ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) 145-баптың 2-тармағында:
"қайта шығаруға" деген сөздерден кейін ", пайдалануға" деген сөзбен толықтырылсын;
"заң құжаттарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 193-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;" деген сөздерден кейін "қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымының мүліктік кешені;" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 249-баптың 3-1-тармағы "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
273-баптың 6-тармағы "арнаулы мемлекеттік органдардың" деген сөздерден кейін "туберкулезбен ауыратын немесе бұрын ауырған," деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-2-бапта:
екінші бөліктегі "арнайы тексеруден өткеннен" деген сөздер "арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адамды тағайындауға болмайды.";
2) 20-3-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) міндетті арнаулы тексерудiң терiс нәтижелерi;".
4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өз рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";
2) 1-2-баптың 2-тармағында:
6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары;";
3) 1-3-баптың бірінші бөлігіндегі "үйлер, құрылыстар мен ғимараттар," деген сөздер "ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар," деген сөздермен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 1-4-баппен толықтырылсын:
"1-4-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс мақсаттары
Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ұйымдастыру және үйлестіру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс мақсаттары болып табылады.";
5) 2-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "Мыналар" деген сөз "1. Мыналар" деген сөздермен ауыстырылып, 1) тармақшасындағы ", Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының" деген сөздер алып тасталсын;
6) 8-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де күзетiлетiн адамдарды байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру.
Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін және өзге де ұйымдарды президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі келісімдерде (шарттарда) айқындалады;";
10) тармақша алып тасталсын;
7) 15-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
8) 17-бапта:
үшінші бөліктегі "азаматтар мен лауазымды адамдар" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі "партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде" деген сөздер "саяси партияларда, кәсіптік одақтарда" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк органдары) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын арнаулы мемлекеттiк органдар, олардың қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады:
1) жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Парламентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыру және үйлестіру, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесу.";
2) 8-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасындағы "қабылдайды" деген сөз "әзірлейді және бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-бапта:
12-1) тармақшадағы "және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының" деген сөздер алып тасталсын;
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдарға қатысты дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыруға;";
14) және 17-2) тармақшалар алып тасталсын;
19) тармақшадағы "жүзеге асыруға міндетті" деген сөздер "жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға;";
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіппен міндетті арнаулы тексеру жүргізуге;";
20-2) тармақша алып тасталсын;
22-1) тармақшадағы "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен" деген сөздер алып тасталсын;
4) 13-бапта:
12) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
16), 20-1), 20-2) және 20-3) тармақшалар алып тасталсын;
20-4) тармақшадағы "Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату, сондай-ақ оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту" деген сөздер "құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-5) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
5) 13-1-баптың алтыншы бөлігі алып тасталсын;
6) 15-бап алып тасталсын;
7) 17-бапта:
1 және 5-тармақтар алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері санатына ауыса алады.";
8) 18-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ "әскери қызметшілері" деген сөздерден кейін "саяси" деген сөзбен толықтырылсын;
9) 23-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
6. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттері
1. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты оларды жария ету және жоғалту қаупінен қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту;
2) мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу;
3) таратылуын шектеу Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне негізделген, құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін айқындау;
4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа жіберілетін адамдар тобын айқындау;
5) мемлекеттік құпияларды қорғау әдістері мен құралдарын әзірлеу, ендіру, қолдану және жетілдіру.";
2) 5-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "мемлекеттік құпияларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 9) тармақшасы "шет мемлекеттерге" деген сөздерден кейін "және (немесе) халықаралық ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әзірлейді және бекітеді;";
4), 5), 6), 8), 9) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
5) 9-баптың 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалары алып тасталсын;
6) 14-бапта:
11) тармақшадағы ", Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және олардың" деген сөздер "және оның" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) терроризмге қарсы операциялардың тактикасын, нысанын, әдістерін, құралдарын және оларға қатысушылар құрамын ашатын мәліметтер;";
7) 19-баптың 4-тармағындағы "шетелдік азаматтар мен ұйымдарға" деген сөздер "шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 20-баптың 3-тармағындағы "мемлекеттік құпияларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 21-бап алып тасталсын;
10) 22-баптың 3-тармағындағы "мемлекеттік құпияларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 23-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "мемлекеттік құпияларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 24-баптың 2-тармағындағы "мемлекеттік құпияларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 27-бапта:
тақырып "шет мемлекеттерге" деген сөздерден кейін "және (немесе) халықаралық ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
"нақты" деген сөз алып тасталсын;
"шет мемлекетке" деген сөздерден кейін "және (немесе) халықаралық ұйымға" деген сөздермен толықтырылсын;
"уәкілетті" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтағы "Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"шет мемлекеттерге" деген сөздер "шет мемлекетке және (немесе) халықаралық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік құпияларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
14) 28-баптың 1-тармағының төртінші абзацындағы "мемлекеттік құпияларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 29-бапта:
тақырыптағы "және шетелдіктерге" деген сөздер ", шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы "азаматтарына" деген сөзден кейін ", шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын;
"Әкімшілік пен ресімделуші адамның өзара міндеттемелері мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ресімделгенге дейін осындай рұқсат етудің тиісті нысанын талап ететін қызметіне жол берілмейді.";
4-тармақтағы "Шетелдіктерге" деген сөз "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 30-баптың 1-тармағында:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы лауазымды адамының және (немесе) азаматының Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді қабылдамауы;";
мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырмаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік құпияларға рұқсат ету ресімделгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылуы;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы;
ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін онда сотталғандығының болуы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы;
қылмыстық топ құрамында қылмыс жасауы;
азаматтың тексеру шараларынан жалтаруы;
осы Заңның 31-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамауы;
осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынбауы немесе бұрмалауы негіз болып табылады.";
17) 31-бапта:
бірінші абзацтағы "мемлекеттік орган немесе" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы "еңбек шартында" деген сөздер "мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының лауазымды адамы немесе азаматы осындай тоқтату орын алғаннан кейін бес жыл өткен соң бас тартуға негіздер болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияларға қайтадан жіберілуге құқылы.";
2-тармақтағы ", онымен еңбек шартын әкімшіліктің бастамасы бойынша бұзу" деген сөздер "әкімшіліктің бастамасы бойынша онымен еңбек шартын, келісімшартты бұзу, оны лауазымнан шеттету немесе жұмыстан шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "еңбек шартын бұзу" деген сөздер "еңбек шартын, келісімшартты бұзу, оны лауазымнан шеттету немесе жұмыстан шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 32-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көзделген мерзімге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге (оның ішінде тұрақты тұрғылықты жерге) шығу құқығына;";
19) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Еңбек шарты, келісімшарт бұзылған, жұмыстан шығарылған (отставкаға кеткен) немесе мемлекеттік құпияларға рұқсат етуге қатысы жоқ лауазымға ауысқан кезде Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат ету тоқтатылады.";
20) 37-баптың 1-тармағы "сондай-ақ шетелдіктер" деген сөздерден кейін "мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3-1) тармақшасы "құрылысжайлар," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады.
2. Терроризмге қарсы іс-қимылдың міндеттері мыналар болып табылады:
1) терроризм профилактикасы;
2) террористік әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру;
3) шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық қолдап отыру, авариялық-құтқару және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан жәбірленген адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан жәбірленген адамдарға моральдық және материалдық зиянды өтеу арқылы терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою.
3. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, террористiк қылмыстардың жасалуы салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
2) заңдылықтың сақталуы;
3) терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы;
4) терроризмнің алдын алудың басымдығы;
5) террористік әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның бұлтартпастығы;
6) терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, ақпараттық-насихаттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, арнаулы және өзге де шараларының жүйелі болуы және оларды кешенді түрде пайдалану;
7) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға жедел басшылық жасауда дара басқару;
8) терроризмге қарсы іс-қимылдың жария және жария емес әдістерінің ұштасуы;
9) терроризмге қарсы операциялардың тактикасы, нысандары, әдістері, құралдары және оларға қатысушылар құрамы туралы мәліметтерге шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету.";
3) 4-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы "әзірлейді" деген сөзден кейін "және бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 3-тармағындағы "терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға," деген сөздер алып тасталсын;
2) 13-баптың 3-тармағындағы ", терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын" деген сөздер алып тасталсын.
9. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы "аумағында терроризм" деген сөздерден кейін "мен экстремизм" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 31-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы "аумағында терроризм" деген сөздерден кейін "мен экстремизм" деген сөздермен толықтырылсын.
10. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 19-2) тармақшасындағы "үйлер, құрылыстар мен ғимараттар" деген сөздер "ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-11-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Уәкілетті органның қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адам уәкілетті органның қызметшісі лауазымына тағайындала алмайды.";
2) 15-12-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) міндетті арнаулы тексерудің теріс нәтижелері;".
12. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
бірінші абзац "абоненттер" деген сөзден кейін "және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац "абоненттік нөмірлер" деген сөздерден кейін "және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы "абоненттің алған қызметтері" деген сөздер "абонент және (немесе) пайдаланушы алған қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзац "абоненттер" деген сөзден кейін "және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар" деген сөздермен толықтырылсын;
44-1) тармақшадағы ", Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының" деген сөздер алып тасталсын;
2) 21-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "абоненттер туралы" деген сөздер алып тасталсын;
3) 40-баптың 1-2-тармағында:
"абоненттер туралы" деген сөздер алып тасталсын;
"абонент" деген сөзден кейін "және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушы" деген сөздермен толықтырылсын.
13. "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Экстремизмге қарсы іс-қимылдың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында экстремизмге қарсы іс-қимылдың мақсаттары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты қорғау, Қазақстан Республикасының егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және бөлінбестігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында экстремизмге қарсы іс-қимылдың міндеттері мыналар болып табылады:
1) экстремизмнiң көрiнiс беру нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасында оны жүзеге асыруға жол бермеу;
2) экстремизмдi жүзеге асыру үшiн жағдайлар мен мүмкiндiктердің жасалуын болғызбау;
3) азаматтардың саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Қазақстан Республикасында экстремизмге қарсы іс-қимыл мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңның үстемдігі;
2) нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi;
3) қоғамдық, оның ішінде ұлтаралық және конфессияаралық келісім;
4) мемлекет пен қоғамдық институттардың өзара іс-қимылы;
5) жариялылық.";
"11-бап. Мемлекеттiк органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметiн үйлестiру
1. Мемлекеттiк органдардың экстремизмге қарсы iс-қимыл бойынша қызметiн үйлестiрудi тұрақты түрде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экстремизм профилактикасы бойынша қызметiн үйлестiрудi терроризмге қарсы комиссиялар шеңберінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.".
14. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) барлау іс-шарасы – барлау міндеттерін шешу үшін сыртқы барлау субъектілері жүзеге асыратын жария және жария емес іс-қимылдар;";
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы – ел басшылығын барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ белгіленген құзырет шегінде сыртқы барлау субъектілерінің барлау мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал ететін іс-шараларға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жиынтығы;";
2) 2-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігіндегі "органы жатады." деген сөздер "органы;" деген сөзбен ауыстырылып, екінші бөлігі алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің мақсаттары
Сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің мақсаттары ел басшылығы мен мемлекеттік органдарды барлау ақпаратымен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сыртқы қауіптерден қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілету үшін жағдай жасау болып табылады.";
4) 9-бапта:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы "қабылдау" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-1) тармақшадағы "қарсы барлау қызметін" деген сөздер "барлау іс-шараларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша алып тасталсын;
13) тармақшадағы ", сондай-ақ оларда жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуді келісу" деген сөздер алып тасталсын;
17) тармақшадағы ", арнаулы оқу құралдарын шығару" деген сөздер алып тасталсын;
19) тармақша алып тасталсын;
20-1) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
21), 22), 25) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
5) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі сыртқы барлау органының қызметкерлері туралы мәліметтерді шифрлау қажет болған жағдайда олардың иелері болып табылатын мемлекеттік органдар тиісті электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қабылдайды.";
6) 21-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Уәкілетті прокурорлардың тізбесі сыртқы барлау субъектісінің бірінші басшысымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен белгіленеді.".
15. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 94-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекетке ғана тиесілі болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.";
2) 96-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекешелендіруге жатпайтын, тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік жекешелендіру объектісі бола алмайды.";
3) 98-бапта:
1-тармақ "үлестерін сату" деген сөздерден кейін "осы Заңда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекетке тиесілі және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын акционерлік қоғамдардың акцияларын сату "алтын акцияны" мемлекеттің басқаруы сақтала отырып жүзеге асырылады.
3-2. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлестерін сату жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы дауыс санының төрттен бір бөлігінен астам мөлшеріндегі жарғылық капиталға мемлекеттің қатысу үлесі сақтала отырып жүзеге асырылады.";
4) 114-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге мүліктік салым ретінде пайдаланыла алмайды.";
5) 161-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі "және үшінші" деген сөздер ", үшінші және төртінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде мүлікті бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның шешімі негізінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен беруіне құқығы бар.".
16. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттері
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін нақты және ықтимал қауіптерден қорғау болып табылады.
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының мызғымастығын, оның ішінде тәуелсіздігін, біртұтастығы мен президенттік басқару нысанын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және ел аумағының бөлінбестігін, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
2) елдегі саяси тұрақтылықты, мемлекет экономикасының орнықтылығын қолдау;
3) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді уақтылы анықтау (айқындау), жою немесе оқшаулау, сондай-ақ оларды талдау, болжау және болғызбау;
4) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің саяси, құқықтық, экономикалық, техникалық, әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық, тактикалық, жедел және өзге де шаралары жүйесін әзірлеу және іске асыру;
5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны жетілдіру.";
2) 3-баптың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде алдын алу-профилактика шараларының басымдығы;
3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылықты сақтау;
4) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң жедел өзара хабардар етiлуі және іс-қимылдарының үйлесiмділігі;
5) ұлттық қауiпсiздiктiң барлық түрiнiң бiртұтастығы, өзара байланысы және теңгерімдiлігi, ахуалдың өрбуіне қарай олардың басымдығының жедел өзгеруі;";
3) 5-баптың 2-тармағындағы "және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнің құжаттарымен нақтылануы" деген сөздер алып тасталсын;
4) 8-баптың 7) тармақшасындағы "және өңірлік" деген сөздер "(жаһандық, өңірлік)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде байланыс желісін иеленетін және (немесе) оны басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының 10 пайыздан астамын жеке және заңды тұлғалардың сатып алуын немесе меншiкке өзгеше алуын келісу тәртібін айқындайды;";
6) 19-баптың 3-тармағындағы "шетелдік азаматтар" деген сөздер "шетелдіктер" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік дайындығына нұқсан келтiретін;
2) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына қатысты "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 3-1 және 3-2-тармақтарының талаптарын бұзуға алып келетін шешiмдер қабылдауға және iс-қимылдар жасауға тыйым салынады.".
17. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) уәкілетті басшы – осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, оларға арнаулы атақ беру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам;";
2) 6-бапта:
екінші бөлікте:
"және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскерге шақыру бойынша əскери қызметшілері" деген сөздер алып тасталсын;
"12," деген цифрлардан кейін "14," деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер осы Заңның 7, 15, 16, 17, 18, 19, 24, 34 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.";
үшінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-бапта:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте үлгермеушілігі үшін, өз бастамасы бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына және келісімшарт жасасудан бас тартуына байланысты оқудан шығарып жіберілген, теріс себептермен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты шығарып жіберілген, теріс себептермен шығарылған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алған қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.";
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
13-тармақтың бірінші бөлігі "қаражатын" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-баптағы "орта білімнен кейінгі білімі" деген сөздер "орта, орта білімнен кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қабылданған шешімдерді және (немесе) нұсқауларды қызметкерлердің назарына жеткізу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдардың ішкі қызмет жарғысында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";
6) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
"7-2) уәкілетті басшымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарына (курсанттар мен тыңдаушылардан басқа) түсуіне;";
7) 19-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы "мүшесі болуға," деген сөздерден кейін "саяси" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерге арнаулы тексеру жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арнаулы мемлекеттік органдарға арнаулы тексеру жүргізуге жәрдемдеседі.";
8) 27-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Кіші сержант" арнаулы атағы "кіші сержант" және одан жоғары арнаулы атағы көзделген лауазымға тағайындалатын қызметкерге беріледі. Сержанттар құрамының кейінгі арнаулы атақтары қажетті дайындық деңгейі бар және тиісті лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, бірақ кемінде он екі айдан кейін беріледі.";
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қатардағы құрам лауазымына келісімшарт бойынша қызметке тұрған кезде;";
бірінші бөліктегі "қызметкер лауазымына тағайындау кезінде" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі "оларды қызметкер лауазымына тағайындау кезінде" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі "болу мерзімі" деген сөздер "сіңірген еңбегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы "болудың" деген сөз "еңбек сіңірудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ алып тасталсын;
9) 30-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер өздерін оқуға жіберген бөлімшелерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға қайтып келеді.";
15-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші абзац "отбасылық-мүліктік" деген сөздердің алдынан "осы тармақшаның төртінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"жұбайы (зайыбы) өзге елді мекенде қызмет өткеріп жатқан қызметкердің баянаты бойынша;";
10) 31-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) арнаулы мемлекеттік орган бөлімшелерінің арасында ауыстырылған;";
5) тармақша "органға" деген сөзден кейін "және керісінше" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы "орналасу орнын өзгерткен жағдайларда жүргізіледі." деген сөздер "орналасу орнын өзгерткен;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер әскери, арнаулы оқу орнынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген жағдайларда жүргізіледі.";
11) 32-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "2 айдан" деген сөздер "екі айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қызметкерге бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқарып отырған лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады.
Бұл ретте қызметкерге жоғары офицерлік құрам алмастыруға тиісті бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";
12) 34-баптың 1-тармағындағы "жаңа лауазымға тағайындалған," деген сөздер алып тасталсын;
13) 36-бапта:
3, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге арнаулы атақтар беру, оларды мемлекеттік наградалармен наградтау осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерді лауазымға тағайындау немесе қызметтен шығару ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы, ұйымдарындағы және халықаралық ұйымдардағы лауазымдардан босатылғаннан (қызметтен шығарылғаннан) және қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органға қайтып оралған соң, осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі.";
"5. Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ ұйымдарының жұмыскерлерi үшiн айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек төлеу олар iссапарға жiберiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, сондай-ақ ұйымдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi. Өзге де төлемдер, сондай-ақ арнаулы киім нысанымен қамтамасыз ету қызметкерлерді iссапарға жiберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
6. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдар жұмыскерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы оларды ұстауға көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ арнаулы атақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлықақы қызметкерлерді iссапарға жiберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен төленеді.";
екінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бiржолғы сипаттағы төлемдер бойынша қызметкер iссапарға жiберілгенге дейiн атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.";
14) 36-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғынжайды ұстауға және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған ақшалай өтемақы, бір елді мекеннен арақашықтығы бір жүз километрден асатын екінші бір елді мекенге көшуге байланысты болатын қызмет бабымен ауысу кезінде қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтерме жәрдемақы төлеу, қызмет бабымен ауысу кезінде жеке мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сондай-ақ емделуге жұмсалған қаражатты өтеу олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлерi үшiн айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.";
15) 44-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы "үзілістер кезінде" деген сөздерден кейін ", егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Оқуы бойынша берешегі бар курсанттар, тыңдаушылар оны осы баптың 1-тармағында белгіленген каникулдық демалыстарды өткізу мерзімдері шегінде күнтізбелік он күн ішінде жабады.";
16) 49-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасында немесе белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайларды қоспағанда, жиырма бес жылдан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде өз бастамасы бойынша;";
5) тармақша "әскери" деген сөздің алдынан "әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
17) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қызметкерді жеке құрам тізімдерінен шығару арнаулы мемлекеттік органдарда белгіленген мерзімдерде істер мен лауазымды тапсырғаннан кейін жүргізіледі.";
18) 52-бапта:
1-тармақтағы "(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен басқа)" деген сөздер "(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін, сондай-ақ офицерлік құрамның шығарып жіберілген тыңдаушыларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберілуіне байланысты;";
19) 56-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Тең дәрежелі лауазымдарға тағайындау кезінде, егер бұл лауазымдық міндеттердің өзгеруіне алып келмесе, бұл мерзім есепке алынбайды.";
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кемінде күнтізбелік жиырма жыл үздіксіз еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлер аттестациялық тестілеуге жатпайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Арнаулы мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қызметкерлерді аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді. Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалады.";
20) 56-1-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі "жоспарлы аттестаттауды өткізудің белгіленген мерзімінің кемінде үштен бірі" деген сөздер "осы Заңның 56-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген талаптар ескерілместен, соңғы аттестаттаудан кейін кемінде бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу кезінде қызметкерлер мынадай:
1) қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы;
2) келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметкерді қызметтен шығару туралы мәселелерді шешу үшін аттестациялық тестілеуге жатпайды.";
21) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"61-бап. Сыныптық біліктілік
Әрбір қызметкердің кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру мақсатында сыныптық біліктілік беру, оны көтеру, растау, сақтау, төмендету және алу рәсімі арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жүргізіледі.";
22) 62-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Басшылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң басшылыққа ала отырып, сеніп тапсырылған бөлімшелерде қызметтік тәртіпті күнделікті сақтауға міндетті.";
23) 63-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақта көзделген көтермелеулерді қолдану тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бір мезгілде қолданылуы мүмкін грамотамен және ақшалай сыйлықақымен марапаттау түріндегі көтермелеуін қоспағанда, қызметкерге дәл сол бір ерекшелігі үшін бір ғана көтермелеу жариялануы мүмкін.";
24) 64-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жазбаша ескертуді лауазымды адам тиісті басшының тапсырмасымен жасайды.";
9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) теріс себептермен қызметтен шығару.";
25) 65-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қызметтік тергеп-тексеру уәкілетті басшының бұйрығымен тағайындалады және оны уәкілетті лауазымды адам он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Бұйрық болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге жол берілмейді.
Айрықша жағдайларда қызметтік тергеп-тексеру мерзімі қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшының бұйрығымен он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Қызметтік тергеп-тексеру мерзімінің есептелуі оның тағайындалған күнінен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.";
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі "тәуліктен" деген сөз "жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Теріс қылық жасаған қызметкердің лауазымына атқаратын лауазымы бойынша тең немесе жоғары болатын уәкілетті лауазымды адамды тағайындау мүмкін болмаған жағдайда теріс қылық жасаған қызметкердің атағына тең немесе одан жоғары болатын, басшы құрамнан адамды тағайындауға рұқсат етіледі.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажет болған жағдайларда уәкілетті басшы уәкілетті лауазымды адамды және мамандарды қызметтік тергеп-тексеру жүргізу уақытына олардың лауазымдық міндеттерін атқарудан босатуы мүмкін, ол туралы бұйрықта көрсетіледі.";
бірінші абзацтағы "тексеру" деген сөз "тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, ұзақ уақытты талап ететiн сараптамалар (зерттеулер) жүргізілген;";
5) тармақшадағы "басшының бұйрығымен тоқтатылуы" деген сөздер "уәкілетті басшының бұйрығымен тоқтатыла тұруы" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "тоқтату үшін негіздер болмаса, басшының" деген сөздер "тоқтата тұру үшін негіздер болмаса, уәкілетті басшының" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қызметтік тергеп-тексеру аяқталған соң оның нәтижелері туралы тұжырымдары мен ұсыныстары бар қорытынды жасалады, ол қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшыға бекітуге ұсынылады.
Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды бекітілгеннен кейін уəкілетті лауазымды адам оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді – қорытындымен, сондай-ақ қызметкердің талап етуі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен қолын қойғыза отырып таныстыруға міндетті.
Қызметкер қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындымен танысудан бас тартқан кезде тиісті акт жасалады. Оның бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері не тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың шығарылуын тоқтата тұрмайды.";
26) 68-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"68-бап. Жаза қолдану тәртiбi";
1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті басшы қызметтiк тергеп-тексеру материалдары мен тәртiптiк комиссияның ұсыныстары негiзiнде жаза қолдану немесе қолданбау туралы тиiстi шешiм қабылдайды.";
"4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан кешіктірілмей және оның жасалған күнінен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады.
Уәкілетті басшыға теріс қылықтың жасалғаны туралы белгілі болған күн теріс қылық анықталған күн болып есептеледі.
Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, бiрақ қызметкердің әрекеттерiнде терiс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
Жаза қолдану мерзімінің өтуі мынадай:
1) қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;
2) қызметкер еңбек демалысында немесе іссапарда болған;
3) қызметкер даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған;
4) қызметкер өзінің теріс қылық жасағаны туралы актілерге сот тәртібімен шағым жасаған жағдайларда тоқтатыла тұрады.";
27) 69-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қолданылған жаза туралы аға офицерлерге жариялау кезінде – тек олардың басшылары, сондай-ақ аға және жоғары офицерлер, жоғары офицерлерге жариялау кезінде олардың басшылары және жоғары офицерлер қатыса алады.";
28) 70-баптың 4-тармағындағы "босатылған күні алынбаған жаза оған соңғы жаза қолданылған сәттен бастап алты ай өткен соң" деген сөздер "шығарылған күні алынбаған жаза ол қызметтен шығарылған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 71-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) ол еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезеңде;
4-2) ол еңбек демалысында немесе іссапарда болған кезеңде;
4-3) ол даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған жағдайда;";
30) 73-баптың 4 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қызметкерлердің жекелеген санаттары қызмет өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлердің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде қызметкерлердің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тəртіппен ақшалай өтемақы төленеді.";
"7. Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде жеке мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтетуге құқығы бар.";
31) 76-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арнаулы мемлекеттік органдарда қатардағы және сержанттық құрам лауазымдарында қызмет өткеріп жүрген, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шыққан күні күнтізбелік есептеу бойынша кемінде сегіз жыл қызмет еткен қызметкерлердің аталған ұйымда ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарды оқу құнының елу пайызы мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен өтетуге құқығы бар. Аталған жеңілдік осы оқу орнын бітіргендігі туралы дипломды ұсынған кезде бір рет қолданылады.";
6-тармақ алып тасталсын;
32) 77-баптың 2-тармағындағы "нормалар бойынша азық-түлiкпен" деген сөздер "азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 79-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде мемлекет есебінен медициналық қамтамасыз етілу және санаторийлік-курорттық емделу құқығы арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен:
1) денсаулық жағдайына (қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне) байланысты шығарылған;
2) денсаулық жағдайына (қызмет өткеру кезеңінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне) байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар;
3) қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар;
4) штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлерде сақталады.";
34) 81-бапта:
бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәйiттi тасымалдауға дайындауға, мәйiттi тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты барлық шығыстар қызметкерлер қызмет өткерген арнаулы мемлекеттік органдардың қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлерде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйiттi тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің ережесі қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін, денсаулық жағдайына байланысты немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған, қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес жыл немесе одан да көп болатын адамдарға, сондай-ақ қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады.";
35) 84-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Жеке және заңды тұлғалардың арнаулы мемлекеттік органдар алдындағы тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерін тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен орындауын қамтамасыз ету мақсатында ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру жүзеге асырылады.";
36) 85-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
18. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшісінің шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі мінез-құлық стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.";
2) 56-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы "қабылдайды" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
6), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 29-1), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 36-1), 37), 37-1), 37-2), 38), 39), 40), 41), 42) және 42-1) тармақшалар алып тасталсын;
3) 65-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
4) 66-бапта:
9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдарға қатысты дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыруға;";
17) және 17-1) тармақшалар алып тасталсын;
5) 67-баптың 1-тармағының 9), 15), 16), 17), 18) және 32) тармақшалары алып тасталсын.
19. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура, қылмыстық қудалау органдарының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін және олардың көрсетілетін қызметтеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлеуді айқындайды.".
20. "Қарсы барлау қызметі туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметтегі," деген сөздер "мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайта кіретін, сондай-ақ судья," деген сөздермен ауыстырылсын.
21. "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жекешелендіру туралы шешімдер қабылдайды;";
2) 20-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік "айқындалған тәртіппен" деген сөздерден кейін "конкурстық негізде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін өткізген уақытта конкурстық комиссия отырысына аудио-, бейнетіркеумен конверттерді (баға ұсыныстарын) ашу және комиссия мүшелерінің отырыс хаттамасына қол қоюы кезінде қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының конкурсқа қатысатын өкілдері қатысуға құқылы.".
22. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 4) тармақшасының төртінші абзацындағы "2024 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздер "2026 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
23. "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" 2022 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.".
2-бап. Осы Заң:
1) 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 22-тармағын;
2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 18-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 1) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын, 2) және 3) тармақшаларын, 23-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |