Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 16 қараша N 475-I

      1-бап. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1. "Ең төмен тұтыну бюджеті туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қазақ ССР Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., N 25, 324-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 8, 140-құжат; 1995 ж., N 23, 150-құжат).
      2. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің "Ең төмен тұтыну бюджеті туралы" Қазақ ССР Заңын күшіне енгізу туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., N 25, 325-құжат).
      3. "Ең төмен жалақы және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қазақ ССР Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., N 25, 326-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 150-құжат).
      4. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің "Ең төмен жалақы және еңбекке ақы

төлеу саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы" Қазақ ССР 
Заңын күшіне енгізу туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қаулысы 
(Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., N 25, 327-құжат).
     
     2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады