2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі)

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       430 431 432 433 434 435-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
430-ҚОСЫМША       

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Жер ресурстарын мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 425870 мың теңге (төрт жүз жиырма бес миллион сегіз жүз жетпiс мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнің  14,   144 145 146 147 148-баптары ; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының  3 ,   21,    22,23-баптары ; "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : жер қатынастары, геодезия және картография салаларындағы мемлекеттiк функцияларды жоғарғы деңгейдегi тиiмділiкпен орындауға жету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : жер қатынастарының барлық субъектiлерiмен жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; кәсiптік қызмет саласында бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдердi, машықтануды және дағдылануды жаңарту.
       6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингін дұрыс жүргізудi бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік жер кадастрын жүргізудi ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректерi негізiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау; топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндiрiсін лицензиялау; аэротүсiрiс, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсаттарды тiркеу, есепке алу және беру.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

3

  

002

Аумақтық органдардың аппараттары

Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүргізу;
жер мониторингін жүргiзудi ұйымдастыру; мемлекеттік жер кадастрын дұрыс жүргізуді ұйымдастыру

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

4

  

007

Мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыру

Мынадай бес бағыт бойынша мемлекеттік қызметкерлердің бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегі қызметтердi сатып алу: жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың құқықтық негiзі;
мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық технологиясы;
геоақпараттық жүйелер және цифрлық картографиялау;
геодезиядағы және жерге орналастырудағы жерсерiктік технологиялар;
мемлекеттiк қызметшілердi мемлекеттік тiлге үйрету.

2-4 тоқсан

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

5

  

009

Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Материалдық-техникалық  жабдықтармен қамтамасыз ету

ақпан, наурыз

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi

6

  

017

Ақпараттық жүйелердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету

Жыл бойы 

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi

 

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: жердің ұтымды, нысаналы пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру; кәсiби деңгейiн арттыру - 50 адам; мемлекеттiк тiлге үйрету - 150 адам.
Түпкi нәтиже: жер телiмдерi иелерiнің және жер пайдаланушылардың жердің ұтымды, нысаналы пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бiр мемлекеттiк қызметкердің бiлiктiлiгiн арттырудың орташа шығындары - 12,4 мың теңге; бiр мемлекеттiк қызметкердi мемлекеттiк тiлге үйретуге кететiн орташа шығындар - 12,4 мың теңге.
Уақтылығы: орталық аппараттың және аумақтық органдар аппараттарының жұмыс жоспарына және нормативтiк актiлермен белгiленген мерзiмдерге сәйкес.
Сапасы: жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды толық көлемде орындау.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына        
431-ҚОСЫМША       

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1265385 мың теңге (бiр миллиард екi жүз алпыс бес миллион үш жүз сексен бес мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  163-бабы ; "Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентi 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргізу және оның деректерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегi N 956  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргiзудің Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 20 қыркүйектегi N 958  қаулысы ; "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 3  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының жерiн тиiмдi пайдалану.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : жер кадастрын, мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ жер нарығының дамуына жағдай жасау; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

101

Жер-кадастрлық жұмыстар

Жер-кадастрлық жұмыстар: 12100 мың га аэросурет түсіру;
10250 мың га - аэросуреттермен сурет жоспарларының дешифровкасын жасау;
6620,5 мың га - дайындау және соңғы картографиялық-жоспарлы өнімін тапсыру;
968 мың га - топырақты зерттеу; 850 мың га - геоботаникалық зерттеу; 2355 мың га - ауылшаруашылық алқаптар топырағының және геоботаникалық табиғатын есепке алу; 50 есептiк кварталдардың, ауданның және әкiмшілік аудандардың электрондық жер-кадастры картасын жасау; 8100 мың га алқаптағы жер иелерi мен жер пайдаланушылар туралы жер кадастры деректерiнің электрондық қорын жасау; республиканың  барлық аумағындағы жерді мемлекеттік есепке алу; 1241 мың га жердегі ауылдық елдi мекендердің жер-кадастрлық карталарын дайындау және басып шығару; 1150 мың га ауыл шаруашылық мақсаттағы жер топырағының сапасын айыру; шаруа қожалықтарын паспорттау - 21,7 мың паспортын; 743 мың га жердi паспортизациялау үшін топырақ туралы материалдарды жаңарту; 1128 мың га жерді паспортизациялау үшін топырақ сапасын анықтау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

3

  

102

Жер мониторингiн жүргiзу

12,9 млн. га аумақтағы жер мониторингін жүргізу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: 12100 мың га жер аумағында аэрофото түсiру, 10250 мың га жер аумағында аэрофотосуреттер мен фотожоспарлардың дешифровкасын жасау, 6620,5 мың га жер аумағында жоспарлы-картографиялық өнiмдi дайындау, 1241 ауылды елдi мекендерде жер-кадастрлық карталарды дайындау және шығару, шаруа қожалықтарының жер учаскесiне 21,7 мың паспортын дайындау, 12,9 млн. га аумағында жер мониторингiн жүргiзу.
Түпкi нәтиже: 48,6 пайыз ауылды елдi мекендердi жер-кадастрлық карталармен қамтамасыз ету, Мемлекеттiк жер кадастрын жүргізу барысында МЖК ААЖ мәлiметтер базасына 77,8 пайыз жер учаскелерi енгiзiлетiн болады. Жер учаскелерiне паспортты 55,9 пайыз шаруа қожалықтары алады. Жер мониторингi бойынша жүргізiлген жұмыстар 40 пайызды құрайтын болады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жер-кадастрлық жұмыстар көлемiнің орташа құны 1000 га - 9918 теңге, жер мониторингiн жүргiзу бойынша 1000 га жерге - 4580 теңге. 
Уақтылығы: осы бағдарлама бойынша жоспарланған iс-шараларды 100 пайызға мерзімiнде орындау.
Сапасы: ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердiң пайдаланылуы мен сапасы туралы дұрыс ақпарат aлу, жер сапасына әсер ететiн жағымсыз процестердi жою, сондай-ақ жердi пайдаланумен қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарын уақтылы хабардар ету.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
432-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi және олардың сақталуын қамтамасыз ету"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 847615 мың теңге (сегiз жүз қырық жетi миллион алты жүз он бес мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңының  4-бабы ; "Ұлттық архивтер қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының  4-бабы ; "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1273  қаулысы ; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында геодезия және картографияны дамыту бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1455  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық дамуына қажеттi мөлшерде бәсекеге қабiлеттi геодезиялық және картографиялық өнiмдермен қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : геодезиялық және картографиялық өнiмдердi нормативтiк-техникалық актiлерге сәйкес жасау және жаңарту, топографиялық-геодезиялық және картографиялық өндiрiстің материалдары мен құжаттарын мемлекеттiк есепке алу, сақтау, қолдану және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi және олардың сақталуын қамтамасыз ету

Топографиялық карталардың  Мемлекеттік масштабтық қатарын  жаңарту үшiн аэро суретке түсiріс орындау - 40000 шар. км.
- Арал теңізiнің аумағы - 40000 шар.км
- Топографиялық-геодезиялық жұмыстар:
Қарағанды базисiн қалпына келтiру - (12 пункт) геодезиялық құралдарды сертификатттау үшiн (базис):
617 текше.км нивелирлеу, зерттеу, қайта жөндеу, орналастыру;
топографиялық карталардың мемлекеттік масштабын жаңарту - 1197 парақ
Жинақ каталогтарын құру - 6 каталог;
Мемлекеттік геодезиялық жүйенің 1263 пунктерiн зерттеу, қалпына келтіру, орналастыру;
(Алматы, Шелек, Жамбыл, Зайсан) полигондарында геодинамикалық зерттеулер жасау, оның ішінде:
1) бұрыштық және сызықтық өлшеулер (пункт/жақ) - 88/146
2) биіктік өлшеулер - 1508 текше км
Картографиялық жұмыстар:
1) топографиялық карталарды баспаға даярлау - 114 парақ
2) топокарттарды цифрлеу - 999 парақ;
3) географиялық, оқу және тақырыптық карталар, атластар құру - 32 парақ.
Географиялық объектілер атауларының каталогын құру және басып шығару, соның ішінде - 1 том.
Географиялық атаулар каталогын шығару - 5 дана.
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндiрісі нәтижесiнде құрастырылған материалдар мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу, сақтау - 13500 мың дана құжат.
Геодезия және картография саласында нормативтi-техникалық құжаттардың 5 данасын жасап шығару.
Мемлекеттік тілде топографиялық карталарды дайындау және оларды 1636 данада жасап шығару.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: 40000 шаршы км. аумақта Арал теңiзiнің аэросурет материалдарын шығару, нивелирлiк сызықтарының нүктелерiн анықтау, 1197 парақта топографиялық карталарды жаңарту, топографиялық карталардың 114 парағын басып шығару, цифрлiк карталардың 999 парағын, тематикалық карталардың 32 парағын басып шығару, Географиялық атаулар каталогын 1 құру және 5 басып шығару, нормативтi-техникалық құжаттардың 5 данасын жасап шығару, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде топографиялық карталарды дайындау және оларды 1636 данада жасап шығару. 
Түпкi нәтиже: республикамыздың жалпы 2,7 млн. шаршы км территориясының 8% аумағын аэротүсiру, I және II классты нивелирлеу сызығының 21% ұзындығын нивелирлеу, республиканың жалпы территориясының 5% аумағының топографиялық карталарын жаңарту, карталардың қажетті парақ санының (4342 парақ) 6% құрылған және басып шығарылған.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Топографиялық-геодезиялық жұмыстар өндiрiсiнің ерекшелiктерi үздiксiз циклдi қажетсiнедi. Объектiдегi жұмыстардың орташа ұзақтығы 3 жыл.
1) бiр шаршы км аэроғарыштық түсiрiс бағасы күрделiлiк категориясына және масштабқа байланысты - 1924,0 теңге;
2) нивелирлеу класына байланысты нивелирлеудiң бiр текше км бағасы - 21500 теңге;
3) масштабқа байланысты топографиялық картаның бiр шаршы км жаңартудың орташа бағасы далалық жұмыстар - 66400 теңге; камералдық жұмыстар - 30200 теңге;
4) масштабына байланысты картаның бiр парағының орташа бағасы - 57300 теңге, сандалған - 221800 теңге, басып шығару - 900 теңге.
Уақтылығы: Бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар 2007 жылдың 25 желтоқсанында толық көлемде орындалады.
Сапасы: жергiліктi жердің нақты жағдайына сәйкес келетiн топографиялық карталардың 4% басып шығару.

Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына        
433-ҚОСЫМША         

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 43071 мың теңге (қырық үш миллион жетпiс бiр мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер  кодексі , "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығы ; "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы, заңдық күшi бар N 2727  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің 2003 жылғы 10 шілдедегi N 1149  Жарлығымен  бекiтiлген 2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттiк бағдарламасы; "Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнің бiрыңғай мемлекеттiк кадастрлар жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 25 қыркүйектегi N 1449  қаулысы ; "Жер учаскелерi жеке меншікке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 2 қыркүйектегi N 890  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегi N 956  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 958  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : жер ресурстарын ұтымды пайдалану және әлеуетiн сақтауды қамтамасыз етуде қолданбалы ғылыми зерттеудің инновациялық нәтижелеpiн қолдану.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Көрсетiлген мақсаттарға сәйкес Бағдарламаның келесі міндеттерін шешу қарастырылған: ғылыми-әдiстемелік, бағдарламалы-технологиялық әзiрлемелердi ГАЖ және ғарыштық технологиялар негізінде дамыту мемлекеттік жер кадастрының және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн (МЖК ААЖ), жердi картографиялау және зерттеу, мониторингi, ландшафтық-экологиялық тәсіл негізінде аумақты ұйымдастыру, жерді  ақылы пайдалану механизмiн экономикалық жетiлдiру, нормативтер мен стандарттар.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндeгi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

"Қазақстан Республикасы жер ресурстарының әлеуетiн қорғау және ұтымды пайдалануды ғылыми әдiстемемен қамтамасыз етуге"  бағытталған, жер ресурстарын басқару саласында қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргізу, 5 тақырыпты қосады:
1. Мемлекеттік жер кадастрын ғылыми-әдiстемемен, бағдарламамен және  технологиямен қамтамасыз ету;
2. Жаңа жер құрылымы жағдайында жер мониторингі жүйесiн қалыптастыру принциптері;
3. Ландшафтық-экологиялық тәсіл негiзiнде аумақты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негiздемесі;
4. Жердi ақылы пайдалану жүйесiнің ғылыми-әдістемелік негіздемесi және жер ресурстарын қорғау мен тиiмдi пайдалануды экономикалық қалыптастыру.
5. Әдiстемелік негіздемелер және нормативтердi дайындау.
Мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертиза жүргізу қызметiне ақы төлеу. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: 5 тақырыпты қосатын 1 бағыт бойынша жер ресурстарының әлеуетiн қорғау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөнiндегi қолданбалы зерттеудің инновациялық нәтижелерiн пайдалану.
Түпкi нәтиже: инновациялық технологияларды қолдану топырақты-өсiмдiк жамылғыларын картографиялау және мониторингiлеу, жер кадастры мен жерге орналастыру жылдамдығын арттырады, сондай-ақ жердің сапасы мен саны туралы деpектердің дұрыстығы 10-15 пайызға; жердi ақылы пайдаланудың ғылыми-әдiстемелік базасы жер нарығының трансакциялық шығынын 3-4 пайызға азайтуға мүмкiндік бередi.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қолданбалы ғылыми-зерттеу жүргізудің орташа құны 8614 мың теңге.
Уақтылығы: шартқа сәйкес бір жыл ішінде.
Сапасы: қолданбалы ғылыми-зерттеу жүргiзу еңбек шығынын және жер туралы ақпараттық ресурс қалыптастыру жөнiндегi қаржыны 15-20 пайызға төмендетуге (арзандатуға) жағдай жасайды, ол жердің нарықтық айналымын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
434-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату шеңберiнде берiлетiн әкiмшiлiк функцияларға ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 111 республикалық бюджеттiк бағдарламаның 
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 445316 мың теңге (төрт жүз қырық бес миллион үш жүз он алты мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердің аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы N 116  Заңы ; "Қазақстан Республикасы жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлi құрылымының және жергiлiктi атқарушы органдарының штат саны лимиттерiнің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 1294  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : жергiлiктi органдардың жүктелген функцияларды толық және тиiмдi атқару үшiн қызметпен қамтамасыздандыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : жергiлiктi аппараты ұстап тұру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

111

  

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң  аражiгін ажырату шеңберiнде берiлетiн әкiмшiлiк функцияларға ағымдағы нысаналы трансферттер

Бекiтілген штаттық шектеу шеңберінде 529 бірлік штат саны ұстау үшін облыстардың бюджеттерiне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттік басқару өкiлеттіктердің аражiгін ажырату шеңберiнде әкімшілік  функцияларға берiлетiн нысаналы трансферттер 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : жергіліктi органдар аппараттарына жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау.

Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
435-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Электрондық үкiмет құру"
деген 112 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 796800 мың теңге (жетi жүз тоқсан алты миллион сегiз жүз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi N 548 Бюджеттiк  кодексi ; Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнің  152 153 157 158-баптары ; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" құру мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471  қаулысы ; "Цифрлы геоақпараттық жүйе негізiнде Қазақстан Республикасының табиғи объектілерінің Бiрыңғай мемлекеттік кадастр жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 25 қыркүйектегi N 1449  қаулысы ; "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 3  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудің Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 20 қыркүйектегi N 958  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : ақпараттық технологияларды пайдалану жолымен жер ресурстарын басқарудың тәсiлдерi мен жүйесiн жетiлдiру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудің жаңа әдiстерiн қалыптастыру; кадастрлық есеп объектiлерi бойынша автоматтандырылған ақпараттар базасын құру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

112

  

Электрондық үкімет құру

  

  

  

2

  

100

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қызметiн кеңейту:
Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кішi жүйелерiн әзiрлеу:
"Мәліметтердi сақтау орны", 
"Мұрағат",
"Жержобасы";
тематикалық цифрлық карталарды жасау;
цифрлық кадастрлық карталарды жасау.
Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кiшi жүйелерiн бiріктіру.
Есеп техникасының құралдарын сатып алу (сканер; электронды тахеометрлер; GPS кешені;
санаткерлік мәліметтер сақтау орны).

 
 
 
 
 
 
 
 
ақпан-наурыз
сәуір-мамыр
маусым-шiлде
ақпан, сәуір
ақпан, мамыр
 
 
желтоқсан
 
ақпан мамыр

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Кадастрлық қызметтiң басқару және техникалық құрылымын ақпаратты есепке алу, сақтау және өңдеу бойынша қолмен жасалатын жұмыстан 80 пайызға босату, ақпараттың тез арада, сапалық қабылдануын, есепке алуын, сақталуын және өңделуiн қамтамасыз ету.
Жердің азаматтық айналымы мен жер нарығындағы жылжымайтын мүлiкке байланысты мәмiлелердi дамыту және жандандыру және транзакциялық ұстауды 15 пайызға төмендету, барлық деңгейдегi бюджеттерге кiретiн салық түрiндегi және басқа да кiрістердi орташа алғанда 8-10 пайызға көбейту.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады