Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 118-VIII ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:

      104-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын.

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 49-баптың 1-тармағының 21) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 50-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 51-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптың 5-тармағындағы ", ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны" деген сөздер алып тасталсын.

      4. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 5-2-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алу бойынша энергия өндіруші ұйымдарға субсидия беру қағидаларында айқындалған тәртіппен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялауды жүзеге асырады.";

      2) 25-бап мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. 5-2-баптың үшінші бөлігі 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.".

      5. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар;";

      3) 6-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар;";

      4) 8-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы алып тасталсын;

      5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      "9-1-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдардың құзыреті

      Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

      1) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту жөніндегі ұсыныстарды дайындайды және уәкілетті органға ұсынады;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерiнiң қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуді қамтамасыз етiп және осы негiздемелердi кейiннен уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзе отырып әзiрлеудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұйымдастырады;

      3) уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекітеді, паспорттарды уәкілетті органда тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады;

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      5) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды сақтауды, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;

      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;

      7) уәкілетті органға ғылыми табиғи объектілерге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      8) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғат қорғау мекемелері көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекітеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      6) 10-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы және 2-тармағының 14) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 29-баптың 5-тармағы "органдармен" деген сөзден кейін "немесе өзге де мемлекеттік органдармен" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады