Табиғи монополиялар және реттеліп көрсетілетін нарық салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 117-НҚ бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережесінің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспасөз басылымдарына жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастан күшіне енеді.

      Төраға                                          M. Оспанов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі
      ___________________Ә. Исекешев
      2013 жылғы «___»_______________

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      _________________ А. Жұмағалиев
      2013 жылғы «___»_______________

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының      
2013 жылғы 16 сәуірдегі    
№ 117-НҚ бұйрығына қосымша 

Табиғи монополиялар және реттеліп көрсетілетін нарық салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 274-ОД бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 тамызда № 2981 тіркелді);
      2. «Табиғи монополия салаларына жатқызылған телекоммуникацииялардың қызметтеріне арналған іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 519-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 2 ақпанда № 3418 тіркелді);
      3. «Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілетін активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 255-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қыркүйекте № 3859 тіркелді);
      4. «Жалпыға кол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 265-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қазанда № 3876 тіркелді);
      5. «Телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 312-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда № 2649 тіркелді);
      6. «Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 228-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 қаңтарда № 5095 тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады