"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының:
"2001 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен таңбаланған алкоголь өніміне және 1997 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен таңбаланған темекі өнімдеріне және құрамында темекі бар өзге де өнімдерге түгендеуді жүргізу жөніндегі Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 8 тамыздағы N 322 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 22 тамыздағы N 2454 тіркелген);
"Темекі өнімдерін өндіруге лицензия нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 1 маусымдағы N 260 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 22 маусымдағы N 2908 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылы N 33-36, 989-қ., "Ресми газет" газетінде 2004 жылғы 18 желтоқсандағы N 51 (208) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев