2019 жылғы 20 мамырда Бішкекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттама (карта 1:200 000) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы XATTAMА (карта 1:200 000)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар), 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісімнің 2-бабына сәйкес шекара өкілдері қызметінің мынадай мемлекеттік шекара учаскелерін айқындауға келісті:
Қазақстан Республикасының тарапынан:
Алматы учаскесі бойынша - 6995 (7228) белгіден (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) [геодезиялық координаттармен 42° 12' 36.4” с.е. және 80° 10’ 31.1” ш.б.] № 36 (5664) шекара белгісіне (Қастек белесі) [геодезиялық координаттармен 42° 56’ 23.8" с.е. және 75° 49' 26.8" ш.б.] дейін;
Қордай учаскесі бойынша - № 36 (5664) шекара белгісінен (Қастек белесі) [геодезиялық координаттармен 42° 56' 23.8" с.е. және 75° 49' 26.8" ш.б.] № 158 (4476) шекара белгісіне [геодезиялық координаттармен 42° 49' 21.8" с.е және 73° 30' 41.4" ш.б.] дейін;
Тараз учаскесі бойынша - № 158 (4476) шекара белгісінен [геодезиялық координаттармен 42° 49' 21.8" с.е және 73° 30' 41.4" ш.б.] 4131 (8060) белгісіне дейін (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) [геодезиялық координаттармен 42° 15' 48.6" с.е. және 70° 56' 42.0" ш.б.];
Қырғыз Республикасының тарапынан:
Ыстықкөл учаскесі бойынша - 6995 (7228) белгісінен (Қырғыз Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) [геодезиялық координаттармен 42° 12' 36.4" с.е. және 80° 10' 31.1" ш.б.] 4642 (5280) белгісіне [геодезиялық координаттармен 42° 54' 56.5" с.е. және 77° 13' 23.1" ш.б.] дейін;
Шу учаскесі бойынша - 4642 (5280) белгісінен [геодезиялық координаттармен 42° 54' 56.5" с.е. және 77° 13' 23.1" ш.б.] 4315 (9676) белгісі бар геодезиялық пунктіне [геодезиялық координаттармен 42° 25' 28.6" с.е. және 73° 30’ 22.8" ш.б.] дейін;
Талас учаскесі бойынша - 4315 (9676) белгісі бар геодезиялық пунктінен [геодезиялық координаттармен 42° 25' 28.6" с.е. және 73° 30' 22.8" ш.б.] 4131 (8060) белгісіне дейін (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) [геодезиялық координаттармен 42° 15' 48.6" с.е. және 70° 56' 42.0" ш.б.].
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы Тараптардың жазбаша хабарламасының соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісіммен бір мезгілде қолданысын тоқтатады.
2019 жылғы 20 мамырда Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтін тең түпнұсқалы болып табылады.
Мәтіндерде алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының | Қырғыз Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |