"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 26 шілде N 463-I


      1-бап. "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылға 1 сәуірдегі Z990357_ Қазақстан Республикасының Заңына (1999 жылы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылы 2 сәуірде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1-бапта:
      екінші абзацтағы "жергілікті атқарушы органдар мен оларға бағынысты мемлекеттік мекемелер" деген сөздер "жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "орталық атқарушы органдар" деген сөздерден кейін "мен өзге де орталық мемлекеттік органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "бюджеттік заңдар - Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларынан, осы Заңнан, тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңнан, тиісті жылға арналған жергілікті бюджет туралы маслихаттардың шешімдерінен және бюджеттік рәсімдер мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады;";
      оныншы абзацтағы "заң актісімен" деген сөздер "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он бірінші, он екінші, он төртінші абзацтар алып тасталсын;
      он бесінші абзацтағы "жергілікті бюджеттің" деген сөздер "облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы - облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің заем туралы шарт (келісім) немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы нысанындағы заемдарды тарту, алу, орналастыру, оларға қызмет ету және оларды өтеу процесі;";
      жиырма бірінші абзацтағы "қайтарымды" деген сөзден кейін "және ақылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      жиырма бесінші, жиырма алтыншы, отызыншы, отыз бірінші абзацтар алып тасталсын;
      отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет профициті - бюджет түсімдері жалпы сомасының шығыстар және қайтарымды негізде берілетін кредиттер көлемінен асып түсуі. Республикалық бюджеттің бекітілетін профицитінің мөлшері - ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге шаққанда процент есебімен; ал облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің профициті ұлттық валютамен көрсетіледі;";
      қырқыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "субвенциялар" - жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттерге заң актілерімен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде беретін ресми трансферттері;";
      қырық екінші абзацтағы "өткен қаржы жылында бекітілген қаржыландыруымен қамтамасыз етілмеген бюджеттік шығыстар бойынша" деген сөздер "өткен қаржы жылында бекітілген қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бюджеттік шығыстар бойынша, сондай-ақ ресми трансферттерді бюджеттерге есептеу бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қырық бесінші абзацтағы "қайтаруды" деген сөз "өтеуді" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. 5-баптың 6) тармақшасындағы "жергілікті атқарушы органдардың қарыз

алуы жөніндегі" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдар тартатын 
заемдар жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын.
     3. 7-бапта:
     1) тармақшаның а) тармақшасында:
     отыз бесінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің 
алдынан "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен 
жоғары жиілік құрылғыларды пайдалануға беруге байланысты төлемдерді қоса 
алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
     отыз жетінші абзацтың жаңа редакциясы қазақша мәтінде өзгеріссіз 
қалады;
     мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "жануарлар дүниесін қорғау және көбейту үшін төлемдер;";
     1) тармақшаның б) тармақшасында:
     мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:


      "50% мөлшеріндегі табиғатты пайдаланушылардың келтірілген зиянның

орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған қаражат, қоршаған ортаны 
қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынған айыппұлдар, аңшылықтың және 
балық аулаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз алынған өнімдерді сатудан 
түскен қаражат;".
     4. 8-бапта:
     1-тармақта:
     бірінші абзацтағы "кезеңділігін" деген сөз "тәртібі мен кезеңділігін" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     екінші абзацтағы "ай сайын" деген сөздер алып тасталсын;
     2-тармақтағы "азайтылады" деген сөз "азайтылуы мүмкін" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
     "2-1. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге 
берілетін бюджеттік алулардың тәртібі мен кезеңділігін және облыстық 
бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне субвенциялар бөлудің 
шарттарын облыстардың әкімдері белгілейді және аудандық (қалалық) 
мәслихаттармен келісе отырып облыстық мәслихаттар бекітеді.".
     5. 9-баптың 1-тармағында:
     мынадай мазмұндағы жиырма төртінші - жиырма алтыншы абзацтармен 
толықтырылсын:
     "фельдъегерлік байланысты;
     республикалық деңгейдегі жобалау-іздестіру жұмыстарын;
     республикалық маңызы бар жол жүйесін пайдалануды, салуды және 
жаңғыртуды;".
     жиырма алтыншы абзацта "үкіметтік" деген сөз "мемлекеттік" деген 
сөзбен ауыстырылсын.
     6. 10-бапта:
     1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:


      "Тиісті жылға арналған облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы жергілікті атқарушы органның осы жылға белгіленген қарыз алу лимитінен аса алмайды.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Облыстық өкілді органдар облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттері арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне берілетін субвенциялар мен аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге берілетін бюджеттік алынымдардың мерзімді мөлшерлерін бекітеді.".
      7. 11-бапта:
      1) тармақшаның б) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "50% мөлшеріндегі табиғатты пайдаланушылардан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған қаражат, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынған айыппұлдар, аңшылықтың және балық аулаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз олжаланған өнімдерді сатудан түскен қаражат;";
      2) тармақшаның екінші абзацы "жоғары тұрған" деген сөздерден кейін "және төменгі" деген сөздермен толықтырылсын.
      8. 3-тараудың тақырыбындағы "ЖАСАЛУЫ" деген сөз "ӘЗІРЛЕНУІ" деген сөзбен ауыстырылсын.
      9. 14-бапта:
      бұл өзгерістің қазақ тіліндегі мәтінге қатысы жоқ;
      бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимитін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді.";
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бюджеттік көрсеткіштерге сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.".
      10. 15-баптың оныншы абзацында "үкіметтік" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын.
      11. 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін табыс етеді.".
      12. 18-бапта:
      1-тармақтағы "жасау" деген сөз "әзірлеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген түсімдер көлемі мен Қаржы министрлігі жеткізген қарыз алу лимиттері негізінде жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлейді және облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің және арнайы экономикалық аймақтардың қаржылық қорларының (бюджеттерінің) болжамын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне табыс етеді.";
      4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттері арасындағы кірістерді бөлудің бекітілген тұрақты нормативтері негізінде белгіленген облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттері арасындағы кірістерді бөлу нормативтері;";
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аудандық мәслихаттар бюджетті бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде облыстық (қалалық) бюджет және бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жиынтықталған облыстың бюджеті туралы деректерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне табыс етеді.".
      13. 20-баптың екінші абзацында:
      "мемлекеттік" деген сөзден кейін "эмиссиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді" деген сөздер "ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. 21-баптың екінші абзацы алып тасталсын.
      15. 22-бапта:
      бірінші бөлікте:
      ", шет мемлекеттерден" деген сөздер алып тасталсын;
      "үшін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ республикалық бюджеттен кредит алу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жергілікті атқарушы органдардың заем шарттарын жасасу және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.".
      16. 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік мекемелер бағдарлама әкімшісі бекіткен смета шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті берген рұқсат негізінде шығыстар жасайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражат қазынашылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, қаржыландыруды кері қайтарып алуға, тоқтата тұруға хақылы.
      Бюджет қаражатын кері қайтарып алу бағдарламалар әкімшілерінің қазынашылық рұқсатындағы шығыстардың тиісті ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржыландыруды бөлінген қаражатты қазынашылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдалану сомасына азайту арқылы не бюджет қаражатын қазынашылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарына инкассалық өкімдер қою арқылы жүргізіледі.".
      17. 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жергілікті бюджеттердің шоттарын, жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізуді, олар үшін аударылым операцияларын жергілікті атқарушы органдар беретін қаржылық рұқсаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдары жүзеге асырады.
      Бөлінген қаражат қаржылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруды кері қайтарып алуға және тоқтата тұруға құқығы бар.".
      18. 28-баптағы 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есеп беру (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      2. Қаржы жылы ішінде бюджет қаражатын бөлу, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарын ашу және жабу тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді.".
      19. 29-баптың 1-тармағындағы "ағымдағы жылдың" деген сөздер "есепті жылдан кейінгі жылдың" деген сөздермен ауыстырылсын.
      20. 30-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының қазынашылық рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.".
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуы мен бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының қаржылық рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.".

     3-тармақтағы "қалыптастырылуы" деген сөз "әзірленуі" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
     "3-1. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының 
пайдаланылуына ревизия және тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімділігін 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының заң актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар 
белгілейді.".
     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Омарбекова А.Т. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады