Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 және 37- баптарына сәйкес, 2011-жылғы 22-қарашадағы Қазақстан Республикасы "Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы" № 42 ұсынысының негізінде Жанама ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жанама ауылдық округ әкімдігінің 2011 жылғы 23- тамыздағы "Алакөл ауданы Жанама ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" № 13 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жанама ауылдық округінің бас маманы Керімбай Сәметұлы Ақтымбаевқа жүктелсін.
Жанама ауылдық округінің әкімі | М.О. Сайдильдинов |