Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
61, 62-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1354 қаулысына
61-ҚОСЫМША
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн
реттеудi, бақылауды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 961 376 мың теңге (тоғыз жүз алпыс бiр миллион үш жүз жетпiс алты мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының
46-бабы
; "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының
13,
14,
17, 18-баптары
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының
1-30-баптары
; "Бәсеке және мемлекеттiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы
Заңы
; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының
8-бабы
; "Қазақстан Республикасының кейбiр заң кесiмдерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiм бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджет) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды тиiмдi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдар аппараттарының қызметін қамтамасыз ету, кәсiптiк қызмет саласында бiлiм беру бағдарламасы бойынша өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес теориялық және практикалық бiлiмдерiн, машықтары мен дағдыларын жаңарту және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру, табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн реттеу сапасын жақсарту, уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың негiздiлігін көтеру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң аппаратын ұстау; Агенттіктiң, табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi қызметiне, тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғауға жәрдемдесетiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық және нормативтiк кесiмдердi жетiлдiру және жаңасын әзiрлеу; табиғи монополия субъектiлерiнiң техникалық және қаржылық жай-күйiн бағалау; уәкiлетті орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың деңгейiне сараптама жасау; жария тыңдаулар өткiзу; мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi аппаратының материалдық-базасын нығайту, ақпараттық жүйелердiң қызмет етуiн қамтамасыз ету және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындаушылар
са-|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 001 Табиғи
монополия
субъектi-
лерiнiң
қызметiн
реттеудi,
бақылауды
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органның касы Табиғи монопо- ішін- Республикасы
аппараты полияларды peттeу де Табиғи
агенттiгiнiң орта- монополиялар-
лық аппаратын штат ды реттеу
саны - 133 бiрлiк агенттігі
лимитiнiң шегiнде
ұстау;
Дербес жылумен
жабдықтауға,
кондиционерлеу мен
сорушы желдетпеге
жөндеу және оларға
қызмет көрсету;
2 дана лифтiге
күзет, өрт және
күзет-өрт дабылына
техникалық қызмет
көрсету және оларды
ұстау.
Ай сайын "Регуля-
тор" журналын
баспадан шығару;
Бекiтiлген тиесiлі-
лік нормативiне
сәйкес 4 бiрлiк
автокөлiгiн ұстау.
Табиғи монополия
субъектiлерiнiң
қызметiне кемiнде
20 сараптамалық
бағалаулар жүргiзу:
табиғи монополияның
мынадай салалары:
энергетика, көлiк,
байланыс, су шаруа-
шылығы және кәрiз
жүйелерi, труба
құбырларымен тасы-
малдау бойынша
тендерлiк негiзде
тәуелсiз сарапшы-
лар мен сараптау
ұйымдарын тарту;
тәуелсiз сарапшы-
лар мен сараптау
ұйымдарының қызмет-
терiне ақы төлеу;
сараптау қорытын-
дыларының уақтылы
орындалуын бақылау.
Табиғи монополия
субъектілерi
қызметiн реттейтiн
кемiнде 20 норма-
тивтiк құқықтық
және нормативтiк
кесiмдердi әзiрлеу
және жетілдiру:
тендерлiк негiзде
нормативтiк құқық-
тық және норматив-
тік кесiмдердi
әзiрлеу жөнiндегі
консультанттар
белгiлеу;
консультанттардың
қызметiне ақы
төлеу;
әзiрленетiн нор-
мативтiк құқықтық
және нормативтiк
кесiмдердiң уақтылы
орындалуын бақылау.
Табиғи монополия
субъектілерінiң
қызметiне қаржылық
және техникалық
сараптама жүргiзу:
тендерлiк негiзде
сарапшылар белгілеу:
қаржылық сараптама
бойынша - кемiнде
31 қорытынды;
техникалық сарапта-
ма бойынша - кемін-
де 31 қорытынды;
сарапшылардың қызме-
тiне ақы төлеу;
сарапшылар аралық
және түпкілiктi
қорытындыларды
уақтылы ұсынуын
бақылау.
Кемiнде 300 жария
тыңдаулар ұйымдас-
тыру және өткiзу.
3 002 Аумақтық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органдар- касы Табиғи монопо- ішін- Республикасы
дың аппа- лияларды реттеу де Табиғи моно-
раттары агенттiгi аумақтық полияларды
органдарының аппара- реттеу
тын штат саны - 227 агенттігі
лимитiнiң шегiнде
ұстау.
Бекiтiлген тиесілi-
лiк нормативiне
сәйкес 16 бiрлiк
автокөлік жалдау.
Жария тыңдаулар
өткiзу.
4 007 Мемлекеттiк Біліктіліктi көте- Жыл Қазақстан
қызметшi- рудiң бекiтiлген iшiн- Республикасы
лердiң жоспарына сәйкес де Табиғи
білiктiлiгiн мемлекеттік қызмет- монополиялар-
арттыру шiлердiң біліктiлі- ды реттеу
гін көтеру, оның агенттігі
iшiнде мемлекеттiк
тiлдi үйрену жөнiн-
дегi қызметтердi
сатып алу. Бiлiктi-
лiктi арттыру
курсынан өтетiн
мемлекеттік қызмет-
шiлердiң орташа
жылдық саны - 150
адам.
5 009 Мемлекеттiк Қазақстан Респуб- Жыл Қазақстан
органдарды ликасы Табиғи iшiн- Республикасы
материал- монополияларды де Табиғи
дық-техника- реттеу агенттiгi- монополиялар-
лық жарақ- нiң орталық аппара- ды реттеу
тандыру ты үшiн 18 бiрлiк агенттігі
факсимильдiк аппа-
раттарын сатып алу.
6 017 Ақпараттық Есептеу техникасын Жыл Қазақстан
жүйелер- сатып алу: iшiн- Республикасы
дiң жұмыс пайдаланушылардың де Табиғи
iстеуiн жұмыс станциялары монополиялар-
қамтамасыз 15 бiрлiк; ды реттеу
ету және принтерлер - 7 агенттігі
мемлекет- бiрлiк;
тік орган- сканерлер - 1
дарды ақпа- бiрлiк.
раттық-тех- Есептеу техникасы-
никалық на техникалық
қамтамасыз қызмет көрсету:
ету пайдаланушылардың
жұмыс станциялары
- 333 бiрлiк;
серверлер - 3 бiр-
лiк;
принтерлер - 177
бiрлiк;
сканерлер - 4
бiрлiк.
Жұмсалатын материал-
дарды, жиынтықтаушы
және қосалқы бөлшек-
тердi сатып алу.
WEB-сайтты сүйемел-
деу.
Интернет желiсiне
қол жеткiзу мен
электрон почтасының
қызметтерiне ақы
төлеу.
"Монополистер
қызметтерiнiң мони-
торингi бойынша
электрондық деректер
базасы" жүйесiн
және локальдық
мiндеттердi сүйе-
мелдеу:
Лука-Бюджет;
Мiндеттемелер мен
төлемдер бойынша
қаржыландыру
жоспарларын қалып-
тастыру, бюджеттен
бөлiнген қаржы
лимитiн есепке
алу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi қабылдайтын табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметін реттеу жөнiндегi шешiмдердiң сапасы мен жеделдiгiн арттыру; мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн осы заманғы экономикалық талаптарға сәйкес кәсiби мемлекеттiк қызметтiң талаптарына сай арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1354 қаулысына
62-ҚОСЫМША
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Монополистер қызметiнiң мониторингi бойынша
электрондық деректер базасын құру"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 104400 мың теңге (бiр жүз төрт миллион төрт жүз мың теңгe).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы N 1165
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: монополистер қызметiнiң мониторингі бойынша электрондық деректер базасын құру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: табиғи монополия субъектілерiнiң, мемлекеттiк ақылы қызмет көрсететiн мемлекеттік кәсiпорындардың және мемлекеттік органдардың қызметтерiн автоматты түрде мониторингiлеу үшiн тетiктер мен деректер базасын дамыту және енгiзу, бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, есептеу техникасын сатып алу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындаушылар
са-|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 002 Монополис- Монополистер қызме- Жыл Қазақстан
тер қызме- тiнiң мониторинг ішін- Республикасы
тiнiң мони- бойынша электрон- де Табиғи
торингi дық деректер монополиялар-
бойынша базасын дамыту, ды реттеу
электрон- таралымдау және агенттігі
дық дерек- енгiзу бойынша
тер базасын қызметтердi сатып
құру aлу:
Агенттіктiң орталық
аппараты және оның
аумақтық органдары
үшiн лицензияланған
бағдарламалық қам-
тамасыз ету мен
есептеу техникасын
сатып алу;
cepвeрлер - 16 бiр-
лiк;
пайдаланушылардың
жұмыс станциялары
- 60 бiрлiк;
принтерлер - 45
бiрлiк;
сканерлер - 15
бiрлiк;
үзiлiссiз қорек-
тендiру көздерi -
76 бiрлiк.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Бiрыңғай электрондық деректер базасына табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi көрсеткіштерiнiң жай-күйi мен серпiнi туралы ақпарат ықпалдастығы;
Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды атқаруын және мемлекеттiк саясат саласында қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың баға түзуiн жедел бақылау.