалыптастырылады. Акт жазбаларының бірдейлігін тіркеуші органның жұмыскерлері қамтамасыз етеді.
Акт кітаптарының бірінші даналары азаматтық хал актісін бастапқы мемлекеттік тіркеу орны бойынша – ауданның (қаланың) тіркеуші органының архивінде, екінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органының архивінде сақталады.
2. Электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.";
11) 184-баптың 3-тармағындағы "туу туралы" деген сөздер алып тасталсын;
12) 187-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"187-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
Медициналық ұйымнан тыс жерде, оның ішінде үйде босанған жағдайда, туу туралы медициналық куәлікті анасының жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес, анасы босанғаннан кейін жүгінген босандыру ұйымының жауапты медициналық қызметкері ресімдейді.
Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде баланың ата-анасы туралы мәліметтер азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерге сәйкес толтырылады.
Бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін мемлекеттік тіркеу кезінде анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер оның сөзі бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады.
Бұдан әрі баланың анасы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген тәртіппен туу туралы акт жазбасында толықтырылады.
Туу туралы медициналық куәлік болмаған жағдайда, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық хал актілеріне ата-анасының атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін, ұлтын жазу осы Кодекстің 50, 51 және 63-баптарына сәйкес жүргізіледі.
Баланы суррогат ана туған жағдайда, туу туралы медициналық куәлік баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылады.
2. Баланың туу туралы медициналық куәлігі баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнін, айын, жылын және жынысын, құжаттың берілген күнін қамтуға тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында берілген, қағаз жеткізгіштегі баланың туу туралы медициналық куәлігі – медициналық ұйымның лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен расталуға тиіс, ал электрондық нысанда медициналық ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс.
Медициналық ұйымда баланың туу фактісі туралы мәліметтер туылған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне беріледі.";
4-тармақ алып тасталсын;
13) 188-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
14) 194-баптың 3-тармағында:
"жазылмайды" деген сөз "қалауы бойынша жазылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әкесінің атына "-ұлы, -қызы" деген жалғау қосылып, тегін ауыстырған жағдайларда, әкесінің аты жазылмайды.";
15) 197-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өлі туған баланың туу туралы куәлігі берілмейді. Өлі туған балаға қатысты өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.";
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Туу және қайтыс болу туралы жасалған акт жазбаларының негізінде қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама беріледі. Ата-анасының өтінуі бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.";
16) 199-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдіктердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында болу заңдылығы расталмаған шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу олардың қалауы бойынша олар тұрақты немесе уақытша тұратын жердегі тіркеуші органдарда жүргізіледі.";
17) 220 және 222-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"220-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін негіз
Тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.";
"222-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш беру мерзімі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі
1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын беріледі.
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні жүргізеді.
Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу уақытын тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың келісуі бойынша тағайындайды. Мемлекеттік тiркеудің уақыты сол үй-жайда қайтыс болуды және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тiркеген уақытпен сәйкес келмейтiндей есеппен тағайындалуға тиіс.
3. Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың екеуінің тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде болуы мүмкін болмаса немесе оған қатысуы тым қиын болса (бір-бірінен алыста тұруы, ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығына байланысты мүгедектігі, әскери қызмет өткеруі және басқалары), белгіленген нысан бойынша толтырылған және некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың екеуі қол қойған неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішті олардың біреуі бере алады.
Жоқ адамның қолтаңбасын тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері куәландыруы және азаматтың тұрған жеріндегі тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің мөрімен бекемделуі мүмкін, нотариус немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық әрекеттер жасау құқығы берілген өзге де лауазымды адам, сондай-ақ мынадай тәртіппен:
1) әскери қызметшілерді – тиісті әскери бөлімнің командирі;
2) жүзу уақытында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын – осы кемелердің капитандары;
3) экспедицияларда болатын адамдарды – осы экспедициялардың бастықтары;
4) стационарлық медициналық ұйымдарда болатын адамдарды – осы ұйымдардың бас дәрігерлері;
5) қамаққа алу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан, мекемелерде ұсталатын адамдарды – тиісті мекемелердің бастықтары;
6) жүріп-тұруында қиындықтар бар мүгедектігі бар адамдарды – дәрігерлік-консультативтік комиссияның төрағасы куәландыруы мүмкін.";
18) 223-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша, тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік он бес күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жекелеген жағдайларда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің бастамасы бойынша ұлғайтылуы мүмкiн. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейiн тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушiден күнтізбелік он бес күннен асыруға болмайтын белгiленген мерзiмде тиiстi құжаттық дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндеттi.
Тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі мүдделi адамдардың өтінуі бойынша немесе өз бастамасымен қажеттi тексеруді жүргiзеді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi кейінге қалдыру туралы неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген адамдар хабардар етіледі. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) заңды кедергiлер болған кезде тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі оны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
Егер мұндай кедергiлер туралы мәлiметтер расталмаса, некенi (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тiркеу жалпы негiздерде жүргiзiледi. Аталған мән-жайларды тексеру күнтізбелік он бес күн ішінде аяқталуға тиiс.
Күнтізбелік он бес күнді қысқарту немесе ұлғайту туралы рұқсатты – тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері, ал олар болмаған кезде олардың мiндетiн атқарушы адам неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішке қарар түрінде бередi.
Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек бiлдiрушiлер дәлелдi себептер бойынша белгiленген күнi тіркеуші органға немесе Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмайтын болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеу мерзiмi олардың өтінуі бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.";
19) 224-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "жазбаша түрде жасалуға тиiс" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 226-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"226-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу тәртібі
1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері жүргізеді.
2. Егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеппен тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмайтын болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйінде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
3. Тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері:
1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіру туралы берілген өтініштерді жария етеді;
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды;
4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілердің жоқ екендігін анықтайды;
5) мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті береді.
4. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілер болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу кітабына неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізіледі, оған некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар қолын қояды және тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен не Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен бекемделеді.
5. Тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі, егер неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екендігін растайтын дәлелдемелері болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
6. Тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";
21) 228-баптың 2-тармағының екінші бөлігі "тіркеуші орган" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі" деген сөздермен толықтырылсын;
22) 232-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы кез келген тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер негізінде береді.";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер өтініш беруші бұрын некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiкті, анықтаманы немесе сот шешімін не жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлiкті немесе анықтаманы көрсетеді.";
23) 234-баптың 2-тармағы "тіркеуші органдарда" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
24) 235 және 236-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"235-бап. Мүдделі адамның өтініші бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазбаны тоқтата тұру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейін мүдделі адамнан неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін кедергілердің бар екендігі туралы өтініш келіп түскен жағдайда, тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті құжаттық дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндетті. Жазбаны тоқтата тұру мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
236-бап. Жұбайларға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікті беру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік некеге отыратын адамдардың әрқайсысына неке (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күні неке қиылған орын бойынша электрондық нысанда беріледі.
Жұбайлардың қалауы бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.";
25) 237-бапта:
5) тармақша "тіркеуші органның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша "тіркеуші органның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
26) 238-баптың 2 және 4-тармақтары "тіркеуші органдарда" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
27) 239-бап "тіркеуші органда" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде – болатын жеріндегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 240-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір айлық мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.
Мерзімді есептеу өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі.
Бір айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, олар тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағы бір айлық мерзім тағайындайды.
Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішті қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмаған кезде, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариат куәландырған келісімі болғанда жүргізілуі мүмкін.";
29) 241-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге" деген сөздер "азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстің 238-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішке неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік, егер ол қағаз жеткізгіште берілген болса, қоса берілуге тиіс.
Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасы тіркеуші органда сақталмаса, неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.";
30) 242-баптың бірінші бөлігі "тіркеуші орган" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі" деген сөздермен толықтырылсын;
31) 245-бапта:
2) тармақша "тіркеуші органның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
32) 246-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"246-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркелген орын бойынша электрондық нысанда береді.
Қалауы бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.";
33) 247-баптың 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"6) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;";
"8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.";
34) 30-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"30-тарау. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру";
35) 257-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"257-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру үшін негіз";
бірінші бөліктегі "ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді" деген сөздер "ауыстыруды" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тектерінде қалса немесе некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегеннен кейін жұбайы (зайыбы) тегін басқасына ауыстырса, жұбайымен (зайыбымен) ортақ текте болғысы келген жұбайының (зайыбының) тілегі;";
36) 258 және 260-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"258-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру орны
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде – құжаттарды кейіннен тіркеуші органға жіберу үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне беріледі.";
"260-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарау тәртібі
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарауды тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес жүргізеді.";
37) 261-бап алып тасталсын;
38) 262-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"262-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тарту";
39) 263-бап алып тасталсын;
40) 264-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"264-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті акт жазбаларына атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытындының негізінде енгізіледі.
Тіркеуші органдар атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру жүргізілгенін растау үшін туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті куәлік береді.";
41) 265 және 266-баптар алып тасталсын;
42) 268-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған кезде қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне ғана енгізеді.
Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық жүйелер интеграцияланбаған жағдайда, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне де, денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне де енгізеді.";
43) 270-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"270-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болмаған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу мүдделі адамның өтініші бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжаттар беріле отырып жүргізіледі.";
44) 271-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"271-бап. Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеуді сот-медициналық сараптама ұйымының лауазымды адамының жазбаша өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.";
45) 273-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"273-бап. Қайтыс болу туралы куәлікті және хабарламаны беру
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін қайтыс болу туралы хабарламаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға болады.
Қайтыс болған адамның жақын туыстарына, мұрагерлері аясына кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде пайдалану қажет болған жағдайда осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдарға олардың өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі қайтыс болу туралы акт жазбасының негізінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлікті береді.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабархаты бойынша беріледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болу туралы куәлігі барлық қажетті мәліметтер қайтыс болу туралы акт жазбасына енгізілгеннен кейін ғана беріледі.";
46) 274-бапта:
3) тармақшада "тіркеуші органның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада "тіркеуші органның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
47) 279-баптың 1-тармағындағы "Республикасының астанасы әкімдігінің" деген сөздер "Республикасы астанасының" деген сөзбен ауыстырылсын;
48) 280-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік тіркелуге жататын туу туралы акт жазбасын қоспағанда, мүдделі адамдардың өтініші бойынша тіркеуші орган немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі азаматтық хал актісін тіркеу туралы белгі қояды.".
6. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
638-баптың екінші бөлігіндегі "соттағы бiрыңғай және қосалқы (жылдық) тiзiмдерден" деген сөздер "соттағы алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімінен" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 28-баптың 10-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-2. Квазимемлекеттік сектор субъектісі деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, деректерді басқару талаптарына сәйкес мемлекеттік органдардың қызметті іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін қажетті иесіздендірілген деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына береді.";
2) 36-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы не өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Хабарлама "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда ұсынылады.";
3) 241-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) қайырымдылық ұйымдарына, эндаумент-қорларға инновациялық жобаларға сараптама, мониторинг жүргізу жөнінде қызметтер көрсете алады.".
8. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
343-баптың 19-тармағының 1) тармақшасы "қайтыс болуы туралы куәлік" деген сөздерден кейін "немесе хабарлама" деген сөздермен толықтырылсын.
9. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 68-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстің 47-бабының 3-тармағында, 50-бабының 1 және 4-тармақтарында, 106-бабының 5-тармағында, 107-бабының 4-тармағында, 133-бабының 2, 4 және 5-тармақтарында, 146-бабының 3-тармағында, 149-бабының 2-тармағында, 163-бабының 1 және 4-тармақтарында, 164-бабының 3-тармағында, 181-бабының 2, 4 және 5-тармақтарында көзделген хабарламалар, хабархаттар және хабарлар құзыретті орган айқындайтын тәртіппен жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында, 117-бабының 4-тармағында, 118-бабының 5-тармағында, 119-бабының 8-тармағында, 120-бабының 2-тармағында, 133-бабының 5-тармағында, 169-бабының 1-тармағында, 170-бабының 2-тармағында, 171-бабының 5-тармағында, 173-бабының 2-тармағында және 181-бабының 5-тармағында көзделген өтініштер мен ұсыныстар құзыретті орган айқындайтын тәртіппен жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы беріледі.";
2) 70-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде ашық қолжетімділікте жариялайды.
Ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган құзыретті органмен бірлесіп бекітеді.
7. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы құзыретті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде ашық қолжетімділікте орналастырылады.";
3) 93-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлға:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті қаржы қаражатының бар екенін растау үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:
1) банк шотының бар-жоғы және нөмірі туралы ақпарат және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті мөлшердегі банк шотындағы қалдық туралы үзінді көшірме;
2) барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті мөлшерде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның қызметін қаржыландыруды қарыздың нысаналы мақсаты ретінде көздейтін, ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжат ретінде ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмелері ұсынылған жағдайда, қарыз берушіде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қаржылық мүмкіндіктердің бар екенін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның банк шотында барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға қажетті қаржы қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.";
4) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"94-бап. Аукцион өткізуге арналған өтініш
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға құзыретті органға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізуге өтінішті береді, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілген аукцион негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін берілетін жер қойнауы учаскесінің сұралатын аумағының атауы мен географиялық координаттары.
2. Аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Аукцион өткізуге арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:
1) осы Кодекстің 95-бабына сәйкес аукцион өткізу туралы хабархатты жылына төрт реттен асырмай жариялайды;
2) егер өтініш беруші өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде аукцион өткізуге арналған басқа өтініш берсе, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмесе, аукцион өткізуге арналған өтінішті қараудан бас тартады.
Аукцион өткізу туралы хабархат жарияланған жағдайда, аукционға қатысуға арналған өтініштер осы Кодекстің 96-бабында белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.";
5) 95-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әрбір учаске бойынша аукционды құзыретті орган аукцион өткізуге арналған өтініш бойынша өткізеді.
Аукционды өткізу және оны өткізу шарттары туралы хабархат көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде және құзыретті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Аукционға қатысуға мүдделі тұлғалардың аукционды өткізу тәртібіне байланысты ақпарат алуға құқығы бар.";
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) кепілдік жарнаның мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аукционға қатысу үшін жарнаның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және аукцион өткізу туралы хабархатты орналастыру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерін құрайды.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Аукционға қатысу жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы үш жұмыс күні ішінде мемлекет кірісіне аударады.";
мынадай мазмұндағы 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
"7. Кепілдік жарна көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кепілдік жарнаның мөлшерін құзыретті орган айқындайды және ол:
1) көмірсутектерді барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің екі еселенген мөлшеріне тең соманы;
2) көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бір еселенген мөлшеріне тең соманы құрайды.
8. Құзыретті орган өтініштерін қабылдаудан осы Кодексте көзделген негіздер бойынша бас тартқан аукционға өтініш берушілердің кепілдік жарнасы оны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
9. Аукцион жеңімпазын және аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны қоспағанда, аукционға қатысуға жіберілген аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасы аукцион қорытындылары бойынша кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
10. Аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы, сондай-ақ аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының кепілдік жарнасы осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды аукцион жеңімпазы орындаған жағдайда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларға қайтарылады.
Аукцион жеңімпазының осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды орындағаны туралы құзыретті орган аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны аукцион жеңімпазынан қол қою бонусын төленгенін растауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Аукцион жеңімпазының, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының өтініші бойынша оның кепілдік жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеуі жөніндегі міндеттемесін орындау есебіне аударуы мүмкін.
11. Осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда, аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады, сондай-ақ:
1) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайларда, кепілдік жарна оған қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады;
2) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындаған жағдайларда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна қайтарылады.";
6) 96-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға мүдделі тұлға құзыретті органға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға арналған өтінішті көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалану арқылы жібереді.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді-көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат), басшылар туралы мәліметтер, өтініш берушіні тікелей және (немесе) жанама бақылайтын барлық (кез келген) заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;";
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы "нұсқау қамтылуға тиіс." деген сөздер "нұсқау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) өтініш берушінің аукционға қатысу жарнасын төлегені туралы мәліметтер;
6) өтініш берушінің кепілдік жарнаны төлегені туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.";
3-тармақтың 2) тармақшасы және 4) тармақшасындағы "құжаттар;" деген сөз "құжаттар қоса беріледі." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы бапта көзделген құжаттар мен мәліметтер осы Кодекстің 99-бабының 5-тармағына сәйкес құзыретті орган айқындайтын тәртіппен ұсынылады.";
7) 97-бапта:
3-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың 3-тармағының 3), 4), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту өтініш берушіні ағымдағы аукцион шеңберінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырады.";
8) 98-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәселелерді қарау үшін құрылған, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.";
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия аукцион жеңімпазын келісімшарт жасасу құқығынан айырады, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша аукционның күшін жояды немесе оны өткізілмеді деп таниды.";
9) 99-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер аукцион өткізуге арналған өтінішті берген тұлға аукционға қатысушы ретінде тіркелген жалғыз тұлға болса, онда аукционға қатысуға арналған өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционның күші жойылады және мұндай тұлға қол қою бонусының бастапқы мөлшерін төлеген жағдайда, осы Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен мұндай тұлғамен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалады.";
2-тармақтағы "интернет-ресурсында" деген сөздер "ақпараттандыру объектісінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аукционды құзыретті орган ұйымдастырады және ол көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісі пайдаланыла отырып, құзыретті орган айқындайтын тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы деп құзыретті орган айқындайтын, осы Кодексте көзделген тәртіппен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға танылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттарды құзыретті орган бекітеді.
6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы:
1) құзыретті орган аукционға қатысуға жіберген өтініш берушілерді тіркеуді;
2) осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді электрондық нысанда алу мақсатында, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін тиісті мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялауды;
3) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде тіркеу үшін өтініш берушілерден құжаттар қабылдауды;
4) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіндегі жұмыс бойынша консультация берілуін жүргізуді;
5) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукционға қатысушылар үшін қол жеткізудің тең жағдайларын;
6) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, аукциондарды қашықтан өткізуді;
7) аукциондар қорытындыларының тізілімін қалыптастыруды;
8) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімін жариялауды;
9) техникалық құралдар кешенін, жүйелік және технологиялық бағдарламалық қамтылымды:
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінің тиісінше жұмыс істеуі;
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы жұмыскерлерін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың аукцион өткізілетін күні көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізу процесіне араласуына жол бермеу үшін тұрақты жұмыс жағдайында ұстап тұруды;
10) ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды және аукцион өткізу процесіне бөгде сырттан араласудан қорғау жөніндегі талаптарды қоса алғанда, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіне қойылатын техникалық талаптардың сақталуын;
11) аукцион өткізілетін күні көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде жасалған барлық іс-әрекеттердің жазбаларын құзыретті органның сұрау салуы бойынша беруді;
12) аукциондар өткізуді регламенттейтін ішкі техникалық құжаттарды әзірлеуді және бекітуді;
13) аукциондар өткізу мәселелері бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасауды;
14) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукциондар өткізу туралы хабархатты орналастыруды;
15) аукциондар өткізу бойынша жаңа бағдарламалық қамтылымның әзірленуін және (немесе) қолданыстағысының жаңғыртылуын ұйымдастыруды;
16) құзыретті орган айқындайтын тәртіппен аукциондар өткізуді тоқтата тұруды, ауыстыруды немесе оның күшін жоюды қамтамасыз етеді.";
10) 100-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аукцион нәтижелері электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіндегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың қорытындылары тізілімінің негізінде аукцион өткізілген күні хаттамамен автоматты түрде ресімделеді, оған құзыретті орган мен аукцион жеңімпазы қол қояды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Егер аукцион жеңімпазы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қол қою бонусын төлемесе және (немесе) құзыретті органға өз тарапынан қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты ұсынбаса, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, бұл ретте құзыретті органның осы баптың 3-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жіберілетін жазбаша хабарламасымен тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасасу құқығы аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыға беріледі.
Құзыретті органнан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы баптың 3-тармағында көзделген, аукцион жеңімпазына қойылатын талаптарды орындауға міндетті. Бұл ретте, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қол қою бонусын осындай аукционға қатысушы ұсынған мөлшерде төлейді.
Аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы құзыретті органнан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағында көзделген, аукцион жеңімпазына қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, ал жер қойнауы учаскесі қайтадан аукционға шығарылады.";
11) 101-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
12) 107-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Осы баптың 6 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда, құзыретті органның хабарламасын алған тұлға атқарылған жұмыс туралы есеп жібереді.";
13) 144-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"144-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі
1. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта өңдеуге және тұтынушыға беруге дайындалған, сондай-ақ өз мұқтаждарына пайдаланылатын, қабаттық қысымды сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында қабаттарға айдау жолымен кәдеге жаратуға жататын, осы Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттарда жағылатын шикі газдың айналымдағы мөлшері туралы деректерді автоматтандырылған жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған шикі мұнай мен газ конденсатының айналымдағы мөлшері туралы деректерді автоматтандырылған жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алуды жүзеге асырады.
2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің өзі айқындайтын тәртібіне сәйкес, ақпаратты өңдеу, сақтау, пайдалану, оның ішінде беру және тарату мақсаттарында шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ақпарат жинауды жүзеге асырады.
3. Шикi мұнай мен газ конденсатының айналымы деп оларды дайындау, тасу, сақтау, тиеп-жөнелту, өткізу, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету түсініледі.
Шикі газдың, оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) айналымы деп оларды жинау, дайындау, тасу, қайта өңдеу, сондай-ақ Кодексте және жобалау құжатында белгіленген жағдайлар мен шарттарда – қабатқа айдау және алау етіп жағу арқылы кәдеге жарату түсініледі.
4. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспабы деп шикі мұнайдың, газ конденсатының, шикі газдың және оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) көлемдік және сапалық сипаттамаларын айқындайтын және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат берілген техникалық құрылғы, сондай-ақ нақты уақыт режимінде шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі операторына ақпарат беруді жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылым танылады.
5. Шикi мұнайдың, газ конденсатының, шикі газдың және оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер жарақтандыру тізбесі мен мерзімдерін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін өздерінің өндірістік объектілерін есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
6. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) өндіру және (немесе) олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердің шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі операцияларды жарақтандыру тізбесі мен мерзімдерін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін өндірістік объектілерді есепке алу аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алу аспаптарымен жарақтандырып жүргізуіне тыйым салынады.";
14) 165-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлікпен басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі пайдаланылып, уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында әзірленеді әрі жасалады және сенімгерлік басқарушыға:".
10. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2) және 37-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) деректер – өңдеуге жарамды, формалданған түрдегі ақпарат;
14-2) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган – деректерді басқару бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
"37-1) цифрлық трансформациялау – цифрлық технологияларды ендіруді, реинжинирингті және деректерді пайдалануды қамтитын іс-шаралар кешені;";
2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау;";
3) мынадай мазмұндағы 43-2 және 43-3-баптармен толықтырылсын:
"43-2-бап. Деректерді басқару
1. Деректерді басқару – деректерді айқындауға, құруға, жинауға, жинақтауға, сақтауға, таратуға, жоюға, қолдауға, сондай-ақ олардың талдауын, сапасын, қолжетімділігін, қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты процесс.
2. Деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган:
1) деректерді басқарудың мемлекеттік саясатына басшылықты жүзеге асырады және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Мемлекет бюджет қаражаты есебінен жасалатын, жинақталатын және сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдермен алынған деректердің меншік иесі болып табылады.
4. Мемлекеттік құпияларды, қызметтік немесе құпия ақпаратты құрайтын деректерді басқару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
43-3-бап. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау
1. Мемлекеттік органдар цифрлық трансформацияны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүргізеді.
2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды ұйымдастырушылық және әдіснамалық қолдап отыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға жүзеге асырады.";
4) 45-бапта:
бесінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттандыру объектілеріндегі деректерге қол жеткізуге мемлекеттік органдардың келісімі талап етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 5-1 және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
"5-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінде ақпарат болған жағдайда, оны жеке және заңды тұлғалардан жинауға және талап етуге тыйым салынады.";
"7. Қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалады, куәландырылады және сақталады.
Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық нысандағы құжат (электрондық құжат) қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең және өзге де тәсілдермен куәландыруды талап етпейді.";
5) 63-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:";
6) 26-тараудың тақырыбындағы "Жергілікті атқарушы" деген сөздер "Әкімшілік" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 165-бапта:
бірінші бөліктегі "Жергілікті атқарушы" деген сөздер "Әкімшілік" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "тізіміне" деген сөз "бірыңғай тізіміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "алдын ала тізімдерімен" деген сөздер "бірыңғай тізімімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 166-баптың екінші бөлігіндегі "жергілікті атқарушы" деген сөздер "әкімшілік" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 167-бапта:
бірінші бөліктегі "алдын ала тізімдеріне" деген сөздер "бірыңғай тізіміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "жергілікті атқарушы" деген сөздер "әкімшілік" деген сөзбен ауыстырылсын.
11. "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Қуғын-сүргiндермен байланысты архив материалдарын сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу органдарына қайтыс болуы туралы куәлiктi ресiмдеу үшiн хабархат жiберуге, сондай-ақ деректер болған кезде, өтiнiш иелерi жүгінген жағдайда оларға ақталған адамның қайтыс болу уақытын, себебiн және жерленген орнын хабарлауға мiндеттi.".
12. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.";
2) 6-2-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Саяси партиялар мен діни бірлестіктердің филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.";
3) 6-3-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, қайта ұйымдастыру арқылы құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.";
4) 14-бапта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.";
екінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
5) 14-1-бапта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.";
төртінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
6) 14-2-бапта:
екінші бөліктегі "2)," деген цифр "1), 2), 4), 5)," деген цифрлармен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "1), 3), 4) және 5) тармақшаларында" деген сөздер "3) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тұрған жерін өзгерту жылжымайтын мүліктің меншік иесінің электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісімімен жүзеге асырылады.";
төртінші, бесінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын;
7) 16-бап мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
"Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.".
13. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
50-баптың 8-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сот ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде, өздерінің іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша соттар мен нотариустарға;".
14. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Тіл – байланыс және ақпараттандыру саласында
Қазақстан Республикасының шегінде байланыс саласында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге пошта-телеграф жөнелтілімдері белгіленген халықаралық қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде, орыс тілінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде құруға және айналысқа шығаруға міндетті.".
15. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 25) тармақшасындағы "және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын" деген сөздер алып тасталсын.
16. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-баптың 36) тармақшасындағы ", кешенді тестілеу мен тестілеудің басқа да түрлерін" деген сөздер алып тасталсын;
2) 20-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
17. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "жеке және" деген сөздер "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес жеке және" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы "куәлiктiң көшiрмесi" деген сөздерден кейін "немесе хабарлама" деген сөздермен толықтырылсын.
19. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
31-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құрылтай құжаттарына қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарламаны қабылдау туралы Корпорацияның белгісі қойылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға хабарламаның қабылданғанын растайтын құжатты, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін ұсынуға міндетті.".
20. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы "инфрақұрылымдар объектiлерiн" деген сөздерден кейін ", байланыс желілерін" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 31-баптың 1-тармағында:
2-2) тармақша алып тасталсын;
7) тармақшадағы "объектiлерiнiң құрылысын" деген сөздер "объектiлерiн, байланыс желілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 33-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі, азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;";
4) 35-баптың 1-тармағында:
10) тармақша алып тасталсын;
10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар жоқ кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі нотариаттық әрекеттер жасауды ұйымдастырады, өз аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге құжаттар қабылдауды және оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың азаматтық хал актілерін тіркеу органына беруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәліктерді және қажет болған кезде анықтамаларды беруді және табыс етуді жүргізеді;".
21. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өтініш берушілер атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы.".
22. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
43-баптың 1-тармағындағы "(немесе баланы асырап алуы)" деген сөздер "туу" деген сөзбен ауыстырылсын.
23. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
2) 6-баптың 2) тармақшасындағы "және беру" деген сөздер ", беру, ұсыну және растау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-бапта:
6-тармақ "тіркеу" деген сөзден кейін ", растау" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылған электрондық құжаттарға қолданылмайды.";
4) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде сақталатын электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылуы және берілуі мүмкін.".
24. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "жеке және" деген сөздер "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес жеке және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-1-баптың 1-тармағы "пайдалануға, сондай-ақ" деген сөздерден кейін "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 15-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы "қызметін" деген сөзден кейін "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
25. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-2-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;".
26. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама және пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжат (көшірмесі) – жәбірленуші қайтыс болған жағдайда;".
27. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
25-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;".
28. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
"20-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;".
29. "Туристі міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда – қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы немесе патологиялық-анатомиялық ашып қарау хаттамасы;".
30. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға электрондық өтініш ұсынады.
3. Рұқсат өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі.";
8-тармақ алып тасталсын.
31. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
4-4) тармақшадағы "беретін" деген сөз "шығаратын" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) тармақша алып тасталсын;
30-3) тармақшадағы "қалааралық және (немесе) халықаралық" деген сөздер алып тасталсын;
36-1) және 36-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"36-1) қалааралық трафикті өткізу – қалааралық байланыс жолдары арқылы қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
36-2) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;";
мынадай мазмұндағы 36-3) тармақшамен толықтырылсын:
"36-3) қорғалған байланыс – ақпаратты қорғаудың арнаулы құралдары пайдаланылатын электр байланысының түрі (кодталған байланыс, құпияландырылған байланыс, шифрланған байланыс);";
2) 8-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;";
19-3) тармақша алып тасталсын;
3) 9-1-баптың 1-тармағында:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді және Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз етуді;";
"4) радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;";
5) тармақшадағы "беруді жүзеге асырады." деген сөздер "беруді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісуді, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыруды жүзеге асырады.";
4) 9-2-баптың 1-тармағында:
1) тармақша "есепке алуды" деген сөздерден кейін ", деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "қалааралық және халықаралық" деген сөздер алып тасталсын;
5) 12-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы, сондай-ақ радиожиілік спектрін бір жыл ішінде пайдаланбауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа алып келеді.";
6) 14-баптың 1-тармағы "пайдалануға, сондай-ақ" деген сөздерден кейін "осы Заңның 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 21-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Функционалдық міндеттеріне жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізу құралдарымен жұмыс істеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз ететін жүйелерге қызмет көрсету кіретін байланыс операторларының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. Байланыс операторларының өз байланыс желілерін қандай да бір басқару түрінде өзге адамдарға беруіне тыйым салынады.";
8) 23-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждары үшін байланыс арналары мен жолдарын басымдықпен беруді, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етуге және бүлінген жағдайда байланыс арналарын ауыстыру немесе оларды қалпына келтіру жөнінде бірінші кезекті және кезек күттірмейтін шаралар қабылдауға міндетті.";
7-тармақ "ішкі iстер органдарына" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 25-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Байланыс операторлары уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес қосу және трафикті өткізу қызметтерін көрсетуге міндетті. Байланыс операторларын қосудың үлгілік шарттары уәкілетті органмен келісіледі.
3. Халықаралық трафикті өткізу Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып, халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы ғана жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафикті өткізуі Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
10) 26-бапта:
тақырыптағы, 1 және 2-тармақтардағы "Басым байланыс", "басым байланыс", "Байланыстың үстем", "байланыстың үстем" деген сөздер тиісінше "Байланыс", "байланыс", "Байланыс", "байланыс" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақтың 3) тармақшасы "тәртіппен" деген сөзден кейін ", интернет-трафикпен алмасу нүктелері орналасқан өңірде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы болған жағдайда, өңірлік белгісі бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 29-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Талшықты-оптикалық байланыс жолдары электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен, электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес электр берудің әуе жолдары арқылы жүргізілуі мүмкін.".
32. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) – кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын, кредиттік тарих субъектілеріне қатысты электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі мәліметтер;";
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
"13-2) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;";
2) 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсету;";
3) 23-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат беруді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен онымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өнім берушілер кредиттік бюроларға ақпаратты электрондық нысанда береді. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттік бюролардың ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.";
4) 29-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісіне оның өзіне қатысты кредиттік есепті беруі кредиттік тарих субъектісінің жазбаша сұрау салуы не электрондық нысандағы сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады.";
5) 30-1-баптың 5-тармағындағы "электронды жеткізгіште" деген сөздер "электрондық нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
33. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
33-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы" деген сөздер "электрондық нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
34. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкердің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;".
35. "Алқабилер туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2) тармақша "кандидаттардың" деген сөзден кейін "бірыңғай" деген сөзбен толықтырылсын;
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақшадағы "негiзгi" деген сөз алып тасталсын;
6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы "алдын ала" деген сөздер "бірыңғай" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 4 және 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімі
1. Алқабилерді іріктеу процесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында алқабилерге кандидаттардың бірыңғай тізімі соттың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесі және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда қалыптастырылады.
2. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімін қалыптастыру үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесіне мәліметтер ұсынуға міндетті.
3. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімі әліпби тәртібімен қалыптастырылады. Тізімде алқабиге кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы (жасы жиырма бесте болса – қосымша күні мен айы) және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі көрсетіледі.
5-бап. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізіміне енгізілетін азаматтардың саны
Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрғылықты жері бойынша тіркелген және осы Заңның 10-бабының талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы айқындайтын шамада енгізіледі.";
3) 6, 7, 8 және 9-баптар алып тасталсын;
4) 11-баптың 2, 3 және 4-тармақтары алып тасталсын;
5) 12-бап алып тасталсын.
36. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;";
"4) Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі – жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы ақпаратты және олар берілген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастыруға, есепке алуға, сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;";
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-7) тармақшамен толықтырылсын:
"3-7) электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына;".
37. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жария мүдделі ұйымдар – қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары, шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектілері, сондай-ақ жарғылық капиталдарында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;".
38. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 49-3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-баптың бірінші бөлігінде:
6-5) тармақша алып тасталсын;
23-4) тармақшадағы "орта," деген сөз "мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша," деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 46-27) тармақшамен толықтырылсын:
"46-27) мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";
3) 47-баптың 17-тармағында:
бірінші, екінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.";
"Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.";
"Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.";
сегізінші бөліктегі "осы тармақта көзделген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын.
39. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 7-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 8-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) экономика секторларының сыныптауышы бойынша коды;
3-2) меншік нысандары мен түрлерінің сыныптауышы бойынша коды;";
6-тармақтағы "Деректер базаларын ғылыми мақсаттарда" деген сөздер "Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-бапта:
8) тармақшадағы "және ведомстволық" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін сәйкестендірілмеген түрде ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;";
13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-2), 15-3) және 19-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жүргізу үшін қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;
15-3) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында иесіздендірілген түрде жиналатын алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;";
"19-2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Жерді ғарыштан қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алады және пайдаланады;";
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жүргізу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ талдау жүргізу үшін қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;";
4) 13-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен статистикалық әдіснаманы әзірлейді, қалыптастырады және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 2-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) уәкілетті органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекітеді;";
"5-2) үшінші тұлғаларға бермей статистикалық мақсаттарда ғана пайдалану үшін уәкілетті органнан иесіздендірілген алғашқы статистикалық деректерді сұрау салу негізінде алады;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшінші тұлғаларға бермей статистикалық мақсаттарда ғана пайдалану үшін уәкілетті органнан иесіздендірілген алғашқы статистикалық деректерді сұрау салу негізінде алады.";
5) 16-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітуге;";
6) 17-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсыну үшін қажетті статистикалық нысанды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды өтеусіз негізде алуға;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні ақпараттық жүйеде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбауына алып келген техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімді ауыстыру туралы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған хабарлама негізінде техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні статистикалық нысандарды ұсынуға;";
7) 19-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі "ескере отырып," деген сөздерден кейін "сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындысы негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 22-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру жөніндегі статистикалық әдіснаманы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді және бекітеді.";
9) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік статистика органдары пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинада оқылатын деректер және статистикалық әдіснама форматындағы ақпаратқа бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды оларды мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.".
40. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде, мұнай өнімдері базаларында және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған, мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар;";
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектісі – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдық, резервуарлық парк, техникалық құрылғылар мен коммуникациялар;";
24-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24-2) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы – мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің автоматтандырылған онлайн-берілуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;";
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-8) тармақшамен толықтырылсын:
"21-8) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;";
3) 12-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы "айналым саласындағы уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 19-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұнай өнімдері базаларынан мұнай өнімдерін өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, сондай-ақ айдау есепке алатын бақылау аспаптарын қолданбай жүзеге асырылады, бұл ретте мұнай өнімдері базаларының резервуарларында мұнай өнімдерін сақтау есепке алатын бақылау аспаптарымен міндетті түрде жарақтандырыла отырып жүзеге асырылады.";
5) 21-баптың 6-тармағы "сақтауды" деген сөзден кейін "есепке алатын бақылау аспаптарымен міндетті түрде жарақтандыра отырып" деген сөздермен толықтырылсын.
41. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 19-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жүгіне алады.";
3) 20-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Этникалық қазақтар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жүгіне алады.";
4) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жүгіне алады және тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жүгінеді.".
42. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) байланыс саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) ақпарат саласындағы уәкілетті орган – бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8-2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
2) 23-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі "операторларына" деген сөзден кейін "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 6) және 7) тармақшаларындағы "және ақпарат" деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақ "Байланыс" деген сөзден кейін "және ақпарат" деген сөздермен толықтырылсын.
43. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 1-тармағының 18-1) тармақшасы алып тасталсын.
44. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күнінің, жерінің өзгеруі туралы; қайтыс болуын тіркеу туралы; мүгедектігі бар адам деп танылғандығы; азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы; адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауының болуы не болмауы туралы мәліметтерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы, көрсетілген бағыттар бойынша қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда, мәліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдарына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.";
6, 8 және 10-тармақтар алып тасталсын.
45. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) нотариустарға: өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша нотариустың сұрау салуы негiзiнде беріледі.";
46. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 24-баптың 2-тармағындағы "жеке басын куәландыратын құжаттары" деген сөздер "жеке басын куәландыратын құжаттары болған не оларды цифрлық құжаттар сервисі арқылы көрсеткен кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 40-баптың 1-тармағы "жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша" деген сөздерден кейін "не оларды цифрлық құжаттар сервисі арқылы көрсеткен кезде" деген сөздермен толықтырылсын.
47. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жеке басты куәландыратын құжат – материалдық жеткізгіште не осы Заңда айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін, жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі құжат;";
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және берілетін жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз жеткізгіштегі құжаттармен мәні бірдей.";
3) 22-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
48. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет – үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет;";
5) тармақшадағы "жеке тәртіппен" деген сөздер алып тасталып, "нысандарының бірі" деген сөздерден кейін "немесе олардың жиынтығы" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жоба – мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі процестердің, тәсілдердің өзгеруін сынамалау жөніндегі процесс;";
16) тармақша алып тасталсын;
17-1) және 17-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"17-1) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
17-2) реинжиниринг – ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін қайта өзгерту;";
мынадай мазмұндағы 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-3) стационарлық абоненттік құрылғы – сымдар арқылы берілетін электр сигналдарының немесе радиосигналдардың көмегімен абонент берген ақпаратты қашықтан беруді немесе қабылдауды қамтамасыз ететін байланыс құралы;
17-4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;";
2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "бір өтініш" қағидаты бойынша алуға;";
3) 5-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "алуға;" деген сөз "алуға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
бірінші бөлікте:
5) тармақшадағы "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін" деген сөздер "бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы "пайдалануға міндетті." деген сөздер "пайдалануға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға міндетті.";
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді;";
4) 6-баптың 2-1) тармақшасы алып тасталсын;
5) 7-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдайды;";
6) 8-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
7) 9-бапта:
8-1) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауы қағидаларын бекітеді;";
10) тармақша алып тасталсын;
12-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына (бұдан әрі – мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары) сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі жөніндегі қызметін үйлестіреді;";
13) тармақша алып тасталсын;
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1) проактивті қызметтер көрсету тәртібін бекітеді;";
8) 9-1-баптың 2) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
9) 10-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) өзінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіреді;";
10) 11-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;";
11) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
12) 14-бапта:
2) тармақшаның төртінші абзацындағы "пайдалану тәртібін сипаттауды" деген сөздер "пайдалану" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тәртібін сипаттауды;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және көрсетілетін қызметті берушілерге жіберу тәртібін;";
3-1) тармақшада:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін;
мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін;";
он бірінші абзацтағы "негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанындағы қосымшаны" деген сөздер "негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 15-баптың 2-тармағындағы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде" деген сөздер алып тасталсын;
14) 18-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;";
4) тармақшадағы "арқылы көрсетіледі." деген сөздер "арқылы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы;
6) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі.";
15) 20-баптың 6-тармағындағы "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;
16) 21-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
17) 21-1 және 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"21-1-бап. Проактивті қызметтер көрсету
Проактивті қызметтер көрсету "электрондық үкімет" веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеген кезде және көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі болған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі
Мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін орталық мемлекеттік органдар, мемлекеттік корпорация, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші – мүдделі орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларын іске асыру бірлескен шешім негізінде жүзеге асырылады.";
18) 29-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қоғамдық маңызы бар қызметтер көрсету сапасын бағалау өлшемшарттары әлеуметтанушылық зерттеулер немесе оларды көрсету сапасын мониторингтеу шеңберінде белгіленеді.".
49. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың екінші бөлігіндегі "заңнамасына" деген сөз "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дербес деректерді иесіздендіруді меншік иесі және (немесе) оператор жүргізген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметті іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу кезінде дербес деректерді иесіздендіруді деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы жүзеге асырады.".
50. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 72-баптың 2, 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау туралы құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
"6. Өтініш берушінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі себебіне байланысты аттестат беруден бас тартылуы мүмкін.
Заңды тұлға көрсетілген себепті жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.";
2) 74-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алуға арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, кауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсатты беру туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.";
3) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын ұдайы қолдануға рұқсат алуға арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
4) 76-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Декларацияға тіркеу шифрын беруге арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
5) 77-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау функциясын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналында тиісті жазба жасалады.";
6) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын қарау және келісу тәртібі қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларымен реттеледі.".
51. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимі – рұқсат беру органының жауапты адамының қатысуынсыз өтінішті қарау және рұқсатты беру жүргізілетін режим;";
2) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар беру мен хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтер "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де ақпараттандыру объектілерінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға тиіс.";
3) 15-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;";
4) 25-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
"рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
"электрондық цифрлық қолтаңбасымен" деген сөздер "электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 26-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш электрондық нысанда берілген жағдайда рұқсат беру органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құжат өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.";
6) 34-баптың 8-тармағының екінші бөлігінде:
"Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда өтініш" деген сөздер "Өтініш электрондық нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"электрондық цифрлық қолтаңбасымен" деген сөздер "электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 46-баптың 2-тармағы "жүйесі арқылы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпараттандыру объектілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 48-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өтініш электрондық нысанда берілген жағдайда, лицензиар және екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілеттік берілген орган өтінішті тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде рұқсат беруге жол беріледі.
Мұндай жағдайда тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Бұл ретте рұқсат беру органы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үшін жауапты болады.
Өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган рұқсат беру органының бекітілген нормативтік құқықтық актісі негізінде айқындайды.".
52. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
2) 31-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
53. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпарат – кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;";
"5) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер;";
4), 6), 6-1), 7), 11) және 11-1) тармақшалардағы "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы" деген сөздер "ақпараттандыру объектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-бапта:
3-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацындағы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстары көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдардың пайдалануы үшін бейімделуге тиіс.".
54. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесі мен электрондық ақпараттық ресурстарын құруды және дамытуды жүзеге асырады.".
55. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ақпараттандырудың сервистік моделі – ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;";
3-1) және 3-2) тармақшалар алып тасталсын;
24) тармақша "жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы" деген сөздерден кейін "қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"26) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру, уақытша пайдалану) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;";
26-1) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
31-1) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"31-1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы – ведомстволық бағынысты ұйымдарға және (немесе) реттелетін басқару саласына қатысты ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден немесе ықпал етуден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе орталық атқарушы органның, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;";
"35) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайта жариялауға арналған деректер;";
36) тармақшадағы "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы" деген сөздер "ақпараттандыру объектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
45) тармақшадағы "телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "ақпараттандыру объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
49) және 53) тармақшалар алып тасталсын;
53-2) және 55-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"53-2) техникалық құжаттама – ақпараттандыру объектісін құру мен дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану өзінің негізінде жүзеге асырылатын ақпараттандыру объектісіне арналған құжаттамалар жиынтығы;";
"55-2) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын және оларға ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттардың қағаз жеткізгіштегі құжаттармен мәні бірдей;";
59) тармақша алып тасталсын;
61) тармақшадағы "не проактивті қызмет көрсетуге келісім берген" деген сөздер алып тасталсын;
68) тармақша "мемлекеттік қызметтерді көрсетуге" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға" деген сөздермен толықтырылсын;
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"69) "электрондық үкіметтің" архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;";
71) тармақшадағы "және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын" деген сөздер алып тасталсын;
2) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларға" деген сөздер "деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) ақпараттандырудың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету;";
4) 7-бапта:
4) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекітеді;";
"17) "электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларын бекітеді;";
18), 24), 29) және 33) тармақшалар алып тасталсын;
35) тармақшадағы "ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
40), 41), 41-1) және 41-2) тармақшалар алып тасталсын;
52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"52) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының мәліметтері мен көшірмелерін орналастыруды ұйымдастырады;";
59), 61) және 63-1) тармақшалар алып тасталсын;
63-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"63-4) цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 63-5) тармақшамен толықтырылсын:
"63-5) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша "ақылды" қалалар салу әдiстемесін (Қазақстан Республикасының "ақылды" қалаларының эталондық стандартын) бекiтедi;";
5) 7-1-баптың 12) тармақшасындағы "ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде" деген сөздер алып тасталсын;
6) 7-2-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның иеленушісіне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлерін анықтау фактілері туралы дереу хабар береді;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың 2-тармағының талабы Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.";
7) 7-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы:
1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметінің міндеттері мен функцияларын іске асырады;
3) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының міндеттері мен функцияларын іске асырады.";
8) 7-5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін ұйымдастырады және үйлестіреді, оның ішінде:
1) ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі қатерлерін талдау, бағалау, болжау және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілерінен келіп түскен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
4) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру объектілеріндегі қауіпсіздік қатерлері, осалдық, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;
5) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына белгілі болған, таралуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы өз функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу бойынша ақпараттандыру объектісін пайдаланады, салалық ұйымдардың оған қосылу және оны пайдалану тәртібін мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) уәкілетті органы айқындайды.";
9) мынадай мазмұндағы 7-7 және 7-8-баптармен толықтырылсын:
"7-7-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметі
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде жәрдемдеседі.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметінің қызметкерлері өзінің қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
7-8-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы:
1) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады;
3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады;
4) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады;
5) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілері туралы осалдықты анықтау платформасында мәліметтер жариялауды қамтамасыз етеді.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының қызметкерлері өзінің қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";
10) 9-бапта:
тақырыптағы "органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың" деген сөздер "органдар мен мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац "органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар" деген сөздер "органдар мен мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының" деген сөздер "электрондық үкімет" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "электрондық үкімет" архитектурасын іске асыруды қамтамасыз етеді;";
5) тармақша алып тасталсын;
10) тармақшадағы "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына" деген сөздер "операторға" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы "ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан" деген сөздер алып тасталсын;
17-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17-4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;";
мынадай мазмұндағы 17-5) тармақшамен толықтырылсын:
"17-5) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;";
11) 10-бапта:
1) тармақшадағы "сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының" деген сөздер "электрондық үкімет" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына" деген сөздер "операторға" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы "ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан" деген сөздер алып тасталсын;
16-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16-3) операторға деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;";
мынадай мазмұндағы 16-4) тармақшамен толықтырылсын:
"16-4) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;";
12) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қатысумен заңды тұлғаларды құру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға, венчурлік қорларға инвестицияларды жүзеге асырады;";
"15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
13) 12-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;";
2) тармақшадағы ", сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының" деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "электрондық үкімет" архитектурасын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;";
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) "ақылды" қалалар салу жөніндегі әдістемені (Қазақстан Республикасы "ақылды" қалаларының эталондық стандартын) әзірлейді;";
7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) ақпараттандырудың сервистік моделін дамытуды ұйымдастырады;";
10) тармақшадағы ", мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасына сәйкестігіне және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру және дамыту кезінде стандарттық шешімдерді пайдалану мүмкіндігінің бар-жоғына" деген сөздер "және "электрондық үкіметтің" архитектурасына сәйкестігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
15) тармақша "құру және дамыту" деген сөздерден кейін ", деректерді басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша алып тасталсын;
19) және 21-1) тармақшалар алып тасталсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) деректерді, оның ішінде мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қалыптастыратын ашық деректерді талдауды жүргізеді.";
14) 13-бапта:
1) тармақшадағы "сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының" деген сөздер "электрондық үкімет" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді;";
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және орналастыру үшін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне интеграциялауды және қосуды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қосуды жүзеге асырады;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;";
18) заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
19) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының теңшеулер кешенін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.";
15) 13-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қиылды жетілдіру мақсатында корпоративтік секторда инновацияларды дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру.";
16) 14-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:";
8) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
"18) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін белгілейді;
20) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысады.";
17) 15-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) оператор көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;";
18) 16-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін мемлекеттік, орыс тілдерінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде жасауға және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруға;";
"2-1) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі өзіне тиесілі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.
7. Квазимемлекеттік сектор субъектілері деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыруға қажетті иесіздендірілген мәліметтерді операторға береді.";
19) 17-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;";
2-1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын журналдау жүйелерін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесінің техникалық құралдарына дербес немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу арқылы қосуды қамтамасыз етуге;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері қосылған ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде өз бетінше анықталған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлауға;";
20) 18-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Зияткерлік роботтың меншік иелері мен иеленушілері дербес деректер субъектісіне осы Заңның 36-бабының 6-тармағына сәйкес автоматтандырылған өңдеу туралы хабар беруге міндетті.";
21) 19-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі "қағаз құжат айналымын" деген сөздерден кейін "және қызмет көрсету субъектісінің қатысуын" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметтер көрсету субъектісінің бастамасы бойынша қызметтерді алу субъектісінің өтінішінсіз көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін проактивті қызмет болып табылады.";
22) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қызметтер көрсету субъектілері "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінен көрсетілетін қызметті алушылардың төлемдері туралы электрондық нысандағы мәліметтерді анық мәліметтер ретінде қабылдайды.";
23) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Электрондық үкімет" архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу "электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
24) 23 және 24-баптар алып тасталсын;
25) 25-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру "электрондық үкіметтің" архитектурасына сәйкес және жүргізілген реинжиниринг ескеріле отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту арқылы не "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.";
26) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытудың және Қазақстан Республикасының аумағындағы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетудің басымдығын қамтамасыз ету ескеріле отырып жүзеге асырылады.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы әзірлеу мен тестілеу орталарын қамтуға тиіс.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына меншік құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, платформаның көмегімен жасалатын және (немесе) онда орналастырылған, басқа меншік иелеріне немесе иеленушілерге тиесілі деректерге меншік құқығын туындатпайды.
Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру, сондай-ақ деректерді талдау кезінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған деректерді пайдалану деректердің меншік иелерінің немесе иеленушілерінің келісімінсіз жүзеге асырылады.";
27) 27-бапта:
тақырыптағы "мен шлюзі" деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктегі "ақпараттық жүйе" деген сөздер "ақпараттандыру объектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
28) 28-баптың 1-тармағындағы "ақпараттық жүйе" деген сөздер "ақпараттандыру объектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 30-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "ақпараттандыру объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 31-бапта:
"сыныптауышқа сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына" деген сөздер "мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін одан әрі пайдалануы мақсатында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді, "электрондық үкіметтің" архитектурасын жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ақпараттық жүйе" деген сөздер "ақпараттандыру объектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және олардың техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастырады.
Орналастыру талап етілетін ақпараттандыру объектісінің техникалық құжаттамасының тізбесі "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларында айқындалады.";
31) 33-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, басқа тұлғаға тиесілі ақпараттандыру объектілерінде құрылымдалған, машина оқи алатын форматта жасалатын және (немесе) орналастырылған өзіне тиесілі электрондық ақпараттық ресурстарды, егер бұл техникалық тұрғыда жүзеге асырылатындай болса, оларды өзге тұлғаға беру мақсатында алып қоюға құқығы бар.";
32) 34-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру шеңберінде электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған деректерді басқару және оларды іске асырудан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтағы "сервисінде электрондық құжаттарды қалыптастыруға" деген сөздер "сервисі арқылы электрондық құжаттарды көрсетуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "сервисінде сақталатын" деген сөздер "сервисі арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 35-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Деректерге талдауды жүзеге асыру үшін құпия болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу электрондық ақпараттық ресурстарды иесіздендіруді қамтамасыз ету ескере отырып жүзеге асырылады. Деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректер операторға беріледі.";
34) 36-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға дербес деректер субъектісінің келісуі бойынша өздеріне қол жеткізу еркін болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жатады.";
4-тармақтағы "дербес деректерді ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде" деген сөздер ", Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының және соттардың қызметін жүзеге асыруды, атқарушылық іс жүргізуді қоспағанда, ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде дербес деректерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақ мынадай редкцияда жазылсын:
"5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсетуі "электрондық үкімет" порталында сәйкестендіріліп жазбаша түрде (оның ішінде, электрондық нысанда) жасалатын келісім негізінде, келісім жасасу үшін бір реттік парольді қамтитын қысқаша мәтіндік хабарлама жөнелте отырып немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан интернет сервистерін пайдалана отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өз атымен немесе бүркеншік атпен (ойдан шығарылған атпен) жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімде айқындалған негізде және тәртіппен жүзеге асырылады. Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасасу кезінде пайдаланылатын ақпаратты бүкіл қолдану кезеңінде, сондай-ақ келісім бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға міндетті.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана автоматтандырылған өңдеу негізінде, оның ішінде дербес деректер субъектілерінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын интеллектуалдық робот арқылы шешімдер қабылдауына тыйым салынады, бұған көрсетілген шешім дербес деректер субъектісінің келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қабылданатын жағдайлар кірмейді.
Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектісінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын автоматтандырылған өңдеу пайдаланылатыны туралы дербес деректер субъектісіне хабар беруге міндетті.
Дербес деректер субъектісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.";
7-тармақтағы "функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларға" деген сөздер "деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 38-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "электрондық үкіметтің" архитектурасын, оны дамыту жөніндегі талаптарды, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарды;";
3) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтағы "ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін" деген сөздер алып тасталсын;
36) 39-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту осы Заңға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
37) 40-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Меншік иелері және (немесе) иеленушілер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі өнеркәсіптік пайдалануға берілген кезден бастап "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымының, бастапқы бағдарламалық кодтарының (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенінің барлық версияларын есепке алу және сақтау үшін операторға беруді қамтамасыз етеді.";
38) 41-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін есептен шығару "электрондық үкімет" архитектурасы негізінде меншік иесі қабылдаған шешім бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";
39) 43-бапта:
1-тармақтағы "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің" деген сөздер "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
40) 44-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
41) 7-тарау алып тасталсын;
42) 49-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін міндетті сынауға жататын сынақ объектілеріне:
1) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында құрылған және (немесе) орналастырылған бағдарламалық қамтылым (бағдарламалық өнім);
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы;
3) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсы;
4) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйесі;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері;
6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе жатады.";
4-тармақтағы "ақпараттық жүйенің" деген сөздер ", мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 54-баптың 3-1 және 3-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен тауар және ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет түрінде бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу жүзеге асырылады.
Бұл ретте, сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қажетті өнім болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуға жол беріледі.
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылымның меншік иелері мен иеленушілері бастапқы бағдарламалық кодтардың есепке алу және сақтау үшін операторға берілуін қамтамасыз етеді.
3-2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланғанға дейін:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестік бойынша шаралар қабылдайды;
ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алады, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.";
44) 59-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
56. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 48), 51) және 63) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"48) сәйкестендіру – қызметтер көрсету үшін қажетті, ұсынылған мәліметтерді жеке тұлға туралы мәліметтермен салыстыру рәсімі;";
"51) тіркелетін пошта жөнелтілімі – пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) беріле отырып, жөнелтушіге қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растау құжаты беріліп қабылданатын және пошта жөнелтілімінің адресатына қолын қойғызып не осындай табыс етуді өзге де тәсілмен растайтын автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықты, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып табыс етілетін жазбаша хат-хабар, сәлем-сауқат;";
"63) электрондық абоненттік пошта жәшігі – электрондық пошта мекенжайы болып табылатын және электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпараттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының домендік атауы;";
2) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекітеді;";
3) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тіркелетін пошта жөнелтілімін жіберу пошта жөнелтілімінің қабылданғанын құжаттық не электрондық растау, пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) бере отырып, жөнелтушіге қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растау құжатын беру, сондай-ақ адресатқа пошта жөнелтілімін қол қойғызып не осындай табыс етуді өзге де тәсілмен растайтын автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықты, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып табыс ету арқылы жүзеге асырылады.";
4) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
"18-1-бап. Электрондық, гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтері
Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтері аутентификацияланған көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылары арасында мұндай берудің жөнелтілуін және жеткізілуін растай отырып хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды электрондық түрде беруден және алынған хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етуден тұрады.
Гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтеріне гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер жатады.
Пошта операторлары көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда берген өтінішке сәйкес көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыларды ерікті негізде тіркеуді жүзеге асырады. Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерін аутентификациялау және ұсыну тәртібі пошта операторы мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы арасындағы пайдалану келісімі негізінде айқындалады.
Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыны аутентификациялау электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.
Пошта операторлары электрондық пошта штемпелін қолданады, ол хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды электрондық түрде беруді және көрсетілетін қызметтердің бір немесе бірнеше пайдаланушысы белгілі бір уақытта жүргізген операцияның төлнұсқалығын тиісті нысанда растау болып табылады.";
5) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Хабархат, хабарлама
1. Тіркелетін пошта жөнелтілімі межелі жері бойынша келіп түскені туралы хабархат пошта жөнелтілімін алушының электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық тәсілмен жіберіледі, электрондық абоненттік пошта жәшігі болмаған жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі болған кезде хабархат соған жіберіледі не қағаз жеткізгіште абоненттік пошта жәшігіне және (немесе) абонементтік жәшікке дейін жеткізіледі.
2. Адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама пошта байланысының қосымша көрсетілетін қызметі болып табылады, ол үшін жөнелтушіден тіркелетін пошта жөнелтілімін қабылдаған кезде төлемақы алынады және алушыға тіркелетін пошта жөнелтілімі табыс етілген кезде жөнелтушіге кері жіберіледі.
3. Тіркелетін пошта жөнелтілімін алу туралы хабарламаны ресімдеу және жіберу қағаз жеткізгіште не электрондық абоненттік пошта жәшігі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
4. Адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама үшін тарифті жөнелтуші пошта операторының квитанциясын ала отырып, алдын ала төлейді.";
6) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) ауылдық елді мекендерде осы Заңның 23-1-бабында көзделген қызметтерді көрсетеді;";
"7) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";
7) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
"23-1-бап. Ұлттық пошта операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты шығындарын өтеу
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес пошта байланысы бөлімшелерінде Ұлттық пошта операторы қамтамасыз етеді.
2. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін жасауға және қамтамасыз етуге байланысты Ұлттық пошта операторының шығындары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтеледі.";
8) 33-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Пошта операторлары электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді жіберу кезінде электрондық абоненттік пошта жәшіктерін пайдаланады. Пошта операторлары электрондық абоненттік пошта жәшіктерін құруды және пайдалануды дербес жүзеге асырады. Электрондық абоненттік пошта жәшіктері пошта операторымен жасалған пайдалану келісімі негізінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға беріледі.
Пошта операторлары пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың электрондық абоненттік пошта жәшіктерін пайдалануының қауіпсіздігі мен құпиялылығын, сондай-ақ пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының жеке хат жазысу құпиясын қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды сәйкестендіру олардың дербес деректері (жеке сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғаларды сәйкестендіру бизнес-сәйкестендіру нөмірі арқылы жүргізіледі. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың деректерін растау мақсатында Ұлттық пошта операторы мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік дерекқорларына қолжетімділік алады.
Ұлттық пошта операторы мен мемлекеттік органдар арасында ақпараттық жүйелерді интеграциялау "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";
9) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Пошта жөнелтілімі, пошталық ақша аударымы адресатқа жеткізілген және (немесе) оларды пошта операторы табыс еткен кезге дейін жөнелтушіге тиесілі болады.
Пошта жөнелтілімін табыс ету мүмкін болмаған жағдайда, мұндай жөнелтілім жөнелтушіге кері қайтарылады.
Алушының қайтыс болуы, жөнелтуші көрсеткен мекенжай бойынша алушының болмауы не алушы пошта жөнелтілімін алудан бас тартуы себебінен табыс етілмеген пошта жөнелтілімі талап етілмеген кезде жөнелтуші пошта операторына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда пошта жөнелтілімін қайтарудан бас тарту туралы өтініш береді, ол кейіннен пошта операторының иелігіне түседі.";
10) 37-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Пошта операторлары ақпараттық жүйе болған кезде пошта саласындағы қызметтерді автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық, ақпараттық жүйелер арқылы көрсетуге, сондай-ақ оларды пошта саласында қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру үшін пайдалануға құқылы.
Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану арқылы мүмкін болады.";
11) 38-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Пошта операторлары пошта жөнелтілімін қабылдау немесе табыс ету алдында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға өтінішін (келісімін) алуға міндетті. Мұндай келісім электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланыла отырып, электрондық түрде немесе автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық немесе ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып, келісім алынғанын растайтын өзге де тәсілмен не қолын қойғызып қағаз жеткізгіште алынады.".
57. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) геномдық тіркеу – дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар геномдық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, биологиялық материалды іріктеу, сақтау, пайдалану, жою, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызмет;";
2) 6-баптың 1-тармағындағы "дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге, биологиялық материалды іріктеуге және пайдалануға" деген сөздер "дактилоскопиялық ақпаратты жинауға, өңдеуге немесе геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге, қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, сақтауға, пайдалануға және жоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 5-тармағындағы "іріктеу және пайдалану" деген сөздер "іріктеу, сақтау, пайдалану, жою" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-бапта:
1) тармақшадағы "алуға, сондай-ақ оны қалпына келтіру, ауыстыру жағдайларында" деген сөздер "алу үшін, сондай-ақ бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтары оны қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы ", босқын куәлігін" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) пана іздеген адам мәртебесін алу туралы өтінішхат берген, босқын куәлігін және (немесе) жол жүру құжатын алуға бірінші рет жүгінген немесе оларды қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдар осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша қайта өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен верификация рәсімінен өтеді.";
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 11) тармақшаларында белгіленген мәліметтер, сондай-ақ:
1) тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы;
2) Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы;
3) жұмыс берушінің мекенжайы қамтылады.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 11) тармақшаларында белгіленген мәліметтер, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберу күні мен негіздері (заңды күшіне енген сот үкімі немесе шешімі);
2) мерзімі өткенге дейін сот Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салуды белгілеген күн қамтылады.";
6) 15-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы "анықталғанға дейін" деген сөздер "анықталғаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-баптың 3-тармағының 4) тармақшасында:
"биологиялық материалды алған" деген сөздер алып тасталсын;
"(ол болған кезде)" деген сөздер "(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 21-баптың 5-тармағындағы "қайта" деген сөз алып тасталсын;
9) 39-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналардың:
1) өздерінің дактилоскопиялық ақпаратын немесе өздері заңды мүдделерін білдіретін адамның дактилоскопиялық ақпаратын жинауға және (немесе) өңдеуге, қорғауға байланысты мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау бөлігінде осы Заңның 7-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының;
2) осы Заңның 2-тарауының;
3) дактилоскопиялық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау бөлігінде осы Заңның 37-бабының;
4) Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық тіркеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық бөлігінде осы Заңның 38-бабының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.".
58. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 3-тармағындағы "қағаз жеткізгіште немесе" деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) нотариустарға: өздерінің іс жүргiзуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша нотариустың сұрау салуы негiзiнде;";
59. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 7-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацы "қайтыс болу туралы куәлiкте" деген сөздерден кейін "немесе хабарламада" деген сөздермен толықтырылсын.
60. "Өнеркәсіптік саясат туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 24-баптың екінші бөлігі "жеделдетілген технологиялық даму" деген сөздерден кейін ", әдіснамалық қамтамасыз ету, цифрландыруды қолдап отыру" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 25-баптың 8-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
61. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3-тармағы 33) тармақшасының он жетінші абзацы "бекітілген жартыжылдық тізімдерін" деген сөздерден кейін ", оның ішінде электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 31-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларын және 10) тармақшасының үшінші абзацын, 40-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын, 9-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын, 52-тармағын, 55-тармағы 1) тармақшасының төртінші, сегізінші, он төртінші және он тоғызыншы абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 10) тармақшасының оныншы абзацын, 11) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын, 13) тармақшасының төртінші, жетінші, оныншы, он үшінші және он алтыншы абзацтарын, 14) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 16) тармақшасының төртінші абзацын, 23) және 24) тармақшаларын, 35) тармақшасының бесінші абзацын, 36) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 41) тармақшасын, 42) тармақшасының төртінші абзацын, 44) тармақшасын;
3) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6-тармағын, 10-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларын, 20-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 35-тармағын;
4) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 1), 13) және 14) тармақшаларын;
5) мыналарды:
мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрден асатын резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап;
мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрге тең немесе одан кем резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 40-тармағының 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |