Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 104-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне:

      93-баптың 2-тармағы "қоғам" деген сөзден кейін "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары ғылыми ұйым нысанындағы коммерциялық емес ұйым," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 98-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Өнеркәсіптік саясат туралы" және "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 100-баптағы "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Өнеркәсіптік саясат туралы" және "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 241-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері іске асыратын, ғылымды қамтитын өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға бағытталған үйлестірілген ғылыми, ғылыми-техникалық жұмыстар кешені толық ғылыми цикл жобасы болып табылады.";

      4) 241-2-баптың 2-тармағында:

      6) тармақша "бизнесті" деген сөзден кейін ", оның ішінде толық ғылыми цикл жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақша "іске асыру" деген сөздерден кейін "және ғылымды дамыту" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 241-5-бапта:

      тақырыптағы "және іске асыру" деген сөздер "мен іске асыру және ғылымды дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "және іске асыру" деген сөздер "мен іске асыру және ғылымды дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "әзірлеу" деген сөз "тұжырымдау және ғылымын дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "трендтерді" деген сөзден кейін ", ғылыми жетістіктерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөлік "қалыптастыру" деген сөзден кейін "және ғылымды дамыту" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік "қалыптастыру және" деген сөздерден кейін "ғылымды дамыту," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігі "іске асыру" деген сөздерден кейін "және ғылымды дамыту" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      18) тармақшаның екінші бөлігі "өзге де заңды тұлғалар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы" деген сөздермен толықтырылсын;

      119) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады.";

      2) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) және 22-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "22-1) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және жағдайларда, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлуді және Қорға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрған жері бойынша тиісті бюджетке аударуды;

      22-2) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және жағдайларда, әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қате (артық) төленген сомаларын осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторына қайтаруды жүзеге асыруды;";

      3) 78-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.";

      4) 85-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.";

      5) мынадай мазмұндағы 102-1-баппен толықтырылсын:

      "102-1-бап. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру

      1. Оператор арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың кірістерінен осы Кодекске сәйкес міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалуды және ұсталған сомаларды аударуды жүргізеді.

      2. Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиісті әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі орындаушының өзінің таңдауы бойынша әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде немесе осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерде айқындалады.

      Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі олар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

      Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 7 еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс.

      3. Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиісті міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі орындаушының өзінің таңдауы бойынша міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде немесе осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мөлшерде айқындалады.

      Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі түсініледі.

      Бұл ретте айына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 50 еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс.

      4. Орындаушының осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауының, сондай-ақ Оператордың осы бапта көрсетілген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы мен аударуының тәртібін денсаулық сақтау саласында, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.";

      6) 118-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.";

      7) 181-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.";

      8) 240-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.";

      9) 243-баптың бірінші бөлігі 6) тармақшасындағы "жеке көмекшілер жатады." деген сөздер "жеке көмекшілер;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орындаушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер жатады.";

      10) 244-баптың 1-тармағындағы "Төлеушілердің", "жататын" деген сөздер тиісінше "Осы Кодекстің 102-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлеушілер", "тиісті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 245-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың төртінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдарға қолданылмайды.";

      7-тармақтың екінші бөлігі "кірісіне" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдардың кірісіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 248-баптың 9-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Оператор – егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады.";

      13) 249-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігіндегі "осы Кодекстің" деген сөздер "осы Кодекстің 102-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 263-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) 1-баптың 1-тармағы 119) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;";

      2) 17-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "22-2) интернет-платформа операторы жүргізген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруды;";

      3) 102-1-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1. Оператор арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың кірістерінен осы Кодекске сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалуды және ұсталған сомаларды аударуды жүргізеді.";

      "4. Орындаушының осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауының, сондай-ақ Оператордың осы бапта көрсетілген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы мен аударуының тәртібін денсаулық сақтау саласында, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.".

      4. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, адвокаттық кеңселер, Республикалық заң консультанттары алқасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес, көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестіктері, жоғары ғылыми ұйым және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.";

      2) 19-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары ғылыми ұйымның немесе дербес білім беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым "Ғылым және технологиялық саясат туралы" немесе "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрылуы мүмкін.";

      3) 22-бап мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

      "6-2. Жоғары ғылыми ұйымның жарғысында жоғары ғылыми ұйым қызметінің нысанасы мен мақсаттары, құрылымы, оның органдарын қалыптастыру тәртібі мен құзыреті, мүлкінің пайда болу көздері және оған билік ету тәртібі, қызметтер көрсету және функцияларды жүзеге асыру шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      мынадай мазмұндағы 52-2 және 52-3-баптармен толықтырылсын:

      "52-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметіне қойылатын талаптар

      1. Облыстың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:

      1) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету;

      4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестеріне жәрдем көрсету;

      5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      6) білім беру ұйымдарындағы, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдiстемелiк басшылық етуді қамтамасыз ету;

      7) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытты өткізуін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға қатысу;

      8) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру;

      9) дамуында немесе мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын, оларды кешенді тексеріп-қарауды жүргізетін және оларды одан әрі оқыту және тәрбиелеу нысандарын айқындау жөнінде ұсынымдар дайындайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар құру;

      10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

      11) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету;

      12) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

      2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:

      1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету;

      4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестеріне жәрдем көрсету;

      5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

      6) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық ету жөніндегі функцияларын іске асыру;

      8) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

      9) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытты өткізуін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;

      10) жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтау және есепке алу, олармен және олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жеке профилактика шараларын жүргізу;

      11) дамуында немесе мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын, оларды кешенді тексеріп-қарауды жүргізетін және оларды одан әрі оқыту және тәрбиелеу нысандарын айқындау жөнінде ұсынымдар дайындайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар құру;

      12) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру;

      13) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, жағдайы нашар отбасыларды анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға қатысу және олармен жеке профилактика шараларын жүргізу;

      14) жалпы білім беретін оқу орындарында қолжетімді спорт секцияларының, техникалық және өзге де үйірмелердің, клубтардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және оларға кәмелетке толмағандарды тарту;

      15) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      16) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету;

      17) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

      3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:

      1) аудандық ауқымдағы (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;

      2) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;

      3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;

      4) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық ету жөніндегі функцияларын іске асыру;

      5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

      6) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытты өткізуін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;

      7) жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтау және есепке алу, олармен және олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жеке профилактика шараларын жүргізу;

      8) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру;

      9) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, жағдайы нашар отбасыларды анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға қатысу және олармен жеке профилактика шараларын жүргізу;

      10) жалпы білім беретін оқу орындарында қолжетімді спорт секцияларының, техникалық және өзге де үйірмелердің, клубтардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және оларға кәмелетке толмағандарды тарту;

      11) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету;

      12) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

      13) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету.

      52-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі

      1. Тексерулер жүргізу кезінде тексерудің басталатын күнін көрсете отырып, ол басталардан кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісін тексерудің тағайындалғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етіледі.

      2. Бақылау субъектісіне тексеру жүргізу мерзімдері мен нысанасы көрсетіле отырып тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

      Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің күні мен нөмірі;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;

      5) бақылау субъектісінің атауы;

      6) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы;

      7) тексеру жүргізу мерзімі;

      8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

      9) тексеру жүргізілетін кезең;

      10) бақылау субъектісінің осы баптың 15 және 16-тармақтарында көзделген құқықтары мен міндеттері;

      11) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;

      12) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі.

      3. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және олар:

      1) жоспардан тыс тексерулер жүргізілген кезде – бес жұмыс күнінен аспауға тиіс және бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін;

      2) жоспарлы тексерулер жүргізілген кезде – он жұмыс күнінен аспауға тиіс және он жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

      Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.

      Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы міндетті түрде тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді және бұл туралы бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

      4. Тексерулер бақылау субъектісінің жұмыс регламентінде белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

      5. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамы тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасайды.

      6. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:

      1) қорытындының жасалған күні, уақыты және орны;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

      4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) бақылау субъектісінің атауы;

      6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;

      7) тексерудің түрі мен нысанасы;

      8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;

      9) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;

      10) бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

      11) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.

      7. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері (олар болған кезде) қоса беріледі.

      8. Қосымшалардың көшірмелері бар тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (басшыға не оның уәкілетті адамына) қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырылады, үшінші данасы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органында қалады.

      9. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісінің басшысы оларды жазбаша түрде баяндайды.

      Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы қорытындыға қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.

      Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.

      Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.

      10. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді.

      Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ қорытынды табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмайды.

      Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі осы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бақылау субъектісі (қажет болған кезде) бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.

      Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.

      Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне қорытындының орындалуы туралы ақпарат беру қажеттігі туралы сұрау салуды жібереді.

      Тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.

      11. Тексеру жүргізу кезінде осы Заңның 52-2-бабында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жасалады.

      12. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

      13. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбеген тексерудің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

      14. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдары:

      1) осы Заңның 52-2-бабында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының құзыретіне жатпаса, тексеруге;

      2) егер құжаттар, ақпараттар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;

      4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімінен асыруға;

      5) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды бақылау субъектілері есебінен жүргізуге құқылы емес.

      15. Бақылау субъектілері:

      1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:

      жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған;

      осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеру мерзімдерін тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен;

      тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;

      тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;

      тексеруді тағайындау туралы акт, қызметтік куәлігі (сәйкестендіру картасы) болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;

      2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

      3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының тексеру нәтижелері туралы қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

      4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио-және бейнетехника құралдарының көмегімен, сондай-ақ оның хабарламасы арқылы тіркеп-белгілеуге құқылы.

      16. Бақылау субъектілері:

      1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;

      3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының сұрау салуы бойынша ақпарат беруге;

      4) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;

      5) тексеру аяқталған күні оның нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі қоюға;

      6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне жол бермеуге;

      7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау субъектісі басшысының не оны алмастыратын адамның тексерудің тағайындалған мерзімдерінде бақылау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

      17. Бақылау субъектілері Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мен оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.".

      6. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 86-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғам "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары ғылыми ұйым нысанындағы коммерциялық емес ұйым, "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы, сондай-ақ "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.".

      7. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      37-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Докторлықтан кейінгі бағдарламаларды іске асыру жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және ғылыми мектептері бар және кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді орындайтын ғылыми ұйымдарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен, оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды гранттық қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.".

      8. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-бапта:

      2-тармақта:

      3) тармақшадағы "дара кәсіпкерлер" деген сөздер "осы тармақтың 3-1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер;";

      мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:

      "4-3. Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және орындаушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер үшін жарналарды ұстап қалуды және аударуды Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы жүзеге асырады.";

      2) 17-баптың 1-тармағы:

      1) тармақша "төлеушілерден" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1) тармақша "төлем төлеушіге" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторына" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 28-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналары өздерінің таңдауы бойынша жарналарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған мөлшерде айқындалады.";

      5-тармақта:

      екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын" деген сөздер "Егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-бабына сәйкес интернет-платформалар пайдаланыла отырып, көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.";

      4) 29-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-бабына сәйкес интернет-платформалар пайдаланыла отырып, көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірістері олардың кірістері болып табылады.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-2-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда қорға жарналарды төлеу әрбір есептеу объектісінен жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың кірістері.";

      5) 30-бап мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:

      "3-3. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналарын есептеу және төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-3-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      6) 31-баптың 8-тармағы "дара кәсіпкерлер," деген сөздерден кейін "осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдар," деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Техникалық реттеу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-баптың 2-тармағының екінші абзацы "медициналық техниканы)" деген сөздерден кейін ", аз сериялы және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірістің ғылымды қамтитын өнімін" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 10-тармағының 6) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады