Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
359
,
360
,
361-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
359-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға бағынысты актiлердiң дәлме-дәл және бiрiздi қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 11 132 686 мың теңге (он бір миллиард бір жүз отыз екі миллион алты жүз сексен алты мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнің
529
,
534
,
537
-
541-баптары
; "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы
Заңы
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдесiндегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2003 жылғы N 1050
Жарлығы
.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: заңды бұзушылықты, осындай бұзушылықтарға кеп соқтыратын себептер мен жағдайларды ең жоғары шамада анықтау және жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: адам және азаматтың, заңды тұлға мен мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғауды заң бұзушылықты анықтау және жою. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына жүктелген заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегi функциялардың тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық міндеттемелердi жедел орындау және қамтамасыз ету. Шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастық деңгейiн арттыру. Бiрыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде елдегі заңдылық пен құқықтық тәртiп жағдайы туралы мемлекеттiк органдарды, заңды тұлғаларды ақпараттармен тиімді қамтамасыз ету. Өзiнің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсiптiк шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкес кәсiптiк қызмет саласында бiлiм беру бағдарламалаpы бойынша теориялық және практикалық білімді iскерлiктi және кәсiби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Қазақстан
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Қазақстан Республи-
|
Бір жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
3 |
|
002 |
Аумақтық органдардың аппараттары |
Қазақстан Республи-
|
Бір жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
4 |
|
007 |
Мемлекеттiк қызметшi-
|
Он тақырып бойынша мемлекеттiк қызмет-
|
Бір жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
5 |
|
008 |
Мемлекеттiк органдардың ғимаратта-
|
Мынадай аумақтық прокуратура орган-
|
Бір жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
6 |
|
009 |
Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтанды-ру |
Жазба столдарын, гардероб шкафтарын,
|
Бір жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
7 |
|
017 |
Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету |
Шығыс материалдарын,
|
Бір жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
8 |
|
100 |
Қазақстан
|
Қазақстан Республи-
|
Бір жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
9 |
|
101 |
Қазақстан Республика-
|
Қазақстан Республи-
|
Бір жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
10 |
(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен) |
|||||
11 |
(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен) |
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 , 2008.11.12. N 581д Қаулыларымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн
нәтижелер
: Тiкелей нәтиже:
- прокурордың қатысуымен iстердi қарау;
- жалпы саны 5150 бiрлiк Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратының және оның аумақтық бөлiмшелерiнің, жалпы саны 771 бірлік құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi Комитетiнің орталық аппаратының толық көлемде мiндеттерiн атқаруы;
- 1857 адамның кәсiби деңгейiн арттыру;
- 1245 адамға мемлекеттiк тiлдi үйрету;
- 12 адамға ағылшын тілді үйрету;
- аумақтық прокуратура органдары үшін мебель, автокөлiк, ұйымдастыру техникасын сатып алу;
- прокуратура органдары аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарында күрделі жөндеу жұмысын жүргізу.
Соңғы нәтиже:
- 100 пайызға материалдық-техникамен жарақтандырумен, Қазақстан Республикасы аумақтық бөлiмшелерiнің тұрғын-үймен қамтамасыз ету;
- заңдылықтарды қолдану және шектелмеген адамдар шеңберiнде Конституциялық құқықтарды қорғау бойынша қадағалау iс-шараларын өткiзу;
- шетелде ұсталған адамдарға экстрадициялауды iске асыру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласы бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтау және жоюға бағытталған кешендiк бақылау шараларын өткiзу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- орталық аппараттың бiр мемлекеттiк қызметкерiн ұстауға арналған орташа шығын 1951 мың теңге;
- аумақтық органдардың бiр мемлекеттiк қызметкерiн ұстауға арналған орташа шығын 1690 мың теңге;
- штаттан тыс бiр мемлекеттiк қызметкерiн ұстауға арналған орташа шығын 276 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшінің білiктiлiгiн арттыруға арналған орташа шығын 16 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшінің мемлекеттiк тiлге үйретудің орташа шығыны 24 мың теңге.
- бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілді үйретудің орташа шығыны 15 мың теңге.
Уақтылығы:
- белгiленген мерзiмге сәйкес iс-шараларды уақытылы орындау.
Сапасы:
- адам мен азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауда заң бұзушылықты анықтау және жою;
- белгiленген мерзiмде сотталғандығы/сотталмағандығы туралы анықтаманы ұсыну және азаматтар өтінiштерiнің болмауы;
- мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бiрыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негiзiнде елдегi құқықтық тәртiп заңдылығының жағдайы туралы ақпараттармен нақты және тиiмдi қамтамасыз ету.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
360-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Криминалдық және жедел есеп жүргiзу жөнiндегi мемлекетаралық ақпараттық өзара iс-қимыл"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1464 мың теңге (бір миллион төрт жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы
Заңы
, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2003 жылғы 28 наурыздағы N 1050
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: жедел-анықтамалық, iздестiру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен мемлекетаралық алмасу бойынша қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары, прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу және өзге де мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртiптi қорғау мiндеттерiн шешу үшін жедел-анықтамалық, iздестiру, криминалдық және өзге есепке алынатын мәлiметтермен мемлекетаралық алмасу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Крими-
|
Қазақстан Республи-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн
нәтижелер
: Тiкелей нәтиже:
- тұрақты негiзде жедел-анықтамалық, iздестiру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен алмасу.
Түпкi нәтиже:
- тергеумен аяқталған немесе жедел-анықтамалық, iздестiру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен алмасу нәтижесiнде қылмыстардың ашылуын арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- жедел-анықтамалық, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен алмасу шегiнде мемлекетаралық ақпараттық банктің мәлiметтерiн тiкелей пайдаланумен жедел-iздестiру қызметтерiне арналған шығындарды азайту (оңтайландыру).
Уақтылығы:
- мемлекетаралық ақпараттық банктің мәлiметтерiн ұстау үшiн уақытылы төлемдердi төлеу.
Сапасы:
- жедел-анықтамалық, іздестiру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәлiметтермен мемлекетаралық алмасу нәтижесiнде алынған ақпараттардың уақыттылығы және дәлдiлiгiмен қанағаттандырылған мемлекеттiк органдардың - 100 пайызы.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
361-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетiнiң ақпараттық жүйесiн құру"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 419855 мың теңге (төрт жүз он тоғыз миллион сегіз жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы
7-бабы
, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы
Заңы
, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiлiктi нығайту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 1550
жарлығы
3-тармағының 2 тармақшасы; "Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1374
қаулысы
, "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822
Қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: жемқорлықпен, қылмыспен, есірткі заттарды заңсыз айналдырумен заңдылықтардың бұзылумен күресудегі уәкілдік мемлекеттік органдарда ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
:
- автоматтандырылған ақпараттық мәлiметтер базасын одан әрi жетiлдiру;
- дүние жүзiлiк ақпараттық ортаға Қазақстандық мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн бiрiктiру, құқықтық статистикалық мәлiметтердi тарату мен жариялық жүйесiн жетiлдiру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кадрларды даярлау мен кәсiби бiлiктiлiгiн үздiксiз жетiлдiру мен құруы.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Қазақс-
|
Қолданушыларды мен әкiмшiлердi "Арнайы есептер" автоматтан-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн
нәтижелер
:
- статистикалық және талдау ақпараттарымен өз уақытылы қамтамасыз етiлген мемлекеттiк органдар мен өзге де құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлері;
- әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн айыппұлдарды өздігімен өтеуден жыл сайын 52 млн. теңгеге өсуi күтiлуде, прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша залалды өтеуден 396 млн. теңгеге ұлғайту, мемлекеттiк бажды төлеу табысының 86 млн. теңгеге ұлғаюы, ақпараттарды жинақтау, өңдеу және талдау әрекетiнің автоматтандырылу арқылы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар айыппұлының 115 млн. теңгеге ұлғаюы;
- сәйкестендiру принциптерi бойынша мәйiттердi тану және жеке тұлғаларды анықтауға қатысты көрсеткiштердің 30 пайызға жоғарылауы.
Соңғы нәтиже:
- статистикалық және талдау ақпараттармен өз уақтылы қамтамасыз етілген мемлекеттік органдардың 50 пайызы;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша өз уақтылы берілген есептер мен өзге де статистикалық және талдау ақпараттарының 100 пайызы.
Қаржы-экономикалық тиімділік:
- автоматтандырылу арқылы өткізілетін жинақтау, өңдеу, ақпаратты талдау шығындарының кемуі;
- құқықтық статистикалық және талдау ақпараттарының сапасын автоматтандырылған ақпараттық деректер базаны қолдану арқылы және нақтылығын жоғарлату.
Уақтылығы: мемлекеттік сатып алуларды өз уақтылы өткізу және қызметтерге келісім тұжырымдау.
Сапасы: алынған құқықтық статистикалық және талдау ақпараттардың уақтылығы және нақтылығымен қанағаттандырылған құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің 100 пайызы.