Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу";

      мынадай мазмұндағы 112-1 және 114-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "112-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі";

      "114-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымының құқықтары мен міндеттері";

      2) 1-баптың 1-тармағында:

      3), 17-1) және 17-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аккредиттеу – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы;";

      "17-1) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым – осы Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесуді өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және осы Кодексте белгіленген тәртіппен осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;

      17-2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтер қамтылатын дерекқор;";

      мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-3) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;";

      3) 85-баптың 1-тармағы:

      "анықтамалар" деген сөзден кейін ", психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Кодекске сәйкес өтеусіз негізде психологиялық даярлық алуға құқығы бар.";

      4) 91-бапта:

      2-тармақ 14) тармақшасындағы "қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін." деген сөздер "(өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлауды жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары көрсетілген ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.";

      5) 102-баптың 2-тармағы "судьялар," деген сөзден кейін "жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметкерлері," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу";

      7) 111-бапта:

      1-тармақтағы "Аккредиттеу" деген сөз "Құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын, аккредиттеу" деген сөздермен ауыстырылып, "аккредиттеуге жатады олардың құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылады" деген сөздер ", сондай-ақ құрылтайшылары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, аккредиттеу туралы өтініш берген кезде жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті кемінде бес жыл жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жұмыскерлері, олардың жұбайларын (зайыптарын) және жақын туыстарын қоса алғанда, сондай-ақ адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметкерлері, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметкерлері бола алмайды.

      4. Агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.";

      8) мынадай мазмұндағы 112-1-баппен толықтырылсын:

      "112-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі

      1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселені Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қарайды.

      2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.

      3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартылған жағдайда оны негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы береді.

      4. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдар ұзарту құқығымен бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаларға берілуге жатпайды.

      5. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын:

      1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;

      2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға келіп түскен, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметіне негізді шағымдар болған жағдайда тоқтата тұрады.

      6. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеуден, аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тартуға, аккредиттеуден айыруға (оны кері қайтарып алуға):

      1) ұсынылған құжаттардың агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның өз қызметі туралы анық емес мәліметтер ұсынуы;

      3) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;

      4) аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтардың бір ай ішінде жойылмауы;

      5) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым қызметінің тоқтатылуы негіз болып табылады.

      7. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, аккредиттеуден бас тарту туралы шешім алған коммерциялық емес ұйым алты ай өткен соң Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына қайтадан өтініш жасауға құқылы.";

      9) 14-тарау мынадай мазмұндағы 114-1-баппен толықтырылсын:

      "114-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері

      1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісуімен алуға;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, қабылдаушы отбасыға) қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеуді жүзеге асыруға;

      3) жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдар тәрбиеленушілерін отбасыға орналастыруға жәрдем көрсету үшін олардың ата-ана қамқорлығынан айырылуының нақты мән-жайларын айқындауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) бала асырап алу құпиясын сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын писхологиялық даярлауды жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асыруға;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге, психологиялық және психологиялық-педагогикалық консультация беруге;

      4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым отбасыға тәрбиелеуге орналастырған баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықты жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлауға;

      5) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына өзінің қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді сақтауға міндетті.";

      10) 115-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "агенттіктердің" деген сөзден кейін "және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 118-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.";

      12) 122-баптың 1-тармағы 12) тармақшасындағы "қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар ғана қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады." деген сөздер "(өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, осы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар ғана қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады.".

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      1) мазмұнында:

      69-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату";

      мынадай мазмұндағы 188-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "188-1-бап. Мал ұрлау";

      203 және 296-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "203-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру";

      "296-бап. Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу";

      мынадай мазмұндағы 299-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "299-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау";

      301-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "301-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы";

      мынадай мазмұндағы 345-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "345-1-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы";

      346 және 380-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру";

      "380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қолсұғушылық";

      мынадай мазмұндағы 380-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану";

      423-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету";

      2) 3-бапта:

      3) тармақта:

      "188," деген цифрлардан кейін "188-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "202 және 204" деген сөздер "202, 204 және 425" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) тармақтағы "жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлғада" деген сөздер "квазимемлекеттік сектор субъектісінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақпен толықтырылсын:

      "28-1) ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) сыбайлас жемқорлық қылмыстар – осы Кодекстің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450, 451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) және 452-баптарында көзделген іс-әрекеттер;";

      38) тармақта:

      "188," деген цифрлардан кейін "188-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "202 және 204" деген сөздер "202, 204 және 425" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(екінші бөлігі) және 239 (үшінші бөлігі)-баптарда" деген сөздер "(екінші бөлігі)-баптарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 15-баптың екінші бөлігінде:

      "ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері)," деген сөздерден кейін "мал ұрлау (188-1-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "тағылық (294-бап)," деген сөздер алып тасталсын;

      4) 50-баптың екінші бөлігінде:

      екінші абзацта:

      "239-бабының үшінші бөлігінде" деген сөздер "239-бабының екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "239-бабының үшінші бөлігінде" деген сөздер "239-бабының екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылып, "азаматқа, заңды тұлғаға, қаржы ұйымына немесе мемлекетке ірі нұқсан келтіруге алып келген," деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші абзацта:

      "120-бабының 3-1 және төртінші бөліктерінде, 121-бабының 3-1 және төртінші бөліктерінде" деген сөздер "120-бабының 3-1, 3-2 және төртінші бөліктерінде, 121-бабының 3-1, 3-2 және төртінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бөлігінің 1) және 2) тармақтарында" деген сөздер "бөлігінде" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда" деген сөздер "квазимемлекеттік сектор субъектілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 345-1-бабының төртінші бөлігінде және 346-бабында көзделген көліктік қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру көлік құралын басқару құқығына өмір бойына тыйым салудан тұрады.";

      5) 55-баптың екінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – жартысынан;";

      6) 62-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн күзетпен ұстау уақыты:

      1) қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше және толық қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күні;

      2) орташа қауіпсіз, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні;

      3) қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақыты:

      1) қамаққа алу түріндегі жазаны өтеудің бір күні;

      2) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні;

      3) қоғамдық жұмыстар түрінде жазаны өтеудің төрт сағаты;

      4) тиісінше түзеу жұмыстары, айыппұл түрінде жазаны өтеудің төрт айлық есептік көрсеткіші үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылады.";

      7) 63-баптың төртінші бөлігіндегі "мүлiктi тәркiлеуден басқа," деген сөздер алып тасталсын;

      8) 65-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам, кінәлі адамның жеке басы, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткені, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрген зиянды қалпына келтіруі ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

      Сыбайлас жемқорлық қылмысты алғаш рет жасаған адамды тек қана сот шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.";

      9) 68-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың ережелері:

      1) азаптаулар;

      2) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыс;

      3) абайсызда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасау жағдайын қоспағанда, абайсызда адам өліміне не екі және одан көп адамның өліміне алып келген қылмыс;

      4) сыбайлас жемқорлық қылмыс;

      5) террористік қылмыс;

      6) экстремистік қылмыс;

      7) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды;

      8) бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін осы Кодекстің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.";

      10) 69-баптың тақырыбы, бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату

      1. Сот қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес, жасалғаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында немесе бабының бөлігінде негізгі жазалардың өзге де түрлері қатарында айыппұл көзделген онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адамды кепілгерлік белгілей отырып, жазадан босатуы мүмкін.

      2. Кепiлгерлік белгілеу жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген айыппұлдың ең жоғары мөлшеріне тең мөлшерде кепіл енгізуден тұрады.";

      "4. Егер жазадан босатылған адам кепілгерлік кезеңі ішінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса, кепілгерлік мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады.

      5. Егер кепілгерлік кезеңі ішінде адам жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот жазадан босату туралы шешімнің күшін жояды және үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша оған жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекеттің кірісіне айналдырылады.";

      11) 72-баптың үшінші бөлігінде:

      3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:

      "3-1) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған жағдайда, жазаның қалған өтелмеген мерзімінің кемінде үштен екісін;";

      12) 73-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн – жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

      Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адамның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасау жағдайын қоспағанда, осындай қылмыс, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру қолданылмайды.

      Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жазаның өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып немесе онсыз, айыппұлға ғана ауыстырылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер жазаның қалған өтелмеген бөлігі негізге алынып, ал осы Кодекстің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген тәртіппен үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалған кезде түпкілікті тағайындалған жаза негізге алынып есептеледі.";

      13) 79-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сотталғандықты жою немесе алып тастау өмір бойына тағайындалған қосымша жаза түрімен белгіленген шектеулерді қоспағанда, осы Кодексте көзделген барлық қылмыстық-құқықтық салдарлардың күшiн жояды.";

      14) 99-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Жас баланы өлтіру –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеп немесе онсыз, бас бостандығынан өмір бойына айыруға жазаланады.";

      15) 105-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы "жеті" деген сөз "сегіз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 106-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "жеті" деген сөз "сегіз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17) 110-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) 116-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;

      19) 118-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы "төрт жылдан сегiз" деген сөздер "бес жылдан он" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 120-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналар:

      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа да адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;

      3) жәбірленушіге соз ауруын жұқтыруға алып келген;

      4) бірнеше рет жасалған;

      5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау –

      тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөлікте:

      1) тармақ алып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      3-1-бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) олар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;";

      мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-2. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе 3-1-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) екі және одан көп кәмелетке толмаған адамдарға қатысты жасалса;

      2) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде, 3-1-бөлігінің 2) тармағында және 3-2-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар жас балаға қатысты жасалса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      21) 121-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөлікте:

      4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бірнеше рет жасалған;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:

      "5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған дәл сол іс-әрекеттер –";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөлікте:

      1) тармақ алып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      3-1-бөліктің 1) тармағындағы "көрінеу" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-2. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе 3-1-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) екі және одан көп кәмелетке толмаған адамдарға қатысты жасалса;

      2) абайсызда жәбірленуші ер (әйел) адамның өліміне әкеп соқса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде, 3-1-бөлігінің 2) тармағында және 3-2-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар жас балаға қатысты жасалса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      22) 122-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) бірнеше рет;

      2) екі және одан көп адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      23) 123-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      24) 125-баптың екінші бөлігінде:

      8) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) пайдакүнемдiк ниетпен жасалған;";

      мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақтармен толықтырылсын:

      "9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

      10) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –";

      25) 126-баптың екінші бөлігінде:

      9) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалған;";

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақтармен толықтырылсын:

      "10) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

      11) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –";

      26) 127-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      27) 128-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "үш жылдан бес" деген сөздер "төрт жылдан жеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "бес жылдан жетi" деген сөздер "жеті жылдан тоғыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "жетi жылдан он" деген сөздер "тоғыз жылдан он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "он жылдан он бес" деген сөздер "он екі жылдан он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 129-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "он" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 132-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "үш жылдан жеті" деген сөздер "төрт жылдан сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "сегіз" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "он" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 133-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады."

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "алты" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      31) 134-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "жеті" деген сөз "сегіз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      32) 135-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "жеті" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "жеті жылдан он" деген сөздер "тоғыз жылдан он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "он жылдан он екі" деген сөздер "он жылдан он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "он екі жылдан он бес" деген сөздер "он екі жылдан он сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 143-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сегіз мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      34) 144-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";

      35) 188-бапта:

      екінші бөліктің 3) тармағы алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мынадай:

      1) ірi мөлшерде;

      2) бірнеше рет:

      3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық –

      мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      36) мынадай мазмұндағы 188-1-баппен толықтырылсын:

      "188-1-бап. Мал ұрлау

      1. Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру –

      мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) ірi мөлшерде жасалған мал ұрлау –

      мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Мынадай:

      1) бірнеше рет;

      2) тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау –

      мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Мынадай:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау –

      мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескертпе. Осы бапта мыналар мал деп түсініледі:

      ірі қара мал;

      жылқылар мен есектер;

      түйелер;

      ұсақ мал;

      шошқалар.";

      37) 191-бапта:

      2) тармақ және 3) тармақтағы "сөз байласуымен;" деген сөздер "сөз байласуымен жасалған тонау –" деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақ алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мынадай:

      1) ірi мөлшерде;

      2) бірнеше рет;

      3) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау –

      мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      38) 192-бапта:

      екінші бөліктің 2) және 3) тармақтары алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мынадай:

      1) абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып;

      2) iрi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында;

      3) бiрнеше рет;

      4) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған қарақшылық –

      мүлкi тәркiленіп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      39) 203-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "203-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау –

      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:";

      3) тармақтағы "дәл сол" деген сөздер алып тасталсын;

      40) 239-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      41) 249-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      42) 287-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      43) 288-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";

      44) 296-бапта:

      тақырыптағы ", прекурсорлармен" деген сөз алып тасталсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы ", прекурсорларды" деген сөз алып тасталсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы ", прекурсорларды" деген сөз алып тасталсын;

      45) 297-баптың үшінші бөлігінде:

      3) тармақ "жасалған" деген сөзбен толықтырылып, 4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;";

      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақтармен толықтырылсын:

      "5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы;

      6) қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер –";

      46) 299-баптың екінші бөлігінде:

      2) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бірнеше рет;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет –";

      47) мынадай мазмұндағы 299-1-баппен толықтырылсын:

      "299-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау

      1. Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау –

      үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) бірнеше рет;

      3) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде;

      4) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып;

      5) қызмет бабын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекеттер –

      үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      48) 301-бапта:

      тақырыптағы "психотроптық немесе" деген сөздер "психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "заттар" деген сөзден кейін ", сол тектестер" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзац "заттарды" деген сөзден кейін ", сол тектестерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзац 3) тармағындағы "рет жасалған іс-әрекеттер –" деген сөздер "рет;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:

      "4) электрондық ақпараттық ресурстар арқылы жасалған іс-әрекеттер –";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      49) 312-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Он сегіз жасқа толған адамның кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы материалдарды және (немесе) заттарды дайындауға модельдер немесе актерлер ретінде, сол сияқты порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына орындаушылар ретінде қатысу үшiн тартуы –

      мүлкі тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, мынадай:

      1) ата-ана, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған;

      2) көрiнеу жас балаға қатысты жасалған;

      3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      4) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      50) 335-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, мынадай:

      1) iрi залал келтiре отырып жасалған;

      2) қылмыстық топ;

      3) балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін қолға түсіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      51) 336-баптың екінші абзацындағы "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздер алып тасталсын;

      52) 337-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз аң аулау –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аумақтарында;

      2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған;

      3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

      4) ірі залал келтіре отырып жасалған заңсыз аң аулау –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "6. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған;

      3) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша аңшылықпен айналысу құқығынан айырылған адам жасаған заңсыз аң аулау –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      53) 339-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде олардың айналымы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау –

      мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) бірнеше рет жасалған;

      2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған;

      4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

      5) ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші, 1-1 немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      54) 340-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздер алып тасталсын;

      55) 342-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздер алып тасталсын;

      56) мынадай мазмұндағы 345-1-баппен толықтырылсын:

      "345-1-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы

      1. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген бұзуы –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескертпе.

      Осы бапта көрсетілген адамдарға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар жатпайды.";

      57) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру

      1. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтiруге алып келген әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      6. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан көп адам өлiмiне алып келген іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      58) 380-1-бапта:

      тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қолсұғушылық

      1. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында олардың немесе жақындарының өміріне қолсұғушылық, яғни қазаға ұшыратуға бағытталған қасақана әрекеттер –";

      59) мынадай мазмұндағы 380-2-баппен толықтырылсын:

      "380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану

      1. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында оларға немесе олардың жақындарына қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру –

      үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты олардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану –

      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мынадай:

      1) екi немесе одан көп адамға қатысты;

      2) кінәлі адам үшін көрінеу дәрменсiз күйдегі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      3) аса қатыгездiкпен жасалған;

      4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында;

      6) бірнеше рет;

      7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      8) төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiктер барысында;

      9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

      жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      60) 412-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен, "алты" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      61) 414-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не он тәуліктен елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";

      62) 415-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан төрт жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      63) 416-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді, сол сияқты ауыр зардаптарға алып келген бұрмалау –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан сегіз жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      64) 417-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      65) 419-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      66) 423-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету

      Жариялауға жол берілмейтіндігі туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария етуi, егер сотқа дейінгі талқылаудың деректерін жария ету – прокурордың немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның келiсуiнсiз жасалған, сондай-ақ жабық сот талқылауының деректерін жария ету судьяның келісуінсіз жасалған болса, –";

      67) 425-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, мынадай:

      1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) бiрнеше рет жасалған іс-әрекет –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:

      1) оларды қылмыстық топ жасаса;

      2) олар аса ірі мөлшерде жасалса, –

      мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      68) 432-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмысты не кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу –";

      69) 434-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгiлi кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау –";

      70) 435-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      1) мазмұнында:

      26 және 107-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету";

      "107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру";

      мынадай мазмұндағы 214-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "214-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу ерекшеліктері";

      251-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      2) 26-баптың тақырыбы, бірінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету

      1. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалуға құқығы бар. Олар бұл құқықты осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке өздерi де, сол сияқты қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады.";

      "4. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғаушысы мен заңды өкiлiнiң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы алдыңғыларға тиесiлi құқықтарды кемiтпейдi.

      5. Қорғалуға құқығы бар куә, күдіктi, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарына айғақтар беруге, қандай да бір материалдарды ұсынуға, оларға қандай да бiр жәрдем көрсетуге мәжбүр етiлмеуге тиiс.";

      3) 32-бапта:

      екінші бөліктегі "110 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлік "115, 120" деген цифрлардың алдынан "110 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 35-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсететін адам (қорғалуға құқығы бар куә), күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы немесе оның заңды өкілдері, ал осы баптың бірінші бөлігінің 11) тармағында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған, адвокатпен қатар күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны қорғауды жүзеге асыру құқығы бар адамдар бұған қарсылық бiлдiрсе, қылмыстық істі осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4) және 11) тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатуға жол берiлмейдi. Бұл жағдайда іс бойынша iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiздер болған кезде адамды жазадан не қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығару арқылы аяқталады.";

      5) 36-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін соттың депозитіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделген кепіл енгізілген жағдайда, сот кепілгерлік белгілеп, адамды жазасын өтеуден босата отырып, айыптау үкімін шығаруға құқылы.

      Сот іс бойынша басқа қорытынды шешім қабылдаған жағдайда, кепіл нысанасы кепіл енгізген адамға дереу қайтарылады. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде, оның сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалған сома кепіл берушіден өндіріп алынбайды. Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және оны мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Егер айыпталушы немесе жәбірленуші бұған қарсы болса, кепілгерлік белгілей отырып, адамды жазасын өтеуден босатуға жол берілмейді.";

      6) 39-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның зиянды өтету құқығын тануға тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi тұлғаға табыс етіледі не пошта арқылы жiберiледi. Сонымен бір мезгілде оған зиянды өтеу туралы талаптар қою тәртібі мен мерзімдері түсiндiрiлген хабарлама жіберіледі. Залалды өтетуге құқығы бар қайтыс болған адамның мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мәлiметтер болмаған кезде, оларға хабарлама қылмыстық процестi жүргiзетін органға олар өтiнiш жасаған күннен бастап бес тәуліктен кешiктiрiлмей жіберіледі.";

      7) 40-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Соттың мүліктік зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы заңды күшіне енген қаулысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалады.";

      8) 45-бапта:

      мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "7-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу іс бойынша "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге және олардың нәтижелерін қылмыстық іс материалдарына қосып тігуге кедергі келтірмейді.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің үзілген мерзімдері оларды үзуге негіз болған мән-жайлар жойылған кезден бастап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысымен қайта басталады, бұл туралы прокурор жазбаша хабардар етіледі.";

      9) 52-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал:

      1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;

      2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;

      3) террористік және экстремистік қылмыстар;

      4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;

      5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;

      6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарауды – сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды да сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен қарайды.";

      10) 55-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-2) тармақпен толықтырылсын:

      "5-2) осы Кодекстің 234-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурордың өтінішхаты бойынша жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату;";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      11) 58-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және соттың істі қарауы кезіндегі прокурордың өкілеттіктері 186 (екінші және үшінші бөліктерде), 187 (сегізінші бөлікте), 190 (жетінші бөлікте), 192, 193, 194 (үшінші бөлікте), 195 (бесінші бөлікте), 196 (екінші бөлікте), 234 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерде), 290, 301, 302, 303, 304 және 305, 321 (алтыншы бөлікте), 337, 414 (екінші бөлікте), 428 (алтыншы бөлікте), 429 (жетінші бөлікте), 478 (бесінші бөлікте), 480 (алтыншы бөлікте), 484, 486, 494 (бесінші бөлікте), 502 (бірінші бөлікте), 518 (бесінші бөлікте)-баптарда, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-тарауларда, 628 (бірінші бөлікте), 643 (сегізінші бөлікте), 668 (алтыншы бөлікте)-баптарда, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге жағдайларда айқындалады.";

      12) 62-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы "қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтiрiлген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы" деген сөздерден кейін ", сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 71-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамды жәбірленуші деп дереу тануға міндетті.";

      14) 78-баптың алтыншы және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қорғалуға құқығы бар куәнің:

      1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамнан өзіне тиесілі құқықтардың түсіндірмесін алуға;

      2) қорғалуға құқығы бар куә мәртебесінің мәні неден тұратынын білуге;

      3) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптама тағайындау туралы қаулымен танысуға;

      4) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптаманың қорытындысымен танысуға;

      5) айғақтар беруден бас тартуға;

      6) өз бетінше немесе үшінші тұлғалар арқылы адвокат шақыртуға;

      7) өзі таңдаған, жауап алу басталғанға дейін қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың қатысуымен айғақтар беруге;

      8) ана тiлiнде немесе өзi меңгерген тiлде айғақтар беруге;

      9) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

      10) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

      11) жауап алу хаттамасына өз айғақтарын өз қолымен жазуға;

      12) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарын қоспағанда, осы баптың бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;

      13) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, дәлелдемелер ұсынуға;

      14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты, оның ішінде сараптама жүргізу және қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;

      15) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

      16) өзіне қарсы куә болғандармен беттесуге;

      17) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге құқығы бар.

      Қорғалуға құқығы бар куә: соттың, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.";

      "8. Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда қорғалуға құқығы бар куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.";

      15) 104-бапта:

      екінші бөліктегі "Прокурор" деген сөз "Тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "прокурор" деген сөз "тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 105-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Шағымды қабылдаудан және тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Өзінің құқықтары мен мүдделерін немесе өзі білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамның тергелетін қылмыстық істің мәні жөніндегі шағымдары, сондай-ақ оған жауап және шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім қылмыстық іс материалдарына қосып тігіледі.";

      17) 107-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру";

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының мынадай:";

      10) тармақша "қаулысына" деген сөзден кейін ", санкциясына" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-1, бесінші және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының:

      1) жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы;

      2) жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;

      3) адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;

      4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісетіні туралы не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мұндай келісім беруден бас тарту туралы;

      5) прокурордың жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы;

      6) осы Кодекстің 235-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермеу туралы қаулысына, санкциясына өтінішхат келтіруге құқылы.";

      "5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының, санкциясының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

      Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.";

      "7. Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап шығып, мынадай:

      1) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгеріссіз қалдыру туралы;

      2) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгерту туралы;

      3) тергеу судьясы қаулысының, санкциясының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы уәжді қаулылардың бірін шығарады.";

      18) 113-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлармен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркіленуге жататын мүліктің заңсыз, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын немесе осы мүліктен түскен кірістер болып табылатынын не қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы ретінде не экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыру немесе өзгедей қамтамасыз ету үшін пайдаланылғанын немесе пайдалануға арналғанын растайтын мән-жайлар дәлелденуге жатады.";

      19) 118-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар заттай дәлелдемелер деп танылады:

      1) егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың қаруы немесе өзге де құралы болды деп пайымдауға негіз болса, нәрселер;

      2) қылмыстық құқық бұзушылықтың іздері сақталып қалған немесе сақталуы мүмкін нәрселер;

      3) қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектілері болған нәрселер;

      4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша, құндылық пен өзге де мүлік;

      5) қылмыстық құқық бұзушылықты табу, істің нақты мән-жайларын анықтап алу, кінәлі адамды анықтау не оның кінәлі екенін теріске шығару немесе жауаптылықты жеңілдету құралдары болуы мүмкін ақша, құндылық, өзге де мүлік, нәрселер, құжаттар.";

      20) 131-баптың екінші бөлігінде:

      6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақпен толықтырылсын:

      "7) ұстап алу мерзімі.";

      21) 145-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші сөйлемі "қамтамасыз ету үшiн" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ олардың жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің бесінші абзацы алып тасталсын;

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кепiлдiң қабылданғаны туралы хаттама жасалады, онда күдіктіге, айыпталушыға шақыру бойынша келу және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы міндеттің түсiндiрiлгенi, ал кепiл берушiге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған және қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылатыны туралы ескертiлгенi атап көрсетіледі. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ кепіл беруші басқа тұлға болса, ол қол қояды. Хаттама және соттың депозитiне кепiлдің енгізілгені туралы құжат iс материалдарына қосып тігіледі, ал кепiл берушiге хаттаманың көшiрмесi табыс етіледі.";

      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      22) 147-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам ұстап алынған мерзім ішінде прокурор осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен танысуға құқылы және күдікті ұсталып отырған жерде одан жауап алуға құқылы.";

      23) 148-баптың он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстаудың қолданылатыны туралы осы Кодекстің 135-бабында белгіленген тәртіппен – күдіктінің туыстарын, ал ол шетелдікке қатысты қолданылған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы осы мемлекеттің елшілігін, консулдығын немесе өзге өкілдігін де хабардар етуге міндетті.";

      24) 151-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Күзетпен ұстау мерзімін тоғыз айдан астам, бірақ он екі айдан асырмай ұзартуды аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамында қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты істің ерекше күрделілігіне орай, қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған тергеу бөлімі бастығының не прокурордың не тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асыруы мүмкін.";

      25) 161-баптың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер басқа тұлғалардағы мүлік күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде алынған не қылмыстық құқық бұзушылық қаруы немесе құралы ретінде не экстремизмді, терроризмді, ұйымдасқан топты, заңсыз әскери құралымды, қылмыстық қоғамдастықты қаржыландыру үшін пайдаланылған немесе пайдалануға арналған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, ол мүлікке тыйым салу қолданылуы мүмкін.

      9. Тыйым салынуға жататын мүлік жасырылуы немесе жоғалтылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам соттың санкциясы алынғанға дейін мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасасуды тоқтата тұруға не прокурорды және сотты жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, мүлікті алып қоюға құқылы.";

      26) 184-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат соттың тиісті мәліметтер қамтылған жекеше қаулысы, жекеше ұйғарымы келіп түскен жағдайда жасалуы мүмкін.";

      27) 187-бапта:

      екінші бөлікте:

      "128 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "128" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "188 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейін "188-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "203" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "335 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 338, 339 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "335, 337, 338, 339" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "346 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "346 (бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "380-1," деген цифрлардан кейін "380-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3-1-бөлікте:

      "кодексiнiң" деген сөзден кейін "203 (1-1-бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2) және 5) тармақтарында, үшінші бөлігінде)" деген сөздер "216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1) және 2) тармақтарында, үшінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "239 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "239 (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 189-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен анықтауды не алдын ала тергеуді тағайындауға міндетті.";

      29) 190-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасырын тергеу әрекеттері санкцияланған жағдайда қылмыстық іс олар аяқталғаннан кейін он бес тәулік ішінде, бірақ арыз, хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап екі айдан кешіктірілмей жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.";

      30) 191-бапта:

      екінші бөлікте:

      "107 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейін "110 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "128 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "299 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "299-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "339 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "345 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейін "345-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "346 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он алтыншы бөлікте:

      "335 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "337 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "343 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейін "345 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "346 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      жиырма үшінші бөліктегі "337 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      31) 193-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:

      "9-1) осы Кодекстің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген заңсыз жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;";

      екінші бөліктің он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокуратура басшысының осы бөліктің 2), 3), 6), 7) және 8) тармақтарында санамаланған өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ететін басшылары жүзеге асыруы мүмкін.";

      32) 196-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері орындалған соң, бiрақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы тергеулігі туралы мәселелер болмаған кезде бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорды жазбаша хабардар ете отырып, iстi дәл осы органның тергеушiсіне беруге мiндеттi. Іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар анықталған жағдайда, анықтау органы қылмыстық істі тоқтатуға құқылы. Қалған жағдайларда қылмыстық іс тергеулігін айқындау үшін прокурорға беріледі.";

      33) 209-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Мыналардан:

      1) жүкті әйелден не асырауында жас баласы бар әйелден;

      2) елу сегіз және одан үлкен жастағы әйелдерден;

      3) алпыс үш және одан үлкен жастағы ер адамдардан үздіксіз жауап алу – үш сағаттан, ал жауап алудың жалпы ұзақтығы бес сағаттан аспауға тиіс.";

      34) мынадай мазмұндағы 214-1-баппен толықтырылсын:

      "214-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу ерекшеліктері

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алуды бастаудың алдында қорғалуға құқығы бар куәға қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды көрсететін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың не куәлік айғақтардың мәнін хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәға оның айғақтар беруден бас тарту құқығын қоса алғанда, осы Кодекстің 78-бабының алтыншы бөлігінде көзделген құқықтарын түсіндіреді.

      2. Қалған жағында қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.";

      35) 220-бапта:

      13-3-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-3. Материалдар сотқа келіп түскен соң тергеу судьясы қарап-тексеруді жүргізу туралы қаулыны дереу қарайды.";

      13-4-бөліктегі "өтінішхатты" деген сөз "қаулыны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      36) 221-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкін болмаса, жергілікті атқарушы орган айқындайтын тиiстi ұйымдарға мақсатына сай пайдалану не алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзетін органның депозитiне сала отырып, өткізу үшін тапсырылады. Сақталуы елеулі материалдық шығындарды талап ететiн заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкiн болмаса, не олардың иесі анықталмаған жағдайда, өткізіледі. Заттай дәлелдемелер алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитiне сала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізіледі. Негiздер болған кезде пайдаланылған немесе өткізілген заттай дәлелдемелер иесіне сондай түрдегі және сападағы нәрселермен өтеледі немесе соңғысына соттың шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен олардың құны төленедi.";

      37) 231-баптың 9) тармағындағы "сатып алу;" деген сөздер "сатып алу жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырылып, 10) тармағы алып тасталсын;

      38) 232-бапта:

      төртінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жасалғаны үшін санкциясы бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша;";

      бесінші бөліктегі "7) – 10)" деген цифрлар "7), 9)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      39) 234-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тергеу судьясы осы Кодекстің 231-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурордың өтінішхаты бойынша тоқтатуы мүмкін. Осы Кодекстің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурор тоқтатуы мүмкін.";

      40) 251-бап алып тасталсын;

      41) 272-бапта:

      төртінші бөлік "куәны," деген сөзден кейін ", оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәны" деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші бөліктегі "екі данада жасалып, оның біреуі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға" деген сөздер "екі данада жасалып, оның біреуі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, екіншісі – сараптамалық қорытынды беру туралы сұрау салудың бастамашысына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 304-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Прокурор айыптау актісінің айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтарын түсіндіру қамтылған, айыптау актісін айыпталушының алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.";

      43) 321-бапта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Алдын ала тыңдау барысында судья аса ауыр қылмыстарды жасады деп айыпталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталатын сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының бар-жоғын, егер осындай өтінішхат мәлімделген болса, оның өз өтінішхатын қолдайтынын-қолдамайтынын анықтайды. Мұндай өтінішхат:

      1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;

      2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;

      3) террористік және экстремистік қылмыстар;

      4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;

      5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;

      6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.

      бесінші бөлік "соттылығы бойынша" деген сөздерден кейін "прокурорға" деген сөзбен толықтырылсын;

      44) 350-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "350-бап. Басты сот талқылауының ашылуы

      Басты сот талқылауы үшін тағайындалған уақытта сот отырысының хатшысы немесе пристав сот отырысы залында қатысып отырғандарға: "Бәріңіздің тұруларыңызды өтінемін! Сот келе жатыр!" деп жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот отырысының залына кіріп, барлық қатысып отырғандарға өз орындарына отыруын ұсынады және қандай қылмыстық iстiң және ашық немесе жабық сот отырысында қаралатынын жариялайды. Егер жабық сот отырысы туралы жарияланса, төрағалық етуші процеске қатысушылардан және сот отырысына шақырылған адамдардан басқа, барлық қатысып отырғандардың залдан шығуын ұсынады.

      Сот жабық сот отырысына қатысатын адамдарға өзінің рұқсатынсыз істе бар мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы жауаптылық жөнінде ескертуі бар қолхат алынады.

      Төрағалық етуші соттың сот отырысын аудио-, бейнежазу құралдарын пайдаланатыны туралы жариялайды.

      Аудио-, бейнежазу құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.

      Аудио-, бейнежазудың болмау себептері сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсетілуге тиіс.";

      45) 382-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде қысқартылған тәртiппен жүргiзiледі.";

      46) 390-баптың бірінші бөлігінің 8) тармағындағы "74 және 76" деген сөздер "74, 75 және 76" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47) 414-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, оның ішінде үкім, қаулы жария етілгеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушыларына, олардың заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға), олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері және заңды өкілдері үкімге азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.";

      екінші бөлік "үкімді" деген сөзден кейін ", қаулыны" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші бөліктегі "қаулыға" деген сөз "сот актісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 428-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Кодекстің 414-бабына сәйкес үкімге шағым жасау құқығы берілген тұлғалар соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда да жіберіледі. Оларға өздерінің өтінуі бойынша, берілген шағымды немесе прокурордың келтірілген өтінішхатын не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.";

      49) 442-баптың бірінші бөлігінің 7) тармағындағы "қылмыстық жауаптылықтан" деген сөздер "жазаны өтеуден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) 476-бапта:

      4) тармақ "үкім бойынша" деген сөздерден кейін "не үкімді орындау кезінде шығарылған сот қаулысы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) тармақтағы "96" деген цифрлар "93, 96" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      51) 477-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелерді – осы Кодекстің 478-бабының 3-1-бөлігінде көзделген жағадайды қоспағанда, үкім орындалатын жерде жұмыс істейтін аудандық және оған теңестірілген сот, ал ол болмаған кезде жоғары тұрған сот шешедi.

      Апелляциялық үкімді орындауға байланысты мәселелерді де осы соттар қарайды.

      Мамандандырылған ауданаралық соттар, осы баптың үшінші бөлігінде және осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселелерді қоспағанда, көрсетілген мәселелерді қарамайды.";

      52) 478-бапта:

      екінші бөліктегі "14) және 18)" деген сөздер "14), 18) және 21)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Үкім шығарған сот осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселені сот үкімімен тәркіленген мүлікті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік органның және өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша қарайды.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот үкімді орындауға байланысты мәселелерді өтінішхат келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сотталған адамның қатысуымен ашық сот отырысында жеке-дара қарайды. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 7), 8), 10), 13), 14) және 17) тармақтарында көзделген мәселелерді қарау сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.

      Осы Кодекстің 476-бабының 7) тармағында көзделген мәселелерді сот ұсыну келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қарайды.";

      53) 483-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау

      1. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 48, 49-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.

      2. Осы Кодекстің 482-бабы тәртібімен шығарылған сот қаулыларына прокурордың өтінішхаты қаулы жария етілген күннен бастап он тәулік ішінде берілуі мүмкін.

      Шағымдар мен өтінішхаттар үш тәулік ішінде апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.";

      54) 526-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Анықтау органы жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі шегінде осы Кодекстің 64-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген тәртіппен адамнан күдікті ретінде жауап алынған кезден бастап он тәулік ішінде қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасайды.";

      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;

      55) 527-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өздерінің нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттері мен өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.

      Егер күдікті мен оның қорғаушысы, жәбірленуші істің анықталған мән-жайларына дау айтпаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жиналған дәлелдемелермен шектелуге құқылы.

      Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша осы Кодекстің 189-бабында көзделген тәртіппен анықтау не алдын ала тергеу тағайындалған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.

      Саралаудың қылмыстан қылмыстық теріс қылыққа өзгертілуі кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.";

      56) 613-баптың бірінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жәбірленуші іске қатысқан жағдайда, ол процестік келісім жасасуға келіскен кезде жасалуы мүмкін.";

      57) 614-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Кодекстің 192-бабында белгіленген мерзімдерде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау;";

      58) 615-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жәбірленуші келіспеген кезде процестік келісім жасалмайды. Егер жәбірленуші келіскен болса, онда оның қылмыспен келтірілген зиянды өтеу мәселесі жөніндегі пікірін ескере отырып, прокурор және қорғаушы тарап процестік келісім жасасады, ол жазбаша түрде жазылады және оған келісімге қатысушылар қол қояды.

      Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат жөніндегі шешім қылмыстық іс прокуратураға келіп түскен кезден бастап жеті тәулік ішінде қабылданады.

      Прокурордың процестік келісім жасасудан бас тартуы шағым жасалуға жатпайды, бірақ бұл кейіннен процестік келісім жасасуға кедергі келтірмейді.";

      59) 617-баптың бірінші бөлігі "күдіктіге" деген сөзден кейін ", айыпталушыға" деген сөзбен толықтырылсын;

      60) 618-баптың екінші бөлігі "тиісінше" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры," деген сөздермен толықтырылсын;

      61) 619-бапта:

      алтыншы бөлік "тиісінше" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін прокурор қосымша материалдарды талап етуге құқылы.";

      62) 620-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бекітуге келіп түскен процестік келісім бойынша күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, ал сотталған адамға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның орынбасары:";

      3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекітеді не оны бекітуден бас тарту туралы қаулы шығарады.";

      63) 621-баптың бірінші бөлігіндегі "Облыс" деген сөз "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      64) 622-бапта:

      1) тармақ "сатысында" деген сөзден кейін "барлық күдіктімен, айыпталушымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақ "кінәні" деген сөздің алдынан "барлық сотталушымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      65) 628-баптың екінші бөлігі "жеткізбеген" деген сөзден кейін "не барлық сотталушымен процестік келісім жасаспаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      66) 629-1-бапта:

      екінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды, оның ішінде, егер санкцияда осы құқықтан айырудың дәл мерзімі белгіленсе, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде міндетті қосымша жаза түрін көздесе;";

      үшінші бөліктің 4) тармағындағы "белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру," деген сөздер алып тасталсын;

      67) 629-3-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Прокурор қылмыстық істі зерделеп шығып, іс келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ол бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:";

      68) 629-5-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:

      "4-1) сотталушыны белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы шешім;";

      69) 631-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот:

      1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;

      2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;

      3) террористік және экстремистік қылмыстар;

      4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;

      5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;

      6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды да сот алқабилердің қатысуымен қарайды.

      2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң бiрнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген, сондай-ақ:

      1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;

      2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;

      3) террористік және экстремистік қылмыстар;

      4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;

      5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;

      6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда бiреуi кiрсе, айыпталушының өз iсiн алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар.

      70) 633-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "633-бап. Алқабиге ықпал етуге жол бермеу

      Бүкiл сот талқылауы барысында іс бойынша төрағалық етушінің, мемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнің, сотталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ процестiң басқа да қатысушыларының осы iстi қарауға қатысатын алқабилермен белгiленген тәртiптен бөлек қарым-қатынас жасауына тыйым салынады.";

      71) 639-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "кейiн" деген сөзден кейін "жабық сот отырысында" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Алқабилерге кандидатты iстi қарауға қатысудан босату туралы мәселенi объективтi түрде шешу мақсатында төрағалық етушi, сондай-ақ тараптар алқабилердi iрiктеу кезiнде кандидаттарға алқабилер алқасын қалыптастыру үшін маңызы бар сұрақтарды қоя алады. Сұрақтарды қою тәртібін төрағалық етуші айқындайды.";

      бесінші бөлік "төрағалық етушi" деген сөздерден кейін "және тараптар" деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші бөліктегі "қосалқы" деген сөз "бірыңғай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      72) 648-бапта:

      екінші бөліктегі "алқабилер жоқ" деген сөздер "алқабилер бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      73) 673-бап мынадай мазмұндағы 8-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "8-1. Тоқтата тұру туралы шешім осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған тоқтата тұрылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізу осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қайта басталады.

      Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізуге іс қабылданған кезден бастап бір айдан асырылмай жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін одан әрі ұзарту осы Кодексте көзделген жалпы негіздерде жүргізіледі.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 12-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мекемелерде қауіпсіз орын ретінде тәртіптік изоляторлар камералары, уақытша оқшаулау үй-жайлары, қамаққа алуды өтеу орындарында – жалғыз адамдық камералар пайдаланылуы мүмкін.";

      2) 14-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға, өлiм жазасына сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа,прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жіберетін шағынымдары жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың әкiмшiлiгi арқылы жiберiледi. Сотталғандар сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жіберетін шағынымдарды электрондық құжат түрінде бере алады. Әкімшіліктер мұндай шағынымдардың сотталғандарға қолжетімді жерлерде мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген тәртіппен берілуін қамтамасыз ететін камералық ұстау жағдайларындағы мекемелерді қоспағанда, мекемелердің әкімшіліктері мұндай шағынымдардың бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тікелей тұратын орындарында берілуін қамтамасыз етеді. Өзге жаза түрлерiне және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталғандар шағынымдарын өздерi жiбередi.

      2. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда олардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағынымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Пошта жәшіктеріне салынған шағынымдарды прокурор жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен аптасына бір реттік кезеңділікпен алып отырады, бұл жөнінде акт жасалады. Арнайы пошта жәшіктері жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында және үй-жайларында сотталғандарға қолжетімді жерлерде орнатылады.

      3. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға, өлiм жазасына сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберетін шағынымдары бақылануға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей адресатқа жiберiледi.";

      3) 16-баптың бірінші бөлігі 18) тармақшасындағы "қағидаларын бекітеді." деген сөздер "қағидаларын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді.";

      4) 25-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шетелдіктің келгені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі.";

      5) 52-баптың бірінші бөлігіндегі "жиырмадан қырыққа" деген сөздер "оннан елуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 53-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "айына" деген сөз "тоқсанына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 56-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "айына" деген сөз "тоқсанына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 60-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден жалтарып жүрген сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін – қамаққа алумен, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығын шектеумен не бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыну жібереді.";

      9) 86-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "мен жеделхаттар" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 88-бапта:

      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сотталған адамды осы бөліктің 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ауыстыру туралы қабылданған шешім жөнінде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша нысанда прокурорды хабардар етуге міндетті.";

      4-1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған кезде, ол әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау мақсатында өзінің өтініші бойынша не өзінің келісімімен тиісті түрдегі басқа мекемеде орын болса, соған ауыстырылуға жатады.

      Осы баптың үшінші бөлігіне, төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген немесе ауыстырылған сотталған адам үшін – теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы, ал осы баптың төртінші бөлігінің 4) тармақшасы негізінде ауыстырылған сотталған адам үшін оң мінез-құлық дәрежесінің болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып табылады.

      Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары құжатпен расталады.

      Сотталған адамды әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау үшін ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      11) 89-баптың жетінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне және 96-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес жiберiлген сотталғандар өтейді.";

      12) 90-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығы туындаған жағдайда, қауіпсіздігі аралас мекеменің әкімшілігі осы Кодекстің 162-бабының бірінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-шараларды орындауға міндетті.";

      13) 91-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сотталғандардың орнын ауыстырған кезде олар бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларына сәйкес маусым бойынша киіммен, аяқкиіммен, сондай-ақ сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.";

      14) 92-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуі тағайындалған, бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар қауіпсіздігі аралас мекемелерде немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім олардың келісімімен, мекеме комиссиясы материалдарының негізінде қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

      Сотталған адамды толық қауіпсіз мекемеге жіберу оның бастығымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Сотталған адамды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру не толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      алтыншы бөліктегі "үшінші, төртінші және бесінші" деген сөздер "үшінші және төртінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бір жыл iшiнде екі қысқа мерзiмдi және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға;";

      15) 93-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Әрбір сотталған адамға жеке іс арналады.

      Бұл ретте жеке істерді есепке алу жазбалары жариялануға жатпайды және кәсіптік міндеттері осындай есепке алу деректеріне қолжетімділіктің болуын талап ететін адамдарға ғана беріледі.";

      16) 94-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы бөліктің күші қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге қолданылмайды.";

      17) 95-бапта:

      үшінші бөліктегі "сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болуы;" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кемінде бір көтермелеуі, бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі екінші оң мінез-құлық;

      3) кемінде бір көтермелеуі, екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір және одан көп жыл бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;";

      18) 96-бапта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сотталғандар сот үкімі, қаулысы бойынша тағайындалған мерзiмнiң кемiнде жартысын толық қауіпсіз мекемеде өтегеннен кейін – толық қауіпсіз мекемеден төтенше қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары немесе орташа қауіпсіз мекемеге;";

      үшінші бөліктің 2) тармақшасындағы "мекемеге;" деген сөз "мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "3-1. Дәрежесі үшінші теріс мінез-құлыққа ие және осы Кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты сотқа орташа, барынша жоғары және төтенше қауіпсіз мекемеден – олар толық қауіпсіз мекемеге қайдан жiберiлсе, сол қауіпсіздік түрiндегi мекемеде жазаның қалған мерзiмiн өтей отырып, үш жылдан аспайтын мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.

      Бұл ретте сотқа ұсыну сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы қаскөйлікпен бұзушылығы үшін өзіне жеке адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасы қолданылғаннан кейін жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылықты жасаған жағдайда енгізіледі.

      Сотталған жүкті әйелдерге және жанында жас балалары бар сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедек болып табылатын сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.

      3-2. Мекеме әкімшілігі осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінде көзделген мекеменің түрін өзгерту туралы ұсынумен сотқа жүгінген жағдайда, мұндай ұсыну мен материалдардың көшірмелері келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      "8. Егер сотталған адамды мекемеден осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінің тәртібімен ауыстыруға негіз болған тәртіптік жазаның күшін прокурор немесе сот жойса, мекеме әкімшілігі мекеменің түрін сотталған адам ауыстырылған қауіпсіздік түріндегі мекемеге өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхатпен жүгінуге міндетті, ал сотталушы құқылы.";

      19) 102-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, прокурорды қауіпсіздік шараларының қолданылуы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.";

      20) 104-бапта:

      бірінші бөлік 5) тармақшасындағы "иелік етуге құқығы бар." деген сөздер "иелік етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) өзіне қатысты есепке алу жазбаларына қол жеткізуге, сондай-ақ мұндай есепке алу жазбаларының ресми көшірмелерін алуға құқығы бар.";

      үшінші бөліктің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жұбайын (зайыбын) және жақын туыстарын, сондай-ақ сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандармен телефон арқылы сөйлесуге;";

      21) 105-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе банктік төлем карточкаларындағы қаражат есебінен шектеусіз қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға құқылы.";

      22) 108-бапта:

      бірінші бөліктегі "мен жеделхаттар" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөлік "орташа қауіпсіз" деген сөздерден кейін "және қауіпсіздігі аралас" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толтырылсын:

      "7. Сотталған адам мекемеден кеткеннен кейін оның атына келіп түскен хаттар үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, оның жазасын өтеу орны бойынша жөнелтіледі.";

      23) 119-бап мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

      "10. Еңбек объектілерінде ұжымдық еңбек даулары, төтенше жағдайлар және оқиғалар туындаған жағдайда мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды және прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган және прокурор мұндай хабарламаны алған соң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.";

      24) 127-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген, емдеу-профилактикалық мекемелерінде, тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда, уақытша оқшаулау үй-жайларында жатқан, сондай-ақ мекемелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға өз бетінше бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу үшін жағдайлар жасалады.

      5. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм алуға ұмтылыс көтермеленеді және сотталғандардың мінез-құлық дәрежесін айқындау және мінездемелерін жасау кезiнде ескерiледi.";

      25) 131-бапта:

      бірінші бөлікте:

      3) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "алты" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Сотталған адамға қатысты жазалау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      26) 132-бапта:

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Тәртіптік изоляторда және жалғыз адамдық камерада ұстау мерзімі көрсетілген үй-жайларға нақты жабылған күннен бастап есептеледі.";

      алтыншы бөлік алып тасталсын;

      жетінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы бұзушылығы үшін тәртіптік изоляторға жабу түріндегі жазасы бар сотталған адамға қатысты ғана жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасын қолдануға жол беріледі.";

      27) 141-бапта:

      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалары болмаған кезде кемінде он жылдан кейін жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына ауыстыру жүргiзiледi.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;

      2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;

      3) бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді кездесу алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Жеңiлдетiлген жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты жеті айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жұмсауға;

      2) бір жыл ішінде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;

      3) бір жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "8. Қатаң жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;

      2) бір жыл ішінде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;

      3) бір жыл iшiнде екі қысқа мерзiмдi кездесу алуға құқылы.";

      28) 143-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сотталғандардың:

      1) мобильді байланыс құралдарын;

      2) компьютерлік жабдықты, аудио-, фото- және бейнежазу функциялары бар құралдарды;

      3) атыс қаруын және суық қаруды;

      4) жарылу қаупі бар және жарылғыш заттарды;

      5) есірткі немесе психотроптық заттарды;

      6) әскери үлгідегі киімді;

      7) алкогольдік ішімдіктердің барлық түрін;

      8) дәрігердің рұқсатынсыз құрамында есірткі бар медициналық препараттарды қоспағанда, нәрселер мен заттарды мекеменің аумағына әкелуіне, пайдалануына және сақтауына рұқсат етіледі.";

      бесінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңда өз отбасымен тұруға рұқсат беру не одан бас тарту, сондай-ақ осы құқықты ұзарту не оның күшін жою мекеме бастығының не мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес оны алмастыратын адамның қаулысымен ресімделеді. Қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      29) 147-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сотталғандарды ұстауға арналған камералар санитариялық талаптарға сәйкес жабдықталады.";

      30) 150-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шешімнің көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      31) 154-бапта:

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Сотталған адамға қатысты жазалау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "6. Сотталғандар уақытша оқшаулау үй-жайынан емдеу-профилактикалық мекемелерге, сондай-ақ медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына ауыстырылған жағдайда, олардың көрсетілген емдеу мекемелерінде болу мерзімі жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.";

      32) 170-баптың екінші бөлігіндегі "оған" деген сөз "оған және прокурорға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 423-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "423-бап. Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау";

      2) 54-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге басқа қатысушылардың өтінішхаты бойынша осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған адамның мінез-құлқына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:";

      3) 64-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Егер осы Кодекстің 73, 73-1 немесе 73-2-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар жәбірленушілермен, арыз иелерімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірген зиянын жуып-шайса, сот оларды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.";

      4) 73-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 73-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер –

      ескерту жасауға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және (немесе) 1-1-бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 73-2-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер –

      ескерту жасауға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және (немесе) 1-1-бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 423-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "423-бап. Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау

      Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау –

      лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды насихаттау деп айқындалмаған адамдар тобында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, ұсынылу нысаны мен тәсіліне қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар туралы, оларды әзiрлеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы, есiрткi, психотроптық заттар мен сол тектестердің жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары туралы және пайдасы туралы кез келген мәліметтерді таратуды немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауды түсiнген жөн.

      2. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, айқындалмаған адамдар тобына арналған және есірткі және психотроптық заттарға, сол тектестерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың заңсыз тұтынылуына және өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы ақпаратты кез келген жерде, кез келген нысанда, кез келген тәсілмен таратуды және (немесе) орналастыруды түсінген жөн.";

      8) 517-бапта:

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.

      3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

      1) үш тәулік ішінде –

      ескерту жасауға алып келеді;

      2) үш тәуліктен астам бес тәулік өткенге дейін –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді;

      3) бес тәуліктен астам он тәулік өткенге дейін –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.";

      бесінші бөліктің бірінші абзацындағы "және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында" деген сөздер алып тасталсын;

      алтыншы бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші және үшінші бөліктерінде" деген сөздер "үшінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 518-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тiркеу не олардың" деген сөздер "шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайға нақты тұратын жерінің сәйкес келмеуі" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;

      10) 608-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

      3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.";

      төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;

      11) 612-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "бес" деген сөздің алдынан "ескерту жасауға не" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "он бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-1-бөліктің екінші абзацы "айыппұл салуға" деген сөздерден кейін "не он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 613-бапта:

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.";

      алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын;

      тоғызыншы бөліктегі "жиырма" деген сөз "жиырма бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "жетінші, сегізінші," деген сөздер алып тасталсын;

      13) 669-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "669-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау

      1. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау –

      жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не жеті тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      14) 684-баптың бірінші бөлігінде:

      "611 (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "612 (үшінші және 4-1-бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздер "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 685-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "517 (үшінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "612" деген цифрлар "612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің 4) тармақшасындағы "612 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде)" деген сөздер "612 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 716-баптың бірінші бөлігіндегі "612" деген цифрлар "612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 720-баптың екінші бөлігіндегі "612 (бірінші, үшінші және 4-1-бөліктерінде)" деген сөздер "612 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 726-баптың үшінші бөлігіндегі "517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер 517 (үшінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 727-баптың бірінші бөлігіндегі "612" деген цифрлар "612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 804-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшада:

      "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "667-баптарында" деген сөздер "73-1 (бірінші бөлігі), 73-2 (бірінші бөлігі), 434, 652, 667-баптарында" деген сөздермен, "506, 652-баптары" деген сөздер "506-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      56) тармақшадағы "669" деген цифрлар "669 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат):

      17-баптың 6) тармақшасындағы "ерекше" деген сөз алып тасталсын.

      7. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 21, 102-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат):

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстық іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттарды анықтау;";

      2) 11-баптың 4-тармағы "2)," деген цифрдан кейін "3), 4)," цифрлармен толықтырылсын;

      3) 12-баптың 4-тармағының 1) тармақшасында:

      "128 (бірінші бөлігі), 134 (бірінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;

      "188 (екінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "188-1 (бірінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "216 (бірінші бөлігі)" деген сөздер "216 (бірінші және екінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "233 (екінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;

      "245 (бірінші бөлігі)" деген сөздер "245 (бірінші және екінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "361 (екінші бөлігі)" деген сөздер "361 (үшінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "362 (екінші бөлігі)" деген сөздер "362 (бірінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат):

      1) 4-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      2) 22-бапта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.";

      бесінші бөлік алып тасталсын;

      3) 26-баптағы "яғни тұруға құқық беретiн құжаттарсыз тұрған немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатқан, тiркелудiң немесе жүрiп-тұру мен тұрғылықты жер таңдап алудың белгiленген тәртiбiн сақтамаған" деген сөздер "жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):

      6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.".

      10. "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 23, 88-құжат):

      24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласындағы насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу

      1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттауға, яғни айқындалмаған адамдар тобында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, ұсынылу нысаны мен тәсіліне қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар туралы, оларды әзiрлеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы, есiрткi, психотроптық заттар мен сол тектестердің жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары туралы және пайдасы туралы кез келген мәліметтерді таратуға немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.

      2. Қазақстан Республикасында бақылануға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар (I кесте), сондай-ақ прекурсорлар (IV кесте) тiзiміне енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалауға, яғни айқындалмаған адамдар тобына арналған және есірткі және психотроптық заттарға, сол тектестерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың заңсыз тұтынылуы мен өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы, кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда кез келген жерде таратылатын және (немесе) орналастырылатын ақпаратқа тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасында бақылануға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар (II және III кестелер) тiзiміне енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалау медицина және фармацевтика жұмыскерлерiне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Құрамында есiрткi немесе психотроптық заттар, сол тектестер бар дәрiлік препараттардың үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.

      3. Осы бапта белгiленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.".

      11. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 53, 56-құжаттар):

      1) 17-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші және екінші сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ұстап алынған кезінен бастап қорғаушымен оңаша және құпия кездесулер беріледі. Кездесулердің саны мен ұзақтығы шектелмейді.";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) соттың қаулысын, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын, сондай-ақ өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша – қорғаушылар ретінде іске қатысушы өзге де адамдармен;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) қылмыстық процесті жүргізетін органның шешімін көрсетуі бойынша – шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің ресми өкілімен кездесуге рұқсат беріледі.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыстық процесті жүргізетін адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың туыстарымен және өзге де адамдармен – айына екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандардың үш реттен аспайтын, әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін болатын кездесуіне рұқсат берілуі мүмкін.

      3. Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не мәліметтерді беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесу мерзімінен бұрын үзіледі.";

      4-тармақ алып тасталсын.

      2) 46-6-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, фотоға түсіруді жүргізу, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің ресми өкілдерінің өздері өкілдік ететін мемлекеттің азаматы болып табылатын шетелдікке келу тәртібі, сондай-ақ алып қойылуға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалады.

      3. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына – тұрғылықты жері бойынша, ал шетелдікті орналастырған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге өкілдігіне де хабарлайды.".

      12. "Алқабилер туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 2, 18-құжат):

      16-баптың 1-тармағындағы "облыстық және оған теңестiрілген сот судьясының" деген сөздер "аудандық сот және оған теңестiрілген сот судьясының (1 жылға дейін өтілі бар)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат):

      28-баптың 1-тармағында:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы шешім қабылданған немесе қасақана қылмыстары үшін екі және одан да көп рет бас бостандығынан айыруға сотталған;";

      мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) соттың қылмыстық жаза тағайындап және жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр науқасына байланысты жазаны өтеуден босата отырып, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы айыптау үкімі шығарылған;

      8) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған сотталғандарды ауыр науқасына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы сот шешімі қабылданған адам қойылады.".

      14. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) алғашқы кәсіптік даярлық – құқық қорғау органдарына қызметке бірінші рет кіріп жатқан адамдар үшін кәсіптік дағдылар алуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;

      1-1) аттестаттаудан кейінгі дамыту – құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау нәтижелері бойынша оның дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) ауыстыру – қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;";

      4-2) және 4-3) тармақшалар алып тасталсын;

      12-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-3) тәлімгер – тағылымдамадан өту кезеңіндегі қызметте кандидатқа бекітіп берілетін қызметкер;";

      2) 6-бапта:

      2-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және құқық қорғау органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өтеді.";

      3) 7-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Құқық қорғау органдарына қызметке кіру, алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамдарды қоспағанда, кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші және оның кәсіптік құзыреттерге сай келу дәрежесі ескеріле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған адамдарды қоспағанда, қызметке кандидаттар тағылымдамадан өтуге міндетті.

      Кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.

      Конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, конкурс пен тағылымдама өткізу шарттары мен тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

      Құқық қорғау органдарының орталық аппараттарында, ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.

      Конкурстық іріктеуден не алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпеген азаматтарды лауазымға қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Құқық қорғау органдарына қызметке қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына кіру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.

      Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Ішкі істер органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ішкі істер органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      4) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдарды қызметке қабылдау құқық қорғау органдарының кадрына алу арқылы жүзеге асырылады. Лауазымға тағайындау құқық қорғау органының кадрына алынған күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.";

      5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық

      1. Құқық қорғау органдарына қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына бірінші рет кіретін адамдар құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

      2. Алғашқы кәсіптік даярлық құқық қорғау органының қызмет бағыттарына қарай оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      Құқық қорғау органы алғашқы кәсіптік даярлық үшін кадрларға қажеттілікті кадрлық болжам негізінде айқындайды.

      3. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін адамдармен келісімшарт жасалады.

      Келісімшартта алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін адамның, құқық қорғау органының және құқық қорғау органы білім беру ұйымының өзара міндеттемелері мен жауаптылығы белгіленеді, сондай-ақ алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында одан әрі қызметті өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді. Келісімшарт қабылдау комиссиясының құқық қорғау органының білім беру ұйымына қабылдау туралы шешімінен кейін жасалады.

      4. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдар бюджет қаражаты есебінен тамақпен және тұру орнымен қамтамасыз етіледі.

      Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін адамдарға алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде стипендия төленеді, оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      5. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар қызмет бағыты бойынша даярлық өткізілген құқық қорғау органының кадрына алынады.

      Алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамды құқық қорғау органында лауазымға тағайындау кезінде алғашқы кәсіптік даярлықтан өту мерзімі құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарға) есептеледі.

      6. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.

      7. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адам құқық қорғау органында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан не үлгермеуіне және (немесе) тәртіп бұзуына байланысты, сондай-ақ өз еркімен құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда, ол даярлыққа, өзін даярлау кезеңінде стипендия төлеуге, тамағы мен тұру орнына жұмсалған бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекетке өтеуге міндетті.

      Бұл міндет үш жыл ішінде әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе жарамдылығы шектеулі екені туралы қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы бойынша не құқық қорғау органы штатының қысқартылуына, оны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты қызметтен шығарған жағдайда, оны басқа лауазымда пайдалану, сондай-ақ басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда қызметкерге қолданылмайды.

      8. Алғашқы кәсіптік даярлықтан:

      құқық қорғау органдарына қызметке кіретін және аға және жоғары басшы құрам лауазымына тағайындалатын адамдар;

      осы Заңның 7-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар;

      бұрын арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар өтпейді.

      9. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға осы Заңның 16-бабы 1-тармағы 1), 5), 8), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларының, 17-бабының 1-тармағы 5), 6), 7) және 8) тармақшаларының және 3-тармағының күші қолданылмайды.";

      6) 12-баптың 1 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшiн тиiстi лауазымға тағайындаумен қатар үш айға дейін сынақ мерзiмi белгіленеді.

      Сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттандырарлықсыз болған кезде құқық қорғау органы басшысының немесе тиісті лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті басшының шешімі бойынша сынақ мерзімі кейіннен қайтадан ұзартылмай, үш айға ұзартылады.";

      "7. Мыналарға:

      1) құқық қорғау органдарына қызметке кіретін және аға және жоғары басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға;

      2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының түлектеріне;

      3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамдарға;

      4) бұрын құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдарға;

      5) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды немесе өз өкілеттігін тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларға сынақ мерзiмi белгiленбейдi.";

      7) 20-баптың 2-тармағының екінші бөлігі "атыс қаруын" деген сөздерден кейін "және өзге де қаруды" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 22-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Орта және аға басшы құрамның бірінші және кезекті біліктілік сыныптарын:

      1) 4-санатты біліктілік сыныбына дейін қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы;

      2) 1-санатты біліктілік сыныбына дейін қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы белгілейді.";

      9) 23-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орта және аға басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы береді.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітірген, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған азаматтарға беріледі.";

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жоғары бiлiмi бар, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен және орта немесе аға басшы құрам лауазымдарына тағайындалған адамдарға берiледi.";

      5-1-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) капитанға, 1-сыныпты заңгерге дейін қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы;";

      10) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде немесе біліктілік сыныптарында еңбек сiңiрген жылдары мерзiмдерiн тоқтата тұру

      1. Қызметкерлерге кезектi арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптары тиiсiнше құқық қорғау органының қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейiн, алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда, қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлгенге, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанға, ақтау үкiмi заңды күшiне енгенге, қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн берiлмейдi (белгіленбейді).

      2. Тәртiптiк жаза қолданудың құқыққа сыйымсыздығы туралы шешiм шығарылған немесе қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлген, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда қызметкерлерге кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы атқаратын штат лауазымы бойынша атаққа, сыныптық шенге немесе біліктілік сыныбына кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы сәйкес болған кезде, оларды беру (белгілеу) мерзiмi басталған кезден бастап берiледi (белгіленеді).";

      11) 41-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Егер қызметкер арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдегерлік қызмет органдарындағы қызметтен, әскери қызметтен шығарылған немесе іссапарға жіберілген күннен бастап және оны құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтпесе, оның көрсетілген кезеңде өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, құқық қорғау қызметінің өтілі үздіксіз болып есептеледі.";

      12) 44-бап 4) тармақшасындағы "болған жағдайларда құқық қорғау қызметін өткере алады." деген сөздер "болған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін құқық қорғау органының кадрына алынған жағдайларда құқық қорғау қызметін өткере алады.";

      13) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкерлердің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетін ақшалай жабдықталымды және қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыларды қамтиды.

      Қызметкерлерге қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақылар белгілеу тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.";

      14) 84-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Құқық қорғау қызметіне кірген кезде қатардағы, кіші және орта басшы құрамның лауазымдарына конкурстық негізде орналасу 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.

      Осы Заңның 41-бабының 5-тармағы ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.".

      15. "Медиация туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.".

      2) 14-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

      3) 16-баптың 5-тармағы алып тасталсын.

      16. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 19) тармақшасындағы "(тіркеу)" деген сөз алып тасталсын;

      2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көшіп келушілер визаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

      Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен, жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алған көшіп келушілерге қолданылмайды.

      Уақытша тұруға арналған рұқсатты ресімдеген көшіп келушілер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

      Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.";

      3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу

      Уақытша тұруға арналған рұқсат:

      1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;

      2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;

      3) көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушыларды алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;

      4) көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;

      5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.

      Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар өздеріне келген көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына үш күн ішінде хабарлауға міндетті.";

      4) 7-бапта:

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына өтініш жасайды. Заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алуға өтініш жасаған көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.";

      5) 9-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ақпарат беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;";

      2-1) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;";

      6) 14-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 33-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 43-2-бапта:

      1-тармақтың бесінші бөлігіндегі "еңбекші көшіп келушілерді тіркеу" деген сөздер "уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді, еңбекші көшіп келушілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "тіркеу," деген сөз алып тасталсын;

      9) 48-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.".

      17. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат):

      35-баптың 5-тармағы 5) тармақшасындағы "кезеңге беріледі." деген сөздер "кезеңге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.".

      18. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың 1-тармағының 21) тармақшасындағы "және оларды тіркеу" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 15-баптың 2-тармағындағы "бастапқы арнайы оқыту" деген сөздер "алғашқы кәсіптік даярлау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      2-қосымша мынадай мазмұндағы 86-1-жолмен толықтырылсын:

      "

86-1.

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу 

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы шешім

Иеліктен шығарылмайтын;
рұқсаттың қолданылу мерзімі 1 жыл

  ".

      20. "Пробация туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 128-құжат):

      10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді атқарады.".

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 12) тармақшасын;

      2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады