Табиғи монополия салаларына жатқызылған телекоммуникациялардың қызметтерiне арналған iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 519-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 2 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3418. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Табиғи монополия салаларына жатқызылған телекоммуникациялардың қызметтерiне арналған iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы


      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия салаларына жатқызылған телекоммуникациялардың қызметтерiне арналған iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаментi (И.Ш. Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.М. Досмағамбет) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:

      1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, "Қазақтелеком", "Транстелеком" акционерлiк қоғамдарының және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының назарына жеткiзсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П. Нефедовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.


Төрағаның міндетін


атқарушы



      Келісілген:

      Қазақстан Республикасының

      Ақпараттандыру және

      байланыс агенттігі

      Төрағасының міндетін атқарушы

      2005 жылғы "___"________

      Қазақстан Республикасы Табиғи   
монополияларды реттеу агенттігі   
төрағасының мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 31 желтоқсандағы     
N 519-НҚ бұйрығымен бекiтiлген  

      Табиғи монополия салаларына жатқызылған

      телекоммуникациялардың қызметтерiне арналған

      iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына

      пайда ставкасын есептеу жөнiндегi нұсқаулық

      1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи монополия салаларына жатқызылған телекоммуникациялардың қызметтерiне арналған iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу жөнiндегi осы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар туралы" және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң 2002-2004 жылдарға арналған тарифтiк саясатты жетiлдiрудiң бағдарламасына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.

      2. Нұсқаулық телекоммуникациялардың қызметтердiң осы түрлерiн, телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiн қоспағанда, ұсынудың технологиялық мүмкiн болмауының не экономикалық мақсатсыздығының себебi бойынша бәсекелес байланыс операторының болмауы жағдайындағы қызметтерге және мүлiктiк жалдауға (жалға беруге) ұсыну жөнiндегi немесе кабельдiк арналар мен телекоммуникациялардың желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялардың желiсiне қосуға технологиялық байланысты өзге де негiзгi құралдарды пайдалану қызметтерiне арналған тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) құрамына кiретiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу тәртiбiн нақтылайды.

      3. Нұсқаулық байланыс оператордың тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы негiздi есептеу мен алу мүмкiндiгi мақсатында әзiрлендi.

      4. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негiзгi ұғымдар:

      пайданың қол жетiмдi деңгейi - табиғи монополия субъектiсiнiң тұтынушыларға арналған өткiзiлетiн қызметтердiң (жұмыстардың, тауарлардың) тиiмдi жұмыс iстеуi және олардың сапасын жақсарту үшiн алуға құқығы бар тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) құрамына кiретiн пайда (салық салынғаннан кейiнгi таза табыс);

      құзыреттi орган - ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлеттi орталық мемлекеттiк орган;

      байланыс операторы - телекоммуникациялардың реттелетiн қызметтерiн ұсыну жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi;

      есептi кезең - тариф (баға, алым ставкасы) жобасын бекiтуге өтiнiм берудiң алдындағы күнгi және (немесе) байланыс операторының тарифтiк смета жобасын ұсынатын күнгi қаржылық жыл;

      тұрақты шығындар - өзгермейтiн сипаты бар және оның өндiрiстiк және өткiзу қызметiнiң көлемiне байланысы жоқ байланыс операторының ағымдағы шығындары;

      iске қосылған активтердiң реттелетiн базасы - байланыс операторының бухгалтерлiк балансында көрсетiлетiн және телекоммуникациялардың реттелетiн қызметтерiн өндiру және (немесе) ұсыну кезiнде пайдаланылатын жеке меншiктегi немесе өзге заңды негiздердегi активтердiң құны;

      меншiк капиталы - қатысушыларға немесе байланыс операторының акционерлерiне тиесiлi, үлестер немесе акциялар санынан тұратын, сондай-ақ жинақталған бөлiнбейтiн пайда мен резервтiк, қосымша төленген және қосымша төленбенген капиталды қамтитын капитал;

      iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда ставкасы - байланыс операторы капиталының құнына сәйкес келетiн операциялық пайданың нормасы;

      капиталдың құны - заемдық меншiк құралдарына сыйақы ставкасын сипаттайтын, табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметтердi жүзеге асыруға байланысты инвестициялық және өзге тәуекелдердi көрсететiн шама;

      телекоммуникациялардың реттелетiн қызметтерi - телекоммуникациялардың қызметтердiң осы түрлерiн, телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiн қоспағанда, ұсынудың технологиялық мүмкiн болмауының не экономикалық мақсатсыздығының себебi бойынша бәсекелес байланыс операторының болмауы жағдайындағы және (немесе) мүлiктiк жалдауға (жалға беруге) ұсыну немесе кабельдiк арнаны және телекоммуникациялардың желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiне қосуға технологиялық байланысты өзге де негiзгi құралдарды пайдалану жөнiндегi қызметтерi;

      уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

      Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      2. Активтердiң реттелетiн базасына

      пайда ставкасын есептеу

      5. Байланыс операторының iске қосылған активтерiнiң реттелетiн базасына пайда ставкасы капиталдың орташа өлшенген құны әдiсiнiң көмегiмен мынадай формула бойынша айқындалады:

      r e * W e + r e * W d

      d= ----------------------- , мұндағы:

      W e + W d

      d - пайда ставкасы;

      W e - меншiк капиталы, теңге;

      W d - заем капиталы, теңге;

      r e - меншiк капиталының құны;

      r d - заем капиталының құны.

      6. Байланыс операторының меншiк капиталының құны қызметтiң осы түрiне арналған қазiргi бар тәуекел үшiн жиынтықты сыйлықақылар мына формула бойынша айқындалады:

      r e = r f + RP , мұндағы:

      r f - тәуекелсiз ставка;

      RP - тәуекелге арналған сыйлықақы.

      7. Тәуекелсiз ставка Қазақстан Республикасының еурооблигациясының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiтуге өтiнiм берген күндегi немесе уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту туралы шешiм шығарған күндегi деректерiнiң негiзiнде айқындалған Қазақстан Республикасының кредиттiк рейтингiсiне ұқсас елдердiң кредиттiк рейтингiмен шығарылған айналымының сол мерзiмдегi облигацияларының ағымдағы табыстылығына тең қолданылады.

      8. Тәуекел үшiн сыйлықақы телекоммуникация салаларының тәуекелдерiне тән сомамен мына формула бойынша айқындалады:

      RP= rp tech + rs + rp op , мұндағы:

      rp tech - технологиялық авариялардың салдарынан ысырап болған табысты жабуға арналған қосымша табыс (сыйлықақы) деңгейi, %;

      rs - телекоммуникация салаларына тән ерекше тәуекелдерге арналған сыйлықақы, %;

      rp op - қызметтердi өткiзуден алынған ақшалай түсiмнiң төмендеуiнен туындаған табыстың ысырабын жабуға арналған қосымша табыс (сыйлықақы) деңгейi, %.

      9. Байланыс операторының өндiрiстiк құзыретiне байланысы жоқ себептер жөнiндегi технологиялық авариялардың салдарынан болған табыс ысырабын жабуға арналған қосымша табыстың (сыйлықақының) деңгейi көзделген табыстың, негiзгi құралдар мен тауар-материалдық қорлардың ысырабына алып келуi мүмкiн телекоммуникация саласындағы "форс-мажорлық" тәуекелдердi растау дәрежесiн көрсетедi. Осы көрсеткiштi есептеу уәкiлеттi орган белгiлеген тиiстi кезең iшiндегi жеке капиталдың тиiстi ысыраптары мен шамасы бойынша ақпарат негiзiнде мына формула бойынша жүргiзiледi:

      1 3 Tech j

      rp tech = -- E --------- , мұндағы:

      3 j=1 C j e

      Tech j - көзделген табыстың және соңғы аяқталған үш жылдағы жылы iшiндегi субъектi активтерiнiң бiр бөлiгiнiң ысырабына алып келген зiлзала зардаптары мен басқа "форс-мажорлық" жағдайлардың нәтижесiндегi ысырап шамасы;

      C j e - соңғы үш жылдың iшiндегi j жылының аяғындағы субъектiнiң меншiк капиталының шамасы.

      10. Телекоммуникация саласына тән ерекше тәуекелдер үшiн сыйлықақы телекоммуникация саласына инвестициялар салуға байланысты қосымша тәуекелдерде көрсетiледi. Телекоммуникация саласының ерекше тәуекелдерi үшiн сыйлықақының шамасын анықтайтын негiзгi факторлар:

      1) телекоммуникация саласын дамыту перспективалары;

      2) телекоммуникация саласындағы мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлiгi;

      3) байланыс операторының негiзгi құралдарының жай-күйi болып табылады.

      11. Телекоммуникация саласына тән ерекше тәуекелдердi объективтi түрде бағалау үшiн осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес ерекше тәуекелдердiң негiзгi факторларын ескеретiн алгоритм пайдаланылады. Телекоммуникация саласының ерекше тәуекелдерiн құзыреттi орган немесе тәуелсiз сарапшылар бағалайды, ерекше тәуекелдер үшiн сыйлықақы мөлшерi туралы түпкiлiктi шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.

      12. Қызметтердi сатудан түскен ақшалай түсiмдi төмендетуге байланысты туындаған табыстың ысырабын жабуға арналған қосымша табыстың (сыйлықақының) деңгейi мынадай формула бойынша айқындалады:

      P* /\ l

      rp op = ------- , мұндағы:

      C e

      Р - қызметтердiң көлемiн төмендету мүмкiндiгi ескерiлмеген ағымдағы кезең iшiндегi операциялық пайданың болжамды шамасы;

      /\ l - операциялық пайданың мүмкiн болатын түсiп кету деңгейi;

      C e - ағымдағы кезең iшiндегi меншiк капиталының орташа шамасы.

      13. Қызметтердiң көлемiн төмендету мүмкiндiгi ескерiлмеген ағымдағы кезең iшiндегi пайданың болжамды шамасы мына формула бойынша айқындалады:

      P=(r f +rp tech +rs)*А , мұндағы:

      А - соңғы есептi кезең аяғында iске қосылған активтердiң қалдық құны.

      14. Байланыс операторының операциялық пайдасының мүмкiн болатын түсiп кету деңгейi болжанып отырған белгiлi бiр мүмкiндiкпен және операциялық левередж кәсiпорнында қалыптасқан мүмкiн болатын түсiп кету деңгейiнiң негiзiнде мынадай формула бойынша айқындалады:

      /\ l= /\ v*l ор , мұндағы:

      /\ v - табыстардың болжамды көлемiнiң мүмкiн болатын түсiп кету деңгейi;

      l op - операциялық левередж.

      15. Байланыс операторының болжанып отырған табыстар көлемiнiң мүмкiн болатын түсiп кету деңгейi мына формула бойынша есептеледi:

      __________

      1 /3

      /\ v= ---\/ E (M-X i ) 2 , мұндағы

      4M i=0

      Х і , Х 0 , Х 1 , Х 2 , Х 3 мәндердi қабылдайды:

      Х 0 - ағымдағы кезеңге арналған қызметтердiң болжамды көлемi;

      Х 1 , Х 2 , Х 3 - тиiсiнше соңғы үш есептi кезең iшiндегi қызметтер көлемi;

      М - соңғы үш есептi кезең және ағымдағы кезең iшiндегi қызметтердiң орташа көлемi.

      16. Соңғы үш есептi кезең және ағымдағы есептi кезең iшiндегi қызметтердiң орташа көлемi мынадай формула бойынша айқындалады:

      1 3

      М= --- E X i.

      4 i=0

      17. Операциялық левередж байланыс операторының операциялық пайдасы оның жалпы табысы 1%-ға өзгерген жағдайда, қаншалықты өзгеретiнiн айқындайды және мына формула бойынша есептеледi:

      Z f +P

      l op = --------- , мұндағы:

      Р - қызметтердiң көлемiн төмендету мүмкiндiгi ескерiлмеген ағымдағы кезең iшiнде операциялық пайданың болжамды шамасы;

      Z f - ағымдағы кезеңге арналған тұрақты шығындардың болжамды шамасы.

      18. Ағымдағы кезеңге арналған тұрақты шығындардың болжамды шамасын уәкiлеттi орган байланыс операторының тарифiн (бағасын, алым ставкасын) уәкiлеттi орган бекiткен шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнiң талаптарын ескере отырып, бекiтуге берiлген өтiнiм материалдарын қарау негiзiнде анықтайды.

      19. Ағымдағы кезеңге арналған байланыс операторының меншiк капиталының орташа шамасы мына формула бойынша айқындалады:

      1 3

      С e ek + --- E(С i ek - С i ), мұндағы:

      3 i-1

      С ek - соңғы есептi кезең аяғындағы меншiк капиталының құны;

      С i ek - соңғы үш есептi кезеңдердiң i есептi кезеңiнiң аяғындағы меншiк капиталының құны;

      С i - соңғы үш есептi кезеңдердiң i есептi кезеңiнiң басындағы меншiк капиталының құны.

      20. Заемдық құралдардың құнын бағалау алдын ала элемент жөнiндегi әдiспен және кейiннен орташа өлшенген шама түрiнде қорытынды бағалау мына формула бойынша жүргiзiледi:

      r d = r dk * W dk + r do * (1 - W dk ), мұндағы:

      r dk - соңғы есептi кезеңнiң аяғындағы банктiк және өзге кредиттердiң құны, %;

      r do - купон облигациясы немесе облигацияның атаулы пайыздық ставкасы бойынша төленген шама, %;

      W dk - байланыс операторының заемдық капиталындағы соңғы есептi кезең аяғындағы айналым құралдарын толықтыруға арналған кредиттердi қоспағанда, банктiк және өзге кредиттердiң үлес салмағы.

      21. Банк кредиттерiнiң құны кредиттiң пайыздық ставкасына тең немесе байланыс операторы бiрнеше кредиттер тартқан жағдайда, тартылған және соңғы есептi кезең аяғындағы байланыс операторының балансындағы осы кредиттердiң орташа өлшенген құнына тең және мына формула бойынша айқындалады:

      1 n

      r dk = -- E p i * W i * (1 - H), мұндағы:

      n i=1

      p i - i кредитi бойынша кредиторға төленген пайыз;

      Н - пайдаға салынған салық ставкасы;

      n - кредиттердiң саны;

      W i - i кредитiнiң кредиттердiң жалпы сомасындағы үлесi.

      22. Купон облигациясы бойынша төленiп отырған шама немесе оның атаулы құнына пайыздармен көрсетiлетiн облигацияның атаулы пайыздық ставкасы мынадай формула бойынша анықталады:

      C H - C p

      C H * p 2 + ---------

      t

      r do = (---------------------)*(1 - H), мұндағы

      C H - C p

      ---------

      2

      p 2 - дисконт ставкасы;

      C H - облигациялардың атаулы құны;

      C p - облигациялардың өткiзу бағасы;

      t- заем мерзiмi (жыл саны).

      Табиғи монополия салаларына        
жатқызылған телекоммуникациялардың
қызметтерiне арналған iске қосылған  
активтердiң реттелетiн базасына      
пайда ставкасын есептеу жөнiндегi     
нұсқаулыққа қосымша               

      Телекоммуникация саласына тән ерекше тәуекелдер

      үшiн сыйлықақы есептеу алгоритмi

      Тәуекел факторларының шамасын есептеу алгоритмi


N

Тәуекел факторы

Тәуекел деңгейi

Баға-

лаудың

жиынтықты

нәтижесi

төмен

орташа

жоғары

1

Телекоммуникация саласын

дамытудың перспективалары

1

2

3


2

Мемлекеттiк реттеудiң

тиiмдiлiгi

1

2

3


3

Телекоммуникация саласын-

дағы субъектiнiң негiзгi

құралдарының жай-күйi

1

2

3


Тәуекелдiң есептiк деңгейi орташа



      Телекоммуникацияның саласына тән ерекше

      тәуекелдердi бағалау алгоритмi


N

Тәуекел факторы

Тәуекелдi

бағалау

Көрiнiстер

1

Телекоммуникация

қызметi саласын

дамыту перспек-

тивалары

төмен

Экономиканы дамытудың жақсы

перспективасы, халықтың сұраны-

сын көбейту, табыстарын өсiру;

қызметтер көлемiнiң өсу

мүмкiндiгi, клиенттердiң

базасын кеңейту

орташа

Орташа өңiрлiк экономикалық

өсудiң перспективалары;

елеулi түрде арттырмастан

тұрақты сұраныс күтiлуде

жоғары

Елдегi экономикалық дамудың

торығушылық болжамы, түсiп

кетудiң белгiлi бiр

мүмкiндiгiнiң болуы;

қуаттарының жеткiлiксiздiгi

және қызметтер көлемiн арттыру

перспективаларының нақты толық болмауы

2

Телекоммуникация

саласын мемле-

кеттiк реттеудiң

дәрежесi

төмен

Тарифтiк реттеудiң жеткiлiктi

икемдi тетiктерi (бағалар дә-

лiзi), тарифтердi (бағаларды,

алым ставкаларын) белгiлеудiң

жедел рәсiмi

орташа

Салыстырмалы орташа реттеу

жоғары

Тарифтiк реттеудiң қатаң те-

тiктерi (тiркелген тарифтер),

тарифтердi (бағаларды, алым

ставкаларын) белгiлеудiң еңжар

рәсiмi, нормативтiк құқықтық

базаның жетiлмеуi

3

Телекоммуникация

саласы субъек-

тiсiнiң негiзгi

құралдарының

жай-күйi

төмен

Негiзгi құралдардың 30%-ға

дейiн тозуы

орташа

Негiзгi құралдардың 30-дан

60%-ға дейiн тозуы

жоғары

Негiзгi құралдардың

60%-дан астам тозуы


      Телекоммуникация саласына тән ерекше

      тәуекелдер үшiн сыйлықақы диапазоны


N

Тәуекел деңгейi

Есептi бағалау

Eрекше тәуекелдер

1

Орташадан төмен

> 1 және < 1,5

1%-2%

2

Орташа

> 1,5 және < 2

3%-4%

3

Орташадан жоғары

> 2 және < 2,5

5%-6%

4

Жоғары

> 2,5

7%-8%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады