Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 1 наурыздағы № 229-VІ ҚРЗ.

      2017 жылғы 25 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім

      (2019 жылғы 27 сәуірде күшіне енген - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2019 ж., № 3, 35-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

      аумақтық тұтастық және шекараға қол сұғылмаушылық туралы халықаралық құқық қағидатын басшылыққа ала отырып,

      мемлекеттік шекара екі мемлекет арасында ұрпақтан ұрпаққа мәңгілік бейбітшілік пен достық шекарасы болып қалуы үшін ортақ күш-жігерді жұмсау шешіміне бекініп,

      екі елдің мемлекеттік шекарасында тұрақтылықты және шекара маңындағы аудандарда тыныштықты қамтамасыз ету, шекара мәселелерін өзара құрмет, сенім, тең құқықтылық, достық және ынтымақтастық рухында реттеу мақсатында,

      төмендегілер туралы келісті:

1-тарау. Ұғымдық аппарат

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) авариялық-құтқару қызметі - негізін авариялық-құтқару құралымдары құрайтын, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған және біртұтас жүйеге функционалдық біріктірілген басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;

      2) авариялық-құтқару құралымы - негізін арнайы техникамен, жабдықпен, жарақпен, аспаптармен және материалдармен жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған дербес немесе авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін құрылым және кинологиялық бірліктер;

      3) су айдыны - табиғи немесе жасанды ойпаттарда тұрақты немесе уақытша тоқтаған немесе баяу ағысты сулар (көлдер, су қоймалары, тоғандар және т.б.);

      4) су каналы - су ағысын қайта бағыттауға арналған жасанды құрылысжай;

      5) әуе кемесі - ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат, оның ішінде дирижабльдер, аэростаттар, ұшақтар, тікұшақтар және басқа да ұшатын аппараттар;

      6) мемлекеттік шекара, осы Келісімнің мәтінінде шекараның мағынасы бірдей, аумақты (құрлықты, суларды, жер қойнауын және әуе кеңістігін) бөлу шектерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік егемендік қолданысының кеңістігі шектерін айқындайтын сызықты және осы сызық бойынша тігінен өтетін жазықтықты білдіреді;

      7) мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен өзге де мүлік (бұдан әрі - жүктер мен өзге де мүлік) - мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін коммерциялық және коммерциялық емес жүктер, тауарлар, жануарлар, нәрселер, материалдар, құралдар, заттар, қолжүгі (багаж) және көлік құралдары;

      8) межелеу - 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа сәйкес ресімделген мемлекеттік шекара сызығының жағдайы мен бағытын айқындау;

      9) шегендеу - 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартпен ресімделген жергілікті жерде мемлекеттік шекараны шекара белгілерімен айқындау және белгілеу;

      10) шекараны межелеу туралы құжаттар - 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шарт, 1999 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қытай Халықтық Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктелері туралы келісім, 2001 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктелері туралы келісім;

      11) шекараны шегендеу туралы құжаттар - 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт;

      12) бірлесіп тексеру құжаттары - мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексергеннен кейін қалыптасқан, шекараны шегендеу туралы құжаттың ажырамас бөлігі болып табылатын құқықтық құжаттар (Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекара сызығының өту сипаттама-хаттамасы, мемлекеттік шекараның картасы, шекара белгілерінің хаттамалары, шекара белгілерінің координаттары мен биіктіктерінің каталогы, шекара белгілері бағаналарының өзара орналасу сызбалары, бірлесіп тексеру хаттамасы және басқа да құжаттар);

      13) бірлесіп пайдаланылатын жолдар - мемлекеттік шекара сызығында немесе бойында орналасқан және оны бірнеше рет кесіп өтетін, Тараптардың екі мемлекеті де қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары, сондай-ақ трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал пайдаланатын ауыларалық жолдар (соқпақтар);

      14) төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін құтқаруға және денсаулығын сақтауға, нұқсан мен материалдық ысыраптардың мөлшерін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағын оқшаулауға бағытталған іздестіру-құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар;

      15) жергілікті тұрғындар - шекара маңы аудандарында тұрақты тұратын халық;

      16) ұйымдасқан туристік топ - бір Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің аумағы бойынша туризм мақсатында ұйымдастырылған туристік топ;

      17) жарақ - авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдардың материалдары, техникалық және көлік құралдары, керек-жарақтары және олардың мүшелерінің жеке керек-жарақтары;

      18) мемлекеттік шекара арқылы өткізу - жүктердің және өзге де мүліктің мемлекеттік шекарамен нақты жанасу мезгілі;

      19) мемлекеттік шекараны кесіп өту - адамдардың және көлік құралдарының мемлекеттік шекарамен нақты жанасу мезгілі;

      20) шекара белгілері - мемлекеттік шекараның сызығында немесе екі жағында орнатылған жергілікті жерде мемлекеттік шекараның белгілемелерін көрсететін шекаралық бағаналар. Олардың географиялық координаттары шекараны шегендеу туралы құжаттарда немесе мемлекеттік шекараның белгіленуін бірлесіп тексеру құжаттарында айқындалған және тіркелген. Шекара белгілері негізгі және аралық болып бөлінеді.

      21) шекарадағы тосын оқиға - Тараптар мемлекеттерінің бірінің немесе екеуінің де немесе Тараптардың екі мемлекетінің де және үшінші аралас (түйісетін) мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты мемлекеттік шекарадағы оқиға;

      22) шекаралық белдеулер - Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында айқындалған, мемлекеттік шекара режимі қолданылатын мемлекеттік шекара сызығының екі жағына жанасатын аумақтардың бір бөлігі;

      23) шекара өкілдері - осы Келісімде белгіленген мемлекеттік шекара режимін ұстап тұруға, шекарадағы тосын оқиғалардың алдын алуға және оларды шешуге байланысты мәселелерді шешу үшін Тараптар мемлекеттерінің шекарасын күзету саласындағы уәкілетті органдардың өкілдері қатарынан тағайындалатын уәкілетті лауазымды адамдар;

      24) шекаралық соқпақтар - мемлекеттік шекараны байқау және көршілес шекара белгілері арасында көрінуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шекара сызығының екі жағын да осы Келісімде айқындалған еннің шегінде ағаштардан, бұталардан және басқа да өсімдіктерден тазартылған жергілікті жердің белдеулері;

      25) шекара маңы аудандары - мемлекеттік шекараға іргелес орналасқан Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының аудандары;

      26) мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу және шекара арқылы өткізу - осы Келісімнің мәтінінде мағынасы бірдей және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және осы Келісімге сәйкес адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің (кесіп өтуге рұқсат алу), жүктер мен өзге де мүліктің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуінің заңдылығын Тараптар мемлекеттері уәкілетті органдарының тануын білдіреді;

      27) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті (бұдан әрі - өткізу пункті) - Тараптар мемлекеттерінің теміржол, автомобиль вокзалы немесе станциясы, халықаралық әуежай немесе әуеайлақ шектеріндегі аумағы, сондай-ақ шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын, мемлекеттік шекараға тікелей жақын жерде Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес арнайы бөлінген және жабдықталған өзге де жергілікті жер учаскесі;

      28) мемлекеттік шекара режимі - мыналарды:

      мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау;

      адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі және ол арқылы жүктер мен өзге де мүлікті өткізу;

      мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті өткізу;

      мемлекеттік шекараның және шекаралық белдеулердің үстінен ұшып өтуді жүзеге асыру;

      мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекара сулары шегінде шаруашылық, кәсіпшілік және өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралар өткізу (оның ішінде оларды пайдалану);

      шекарадағы тосын оқиғаларды шешу тәртібін қамтитын осы Келісімде айқындалған, мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеулерде қолданылатын қағидалар;

      29) мемлекеттік шекара режимін сақтау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар - мақсаты, міндеттері, орны, уақыты бойынша келісілген және бірыңғай мән бойынша мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде, шекаралық сулардың шегінде және шекара маңындағы аудандарда өткізілетін, шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдардың бірыңғай ниетпен осы Келісімде және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында белгіленген мемлекеттік шекара режимін ұстап тұру жөніндегі іс-қимылдары;

      30) мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау - шекара белгілерін орнату, сақтау және жарамды күйде ұстау, оларды бақылау мақсатында қарап тексеру тәртібі, шекаралық соқпақтарды (жолдарды) жабдықтау және тиісті тәртіпте ұстау, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өтуге (оның белгілемелеріне) және шекара белгілерінің жай-күйіне бірлесіп тексеру жүргізу тәртібі;

      31) шекара белгілерін күтіп-ұстау - шекара белгілерін сақтау (қарап тексеру, күзету, демонтаж жасау және қауіпсіз жерге шығару) және жарамды күйде ұстап тұру (қызмет көрсету, қалпына келтіру, жөндеу және қайта орнату), оларды бақылау мақсатында қарап тексеру тәртібі, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің шекара белгілерінің жай-күйін бірлесіп тексеру жүргізуі;

      32) бір Тарап мемлекетінің аумағы арқылы транзиттік қозғалыс - бір Тарап мемлекетінің аумағы арқылы адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен басқа да мүліктің сапары, олар барған мемлекеттің аумағы арқылы өтетін жол олардың басқа Тарап мемлекетінің аумағында басталатын және аяқталатын толық маршрутының бөлігі болып табылады;

      33) трансшекаралық құрылыстар - мемлекеттік шекараны кесіп өтетін теміржолдар, автомобиль жолдары, құбыржолдар, электр беру желілері, кабельдер, көпірлер, бөгеттер, шлюздер, су арналарының құрылыстары және басқа да құрылыстар, сондай-ақ басқа Тарап мемлекеті аумағындағы шекара маңы аумағының (шекара аймағының) шегінде орналасқан бір тараптың объектілері;

      34) уәкілетті органдар - құзыретіне осы Келісімге сәйкес мәселелерді шешу кіретін Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында айқындалған органдар;

      35) форс-мажорлық мән-жайлар - объективтік сипаттағы көздеу, болдырмау және еңсеру мүмкін болмайтын мән-жайлар;

      36) төтенше жағдай - адамдардың құрбан болуына, олардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға залал келтіруге, елеулі материалдық шығындарға және адамдардың тіршілік жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан авария, қауіпті табиғи құбылыс, апат, табиғат немесе өзге де апат нәтижесінде Тараптар мемлекеттерінің (бір Тараптың) аумағында туындаған жағдай;

      37) шекара өкілдерінің сарапшылары - шекара өкілдерінің қызметін қамтамасыз ету үшін тартылатын (тағайындалатын) Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті орғандарының әртүрлі бейіндегі құзыретті мамандары.

2-тарау. Мемлекеттік шекара режимінің құқықтық негіздері

2-бап

      Мемлекеттік шекара режиміне Тараптар мемлекеттерінің бірлескен қызметімен қолдау жасалады және оның мәселелері осы Келісімде, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында және Тараптардың екі мемлекеті де қатысушылары болып халықаралық шарттарда регламенттеледі, атап айтқанда:

      1. 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мемлекеттік шекара күзетіндегі ынтымақтастық туралы келісім.

      2. 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісім.

      3. 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің қызметі туралы келісім (бұдан әрі - Шекара өкілдері туралы келісім).

      4. 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісім (бұдан әрі - Өткізу пункттері туралы келісім).

      5. 2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында Қырғыз Республикасы азаматтарының және Қырғыз Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы азаматтарының болу тәртібі туралы келісім.

      6. 2009 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтық қорғаныс (қорғау), төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

      7. 2000 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісім.

      8. 2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім.

3-тарау. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау

3-бап

      Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауды уәкілетті органдар жүзеге асырады және ол мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз етуге және ұстап тұруға бағытталған.

4-бап

      1. Әрбір Тарап шекара белгілерін күзету жөнінде шаралар қолданады, олардың бүлінуіне, орын ауыстырылуына, бұзылуына немесе жоғалуына жол бермейді, сондай-ақ осы Келісімнің, шегендеу туралы құжаттар мен бірлесіп тексеру құжаттарының ережелеріне сәйкес өз мемлекеттерінің аумағында орнатылған шекаралық белгілер мен жабдықталған шекаралық соқпақтарды күтіп-ұстауға жауапты болады.

      2. Қатысушылар болып табылатын Тараптардың мемлекетінің де ұлттық заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар өз Тарапы мемлекетінің шекара белгілерін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

      Тараптардың бірінің мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органы шекара белгілерінің бүлінуін, орын ауыстырылуын, бұзылуын немесе жоғалуын анықтаған кезде екінші Тарап мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органына дереу хабарлайды.

      Шекара белгілерін күтіп-ұстауға жауапты Тарап мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органы жоғалған шекара белгілерін іздестіру мен жоғалу жағдайларын анықтау жөнінде шаралар қолданады, ал екінші Тарап мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органы өз мемлекетінің аумағында осы мәселені шешуге жәрдемдеседі.

5-бап

      1. Шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар шекара белгілерінің жай-күйін тексеруді дербес немесе бірлесіп жүзеге асырады.

      Шекара белгілерінің жай-күйін бірлесіп тексеруді жүргізу мерзімдері шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар арасында алдын ала келісіледі.

      Аталған бірлесіп тексерудің нәтижелері орыс тілінде екі данада шекара белгілерінің жай-күйін Бірлесіп тексеру хаттамасымен ресімделеді.

      Шекара белгілерін күтіп-ұстауға жауапты шекара күзеті саласындағы уәкілетті орган оларды жөндеу, қайта қалпына келтіру немесе бұрынғы орнына қайта орнату жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ осындай жұмыстар басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын екінші Тарап мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органына хабарлайды.

      2. Тараптардың бірінің мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органының жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуі екінші Тарап мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес орыс тілінде екі данада акт ресімделеді.

      Көрсетілген жұмыстарды жүргізу үшін Тараптардың бірінің өз мемлекетінің аумағынан шекара белгісіне шығу мүмкіндігі болмаған кезде, екінші Тарап осы белгіге өз мемлекетінің аумағынан қол жеткізуге мүмкіндік жасайды.

6-бап

      Дүлей зілзалалар (көшкіндер, су тасқындары және т.б.) салдарынан шекара белгілерінің бұзылу қаупі туындаған кезде шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар шекара белгілерін сақтауға шара қолданады, ал сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда шекара белгілерінің жоғалуына жол бермеу мақсатында әрбір факт бойынша акт жасай отырып, демонтаж жасайды және қауіпсіз жерге шығарады.

      Шекара белгілерінің бұзылу қаупі туындағаны және Тараптардың бірінің мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органының қолданған шаралары туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органына қысқа мерзімде хабарланады.

7-бап

      1. Форс-мажорлық мән-жайлар себебінен шекара белгісін қалпына келтіру немесе бұрынғы орнына қайта орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда оны қалпына келтірудің немесе бұрынғы орнына қайта орнатудың мүмкін болмауының себептері көрсетіле отырып, осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада акт ресімделеді және бұл мәселе осы Келісімнің 47-бабына сәйкес құрылған Мемлекеттік шекара режимі жөніндегі бірлескен Қазақстан-Қырғыз комиссиясының (бұдан әрі - Шекара режимі жөніндегі бірлескен комиссия) қарауына енгізіледі.

      Шекара режимі жөніндегі бірлескен комиссия мемлекеттік шекара сызығының өтуін өзгертпей, шекара белгісін орнату үшін басқа орынды белгілеу жөнінде шешім қабылдайды.

      2. Шекара режимі жөніндегі бірлескен комиссия шекара белгісін жаңа орынға орнату үшін Тараптар мемлекеттері геодезиялық, жерге орналастыру қызметтерінің сарапшылары мен мамандарынан, басқа да уәкілетті органдарының өкілдерінен бірлескен топ қалыптастырады (бұдан әрі - бірлескен сарапшылар тобы).

      Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша бірлескен сарапшылар тобы осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада акт ресімдейді және шекара белгісінің жаңа хаттамасын, шекара белгісі бағаналарының өзара орналасу схемасын, шекара белгілерінің координаттары мен биіктіктері каталогының фрагменттерін, осы учаскедегі мемлекеттік шекараның өту сипаттамасы-хаттамаларын және жаңадан орнатылған шекара белгісінің орналасу орнына қатысты Мемлекеттік шекараның карталарын жасайды.

      Көрсетілген құжаттар 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа сәйкес құрылған Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін тексеру жөніндегі бірлескен комиссияның қарауына жіберіледі.

      Аталған комиссия мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеру жүргізгеннен кейін осы құжаттар бірлесіп тексеру хаттамасымен ресімделіп, шекараны шегендеу құжаттарының ажырамас бөлігі болып табылады.

      3. Шекара белгісін жөндеу, қалпына келтіру, қайта орнату және оның орнын ауыстыру, сондай-ақ оның нысаны, өлшемдері, дайындау материалы және орналасқан жері шекараны шегендеу туралы құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      4. Тараптардың ешқайсысы мемлекеттік шекара сызығында немесе оның екі жағында шегендеу туралы құжаттарда айтылмаған шекара белгілерін немесе оның басқа да белгілемелерін біржақты тәртіппен орнатпайды.

      5. Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес шекара белгілерін бүлдірген, олардың орнын ауыстырған немесе оларды жойған жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тартады, сондай-ақ бүлінген немесе жойылған шекара белгілерін қалпына келтіруге байланысты шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.

8-бап

      1. Тараптар шекаралық соқпақтарды жабдықтау және күтіп-ұстау жөнінде шаралар қолданады, оның ені 15 метрді құрайды (мемлекеттік шекара сызығының екі жағынан 7,5 м), онда ағаштардың, бұталардың және басқа да өсімдіктердің өсіп кетуіне жол бермейді.

      Шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар өз Тарапының мемлекеті аумағының шегінде шекаралық соқпақтардың жай-күйін дербес немесе бірлесіп тексеруді жүзеге асырады.

      Шекаралық соқпақтардың жай-күйін бірлесіп тексеруді жүзеге асыру мерзімдері шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар арасында алдын ала келісіледі.

      Көрсетілген бірлесіп тексерудің нәтижелері орыс тілінде екі данада хаттамамен ресімделеді.

      Қажет болған жағдайда, шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар соқпақтарды байқауға кедергі келтіретін ағаштардан, бұталар мен басқа да өсімдіктерден дербес немесе бірлесіп тазартады.

      Өз аумағында шекаралық соқпақтарды тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізген жағдайда, Тараптардың бірінің мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органы жұмыс басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын бұл туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органына хабарлайды.

      2. Шекаралық соқпақтарды тазарту үшін отты, химиялық препараттарды және Тараптардың мемлекеттеріне нұқсан келтіруі мүмкін басқа да тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.

      3. Тараптар мемлекеттерінің арасындағы осы Келісімде және басқа да халықаралық шарттарда көзделген жағдайлардан басқа шекаралық соқпақтарда жер жырту, жер қазу жұмыстарын, құрылыстар салуды және өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

9-бап

      1. Тараптар шекараны шегендеу туралы құжаттар күшіне енгеннен кейін 10 жылда бір рет мемлекеттік шекара сызығының белгіленуіне бірлесіп тексеру жүргізеді.

      Тараптар мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеру алдында оны жүргізудің мерзімдерін дипломатиялық арналар арқылы келіседі.

      Тараптардың келісуі арқылы шекараның жекелеген учаскелерінде ғана мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеру мерзімдерін өзгертуге немесе мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеру жүргізуге жол беріледі.

      2. Көрсетілген бірлесіп тексеруді жүргізу үшін Тараптар мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін тексеру жөніндегі бірлескен комиссия құрады. Тараптар делегацияларының құрамын және олардың өкілеттіктерін Тараптар дербес бекітеді. Бірлесіп жұмыс істеу тәртібін Комиссия айқындайды.

      Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін тексеру нәтижелері осы Келісімнің 1-бабының 12-тармағында айқындалған тиісті құжаттармен әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада ресімделеді.

4-тарау. Адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту және мемлекеттік шекара арқылы жүктерді және өзге мүлікті өткізу тәртібі. Адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізу тәртібі

10-бап

      1. Адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі және мемлекеттік шекара арқылы жүктердің және өзге де мүліктің өткізілуі:

      1) құрлықта - халықаралық теміржол, автомобиль және өзге де қатынас жолдарында белгіленетін мемлекеттік шекараны кесіп өтетін орындарда;

      2) әуе кеңістігінде - мемлекеттік шекараны халықаралық трассалар кесіп өтетін орындарда немесе осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген әуе дәліздері арқылы жүзеге асырылады.

      2. Осы Келісімде және Тараптардың мемлекеті қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де орындарда мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі.

11-бап

      Айрықша жағдайларда (Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне орай, сондай-ақ санитариялық-карантиндік себептермен, эпидемиялар мен эпизоотиялар кезінде, төтенше жағдайлар туындаған немесе басқа да форс-мажорлық мән-жайлар кезінде) Тараптар мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде:

      1) Өткізу пункттері туралы келісімде және Тараптар арасындағы өзге де келісімдерде көзделген тәртіппен мемлекеттік шекараны кесіп өту белгіленген орындарда;

      2) шектеулердің себептері мен қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, оларды енгізу жоспарланатын уақытқа дейін 48 сағаттан кешіктірмей, шекаралық өкілдік қызмет арналары арқылы екінші тарапты хабардар ету арқылы осы Келісіммен айқындалған мемлекеттік шекараны кесіп өтетін өзге де орындарда оны кесіп өтуді уақытша шектейді немесе тоқтатады.

12-бап

      Шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдарға мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік шекараны өзге тәртіппен кесіп өту құқығы, сондай-ақ олардың арасында келісілген тәртіппен бірлесіп пайдаланылатын жолдарды пайдаланған кезде мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы беріледі.

13-бап

      1. Адамдар, көлік құралдары мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде, жүктер және өзге де мүлік мемлекеттік шекара арқылы өткізілген кезде, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және қатысушылар болып табылатын Тараптар мемлекетінің халықаралық шарттарына сәйкес мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылады.

      2. Бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетіне адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізу Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және қатысушылар болып табылатын Тараптар мемлекетінің халықаралық шарттарына сәйкес орнатылған және ашық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.

      3. Тараптардың уәкілетті органдары шекара арқылы өткізу мәселелері жөніндегі ынтымақтастық тетігін айқындайды.

14-бап

      1. Айрықша жағдайларда Тараптар адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізуді, Өткізу пункттері туралы келісімде белгіленген бақылау тәртібін сақтай отырып, қолданыстағы өткізу пункттерінен тыс жерлерде жүзеге асырады.

      2. Шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар өзара уағдаластық бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумағында уақытша болу үшін (көлік, өндіріс, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы мақсатындағы трансшекаралық құрылыстарға, коммуникацияларға, электр байланысы желілерінде және электр берілісі линияларына қызмет көрсету, мал айдау мақсатында және басқа да шаруашылық және өзге де қызмет жүргізген кезде) қолданыстағы өткізу пункттерінен тыс жерлерде осы Келісімде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, Тараптар мемлекеттерінің жарамды ұлттық құжаттарының (жеке куәліктерінің) және қызметтік куәліктерінің негізінде (жергілікті тұрғындардан басқа), шекара өкілдері арқылы шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдарға алдын ала табыс етілген, ұйымдар (жергілікті атқарушы органдар) басшылығы куәландырған атаулы тізім бойынша мемлекеттік шекара арқылы өткізуді жүзеге асырады.

      3. Тараптар айрықша жағдайларда (Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне орай, сондай-ақ санитариялық-карантиндік себептермен, эпидемиялар мен эпизоотиялар кезінде, төтенше жағдайлар туындаған немесе басқа да форс-мажорлық мән-жайлар кезінде) шекара арқылы өткізуді уақытша шектейді немесе тоқтатады.

15-бап

      Бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері бағытта адамдар мен көлік құралдарының жүруі, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу кезінде:

      1) белгіленген қозғалыс бағытын өзгертуге;

      2) аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген ұшатын аппаратты, оның ішінде пилотсыз ұшатын аппаратын әуеге көтеруге, қондыруға немесе қабылдауға тыйым салынады.

16-бап

      Бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына ұшып бара жатқан әуе кемелері өздері өтіп бара жатқан әуе кеңістігінде Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасын, сондай-ақ талаптарын сақтауға міндетті.

17-бап

      1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтарын екінші Тарап мемлекетінің аумағына өткізу Тараптар арасында қолданылатын өзара сапарлар үшін жарамды халықаралық шарттарда айқындалған құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      2. Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіргізуге немесе әкелуге рұқсат берілмеген не кіруі немесе әкелінуі шектелген адамдар, көлік құралдары, жүктер және өзге де мүлік мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге жатпайды. Бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген немесе өткізілген және шекара арқылы өткізуге негіздер жоқ аталған адамдар, көлік құралдары, жүктер және өзге де мүлік олар келген Тарап мемлекетіне қайтарылады.

      Бұл ретте бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына әуе кемесімен келген үшінші мемлекет азаматтарының өзі азаматы болып табылатын еліне әуе кемесімен қайтарылуына жол беріледі.

      Шекара күзеті саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті автомобиль және теміржол өткізу пункттерінде екінші Тарап мемлекетінің аумағынан өз Тарапы мемлекетінің аумағына өткізбеудің әрбір фактісі бойынша бірі-біріне шекара өкілдері қызметінің арналары арқылы хабарлайды.

18-бап

      1. Тараптар мемлекеттерінің аумағы арқылы транзиттік қозғалыс кезінде:

      1) өткізу рәсімінсіз:

      теміржол көлігі - Қырғыз Республикасы Талас облысының аумағымен өтетін Қазақстан Республикасының "Тараз-Шымкент" теміржол учаскесі арқылы;

      көлік құралдары - Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының аумағымен өтетін Қырғыз Республикасының "Бішкек - Нарын - Торугарт" автомобиль жолы учаскесі арқылы;

      Тараптар мемлекеттерінің шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдарының өкілдері - мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтетін, бірлесіп пайдаланылатын жолдар арқылы (соқпақтар арқылы);

      Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін тексеру жөніндегі бірлескен комиссияның өкілдері бірлесіп жұмыс жүргізген кезеңде;

      2) өткізу рәсімімен:

      жергілікті тұрғындар - Қазақстан Республикасының азаматтары (айдың жұп күндері) және Қырғыз Республикасының азаматтары (айдың тақ күндері) шекара күзеті саласындағы уәкілетті орган өз мемлекетінің азаматтары үшін айқындайтын шатқалға кіру орнынан одан шығу орнына дейін (және кері қарай) ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, аңшылық, орман, (жемістер, дәрілік шөптер жинау) және басқа да шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезеңінде мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтетін Жамбыл облысы Мерке ауданы (Шу облысы Панфилов ауданы) Аспара шатқалының жолдарын, соқпақтарын пайдаланған кезде;

      трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсеткен кезеңде олардың қызмет көрсететін персоналы - трансшекаралық құрылыстардың мемлекеттік шекараны кесіп өткен орындарында және осы құрылыстарға алып баратын жолдарда (соқпақтарда) бірлесіп пайдаланылатын жолдармен (соқпақтармен), (трансшекаралық құрылыстар бойындағы соқпақтармен) - тәулік бойына (ауысымға) түсу алдында және оның соңында;

      ұйымдасқан туристік топтар - мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтетін, Тараптармен келісілген трансшекаралық таулы бағыттармен - бағыттың басында және оның соңында, мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат етіледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда белгіленген қозғалыс бағытын өзгертуге, көлік құралдарын тоқтатуға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), жүктерді және өзге де мүлікті түсіруге (тиеуге), кез келген ұшатын аппаратты, оның ішінде пилотсыз ұшатын аппаратты әуеге көтеруге, қондыруға немесе қабылдауға тыйым салынады.

      Төтенше жағдайлардың, техникалық ақаулардың туындауы, адамдарға жедел медициналық жәрдем көрсету (шекара күзеті саласындағы уәкілетті органды кейіннен хабардар ету арқылы), сондай-ақ Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін тексеру жөніндегі бірлескен комиссияның жұмыс жүргізуі айрықша жағдай болып табылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды шекара арқылы өткізу:

      1) жергілікті тұрғындарды, қызмет көрсететін персоналды - мемлекеттік Тараптар мемлекеттерінің жарамды ұлттық құжаттары (жеке куәліктерінің) және қызметтік куәліктерінің негізінде (жергілікті тұрғындардан басқа), шекара өкілдері арқылы шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдарға алдын ала табыс етілген, ұйымдар (жергілікті атқарушы органдар) басшылығы куәландырған атаулы тізім;

      2) ұйымдасқан туристік топтар - өзара сапарлар үшін жарамды құжаттар, шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдарға алдын ала (өтуге дейін кемінде 15 күн бұрын) табыс етілген және олармен келісілген (туристік топтардың тізімі, туристік топтардың тізіміне кіретін адамдардың аталған құжаттарының көшірмесі, шекарадан өткізу және кесіп өту күні, уақыты және орны) туристік топтардың тізімі негізінде жүзеге асырылады.

19-бап

      1. Трансшекаралық құрылысжайларда қызмет көрсететін персоналдың, оның ішінде мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылыстары персоналының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі, сондай-ақ оларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу осы Келісімнің 14-бабының 2-тармағына сәйкес аталған құрылыстар мемлекеттік шекараны кесіп өтетін орындарда және осы құрылыстарға алып баратын жолдарда (соқпақтарда) жүзеге асырылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген персоналдың бір Тарап мемлекетінің аумағында болуына қызмет көрсетілетін трансшекаралық құрылыстардың және олардың коммуникацияларының аумағы шегінде тәулік (ауысым) ішінде рұқсат етіледі.

      3. Трансшекаралық құрылыстарда қызмет көрсететін персоналды, сондай-ақ осы құрылыстарды пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған машиналар мен механизмдерді, шикізаттарды, материалдарды өткізу осы Келісімнің 14-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттар болғанда өткізу пункттері арқылы бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырылады.

20-бап

      1. Тараптардың бірі төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою үшін көмек көрсету туралы сауал жіберген жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарына мемлекеттік шекараны басқа орындарда шекара мен әуе кеңістігі күзеті саласындағы уәкілетті органдарға осындай қажеттілік туралы алдын ала хабарлай отырып, сондай-ақ кесіп өту орны мен уақытын келісе отырып кесіп өтуге жол беріледі.

      2. Тараптар мемлекеттерінің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою үшін мемлекеттік шекара арқылы өткізу осы Келісімнің 14-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттар және жарақтандыру тізбесі болған кезде:

      1) өткізу пункттерінде - кезектен тыс тәртіппен;

      2) өткізу пункттерінен тыс - Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында белгіленген бақылау тәртібі сақтала отырып жүзеге асырылады.

5-тарау. Мемлекеттік шекараның және шекаралық белдеулердің үстінен ұшуды жүзеге асыру

21-бап

      1. Тараптар форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерінің мемлекеттік шекараны кесіп өте отырып, заңсыз ұшуын болдырмау жөнінде шаралар қолданады.

      2. Шекаралық белдеудің шегінде өз аумағында аэрофото түсірілімін және/немесе басқа да қашықтықтан зондтауды жүзеге асыру мақсатында әуе кемелерінің ұшуын жүргізуді жоспарлаған Тарап бұл туралы екінші Тарапты осы Келісімге 4-қосымшаға сәйкес шекара өкілдері арқылы алдын ала хабардар етеді.

6-тарау. Мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекаралық сулар шегінде (оның ішінде оларды пайдалану) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тәртібі

22-бап

      1. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік және өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу осы Келісімде, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында және қатысушылар болып табылатын екі Тараптар мемлекеттерінің халықаралық шарттарында айқындалатын тәртіппен шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдардың рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметтің жүргізілуін, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Келісімнің ережелеріне сәйкес мемлекеттік шекара режиміне ықпал етуі мүмкін қызметті жүзеге асыру мерзімдері мен нақты орны туралы үш күннен кешіктірмей шекара өкілі арқылы бірін-бірі хабардар етеді.

      2. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу үшін шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында айқындалатын тәртіппен шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар береді.

      Шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік шекараны күзету және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес аталған рұқсаттамалардың қолданысын шектеуді немесе уақытша тоқтата тұруды енгізе алады.

      3. Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасында және шекаралық белдеуінде жүзеге асырылатын (өткізілетін) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызмет, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралар:

      1) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуге немесе оларға нұқсан келтіретін қатер төндірмеуге;

      2) мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауға және уәкілетті органдардың міндеттерін орындауына кедергі жасамауға;

      3) мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті бұзбауға тиіс.

      4. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде кәсіпшілік мақсатында аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ шекара арқылы жануарларды аңдуға және екінші Тарап мемлекетінің аумағына бағытталған атысқа тыйым салынады. Көрсетілген шектеу шекаралық белдеудің сыртқы шекарасынан Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында белгіленген шектерге дейінгі жергілікті белдеуде де қолданылады.

23-бап

      1. Тараптар мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде, сондай-ақ шекаралық сулар шегінде (оның ішінде оларды пайдалану) шаруашылық, кәсіпшілік және өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің мүдделеріне нұқсан келтірмейді.

      2. Мемлекеттік шекарадан 1000 метр шегінде жарылыс жұмыстарын жүргізу қажет болған кезде, оларды жүргізуді жоспарлаған Тарап кемінде 48 сағат бұрын екінші Тарапты шекара өкілі арқылы хабардар етеді және Тараптар мемлекеттеріне нұқсан келтіруді болдырмау жөнінде шаралар қолданады.

24-бап

      1. Шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік шекара арқылы үй жануарларының өтуіне жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады.

      2. Үй жануарлары мемлекеттік шекара арқылы өткен жағдайда шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар қысқа мерзімде бірін-бірі хабарлайды және оларды іздеу, күзету және Тараптар уағдаласқан жерде қайтарып беру жөнінде шаралар не олардың ауырғаны анықталған жағдайда немесе олар аса қауіпті инфекциялық аурудың салдарынан өлген жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жою жөнінде шаралар қолданылады.

      Оларды жасыруға, союға немесе сатуға, сондай-ақ шаруашылық мақсатында пайдалануға тыйым салынады.

25-бап

      1. Уәкілетті органдар адамның және жануарлардың жұқпалы ауруларының, эпидемиялар мен эпизоотиялардың, сондай-ақ зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және ауыл шаруашылығы мен орман дақылдары арамшөптерінің (оның ішінде карантиндік зиянды организмдердің) Тараптар мемлекеттерінің аумағына енуін және таралуын болдырмау жөнінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолданады.

      Шекаралық аудандарда санитариялық-эпидемиологиялық, эпизоотиялық жағдай нашарлаған, шекаралық аудандарда адамның немесе жануарлардың жұқпалы аурулары, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға қауіп төндіретін және мемлекеттік шекара арқылы таралуы мүмкін зиянкестер, өсімдіктер аурулары және ауыл шаруашылығы мен орман дақылдары арамшөптері (оның ішінде карантиндік зиянды организмдер) анықталған кезде уәкілетті органдар бұл туралы бірін-бірі дереу хабардар етеді.

      2. Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы туындаған кезде екінші Тарап мемлекетінің уәкілетті органы Халықаралық эпизоотиялық бюроның (бұдан әрі - ХЭБ) талаптарына сәйкес және адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту, жүктерді және өзге де мүлікті Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіргізу (аумағынан шығару) кезінде жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты әкелуге тыйым салады.

      Тараптардың уәкілетті органдары ХЭБ талаптарына сәйкес жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша мәртебесі қолайсыз елдерден мәртебесі қолайлы елдерге жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты әкелуге тыйым салады.

      Уәкілетті органдар карантиндік зиянды организмдердің таралу шекараларын белгілеу жөнінде бірлесіп зерттеуді ұйымдастырады, шекара маңы аудандарында карантиндік зиянды организмнің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнінде карантиндік іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.

      3. Уәкілетті органдар қажет болған кезде шекаралық ормандарды, су және басқа да табиғи ресурстарды күзету және пайдалану мәселелері, адамның және жануарлардың жұқпалы ауруларының, сондай-ақ зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және ауыл шаруашылығы мен орман дақылдары арамшөптерінің (оның ішінде карантиндік зиянды организмдердің) профилактикасы проблемалары бойынша консультациялар жүргізеді.

26-бап

      Шекара суларын пайдалану кезінде Тараптар осы Келісімнің және қатысушылар болып табылатын екі Тарап мемлекеттерінің басқа да халықаралық шарттарының қағидаларын басшылыққа алады.

27-бап

      1. Тараптар мемлекеттерінің азаматтары мемлекеттік шекараға дейінгі шекаралық сулардың өз бөлігі шегінде балық аулауды жүзеге асырады.

      Жарылғыш және химиялық заттарды, электртокты не балықтарды және шекаралық сулардағы басқа да биологиялық су ресурстарын жаппай қырып-жоюдың өзге де тәсілдерін қолдануға тыйым салынады. Уәкілетті органдар шекаралық суларда балық және басқа да биологиялық ресурстарды заңсыз аулаудың жолын кесу жөніндегі шараларды бірлесіп немесе дербес қолданады.

      2. Ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында белгіленген мерзімдерде және орындарда балық және басқа да биологиялық ресурстарды аулауға рұқсат етілмейді.

      3. Уәкілетті органдар шекаралық сулардың шегінде балық және басқа да биологиялық су ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану мәселелерін Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және қатысушылар болып табылатын екі Тарап мемлекеттерінің халықаралық шарттарына сәйкес шешеді.

28-бап

      1. Тараптар шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендер жағалаулары бұзылуының және арна қалпының өзгеруінің алдын алу жөнінде қажетті шаралар қолданады.

      Шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендердің өз жағалауларын инженерлік нығайту жөніндегі жұмыстар кезінде Тараптар екінші Тараптың шекаралық өзендерінің жағалауларына нұқсан келтірмейді және көрсетілген жұмыстардың жүргізілуі туралы олар басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын бірін-бірі хабардар етеді.

      Тараптар шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендердің жағалауларын қорғау мәселелерін теңқұқықтылық және өзара тиімділік қағидаты негізінде келіседі және реттейді.

      2. Уәкілетті органдар қажет болған кезде Тараптар келіскеннен кейін шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендер арнасын тереңдету мен тазартуды жүргізеді.

      Тараптар шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендердің арналары мен жағалауларына нұқсан келтіруді болдырмау үшін олардың түбін тереңдету және тазарту кезінде шығарылатын тұнған топырақты тиісті түрде жинау үшін белгілі бір орынды келіседі.

      3. Тараптар өзара келісімсіз шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендер арнасының жасанды өзгертілуіне жол бермейді.

      4. Шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар Тараптар мемлекеттерінің жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендерден су алуды, шомылуды, жануарларды суаруды жүргізу орындарын белгілейді, ол жерде екінші Тараптың шекара күзеті саласындағы уәкілетті органына хабарлай отырып, су көздерінің оң экологиялық сараптамасы болған және олар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген кезде режимдік шектеулердің қолданысын уақытша тоқтата тұруға жол беріледі.

29-бап

      Бір Тарап шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендерде немесе олардың жағалауларында қандай да бір құрылғыларды немесе құрылыстарды (трансшекаралық құрылыстардың объектілерін қоса алғанда) салу, реконструкциялау немесе бұзу кезінде екінші Тарап мемлекетінің мүдделеріне нұқсан келтіруге жол бермейді.

      Шекаралық сулардың шегінде арнаның қалпы мен ағысын өзгертуге әкеп соғуы, шекаралық сулардың шегінде олардың су ресурстарын пайдалануға, балықтардың өріс аударуына әсер етуі, қоршаған ортаға, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің басқа да мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін шекаралық өзендерде немесе олардың жағалауларында жүзеге асырылатын қызмет Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және қатысушылар болып табылатын екі Тарап мемлекеттерінің халықаралық шарттарына сәйкес реттеледі.

30-бап

      1. Трансшекаралық құрылыстарды салу, пайдалану және жөндеу Тараптардың қол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендердегі трансшекаралық құрылыстардың объектілерін пайдаланғаны үшін жауаптылық шектері объектінің дәл ортасымен, ортасымен немесе технологиялық осімен өтетін сызықпен айқындалады.

      Құрлықта трансшекаралық құрылыстардың объектілерін пайдаланғаны үшін жауаптылық шектері Тараптардың қол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес айқындалады.

      Трансшекаралық құрылыстардың объектілерін пайдаланғаны үшін жауаптылық шектері жергілікті жердегі мемлекеттік шекара сызығының өтуіне әсер етпейді.

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, шекара күзетінің мүдделеріне орай пайдаланылатындарды қоспағанда, мемлекеттік шекараның екі жағынан бес метр шегінде тұрақты құрылыстар салуға тыйым салынады.

31-бап

      Шекара маңы аудандарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде уәкілетті органдар уағдаластық бойынша зардап шеккен Тарапқа құтқаруға, оның салдарын жоюға қажетті көмек көрсетеді, сондай-ақ екінші Тарап мемлекетінің аумағына апаттың таралмауы бойынша шаралар қолданады.

32-бап

      1. Уәкілетті органдар осы Келісімге, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және екі Тарап мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес мемлекеттік шекара режимін ұстап тұру және сақтау бойынша шараларды дербес қолданады, сондай-ақ бірлескен қызметті жүзеге асырады.

      Осы мақсатта шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдерімен келісілген кезеңдер мен мерзімдерде мемлекеттік шекара режимін сақтау бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастырады және жүргізеді.

      Мемлекеттік шекара режимін ұстап түру және сақтау бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүргізу кезінде шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдардың бірлесіп пайдаланылатын жолдар арқылы қозғалысы шекара өкілдерінің келісуі бойынша жүзеге асырылады.

      2. Тараптар мемлекеттік шекара режимі жағдайларын қамтамасыз ету және оны ұстап түру, шекара маңы аудандарында тәртіпті ұстап тұру, контрабанданы, заңсыз көші-қонды, есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары, прекурсорлар саудасын, тыйым салынған заттарды сату және олардың өткізілуін және басқа да трансшекаралық қылмыстарды болдырмау және олардың жолын кесу мүдделеріне орай ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтады.

      3. Мемлекеттік шекара режимін ұстап тұру мәселелері бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз ету, шекаралық қақтығыстардың алдын алу және оларды шешу мақсатында шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар шекара өкілдерін тағайындайды, олар өз қызметін осы Келісімге, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және екі Тарап мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес ұйымдастырады.

      4. Тараптар шекара маңы аудандарының әкімшілік бөлінісінің тізбесін осы Келісімге 5-қосымшаға сәйкес айқындайды. Бір Тарап өзінің шекара маңы аудандарының әкімшілік бөлінісін қайта қарау себебі бойынша өзгертілген жағдайда, бұл туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етеді.

7-тарау. Шекаралық қақтығыстарды шешу тәртібі

33-бап

      1. Шекаралық қақтығыстарды шешуді шекара өкілдері жүзеге асырады.

      2. Шекаралық қақтығыстарды шешу біржақты немесе бірлесіп тергеп-тексерулерді жүргізу, ақпарат алмасу немесе олардың нәтижелерін қарау, бірлесіп шешім қабылдау, себептер пен салдарды жою, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.

      Тергеп-тексеру жүргізу кезінде: қақтығыс түрі, оның туындаған уақыты, орны мен себептері, қатысушылар, олардың іс-қимылдарының сипаты мен кінәлілігі, куәгерлер мен заттай дәлелдемелердің болуы, куәгерлер айғақтарын бекіту және заттай дәлелдемелерді сақтау үшін қажетті шаралар белгіленеді.

      Шекаралық қақтығыстарды шешуге байланысты барлық мәселелер теңқұқықтылық негізде шешіледі, шекара өкілдерінің барлық мәлімдемелері сыпайы нысанда айтылады, негізделген сипатта болады және Тараптар мемлекеттерінің мүддесіне орай шешіледі.

      3. Шекаралық қақтығыстарды шешу кезінде шекара өкілдерін сарапшы ретінде тартуға, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің өзге де уәкілетті органдарының күштері мен құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.

      4. Шекара өкілдері реттемеген шекаралық қақтығыстар дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.

34-бап

      Шекаралық қақтығыстар туындаған кезде бір Тарап мемлекетінің шекара өкілі бұл туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілін белгіленген тәртіппен хабарлайды немесе одан тиісті ақпарат алады.

      Шекаралық қақтығыстар фактілері бойынша шекара өкілдері тиісті шаралар қолдану туралы өтінішпен ауызша немесе жазбаша мәлімдемелер жолдайды.

35-бап

      1. Бір Тарап мемлекетінің аумағынан бұзушылықтың белгілері (іздері) немесе шекара бұзушы табылған кезде екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдері мен уәкілетті органдары өз мемлекетінің аумағында іздеуді, ұстап алуды және шекара бұзушының жеке басын анықтауды жүзеге асырады, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      2. Егер шекара бұзушы Тараптар мемлекеттері азаматтарының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе, оған қатысты қару қолдануға тыйым салынады.

      Шекара бұзушыға қатысты қаруды қолдануға Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес рұқсат етіледі.

      Ұстап алу кезінде жарақат алған шекара бұзушыға жедел медициналық көмек көрсетіледі.

      3. Шекара бұзушыны ұстап алған Тарап мемлекетінің шекара өкілдері екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдеріне ол жасаған құқық бұзушылықтардың мән-жайы, оған қатысты қолданылған шаралар мен тергеп-тексеру нәтижелері туралы хабарлайды.

      4. Шекара өкілдерінің құқық бұзушыларды беруі Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және екі Тарап мемлекеті қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

36-бап

      1. Мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеуде немесе шекаралық суларда белгісіз адамдардың мәйіттері табылған кезде Тараптардың шекара өкілдері мен уәкілетті органдары олардың тиесілілігін анықтайды, қажет болған жағдайда бірлесіп тануды жүргізеді, оларды беру мәселелерін келісіп шешеді немесе мәселені шешудің қажетті тәсілдерін қолданады.

      2. Мемлекеттік шекараға жақын жерде белгісіз заттар немесе малдардың өлексесі табылған кезде Тараптар олардың тиесілілігін анықтауға шаралар қолданады және оларды беруді (қайтаруды) немесе жоюды өзара келісу бойынша жүзеге асырады.

37-бап

      1. Әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өтуі туралы ақпарат болған кезде Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары шекара өкілдерімен бірлесіп әуе кеңістігінде шекараны бұзу фактісін анықтау бойынша шаралар қолданады.

      Бір Тараптың шекара өкілдері мен уәкілетті органдары әуе кемесінің екінші Тарап мемлекетінің әуе кеңістігінен шекараны заңсыз кесіп өткеніне көзі жеткеннен кейін екінші Тараптың шекара өкілдері мен уәкілетті органдарына шекараны бұзған әуе кемесінің ықтимал түрі, сондай-ақ шекараны бұзу уақыты, орны (географиялық координаттары), ұшу биіктігі мен бағыты (әуе жолы) туралы дереу хабарлайды.

      2. Әуе кеңістігін әуе кемесімен шекараны бұзушылық жасаған мемлекет Тарапының шекара өкілдері мен уәкілетті органдары әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өткені туралы хабарламаны алғаннан кейін шекараны заңсыз бұзу фактісі бойынша дереу тексеру жүргізеді және екінші Тараптың шекара өкілдері мен уәкілетті органдарына шекараны заңсыз кесіп өту себептері туралы хабарлайды.

      Егер әуе кеңістігін әуе кемесімен шекараны бұзушылық жасаған мемлекет Тарапының шекара өкілдері мен уәкілетті органдарында әуе кемесіне қатысты ақпарат болмаса, олар бұл туралы екінші Тараптың шекара өкілдері мен уәкілетті органдарына хабарлайды және оны іздеу бойынша шаралар қолданады.

      3. Тараптардың шекара өкілдері мен уәкілетті органдары әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өту себептерін бірлесіп тергеп-тексереді.

      Әуе кемесімен шекараны заңсыз кесіп өту туралы ақпарат алмасу тәртібі Тараптардың шекара өкілдері мен уәкілетті органдары арасындағы тиісті уағдаластықтарға сәйкес шешіледі.

38-бап

      1. Шекаралық қақтығыстарды біржақты тергеп-тексеру (бұдан әрі - біржақты тергеп-тексеру) Тараптар арасында келіспеушіліктер тудырмайтын (бір тарап азаматтарының екінші тарап аумағына мемлекеттік шекарадан кездейсоқ өтіп кетуі, малды шекарадан өткізіп жаю, далалық аудандарда өрттің көшуі және т.б.) немесе реттеу үшін қосымша бірлескен іс-шаралар өткізуді талап етпейтін шекаралық қақтығыстарға қатысты жүргізіледі.

      2. Біржақты тергеп-тексерулерді шекара өкілдері өз аумағында Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес дербес жүргізеді, олардың нәтижелері туралы екінші Тарапқа хабарлайды.

      3. Осындай жағдайларда шекаралық қақтығыстарды реттеуге байланыс құралдары бойынша (қызметтік хат-хабарлар) біржақты тергеп-тексерудің нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау-тапсыру немесе шекара өкілдерінің, олардың орынбасарларының немесе бірлескен шешім қабылдай отырып, көмекшілердің кездесуін өткізу арқылы, сондай-ақ шекаралық қақтығыс туындаған аумақта олардың салдары мен себептерін жою, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту және мемлекеттік шекара режимінің қағидаларына сәйкес тәртіпті қалпына келтіру бойынша іс-шараларды Тараптың орындауы арқылы қол жеткізіледі.

      Біржақты тергеп-тексерулердің материалдары Тараптардың жалпы көзқарасын көрсететін шекара өкілдерінің кездесуінде (бірлескен отырыстарда) бірлескен шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады, олар Шекара өкілдерінің кездесу хаттамасына қосымшалар ретінде қосылады.

      Тараптардың жалпы көзқарасын әзірлеу және бірлескен шешім қабылдау үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда шекара өкілдері өзара келісу бойынша бірлесіп тергеп-тексерулерді тағайындайды.

      4. Шекара өкілдері өзара келісу бойынша мемлекеттік шекарада кездесу пункттерін, сондай-ақ қызметтік хат-хабар алмасу және техникалық байланыс құралдарын пайдалану пункттері мен тәртібін белгілейді.

39-бап

      1. Шекаралық қақтығыстарды бірлесіп тергеп-тексеру (бұдан әрі - бірлесіп тергеп-тексеру) мемлекеттік шекара режимін бұзумен немесе бір немесе екі Тарапқа да материалдық немесе өзге де нұқсан келтірумен байланысты шекаралық қақтығыстарға қатысты жүргізіледі.

      2. Бірлесіп тергеп-тексерулерді шекара өкілдерінің кездесу пунктерінде немесе тікелей шекаралық қақтығыс орнында шекара өкілдері жүргізеді.

      3. Осындай жағдайларда шекаралық қақтығыстарды реттеуге шекара өкілдерінің бірлесіп тергеп-тексерулер нәтижелерін қарауы, бірлесіп шешімдер қабылдау арқылы, салдар мен себептерді айқындауы және шарды жою, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту және осы Келісімнің талаптарына сәйкес тәртіпті қалпына келтіру бойынша бірлесіп шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі.

      Кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бірлесіп тергеп-тексерулер нәтижелерін қарау кезінде шекаралық қақтығысты реттеу бойынша шекара өкілдерінің ортақ көзқарасын көрсететін шешімдер қабылданады және шекаралық қақтығысты бірлесіп тергеп-тексеру актісі жасалады.

      Тараптардың бірі қолданатын шаралардың жеткіліксіздігіне немесе бір Тарап мемлекеті азаматының кінәсін анықтауға байланысты шекаралық қақтығыстардың себептерін айқындау кезінде сол Тарап анықталған себептерді немесе адамның анықталған кінәсін мойындайды, сондай-ақ осы Келісімнің талаптарына сәйкес тәртіпті қалпына келтіру және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қолданылады. Қолданылған шаралар туралы екінші Тарап мемлекеттің шекара өкіліне хабарланады.

40-бап

      1. Бірлесіп тергеп-тексеру шекаралық қақтығыс туындаған жерде оны тудырған барлық мән-жайларды анықтау талаптары бойынша бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін Тарап мемлекетінің шекара өкілі мәлімдемесінің негізділігіне тексеру қажет болған жағдайда жүргізіледі.

      2. Бірлесіп тергеп-тексеру мен оның нәтижелерін қарау тәртібі әрбір жекелеген жағдайда шекаралық қақтығыс мән-жайлары мен сипатына қарай айқындалады. Аумағында бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін Тарап мемлекетінің шекара өкілі оны ұйымдастырады және оған басшылық етеді.

      Бірлесіп тергеп-тексеруді жүргізу уақыты мен орны шекара өкілдерінің арасында келісіледі.

41-бап

      1. Аумағында бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін Тарап мемлекетінің шекара өкілі белгіленген уақытта екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілін бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін ауданда қарсы алады.

      Қақтығыстың сипатын (орны мен уақытын, түрі мен оның туындау себептерін), қатысушыларды (адамдарды, олардың әрекеттерінің сипатын және кінәлілігін) және куәларды айқындау, сондай-ақ заттай дәлелдемелерді жинау және бекіту мақсатында шекаралық қақтығыстың орны, жарақаттанғандар мен мәйіттер, құжаттар мен қару-жарақтар, адамдар мен жануарлардың іздері, алынған оқтар, шекара арқылы өткізілген жүктер және өзге де мүлік, қираған немесе бүлінген шекара белгілері мен трансшекаралық құрылыстар, басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттердің дәлелдемелері қарап тексеріледі.

      Жарақаттанғандар мен мәйіттерді табылған жерінде медициналық сарапшылар қарап тексереді. Бірлесіп тергеп-тексеруге дейін жарақаттанғандарға қажетті медициналық көмек көрсетіледі және мәйіттерді күзету қамтамасыз етіледі.

      Бір Тарап мемлекетінің аумағындағы куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған (кінәлі) адамдарға сұрақ қоюға осы Тараптың шекара өкілі біржақты тәртіппен жүзеге асырады.

      Шекара өкілдерінің оларға бірлесіп сұрақ қоюы жоғары бастықтардың рұқсатымен жүргізіледі.

      Жергілікті жерде табылған барлық заттар, іздер олардың өзара байланысында және куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған (кінәлі) адамдарға сұрақ қоюды ескере отырып, қарап тексеріледі.

      Құжаттар, қару-жарақтар және басқа да заттар, яғни заттай дәлелдемелер мұқият қарап тексеріледі, ал қажет болған кезде сараптама жүргізіледі. Бұл ретте олардың мемлекеттік және жеке адамға тиесілілігі, шекаралық қақтығыс кезіндегі мақсаты мен пайдаланылуы белгіленеді.

      Шекара өкілдерінің сарапшылары материалдық және өзге де нұқсанның (мемлекетке, ұйымдарға, кәсіпорындарға, азаматтарға, жәбірленушілердің денсаулық жағдайына) болуын айқындайды.

      Атмосфералық жауын-шашынмен жойылу қаупі болған кезде дәлелдемелер анық көрінетін бағдарлар болып табылатын жақын жердегі заттардың аясында фотоға түсіріледі және бейне құжатталады.

      Заттай дәлелдемелердің болуы мен олардың орналасқан жері, куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған (кінәлі) адамдарға сұрақ қою нәтижелері бойынша шекаралық қақтығысты реттеу жөнінде бірлескен шешімдер әзірлеу үшін шекара өкілдері шекаралық қақтығыстың сипатын, орны мен уақытын, оның жасалу себептері мен салдарын, адамдардың кінәлілігі мен олардың қай мемлекетке қатыстылығын, келтірілген материалдық және өзге де нұқсанның (мемлекетке, ұйымдарға, кәсіпорындарға, азаматтарға, жәбірленушілердің денсаулық жағдайына) болуын, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру бойынша шаралар айқындауды белгілейді.

      2. Шекаралық қақтығыстың сипаты мен мән-жайына қарай бірлесіп тергеп-тексеру барысында:

      1) шекаралық қақтығыстың орнын қарап тексеру актісі;

      2) сараптама актілері;

      3) куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған (кінәлі) адамдарға сұрақ қою (бірлесіп сұрау жүргізу) хаттамалары;

      4) жойылған немесе бүлінген мүлікті бағалау актілері;

      5) шекара белгілерін бірлесіп қарап тексеру актілері жасалады.

      Барлық құжаттар екі данада орыс тілінде жасалады, оған шекара

      өкілдері және бірлесіп тергеп-тексерудің барлық қатысушылары қол қояды (шекара өкілдерінің сарапшылары қол қоятын сараптама актілерінен басқасы).

      Шекаралық қақтығыс орнын қарап тексеру актісінде: құжаттың атауы, қарап тексерудің басталу және аяқталу уақыты, қарап тексеруге қатысқан адамдардың құрамы, нәтижелері (табылған іздер, адамдардың немесе жануарлардың мәйіттері, қару-жарақтар, гильзалар, басқа да заттар, олардың қатыстылығы, шекара белгілеріне қатысты орналасқан жері, орын алған шекаралық қақтығысқа қатысы), тұжырымдар көрсетіледі.

      Актіге шекаралық қақтығыстың табылған заттай дәлелдемелері орналасқан жері нақты көрсетілген жердің схемасы қоса беріледі.

      Сараптама актісінде: сараптама жүргізу орны, уақыты, күні мен негіздемесі, шекара өкілдері сарапшыларының құрамы, сараптама барысында не анықталғаны, қорытындылар, жасалған акт даналарының саны, акт жасаған сарапшылардың қолтаңбалары көрсетіледі.

      Шекара белгілерін бірлесіп тергеп-тексеру актісі еркін нысанда жасалады, онда оның қарап тексерілген және жасалған орны, уақыты, күні, шекара белгілерін бірлесіп қарап тексеру негіздемесі, қарап тексеру нәтижелері, шекара белгілерін жөндеу, қалпына келтіру, бұрынғы орнына қайтадан орнату немесе басқа жерге қайта орнату бойынша ұсыныстар көрсетіледі.

      3. Шекаралық қақтығыстың барлық мән-жайлары анықталған және бірлесіп тергеп-тексеру барысында оны шешу бойынша шаралар қолданылған кезде шекара өкілдері оны реттеу туралы бірлескен шешім қабылдайды, ол шекаралық қақтығысты бірлесіп тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.

      Шекаралық қақтығысты бірлесіп тергеп-тексеру актісі еркін нысанда ол жүргізілген ауданда (қақтығыс болған жерде) жасалады, онда бірлесіп тергеп-тексерудің басталу және аяқталу орны, уақыты мен күні, оны жүргізу негіздемесі, қатысқан адамдардың құрамы, бірлесіп тергеп-тексеру нәтижелері, шекара өкілдерінің мәлімдемелері мен ұсыныстары, шекаралық қақтығысты реттеу бойынша шешім көрсетіледі.

      Шекаралық қақтығысты бірлесіп тергеп-тексеру актісіне қосымшалар ретінде осы баптың 2-тармағында көрсетілген актілер (хаттамалар) қоса беріледі.

      4. Бірлесіп жүргізілген тергеп-тексеру барысында шекаралық қақтығыстың анықталған мән-жайлары жеткіліксіз болған кезде оларды анықтау үшін қосымша іс-шаралар жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша шекаралық қақтығысты реттеу бойынша шекара өкілдерінің бірлескен отырысы (бұдан әрі - бірлескен отырыс) тағайындалады.

42-бап

      1. Бірлескен отырысты өткізу туралы ұсыныс ол басталғанға дейін 7 тәуліктен кешіктірілмей жіберіледі және онда бірлескен отырыстың күні, уақыты, орны, күн тәртібі және қатысушылар құрамы қамтылады. Ұсынысқа жауап оны алған кезден бастап 48 сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

      2. Бірлескен отырыс қажет болған кезде шекаралық қақтығыс ауданындағы жергілікті жерлерді қарап тексеру, куәларға, жәбірленушілерге және ұсталғандарға (кінәлілерге) сұрақ қою талап етілгенде бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына ауыстырыла отырып өткізіледі.

      Бірлескен отырыс өткізілетін мемлекеттің аумағындағы шекара өкілінің төрағалығымен өткізіледі.

      Келіссөздерді шекара өкілдері жүргізеді, бірлескен отырыстың қалған қатысушылары шекара өкілдерінің рұқсатымен сұрақтарға жауап береді.

      3. Бірлескен отырыстың күн тәртібі бекітілгеннен кейін шекара өкілдері орын алған шекаралық қақтығыс бойынша мәлімдемелермен алмасады, бірлесіп тергеп-тексеру материалдарын және қосымша анықталған мән-жайларды ескере отырып, құжаттық және заттай дәлелдемелерді ұсынады, қажет болған кезде куәларға, жәбірленушілерге, ұсталған (кінәлі) адамдарға қосымша сұрақ қою жүргізіледі, соның нәтижесінде ортақ пікірге келеді және шекаралық қақтығысты реттеу туралы бірлескен шешімдер қабылдайды.

      Шекаралық қақтығыстың сипаты мен жаңадан анықталған мән-жайларға қарай бірлескен отырыста:

      1) куәларға, жәбірленушілерге, ұсталған (кінәлі) адамдарға қосымша сұрақ қою хаттамалары;

      2) адамдарды және мүлікті беру актісі;

      3) материалдық және өзге де нұқсанның (бүлінген немесе жойылған мүліктің) болуы туралы акт;

      4) жәбірленушілердің денсаулығына келтірілген нұқсан сараптамасының актісі;

      5) қажетті сараптамалар мен құжаттардың өзге де актілері ресімделеді.

      Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша бірлескен отырыс :аттамасы (бұдан әрі - бірлескен хаттама) екі данада, әрқайсысы орыс тілінде ресімделеді, онда қатысушылардың құрамы, отырыс барысы және шекаралық қақтығысты реттеу және осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру бойынша шараларды айқындау туралы қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Бірлескен хаттама шекара өкілдерінің немесе оларды алмастыратын адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ елтаңбалы мөрлермен бекемделеді.

      Бірлескен хаттамаға шекаралық қақтығысты бірлесіп тергеп-тексеру актісі және осы баптың 3-тармағында көрсетілген актілер (хаттамалар) қоса беріледі.

43-бап

      Егер шекара өкілдері бірлескен отырыста шекаралық қақтығысты реттеу бойынша бірлескен шешім қабылдамаса, бірлескен хаттамада біржақты мәлімдемелер мен ұсыныстар көрсетіледі.

      Бірлескен хаттамалардың оларға қоса берілетін материалдардың көшірмелері шекаралық қақтығысты дипломатиялық арналар арқылы шешу үшін Тараптар мемлекеттерінің сыртқы істер саласындағы уәкілетті органына жолданады.

44-бап

      1. Шекара өкілдері қабылдаған бірлескен шешімдер оларды орындау үшін міндетті болып табылады.

      Шекара өкілдері бірлескен шешімдерді орындайды және Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары оны орындағанын тексереді.

      2. Бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы бірлескен шешімдерді уақтылы орындамаған жағдайда екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілі оның себептерін ақпарат алмасу арқылы немесе бірлескен отырыста анықтайды.

45-бап

      1. Адамдарды, мүлікті және үй жануарларын беру туралы бірлескен шешімдерді қабылдау кезінде оны орындау мерзімі көрсетіледі.

      2. Адамдарды, мүлікті және үй жануарларын беруді шекара өкілдері, олардың орынбасарлары немесе көмекшілері Шекара өкілдері туралы келісімнің 8-бабында бекітілген тәртіппен жүзеге асырады.

      Адамдарды беру (қабылдау) беру актісіне жазылатын шағымдарды анықтау мақсатында оларға сұрақ қоюмен бірге жүргізіледі. Негізсіз шағым мәлімделген кезде адамдарды беру басқа мерзімге ауыстырылады және тергеп-тексеру жүргізіледі.

46-бап

      Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес осы Келісімді іске асыру бойынша шығыстарды дербес көтереді.

8-тарау. Іске асыру тетігі

47-бап

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар осы Келісімге 6-қосымшаға сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыратын Шекара режимі жөніндегі бірлескен комиссияны құрады.

9-тарау. Қорытынды ережелер

48-бап

      Осы Келісімнің ережелері екі Тарап мемлекеттері қатысушылар болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

49-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және олар осы Келісімнің 51-бабына сәйкес күшіне енеді.

      Осы Келісімде атап көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігін құрайды.

50-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер мен консультациялар арқылы шешеді.

      Осы Келісімді орындау кезінде шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдар арасында туындаған мәселелер сол жерде олардың өкілдеріне консультация беру немесе дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.

51-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарламалардың соңғысын алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.

      Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша нысанда хабардар етпегенше қолданылады. Мұндай жағдайда Келісім өзінің қолданысын осындай хабарлама алынған күннен бастап үш ай өткен соң тоқтатады.

      2017 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, бұл ретте бүкіл мәтіннің күші бірдей. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-Қырғыз
мемлекеттік шекарасының
режимі туралы келісімге
1-қосымша

№ _____ шекара белгісін жөндеу, қалпына келтіру немесе қайта орнату актісінің үлгісі

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 5-бабының 2-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (елдің атауы) (учаскенің атауы)

      шекара өкілі (шекара өкілінің орынбасары, шекара өкілінің көмекшісі)

      ________________________________________________________________________________

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

      ___________________________________________________________________ өкілімен бірге

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)                        (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________________

      (елдің атауы) (учаскенің атауы)

      шекара өкілінің (шекара өкілі орынбасарының, шекара өкілі көмекшісінің)

      ________________________________________________________________________________

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________ өкілімен

      бірге (уәкілетті органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      қатысуымен

      (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

      № ____ шекара белгісін ___________________________________________________________

      жүргізді.

      (жөндеу, қалпына келтіру немесе қайта орнату)

      № ____ шекара белгісі

      ________________________________________________________________________________

      (бұдан әрі шекара белгісін жөндеу, қалпына келтіру

      ________________________________________________________________________________

      немесе қайта орнату барысы мен себептері жазылады)

      Жоғарыда көрсетілген жұмыстар 201 __ жылғы " ____ " __________________________

      қол

      қойылған

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (шегендеу немесе бірлесіп тексеру туралы құжаттардың атауы)

      сәйкес орындалды.

      Осы акт екі данада орыс тілінде жасалды.

Қазақстан Республикасының

_________________ бойынша

(учаскенің атауы)

шекара өкілі (шекара өкілінің

орынбасары, шекара өкілінің

көмекшісі)

_____________________________

(қолы)

Қырғыз Республикасының

_________________ бойынша

(учаскенің атауы)

шекара өкілі (шекара өкілінің

орынбасары, шекара өкілінің

көмекшісі)

_____________________________

(қолы)

Қазақстан Республикасының

_________________________

(уәкілетті органның атауы)

өкілі

_________________________

(қолы)

Қырғыз Республикасының

_________________________

(уәкілетті органның атауы)

өкілі

_________________________

(қолы)

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-Қырғыз
мемлекеттік шекарасының
режимі туралы келісімге
2-қосымша

№ ___ шекара белгісі бүлінгеннен (орны ауыстырылғаннан, бұзылғаннан немесе жоғалғаннан) кейін бастапқы орнында қалпына келтіру немесе қайтадан орнату мүмкін еместігі туралы актінің үлгісі

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 7-бабының 1-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (елдің атауы) (учаскенің атауы)

      шекара өкілі (шекара өкілінің орынбасары, шекара өкілінің көмекшісі)

      ________________________________________________________________________________

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

      ___________________________________________________________________ өкілімен бірге

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)                        (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

      2017 жылғы " ___ " _______________ ________________ бастап ____________________ дейін

      (елдің атауы) (учаскенің атауы)

      шекара өкілінің (шекара өкілі орынбасарының, шекара өкілі көмекшісінің)

      ________________________________________________________________________________

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________ өкілімен

      бірге (уәкілетті органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      қатысуымен

      (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

      № __ шекара белгісі _______________________________________________________________

      және

      (бүлінді, орны ауыстырылды, бұзылды немесе жоғалды)

      оны 20 __ жылғы " ________ " __________________________________________ қол қойылған

      (шегендеу немесе бірлесіп тексеру құжатының атауы)

      ережелеріне сәйкес айқындалған бастапқы орнына

      ________________________________________________________________________________

      (қалпына келтіру немесе қайта орнату)

      мүмкін еместігін анықтады, бұл туралы Тараптар Мемлекеттік шекара режимі жөніндегі Қазақстан-Қырғыз бірлескен комиссиясына өз желісі арқылы баяндауға келісті.

      Осы акт әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

      Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Қазақстан Республикасының

_________________ бойынша

(учаскенің атауы)

шекара өкілі (шекара өкілінің

орынбасары, шекара өкілінің

көмекшісі)

_____________________________

(қолы)

Қырғыз Республикасының

_________________ бойынша

(учаскенің атауы)

шекара өкілі (шекара өкілінің

орынбасары, шекара өкілінің

көмекшісі)

_____________________________

(қолы)

Қазақстан Республикасының

_________________________

(уәкілетті органның атауы)

өкілі

_________________________

(қолы)

Қырғыз Республикасының

_________________________

(уәкілетті органның атауы)

өкілі

_________________________

(қолы)

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-Қырғыз
мемлекеттік шекарасының
режимі туралы келісімге
3-қосымша

Бүлінген (орны ауыстырылған, бұзылған немесе жоғалған) № __ шекара белгісін жаңа орынға орнату туралы актінің үлгісі

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 7-бабының 2-тармағына және Мемлекеттік шекара режимі жөніндегі Қазақстан-Қырғыз бірлескен комиссиясының 20 ___ жылғы ____________________ шешіміне сәйкес Бірлескен сарапшылар тобының (Қазақстан/Қырғыз бөлігінің) өкілі

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      20 __ жылғы ___ ______________________________________ Бірлескен сарапшылар тобының

      (Қазақстан/Қырғыз бөлігінің) өкілі

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      қатысуымен бүлінген, орны ауыстырылған, бұзылған немесе жоғалған

      № ____ шекара белгісін жаңа орынға орнатты.

      № ___ шекара белгісінің хаттамасы, Шекара белгісі бағанасының

      өзара орналасу сызбасы және Шекара белгісінің координаттары мен биіктігі каталогының фрагменттері, осы учаскеде мемлекеттік шекараның өту хаттама-сипаттамасы және жаңадан орнатылған шекара белгісінің орналасу орнына қатысты мемлекеттік шекараның картасы (қоса беріледі) 20 жылғы " " қол қойылған

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________ сәйкес

      жасалды.

      (шегендеу немесе бірлесіп тексеру туралы құжаттардың атауы)

      Осы акт әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей.

      Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.


      Бірлескен сарапшылар тобының      Бірлескен сарапшылар тобының

      Қазақстан бөлігінің өкілі                  Қырғыз бөлігінің өкілі

      ___________________________            ___________________________

      (қолы)                                          (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-Қырғыз
мемлекеттік шекарасының
режимі туралы келісімге
4-қосымша

Өз аумағында шекаралық белдеу шегінде әуе кемесімен ұшу жүргізу туралы хабарламаның үлгісі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Тарап мемлекеті)                              (қызмет учаскесі)

      бойынша шекара өкілі

      ________________________________________________________________________________

      (Тарап мемлекеті)

      _____________________________________________________ бойынша шекара өкіліне өзінің

      құрметін

      (қызмет учаскесі)

      білдіреді және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 21-бабына сәйкес өз аумағында шекаралық белдеу шегінде әуе кемесімен ұшу жүргізу туралы хабардар етуге ізет білдіреді:

      1. Ұшу мақсаты.

      2. Ұшу туралы деректер:

      1) ұшу кезеңі, нақты ұшу күндері және ұшу ұзақтығы;

      2) ұшып өтетін аудан, шекаралық белдеуге кіру және одан шығу нүктесінің географиялық координаттары, ұшу бағыты;

      3) ұшу биіктігі.

      3. Ұшу аппараты туралы мәліметтер:

      1) иесі;

      2) түрі мен модификациясы;

      3) бояуы (түсі);

      4) тану белгілері;

      5) борттық нөмірі;

      6) шақыру сигналдары;

      7) радарлық қондырғының болуы.

      4. Фотоаппаратура туралы мәліметтер:

      1) түрі мен модификациясы;

      2) фокустық қашықтық.

      ________________________________________________________________________________

      (Тарап мемлекеті)

      _________________________________________________________________ бойынша шекара

      өкілі

      (қызмет учаскесі)

      жағдайды пайдалана отырып,

      ________________________________________________________________________________

      (Тарап мемлекеті)

      ________________________________________________________________________________

      (қызмет учаскесі)

      бойынша шекара өкіліне өзінің зор құрметін білдіреді.

      Қазақстан Республикасының

      ______________________ бойынша

      (учаскенің атауы)

      шекара өкілі

      ______________________________

      (әскери атағы, тегі, аты-жөні)

      ______________________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-Қырғыз
мемлекеттік шекарасының
режимі туралы келісімге
5-қосымша

Шекара маңы аудандарының әкімшілік бөлінісінің тізбесі

      2017 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 32-бабының 4-тармағына сәйкес шекара маңы аудандарының әкімшілік бөлінісінің тізбесі айқындалады:

      1. Қазақстан Республикасы тарапынан:

      Алматы облысы:

      Райымбек ауданы;

      Талғар аудан;

      Қарасай ауданы;

      Жамбыл ауданы.


      Жамбыл облысы:

      Қордай ауданы;

      Мерке ауданы;

      Жамбыл ауданы;

      Шу ауданы;

      Тұрар Рысқұлов ауданы;

      Жуалы ауданы.


      2. Қырғыз Республикасы тарапынан:

      Ыссык-Көл облысы:

      Ак-Суй ауданы;

      Тюп ауданы;

      Ыссык-Көл ауданы.


      Шу облысы:

      Кемин ауданы;

      Шу ауданы;

      Ысык-Ата ауданы;

      Аламудун ауданы;

      Сокулук ауданы;

      Мәскеу ауданы;

      Панфилов ауданы;

      Жайыл ауданы.


      Талас облысы:

      Талас ауданы;

      Манас ауданы;

      Кара-Бура ауданы.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-Қырғыз
мемлекеттік шекарасының
режимі туралы келісімге
6-қосымша

Мемлекеттік шекара режимі жөніндегі Қазақстан-Қырғыз бірлескен комиссиясы туралы ереже

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 47-бабына сәйкес Мемлекеттік шекара режимі жөніндегі Қазақстан-Қырғыз бірлескен комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) туралы осы ереже қабылданады.

1-бөлім. Комиссияның құрамы

      Комиссия Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес тағайындалатын Тараптар бөлігінің тиісті деңгейдегі төрағаларынан және Тараптар келіскен өкілдер санынан құрылады. Қажет болған кезде Комиссияның құрамына геодезиялық, жерге орналастырушы қызметтердің сарапшылары мен мамандары, Тараптар мемлекеттерінің басқа да уәкілетті органдарының өкілдері кіреді.

      Тараптар осы Келісім күшіне енгеннен кейін 3 ай ішінде бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы Комиссияның өз бөлігінің құрамы туралы хабардар етеді.

2-бөлім. Комиссияның функциялары

      Комиссия жұмысты Келісімге сәйкес жүргізеді және:

      Келісімді іске асыру барысына бақылауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік шекара режимінің мәселелерін іске асыруға жауапты өкілдерді қажеттілігіне қарай тағайындау;

      Келісім ережелерін іске асыру барысында туындаған келіспеушілікті оны іске асыру барысында шешу;

      шекара белгілерін бастапқы орнатылған орынға қалпына келтіру мүмкін болмағанда орнатумен байланысты мәселелерді қарау және шешу;

      Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимін сақтауға байланысты басқа да маңызды мәселелерді келісу және шешу 1 функцияларын орындайды.

3-бөлім. Комиссияның жұмыс нысандары

      1. Комиссия жұмысты отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырады, олар әрқайсысы қазақ, қырғыз, орыс тілдерінде екі данада хаттамамен ресімделеді және Комиссия бөліктерінің төрағалары қол қояды. Комиссияның бір бөлігінің төрағасы отырысқа қатыса алмаған жағдайда, оның тапсырмасы бойынша хаттамаға Комиссияның өз бөлігі мүшелерінің бірі қол қояды.

      Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Отырыста қабылданған Комиссия шешімінің орындалуы міндетті.

      2. Комиссия жұмысты хат алмасу нысанында немесе басқа да/өзі келіскен тәсілдермен жүргізе алады.

4-бөлім. Комиссияның жұмыс тетігі

      1. Комиссия отырыстары Тараптардың әрбір мемлекетінің аумағында кезектілік тәртібімен кемінде жылына бір рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда, кезектен тыс отырыс өткізіледі.

      Отырыстың күні, орны, уақыты, күн тәртібі және қатысушылар құрамы дипломатиялық арналар арқылы келісіледі.

      2. Отырыс қай мемлекеттің аумағында өткізілсе, Комиссияның сол бөлігінің төрағасы отырыста төрағалық етеді.

5-бөлім. Комиссияның шығыстары

      Комиссияның функцияларын орындауға байланысты шығыстарды Тараптар дербес төлейді.

      Өз мемлекеті аумағында Комиссия отырысын өткізетін Тарап оны өткізу үшін қажетті жағдай (үй-жай, автокөлік) ұсынады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің қырғыз тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады