Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
451
,
452
,
453
,
454
,
455
,
456
,
457
,
458
,
459
,
460
,
461
,
462
,
463
,
464-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
451-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 14 332 869 мың теңге (он төрт миллиард үш жүз отыз екі миллион сегіз жүз алпыс тоғыз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының
2-бабы
; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы
Заңы
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы
Заңы
; "Мемлекеттiк әкiмшiлік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378
жарлығы
; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсыну тәртiбi оларды табыстау, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградалары құжаттарының Үлгiлерi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары Белгiлерiнің бейнесi туралы "Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 8 қарашадағы N 90
Өкiмi
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттің өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету, қойылатын бiлiктілiк талаптарына сәйкес лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлiктерiн жетiлдiру мақсатында кәсiптiлiк саласындағы бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық, тiлдердi оқыту жүйесiн ұйымдастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттiк органдардың өзге де лауазымды тұлғаларының қызметiн материалдық-техникалық, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгi, Премьер-Министрi кеңесiнің қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентi Премьер-Министрi қатысуымен өткiзiлетiн ресми iс-шараларға қызмет көрсету, мемлекеттiк қызметшілердің кәсiби дәрежесiн жоғарлату, мемлекеттiк тілдің жұмыс iстеуiне жағдай жасау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамас ыз eту |
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
1. Қазақстан Республикасы Президентiнің, Премьер-Министрiнің және Мемлекеттік хатшысының жұмыс кестесiне сәйкес 5 әуе кемесiмен литерлiк рейстер ұйымдастыру. Литерлiк рейстердің қажеттi байланысын қамтамасыз ету, әуе кемесiн А-319 сатып алу.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы |
3 |
|
007 |
Мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктілігін арттыру |
Мемлекеттiк қызметшілердің бiлiктiлiгiн арттыру бойынша келесі 5 бағыт бойынша қызмет сатып алу:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы |
4 |
|
017 |
Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамас ыз ету. |
1) есептеу және телекоммуникациялық жабдықтар.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: мемлекеттің лауазымды тұлғаларының қызметiн тоқтаусыз қамтамасыз ету, 967 сағат көлемiнде литерлiк рейстердi орындау, 1 бiрлiк әуе кемесiн А-319 сатып алу, жалпы алаңы 67 029,1 шаршы метр және маңайындағы 264,6 га аумақтағы мемлекеттiк резиденцияларға, 139 415,0 шаршы метр және маңайындағы 57,8 га аумақтағы үкiметтiк ғимараттарға кешендi қызмет көрсету, 5 әкiмшiлiк ғимаратты, 9 мемлекеттік резиденциялар объектiсiн сақтандыру; мемлекеттiк қызметшiлердiң 50 пайыз қазiргi заманғы компьютерлермен қамтамасыз ету; 9 адамның кәсiби деңгейiн арттыру, 93 адамға мемлекеттiк тiлдi оқыту; 10 көп емес адамға ағылшын тiлiн оқыту; саны 26 бiрлiк автомашинаға және күзетiлетiн тұлғалардың жалпы аумағы 2 250 шаршы метр гаражына қызмет көрсету.
Түпкi нәтиже: Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттiк өзге де лауазымды тұлғаларының қызметiн сапалы және уақытында қамтамасыз ету. Мемлекеттiк қызметшілердің кәсiби деңгейiн арттыру бойынша мұқтажын 100 пайыз, мемлекеттiк қызметшілерге мемлекеттiк тілдi оқыту 100 пайыз және ағылшын тілін оқыту 100 пайыз арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: әр литерлiк рейстiң жоспарлы ұшу сағаты мен орташа тарифi 3 271 431 теңге/сағ., мемлекеттiк резиденциялар. Yкiметтiк ғимараттар мен маңайында орналасқан аумақтың 1 шаршы метрiне қызмет көрсету шығыны 23 619,0 теңге; өкiлеттiк шығындар нормасына сәйкес ресми iс-шаралар өткiзу; 1 бас жоғары бағалы спорт атын ұстау шығыны - 714 300 теңге, күзетiлетiн тұлғаның автокөлiгiн гаражда ұстау шығыны 1 687 577 теңге.
Бiр мемлекеттiк қызметшiнің бiлiктiлiгiн арттырудың орташа шығыны - 37 777,0 теңге.
Мемлекеттiк қызметшiлерге мемлекеттiк тілдi үйретудің орташа шығыны 19 849,0 теңге.
Мемлекеттiк қызметшiлерге ағылшын тiлiн үйретудің орташа шығыны 27 500,0 теңге.
Уақтылығы: бекiтiлген iс-шаралар жоспарына және келiсiм-шарттарға сәйкес iс-шараларды орындау.
Сапасы: мемлекеттік қызмет көрсетiлетiн тұлғалардың мұқтажын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына және қазiргi заманғы экономикалық жағдайға сәйкес кәсiби деңгейлерiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
452-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаториi қызметiне мемлекеттiк қолдау көрсету"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 174899 мың теңге (бір жүз жетпіс төрт миллион сегіз жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.
N 1052
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Мемлекетiнің меншiк құқығы туралы" 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 217694 мемлекеттiк тiркеу куәлiгi. "Ресей Федерациясы аумағында тiркелген шетелдiк компаниялар өкiлдiктер Жиынтық мемлекеттiк реестрiне енгiзу" 2006 жылғы 29 маусымдағы N 15641 куәлігi. "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық орталығы" (Қазақстан) Есентуки қ." мемлекеттік мекеменің өкiлеттігi.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Ресей Федерациясының Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийiн материалдық жабдықтануды жақсарту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: санаторийдiң материалдық жабдықтануды жақсарту күрделi жөндеу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаториi қызметiне мемлекеттiк қолдау көрсету |
Автокөлік, жиһаз және тұрмыстық техника сатып алу. Заңнамаға сәйкес бекiтiлген проектті-сметалық документке және Мемлекеттiк сараптаманың қорытындысына байланысты үй-жайда күрделі жөндеу жүргізу. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: санаторийді автокөлiкпен жарақтандыру деңгейi 100 пайыз; санаторийдi жабдықпен жарақтандыру деңгейi 100 пайыз, 150 738,0 мың теңгеге ғимаратты және үй-жайда күрделi жөндеу жүргiзу, жобаланған iс-шаралардың 100 пайыз.
Түпкi нәтиже: санаторийдің материалдық жабдықтануды, санаторийдің қаржылық жағдайын жақсарту, санаторлық-курорттық қызмет көрсету сапасын; Қазақстан Республикасының халыққа санаторлық-курорттық қызмет көрсетудегi абыройын арттыру.
Қаржы-экономикалық тиiмдiлiгi: бiр бiрлiк автокөлiктің орташа құны жоспарланған шығын шегiнде 4 009,4 мың теңге;
медициналық және медициналық емес жабдықтың орташа бiрлiгінің құны 23,5 мың теңге; жөндеу жүргiзудің орташа құны 50,3 мың теңге.
Уақтылығы: автокөлік, жабдықтарды әкелу кестесiне сәйкес уақытында 100 пайыз орындау, Заңнамаға сәйкес бекiтiлген проектті-сметалық документке байланысты ғимаратта және үй-жайда күрделi жөндеу жүргiзу.
Сапасы: "Қазақстан" санаториясында қаралатын контингентің жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуi. Санаторлы-курортты қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының имиджiн көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
453-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 40596 мың теңге (қырық миллион бес жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының
5-бабы
; "Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378
Жарлығы
; "Күзетiлетiн тұлғалардың сапарларының медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасының 2002 жылғы 3 қыркүйектегi N УД-08/52 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің N 813 бiрлескен бұйрығы; Күзетiлетiн тұлғалардың елiмiздің аймақтарындағы сапарын медициналық қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының 2000 жылғы 15 мамырдағы N 01-58/65 ҚБП бұйрығымен бекiткен тәртiбi.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасы Медициналық орталығына тiркелген мемлекеттiк қызметшiлердің, Қазақстан Республикасы Президенті Iс басқармасының объектілерiнің, ресми делегациялардың және күзетiлетiн тұлғалардың медициналық қауiпсiздiгін және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: санитарлық заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларын айқындау және жою. Күзетiлетiн тұлғалар мен ресми делегациялар мүшелерiнің санитарлы-эпидемиологиялық қауiпсiздігін, Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасы Медициналық орталығына бекiтiлген мемлекеттiк қызметшілердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы |
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының штат саны 28 бiрлік болып бекiтілген лимитi шегінде сыртқы орта объектiлерiн санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы санитарлық-химиялық, токсикологиялық, инструменталдық, бактериологиялық, паразиттік, вирустық зерттеу жүргізу.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: бақылауға алынған объектiлерден жеткiзiлген саны 36 108 сынама мен үлгiлерге жүргiзiлетiн зерттеулер; лабораториялық-инструменталдық зерттеулер саны - 74580; ауруларды уақытында анықтау және жоюға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар саны - 95. Саны 10 бүлiк лабораториялық жабдық сатып aлу, оның iшiнде: электр өрiсiнің және энергия ағынының тығыздылығын өлшеуiш - 1 бiрлік, портативтi радиометр - 1 бiрлік, ауа аспираторы - 1 бiрлік, стерилизатор - 1 бipлік, кептiру шкафы - 1 бiрлiк, термостат - 1 бiрлік, лабораториялық жиһаз - 4 бiрлiк.
Түпкi нәтиже: инфекциялық және кәсiби аурулардың пайда болуын болдырмау. Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының объектiлерiнде тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптастыру. Лабораториялық жабдықпен жарақтану деңгейi жалпы мұқтаждың 60 пайыз құрайды; стандарттық үлгiлер мен типтiк ерiтiндiлер жалпы мұқтаждың 90 пайыз құрайды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: күрделi зерттеулер жүргiзу үшін қазiргi заманғы жабдықтарды қолдану және нәтиже алудың уақытын қысқарту; 1 санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараға жұмсалатын шығынның құны 145 654 теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасы Медициналық орталығына тiркелген мемлекеттiк қызметшiлердің уақытында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Сапасы: Инфекциялық аурулар диагностикасының уақыттылығын және сапасын арттыру, күзетiлетiн тұлғалардың және ресми делегациялар мүшелерiнің медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сапалы бағалау.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
454-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 2 321 654 мың теңге (екі миллиард үш жүз жиырма бір миллион алты жүз елу төрт мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының
4-бабы
; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5, 16, 17, 18, 19 және 26-баптары; "Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша қолданылатын бiрiншi кезектегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Медициналық орталығына тiркеу ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының 2005 жылғы 16 сәуiрдегi N УД-05/45 бұйрығы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық орталығының тiркелген және қызмет көрсетiлетiн азаматтар санаттарының денсаулығын сақтау және нығайту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: тiркелген құрамға бiлiктi және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, шетелде емделуi, қалпына келтiру және медициналық жұмысқа жарамды ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету |
Тiркелген құрамға Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы медициналық ұйымдарындағы стационарларда, амбулаториялық-поликлиникалық бөлiмдерде және жедел жәрдем бөлімшелерiнде бiлiктi және мамандандырылған медициналық (терапевтік, кардиологиялық, нефрологиялық, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық, хирургиялық, урологиялық, гинекологиялық) көмек көрсету, соның ішiнде Қазақстан Республикасы Президентi ic басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасында (Астана қаласы), Орталық клиникалық ауруханада, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Ұлттық медициналық орталығында. Ресми делегацияларға медициналық сүйемелдеу және қызмет көрсету.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: ауруханалардың стационарларында тiркелген құрамның орташа есеппен 6 804 адамды емдеу, келiп қаралудың орташа саны 272 300, жедел жәрдем шақырудың орта жылдық саны 6 500; 18 адамды шетелдiк клиникаларда емдеу және көлік, соның ішінде бiрге ерiп баратын тұлғалардың шығындарын өтеу. 448 мемлекеттiк қызметшiнің денсаулығын қалпына келтiру және медициналық жұмысқа жарамды ету. Саны 10 бiрлiктен кем емес медициналық жабдық және автокөлік сатып алу. "Орталық клиникалық аурухана" РМҚК-ның 2263,0 шаршы метр; Медициналық орталық ауруханасының 650,3 шаршы метр ғимараты мен үй-жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзу.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Медициналық орталығына тiркелген азаматтарының ауруын азайту. Қазiргi заманғы көп функционалды емдеу-диагностикалық жабдықпен жабдықтаудың қажеттi деңгейiнен - 40 пайыз.
Қаржы-экономикалық нәтиже: аурудың бiр орында жатуының орташа күні 9 күн; бiр орынның жұмысы 315 күн; медициналық жабдықтың бip бірлігінің құны - 30 957,38 мың теңге, автокөлiк бір бірлігінің құны 9216,0 мың теңге; тіркелген құрамға медициналық көмектi жоғары мамандандырылған шетелдік клиникаларда алу - 0,2 пайыз; диспансерлiк есепте тұратын аурулар және медициналық қалпына келтіру және жұмысқа жарамды ету - 32 пайыз, ауруханаға жатқызу деңгейi - 50 пайыз кем емес.
Уақтылығы: тiркелген құрамға уақытында медициналық көмек көрсету; бекiтiлген кестеге сәйкес жабдық жеткiзу және жоспарға сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзу.
Сапасы: медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру; медициналық қызмет көрсету бойынша шағымдардың болмауы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
455-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету"
деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 36776 мың теңге (отыз алты миллион жетi жүз жетпiс алты мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: медициналық көмек көрсету көлемi мен сапасын жақсартуға мүмкіндiк беретiн аурулардың алдын алу, диагностика жасау және емдеу саласына қазiргi заманғы медициналық технологияларды енгiзу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Медицина саласындағы жаңа және перспективалы инновациялық технологияларды ақпараттық қамтамасыз ету; ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, білім беру қызметiн әзiрлеу; Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық орталығына ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсiпорындардың жүйесiне қазiргi заманғы медициналық технологияларды енгiзу бойынша мониторинг жүргiзу және медициналық жабдықтарды тиiмдi пайдалану. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығын материалды-техникалық қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
005 |
|
Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету |
Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгiзу бойынша мониторингтi жүзеге асыру;
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы. |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: инновациялық медициналық технологияларды енгiзу деңгейi мен мониторингi және медициналық технологияларды тиiмдi пайдалану; денсаулықты нығайтуға бағытталған БДҰ-ның "Ауруханалар" жобасын iске асыру сапасын бағалау; Медициналық орталықтың мекемелерi мен кәсiпорындарына әзiрленген және енгiзiлген ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, бiлім беру бағдарламалары - 2 бiрлік; медицина ұйымдарының аурулары мен қызметшілерiн басқару жөнiндегi халықаралық бағдарламаларды енгiзу - 4 бiрлік; Медицина орталығы өткiзетiн барлық iс-шараларды техникалық сүйемелдеу.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының жаңа технологиялар туралы мәлiмет алуын, бiлiктілiктерiн және Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасы Медициналық орталығына тiркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасын 100 пайыз арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: көрсетiлетiн қызметтің бiр бiрлiгіне жобаланған шығын көлемi шегінде нақты шығынды қамтамасыз ету; 1 бiрлiк байланыс құралының, жабдықтың орташа құны - 117,5 мың теңге.
Уақтылығы: белгiленген кестеге сәйкес iс-шараларды уақытында орындау.
Сапасы: мемлекеттің көрсететін қызмет деңгейіне қанағаттану.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
456-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 127740 мың теңге (бiр жүз жиырма жетi миллион жетi жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шiлдедегi Заңының
9-бабы
; "Қазақстан Республикасы Президентiнің Телерадиокешенi мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1178
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасының әлемдегi дұрыс имиджiн нығайту.
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің қызметi туралы халықты хабардар ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: жоғары кәсiби деңгейде актуалды телебейне бағдарламаларын жасау, жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты жариялау, тарихи құндылығы бар материалдарды мұрағаттандыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
006 |
|
Мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу |
Жоғары кәсіптік деңгейде бейнематериалдар дайындау.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметінің опеpативтiк ақпарат, арнайы тақырыптар шығару, хаттамалық iс-шараларды түсірудің тақырыптық жоспарының орындалу деңгейi - 320 сағат; бейнемұражайды 210 сағатқа толықтыру; жоғары кәсiби, жоғары сапалы, көкейкестi, уақыт талаптарына сай 12 деректi бейнефильм шығару.
Tүпкi нәтиже: Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi жүргiзiп жатқан саяси және экономикалық реформаларды халыққа жеткiзу мақсатында әзiрленген бейнематериалдарды республикалық телеарналарға одан әрi орналастыру, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердегi телерадиокомпаниялармен өзара қызмет ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр деректi фильмдi өндiруге жұмсалатын шығынның орташа құны 4543 мың теңге;
бейнематериал әзiрлеудің, оны көрсетудің, сондай-ақ бейнемұрағатты толықтырудың бiр сағаты - 139,2 мың теңге.
Уақтылығы: iс-шараларды белгiленген жұмыс кестесi бойынша орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің қызметi туралы ақпарат орналастыру арқылы халықты толық хабардар ету.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
457-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Ормандар мен жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молайту"
деген 007 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 167070 мың теңге (бip жүз алпыс жетi миллион жетпiс мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi
Заңына
; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасының Орман
кодексi
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегi Кодексi; "Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1246
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Бурабай таулы-орман кеңiстiгiнің экожүйесiнiң тұтастығын сақтау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Бурабай таулы-орман кеңiстiгiнің бiрегей табиғи кешенiн сақтау бойынша iс-шаралар жүргiзу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
007 |
|
Ормандар мен жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молайту |
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркi" мемлекеттік мекемесiн ұстау үшін орман, жануарлар дүниесiн қорғау бойынша жүктелген мiндеттердi орындау үшiн орман, жануарлар дүниесiн, су ресурстарын сақтау, қорғау және молайту саласында "Бурабай" МҰТП-ның "Табиғат шежiресiнде" табиғи процестер мен құбылыстарды тiркеу" ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін 264 штат санын ұстау. Орман шаруашылығы, орман өсiмдiктерi, өрт сөндiруге қарсы, орман қорғау, биотехникалық, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу. "Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттік мекемесін материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: табиғи кешеннiң сақталуын және экожүйенің: 75 га алаңында ағашты санитарлық шабу, 25 га алаңында ағаш отырғызу, 125 км минералдандырылған жолақ орналастыру, 2330 км минералдандырылған жолақты күту, 83 511 ға алаңында табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету.
Сатып алу: катер - 1 бірлік, автокөлік КАМАЗ - 1 бірлік, УАЗ-31512 - 2 бірлік, турбоаэратор - 1 бірлік, мотоцикл - 4 бірлік, косилка - 1 бірлік, компьютер - 6 бірлік.
Соңғы нәтиже: парктің аумағындағы 83,5 мың гектар алаңның табиғи кешенінің және экожүйесінің сақталуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: күзетілетін 1 гектар алаңды күзету шығындары 2 000, 6 теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды жыл бойы орындау.
Сапасы: орта жылдық көрсеткішпен салыстырғанда өрттің салдарынан 10 пайыз алаңның азаюы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
458-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының объектiлерiн салу және реконструкциялау"
деген 008 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 12608088 мың теңге (он екі миллиард алты жүз сегіз миллион сексен сегіз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.
N 1052
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Астананың инфрақұрылымын дамыту және Қазақстан Республикасының абыройын арттыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы объектiлерінде құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы жүргiзу жағдайын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
008 |
|
Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының объектілерін салу және реконструкциялау |
"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және заңнамада белгіленген тәртiппен құрылыс бойынша жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының инвестициялық жобаларын iске асыру:
|
Қаңтар-желтоқсан |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: 30000 көрерменге арналған жабық стадион, Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай поселкесiнің мұражай аумағындағы визит-орталығы, дизельдiк шағын станция, Үкiмет үйi мен министрлiктер үйi ғимараттары арасындағы өткел құрылысын аяқтау, Есiл өзенiнің сол жағалауындағы қосымша үй-жайларымен 400 жеңiл автомобильгe арналған жабық гараж, авиациялық техника тұрағы және "Бүркiт" авиакомпаниясының техникалық ғимаратын салу.
Мыналар бойынша мемсараптамадан өткен белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама:
Астана қаласында N 31 және N 35 көшелерінің ауданында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы көп бейінді клиникасы бар диагностикалық орталық, Астана қаласындағы 240 орынға арналған балабақша, Ақмола облысының Целиноград ауданы Красноярка ауылының аумағында мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөнінде ауыл шаруашылығы кластерін салу, Алматы облысының Қарасай ауданындағы "Алматы" санаторийін қайта жаңарту және кеңейту;
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің "Қызыл Жар" резиденциясының аумағындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жаңартуды аяқтау, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің "Нұра" резиденциясының N 1 учаскесін абаттандыру, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайын салу, А-319 әуе кемесіне авиациялық ангар салу
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасының абыройын арттыру мақсатында объектiлердi пайдалануға беру, мемлекеттiк органдарды жаңа, қазiргi заманғы ғимараттармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: экономикалық тиiмдiлiк Астананың инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бойынша iс-шараларды iске асыру арқылы қол жеткiзiледi.
Уақтылығы: бекiтiлген шартқа және жоспар-кестесiне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
459-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 560 024 мың теңге (бес жүз алпыс миллион жиырма төрт мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы мамырдағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: орталық мемлекеттiк органдарға сапалы және уақытында көлiк қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету. Ресми iс-шараларға қазiргi заманғы деңгейде көлiк қызметiн көрсету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: автомашина паркiн жоспарлы жаңарту мақсатында автокөлiктi орталықтандырып сатып алу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
009 |
|
Мемлекеттiк органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту |
Автокөлiк сатып алу. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: автокөлiк паркiн 45 кем емес бiрлiкпен толықтыру.
Түпкi нәтиже: орталық мемлекеттiк органдарға сапалы, қауiпсiз және уақытында көлiк қызметiн көрсету мақсатында жоспарлы түрде автокөлiк паркiн жаңарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр бiрлiк автокөлiктің құны жоспарланған шығын шегiнде 25045,0 мың теңге.
Уақтылығы: автокөлiктi белгiленген кестеге сәйкес жеткізу.
Сапасы: орталық мемлекеттiк органдарға көлiк қызметiн көрсету сапасын және материалды-техникалық деңгейiн арттыру.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
460-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Дәрiгерлердi шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру"
деген 011 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 7935 мың теңге (жетi миллион тоғыз жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi
Заңы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: медициналық қызмет көрсетудің деңгейi мен сапасын арттыру үшiн шетел клиникаларында медициналық қызметкерлердің теориялық және практикалық iскерлiгi мен дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: медициналық орталықты денсаулық сақтаудың әлемдiк стандарттары бойынша қазiргi заманғы әдiстерi мен технологияларын меңгерген жоғары бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
011 |
|
Дәрiгерлердi шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру |
Шетелдік жетекшi клиникаларда және ғылыми орталықтарда дәрiгерлердің бiлiктiлiгін мынадай тақырыптар бойынша арттыру:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: медициналық мекемелердiң шетелде кәсiби деңгейiн арттыру және мамандандыру бойынша өткен дәрiгерлер саны - 13 бiрлiк.
Түпкi нәтиже: медицина ғылымы мен тәжiрибесiнде әлемдiк жетiстiктер деңгейiнде қызмет етуге мүмкiндiк беретiн медицина қызметкерлерiнің бiлiктiлiгiн арттыру. Күтiлетiн медициналық инновациялардың орташа саны 15 бiрлiк.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр дәрiгердi шетелдiк жетекшi клиникалары мен ғылыми орталықтарында қайта даярлау мен маманданудан өтудің орташа шығыны 610,4 мың теңге.
Уақтылығы: iс-шаралары бекiтiлген келiсiм-шарттарға сәйкес уақытында орындау.
Сапасы: медициналық орталықтың жұмыскерлерiнің біліктілiгін және кәсіби деңгейiн арттыру, жаңа медициналық технологияларды профилактикада, диагностикада, емдеуде және аурудың жазылуына енгiзу арқылы тiркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейiн арттыру. Медициналық орталықтың 3,5 пайыз дәрігерлері кәсiби деңгейлерiн шетелде арттырады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
461-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
""Күйгенжар" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту"
деген 012 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 522088 мың теңге (бec жүз жиырма екi миллион сексен сегiз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бәсекелес арттыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру көлемін арттыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
012 |
|
"Күйгенжар" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту |
|
Қаңтар-желтоқсан |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: шарттық мiндеттердi орындау деңгейi - 100 пайыз.
Түпкi нәтиже: "Күйгенжар" АҚ қаржылық жағдайын сауықтыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: "Күйгенжар" АҚ табысын және тиiмдiлiгiн арттыру.
Уақтылығы: ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге қазiргi заманғы жаңа технологияларды енгiзу.
Сапасы: шығарылатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнің көлемiн және сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
462-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
""Қазақстан Республикасы Президентiнiң Телерадиокешенi" КАҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту"
деген 013 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 200000 мың теңге (екi жүз миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 тамыздағы Заңның
9-бабы
; "Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Президентiнің Телерадиокешенi" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1178
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн баяндау арқылы халық арасында патриотизмдi насихаттау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: республикалық және шетелдiк жаңалықтар сюжеттерiн күн сайын бақылауды қамтамасыз ету және соның негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi үшін жаңалықтар блогын әзiрлеу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
013 |
|
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Телерадиокешенi" КАҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту |
|
Қаңтар-желтоқсан |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: республикалық және шетелдiк жаңалықтар сюжеттерiн күн сайын бақылауды қамтамасыз ету және соның негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi үшін жаңалықтар блогын әзiрлеу.
Түпкi нәтиже: Мемлекет Басшысының қызметiне, оның ел аймақтары бойынша жұмыс сапарларына және өзге де маңызды iс-шараларына сапалы және жедел ақпараттық қызмет көрсету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: компьютерлiк жабдықтың орташа құны - 7142,9 мың теңге.
Уақтылығы: iс-шараларды бекiтiлген жұмыс жоспарына сәйкес орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнің қызметi туралы халыққа толық ақпарат беру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1225 қаулысына
463-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
""Министрлiктер үйi" әкiмшiлiк ғимаратын ұстау"
деген 014 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 2 185 049 мың теңге (екі миллиард бір жүз сексен бес миллион қырық тоғыз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: "Министрлiктер үйі" ғимаратына шаруашылық қызмет көрсету, технологиялық жабдықтарының үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: ғимараттың технологиялық жабдықтарын күтiп-ұстау және техникалық қызмет көрсету, ғимаратта шаруашылық қызмет көрсету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
014 |
|
"Министрлiктер үйi" әкiмшiлiк ғимаратын ұстау |
Инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: жұмыс iстейтiн лифтердің, желдеткіштердің және электротехникалық, санитарлық-техникалық құралдардың, инженерлiк жүйе мен коммуникацияның, ауа тазалағыш, желдеткiш жүйесi, өрт қауіпсіздігі, өрттен қорғау сигнализациясы, автоматтандырылған телефон станциясы сыртқы және ішкі жүйелердің жалпы меншіктік салмағы 100 пайыз құрайды.
Tүпкi нәтиже: Бүкiл ғимарат бойынша технологиялық құралдардың тоқтаусыз және апатсыз жұмыс iстеуi.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ғимараттың 1 шаршы метр күтіп-ұстауға кететiн орташа шығын 13611 теңге.
Уақтылығы: iс-шаралардың жоспарға сәйкес уақтылы 100 пайызға орындалуы.
Сапасы: мемлекеттiк қызметкерлерге әлеуметтік тұрмыстық жағдай жасау.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
464-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Щучьe-Бурабай курортты аймағы инфрақұрылымын дамыту"
деген 015 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 2984902 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз сексен төрт миллион тоғыз жүз екі мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.
N 1052
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрегей және сирек ландшафттарды сақтау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 474
өкiмi
; "Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1246
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: табиғи кешендердi сақтау, бiрегей және эталондық учаскелер, мемлекеттiк нысандар табиғи-қорықтық қор және қазiргi заманға сай туристiк инфрақұрылымдар құру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: бүлiнген табиғи кешендердi қалпына келтiру, аса құнды тарихи және мәдени ландшафтар, тарихи ескерткiштер, Қазақстан халықтарының өзге де нысандарының мұралары мен мәдениетi, табиғатты қорғау және рекреациондық iс-шаралар жүргiзу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
015 |
|
Щучье-Бурабай курортты аймағы инфрақұрылымын дамыту |
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: қажеттi жабдықтар және тағы аңдар сатып алу арқылы құрылыс жұмыстарын жүргiзу. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың экологиялық аудитiн жүргізу. "Бурабай" МҰТП-ның туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын әзiрлеу.
Түпкi нәтиже: қазiргi заманғы жоғары тиiмдi және бәсекелестiкке қабілеттi туристiк кешен құру табиғи жағдайдағы алуан түрлi биологиялық және ландшафттық табиғатты сақтап қалу, бүлiнген табиғи кешендер, мемлекеттiк табиғи-қорықтық қор объектiлерiн қалпына келтiру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту және жетiлдiру бойынша iс-шараларды iске асыру арқылы экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзу.
Уақтылығы: бекiтілген шартқа, жоспар-кестеге және жеткiзу кестесiне сәйкес негiзгi құралдар сатып алу.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес.