«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Денсаулық сақтау желілері, кадрлары және қызметі туралы есеп» (коды 7011204, индексі 1-денсаулық, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 73 бұйрығының күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 наурыздағы № 75 бұйрығы

      1. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 19-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      2.  «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Денсаулық сақтау желілері, кадрлары және қызметі туралы есеп» (коды 7011204, индексі 1-денсаулық, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 73 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6904 болып енгізілген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                          Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады