1-бап. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жол қоры туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2701 U952701_ заң күші бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 151-құжат; 1998 жылғы 11 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жол қоры
туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 8 маусымдағы Z980231_ Қазақстан Республикасының Заңы). 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" 1995 жылғы 15 маусымдағы N 2329 U952329_ заң күші бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 60-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат). 2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Қобдалиева Н.М.)