Тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтiлетiн нормативтiк құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi алып өткенi үшiн кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы N 183 Заңы

      1995 жылғы 10 ақпанда Алматыда Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түрiкменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина үкiметтерiнiң басшылары қол қойған Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтiлетiн нормативтiк құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi алып өткенi үшiн кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келiсiм бекiтiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау
мақсатында алып өтiлетiн нормативтiк құжаттарды, эталондарды,
өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi алып өткенi үшiн
кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы
рұқсат беруден босату туралы
келiсiм

       Ескерту. Келісімнің атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV Заңымен.

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi,
      1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келiсiлген саясат жүргiзу туралы келiсiмдi негiзге ала отырып,
      Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында қалыптасқан метрологиялық база және өлшеу құралдары мен стандарттық үлгiлердi өндiру, тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау жөнiндегi кәсiпорындарды мамандандыруды ескере отырып,
      өлшемдер бiрлiктерi мен технологиялық дайындықтарды және эталондар, стандарттық үлгiлер, бекiтiлген типтердi өлшеу құралдары және қолданылып жүрген нормативтiк құжаттар туралы ғылыми-техникалық ақпараттарды алмасуды қамтамасыз етудiң келiсiлген метрологиясын сақтаудың, сондай-ақ халықаралық заң метрологиясы ұйымы (ХЗМҰ) мен Стандарттау жөнiндегi Халықаралық ұйымның (СХҰ) шеңберiнде тиiстi халықаралық мiндеттемелердi орындаудың қажеттiлiгiн түсiне отырып,
      мыналар туралы келiстi:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV Заңымен.

  1-бап

      Осы Келiсiмнiң объектiсi стандарттар, метрология және сертификаттау жүйесiнде қолданылатын нормативтiк құжаттар, эталондар, өлшеу құралдары және бұдан әрi "тауарлар" деп аталатын стандарттық үлгiлер болып табылады.

  2-бап

      Тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтiлетiн тауарлар кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсаттар беруден босатылады.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV Заңымен.

  3-бап

      Алып өтуге жататын тауарлардың тiзбелерiн (номенклатурасын) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ұлттық органдар белгiлейдi.

  4-бап

      Осы Келiсiмдi түсiнуге немесе қолдануға қатысты даулар мен келiспеушiлiктер мүдделi Тараптардың арасында консультациялар (келiссөздер) жүргiзу жолымен шешiледi.

  5-бап

      Осы Келісім оған 1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысатын басқа мемлекеттердің депозитарийге - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының Атқарушы комитетіне осындай қосылу туралы құжаттарды беру жолымен қосылуы үшін ашық.
       Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV Заңымен.

  6-бап

      Осы Келiсiм шектеусiз мерзiмге жасалады.
      Әрбiр Тараптың депозитарийге өзiнiң шешiмi туралы ұйғарып отырған шығуына дейiн кемiнде 12 ай бұрын жазбаша нысанда хабарлап, осы Келiсiмнен шығуға құқығы бар.

7-бап

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамамен ресімделеді.
       Ескерту. 7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV Заңымен.

  8-бап

      Осы Келiсiм мемлекеттердiң оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы үшiншi хабарлауы депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.
      1995 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жолдайтын Беларусь Республикасы Үкiметiнiң Архивiнде сақталады.

       Әзiрбайжан Республикасының      Молдова Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Армения Республикасының         Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Беларусь Республикасының        Тәжiкстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Грузия Республикасының          Түрiкменстан
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының       Өзбекстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының          Украина
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Алматы - 10.02.95.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады