Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
402
,
403
,
404-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
402-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелдi актiлердiң дәлме-дәл және бiрiздi қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 9 135 388 мың теңге (тоғыз миллиард бір жүз отыз бес миллион үш жүз сексен сегіз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнің
529
,
534
,
537
-
541-баптары
; "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы
Заңы
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдесiндегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2003 жылғы 28 наурыздағы N 1050
Жарлығы
; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiлiктi нығайту жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 1550
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: заңды бұзушылықты, осындай бұзушылықтарға кеп соқтыратын себептер мен жағдайларды ең жоғары шамада анықтау және жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: адам және азаматтың, заңды тұлға мен мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғауды заң бұзушылықты анықтау және жою. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына жүктелген заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегi функциялардың тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық міндеттемелердi жедел орындау және қамтамасыз ету. Шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастық деңгейiн арттыру. Бiрыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде елдегі заңдылық пен құқықтық тәртiп жағдайы туралы мемлекеттiк органдарды, заңды тұлғаларды ақпараттармен тиімді қамтамасыз ету. Өзiнің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсiптiк шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкес кәсiптiк қызмет саласында бiлiм беру бағдарламалаpы бойынша теориялық және практикалық білімді iскерлiктi және кәсiби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелдi актiлердiң дәлме-дәл және бiрiздi қолданылуына жоғары қадағала ды жүзеге асыру |
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратын жүктелген функцияларды орындау үшiн бекiтілген сандық лимитi шегінде ұстау, автокөлiк және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
3 |
|
002 |
Аумақтық органдардың аппараттары |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аумақтық бөлiмшелерiне жүктелген функцияларды орындау үшiн бекiтілген сандық лимитi шегінде ұстау. Арнайы экстрадициялық топтарды бағыттау және экстрадициялау мәселелерiн жедел шешудi қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында заңдар мен заңға тәуелдi актiлердің қолданылуын қадағалауды iске асыру |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және оның аумақтық бөлімшелері |
4 |
|
007 |
Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру |
Алты тақырып бойынша мемлекеттiк қызметшілердің бiлiктiлігін арттыруға байланысты қызметтердi сатып алу:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
5 |
|
008 |
Мемлекеттiк органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделi жөндеу |
Прокуратура аумақтық органдарын күрделi жөндеуден өткізу бойынша қызметтердi сатып алу: Атырау облысының төрт аумақтық бөлiмшелерiне және Қостанай облысының үш аумақтық бөлімшелерiне, Ақтау гарнизонының Бас әскери прокуратурасына, Орталық аймақтық көлік прокуратурасына, Қызылорда облысының Қазалы аудандық прокуратурасына, Павлодар облысының құқықтық санақ және арнайы есеп жүргiзу Комитетiнің Басқармасына және Шығыс Қазақстан облысына.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және оның аумақтық бөлiмшелерi |
6 |
|
009 |
Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру |
Шифрленген мәлiметтер жүйесiнің жинақтаушылары, құжаттар үшiн шкафтар, киiм ілгіш шкафтары, орындықтар, сейфтер, шредерлер, диктофондар, жұмыс үстелдерi, креслолар, мобильдiк тумбалар, шифрленген мәлiметтер жүйелерi, көшіру аппараттары, турникет, табиғатты қорғау прокуратурасы үшiн катер, бинокльдер, кіші-АТС, офис жиһаздарының жинақтамасы, сандық баспа машиналары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аумақтық органдары үщiн автокөлiк сатып алу. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында әскери прокуратураны орналастыру үшiн қызметтiк ғимаратты сатып алу және Қарағанды облысы Приозерск қаласының әскери прокуратурасының әскери қызметкерлерi үшiн қызметтiк тұрғын-үйдi сатып алу |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және оның аумақтық бөлiмшелерi |
7 |
|
017 |
Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету |
Ақпараттық жүйелердi техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және оның аумақтық бөлiмшелерi |
8 |
|
021 |
1997-1998 жылдардағы әскери қызметшiлерге үстемақы төлеу |
1997-1998 жылдарға арналған сыйақы төлемдерi бойынша әскери қызметкерлердің қарыздарын жабу |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Бас әскери прокуратурасы |
9 |
|
100 |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнiндегi комитетiнiң аппараты |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі комитетiнің аппаратын жүктелген функцияларды орындау үшін бекiтілген сандық лимит шегiнде ұстау, автокөлiк және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету. Жедел және ведомствалық есептердi қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында есепке алу, статистикалық, ақпараттық, талдау және бақылау қызметiн қамтамасыз ету. Құқықтық статистикалық ақпараттарды жинақтау, жүргiзу және өңдеу |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті |
10 |
|
101 |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарының аппараттары |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі комитетiнің аумақтық органдарының аппаратын жүктелген функцияларды орындау үшiн бекiтілген сандық лимит шегінде ұстау, автокөлiк және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету. Жедел және ведомствалық есептердi қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында есепке алу, статистикалық ақпараттық, талдау және бақылау қызметiн қамтамасыз ету. Құқықтық статистикалық ақпараттарды жинақтау, жүргiзу және өңдеу |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже:
- прокурордың қатысуымен iстердi қарау;
- жалпы саны 5131 бiрлiк Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратының және оның аумақтық бөлiмшелерiнің, жалпы саны 771 бiрлiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi Комитетiнің орталық аппаратының толық көлемде мiндеттерiн атқаруы;
- 1198 адамның кәсiби деңгейiн арттыру;
- 1947 адамға мемлекеттiк тiлдi үйрету;
- аумақтық прокуратура органдары 16 бiрлiк автокөлiк және 6 бiрлiк кіші-АТС, табиғатты қорғау прокуратурасы үшiн 1 бiрлiк катер, Қарағанды облысы Приозерск қаласының әскери прокуратурасының әскери қызметкерлерi үшiн 7 бiрлiк тұрғын-үй, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында әскери прокуратураны орналастыру үшiн 1 бiрлiк қызметтiк ғимаратты сатып алу;
- прокуратура органдары аумақтық бөлiмшелерiнің 13 ғимаратында күрделi жөндеу жұмысын жүргiзу.
Түпкi нәтиже:
- 100 пайыз материалдық-техникамен жарақтандырумен, Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасының аумақтық бөлiмшелерiнің әскери қызметкерлерiн тұрғын-үймен қамтамасыз ету;
- заңдылықтарды қолдану және шектелмеген адамдар шеңберiнде Конституциялық құқықтарды қорғау бойынша қадағалау iс-шараларын өткiзу;
- шетелде ұсталған адамдарға экстрадициялауды iске асыру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласы бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтау және жоюға бағытталған кешендiк бақылау шараларын өткiзу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- орталық аппараттың бiр мемлекеттiк қызметкерiн ұстауға арналған орташа шығын 1694 мың теңге;
- аумақтық органдардың бiр мемлекеттiк қызметкерiн ұстауға арналған орташа шығын 916 мың теңге;
- штаттан тыс бiр мемлекеттiк қызметкерiн ұстауға арналған орташа шығын 276 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшінің білiктiлiгiн арттыруға арналған орташа шығын 13 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшінің мемлекеттiк тiлге үйретудің орташа шығыны 24 мың теңге.
Уақтылығы:
- белгiленген мерзiмге сәйкес iс-шараларды уақытылы орындау.
Сапасы:
- адам мен азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауда заң бұзушылықты анықтау және жою;
- белгiленген мерзiмде сотталғандығы/сотталмағандығы туралы анықтаманы ұсыну және азаматтар өтінiштерiнің болмауы;
- мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бiрыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негiзiнде елдегi құқықтық тәртiп заңдылығының жағдайы туралы ақпараттармен нақты және тиiмдi қамтамасыз ету;
- қазiргi экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттiк қызметкерлердің кәсiби деңгейiн арттыру; мемлекеттiк тілдi оқыту курсынан өткеннен кейiн мемлекеттiк тiл бойынша iс жүргiзуге ауысқан мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 9 пайыз; бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткеннен кейiн жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 4 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
403-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Криминалдық және жедел есеп жүргiзу жөнiндегi мемлекетаралық ақпараттық өзара iс-қимыл"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 2188 мың теңге (екi миллион бiр жүз сексен сегiз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы
Заңы
, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2003 жылғы 28 наурыздағы N 1050
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: жедел-анықтамалық, iздестiру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен мемлекетаралық алмасу бойынша қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары, прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу және өзге де мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртiптi қорғау мiндеттерiн шешу үшін жедел-анықтамалық, iздестiру, криминалдық және өзге есепке алынатын мәлiметтермен мемлекетаралық алмасу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Криминалдық және жедел есеп жүргізу жөнiндегi мемлекетаралық ақпараттық өзара iс-қимыл |
Қазақстан Республикасы үлес қаражаты бойынша Ресей Федерациясы iшкi iстер министрлiгі Бас ақпарат орталығының Мемлекетаралық ақпарат банкiсiнің ағымдағы төлемдерiн төлеу |
Қантар-желтоқсан |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже:
- тұрақты негiзде жедел-анықтамалық, iздестiру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен алмасу.
Түпкi нәтиже:
- тергеумен аяқталған немесе жедел-анықтамалық, iздестiру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен алмасу нәтижесiнде қылмыстардың ашылуын арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- жедел-анықтамалық, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен алмасу шегiнде мемлекетаралық ақпараттық банктің мәлiметтерiн тiкелей пайдаланумен жедел-iздестiру қызметтерiне арналған шығындарды азайту (оңтайландыру).
Уақтылығы:
- мемлекетаралық ақпараттық банктің мәлiметтерiн ұстау үшiн уақытылы төлемдердi төлеу.
Сапасы:
- жедел-анықтамалық, іздестiру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен мемлекетаралық алмасу нәтижесiнде алынған ақпараттардың уақыттылығы және дәлдiлiгiмен қанағаттандырылған мемлекеттiк органдардың - 100 пайызы.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
404-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетiнiң ақпараттық жүйесiн құру"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 626405 мың теңге (алты жүз жиырма алты миллион төрт жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы
7-бабы
, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiлiктi нығайту жөнiндегi шаралар туралы" қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 1550
жарлығы
3-тармағының 2 тармақшасы; "Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1374
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiн жетiлдiру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
:
- автоматтандырылған ақпараттық мәлiметтер базасын одан әрi жетiлдiру;
- дүние жүзiлiк ақпараттық ортаға Қазақстандық мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн бiрiктiру, құқықтық статистикалық мәлiметтердi тарату мен жариялық жүйесiн жетiлдiру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кадрларды даярлау мен кәсiби бiлiктiлiгiн үздiксiз жетiлдiру мен құруы.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетiнiң ақпараттық жүйесiн құру |
Қолданушыларды мен әкiмшiлердi "Арнайы есептер" ақпараттық жүйесiне үйрету, оны енгізу және дамыту:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: - статистикалық және талдау ақпараттарымен өз уақытылы қамтамасыз етiлген мемлекеттiк органдар мен өзге де құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлері;
- әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн айыппұлдарды өздігімен өтеуден жыл сайын 52 млн. теңгеге өсуi күтiлуде, прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша залалды өтеуден 396 млн. теңгеге ұлғайту, мемлекеттiк бажды төлеу табысының 86 млн. теңгеге ұлғаюы, ақпараттарды жинақтау, өңдеу және талдау әрекетiнің автоматтандырылу арқылы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар айыппұлының 115 млн. теңгеге ұлғаюы;
- сәйкестендiру принциптерi бойынша мәйiттердi тану және жеке тұлғаларды анықтауға қатысты көрсеткiштердің 30 пайызға жоғарылауы.