Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 289 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6250 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 17-03/504 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.05 № 17-03/504 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Күрішбаев 

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі  
№ 289 бұйрығымен бекітілген

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6)-тармақшасына сәйкес әзірленді және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібін айқындайды.
      2. Қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қорық әкімшілігі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес арнайы бөлінген учаскелерде ұйымдастырады.
      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау арнайы бөлінген учаскелерде бағалы балық түрлерінің 1 мамырдан 1 шілдеге дейінгі уылдырық шашу кезеңінен басқа, 1 ақпаннан 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
      4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган және/немесе оның аумақтық органдары ғылыми ұйымдармен келісім бойынша балық аулауды бастауды неғұрлым ерте немесе кеш мерзімге, бірақ балық аулау мерзімінің жалпы ұзақтығы шегінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі

      5. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға балық аулаушыда жеке басты куәландыратын құжаттар және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) болған жағдайда жол беріледі.
      6. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдама және түбіртекті қорық әкімшілігі береді және осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорық әкімшілігінің нөмірленген, тігілген және мөр басылған қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналына тіркейді.
      7. Жолдамалар нөмірленеді және қатаң есептілік құжаты болып табылады.
      8. Жолдама ауылдық округтің әкімі беретін тұрғылықты жері туралы анықтама және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген ставкалар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттар болған жағдайда беріледі.
      9. Жолдама 7 күнге дейін мерзімге беріледі, бір жолдамаға ауланатын балық көлемі 5 килограмнан аспайды.
      10. Жоғалған және пайдаланылмаған жолдама қалпына келтірілмейді және ұзартылмайды.
      11. Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулау басталар алдында қорықтың бақылау бекетінде тіркелу үшін осы Ереженің 6-шы тармағына сәйкес қажетті құжаттарды тапсырады.
      12. Арнайы бөлінген әуесқойлық (спорттық) балық аулау учаскелері жергілікті жерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау орындары туралы ақпараты бар көрсеткіш таңбалармен белгіленеді.
      13. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау барлық жүйе мен атаудың (жылтырауық темір, қармақ, жерлицалар, спиннингтер) бір балық аулаушыға 5-тен аспайтын ілгекті қармақтары мен жүргізіледі.
      14. Балық аулаушы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жолдаманың сыртқы бетіндегі кестенің тиісті бағандарын толтырып, ауланған балықтың мөлшері мен түрлері туралы мәліметтер енгізеді.
      15. Балық аулаушының ауланған балығы бақылау бекетінде қорықтың мемлекеттік инспекторына көрсетіледі, ол жолдамаға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, қол қою арқылы куәландырады. Бұл белгі ауланған балықты алып кетуге негіз болып табылады.

Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының күзет аймағында 
жергілікті тұрғындардың  
мұқтажы үшін рұқсат етілетін
әуесқойлық (спорттық) балық
аулау ережесіне 1-қосымша

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген учаскелерінің тізбесі

      1. № 1 учаске. Балық аулау аймағы Урунхайка селосында қорықтың оңтүстік учаскесі – Жуков омартасы және солтүстік-шығысқа қарай шекарадан Тихушка өзенінің сағасындағы шығыс шекараға дейін шығысқа қарай өтетін сызықта орналасқан.
      2. № 2 учаске. Балық аулау аймағы Матабай селосында орналасқан. Учаскенің батыс шекарасы Матабай мүйісі нүктесінде Марқакөл көлінің жағалау жиегімен, шығыс шекарасы - Третий ключ өзенінің сағасымен жанасады.
      3. № 3 учаске. Балық аулау аймағы Қарағайлыбұлақ (Төменгі Еловка) селосында орналасқан. Шығыс шекарасы Қарағайлыбұлақ (Төменгі Еловка) өзенінің сағасымен, батыс шекарасы – Көктерек өзенінің шеткі батыс тармағының сағасымен жанасады.
      4. № 4 учаске. Балық аулау аймағы Жоғарғы Еловка селосында орналасқан. Батыс шекарасы Жоғарғы Еловка өзенінің сағасымен, шығыс шекарасы - Жоғарғы Еловка мүйісімен жанасады.

Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының күзет аймағында 
жергілікті тұрғындардың  
мұқтажы үшін рұқсат етілетін
әуесқойлық (спорттық) балық
аулау ережесіне 2-қосымша 

Нысан

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама     

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
ТҮБІРТЕК № ____
«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» ММ
Кімге берілді
_____________________
      (Т.А.Ж.)
Мөлшері _____ (кг)
Балық түрі
_____________________
Су бөгені мен учаскенің атауы
_____________________
Көлік
_____________________
   (түрі, маркасы,
  мемлекеттік нөмір
       белгісі)
Қолданылу мерзімі:
«_» _____ 200__ж. бастап
«_» _____ 200__ж. дейін
Берілген күні «__»______ 200_ ж.
Жолдаманы алдым, Ережелермен таныстым
_____________________
(Балықшының Т.А.Ж., қолы)
Жолдаманы берген
_____________________
       (Т.А.Ж.)
_______(қолы)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
ЖОЛДАМА №_______
«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» ММ
Кімге берілді
_________________
(Т.А.Ж.)
Мөлшері_____ (кг)
Балық түрі______
Су бөгені мен учаскенің атауы____
Көлік _____________
(түрі, маркасы, мемлекеттік нөмір белгісі)
Қолданылу мерзімі:
«__» _____ 200__ж. бастап
«__» _____ 200__ж. дейін
Берілген күні «__»________ 200_ж.
МТҚ аумағына кіру кезінде көлікті тексерген меминспектор _____
(Т.А.Ж., қолы)
МТҚ аумағынан шығу кезінде көлікті және ауланған балықты тексерген меминспектор
____________________
   (Т.А.Ж., қолы)

ЖОЛДАМАНЫҢ сыртқы беті
Балық аулау туралы мәліметтер

Күні

Балық түрі

Мөлшері (килограмм)










Жиыны:



Балық аулаушы
____________________
(Т.А.Ж.) (қолы)

Марқакөл мемлекеттік табиғи    
қорығының күзет аймағында тұратын
жергілікті халықтың қажеттілігі үшін
рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық)
балық аулау ережесіне 3-қосымша   

Нысан

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналы   

р/с №

Балық аулаушының Т.А.Ж.

Балық аулаушының тұрғылықты жері

Жолдама берілген күн

Жолдадама нөмірі

Жолдаманың қолданылу мерзімі

Су бөгені мен учаскенің атауы

Балық түрі

Мөлшері

Балық аулауды бақылайтын адам (Т.А.Ж.)

Қолдары

дана

килограмм

Жолдама берушінің

Жолдама алушының

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады