Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 16.04.2013 № 117-НҚ бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің және "Қазпочта" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның | |
міндетін атқарушы |
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің төрағасы
2005 жылғы 7 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2005 жылғы 26 тамыздағы
N 255-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің
қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін
базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Нұсқаулық почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтеріне арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) құрамына кіретін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеуді нақтылайды.
3. Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
құзыретті орган - байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті орталық мемлекеттік орган;
қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (бұдан әрі - ҚАРБ) - табиғи монополия субъектісінің меншігінде немесе өзге заңды негіздерде бар және почта байланысының реттеліп көрсетілетін қызметтерін өндіру және (немесе) ұсыну кезінде пайдаланылатын активтердің құны;
меншікті капитал - почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісінің қатысушыларына немесе акционерлеріне тиесілі, жинақталып бөлінбеген пайда мен резервтік капиталды, қосымша төленген және қосымша төленбеген капиталды қамтитын капитал;
ҚАРБ-ға пайда ставкасы - почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі капиталының құнына сәйкес келетін операциялық пайданың нормасы;
капиталдың құны - заемдық және меншікті қаражаттарға сыйақы ставкасын сипаттайтын, табиғи монополия субъектісінің салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асырумен байланысты инвестициялық және өзге тәуекелдерді көрсететін шама;
уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе белгіленген құзырет шегінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган.
Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. ҚАРБ-ға пайда ставкасын есептеу
4. Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісінің ҚАРБ-ға пайда ставкасы капиталдың орташа өлшенген құнының әдісімен айқындалады:
r e * W e + r d * W d
d = ----------------, мұндағы:
W e + W d
d - пайда ставкасы;
W e - меншікті капитал, теңге;
W d - заемдық капитал, теңге;
r e - меншікті капиталдың құны;
r d - заемдық капиталдың құны.
5. Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісінің меншікті капиталының құны қызметтің осы түріндегі тәуекелдер үшін сыйақыларды жиынтықтай отырып, мына формула бойынша айқындалады:
r e = r f + r s , мұндағы:
r f - тәуекелсіз ставка;
r s - почта байланысының саласы үшін тән тәуекелге арналған сыйлықақы.
6. Тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасының еурооблигациясының немесе тарифті бекітуге өтінім берген күніне немесе уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифті бекіту туралы шешім қабылдаған күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректерінің негізінде айқындалатын Қазақстан Республикасының рейтингісіне ұқсас кредиттік рейтингісі бар елдер шығарған айналымының сол мерзімдегі облигациялардың ағымдағы табыстылығына тең қабылданады.
7. Почта байланысының саласы үшін тән почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсетуден табыстар ысыраптарының мүмкіндігімен байланысты тәуекелдердің негізгі факторлары:
1) почта байланысы саласын дамыту перспективалары;
2) қолданысқа енгізілген активтердің жай-күйі;
3) магистральдық темір жол желілерінің қызметтеріне арналған тарифтердің өзгеруі болып табылады.
8. Почта байланысының саласына тән тәуекелдерді бағалау, тәуекелдердің қорытынды деңгейін және тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықтардың мөлшерін айқындауды Нұсқаулыққа қосымшадағы алгоритмге сай құзыретті орган немесе тәуелсіз сарапшы жүзеге асырады.
Тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықтардың мөлшері туралы түпкілікті шешімді құзыретті орган және/немесе тәуелсіз сарапшы қорытындысының негізінде уәкілетті орган қабылдайды.
9. Заемдық құралдардың құнын бағалау алдын ала элементтік бойынша және орташа өлшенген шама түрінде кейінгі қорытынды бағалау әдісімен мына формула бойынша жүргізіледі:
r d = r dk * W dk + r do * (1 - W dk ), мұндағы:
r dk - соңғы есепті кезеңнің аяғындағы банктік және өзге кредиттердің құны, %;
r do - купон облигациясы немесе облигацияның атаулы пайыздық ставкасы бойынша төленген шама, %;
W dk - почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісінің заемдық капиталындағы есепті кезең аяғындағы айналым қаражаттарын толықтыруға арналған кредиттерді қоспағанда, банктік және өзге кредиттердің үлес салмағы.
10. Банк кредиттерінің құны кредиттің пайыздық ставкасына тең немесе бірнеше кредиттер тартқан жағдайда, тартылған және есепті кезең аяғында почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісінің теңгерімінде бар осы кредиттердің орташа өлшенген құнына тең және мына формула бойынша айқындалады:
, мұндағы:
p і - і кредиті бойынша кредиторға төленетін пайыз;
H - пайдаға салынған салық ставкасы;
n - кредиттердің саны;
W i - i кредитінің кредиттердің жалпы сомасындағы үлесі.
11. Купон облигациясы бойынша төленетін шама немесе оның атаулы құнына пайыздармен көрсетілетін облигацияның атаулы пайыздық ставкасы мынадай формула бойынша анықталады:
C H - C p
C H * p 2 + ---------
t
r do = (-------------------)*(1-H), мұндағы:
C H + C p
---------
2
p 2 - дисконт ставкасы;
C H - облигациялардың атаулы құны;
C p - облигацияларды өткізу бағасы;
t - заем мерзімі (жыл саны).
Почта байланысының жалпыға
қол жетімді қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің қолданысқа
енгізілген активтерінің
реттелетін базасына пайда
ставкасын есептеу жөніндегі
нұсқаулыққа қосымша
Почта байланысының саласы үшін тән тәуекелдердің
қорытынды деңгейін айқындау алгоритмі
N | Тәуекел факторлары | Тәуекелді бағалау | Тәуекелдердің қорытынды деңгейі | ||
төмен | орташа | жоғары | |||
1 | Почта байланысының саласын дамытудың перспективалары | 1 | 2 | 3 | |
2 | Қолданысқа енгізілген активтердің жай-күйі | 1 | 2 | 3 | |
3 | Магистральдық темір жол желілерінің қызметтеріне арналған тарифтердің өзгеруі | 1 | 2 | 3 | |
Тәуекелдің есептік деңгейі (орташа) |
Телекоммуникацияның саласына тән
тәуекелдерді бағалау алгоритмі
N | Тәуекел факторлары | Тәуекелді бағалау | Көріністер |
1 | Почта байланысы қызметінің саласын дамыту перспек- тивалары | төмен | Экономиканы дамытудың жақсы перспективалары, сұранысты көбейту, халықтың табыстарын өсіру, қызметтер көлемінің өсу мүмкіндігі, клиенттердің базасын кеңейту |
орташа | Орташа өңірлік экономикалық өсудің перспективалары; елеулі түрде арттырмастан тұрақты сұраныс күтілуде | ||
жоғары | Құлдыраудың белгілі бір мүмкіндігінің болуы, қуаттардың жетіспеушілігі және қызметтердің көлемін арттыру перспективаларының нақты толық болмауы | ||
2 | Қолданысқа енгізілген активтердің жай-күйі | төмен | Негізгі құралдардың 40 %-ға дейін тозуы |
орташа | Негізгі құралдардың 40 %-дан 70 %-ға дейін тозуы | ||
жоғары | Негізгі құралдардың 70 %-дан астам тозуы | ||
3 | Магистральдық темір жол желілерінің қызметтеріне арналған тарифтердің өзгеруі | төмен | Тарифтердің 50 %-ға дейін өзгеруі |
орташа | Тарифтердің 50 %-дан 100 %-ға дейін өзгеруі | ||
жоғары | Тарифтердің 100 %-дан астам өзгеруі |
Тәуекелдердің қорытынды деңгейі
үшін сыйлықақылар диапазондары
N | Қорытынды тәуекелдерді бағалау диапозондары | Тәуекелдердің қорытынды деңгейі | Сыйлықақылар % |
1 | Төмен | 1 < 1,5 | 1 % |
2 | Орташа | > 1,5 және < 2 | 2 % |
3 | Орташадан жоғары | > 2 және < 2,5 | 3 % |
4 | Жоғары | > 2,5 | 4 % |