Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 168-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады;";

      2) 79-баптың тақырыбындағы "ұрпақты болу" деген сөздер "репродуктивтік" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      4-баптың екінші бөлігі "және олардың отбасы мүшелерін" деген сөздерден кейін ", тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1), 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      1-1) ассистент – халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскері;

      1-2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;

      1-3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас пен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалар арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;";

      3-2) тармақша алып тасталсын;

      2) 2-баптың 7-тармағы алып тасталсын;

      3) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Атаулы әлеуметтік көмек "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде оны тағайындау туралы өтінішті ұсыну талап етілмейді.

      Атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалған кезде адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеп-қарауды жүргізуге адамның (отбасының) келісімі алынған күн өтініш берілген күн деп есептеледі.

      1-2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) келісімімен учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеп-қарауды жүргізеді.";

      4) 4-1 және 4-2-баптар алып тасталсын;

      5) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті

      Мемлекеттік корпорация:

      1) атаулы әлеуметтiк көмектiң уақтылы төленуiн қамтамасыз етеді;

      2) атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді тиісті уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.";

      6) 7-бапта:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Бір жастан бастап қоса алғанда алты жасқа дейінгі әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.";

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі ", оның ішінде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы беру" деген сөздер алып тасталсын.

      4. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы "бір жасқа толық" деген сөздер "бір жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 5-тармағындағы "он екі" деген сөздер "он сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 8-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "бір жасқа толық", "Бір жасқа" деген сөздер тиісінше "бір жарым жасқа", "Бір жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      4-баптың 5-2) және 5-3) тармақшаларындағы "жиырма тоғыз" деген сөздер "отыз бес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацындағы "отыз бес жасқа дейінгі (отыз бес жасты қоса алғанда)" деген сөздер "қоса алғанда қырық жасқа дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 12) тармақшасындағы "қоныс аударатын" деген сөздер "қоныс аударған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекітеді;";

      3) 49-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы "олардың отбасы мүшелерін" деген сөздерден кейін ", тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-баптың 1-тармағында:

      21) тармақшадағы "мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;".

      9. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 28) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жұмыскерлер үшін бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агент ретінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес айқындалған салық агенттері қарастырылады.";

      2) 4-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 60 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 120 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес жыл сайын қайта есептеледі.";

      3) 7-баптың 9-2) тармақшасындағы "баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда" деген сөздер "бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 11-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің сегізінші – он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;

      2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;

      2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;

      2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.";

      5) 16-баптың 3-тармағындағы "46 еселенген" деген сөздер "55 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 20-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы "бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда" деген сөздер "бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 24-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.";

      8) 25-бапта:

      2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктеріндегі, 3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларындағы "бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда" деген сөздер "бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында аталған бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,0 пайызды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5 пайызды;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42,0 пайызды;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3 пайызды;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8 пайызды;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 38,0 пайызды құрайды.";

      9) 60-баптың 13-тармағы екінші бөлігінің жетінші – оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;

      2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;

      2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;

      2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа;".

      10. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1), 2) және 3) тармақшалардағы "жиырма тоғыз жасқа" деген сөздер "отыз бес жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) жастарға арналған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – жастарды қолдауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудағы ақпараттық-консультативтік көмек;";

      мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-2) жастар еңбек жасақтары – уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жастар бірлестіктері;

      4-3) жастармен жұмыс жөніндегі маман – жастардың жеке адам ретінде және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар маман;

      4-4) жұмыс істеп жүрген жастар – отыз бес жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;";

      "5-1) Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексі (бұдан әрі – жастардың даму индексі) – іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және мынадай негізгі: білім беру, денсаулық және саламаттылық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт, қауіпсіздік бағыттары бойынша жастардың даму деңгейін талдауға арналған жиынтық индекс;";

      9) тармақшадағы "өңірлік форумдарда сайланған" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) уақытша бос жүрген жастар – жастардың уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында білім алмайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін, жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс бөлігі.";

      2) 4-бапта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жастардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;";

      9) тармақшадағы "бос уақыт пен демалыс", "қамтамасыз ету болып табылады." деген сөздер тиісінше "оқу-ағарту мен бос уақыт", "қамтамасыз ету;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру;

      11) жастардың волонтерлік қызметін дамыту болып табылады.";

      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 11-1), 12-2), 12-3) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;";

      "12-2) жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;

      12-3) жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "13-1) уақытша бос жүрген жастармен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тетіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді;";

      4) 10-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) жастарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      4-2) уақытша бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;";

      5) 12-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мәдениет мәселелері жөніндегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";

      6) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

      1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      2) жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;

      3) жастар ұйымдарымен этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөніндегі өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      7) 19-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:

      1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      3) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;

      4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;

      5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;

      6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;

      7) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

      8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

      9) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;

      10) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескере отырып, жастарға арналған сатып алу және (немесе) жекешелендіру құқығынсыз жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және бюджет есебінен іске асырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:

      1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      3) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;

      4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;

      5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;

      6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;

      7) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

      8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

      9) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;

      10) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.";

      8) 20-баптың 2-тармағында:

      1) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз ", жергілікті атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "талқылауды қамтамасыз етеді." деген сөздер "талқылауды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды қамтамасыз етеді.";

      9) мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-баптармен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Жастардың даму индексі

      Қазақстан Республикасында Жастардың даму индексі Жастардың жаһандық даму индексін ұлттық өзіндік ерекшелікке бейімдеу, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде мемлекеттік органдардың тиімділігін рейтингтік бағалау мақсатында іске асырылады.

      20-2-бап. Уақытша бос жүрген жастар

      1. Мемлекет жастарды қолдау және дамыту мақсатында уақытша бос жүрген жастар санын азайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың уақытша бос жүрген жастар санын азайтуға бағытталған іс-шаралар жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.";

      10) 21-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      11) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Жастар ресурстық орталықтары

      1. Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету мақсатында құрылады.

      2. Жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде жастар ресурстық орталықтары жастарға арналған әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

      3. Жастар ресурстық орталықтарының жұмыскерлері жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сай келуге тиіс.

      4. Жастар ресурстық орталықтары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады.

      5. Жастар ресурстық орталықтары жастар еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастырады.

      6. Жастар ресурстық орталықтарының көрсетілетін қызметтері тегін ұсынылады.";

      12) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Жастардың волонтерлік қызметін қолдау шаралары "Волонтерлік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады.".

      11. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      5-тармақ алып тасталсын;

      19-тармақта:

      13) тармақша мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "7-1. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының, есепке жазылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.";

      15) тармақшада:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары агенттің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы кірісінің:";

      мынадай мазмұндағы төртінші – сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайызы;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайызы;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайызы;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайызы;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 5,0 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      төртінші абзацта:

      "бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда" деген сөздер "бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ескерілген табыстың 5 пайызы мөлшерлемесі бойынша" деген сөздер "есепке алынған кірістің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "жарналарының 5 пайызын" деген сөздер "жарналарын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жетінші, сегізінші және он бірінші абзацтардағы "бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда" деген сөздер "бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он екінші абзацтағы "жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, алатын табыстың 5 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 5 пайызынан кем емес мөлшерде" деген сөздер ", салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары алатын кірістің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының мөлшерінен кем емес мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он төртінші абзацтағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 5 пайызынан кем емес мөлшерде" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он бесінші азбацта:

      "бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын" деген сөздер "жұмыс берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi" деген сөздер "салық кезеңiнiң әрбiр айында есептелетiн міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жатады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы он алтыншы – жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында аталған бірыңғай төлем төлеушілер үшін жалақыдан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,0 пайызды;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10,5 пайызды;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,1 пайызды;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайызды;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 19,0 пайызды құрайды.";

      2) 2-бапта:

      2-2) және 2-3) тармақшалардағы "2023 жылғы" деген сөздер "2024 жылғы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшада:

      бірінші абзацтағы "2023 жылғы" деген сөздер "2024 жылғы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он алтыншы абзацтағы "жиырма тоғызыншы" деген сөздер "отыз бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-1-бап алып тасталсын;

      4) 3-баптың 2) тармақшасында:

      "2023 жылғы" деген сөздер "2024 жылғы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "5-тармағын, " деген сөздер алып тасталсын;

      "және жиырма тоғызыншы" деген сөздер ", жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-бапта:

      1-тармақ "жұмыс берушілер" деген сөздерден кейін "және арнаулы салық режимдерін қолданатын және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдар төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) арнаулы салық режимдерін қолданатын және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын адамдар.

      Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.";

      2) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) бірыңғай төлем төлеушіге республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен есептелген, қорға төленетін жарналар мен аударымдардың мөлшерлерінен асып кететін соманы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады;";

      3) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 15,0 пайызды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,0 пайызды;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 12,6 пайызды;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 12,1 пайызды;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11,6 пайызды;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 11,4 пайызды құрайды.";

      "2-1. Микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс берушінің жұмыскерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 322-бабында көзделген кіріс түрінде төлейтін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

      Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";

      4) 28-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайыз;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      "5-1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 322-бабында көзделген, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс беруші есепке жазған жұмыскердің кірісі осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

      Бұл ретте бірыңғай төлемнен жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";

      5) 29-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың күші "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлем жүзеге асырылатын жұмыскерлердің кірістеріне қолданылмайды.";

      6) 30-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде қорға аударымдар мен жарналар төлейді.".

      13. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 21-баптың 1-тармағындағы "жиырма тоғыз жастан" деген сөздер "отыз бес жастан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 23-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "жиырма тоғыз жасқа" деген сөздер "отыз бес жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 24-бапта:

      2-тармақ 3) тармақшасындағы "жекелеген санаттарының және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі." деген сөздер "жекелеген санаттарының;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақтың 1) тармақшасындағы "көшуге және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар" деген сөздер "материалдық көмек" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      8) тармақшадағы "бір жасқа" деген сөздер "бір жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) бірыңғай төлем төлеуші – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабында айқындалған салық агенті;";

      2) 3-баптың 6) тармақшасындағы "бір жасқа" деген сөздер "бір жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 12-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасындағы "бір жасқа" деген сөздер "бір жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 16,0 пайызды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,9 пайызды;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 18,9 пайызды;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 18,1 пайызды;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайызды;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 17,1 пайызды құрайды.";

      5) 15-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-2-бабында айқындалған жұмыскердің кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады.

      Бұл ретте бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың күші жұмыскерлердің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін кірістеріне қолданылмайды.";

      6) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Бірыңғай төлем төлеушілер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде әлеуметтік аударымдар төлейді.

      Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.";

      7) 19-баптың 7-тармағында:

      екінші бөліктің жетінші абзацындағы "бір жасқа" деген сөздер "бір жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап – он екі айдан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына он сегіз айдан аспайды.";

      8) 20-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөліктегі "55" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерінің ең жоғары шегі әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";

      9) 21-баптың 7-тармағының бірінші бөлігіндегі "55" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 22-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "0,4" деген цифрлар "0,45" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 23-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";

      12) 24-бапта:

      тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша "бір жасқа", "Бір жасқа" деген сөздер тиісінше "бір жарым жасқа", "Бір жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "және төртінші" деген сөздер ", төртінші және бесінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 26-баптың 1-тармағындағы, 2-тармағының екінші бөлігіндегі "бір жасқа" деген сөздер "бір жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 28-баптың 5-тармағының бірінші абзацындағы "бір жасқа" деген сөздер "бір жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Өтпелі ережелер

      Мыналар:

      1) 2023 жылғы 1 қаңтарға "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға жоғарыда көрсетілген жәрдемақы тағайындалған мерзім мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде бала қоса алғанда бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылады;

      2) 2023 жылғы 1 қаңтарға "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алушылар болып табылатын адамдарға жоғарыда көрсетілген әлеуметтік төлем тағайындалған мерзім мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде бала қоса алғанда бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылады;

      3) 2023 жылғы 1 қаңтарға жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алушылар болып табылатын адамдар үшін айқындалған жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің мөлшері "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабында белгіленген кірісті ауыстыру коэффициенті ескеріле отырып, қайта есептелуге жатады;

      4) осы Заңның 1-бабы 4 және 14-тармақтарының күші "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы немесе "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем тағайындауға өзінің құқығын 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырмаған адамдарға қолданылады;

      5) 2023 жылғы 1 қаңтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын адамдар үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде осы Заңның 1-бабының 9-тармағына сәйкес қайта есептеледі деп белгіленсін.

      3-бап. Осы Заң, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 3, 4, 9, 11, 12 және 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады