2001 жылғы үлгідегi акциздiк алым таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнiмiне және 1997 жылғы үлгідегi акциздiк алым таңбаларымен таңбаланған темекі өнімдеріне және құрамында темекі бар өзге де өнімдерге түгендеудi жүргiзу жөнiндегі Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 8 тамыздағы N 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2454. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 304 бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 304 бұйрығымен.

      "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған 2001 жылғы үлгідегi акциздiк алым таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнiмiне және 1997 жылғы үлгідегi акциздiк алым таңбаларымен таңбаланған темекі өнімдеріне және құрамында темекі бар өзге де өнімдерге түгендеудi жүргiзу жөнiндегі Ережесі бекітілсін.
      2. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері 2003 жылдың 10 тамыз жағдайы бойынша алкоголь өнімі және 2003 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша темекі өнімдерін және құрамында темекі бар өзге де өнімдерді бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімі мен темекі өнімдерінің және құрамында темекі бар өзге де өнімдердің өндірісі мен айналымын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалармен алкоголь өнімі мен темекі өнімдерін және құрамында темекі бар өзге де өнімдерді түгендеуді жүргізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшіліктендіру басқармасы (Р.Ю.Ким) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі     
Салық комитеті Төрағасының
2003 жылғы 8 тамыздағы  
N 322 бұйрығымен бекітілген

2001 жылғы үлгідегi акциздiк алым таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнiмiне және 1997 жылғы үлгідегi акциздiк алым таңбаларымен таңбаланған темекі өнімдеріне және
құрамында темекі бар өзге де өнімдерге
түгендеудi жүргiзу жөнiндегі
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792 қаулысына сәйкес әзiрленген және 2003 жылғы үлгідегi акциздiк алым таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнiмi мен темекі өнімдеріне және құрамында темекі бар өзге де өнімдерге (бұдан әрі - Акцизделетін тауарлар) түгендеудi жүргiзу тәртібін айқындайды.

      2. Акцизделетін тауарларды түгендеу бiр реттiк сипатта болады және Акцизделетін тауарларды бөлшектеп сатуды қоспағанда, Акцизделетін тауарлардың өндiрiсі мен айналымын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - ұйымдар) өз күштерiмен жүргiзедi.

2. Түгендеудi жүргiзу тәртiбi

      3. Акцизделетін тауарларды түгендеудi жүргiзу үшiн әрбiр ұйымда құрамы бес адамнан кем емес комиссия құрылады: комиссия төрағасы (ұйымның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары), акциздік алым таңбалары үшін материалдық-жауапты тұлға және ұйымның басқа қызметкерлері.

      4. Комиссия төрағасы түгендеудi жүргізудің уақтылығы мен тәртібінің сақталуы, Акцизделетін тауарлар туралы олардың шынайы нақты қалдықтары бойынша деректердің түгендеу тізімдеріне (бұдан әрі - тізімдер) енгізулердің толықтығы мен дәлдігі, Акцизделетін тауарлардың атаулары тізімдеріндегі көрсетулер үшін жауап бередi.

      5. Акцизделетін тауарлар туралы деректер (өнiм түрi, саны) екi данада жасалатын тiзiмде жазылады. Тiзiмнiң бiр данасы ұйымның тiркелген орны бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиiстi салық комитеттеріне (бұдан әрі - салық комитеттері) жiберiледi.

      6. Салық комитеттерi түгендеу тiзiмiнде көрсетiлген кез-келген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеруге, сондай-ақ қоймадағы тауарлардың бар болуына iшiнара тексерудi жүзеге асыруға құқылы.
      Тексеру түгендеу комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.

      7. Акцизделетін өнiмiнiң iс жүзiндегi қалдықтары мен тiзiмде көрсетiлген мәлiметтер арасында алшақтықтар (сәйкес келмеушіліктер) байқалған жағдайда, салық комитеттерiнiң қызметкерлерi тексеру актісін жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шаралар қолданылады.
      Анықталған алшақтықтар түзетiлгеннен кейін тiзiмнiң әрбiр парағына түгендеу комиссиясының әрбiр мүшесi әрбiр параққа осы парақта көрсетiлген барлық Акцизделетін тауарлардың жалпы санын жазбаша түрде көрсете отырып, қол қояды.

      8. Акцизделетін тауарлардың өндірісі мен импортын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға тізімде көрсетілген деректерге сәйкес "Алкоголь өнімдеріне (сырадан басқа), темекі өнімдеріне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға арналған акциздік алым таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 134 , 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 2242 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне енгізілген бұйрығымен бекітілген тәртіпке сәйкес 2003 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбалары беріледі.

3. Акциздiк алым таңбаларын жою тәртiбi

      9. Ұйымдарда таңбалау барысында алкоголь өніміне 2001 жылғы үлгiдегi пайдаланылмаған акциздiк алым таңбалары және темекі өніміне және құрамында темекі бар өзге де өнімдерге 1997 жылғы үлгідегі пайдаланылмаған акциздiк алым таңбалары (бұдан әрі - ескі үлгідегі акциздік алым таңбалары) болған жағдайда, олар үшiн жеке акт жасалады.

      10. Ескі үлгідегі пайдаланылмаған акциздiк алым таңбалары жоюға жатады.

      11. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі акциздiк алым таңбаларын жою комиссияның қатысуымен тиiстi салық комитеттерінің бiрiншi басшыларының бұйрығымен белгiленетiн орында пайдаланылмаған акциздiк алым таңбаларын жою жөнiндегi комиссияның (бұдан әрі - жою жөнiндегi комиссия) қатысуымен жүргiзiледi.

      12. Жою жөнiндегi құрамы 5 адамнан кем емес комиссияның құрамын салық комитеттерiнiң бiрiншi басшылары бекiтедi.

      13. Жою жөнiндегi комиссия құрамына мiндеттi түрде бiрiншi басшы немесе онымен уәкiлеттiлік берілген тұлға, бас бухгалтерлер мен салық комитеттерiнiң акциздік алым таңбалары үшін материалды-жауапты тұлғасы және ескі үлгідегі акциздiк алым таңбалары бар ұйымдардың өкiлдерi кiруі тиіс.

      14. Ескі үлгідегі акциздік алым таңбаларының iс жүзiнде жойылғаны туралы екi данада ескі үлгідегі акциздік алым таңбаларын жою актісі (бұдан әрі - жою актісі) жасалады, онда осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескі үлгідегі жойылған акциздік алым таңбаларының нөмiрi мен саны көрсетіледі. Жою актісінің әрбір данасына комиссия мүшелері қол қояды және ол салық комитеттерінің мөрімен расталады.
      Жою актісінің бір данасы салық комитеттерінде қалады, ал жою актісінің екінші данасы ұйымға табысталады.

2001 жылғы үлгідегi акциздiк алым 
таңбаларымен таңбаланған алкоголь 
өнiмiне, 1997 жылғы үлгідегi   
акциздiк алым таңбаларымен темекі
өніміне және құрамында темекі бар
өзге де өнімдерге түгендеудi  
жүргiзу жөнiндегі Ережесіне   
қосымша             

Ескі үлгідегі акциздiк алым таңбаларын жою актісі

      "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792 қаулысына сәйкес бiздер, мына құрамдағы комиссия:_____________________________________________
мөлшерi _____________________________________________________ дана
болатын ескі үлгідегі акциздiк алым таңбаларын жоюды жүргiздiк.
      оның iшiнде:
арақ:
__________________                __________________________дана
(сыйымдылығы, сериясы, нөмірі)        (саны, жазумен)

күшті алкогольді ішімдіктер
__________________                __________________________дана
(сыйымдылығы, сериясы, нөмірі)        (саны, жазумен)

әлсіз алкогольді iшiмдiктер
__________________                __________________________дана
(сыйымдылығы, сериясы, нөмірі)        (саны, жазумен)

шарап
__________________                __________________________дана
(сыйымдылығы, сериясы, нөмірі)        (саны, жазумен)

коньяк
__________________                __________________________дана
(сыйымдылығы, сериясы, нөмірі)        (саны, жазумен)

Комиссия төрағасы:
      1) ____________________     ________________________
         (Аты-жөнi, лауазымы)              (қолы)

Комиссия мүшелерi:
      2) ____________________     ________________________
         (Аты-жөнi, лауазымы)              (қолы)
      3) ____________________     ________________________
         (Аты-жөнi, лауазымы)              (қолы)
      4) ____________________     ________________________
         (Аты-жөнi, лауазымы)              (қолы)
      5) ____________________     ________________________
         (Аты-жөнi, лауазымы)              (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады