"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 29 қараша N 487-I


      1-бап. "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; 1999 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 30 шілде және 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Z990440_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 24 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Z990463_ 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      26-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен асып кеткен не оны атқару барысында кірісті көздерден алынатын түсімдер төмендеп кеткен жағдайда, бюджет шығыстарын және кредит беруді, бірақ бекітілген соманың 10 процентінен аспайтын, қысқарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, ал 10 проценттен 
жоғарысы республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың тиісті 
шешімдеріне өзгерістер енгізу жолымен қабылданады.".
     
     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады